Сөзжасамдық үлгі, тип, қосақ



Дата06.03.2023
өлшемі315,5 Kb.
#72139

Сөзжасамдық үлгі, тип, қосақ

  •  
  • А. Сөзжасамдық үлгі мен тип, олардың ерекшеліктері.
  • Ә. Сөзжасамдық жұп (қосақ), оның ерекшелігі мен түрлері.

Қажетті ғылыми еңбектер:

  •  
  • Лопатин В.В. Нулевая аффиксация в системе русского
  • словообразования Вопросы языкознания, 1966,N 1,.2
  • Виноградов В.В. Русский язык. Грамматическое учение
  • о слове. 2-е изд.М. 1972, стр 38.
  • Кубрякова Е.С. Теория номинации и словообразование. В кн.: Теория номинации, М., 1977, стр. 287.
  • Земская Е.А. Современный русский язык. Словообразование М., 1973, стр. 182.
  • Исаев С.М. Қазіргі қазақ тілі (морфология) курсы бойынша теориялық және практикалық сабақтардың мазмұны. А.,1991. 4-12-б.
  • Бейсембаева З.Б. Сөзжасамды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. А.,1998. 28-36-беттер.

Сөзжасамдық тип -

  • негіз сөздің лексика-грамматикалық сипаты ортақ, мағынасы бірдей, бір тәсілмен жасалған туынды сөздің мағыналық-құрылымдық түрі .
  • Сөзжасамдық тип 3 элементтің қосындысынан, бірлігінен тұрады: туынды сөздердің бәрі бір сөз табына жатуы, бір тәсіл арқылы жасалуы, сөзжасамдық мағынасы бірдей болуы. Мысалы, балықшы,егінші, күзетші,

Сөзжасамдық үлгі

  • Сөзжасамдық үлгі туынды сөздің жасалуының жалпы сызбасы, нобайы.
  • Сөзжасам үлгісінің негізгі белгілеріне: туынды сөздің жасалу тәсілі, негіз сөздің лексика-грамматикалық сипаты, туынды сөздің лексика-грамматикалық сипаты және сөзжасам формантының болуы жатады. Яғни сөзжасам үлгісі негіз сөздің лексика-грамматикалық ерекшелігі мен негізгі сөзжасам тәсілінің бірлігінен тұратын туынды сөздің сызбасы, үлгісі. Мысалы: әнші, оқушы.

Сөзжасамдық үлгінің түрлері

  • Біртектес үлгі
  • Оқу -лық
  • Бір- лік
  • Таза -лық
  • Жоқ-тық
  • Әртектес үлгі
  • Егінші
  • Диқан
  • Еңбекші
  • Еңбеккер

Сөзжасамдық жұп (қосақ)

  • Негіз сөз бен оның туындысын бірге алып, оларды сөзжасамдық жұп деп атайды. Мысалы, су-сушы, өн-ім кес-ім, т.б. Негізгі сөзжасам құбылыстарының бәрі осы сөзжасам жұбынан тарайды. Сондықтан оларды “шағын сөзжасам” деп те атайды. Сөзжасамдық жұптың біреуі сөз жасауға негіз болып келеді.

Сөзжасамдық жұптың түрлері

  • 1.Формасы және мағынасы жағынан ерекшеленетін жұптар. Біреуі күрделі, екіншісі қарапайым болып келеді. Мысалы: қалам-қаламгер, қаламмен жазатын адам,жазушы, суретші-сурет салатын адам т.б.
  • 2.Жұптың біреуі формасы және құрылымы жағынан күрделі болып келгенімен, мағынасы жағынан айырмашылығы болмайды. Мысалы: куә-куәгер, диқан-диқаншы, дихангер,т.б..Негіз бен жұптың арасында мағыналық ерекшелік жоқ.
  • 3. Формасы жағынан екеуі де күрделі болып, мағынасы жағынан ерекшеленетін жұптар: лингвист-лингвистика
  • 4.Формасы жағынан да, мағынасы жағынан да күрделі болып келетін жұптар: шаштараз-шаштаразшы, т.б.
  • 5. Күрделі жұптар. Олардың жұптары мағынасы жағынан да, формасы жағынан да ерекшеленеді. Мысалы: темір жол - теміржолшы,т.б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет