«Спортшының дене сапаларын дамыту» Спорт дегеніміз – түрлі жақтан арнайы мамандандырылған және алдағы істерде жарысу арқылы өз мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде көрсете білуге жан дүниесін дайындауды дене тәрбиесі ойындарында пайдалануға құрылатын



Дата07.11.2022
өлшемі19,68 Kb.
#48189

«Спортшының дене сапаларын дамыту» 
Спорт дегеніміз – түрлі жақтан арнайы мамандандырылған және алдағы істерде жарысу арқылы өз мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде көрсете білуге жан дүниесін дайындауды дене тәрбиесі ойындарында пайдалануға құрылатын материалдық, әрі рухани байлық. Және де спорт дегеніміз - әрбір жеке тұлғаның тандаған спорт түрінен жоғарғы нәтижеге жеткізу саласы.
Жоғарғы жетістіктер спорты-жеке тұлғаның спорттағы мақсаты жоғарғы спорттық нәтижелерге қол жеткізуді рекорттар жасауды қамтамасыз ететін спорт саласы. Жоғарғы жетістікке жету жолы спартакияда, универсиада, чепионат және олимпиадалық ойындар.
Спорттық жарыс – спорттық жетістіктердің көрсету, салыстыру және бағалау, спорт саласындағы бәсекені белгілі бір түрде реттеп отыру. Спорттық жарыстардың мақсаты үздіксіз спортшылар мен топтарды анықтау, жалпы спорттық шеберлікті жетілдіру, дене шынықтыру мен спорттық насихаттау. Спорттық дайындық жүйесі – спортшының спорттық жетістікке жету жолындағы дайындық дәрежесін қамтамасыз ететін, білімі, жабдығы әдісі ұғымдық формалары мен жағдайының жиынтығы. Спорттық жетістіктер – белгілі бір нәтижеге спортшының шеберлігі мен қабілетінің көрсеткіші.
Спортшы, негізінен, өз денсаулығын күтіп, әрқашан жарақаттардан сақтанып жүруі керек. Жарыстарға шығайын деп жатқан уақытта әрқашанда денесін қыздырып, ойын жиып шыққаны дұрыс. Жарысқа шыққан уақытта тек жарысты ғана ойлаған жөн, басқа заттарға көңіл бөлмеген дұрыс.
Спортшы қойылған кестесі бойынша жаттығу залына барып, уақытылы жаттығуын орындауы қажет. Өзінің жаттығуын жақсылап, бар қойылған талаптар бойынша жаттығуын орындау керек. Өзі қатысатын спорт түріне бар ынта-зейінмен қараса, тек қана үлкен жетістіктерге жетеді. Спортта тек қана күшпен ғана емес, біліммен де жеңіске жетеді. Демек, тек күшке қарамай, білімге көңіл бөлу керек.

Спорттық физиология қолданбалы ғылым ретінде, оның міндеті, басқа ғылымдармен байланысы.


Дене шынықтыру мен және спортпен шұғылдану кезіндегі дене шынықтыру тәрбиесін физиологиялық негіздерге арналған өзіндік білім алу деңгейін көтеру бойынша білім беру және дағдыландыру.
Денсаулықты күшейтудің, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану кезіндегі жұмысқа қабілеттілікті арттырудың физиологиялық механизмдері туралы ғылыми дүниетаным қалыптасады.
Тиімді дене шынықтыру құралдарымен әдістерімен қоршаған орта факторларымен дене жұмысқа қабілеттілікті сақтау мақсатында барлық адамдардың бойында қимыл қорын қалыптастыру негіздерінде, дене жүктемелеріне төтеп беру – машықтандыру құралдарын және дене шынықтырумен шұғылданатындардың дамуындағы бақылаудың физиологиялық әдістерін қолдану бойынша дағдыларды қалыптастыру. Әртүрлі биоэнергетикалық дене жаттығуларының әсер ету ерекшеліктерінде дұрыс бағдарлануға үйретіп, бұл білімдерін оқыту машықтандыру және дене шынықтыру сабақтарында оқыту. Бұл пәнді сапалы меңгеру үшін студенттер сіздер анатомия, спорттық морфология, биомеханика, дене жаттығулары және спорт биохимиясы, жалпы және жас ерекшеліктері физиологиясы, дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістері, гигиена сияқты пәндерден алған білімдерің жоғары болу керек. Осы пәнді оқу сендерге келешекте бапкерлік іс-тәжірибеден өту үшін қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет