Сөздердің көп мағыналылығы. Сөз мағынасының дамуы



бет1/2
Дата30.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#53879
  1   2

Сөздердің көп мағыналылығы. Сөз мағынасының дамуы

Орындаған: Табиғұл Дариға Сейітқалиқызы

Сөз-лексикалық бірлік

Сөз – лексикалық өлшем, сөз –ұғымғаберілген атау, сөз – күрделі единица, сөз – дыбыс немесе дыбыстар тізбегі, сөз өмір сүру үшін дыбысталу жағы мен мағына жағы бірлекте болуы шарт.


Академик В.В.Виноградов сөз дегеніміз – фонема болатын дыбыстардың белгілі бір жүйеде дыбысталуы мен мағыналық бірлікте болуы деген пікірді айтады (“Русский язык”, М-л, 1947, 12-13-бет).

Сөз және оның белгілері


Сөз тілдің, оның өзіндік құрамының заттар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін, шындық өмірдегі қатынастарды атап білдіретін негізгі бірлігі
Сөз грамматикалық тұрғыдан қарағанда сөз таптарына тікелей қатысады,соларға телулі болады. Сонымен бірге әрбір сөз түбір морфемадан, не түбірмен қосымша морфемадан тұрады, солардың жиынтығы болады.
Сөз құрылымының тұрақтылығы. Дербес сөз болу үшін оның құрылымынаөзгеріс енгізуге болмайды. Сөздің тұтастығы сақталады.
Сөз– дыбыстық құрылымның жиынтығы, сол арқылы жарыққа шығады. Сөздіжасайтын дыбыстар қалай болса солай емес, тілдің фонетикалықзаңдылықтарына сәйкес қалыптасады
Сөз сөйлеу үстінде даяр қалпында қолданылады. Сөйлеу үстіндежасалмайды.
Сөз дыбыстық құрылымнан жасала отырып, зат, құбылыс, іс-қимылжайында жалпыға түсінікті, халық таныған ұғымды (мағынаны) білдіреді.Мағынасыз сөз жоқ.
Ұғым және сөз
Сөз (ұғым тілдегі сөздердің негізінде туады, сол арқылы жарыққа шығады. Сөз ұғымның материалдық көрсеткіші).
Ұғым – логикалық категория, ойлау процесінің нәтижесі. Ұғым дегеніміз – шындық өмірдегі зат, құбылыс, іс-әрекетке тән басты белгілердің адам санасында жинақталып, қорытылып берілген бейнесі. Заттар мен құбылыстар жайындағы біздің санамыздағы осы күнгі ұғымдар адамның сезім мүшелері мен түйсігі арқылы ұзақ уақыт бойы сыртқы дүниемен араласуының, оны танып білуінің нәтижесінде туған. Адам заттар мен құбылыстарды танып білуде өзінің жадында олардың ең басты айрықша белгілерін сақтаған. Сол, айрықша , ортақ белгілердің негізінде зат , құбылыс жайында ұғым қалыптасқан.
Сөздің негізгі қызметі– атау, яғни зат,құбылыс, әрекетті,олардың белгілерінатап білдіру
Ұғым сияқты сөзде де зат,құбылыстың жалпы,айрықша белгілеріжинақталып, топшыланыпберіледі
Сөз жалқы бір сөзді ғанаатап білдірмейді,жалпылап, бір тектесзаттарды білдіреді
Сөз бен сол сөз атапбілдіріп тұрған зат,құбылыс арасында ешбіртабиғи байланысболмайды
Дербесмағыналысөздер. Дербесмағынасызсөздер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет