Сөзжасамның негізгі ұғымдары



бет1/3
Дата01.03.2023
өлшемі446,66 Kb.
#70867
  1   2   3

Сөзжасамның негізгі ұғымдары

Қосалы Әлихан

Жоспары:

  • 1. Кіріспе. Сөзжасамның негізгі мақсаты
  • 2. Негізгі сөзжасамдық ұғымдар:
  • а)Сөзжасамдық тұлға

    б)Сөзжасамдық тізбек

    с)Сөзжасамдық ұя

  • 3.Қорытынды

Сөзжасам

  • Сөзжасам тілдің басқа ешбір саласы атқара алмайтын қызметті – туынды сөз, жаңа сөз (атау – номинация) жасау қызметін жүзеге асырады. Сөзжасамдық нұсқалардың сөзжасамда атқаратын қызметі, жаңа сөздердің жасалу үлгілері мен тәсілдері, сөзжасамдық нұсқалардың түрлері, қолданылу ерешеліктері, сөзжасамдық ірі бірліктер болып саналатын сөз-жасамдық ұялар, олардың құрылысы, оның мүшелері, олардың қызметі, ерекшелігі сияқты т.б. тек сөзжасамға қатысты заңдылықтар оны тілдің басқа салаларынан ерекшелендіреді.

Сөзжасамдық мағына

  • Сөзжасамдық мағына – сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына. Негіз сөз бен өзге сөзжасамдық тұлғалардың мағыналарының бірігуі не қосарлануы арқылы жасалатын мағына.
  •  Ол жекелеген тұлғаның немесе сөздің дара мағынасы емес. Сөзжасамдық мағына сөздің тұлғалық және семантикалық күрделі құрылымына тән, кемінде екі сөзжасамдық тұлғаның қатысуы арқылы немесе сөздің семантикалық дамуы арқылы пайда болады.

Сөзжасамдық тұлға

  • Сөзжасамдық тұлға- сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөз жасауға қатысатын бірліктер негіз түбір мен сөз тудырушы жұрнақтар сөзжасамдық тұлға деп аталады. Сөзжасамдық тұлғалардың өзіндік ішкі мағыналары бар екені белгілі. Түбірдің не негіздің , сөз тудырушы тұлғалардың өзіндік ерекше мағыналары болады. Ал жаңа сөз жасау барысында олардың барлық мағыналары түгел қатыспайды. Тек өзі туғызатын сөздің ұғымдық мәні мен мағынасына орайласа отырып, сөзжасамдық жаңа мағына туғызады.

Сөзжасамдық тізбек

  • Сөзжасамдық тізбек-бір сөзжасамдық ұядан немесе негізгі сөзден тараған туынды сөздер тізбегі, яғни бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы. Мысалы, бөл-бөлім-бөлімше-бөлімшелі. Біл-білім-білімді-білімділік; күндіз-күндізгі-күндізгіше. Сөзжасамдық тізбек- мағыналас ,түбірлес сөздердің уәжділік қатыстағы тобынан құралатын сөзжасамдық ұяның күрделі бірлігі.Сөзжасамдық тізбек бір сөзжасамдық тұлғадан таралып ,бірнеше жаңа туынды атаулардан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет