Соөж тақырыбы:Қазіргі қазақ әдебиетінің даму процесі әлемдік мәдениет контексінде



бет1/2
Дата03.11.2022
өлшемі0,77 Mb.
#47139
  1   2

СОӨЖ

Тақырыбы:Қазіргі қазақ әдебиетінің даму процесі әлемдік мәдениет контексінде


Орындаған:Елемес Асылжан
Тексерген:Абиыр Қарлығаш
Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.Бірақ, Кеңестік кезең тұсында нағыз қазақ әдебиетінің негізі қаланды. Оған дейін қазақта әдебиет болмады деген сөз емес, дәл сол қазақта бар әдебиеттің өркендеп, кең көсілуіне, құнды да көркем болуына әсер етті. Әдебиет дамып, прогрестік жолға түсті.
Осы кеңестік кезеңде қазақ әдебиетінде әлемге танымал шоқтығы биік тұлғалар пайда болды. Олар – А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, М.Дулатұлы, М. Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, І.Есенберлин, Қ. Аманжолов, М.Мағауин, М.Мақатаев. Бұл тұлғалар алып арнаға, адамзат ақыл ойының дариясына айналды.Әдебиетімізде жеке бір бағыт,арна қалыптастырды десемде болады.
Қазақ әдебиеті енді негізі қаланып, дами бастағаннан кейін де осынау ұлы тұлғалар әдебиеттің байып кеңеюі үшін әртүрлі бағыттағы шығармаларды жазды. Ол кезеңде ұлт зиялылары әдебиетпен де, қоғамдық өмірмен де айналыса жүретін. Көшбасшы тұлғалар өте білімді, оқып-тоқыған, ілім үйренген жандар болатын, олар өздерінің оқыған, үлгі алған әртүрлі шетел әдебиеттерінен тәлім ала отырып қазақ әдебиетін де көркейтті. Оған дейін қалыптасқан қазақтың ауызша әдебиеті енді үлкен бір арнаға – жазба әдебиетке айналды. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті еркін ойлы, өзіндік өрнегі мен нақышы бар, тілі көркем, бояуы қанық өзге бір әлем еді. Дәстүрлі әдебиетті, яғни, ауызша әдебиет нұсқаларын сақтай отырып өзгеше, ештеңеге де ұқсамайтын ұлттық әдебиеттің негізі қаланды.
Сол кезеңдердегі қазақ әдебиетінің ерекшелігі:шынайылық сипаты,халықтығы,танымдық қасиеті,тәрбиелік маңызы.
Кеңес дәуірінің алғашқы жылдарында, яғни, ХХ басында қазақ топырағына роман жанры келе бастады. Барлық жазушылар дәл осы прозадағы роман жанрына машықтана бастады. Әр дәуірге бір жанр тән дейді ғұламалар. Дәл солай, кеңес кезіндегі қазақ әдебиетіне роман жанры тән десек қате айтқаным деп ойламаймын.
Ең алғашқы қазақ романынн жазған Міржақып Дулатұлы болды. «Бақытсыз Жамал» романы қазақтыңң тұңғыш романы. Одан Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», «Қартқожа» тәрізді үлкен-үлкен, профессионалды романдары жазыла бастады. Ж. Аймауытовтың қазақ романына алып келген жаңалығы – психологизм тәсілі болатын. Кейін бұл әдіс қазақ романдарында кең қолданыс тапты. Ал қазақ романистикасында ең үлкен әрі мақтанышпен айта алатын, шоқтығы биік шығарма М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы болатын. Мұның өзі – қазақ романы әлемдік тарихына өз бесігінде ержетіп, өз үнін, сәнін сақтай еркін қосылғанына нақты дәлел.
Қазақ әдебиетінде прозада роман жанры дами бастаса, поезия да қалыс қалмады. Қазақ поезиясы батыс пен орыс поезиясынан келген әртүрлі ағымдар мен бағыттарды өзіне үлгі етіп ала бастады. Әсіресе, қазақ поезиясына үлкен толқын мен ерекше стиль бағытты әкелген М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Қ. Аманжолов, М.Мақатаев поезия қырандары болатын.
Кеңестік кезең әдебиеті қазақ әдебиетінің құнарын арттырған, құндылығын кеңейткен кезең болды. Жазушыларымыз бен ақындарымыз да қазақ әдебиетін байыту мен дамытудың жолында аянбай еңбек етті. Әрі олар ұлттың рухани қазынасын негіздеді. Соған сай олар да ұлттың санасында мәңгі қала білді. Қазақ әдебиеті адам, қоғам, ұлт, бостандық, тәуелсіздік, елдік мәселелеріне терең бойлай алған ойшыл-философ, тума талант, ірі суреткерлер елдің болашағы мен ертеңіне қатты көңіл бөлді. Талантты қаламгерлердің қолынан туған шығармалар тек бір ұлттың ғана келешегін жасамады, сонымен қатар бүкіл адамзаттың тарихын жасады. Әлемдік деңгейде әмбебап құралдарға айналған, бүкіләлем шығармаларының ортақ құндылығына айналған әдеби ағымдар мен бағыттарды өздерінің әдеби туындысына тиек етті. Сонымен қатар халық ауыз әдебиетінде негізі қаланған үлгілерді де өз шығармаларында емін-еркін қолдана алды. Мұны қазақ әдебиеттану ғылымында сентементализм деп аталады. Бұл – қазақ әдебиетінің әлемдік шығармаларға бере алған өзінің өнімі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет