Сонау, 1983 жылдан бастау алатын бұл мерекенің ерекшелігі елдің, жердің өткен


Кез келген діннің жоғары мағынасы адам мен адамзатты жоғалтып алған жетілу жо-



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата15.03.2017
өлшемі15,68 Mb.
#9690
1   2   3

Кез келген діннің жоғары мағынасы адам мен адамзатты жоғалтып алған жетілу жо-

лына қайтару болып табылады. Діннің тұтастығы елдің тұтастығы: діни алауыздық

ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Жабал ЕРҒАЛИЕВ,

жазушы, Қазақстанның еңбек

сіңірген қайраткері, Парламент

Сенатының депутаты.

Шекара асып, қарулы қақтығыстар жүріп жатқан Таяу Шығыс

елдеріне барғысы келіп жүрген жастарға айтар сөз


Күлжан апай жастайы-

нан зерек, алғыр болып

өсті. Апайдың үйіне бара

қалсаң, жібермей, «отыра

қал, шай ішейік» деп, бала

кезіндегі күнінен бастап

әңгімесін бастап кететін.

Бірқа занда 2-3-ші сынып-

тарды бірге оқыдық. Сы-

ныпта бар-жоғы 7-8 ғана

бала болатын. Ағайымыз

үнемі ана тілін оқытып,

жаз дыратын, сия тамбаса,

өшірмесек мұғаліміміз «5»

қойып беретін. Сөйтіп 3 сы-

ныпты үздікке бітірдім.

Шие ліге көшіп келдік. Ок -

тябрьдің 14 жылдығы

атын да ғы №45 қазақ орта

мектебінің 4 сыныбына

қабылдандым. Ол кездегі

мұғалім Нәлтай Едігеев

деген кісі «балам, матема-

тика пәнінен қай жерге

келдіңдер» деп сұраса

және басқа да пән -

ді сұраса, мен он -

дай пән өткен жоқ -

пыз деймін. Осы-

лай орнымда қал -

дыр май, 4 сынып ты аяқтатып, 5

сыныпқа жіберген ұста зыма алғыс

айтамын. Одан әрі жақсы оқып кет-

тім. Біз біреудің бір бөлмелі кепе-

сінде тұрып, есік алдында кәрі

жидені мықшыңдап шауып, көктемде сол жерді қопарып,

бір қысқа жететін картоп, пияз, жүгері жинап алдық. Апам

қыр ман ға жалданып жұмыс жасады. Жаз бойы қалталап

жинаған бидайынан апам қыстай вокзалға нан пісіріп

сатып, бір бөлмелі сарай сатып алдық. Апам азаннан

кешке дейін қырманда, мен өзімнің кішкене бауырларыма

бас-көз болып, сабағымды оқып жүре бердім. 7 сыныпқа

келгенде сыныптағы 3 қызды сынып жетекшіміз Қызыл -

орда қаласын дағы М.Мәметова атындағы училищеге

оқуға апармақшы болды. Сол күні кеш ке дейін конверт

іздеп таппай, үйге шаршап келсем, үш бауырым үш жақта

әбден жылаған, қарындары аш, әбіржіп отыр екен. Сонда

отырып ойландым «қой, мен оқуға кетсем, мыналарға кім

қарайды, апам болса азаннан кешке дейін далада  деген

оймен оқудан бас тарттым» – деп әңгімесін аяқтайтын. 

Күлжан Жәукебаева 1936 жылы 24 тамызда дүниеге

келген. Әкесі Аймаған бет Жәукебаев теміржолшы болып,

ана сы Жібек Кержалиева қырманда жұ мыс жасаған. Ба-

уырлары Досма ғанбет, Есмағанбет, Бибіжан халыққа

қызмет жасаған кісілер. Күлжан апайдың жолдасы

Иманғали Әбдіхалықов білікті дә рігер-иглотерапевт. Ұлы

Мұхамедқали  аудандық емхананың бас травматолог

дәрігері, қызы Бибігүл ана мен бала денсаулығын қорғау

ғылыми-зерттеу  орталығында акушер-гинеколог дәрігер,

келіні Айзат Жүсіпова №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-

лицейде мұғалім. Немерелері Ағжан мен Бекжан №45 «Ақ

Орда» мектеп-гимназиясында, Тоқжан мен Тұмархан

№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейде оқи ды. Күл -

жан апай мектепті ойдағы дай бітіргеннен кейін Н.В.Гоголь

атындағы Қызылорда педагогикалық инсти туты на химия,

биология және ауылшарушы лы ғы негіздері факультетіне

оқуға түседі. Сол кездері Ресей оқу орын дарының про-

фессорлары, білікті мамандары жер аударылып орыс,

еврейлер Қазақстанға көптеп келіп жатқан кезі еді. Осы

ұстаз дардың арқасында ұлағатты тәлім-тәр бие алып,

оқуды бітіріп, ауылға келеді.

1959 жылы сол кездегі білім бөлі 

мі нің басшысы

Таймановқа бір ай қайта-қайта барып жүріп, аудандық

пионерлер үйіне директорлық қызмет  атқаруға жіберіледі.

Ізденіс, терең еңбектің арқа сын да 4-5 үйірме ашып, білім

бөлімінен қаражат сұрап оқушыларға қолданатын құрал-

саймандар алады. Райиспол комдағы Ғ.Мұхамеджановқа,

Науановқа ба рып көмек сұрай жүріп, жалпы жөндеу

жұмыстарын жасатқан. Жалынды жасқа тағы да сенім ар-

тылып, аудандық ат қару комитетінің төрағасының орын-

басары, одан кейін аудан комсомол коми тетінің І-ші

хатшысы қызметін атқара ды. Білек күшімен емес, білім

күшімен, жүрек нұрымен отызға жетпей бірнеше жауапты

істерді абыроймен атқарып, 1969 жылы Октябрьдің 14

жылдығы атындағы №45 қазақ орта мектебіне директор -

лыққа ауысады. 1959 жылы соғылған мектеп іші тар, же-

тінші сынып қа дейін арналған, оқушылар үш ауысыммен

оқитын, сыныптар көп, кабинет аз, тоқ сымдары ескірген

мектептің жағ дайы өте күрделі күйде тұр екен. 1970 жылы

тоқ сымдары мен жылу жүйесін толығымен жаңартады.

1975 жылы еш бір жоспарға енбесе де, ақша қарасты -

рылмаса да аудандық, облыс тық кеңес атқару

комитетінің, мектеп түлегі Шәймерден Бәкіровтің арала-

суымен дене шынық ты ру залы, ұл-қыздар киім ауыстыра-

тын бөлмесі, кітапхана және бірнеше кабинет

комплектілері салынады. Сол қа на ты 1987 жылы Сейілбек

Шаухаманов тың тікелей араласуымен физика, хи мия, ин-

форматика кабинеттері зертханасымен бірге, темір,

ағашпен жұмыс жасайтын еңбек кабинеті, қосымша үш ка-

бинет құрылысы жүргізіліп, екі қабат ты ғимарат іске

қосылды. Сол кездері шаруашылық ісі жөнін дегі орынба-

сары Сейтқасым Дәуітбаев: «Апай бір апта лық тапсырма

беріп, бір күнде бітіресің» деп айтты деп, бітіруге тыры-

сатын. Білікті маманның басшылық қызметі мектеп

өміріне елеулі табыстар әкелді. Оқу сапасы артып, тәрбие

жұмыстары бірізге түсіп, аудан мектептерінің алды болды.

«Өркені өсетін қауым өз басшысын қорғай да, қолдай да

білуі керек» – деген ұстаныммен қоян-қолтық араласып,

ұжымдасып, саналы қызмет ат қарған ұстаздар Базарбай

Жақсыбаев, Ертай Есенгелдиев, Қали Дүйсе 

манов,


Кеңескүл Санаубаева, Төлтай Жүніс бекова, Анар Иб-

раева, Бибайша Ос пан құлова, Ұлған Бөлек баева, Шәкен

Ысқа қова, Нина Безгина, Сара Пірімбетова,

Күләш Қадірова, Күләш Сапарбаева, Ұлған Аса-

нова, Сейтқасым Дәуітбаев, Баян Сейтенова

жұмыс жаса ды. 25 жыл білім беру саласында

аянбай ең бек етіп, ұстаздық қызметін мүлтік сіз

атқа рып, Қа 

зақстан -

ның білікті де білімді

азаматтарын тәрбие 

-

леуге көптеп үлес қос -



ты. Мейірім шапағатынан, жү ре гінің жылуынан нәр ал ған

шәкірттері бүгінде ел болашағын дамы туға үлес қосып

жүрген азаматтар. Мен өзім осы мектепке 1987 жылы

химия пәнінің зертханашысы болып жұмысқа қабыл -

дандым. Сол уақытта 8 сыныптың химия сабағы апта-

сына үш рет үш сыныпқа болатын. Апай әр сабақта

практикалық жұмыс жасатып, көрнекіліксіз сабақ өтпейтін.

Оқушылар дың барлығы белсене қаты сып химиялық при-

борлармен жұмыс жасайтын. Маған да қамқор болып,

қыз-ау деп атымды да атамайтын. Бірде тұмауратып ауы-

рып қалған мын, апай бір сөмке құрты, жұмыртқасы, сүті

бар келіп тұр, анам тіріліп келгендей қуанып кеттім, әрі

директор болған соң қорқып та кеттім. Апайдан көп тәлім-

тәрбие алдым, көп нәрсені үйрендім. Апайдың айтқан

естеліктері бір ертегідей болатын. «Адал болсаң, екі

сөйлемесең, бө тен мінез көрсет песең, халық төбесіне

көтеріп құрмет тейді» – дейтін. Ағамыз ды еш уақытта аты-

мен атаған емес, «доғдыр» деп отыра ды, соның өзі үлкен

тәрбие деп білемін. Үйі не бара қалсаң Иманғали ағамыз

«қа рындасым келді, төрге шық» деп, келіні, әрі сіңлім

Айзат «әп шем келді қазір мен балық қуырып, котлет пісі-

ріп жіберейін» – деп бәйек болып жүгіріп кетеді. «Келін

ата-ененің топырағынан жаралады» дегендей, келіні: енем

анамдай болып кеткен, әңгімелері өміріме сабақ, жаныма

азық, асыл сөзі – ғұмырлы өсиет, өмір жолы бізге үлгі,

өнеге – дей ді. Енемнің үнемі қолданатын мақалы «Үш

күндігін ойла маған әйелден без, үш жылдығын ойламаған

еркектен без», «Өзіңе өзің мықты бол, ауылдасыңды ұры

тұтпа», кейде біреуге ренжісе «Кісі ақылы біреуге бола ма

ақыл» – деп отырады. Ал, енді туған-туыс, айнала жұрт,

қарым-қатынастағы адалдығы, жанашырлығы бір бөлек.

Барлығының хал-жағдай ла рын ойлап отырады. «Үл кенге

құрмет, кішіге ізет» дегендей қайын-қайын сің лі лерінің  ат-

тарын атамайды.

Бірлігі мен тірлігі жарасқан ұжымда 25 жыл мектеп ди-

ректоры қызметін атқарып, қаншама ұстаздар мен шәкірт -

терді тәрбиелеп, жан-жақты терең білім беру мақсатында

даралап оқытуды ұй ымдастыра білген, аудандық, облыс -

тық дәрежеде семинарлар өткізіп, директор лық қызметте

шиыра сөйлеп шешімін шегелей жеткізіп, бұйыра сөйлеп

бұйры ғын бұлтартпай орындатқан, шешіле сөйлеп шешен-

дік танытқан ұстаз сөзі кейінгі ұрпақ үшін үлгі тұтар өнеге

болып келеді. Оған негіз: ССРО және ҚР халық ағарту

ісінің озық қызметкері, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құр -

мет грамо тасының иегері, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев -

тың Құрмет грамотасы мен Шиелі ауданының Құрметті

азаматы атағын үкілеп таққан ардагер ұстаз.

Сара ДӘУІТБАЕВА, 

№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназияның 

мұражай қызметкері.

Кезекшi редактор Қайрат ИСМАИЛ.

Газет редакцияныѓ компьютер

орталыѕында терiлiп, беттелiп, 

“Сыр медиа” ЖШС баспаханасында

басылды. Ћызылорда ћаласы, 

Бейбарыс Сџлтан к шесi, №4.

Тел: 8(7242) 40-06-68.



Таралымы 5850. Тапсырыс №437.

Газет Ћазаћстан Республикасы Байланыс ж

әне аћпарат агенттiгiнде 

19.06.2014 ж. ћайта тiркелiп, №14410-Г куќлiгi берiлген.

“ скен  ѓiр” аудандыћ газетi ЋР СТ ИСО 9001-2009 “Сапа менеджментi

жљйесi” талаптарына с



әйкес сертификатталѕан.

Газет ќр аптаныѓ  сќрсенбi, сенбi  кљндерi шыѕады.

Ћолжазбалар  ѓделедi жќне керi ћайтарылмайды.

Жеке авторлардыѓ пiкiрi редакцияныѓ тљпкiлiктi к зћарасын бiлдiрмейдi. 

Телефондар: 

Бас директор -8(7242) 70-00-36

Бас редактор -4-46-22

Бас редактордыѓ орынбасары - 4-47-32

Жауапты хатшы, есепшi 

Факс -4-49-07.

Мекен-жайымыз: 120700, Ћызылорда облысы, Шиелi кентi, А.Ясауи к шесi, №109. E-mail: osken_onir@mail.ru



Бас директор 

Аманжол ОЃЅАРБАЕВ 

Шиелi аудандыћ 

“ скен  ѓiр” газетiнiѓ редакциясы

Бас редактордыѓ м

i

ндет

i

н атћарушы

әшiм МОЛДАЋАРАЕВ

Меншiк иесi: 

жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

№31 (8382) 20 сәуір, сәрсенбі, 2016 жыл 

4

4

Ойда-жоқта осыдан 40 жылдан бұрынғы бір

оқиға есіме сап ете қалғаны. «Сәлемнің де сәті

бар», – дегендей әр нәрсеге бірдеме себеп бо-

лады екен-ау!

Ендеше, бұл жағдай ұмыт болғалы қашан!

Ол оқиғаны есіме салғанда сол апамыздың

қолынан шыққан, масатыдан құраған құрақ

көрпешесі.

Төсек салғалы жатқанда немерем Диана

жастыққа тиянақ әкел, – десем жарқыратып сол

көрпешені әкелгені. Мен ол көрпешені апаның

көзіндей көріп, онша пайдаланбайтынмын. Ол

көрпеше есімнен де шығып кеткен екен. Әңгімені

басынан бастайын.

Бізге үкімет Жақаев көшесі бойынан жаңа -

дан салынған екі қабатты үйден екі бөлмелі үй

берген. Сол үйге көшіп келгенбіз. Бір күні үйге

құтты болсын айтып Райхан апай келді. Маса-

тыдан құралған тамаша көрпешені жарқыратып

төріме төседі. Апамыздың пейілі мен ықыласы -

на мәз болып қалдық. Қонақ келген соң қазан

көтердік, сексеуілдің шоғына қайнаған бұрқы -

рап самаурын да келді, екі иығынан дем алып

шай ішіп отырып әңгіменің тиегі де ағытыла бас-

тады. Әңгімені бастаған Райхан апай:

– Мәрия, бір заманда мен сенің абысының

болғанмын, – деді, әңгімені төтесінен қойып.

– Қалай? Жолдасыңыз «қара сары» руынан

ба еді, кім деген кісі?! – дедім жұлып алғандай,

таңдана қарап.

– «Қара сары» болғанда да қарасарының бі-

регейі, – деді апай кесесін ұсынып жатып.

– Кім сонда?

– Атышулы Палымша деген ақын қайнағаң.

– Рас па? Ол кісінің әйелі туралы ешкім

ештеңе айтпайды ғой?!

– Бірақ көп отасқанымыз жоқ, ажырасып

кеткенбіз, – деді.

– Сондай жақсы кісіден де ажыраса ма екен,

– деппін сенер-сенбесімді білмей. Сіздей әрі

сұлу, әрі ақылды кісіні ол кісі оп-оңай қалай жі-

берген.

– Еее... тағдыр деген бар ғой, – деді терең



күр сініп, – мүмкін бірдеңе жазатының бар ғой,

сөзіңе арқау болар. Әңгіме ары қарай өріс

алды.

Райхан апайдың әңгімесі

«Біз ол кезде Шу деген жерде тұрдық. Па-

лымша қайнағаңда сол жақта тұрады екен. Өзі

көрікті кісі болатын. Менен бұрын екі әйелінен

ажырасқан екен. Айтушылар екі әйелі де сұлу

еді, дейтін. Үшінші болып мен келдім. Бір-бірі-

мізді қатты ұнатып қосылдық, тату-тәтті жақсы

тұрдық, бірақ, барынша қызғаншақ екен. Менен

бұрынғы әйелдерінен де қызғаншақтығы себеп

болса керек. Досы көп, қонағы көп болатын.

Сондай жақсы досының бірі, руы «байсары»

Елемес молда деген кісі екен, терең білімді,

ғұлама кісі. Бірде сол кісіге мынандай өлең

жазып жіберді. Осы өлең есімнен кеткен емес:

«Осыменен үшін көрдім некенің,

Бұрынғымның білем жаңсақ екенін.

Бұл келінің кейін айнып кетпесе,

Жайнамаз ғып оқиды әзір етегін».

Сол жылдары «ликбез» деген мектеп ашыл -

ды, адамдардың бәрі сауатсыз. Кешке таман

кілең ересек адамда, қыз-келіншектер сол сауат

ашу мектебіне барамыз. Менде барып жүрдім,

кейде кештеу қайтамыз. Бір күні жүдә кештеу

шықтық. Қараңғыда қорқарсын, ит қауып алар

деп, сабақ үйрететін мұғалім мені үйге дейін

шығарып салды. Сол күннен бастап отбасы-

мызда салқындық пайда болды. Қанша ант-су

ішіп, жалынсамда сендіре алмадым, ақыры

ажырасып тындық. Бала да көтере алмадым,

сол да себеп болды ма қайдам.

– Сен ол қайнағаңды көрдің бе? – деді.

– Жоқ. Ол кісі көп бұрын қайтыс болып кет-

кен ғой, бірақ атын жақсы білемін, ауырып

жатқандағы өлеңін жаттап алып, ата-анама

айтып беретінмін, анам жылап отырып

тыңдайтын. Кейін келіншек болып келген кезде

сол ауылдың жігіттері ол кісінің түрмеде жатып

үкімет басшысы Елтай Ерназаровқа жазған

өлеңін әндетіп домбырамен айтып жүретін. Ол

кісінің жеңгелеріне жазған әзіл өлеңдері де көп

екен. Ел аузындағы азамат екенін сонда анық

байқағанмын, – дедім.

– Ия, ол да мен сияқты бағы жанбаған кісі.

Сол Шуда қарындасының қолында қайтыс бо-

лыпты, артында ұрпақ қалмады, – деді апай.

Менің ойыма: 

«Артымда жоқ бір белгі, 

Еккендей егін тақырға», – деген ақынның

өлең жолдары түсті. Мен апайдың сөзін тірілтіп:

«Күлжәмила қалады-ау, маңыраған зарлап

арқардай, – деген өлең жолдары бар ғой, –

дедім.


Тағы да:

«Негізі менің кеселім,

Өкпедегі кесел ет.

Күннен-күнге күшейіп,

Бара жатыр төтелеп.

Еркелейсін шырағым,

Мен өлсем кімге көке деп» деген ауырып

жатып жазған өлеңінің соңғы шумағын айтып

бердім.

– Негізі ол азамат та менімен тағдырлас.



Менде де ұрпақ жоқ, мен де жалғызбын, – деді.

– Қайтып тұрмыс құрмадыңыз ба? – деп

сұрауға батпадым.

Әңгімеміз осымен аяқталғандай болған.

Бірақ апай тағы бір әңгіменің шетін шығарды.

– Мәри шырағым, ертең мен өлсем артымда

менің жоғымды жоқтайтын ешкім жоқ. Шүкір

еңбегімнің арқасында газеттерің арқылы елге

танымал болып жүрмін, үкіметімізге рахмет,

еңбегімді бағалап орденін тағып, мақтау қағаз -

дарын беріп жатыр, бірақ мұның бәрі өзіммен

бірге кететін дүние ғой, өлім барда қаза бар,

анау-мынау боп кетсем анда-санда есіңе

түсіріп, естелік сияқты бірдеңе жазып жүрерсін,

– деді.

– Ой Райхан апа, әлі жап-жассыз, зейнетке



де шыққан жоқсыз, қайдағыны айтпаңыз. Сіз

елдің көңіліндегі апасыз. Сізді ешкім ұмыт -

пайды, – дедім, басқа не дерімді білмей...

... Апыр-ай! Райхан апам маған аманат

сияқты бір сөзді тастап кеткен екен-ау, мен оны

аңғармаппын-ау, деген ой келді, қолыма құрақ

көрпешесін ұстап тұрып. 

Расында, Райхан апай оп-оңай ұмытыла са-

латын кісі емес еді. Он саусағынан өнері тамған,

кескін-келбеті келісті, ажарлы, аудандағы бе-

делді апайлардың бірі болатын. Қазір есімде

жоқ, зейнетке шыққаннан кейін бе, шықпай

тұрыппа, дүние салды. Оғанда 40 жылдан

астам уақыт болған шығар. Қазір ол кісімен

жұмыстас болғандар бар ма, жоқ па, оны да біл-

меймін. Бір білсе аудандық халыққа тұрмыстық

қызмет көрсету мекемесінде бірге тігіншілік

қызмет атқарған қажы қызымыз Мүкәрам білуі

мүмкін. Мүкәрамда озат тігіншілер сапында

жүрді.


Айтайын дегенім, аудан басшылары, өзі

қызмет еткен мекеме ұжымы (бастығы Тастан-

бек Түкібаев) үлкен құрметпен шығарып салды,

аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлман

Мәміреева, аудандық кеңес атқару комитеті

бастығының орынбасары Феруза Жүсіповалар

бастан-аяқ басы-қасында жүріп, егелік жасады.

Кейін Райхан апайдың артында қалған мал-

мүліктерін туысы едім деп бір келіншек алып

кетті, – деп естігенмін.

Көзден кетсе көңілден кететіні рас қой. Менің

осы мақаланы есіме салған Райхан апаның

берген құрақ көрпешесі. Жатқан жері жайлы

болып, жаны рахатта жатсын.



Мәрия ЖҰМАТҚЫЗЫ,

еңбек ардагері, 

ҚР Журналистер одағының мүшесі, 

ауданның Құрметті азаматы. 

ҚАДІРЛІ ҰСТАЗ, 

ҚАДІРЛІ ҰСТАЗ, 

АЯУЛЫ ЖЕҢГЕ,

АЯУЛЫ ЖЕҢГЕ,

АРДАҚТЫ ӘЖЕ

АРДАҚТЫ ӘЖЕ

Ê´ÐÏÅØÅ


(КЕЗІНДЕ ЕҢБЕГІМЕН

ЕЛГЕ ТАНЫЛҒАН ТІГІНШІ 

РАЙХАН МЫРЗАБАЕВА

ЖАЙЛЫ БІР ҮЗІК СЫР)

Қ

Ұ

Р



А

Қ

КҮЛЖАН ЖӘУКЕБАЕВА – 80 ЖАСТА



Нағыз ұстаз болу – бақыт əрі абырой.

Шындығында, мұғалім болу оңай болып

көрінгенмен, ал, нағыз ұстаз болу екінің

бірінің қолынан келе бермесі анық. "Ұстазды

алтын діңгекке теңер едім", – деген педагог

Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы –

қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік

мамандық атаулының ұлысы. 

Оспанова Бақтыгүл Ерманқызы  – есімі

аймақ жұртшылығына етене таныс ұстаз,

білім беру жүйесіне еңбегі сіңген педагог.

Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жо-

лында өзінің айшықты еңбегімен   даралан -

ған Бақтыгүл Ерманқызы жайлы ерекше

ілтипатпен  айтуға болады. Ол – ұлағатты

ұстаз. Себебі, ғибратты ғұмырының қымбат

шақтарын болашақ буындарды оқыту мен

тəрбиелеу ісіне арнаған. Өз ісіне берілген,

шəкіртінің жанына нұр құя білген   Бақты гүл -

дей  ұстаздың өмірі –  болашақ үшін  үлкен

өнеге. Бүгінде ұлағатты ұстаз 75 жасқа

толып отыр. Жуырда Шиеліге үлкен апасы

Үрипа əжейдің жағдайын сұрай келген

Бақтыгүл апамен бізде жолығып, əңгімеге

тартқан едік.  

– Бақтыгүл апа, туған жерге қош кел ді -

ңіз, ауылды сағынған шығарсыз?

– Туған жерді аңсап келген адамға ең бі-

рінші ауылдың ауасы мен топырағы, адам-

дары  ыстық болады. Мен, 1941 жылы 2 нау -

рызда бұрынғы Сырдария ауданы 1 май кол-

хозында дүниеге келдім. Осы жердегі №40

мектепте білім алып, оны тəмамдаған соң

өскелең ұрпаққа білім мен тəрбие беру

мақсатында мұғалім мамандығын таңдап,

1958 жылы Қызылорда педагогикалық инс -

титутының физика-математика факультетін

бітірдім деп бастады əңгімесін Бақтыгүл апа.  

Сол кездердегі үрдіс бойынша оқу бітір-

ген жас мамандарды облыстың кадрлар же-

тіспейтін шалғай аудандарына жіберу дағ -

дысы бар екен. Жолдамамен  алғашқы ең -

бек жолын Тереңөзек ауданындағы «Қара -

өзек» совхозында бастаған  жас маман аз

ғана уақыт ішінде  аталмыш мектептің тəжі -

ри белі ұстаздарынан мұғалімдік маман дық -

тың қыр-сырын жан-жақты түсініп, үйреніп,

оған өз талпынысын  қосып, ұжым орта-

сында беделді бола білді. 

Уақыт бір орнында тұрмайтыны анық. Өз

ісіне шынайы да адал беріліп, жұмы сына

тиянақты болған Бақтыгүл апа 1960 жылы

Сағынтай Есеновпен шаңырақ құр ды. Жол-

дасы С.Есенов те ұстаздық маман дықты

таңдаған, білім саласының білгірі. 

1965 жылы отбасылық жағдайға байла-

нысты  Шиеліге қоныс аударып, жолдасы

Сағынтай осы жердегі аудандық білім

бөлімінде бас маман болып жұмысқа ауыс-

тырылады. Ол кезде аудандық білім сала-

сына жауапты Ж.Зермұхамедов болатын.

М.Оспанов, Ə.Аманжолов, А.Жұмаділдаев,

М.Рахметов, Р.Мауяевтармен етене жақын

араласты. Тіпті, отбасылық достар секілді

жақын болды. Содан Бақтыгүл апа  №47

М.В.Ломоносов атындағы мектепке физика-

математика  пəнінің  мұғалімі ретінде қыз -

мет ке орналасты. 

Ұстаздың қарапайымдылығы мен  ұқып -

ты лығы, еңбекке деген ерекше ынтызар лы -

ғы  өзгелерден оны  ерекшелендіреді.  Оның

жайсаң мінезі, қазақи ақжарқындығы мен

қызметіне деген адалдығы жас мамандар

үшін үлгі боларлықтай.  Өзі жүргізетін пəнді

терең меңгерген балаларды əсерлі əңгіме -

сімен тарта, қызықтыра білетін шебер ұстаз

үнемі оқумен, ізденумен болды. Көрген-түй -

генін ізін басып келе жатқан кейінгі жастарға

үйретіп отырды. Еңбексүйгіш ұстазды шə -

кірттері де, қызметтес жолдастары да мақ -

та ныш ететін. Ашуланудың не екенін біл -

мейтін, алайда, турашылдығымен, əділді гі -

мен өзгелерден ерекше дараланып тұратын

білікті маманның көпжылдық атқарған адал

қызметі лайықты бағаланып, ұстаздық жо-

лында бірнеше мəрте марапатқа ие бол ды.

Білім саласының үздігі, «Қазақ КСР халық

ағарту ісінің үздік қызметкері» төсбелгісі,

облыстық білім бас қармасының грамота-

лары мен Алғыс хаттары,  Қызылода облы-

сына – 70 жыл жəне Қызылорда қала сына

190 жыл мерекелік медальдарымен ма 

-

рапат тал ған. 1976 жылы жолдасы С.Есенов



облыстық білім басқармасына бас маман

болып қыз ме  тін ауыстырып, Бақтыгүл апа

Қызылорда қаласындағы №40 мектепте

ұстаздық қызмет атқарады.   

Ардагер ұстаз 1991 жылы осы мектептен

құрметті  зейнеткерлік демалысқа  шығып,

1996 жылға дейін жұмыс істейді. Əйтсе де,

өмірінің мəніне айналған сүйікті ісі – бала

тəрбиесіне əлі де бейімді екенін бізбен əңгі -

месінен байқадық.  

Жеті бала тəрбиелеп өсіріп жоғары бі-

лімді, өз алдарына жеке-жеке бір шаңырақ.

Үлкен ұлы Марат Астанада «Самұрық-Қазы -

нада» қыз метте, экономика ғылымының кан-

дидаты. Қыздары  Пернекүл, Гүлмира, Гүл -

зира, Роза, Гүлбану, Жұлдыз  ғылым канди-

даттары, бірі банк саласында, бірі білім са-

ласында, енді бірі бухгалтер қызметтерін

абыроймен атқарып жүр. 

Бұған қоғамдық жұмыстардың бел орта-

сында жүріп, кішілерден ақылын аямауы

айғақ. Осы бағыттағы еңбегі еленіп, ел игілігі

үшін жасап жатқан игі істері оң нəтижесін

берсін демекпіз.



Айнұр НАЗАРОВА.

Ұлағат ұясының ұстыны




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет