Сөздің негізгі мағынасы



Дата11.12.2022
өлшемі32,36 Kb.
#56466

Тіл білімінде сөздің лексикалық мағынасы эр түрлі бағытта топтастырылып келеді. Өткен ғасырдың 50-жылдары сөз мағынасын семантикалық тұрғыдан топтастыру орын алды. Сөздерді мәдени, шаруашылық, тұрмыстық, туыстык атаулар, адамға байланысты сөздер т.б. деп семантикалық топтастыру — беретін ұгымы бірыңғай сөздердің мағыналық типтерін аныктауға негізделді.
Сөз мағынасын топтастыру мағынаны әр түрлі аспектіде караудан туындайды. Мәселен, сөздің негізгі жэне тұракты мағынасы дегенде деректі атаулардың аталым дәрежесі, ал сөздің накты жэне абстакті мағынасы дегенде адам ойының танымдық жэне абстрактілену дэрежесі ескеріледі. Контекстік мағына сөздің сөйлемдегі, мәтін ішіндегі динамикасына катысты болса, сөздің көп мағыналылығы ауыс мағынаның полисемиялық деңгейге жетуі, одан эрі омонимденуі тұрғысынан қаралады.
Қазак тіл білімінде сөз мағыналарын топтастырудың академик В.В.Виноградов ұсынған тура жэне номинативті мағына; фразеологиялык байлаулы мағына; синтаксистік шартты мағына деген классификациясын кеңінен пайдаланылып келеді .Мэселен, І.Кеңесбаев, Ғ.Ғ.Мұсабаевтар В.В.Виноградовтың жоғарыдағы топтастыруын басшылыққа ала отырып, сөз мағыналарын:

  • сөздің негізгі мағынасы;

  • сөздің тұракты мағынасы;

  • сөздің нақты (конкретті) мағынасы;

  • сөздің контекстік мағынасы жэне көп мағыналылығы;

  • сөздің абстакті мағынасы;

  • сөздің тура мағынасы;

  • сөздің ауыс мағынасы;

  • сөздің грамматикалык жэне лексикалық мағынасы деп бөледі.

Профессорлар Ғ.Қалиев пен Ә.Болғанбаев сөз мағынасын сөздердің
шындық өмірдегі заттар мен кұбылыстарды білдіруіне, тарихи пайда болуына, өзара тіркесімділігіне, стилистикалык кызметтеріне карай топтастырып, казақ сөздерінің лексикалық мағыналарын:

  • сөздің негізгі атауыш (номинатив) немесе тура мағынасы;

  • сөздің ауыс мағынасы;

  • сөздің нақгы және дерексіз мағыналары;

  • сөздің түпкі жэне туынды мағынасы;

  • сөздің еркін жэне байлаулы магынасы деп бөледі.

  • сөздің бейтарап және терминдік (кэсіби) мағыналары;

  • сөздің бейнелі және поэтикалық магыналары деп жіктейді.

Профессор Б.Сагындықүлы сөз мағынасын сөздің жеке тұрғандағы жэне
өзге сөздермен карым-катынасқа түскендегі қалып-күйіне байланысты сөздің сөздік мағынасы жэне сөздің тілдік мағынасы деп екі үлкен топка бөліп алып, ары карай сөздік мағынаны өз ішінен: 1) лексикалық мағына; 2) лексика- грамматикалык мағына деп екіге бөледі. Тілдік жүйе негізінде калыптаскан мағына элементтерін тілдік мағына деп атай отыра ғалым оны іштей парадигмалық және синтагмалық мағыналар деп екіге бөліп карастырады, лексикалык магынаның кұрамдас бөліктері ретінде денотаттык мағына мен сигнификативтік (пайымдык) магынаны атап көрсетеді.
Сөз магынасына сөздің белгілі бір лексика-грамматикалык топқа, мәселен сез табына телінуі де әсер етеді. Сөздің лексикалык мағынасы мен грамматикалық мағынасы бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Сөздің лексикалык мағынасы дегеніміз — оның жеке тұрып білдіретін, өзіне ғана тән, коғам таныган магынасы , тілдің грамматикалық заңдарына сай тұлғаланған, оның сөздігіне тән семантикалық жүйесінің элементі болып табылатын сөздің заттық-материалдык мазмұны . Сөздің лексикалық мағынасы — дыбыстык кешеннің ақикат өмірдегі кұбылыстардың бірімен белгілі бір тілде сөйлеуші ұжым арқылы белгіленген байланысы болып саналады .
“Сөздің грамматикалык мағынасы дегеніміз — грамматикалык амал- тэсілдер аркылы туатын, сөздің бірыңгай топтары мен сөз тұлғаларына, синтаксистік кұрылымдарға тэн, жинакталған дерексіз мағына. Ол сөздің лексикалык мағынасы негізінде туады. Лексикалық мағынамен қатар жарыса колданылып, оны айкындап, саралап отырады”.
Тілдегі көптік, септік, тэуелдік, шақ, жак, етіс т.б. тілдік категориялардың әркайсысы өзді-өзіне тэн грамматикалық мағына арқалайды. Сөз кай сөз табына катысты болса, сол сөз табына тэн грамматикалық мағыналар оның лексикалык мағынасына эсер етеді. Әрбір сөз табының өзіне тэн семантикалық ерекшелік белгілі бір сөз табына қатысты жеке сөздердің лексика-грамматикалык мағынасынан нақты түрде көрініс табады.
Сөз магынасы дамып, жетіліп отыратын тілдік құбылыс. Сөздің бастапқы атауыш немесе тура магынасы сөздің баска мағыналарына негіз болады. Сөздің затты, кұбылысты тікелей атаудан туындайтын мағынасы атауыш (номинативті) мағына деп аталады. Ол мағына затты, кұбылысты тікелей атап көрсететіндіктен кейде сөздің тура мағынасы деп те аталады. Тура магынада колданылатын сөздердің басқа сөздермен байланысы, ара — катынасы сол өздері белгілейтін акикат болмыстағы заттар мен кұбылыстар арасындағы байланысқа сәйкес келеді және олардың колданыс аясы өте ауқымды, эрі еркін болады. Мысалы, келу етістігі Мен ауылдан кеше колік жалдап келдім деген сөйлемдегі эр сөзбен тіркесіп жұмсала береді. Сол сияқты табу деген сөз жоғалған нәрсені (малды, затты, бұйымды) табу, жұмбақтын шешімін табу сияқты еркін тіркес жасауға актив қатысады.
Атауыштық тура мағынадағы сөздер басқа сөздермен еркін қарым- қатынасқа түсіп отыратындықтан, сөздің жеке тұрып беретін мағынасы еркін мағына болып та табылады. Мысалы, ай, күн, тау, жел, ағаш, орман сөздерінің әркайсысында заттык ұғымдарды білдіретін денотаттык тура атауыш мағына да, еркін тіркесімділік сипатка ие еркін мағына да бар. Сөздің жеке тұрып білдіретін, тілдің қазіргі деңгейінде тіл иесіне түсінікті тура, атауыштык, денотаттык мағынасы сөздің тұрақты негізгі мағынасы болып танылады.
Сөздің ақықат болмыспен, ондағы заттармен, кұбылыстармен байланысып жататын мағынасын тіл білімінде денотаттык мағына деп атайды. Денотаттык мағына айналадағы затгын, кұбылыстың адамның сезім мүшелеріне әсер етуіне негізделетін, көрнекті нақты ойлауға катысты қабылдаудан туындайтын ұғым негізінде қалыптаскан ақиқат дүниенің обьективті бейнесі. Мэселен, лақты ешкі дегенде тыңдаушыға өзі көзімен көрген, сезіміне әсер еткен егіз лак ерткен кара ешкінің, ак лакты токал ешкінің, көк лакты ак ешкінің, сұр лақ ерткен желіні жер сызған бөрте ешкінің т.б. бейнесі елестейді. Мұндағы ешкі, лак деген жалпылама атаулар әр тыңдаушының көрнекі, бейнелі ойлауьгаа байланысты ешкі, лақтың накты бейнесін беретін белгі, нышандармен (тоқал, ақ, қара, борте, желінді т.б.) айқындалады, нактылық сипат алады.
Денотат дегеніміз белгілі бір сөзді айтқанда, ойымызға оралатын зат (кұбылыс) немесе оның ерекше белгілері. Денотат көбінесе сөздің тура (атауыштык) магынасында сақталады.
Сөздің тура атауыш мағынасының негізінде туып өрбіген ауыс, накты, абстракті мағыналары сөздің лексикалық мағыналарының түрлері болып табылады жэне олар туынды атауыштык сипатка ие.
Сөздің атауыштық негізгі мағынасын басқа бір затқа, құбылыска атау етіп ауыстырьш қолданудан туындағын мағынаны сөздің ауыс магынасы деп атайды. Мысалы, көз деген сөздің адам мен жан-жануарлардың дене мүшесінің бірін білдіретін мағынасы тұрақты, негізгі, бастапқы, тура, денотаттык, еркін магына. Ал күннің көзі, бұлақтың көзі, көз жауын алады (жайнап тұр) дегендердегі көз сөзінің білдіретін мағыналары бастапкы тура мағына негізінде өрбіген ауыспалы мағыналар.
Тура мағынадан келесі бір ұғымды беру үшін ауыскан магына біртіндеп солғындағанда, білдіретін ұғымда да азды-көпті реңкілік өзгерістер орын ала бастайды. Мысалы, Шалкиіздің:
Батыр жігіт жау бастар,
Ага жігіт кол бастар — деп келетін жолдарда, немесе Махамбет ақынның:
Исатай деген агам бар,
Ак кіреуке жағам бар- дегеніне, немесе Доспамбет жыраудың:
Азаулының Аймәдет ер Доспамбет агаиың Хан ұлынан несі кем?
Би ұлынан несі кем?
Азаулыда ага болған ерлер көп еді,- деген жыр жолдарына жүгіне отырып, Р.Сыздык казак тілінде аға сөзі “жасы үлкеп ер адам” деген тура, негізгі мағынасымен катар ертеректе “бас, басшы, ел (ру, тайпа, халық) басшысы, әскери басшы (қол басы)” деген ауыспалы мағынада жиі қолданылып, терминдік сипатта жүмсалғанын, бертін келе, ХУІІІ-ХІХ ғасырларда, бүл сөздің “қолбасшы, эскери басшы” мағынасы солғындап, ол ауыспалы мэнде колданылғанда “жасы үлкеи, сыйлы, қүрметті адам” деген ұғымда жүмсала бастағанын айтады.
Сөздің затты, кұбылысты дәлме-дәл, анық, айқын, даралап көрсетіп атайтын мағынасын нақты магына, ал типтес заттарды, кұбылыстарды жалпылап, жинақтап, дерексіздендіріп атаудан туындайтын магынаны, сондай- ақ адам санасында қалыптасқан дерексіз ұғымдарды білдіретін сөздердің магыналарын дерексіз мағына дейді. Мысалы, алты сан алаш, сансыз көп тіркестеріндегі, сондай-ак батырлар жырларында кездесетін он сан қол, мың сан әскер түріндегі тіркестерде келетін сан сөзі бұл күндегі “есеп” мағынасында қолданып тұрған жоқ. О баста сан деген сөз “оте көп, молшерсіз коп ” деген ұғымды білдірген. Жоғарыдағы тіркестер құрамындағы алты, он, мың сан есімдері де өздерінің тура (номинатив) мағынасын танытпайды, олар да “көп, белгісіз мөлшердегі көп” деген жинақтаушы, дерексіз мағынада жұмсалып тұр. Сонда алты сан алаш — “к&умалагап қарыпдас”, яғни қалың елі, ағайыны, артынан ерген калың жұртшылық, мың сан әскер — “есепсіз коп эскер”.
Абстакті, дерексіз ойлау негізінде пайда болатын мағынаны сигнификаттық мағына деп те атайды. Сигнификативтік мағына сөзді ұғыммен, оймен байланыстырады. Мысалы, Балқаш, Ойыл, аққайын, қаратал, шырғанақ, ұлар, қосаяқ, бесік, киіз үй, барды, келді, айтты т.б. деген сөздердің мағыналарына нактылык, ал осімдік, өзен, үй жабдықтары, жүру, сөйлеу дегендерге жалпылық, адамгершілік, жолдастық, сыйластық, махаббат деген сөздердің мағыналарына дерексіздік сипат тэн.
Сөздің ішкі мағыналарының дамып отыруына байланысты туындайтын синонимдік, омонимдік, антонимдік мағыналар да, түбір сөздің түпкі мағынасына негізделіп өрбитін туынды мағына да лексикалық мағыналардың түрлеріне жатады.
Сөздердің лексикалық тіркесімділігі синтагмалық байланыс деп аталады. Синтагмалык байланыс өзгерсе, сөз мағынасы да өзгереді. Сөздердің логикалык-үғымдық, семантикалық, синтаксистік, тіркесімділік қабілетін аныктаушы тілдік мағына синтагмалык мағына деп аталады.
Сөздердің тіркесімділік қабілетіне байланысты мағыналардың синтаксистік шартты және фразеологиялық байлаулы мағына деп аталатын түрлері болады.
Сөздің сөйлем ішінде контекст ыңғайына қарай жэне нақты синтаксистік қызмет аткаруына байланысты туатын ауыспалы, тиянақсыз мағынасы синтаксистік шартты мағына деп аталады. Бірак мұндағы ауыспалылык бір заттың тура мағынасын келесі бір затка атау етіп ауыстырудан емес, сөзді белгілі бір синтаксистік контексте мақсат көздеп жұмсаудан туындайды.
Мысалы, Махамбеттің:
Хан емессің, ылаңсың,
Қара шұбар жылансың
дегеніндегі жылан сөзі білдіріп тұрған «жауыз» деген ауыс мағына синтаксистік шартты магына болып табылады. Өйткені ол жылан сөзінің белгілі бір синтаксистік қызмет атқаруынан, айталық, сөйлемдегі баяндауыштық қызметінен туындап отыр.
Сөздің синтаксистік шартты мағынасында жағымды немесе жағымсыз реңктегі эмоциональді-экспрессивті сипат болады. Абай өлеңдерінде кездесіп жататын өмірдіц шыжығы, қайғының уы, жастықтын оты, қырық жамаулы жүрек, көцілге ажым салу, ой козбен тыңдау т.б. дегендердегі шыжық, у, ажым салу, от, қырық жамау, тіркесуге келмейтін сөздермен тіркесіп, бейне жасап, синтаксистік шартты мағынада қолданылып тұрған сөздер. Сол сиякты Атайы ердің тұсында, Түлпары түрар шарқ үрып (Шалкиіз жырау) деген жолдардағы іщлпардың иіарқ уруы, яғни “бір орнында тұра алмау” дегенді білдірген тура мағынасында емес, “жаумен шаііқасуга, урысқа дайып шуру” деген синтаксистік шартты мағынада жұмсалып тұр.
Сөздің фразеологиялық тіркес аясында, белгілі ғана сөздермен тіркесу қабілетіне катысты туындайтын мағынасы фразеологиялық байлаулы мағына деп аталады. Фразеологиялық байлаулы мағына тіркесіп айтылған сөздерге тікелей бағынышты болады. Мысалы, Мұныңа ханым шыдаман! Арқаға қарай көшермін, Алашыма ұран десермін, Ат кұйрығын кесермін, Ат сауырысын берермін, Алыста дәурен сүрермін (Жиембет жырау) деген жолдардағы Ат қүйрығын кесу, Ат сауырысын беру фразеологизмдері кұрамындағы сөздер өздерінің тура мағынасында емес, өзара жымдасып, біртұтасып келіп “теріс айшалып кету”, “қарым-қатынасты біржола узу” дегенді білдіріп, фразеологиялык байлаулы мағынада жұмсалған.
Қыпша бел, сұры қашу, қүр атқа мінгендей, тас қаранғы, тас түйін, тықыр таян кез, ауыр қол, аты шулы т.б. тұрақты тіркестердегі қыпша, сұры, қүр, тас, тықыр таяң, ауыр, шулы сияқты сөздердің тіркесімділік қабілеті өте төмен, олар жоғарыдағы санамалы сөздермен тіркесу аркылы ғана фразеологиялык байлаулы мағынада жұмсалады.
Сөздердің стилистикалық қызметіне байланысты туындайтын лексикалык мағыналарының бейтарап, бейнелі, терминдік деген түрлері болады. Сөздің стилистикалық қызметімен ұштасатын мағыналардың бірі — поэтикалык мағына. Көркем шығарма тілінде сөзді көтеріңкі сипатта, белгілі бір максат көздеп, поэтикалық қызметте жұмсаудан поэтикалық мағына Қалыптасады.
Поэтикалық мағына — теңеу, эпитет, метафора, гипербола, перифраз, литота, градация т.б. троп пен стильдік фигураның түрлері сияқты тәсілдерді Қолдану арқылы соны да көркем, айшықты да әсерлі сөз өрнегін, айрықша бейнелі жаңа тіркестер жасаудан туындайтын мағына. Мысалы, Абай тіліндегі талаптыц аты арындау (бір нәрсеге қатты талаптану, ұмтылу), соқтықпалы соқпақсыз жер (ақын өмір сүрген заман, орта), үміттін аты елеру (қатты үміттену), шенді шекпен жабу (колына билік ұстату), дүниеге бон алдыру (өмірдің ыркына көну) т.б. жалпыхалыктық тілде қиыспайтын сөздерді қиыстырып, сөз мағыналарын ауыстырып, метафоралап, одан барып номинативтік атауды суреттеме атаумен алмастыру негізінде жасалган, поэтикалык мағына арқалаған мүлде тың, соны қолданыстар

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет