Специальный выпуск посвящен международной научно


МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА КӘСІБИ  ҚАЗАҚ ТІЛІН



Pdf көрінісі
бет28/34
Дата24.03.2017
өлшемі5,29 Mb.
#10235
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА КӘСІБИ  ҚАЗАҚ ТІЛІН 
ОҚЫТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ 
Суатай С.Қ., Тәттібаева А.Е. 
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 
 
Резюме  В  статье  рассматриваются  методы  обучения  казахского  языка  в 
медицинских заведениях. 
 
Түйін  Қазақ  тілін  оқыту  бағдарламасы  ЖОО-да  мемлекеттік  тілді  заман 
сұранысы  мен  тапсырысқа  сай,  білім  сапасын  көтеріп,  студенттердің  кәсіптік 

ВЕСТНИК КАЗНМУ 
268 
 
бағдарлы дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны қолдана 
оқытуға негізделеді.   
 
Abstrakct  The  article  deals  with  methods  of  teaching  the  Kazakh  language  in 
medical institutions. 
  
Қоғам  дамуының  қазіргі  кезінде  жоғары  оқу  орындарында  оқыту  үрдісін 
жетілдіруде, 
болашақ 
мамандардың 
ізденімпаздығын 
қалыптастыруда, 
шығармашылық  ойлау  қабілеттерін  жетілдіруде,  рухани  дүниесін  дамытуда 
кәсіби лексиканы тілдесім әрекеті арқылы оқытудың маңызы ерекше.  
Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасында:  «Қазіргі  заман  жағдайында  жоғары  білім  беру  жүйесіне 
жаңа  сана  мен  қоғамдық  мәртебе  беру  және  оны  айрықша  сала  ретінде 
қабылдау  қажет,  оның  бірінші  кезектегі  міндеті  –  жоғары  білікті  мамандарды 
оздыра  даярлау,  икемділік  пен  білімділік  болуға  тиісті»,-  деп  атап 
көрсетілгендей  тек  білікті  маман  ғана  қоғамды  дамытады,  экономиканы 
өркендетеді.  Маманның  біліктілігі  мен  кәсіби  деңгейінің  жоғары  болуы 
оқытуды дұрыс ұйымдастыра білумен байланысты.  
Кәсіби  лексиканы  тілдесім  әрекеті  арқылы  оқыту  үшін  бүгінгі  таңдғы 
мамандыққа  қатысты  оқытуға    арналған  әдістемелік  зерттеулер  мен  еңбекерге 
талдау жасау қажет.  
Н.Оралбаева,  Ә.Аблақов  кәсіптік-техникалық  училище  оқушыларына 
арналған  «Қазақ  тілі»  оқу  құралдарында  мәтіндерден  мамандыққа  қатысты 
терминдер  мен  сөздерді  табуға,  ол  сөздерден  сөйлем  құрауға,  мазмұндама 
жазғызуға  көңіл  бөлген.  «Қазақ  тілі  сабағында  ешқашанда  естен  шығаруға 
болмайтын негізгі мақсат – жастарды еркін, жақсы әрі жатық сөйлеуге, сауатты 
жазуға,  айтайын  деген  ойды  дәл  жеткізуге  баулу,  ана  тілінің  шексіз  мол 
мүмкіндіктері мен сарқылмас байлығын дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру, 
әдемі  әрі  әуенді,  үйлесімді  әрі  ұйқасымды  сөйлеудің,  жазудың  үлкен  өнер 
екенін көңіліне ұялату, ұғындыру» [1, 3].  
Қазіргі кезде жаңа инновациялық технологиялармен білім берудің негізгі 
мақсаты – қоғамның талаптарына сай жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы бағытта 
соңғы  жылдары  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінде  оқыту  технологияларының 
жаңа  үлгілері,  заман  талабына  сай  әдістемелік  амал-тәсілдердің  көптеп 
қолданылып  жүргенін  білеміз.  Сондықтан  да  жоғары  оқу  орындарында,  яғни 
біздің  арқау  етіп  отырған  медициналық  оқу  орындарында  кәсіби  қазақ  тілін 
оқыту барысында студенттерді болашақ өз мамандықтарына сай, яғни болашақ 
дәрігерді  қазақша  кәсіби  сөйлеуге  үйретуде  жүйелілік  пен  сабақтастық, 
бірізділікді  қалыптастырудың  маңызы  ерекше  деуге  болады.  Әрине, 
мамандыққа  қатысты  тілді  меңгеру  арнайы  алынған  бір  мәтінді  оқыту  және 
аудартумен  ғана  шектеліп  қалмай,  мәтіндегі  тақырыптық  сәйкестіктің  алынып 
отырған  мамандыққа  сай  мазмұн  түсініктілігін  қалыптастырып,  мәтінге 

ВЕСТНИК КАЗНМУ 
269 
 
лексикалық  және  грамматикалық  материалдардың  сәйкестілігін  басшылыққа 
алу керек.  
Кәсіби  тілді  меңгертуде  сөз  тіркестерімен  оңтайландырып  алынған 
мамандыққа  қатысты  мәтіндермен,  кәсіби  терминдермен,  сөздіктермен  жұмыс 
түрлері  жүргізіледі.  Мамандықтарына  байланысты  шағын  мәтіндер,  сұхбаттар 
құрастыруға  болады.  Әр  тақырыпқа  сай  сөздік  және  лексикалық  минимум, 
сұрақтар  беріледі.    Әр  сабақтан  соң  мазмұнына  сай  сұрақтар  мен  тапсырмалар 
беріліп,  қорытындылау  мақсатында  түрлі  рөлдік  ойындар  мен  дағдаяттық 
тапсырмалар беріледі. 
Жалпы қазақ тілін сөйлесім әрекеттері арқылы оқыту мәселесі профессор 
Ф.Ш.Оразбаеваның «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» атты еңбегінен 
бастау  алады.  Ғалым  еңбегінде:  «Тілдік  қатынас  жүзеге  асу  үшін,  айтылған  не 
жазылған  хабардың  қабылданып,  оған  жауап  қайтарылуы,  яғни  істің  ортақ 
атқарылуы  басты  шарт.  «Сөйлесім»  осы  шартты  және  ортақ  тілдік  әрекетті 
аңғартатын  сөз»  дей  келіп,  «Адам  не  туралы  сөйлейтінін,  тіл  арқылы  нені 
жеткізетіндігін білгенмен, тілді, сол сияқты сөйлеуді өзіне бағындыра алмайды, 
яғни  сөйлесім  әрекеті,  адамның  сөйлеу  тілі  өзіне  тәуелді  емес,  ол  –  табиғат 
берген,  жаратылыстан  туған  күрделі  процесс.  Адам  сөйлеуді  жетілдіреді, 
дамытады,  соның  заңдылықтарын  қарастырады,  бірақ  сөйлеу  тілін  өзі  жасай 
алмайды.  Осыдан  сөйлеудің,  тілдің  қоғамдық-әлеуметтік  сипаты  аңғарылады. 
Хабардың қай түрі болса да шындыққа құралу керек, сонда ғана тілдік қатысым 
өз бетінше дамиды және сөйлеу (информацияны қабылдау, оған жауап қайтару, 
қайта  жауап  алу)  қатысымдық  құбылыстың  мәнін  ашады,  адамдар  арасындғы 
әлеуметтік  көпір  бола  алады»,-  деп  ой  қорытады  да,  сөйлесім  әрекетінің  бес 
түрін (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім) көрсетеді [2, 52].  
Студенттер мәтінмен әртүрлі жұмыстар істегенде (мәтінді оқу, мәтінге ат 
қою, 
мәтін 
бойынша 
сұрақтар 
дайындау, 
диалог 
құрастыру 
т.б.) 
байланыстырып  сөйлей  білуге  үйренеді.  Мәтін  –  қашан  да  тілдік  әрекеттің 
нәтижесі  болып  табылады.  Мәтінде  тілдік  тұлғалардың  бәрі  орын  алады. 
Сондықтан,  мәтін  арқылы  тілдің  фонетикасын,  лексикасын,  грамматикасын 
меңгертуде.  
Қазақ  тілін  оқыту  бағдарламасы  ЖОО-да  мемлекеттік  тілді  заман 
сұранысы  мен  тапсырысқа  сай,  білім  сапасын  көтеріп,  студенттердің  кәсіптік 
бағдарлы дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны қолдана 
оқытуға  негізделеді.  Медицина  мамандығын  меңгеруге  қажетті  лексикалық 
қорды  тілдік  қатынаста    қатысымдық  тұрғыдан  жаңа  жаңа  технология  арқылы 
іске  асырудың  амал-тәсілдерін  іздестіру.  Мамандыққа  байланысты  мәтіндерді 
оқытқан  кезде  тілдік  қатынастың  барлық  түрлері  қолданылады.  Студенттердің 
мәтінді  талдау  әрекетімен  бірге  әңгімелесу  арқылы  сөйлеу  әрекетіне,  сұрақ-
жауап  арқылы  тілдесім  әрекетіне,  мазмұндама  жазғызу  арқылы  жазу  әрекетіне 
үйрету көзделеді.  

ВЕСТНИК КАЗНМУ 
270 
 
Мамандыққа байланысты мәтіндерді меңгерту арқылы студентті болашақ 
мамандығымен кеңірек таныстыруға мүмкіндік туады. Мысал, «Фармацевтика» 
факультетінің студенттеріне төмендегідей тапсырмалар беріледі:  
1-тапсырма.  «Дәрі  және  оның  түрлері»  мәтіні  бойынша  кездесетін  жаңа 
сөздерді есте сақтаңыздар.  
Сақтандыру, шипалы, жөтелді басатын, қызуды төмендететін, ауруды басатын, 
жансыздандыратын, терлететін, химиялық өнім 
2-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып,  түсінгеніңзді айтыңыздар.  
Дәрі және оның түрлері 
      Дәрілер  –  ауруды  емдеу  және  аурудан  сақтандыру  үшін  қолданылатын 
шипалы  заттар.  Дәрі  адам  баласына  өте  ертеден  белгілі.  Біздің  жаңа  жыл 
санауымыздан  IV-V  ғ.  Бұрын  грек  дәрігері  Гиппократ,  Рим  дәрігері  Галеннің 
еңбектерінде  дәрілер  туралы  жазылған.  Галеннің  пікірінше  табиғата  дайын 
тұрған  дәрі  жоқ,  бірақ  өсімдік  пен  жануар  ағзасында  сол  дәрі-дәрмектерді 
жасауға өте қажетті заттар бар. Атақты азиялық ғалым дәрігер – Ибн Синаның 
ғылыми еңбектерінде де дәрі мәселесіне зор мән берілген.  
       Фармакология  ғылымы  ХІХ  ғасырдың  ортасында  дамыды.  Осыған 
байланысты  кокаин,  ұйықтататын,  жансыздандыратын  тағы  басқа  дәрілер 
шығарыла бастады. Дәрілер жасалуына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. 
а) химиялық синтез өнімінен;  
ә)  тірі  ағзадан  (анбиотиктер,  кейбір  витаминдер,  гормоналдық  ферментті 
препараттар);  
б) дәрілік өсімдіктерден;  
в) мұнай, минералды тұздар, тас, көмір, тағы басқалардан жасалатын дәрілер. 
Дәрілер 
қолданылуына 
және 
науқас 
адамдарға 
әсер 
етуіне 
қарай: 
антибиотиктер,  антисептикалық  дәрілер,  ауруды  басатын,  жөтелді  басатын  т.б. 
болып бөлінеді.  
Дәрілер  фармацевтика  зауыттарына  жасалады,  дәріханаларда  дайындалып, 
сонда  сақталады.  Дәрілер  ұнтақ,  таблетка,  микстура,  тұндырма,  ерітінді,  паста 
тәрізді  т.б.  түрде болады. Дәрінің  науқас  адамға  әсер  ету  күші  оның  құрамына 
және  науқастың  жасына,  жалпы  жағдайына  байланысты.  Дәріні  дәрігердің 
рұқсатымен белгілі мөлшерде тамақтану алдында не тамақтан  кейін пайдалану 
керек. Пайдалану мерзімі өткен дәріні тастау керек. 
 
3-тапсырма. Мәтінге байланысты білетін дәрілердің түрлерін жазыңыздар. 

ВЕСТНИК КАЗНМУ 
271 
 
 
4-тапсырма.  Оң  бағандағы  етістіктерді  пайдаланып,  сол  жақтағы  сөздермен 
(сұрақ арқылы) сөз тіркесін құраңыз. 
  фармокология                                  сақтандыру (неден?) 
  дәрілер                                              жазылған (қайда?) 
  дәріханаларда                                  шығарылу (нелер?) 
  аурудан                                             жасау (неден?) 
  тірі ағзадан                                       дамыды (не?) 
  Гален еңбектерінде                         сақтау (қайда?) 
 
         Мәтін  бойынша  тапсырмалар  берілді.  Ол  тапсырмалар  студенттердің 
қазақша сөйлеу тілін дамытуға бағытталады. Олар:  
 
мәтіндегі сөздердің түсінікті, түсініксіз екендігін сұрау;  
 
мәтіндегі сөздерді лексикалық жақтан түсіндіру;  
 
мәтіндегі сөздердің түбір тұлғасын анықтау;  
 
мәтіндегі сөздерді сөз таптарына сай талдау;  
 
мәтіндегі сөз тіркестерінің түрлерін ажырату; 
 
мәтіндегі жай сөйлемнің түрлері мен тыныс белгілерін ажырату; 
 
мәтіндегі құрмалас сөйлемдердің жолдары мен компоненттерін талдау;  
 
мәтіндегі сөздердің орын тәртібі мен байланысу жолдарын ажырату;  
 
мәтіндегі қиындау сөздер мен сөйлемдерді қайталатып оқыту;  
 
мәтіндегі  қате  оқылған  объектілерді  тыңдап  отырған  студенттерге 
түзеттіру;  
 
мәтіннің қысқаша мазмұнын айтқызу;  
 
мәтінді дұрыс оқуға пайдасы тиетін жаңалық хабарларды оқыту және т.б. 
Сонымен,  «Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың 
мемлекеттік  бағдарламасында»  тұлғаның  қалыптасуына  жағдай  жасау  арқылы 
еліміздің ертеңіне жауапты мамандарды тәрбиелеу жолдарының бірі ретінде «... 
дүниеге  жауапкершілікпен  қарайтын,  инновациялық,  шығармашылық  ойлауға 
Дәрінің 
түрлері

ВЕСТНИК КАЗНМУ 
272 
 
дағдыланған,  дүниетанымдық  мәдениеті  жетілген,  адамгершілігі  мол  және 
білікті  мамандардың  жаңа  ұрпағын  қалыптастыру»  міндеті  қойылған  [3].  Бұл 
үштұғырлы 
тіл 
саясатын 
ұстанып 
отырған 
егемен 
елдің 
болашақ 
мамандарының  мемлекеттік  тілде  еркін  сөйлеп,  оны  өзі  қызмет  ететін  салада 
қолдана  алуы  олардың  кәсіби  әлеуетін  арттырумен  қатар    елжандылық 
қасиеттерін де қалыптастырудың басты шарты болып табылатынын  танытады.   
Кез  келген  өркениетті  мемлекеттегі  аса  маңызды  қоғамдық  саланың  бірі  – 
медицина  саласы.  Себебі  мемлекеттің  басты  байлығы  саналатын  халықтың 
денсаулығы – оның толыққанды ел екендігінің де басты көрсеткіші. Сондықтан 
медицина  саласы  бойынша  білікті  маман  тәрбиелеу  ісінде  мемлекеттік  тілдің, 
қазақ  әдеби  тілінің  атқарар  рөлі  ерекше.  Қазақ  әдеби  тілінің  танымдық  әрі 
коммуникативтік қызметінің сан-қырлылығын көрсететін де осы сала.  
 
Медицина  саласында  қазақ  тілінде  атаулық  және  әрекеттік  мәндегі 
терминдер  де,  сөз  тіркестері  де,  фразеологизмдер  де,  мақал-мәтелдер  де 
қалыптасып  орныққаны  белгілі.  Бүгінде  барлық  жоғары  оқу  орындарында 
оқытылып  отырған  пәндердің  жаңа  заман  талабына  лайық  меңгертілуі 
Қазақстан  Республикасы  өз  алдына  егеменді  ел  болуымен  байланысты  оның 
әлеуметтік экономикасының қайта құрылуы, мәдени байлығының күннен-күнге 
алға 
басуы 
нәтижесінде 
мемлекеттік 
тілдің 
кең 
өркендеуіне 
жаңа 
мүмкіндіктердің    кеңеюімен  тығыз  ұштасып  жатыр.  Сол  себепті  жоғары  білім 
жүйесінде  мемлекеттік  тілді  әрбір  мамандықтың  ерекшеліктері  мен  тілдік 
жүйесін  ескере  отырып  үйрету  күн  тәртібіне  өткір  қойылып  отыр.  Бұл  өзекті 
мәселе «Қазақстан  Республикасының  Конституциясында», ҚР «Білім туралы» 
Заңында,  «Қазақстан  Республикасында    гуманитарлық    білім    беру  
тұжырымдамасында»  және Елбасының  «Қазақстан  халқына Жолдауларында» 
және  т.б.  мемлекеттік  деңгейдегі  маңызды  құжаттарда  қазақ  тілінің  өрісін 
кеңейту  елдік  тұрғыда  көтеріліп  отырған  жаңа  кезеңде  мемлекеттік  тілді 
әлеуметтік  тұрғыда  қоғамның  барлық  саласында  қолдану  мақсатына  сай 
меңгертудің басым бағыттарын айқындаумен байланысты шешілері даусыз. 
 
Әдебиеттер 
1. 
Н.Оралбаева, Ә.Аблақов. Қазақ тілі. –Алматы, 1989. 
2. 
Ф.Ш. Оразбаева. Тілдік қатынас. – Алматы: Сөздік, 2005.  
3. 
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағдарламасы.   
 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА МЕДИЦИНА ТІЛІН ЖЕТІЛДІРУ  
ЖОЛДАРЫ 
Суатай С.Қ., Тәттібаева А.Е. 
С.Ж.Асфендияров атындағы Қаақ ұлттық медицина университеті 
 

ВЕСТНИК КАЗНМУ 
273 
 
Резюме    В  статье  рассматривается  методы  обучения  развития  речи  казахского 
языка в медицинском вузе. 
 
Түйін  Медицинадағы  терминдік  лексика  қоғам  тарихымен,  оның  ішіндегі  тіл 
тарихымен бірге қалыптасты. 
 
Abstrakct  This  article  discusses  methods  of  teaching  speech  development  of  the 
Kazakh language in medical school. 
 
          Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің 
басты  міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен 
практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және 
кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау»,-  деп, 
қазіргі  оқу  жүйесінде  мамандыққа  қатысты  оқыту  мәселесіне  ерекше  мән  беру 
қажеттілігі атап өтілген [1, 3].  
Қазіргі  кезде  еліміздің  экономикалық,  мәдени,  әлеуметтік  жағдайына 
байланысты  қоғам  өмірінің  барлық  салаларында  білімі  жоғары,  барлық  іс-
әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, білікті те білгір, кәсіби деңгейі 
жоғары маман тәрбиелеу – алдымызда тұрған басты мақсат.  
Елімізде  білім  жүйесін  жетілдіруде,  білім  мазұнын  жаңартуда,  жоғары 
оқу орындарында мамандар даярлаудың сапасын арттыру мәселесінде отандық 
ғалымдардың зерттеулері мен еңбектерінің маңызы зор.  
Қазақ  тілін  орыс  тілді  аудиторияларда  мамандыққа  қатысты  оқыту 
мәселесі  соңғы  жылдары  жан-жақты  қарастырылып,  бірнеше  оқулықтар  мен 
зерттеу еңбектері жарияланды.  
Медицинадағы  терминдік  лексика  қоғам  тарихымен,  оның  ішіндегі  тіл 
тарихымен  бірге  қалыптасты.  Тарих  шежіресіне  үңілсек  Орта  Азияның  атақты 
дәрігерлері Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина медицина терминдерінің 
негізін қалыптастырды. 
Өзінің  қалыптасуы  мен  даму  ерекшелігіне  қарай  қазақ  медицина 
терминдік лексикасының тарихы өте ертеден басталады. Бұған дәлел бұдан бес 
ғасыр  бұрын  өмір  сүрген  шипагер  Өтебойдақ  Тілеуқабылұлының  өз 
тәжірибесінен  1467  жылы  медицина  туралы  жазған  «Шипагерлік  баян»  атты 
еңбегі. 
Қазақстанда тарих пен ғылыми медицинаның революцияға дейінгі кезеңі 
туралы  материалдарды  «Түркістан  уалаятының  газеті»  (1870-1883),  «Дала 
уалаятының  газеті»  (1888-1902),  «Қазақ»  газеті  (1913-1918),  «Айқап»  (1911-
1915) журналы сияқты мерзімді баспасөз беттерінен кездестіруге болады. 
Сол  кездегі  оқу-ағарту  мәселесімен  бірге,  халықтың  денсаулығы  туралы 
да  көптеген  жұмыстарды  басқаруда  Ж.Аймауытов  пен  М.Жұмабаев  еңбектері 
ерекше  болды.  Ж.Аймауытов  «Психология»  атты  еңбегінде  ұлттық  ғылыми 
психологиялық терминдерді бір ізге түсіріп, жалпы терминдер қорына енгізген. 
М.Жұмабаев алғашқы шыққан «Педагогика» атты ғылыми еңбегінде «қазақтың 

ВЕСТНИК КАЗНМУ 
274 
 
ұлттық  тілінде  қазақ  мінездері  көрініп  тұрады»    деген.  Тәрбиені  дене,  жан, 
ақыл,  сұлулық  пен  әдеп  деп  төртке  бөліп,  олардың  бір-бірімен  байланысты 
жолдарын түсіндіреді.  
Республикада денсаулық сақтау ісі мен медицина ғылымының интенсивті 
дамуы  соғыстан  кейінгі  жылдарда  ерекшеленеді.  Сол  жылдары  медицина 
ғылымының  дамуына  атақты  ғалымдар  А.Н.Сызғанов,  Х.А.Барлыбаев, 
И.К.Қарақұлов,  С.Р.Қарынбаев  елеулі  еңбек  сіңірді.  1950  жылдары  дәрігер-
ғалымдар  Г.Тарабаева,  Ш.Қарақұлов,  С.Омаров  «Медицина  ғылымының 
терминдері» атты сөздікте 978 медициналық терминді қамтыған.   
Қазақ  тілін  медициналық  жоғары  оқу  орындарындағы  арнайы 
мамандыққа  байланысты  дайындалған  бағдарлама  бойынша  оқытудың  негізгі 
мақсаты  –  медицина  мамандығын  меңгеруге  қажетті  лексикалық  қорды  тілдік 
қатынаста қатысымдық тұрғыдан жаңа технология арқылы іске асырудың амал-
тәсілдерін іздестіру, оның нәтижесін көрсету.  
Жаңа  технологиялық  амал-тәсілдердің  бір  түрі  -  модуль  жүйесі.  Модуль 
арқылы  тілді  меңгерудегі  мақсат  –  студент-дәрігерлердің  болашақ  жұмыс 
жасауына  тиімді  тілдік  материалды  жинақтап,  жүйелі 
түрде  өзара 
сабақтастықта  игеруге  мүмкіндік  жасау  және  қажетті  лексикалық,  тілдік 
материалдарды сұрыптап, топтастыру. 
Бағдарламада  ұсынылып,  талданған  мамандыққа  байланысты  медицина 
лексикасының  модульдік  құрылымын  төмендегідей  түрде  беруімізге  болады: 
Әр  мамандық  бойынша  әртүрлі  мәтіндер  бойынша  студенттің  таным-түсінігін 
қалыптастыруға байланысты құрылады. Олар әр факультет мамандықтарына әр 
түрлі  тақырыптарды  өрбіту  арқылы  іске  асыруға  болады.  Мысалы,  жалпы 
медицина,  стоматология,  фармацевтика  және  т.б.  мамандықтарға  байланысты 
мәтіндерді  қамти  отырып  беруге  болады.  Мысалы,  стоматология  факультеті 
студенттеріне арналған мынадай тақырыптар: 
 
         
         Модульдік оқыту бағдарламасын түзуде мынадай талаптар ескерілді: 
-  болашақ  маман  иелерін  ой-өрісі  кең,  жан-дүниесі  бай,  кәсіби  білікті  маман 
ретінде, 
адамдармен 
сауатты 
қатынас 
жасай  алатын 
тұлға 
ретінде 
қалыптастыруға жол ашу; 
Тіс тазалығын сақтау барысында әңгіме-сұхбат 
Тіс дәрігерінің қабылдауында
Тіс аурулары бойынша мәтіндер 
Тіс еті ауруларының мәтіндері
Тістің құрылысы
Тістің түрлері
Тіс аурулары

ВЕСТНИК КАЗНМУ 
275 
 
-  дәрігердің  қазақша  тілдік  қатынасты    жүйелі,  тиімді  меңгерудің  амал-
тәсілдерін жинақтау. 
Модульге  алынған  мәтіндердің  әрқайсысы  белгілі  бір  мағына  түрін  көрсетеді. 
Мәтіндердің  сұрыпталу  ұстанымы  халық  арасында  тараған  аурулардың 
жиілігіне  және  әр  мамандықтың  ерекшелігіне  байланысты  анықталды. 
Бағдарламада  игерілетін  қатысым  әдісінің  негізі  болып  саналатын  сөйлесім 
әрекетінің  түрлерін  (айтылым,  оқылым,  жазылым,  тыңдалым,  тілдесім)  жан-
жақты  іске  асыру  тиімділігі    деңгейлік  жаттығулар  жиынтығы  арқылы 
анықталды.  
Медицина  лексикасының  толығу  жолының  бірі  –  сөздердің  бірігіп  келіп, 
жаңа  сөз  тудыруы.  Осы  мәселеге  дәрігер-студенттердің  назарын  аудара 
отырып,  теориялық  материал  нақты  мысалдармен  баяндалып,  ғалымдар 
Ә.Хасенов, Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков пен И.Ұйықбаев еңбектерінен біріккен 
сөз туралы пікірлер қарастырылды [2, 79]. 
Медицинадағы  лексикалық  тұлғалардың  жасалу  жолдарын  түсіндіру 
міндеті: сөздердің бірігуінен пайда болған жаңа лексикаларды халық арасында 
жиі кездесетін ауру аттары мен ауру нышандарын іріктеу. 
Тапсырма:  Келесi  сөйлемнен  бiрiккен  сөздi  тауып  мағынасын  ажырата 
түсiндiрiңiз.  Сiздiң тiсiңiздiң етi қабынып, қанжел ауруына ұшырағансыз. 
Орындалуы: «Қан» анатомия терминi «жел» зат есiм бірiгiп жаңа сөз «қанжел» 
терминін  тудыруда.  Бірнеше  жаттығуларды  орындау  нәтижесінде:  медицина 
лексикасының  толығу  жолының  бірі  біріккен  сөз  екендігін,  яғни  екі  сөздің 
бірігуінен  ауру  атын  білдіретін  медициналық  лексика  пайда  болғанын  түсініп 
танымдық  білім  алды.  Тағы  да  бір  тапсырма  «Денсаулық»  сөзiнiң  әр 
компонентiнiң  мағынасын  талдай  түсiндiрiп,  дәрiгер  тiлiнде  сөйлем 
кұрыңыздар.   
Орындалуы:  студенттер  кезектесіп  «денсаулық»  медицина  лексикасында 
«денi»  есiмдi  сөзi  үндесу  заңына  байланысты  дыбыстық  өзгерiске  ұшырап, 
«сау»  сын  есімді  сөзiне  қосылып    үшінші  бір  жаңа  мағыналы  сөз  туғызуда 
екенін  айтып  береді.    Дәрiгердiң  кеңесiнде  топ  болып  құрастырып  сөйлемдер 
құрайды: Денсаулықты сақтау әр адамның өз қолында. Ауруды емдегеннен де, 
денсаулықты сақтаған жөн. Денсаулық мықты болуы үшiн құнарлы, витаминдi 
тамақтың  пайдасы  зор.    Дәрігерлерге  бірнеше  жаттығу  ұсынудағы  мақсат  – 
синтетикалық  сөздің  бірігу  тәсiлімен  пайда  болған  жаңа  лексикалардың  iшкi 
заңдылықтарын  көрсету.    Ізденімдік  жаттығу  жүргізу  нәтижесінде  дәрігер 
кеңесін құру, оны науқасқа айтып бере алу мүмкіндігі туды. 
Шығармашылық  тапсырма  жұмысы  берілген  мамандыққа  байланысты 
мәтінді    оқыту  арқылы  орындалады.  Міндеті:  тапсырма  күрделі  түрде  беріліп, 
шығармашылық сипатта құрастырылған мәтін мазмұнын практикалық тілдесім 
әрекетіне  дайындау:  тiрек  сөздi  таба  бiлiп  әңгiмелету;  мәтiндегi  аналитикалық 
жолмен жасалған жаңа сөздерге талдау жасау арқылы түсiнiгiн бекiту. 
Тапсырма:  көкжөтел,  көксау,  көктамыр  сөздерінің  мағынасын  түсіндіріп 
беріңіз. Орындалуы: Түбiрлес сөздер арқылы жасалған медицина лексикалары. 

ВЕСТНИК КАЗНМУ 
276 
 
«Көк»  сын  есімдi  сөзiне  «жөтел»  (кашель),  «тамыр»  (вена),  «сау»  (здоровый) 
медицина  лексикалары  бiрiге  отырып  үшiншi  мағынадағы  жаңа  лексика  пайда 
болғанын түсіндірді.  
         «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік 
стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет»  деп,    Елбасы  атап 
көрсеткендей,  жас  ұрпаққа  білім  беру  жолында  ақпараттық  технологияны  оқу 
үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.   
Бүгінгі  таңда  білім  беру  саласында  әртүрлі  сипаттағы  және  бағыттағы 
инновациялар  енгізілуде.  Мемлекеттік  деңгейде  жүргізіліп,  мазмұнға, 
ұйымдастыруға  оқыту  әдістері  мен  технологияларына  жаңалықтар  кіруде  [3, 
18]. Білім беру саласына енген жаңалықтарға мына өзгерістерді жатқызамыз: 
 
оқу тәрбие мекемелерінің жаңашыл басқарылуы; 
 
білімнің қоғамдағы орны және сол жүйені қаржыландыру деңгейін; 
 
тәрбие және білім жүйесі құрылымын. 
 
Білім 
беру 
мазмұнын, 
яғни 
оқу 
жоспарларындағы 
және 
бағдарламалардағы өзгерістерін: 
 
оқытушы мен студент қарым-қатынастарына; 
 
оқыту әдістемелеріндегі өзгерісін; 
 
білім  беру  мекемелерінің  құрал  -  жабдықтарындағы  және  ақпараттық 
технологияларды қолданудағы өзгерістер; 
 
оқыту мекемелерінің құрылысындағы өзгерістерді жатқызамыз. 
Оқытушының 
инновациялық 
іс-әрекеті 
– 
өз 
қызметіне 
жаңа 
технологияларды  енгізу.  Білім  беру  жүйесінде  қазір  технологиялардың  сан 
алуан түрлері бар. Осыған байланысты деңгейлік тапсырмалар беруде оқытушы 
ең алдымен тапсырмалардың мазмұндық жүйелігіне аса назар аударуы қажет. 
Аталмыш 
технологияны 
жүзеге 
асыруда 
оқытушы 
белсенділігі, 
шығармашылық  ізденісі  артып,  өз  мамандығына  деген  сүйіспеншілігі, 
студенттерін жеке тұлға ретінде бағалауы ерекше орын алады.  
Қ.Қадашева:  «Арнайы  оқу  мәтіні,  негізінен,  мамандықтары  бойынша 
дәріс  және  арнайы  курстар  оқылатын  оқулықтардағы  тақырыптар  негізінде 
құрастырылуы  керек.  Мұндай  тұрғыдан  келу  үйренушілердің  болашақ 
мамандығына  жақын  қазақ  тілінде  сөйлеуге  үйрену  үрдісінде  мүмкіндігінше 
жоғары  уәждеме тудырады»,- деп, мәтінді қайдан алу  керектігіне бағыт-бағдар 
береді [4, 102]. 
Сонымен  бірге,  қазақ  тілі  сабағында  ауыз  әдебиеті  материалдарын,  атап 
айтқанда,  жаңылтпаштар,  аңыз  әңгімелер,  мақал-мәтелдер,  шешендік  сөздерді 
пайдалану  өте  тиімді.  Сол  арқылы  тіл  үйренушілер  қазақ  халқының  бай  ауыз 
әдебиеті  барлығын,  оның  тілінің  бай  да  терең  екендігін  түсінеді.  Қазақ 
халқының  өз  ұрпағын  әдебиеті,  мәдениеті  арқылы  тәрбиелегені,  тілді  өнер, 
тәрбие  құралы  ретінде  пайдаланғанын  айту  ұтымды  нәтиже  береді.  Мақал-
мәтелдерде халық өмірінің сипаты, ұлттық психологиясы көрініс тапқан.  
Мақал-мәтелдер  студенттердің  тілін  ұстартып,  ойын  дамытады.  Қазақ 
тілінің  байлығын,  сөйлем  құрылысын,  дұрыс  сөйлеу  заңын  білуге,  ой-өрісті 

ВЕСТНИК КАЗНМУ 
277 
 
кеңейтуге  себепші  болады.  Студенттердің  ой-қиялдарын  шарықтатып, 
эстетикалық сезімдерін ұштайды, сөз байлығын молайтады.  
Қазақ  тілін  мамандыққа  бейімдеп  оқытуда  тіл  үйренушінің  кәсіби  тілді 
терең меңгеруіне мүмкіндік туады. Мамандықтарына байланысты ой-пікірлерін 
сенімді және анық, нақты жеткізу дағдылары қалыптасады.  
 
Әдебиеттер 
1. 
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 1997, шілде.  
2.         Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. - 
Өскемен, 2005. 
3.          Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында 
қолданы. -Алматы, 2009 
4.          Қадашева Қ.Қ. Казахский язык для всех. - Алматы: Ана тiлi, 1998 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет