Современные педагогические технологии как одно из необходимых условий повышения мотивации к учению



бет1/7
Дата31.12.2021
өлшемі0,62 Mb.
#23799
  1   2   3   4   5   6   7
  • Контрастивтік фонология
  • Буын (Слог)
  • Екпін (Ударение)
  • Фонемалардың алмасуы
  • (Чередование звуков)
  • Орындаған: Ғабдрахман К.М.
  • Буын - фонациялық ауаның кілт үзілуінің, не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дыбыс, не дыбыстар тобы.
  • Қазақ тілінде де, орыс тілінде де буын бір дыбыстан немесе бірнеше дыбыстың тіркесінен жасалады. Сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбыстарға байланысты, сондықтан буынның саны дауысты дыбыстың саныңа байланысты болады. Дауысты дыбыс екі тілде де буынның құрамына кіреді.
  • С.Исаевтың пікірінше, қазақ және орыс тілдеріндегі сөздер құрамы жағынан былайша сараланады:
  • 1. Бір буынды сөздер (односложные): ай, aт, от, яд, сон, дом, т.б.
  • 2. Көп буынды сөздер (многосложные): ме-ре-ке, е- тік-ші, жа-пы-рақ, са-пож-ник, пле-мян-ник, т.б.
  • Қазақ тілінде сияқты орыс тілінде де дыбыстық құрамы жағынан, яғни дауысты және дауыссыз дыбыстардың кезектесіп келуіне байланысты буын бірнеше түрге бөлінеді. Қазақ тілінде буын түрлері үшеу, ал орыс тілінде - екеу. Қазақ тілінде олар мынадай:
  • Ашық буын (ә-ке, ше-ше).
  • Тұйық буын (өт, өрт, ұлт).
  • 3. Бітеу буын (тіс, қант,бір-лік).
  • Ал орыс тілінде:
  • 1.Открытый слог (ашық буын):ма -ма, во-да,т.б.
  • 2. Закрытый слог (бітеу буын): друг, тет-радь, т.б
  • Орыс тіліндегі бітеу буын (закрытый слог) қазақ тілінде бітеу буын және тұйық буын деп екі топқа бөлінеді.
  • Мұның сыры мынада: aт, от, ет, ит, ар, ер, ел, ол, өл, ор дегендер фонетикалық жағынан қарағанда тұйық буын, морфология бұларды түбір ретінде қарастырады, лексикалық тұрғыдан бұлар дербес сөз деп есептелінеді.
  • Сондай-ақ, жер, тау, нан, мал, кел, кет, жет дегендер туралы да осыны айтуға болады. Фонетика бұларды бітеу буын деп есептесе, морфологиялық тұрғыдан - түбір, ал лексика бұларды жеке сөз ретінде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет