Спорттағы жаттығу және жарыс іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері қ.І. Адамбеков


БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ ТІЛДІК-МӘДЕНИ ДЕҢГЕЙІН КӚТЕРУДЕГІ



жүктеу 2.37 Mb.
Pdf просмотр
бет7/29
Дата09.03.2017
өлшемі2.37 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29

БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ ТІЛДІК-МӘДЕНИ ДЕҢГЕЙІН КӚТЕРУДЕГІ 
«БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ» ПІНІНІҢ РОЛІ 
 
Г.З. Таубаева – доценті, п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Қазақ халқының рухани қайта ӛркендеуі жағдайында келешек ҧрпақты ӛз халқының рухани қазы-
насымен, оның ҧлттық мәдениетімен, әдет-ғҧрпымен, салт-дәстҥрімен тәрбиелейтін, халық педагоги-

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 2 (33), 2012 ж. 
 
41 
касының  идеяларын  жас  ҧрпақ  тәрбиесінде  пайдаланудың  теориялық  негіздері  мен  практикалық 
жағын жетік меңгерген ҧлттық мамандарды дайындау заңды қҧбылыс. Болашақ мамандарды даярлау-
да білім берудің мақсат-міндетін, тҧлғаның ӛзін-ӛзі дамытуға қабілеттілігін, ізденісін ескере отырып, 
олардың танымдық белсенділігін, шығармашылығын, мамандық қҧндылығын, іздемпаздығын, жаңа-
лыққа қҧлшынысын, мамандыққа деген сҥйіспеншілігін дамытудың жолын іздестіру – әрбір жоғары 
оқу орындарының басты мақсатына айналды [1]. Бҧл айтылған міндеттердің шешімін табудың бірден 
бір жолы – болашақ мамандарды кәсіби даярлауда «Балалар әдебиеті» пәнінің тәрбиелік және білім-
дік сапасын арттыру. Әрине, бҧл педагогика, психология т.б. пәндермен байланысты.  
Халық  педагогикасының  қайнар  бҧлағы  –  халық  ауыз  әдебиеті  десек,  ал  халық  ауыз  әдебиеті  – 
балалар әдебиетінің бастауы екені баршаға аян. Халық ауыз әдебиеті ӛмірдің айнасы, тәрбиенің бас-
ты қҧралы. Ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәні туралы жазушы М.Әуезов былай деген: «Біз ауыз әде-
биетін зерттей отырып, халық санасындағы отыншылдық сезімді, халық ҧғымындағы адамгершілік, 
гуманизмді,  халықтың  қанатты  ҥміті  –  оптимизмді...  сол  халықтың  ӛткендегі  ӛмірі,  аңсау-арманы, 
халықтың коллективтік тәрбиесінің жемісін кӛреміз» [2].  
Халық ауыз әдебиеті балалар тәрбиесінің таптырмас қҧралы, әдіс-тәсілі, қҧнды адами қасиеттерді 
қалыптастыратындығын ескере отырып, тәрбиеші-педагогтардың бала тәрбиесінде тиімді пайдалана 
білуде «Балалар әдебиеті» пәніің мазмҧнын  толықтыру арқылы жетілдіруге болады.  
Кӛркем әдебиеттің осындай білімдік-тәрбиелік мәнін терең тҥсінуде педагогтар кӛп ізденіп, тиімді 
әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, заман талабына сай оқытуды қажет. Оқытудың басты компоненттері 
мыналар: оқытудың мақсаты мен міндеті, мазмҧны, білім беру, оны терең меңгеруге жетекшілік ету, 
балалардың  іс-әрекеті,  оның  нәтижесі  т.б.  Студенттердің  рухани  дҥниеснің  жан-жақты  дамуына, 
білім  мен тәрбие берудің міндеттерін іске асыратын басты қҧралы – балалар әдебиеті пәні. Оқытушы 
тәрбиеші-педагогтың  кӛркем  әдебиетке  деген  қызығушылығын  оятып,  шығармашылық  әрекетін 
жоғары деңгейге кӛтеру басты назарда болуы керек. Ал, студенттердің қызығушылығын арттыруда 
оқыту принциптері мен міндеттерін білуі шарт. Олар: оқу бағдарламасында ҧсынылған әдеби мәтін-
дердің  ауыр-жеңілдігі,  орналасу  тәртібі,  берілген  сағат  санына  сәйкестігі,  әдеби  шығармалардың 
жҥйелілігі, ауызша және жазбаша жҧмыстардың тҥрлері (баяндама, реферат, аннотация), студенттер-
дің шығармашылық жҧмыстары, ӛзіндік жҧмыстарды орындауы т.б. Сонымен қатар, сабақтың тақы-
рыбын  студенттерге  шеберліікпен  таныстырудың  жаңаша  тиімді  жолдарын  іздестіріп,  тҥрлердіріп 
отыруы қажет.  
Келешек  жас  ҧрпақтың  халқымыздың  салт-дәстҥрін  жете  тҥсініп,  саналы,  білімді  де  тәрбиелі 
болып ӛсуінің басты кілті – ана тілі мен әдебиеті болса, оны балалар бойына сіңіретін тәрбиеші-педа-
гогтар екендігін ескерсек, оларды дайындайтын жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары-
на артылар жҥкте баршылық. 
Болашақ мектепке дейінгі ҧйым тәрбиешінің кәсіби қасиеттері болып оның шығармашылық деңге-
йі, ӛз ойын талдай білуі, балалармен тілдік-сӛйлеу қатынасқа тҥсе білуі, сауатты сӛйлеуі болып табы-
лады. Сонымен қатар, студенттер сӛз шеберлігіне, мәнерлі сӛйлеуге, ақын-жазушылардың тәрбиелік 
және білімдік мәні бар шығармаларды оқуға, жатқа айта алуға, кӛркем шығармаларды жҥйелі тҥрде 
оқуды  ҥйретеді.  Аталған  арнайы  пәннің  негізгі  мақсаты  –  студенттердің  ауызша  және  жазбаша  ӛз 
ойын жҥйелі жеткізе білу, қазақ ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының таным-
дық, білімдік және тәрбиелік мәнін тҥсіну [3]. Студенттер балаларға арналған шығармаларды жаттау 
және мәнерлеп оқу, басқа студенттердің шығармашылығына кӛңіл аудару, интонация, дауыс ырғағы, 
қарқыны, дыбыс бейнесі т.б. керек. Ӛлеңді мәнерлеп оқуға ҥйрету кӛп жҧмысты, сонымен қатар сту-
денттердің ӛзіндік шығармашылық ізденістері қажымай еңбек етуді қажет етеді.  
«Балалар әдебиеті» пәнін оқытудың тиімділігін арттыру ҥшін жҧмысты бірнеше топқа бӛлу қажет. 
Сабақ  барысында  белгілі  тақырып  бойынша  лекция  тезисін  қҧрастыру,  шығарма  жазуға  дайындау 
(жоспар қҧрастыру, цитаталар мен мәтіндерді қҧрастыру, шығармашылық жҧмыстар); ӛтілетін әдеби 
шығарма  бойынша  дискуссия  жҥргізу,  бағдарламада  кӛрсетілген  шығармаға  байланысты  жазылған 
бірнеше пікірлерді асылстыру. Әдеби шығарманы оқыған кезде студенттердің кӛңілін сӛздің дҧрыс 
оқуына,  сӛздердің  бір-бірімен  байланысына,  шығармадағы  басты  идеяларды  аша  білуіне,  кейіпкер-
лердің іс-әрекеттеріне ден қоя білуніе, олардың дауыс тонына, ырғағына, шығармалардың компози-
циялық ерекшелігіне кӛңіл аудару қажет [4]. 
Ауызша және жазбаша ой-пікір қҧрастыру қабілеті мен біліктілігі пәннің мазмҧнын жақсы меңге-
руге  әдебиетке  деген  қызығушылықты  жоғарылатуға  және  ӛз  кҥшіне  сенуге  кӛмектеседі.  Сонымен 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 2 (33), 2012 г. 
 
42 
қатар, бҧл біліктілік универсалды болып табылады да басқа оқу және кәсібиіс-әрекеттің басқа тҥрле-
рінде пайдалануына болады. 
Әдеби  шығарманы  оқыған  кезде  студенттердің  кӛңілін  сӛздің  дҧрыс  жазылуына,  ерекше  әсерлі 
образды бейнелеуде және қосымша бір тҥсінік пайда болуына ықпал ететін сӛздердің бір-бірімен бай-
ланысуына аудару  қажет.  Сӛздің  эстетикалық  қызметі  осымен  байланысты.  Кӛркем  әдеби шығарма 
ықпал ететінстуденттер автордың әңгімелеуінің композициялық ерекшелігіне, кейіпкерлердің диалог-
тарын қҧрастыруына ой жҥгіртеді. 
Кӛркем  әдебиеті  оқу  студенттердің  эстетикалық  талғамдарын,  сӛз  таңдауда  шешен  және  сӛйлем 
қҧрастырғанда  шебер  болуға  тәрбиелейді.  Соңғы  жылдары  жоғары  оқу  орындарында  білім  берудің 
кредиттік жҥйеге кӛшуіне байланысты аталған пәннің басты мақсаты студенттердің шығармашылық 
ойын,  білімді  ӛздігінен  ізденіс  арқылы  табудың  жолын,  педагогикалық  ҧстанымдарды  басшылыққа 
алу  біліктілігін  кӛтеру.  Сондықтан,  білім  беру  жҥйесіндегі  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  жетлдіріп, 
шығармашылық ізденіс, жаңа педагогиаклық технологияларды меңгеру, оны жастарға ҥйрету қажет-
тілік туындайды. 
Мектепке дейінгі ҧйымдарда тәрбиеші-педагогтардың біліктілігін жоғарылату ҥдерісіне интерактив-
ті әдістерді пайдалану тиімді болып саналады. Себебі, бҧл әдістер балалардың жеке-дара ерекшелікте-
рін, олардың тілдік-қатынас жасаудың жолдарын кӛрсетеді. Балалармен тілдік қатынас ҥдерісінде және 
бірлесіп әрекет жасау кезінде мынадай мақсатттарды кӛздейді: алға қойған мақсатқа жетуге талпыныс, 
олардың  қызығушылығын,  ынтасын  арттырады,  ӛзіндік  білім  алуға  жетелейді,  белсенділік  пен  ӛздік 
жҧмыс  жасау  деңгейлерін  жоғарылатады,  ӛз  іс-әрекетін  сараптау  және  рефлексиялау  қабілеттерін, 
сонымен қатар ӛзара іс-қимыл жасау біліктілігін, бірлесіп жҧмыс жасау симпатиясын дамытады.  
Болашақ мектепке дейінгі ҧйым тәрбиешісінің маңызды кәсіби қасиеттері болып оның шығарма-
шылық мҥмкіндігі, ӛз ойын талдай білуі, коммуникативтік қабілеттерінің позитивті дамуы, сауатты 
сӛйлеуі  болып  табылады.  Болашақ  мектепке  дейінгі  ҧйым  тәрбиешісіне  тән  болу  қасиеттері  мен 
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына оқуға тҥскен талапкердің қасиеттері арасын-
дағы қайшылықты қалай шешу жолдары бар? 
Бҧл аталмыш мәселелерді қалай шешуге болады, бҧны студентерге арнайы оқу жоспарына сәйкес 
таңдау  пәндері  ретінде  «Балалар  әдебиеті»  пәні  арқылы  шешуге  болады.  Бҧл  пәнді  сӛз  шеберлігі 
ретінде оқыту кӛркем әдеби шығармаларды жҥйелі тҥрде оқуды болжайды. Кітаппен тілдесу қажетті-
лігі тек оқытушының әдебиет және ӛнердің басқа тҥрлерімен танысуда, дҧрыс бағыт беруінде, мәтін-
ді эмоционалды қабылдауда және автордың қойған мәселелерін таңдауда қалыптасады. Аталмыш пән 
бағдарламасының  мазмҧны  мен  тақырыптары  осы  мақсаттарға  бағынады.  Әдебиет  сабақтарында 
негізгі  кӛздер  ауызша  немесе  жазбаша  ойын  жеткізуге  жасалады.  Әдебиеттің  келесі  сабақтарында 
алынған  нәтижелер  сарапталып  бақыланады.  Тәжірибе  дәлелдегендей  оқыту  мақсаттарын  жҥйелеу 
жақсы нәтижеге жеткізеді. 
Сондықтан, балалар әдебиеті пән ретінде және онда қарастырылатын оқиғалар мен фактілер сту-
денттердің ӛз сӛйлеу қабілеттеріне талап қою, тілді дамыту жҧмыстарын жҥргізуге, ынталандыруға 
қалыптастырады.  Енді  ғана  орта  білім  беру  мектебінен  «мектепке  дейінгі  оқыту  және  тәрбиелеу» 
мамандығына келген бірінші курс студенттері ауызша және жазбаша сӛйлеу қабілеттері тӛмен. Сту-
денттер  әдеби шығармалардың жанрлары  мен  стильдерін  ажырата  алмайды,  жазбаша  тапсырманың 
«тақырыбын»  ажыратып  мәтін  қҧрастыру,  жҧмысты  жоспарлау,  тапсырманы  орындауға  қажетті 
деректерді сараптау оларға ӛте қиын соғады. Бҧл кемшіліктер әдеби шығарманың мәтінін нашар білуі 
мен тҥсінбеуінен, білімнің таяздығы және ең бастысы дҧрыс білім алмауынан қиындайды. Сонымен 
қоса айтқанда, олар таңдаған мамандығына қызығушылық білдірмейді. 
Ал  «Балалар  әдебиеті»  пәнін  оқытудың  тиімділігін  арттыру  ҥшін  жҧмысты  бірнеше  кезеңдерге 
бӛлу қажет. Бҧл оған реттеу және ҧйымдастыру қасиеттерін береді. Осындай кезең болып диагности-
калау, белсендіру, оқыту, білімді бекіту және бақылау болып табылады. 
 
Диагностикалау  оқытушының  ҧсынған  шығармалардың  ҥзіндісі  бойынша  жазбаша  жҧмыстың 
барлық тҥрлерінде жҥргізуге болады. 
 
Сабақты белсендіру кезеңінде студенттерге берілген бір тақырып бойынша ақпаратты анықтама 
қҧрастыру тапсырмасы берілді: әдеби-сынама мақала тҥрінде шағын шығарма жазу, эссе т.б. мысалы: 
«Менің кӛзқарасым...», «Бала – біздің болашағымыз» т.б. 
 
Оқыту топта тапсырманы талқылау тҥрінде жҥргізіледі: шығарманың бағытын анықтау; белгілі 
бір  тақырып  бойынша  лекция  тезисін  қҧрастыру;  Шығарма  жазуға  дайындық  (жоспар  қҧрастыру, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 2 (33), 2012 ж. 
 
43 
цитаталар мен сынама мәтіндерді қарастыру, шығармашылық бӛлімдерін топта талқылау және жазу); 
Оқытушы мен студенттердің ескертулерін ала отырып мәтінді жетілдіру; оқылатын әдеби шығарма 
бойынша пікірталас жҥргізу; бағдарламадағы бір шығарма бойынша сынама ой пікірлерді салыстыру; 
бір студенттің шығармасының фактілік, композициялық және тілдік қателерін талқылау. 
 
Білімді  бекіту  кезеңінде  стильдік  тҥзету  жҥргізу  және  сӛйлеу  типтік  анықтау  бойынша  ӛздік 
жҧмыстарды  сараптау,  сәйкестігін  тексере  отырып  сараптау;  тақырыпты  талқылауда  жазбаша  ой-
пікірдің  логикасы;  поэтикалық  мәтінді  ӛзіндік  сараптау  және  оны  талқылау;  семинарда  пікірталас 
ҧйымдастыру  және  сӛйлеген  оқушылардың  ойына  баға  беру,  берілген  тақырып  бойынша  ауызша 
(немесе жазбаша) ой-пікір, оны талқылау ҥшін тезис жазу (немес цитаталық жоспар) қҧрастыру; әде-
би шығарманы оқу процесінде кездесетін проблемалар мен қиындықтарды табу (анықтау). 
 
Бақылау кезеңінде берілген тақырыпқа шығарма жазуға болады; әдеби шығарма бойынша жаз-
баша сҧрақтарға жауап беру; қорытынды семинар ӛткізу. 
 
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Астана, 2003. 
2. Әуезов М. Әдебиет теориясы. – Алматы, «Ана тілі», 1991. 
3. Қабдолов З. Сӛз ӛнері. – Алматы, 1989. 
4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы: «Мектеп», 1982. 
 
ЖАҢЫЛТПАШТАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
А.Т. Ақжолова – фил. ғыл. кандидаты 
 
Жаңылтпаш – ӛте ерте кезде пайда болған жанрлық тҥр. Орыс халық жаңылтпаштарын бірінші рет 
1862 жылы В.И. Даль жинақ етіп шығарған болатын. Оның ішінде ҥлкендер фольклорына жататын 
жаңылтпаштар  да  баршылық.  Соған  қарағанда  жаңылтпаштар  дҥниеге  келген  кезінде  ересектер 
жиын-тойларында пайда болып, кейіннен сол ортада ӛзінің қызығушылығын жойып, бойында педаго-
гикалық  қызметі  басымырақ  болғаннан  кейін,  балалардың  эстетикалық  талаптарына  жауап  беретін 
жаңылтпаштар ғана балалар фольклорына кӛшкен.  
А.Байтҧрсынов  «Әдебиет  танытқыш»  атты  еңбегінде  жаңылтпашқа  мынандай  тҥсінік  береді: 
«Жаңылтпаш  деген  аты жаңылтудан  шыққан.  Қатарынан қайта-қайта шапшаң  айтқанда,  иә  тіл  кел-
мейтін, иә тіл басқа сӛз қылып бҧзып кететін сӛздердің басын қҧрап, келістірген шығарма жаңылт-
паш  деп  аталады».  Автор  жаңылтпаштың  тілді  ширатып,  дҧрыс  та  сауатты  айта  білуге  баулитын 
дҧрыс сӛйлену қасиеттерін дамытатындығына баса назар аударған [1, 201 б.].  
Ал, зерттеуші Н.Тӛреқҧлов дидактикалық шағын жанрларға мақал, мәтел, жҧмбақ, жаңылтпашты 
жатқызады. Ол: «Жаңылтпаш халықтық поэтикалық шығармалардағы фольклордың шағын жанрына 
жататын,  дыбыс  ҥйлесімділігіне  негізделген,  тез  және  айқын  айтылуы  қиын  сӛздер  тізбегі»  дейтін 
анықтама берген [2, 64 б.]. Қазақ балалар әдебиетін зерттеуші Ш.Ахметов: «Бҧл жанр тек қана бала-
лар әдебиетіне арналған, кӛбіне мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш мектеп оқушыларына 
лайықты. Олай дейтініміз жеке дыбыстармен айтылуы қиын кейбір сӛздерді дҧрыс сӛйлеуге ҥйрету – 
кӛбіне балаға ғана тән нәрсе. Мҧнда міндетті тҥрде оқыту арқылы ғана емес, баланы талғамы кҥшті 
қызық  та  кӛркем  сӛздерге  әуестендіру,  соған  еліктіру  арқылы  жаттығу  жҥргізу  ҥшін  қолданылған 
шеберлік бар» – дейді [3, 31 б.]. Бҧл берілген пікірлер жаңылтпаштың балалар фольклоры қҧрамын-
дағы қызмет функциясын толық ашып қана қоймай, жаңылтпаштардың негізінен балаларға тән мҧра 
екендігін дәлелдейді. Баланың тілі шығып, айнала болмысты танып, біле бастағаннан – сӛзбен ойнай 
бастайды. Сӛзбен «ойнау» арқылы ғана бала ана тілінің нәріне сусындап, сазын бойына дарытады.  
Зерттеуші  педагог  С.Ҧзақбаева  «Балалар  ойынының  қызықты  да  пайдалы  тҥрлерінің  бірі  – 
жаңылтпаш. Жаңылтпаш балаға жастайынан ана тілінің бай қорын игеруге, таза, майда, анық әуенді, 
кӛркем сӛйлеуге кӛмектеседі, сӛзді қастерлеуге тәрбиелейді», – дейді [4, 98 б.]. Ӛйткені халық бала-
сының  тілін  ширату  ҥшін,  оған  сӛз  ҥйретіп,  дҥние  танымын  кеңейту  мақсатында  жаңылтпаштарды 
пайдаланып келген. Сәбилік кезеңнен ӛтіп, мектепке дейінгі кезеңде жас баланың тіл байлығы ӛседі. 
Сәбилік кездегімен салыстырғанда мектеп жасына дейінгі баланың сӛздік қоры ҥш есе артады екен. 
Мҧншалықты сӛз қорының ӛсу тҧрмыс және тәрбие жағдайларымен тікелей байланысты болады.  
Мектеп жасына дейінгі балалар сӛздің мағынасының қандай екендігіне қарамастан сӛздің дыбыс-
тық естілуіне ҥлкен ынта қоятындығы байқалады. Балалар сӛздің тҥрін әдейі ӛзгертеді, жаңа сӛздер 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 2 (33), 2012 г. 
 
44 
«ойлап табады», сӛздерді ырғақпен ҥйлестіруге машықтанады. Мысалы: бес жасар бала мынандай ҧй-
қас сӛздерді қуана тізеді. «Тал, мал, сабақ, табақ, есік, тесік». Қҧрастырып отырған «ӛлеңнің» мазмҧ-
ны баланың назарынан тыс қалады, ӛйткені ол ҥшін бастысы ӛзінің бар ынтасы ҧйқасқа ауған. Ды-
быстық жағынан сәйкес, ҥндес сӛздерді парластыра қолдануды ол ойынға айналдырып жібереді. Ба-
ланың тілге деген ықыласы тек ӛлеңмен жазылған тҥрге ауысады. Міне, осы кезде баланың тілін қы-
зықтау ҥшін, ана тілін ҥйренуге жаттықтыру ҥшін де ойын ӛлең жаңылтпаштар қажет-ақ. Психолог, 
ғалым  В.С.  Мухинаның пікіріне  кӛңіл аударалық:  «Тілді  ҥйрену  баланың ӛзінің  тілге  деген ерекше 
белсенділігімен анықталады. Бҧл белсенділік баланың қолда бар ҥлгіден шығаратын сӛз қҧраулары-
мен,  сӛз  ӛзгертулерінен  кӛрінеді.  Мектепке  дейінгі  жас  тіл  қҧбылыстарына  деген  аса  сергектіктің 
байқалатын кезі болып табылады», – деп дәйектейді. [5, 50 б.]. Мектепке дейінгі кезең, 3 пен 6 жас 
аралығы болса, осы кезеңде бала психикасында тілді ҥйренуге деген қҧмарлықтың ӛскендігі аңғарыл-
ған болса, жаңылтпаштарды, міне, осы жас аралығындағы балғындарға ҥйрету ӛте маңызды болар еді.  
Орыс әдебиетінің белгілі ӛкілі, орыс балалар поэзиясының классигі К.Чуковский 2 мен 5 жас ара-
лығындағы бӛбектің санасы мен қабілетін, қылығы мен тілін, ӛзінің «Екіден беске дейін» атты еңбе-
гінде терең қазбалап зерттейді [6]. Осы жас аралығында баланың сӛз ӛзгертуге, сӛзбен ойнауға, жаңа 
сӛз  ҥйренуге  ерекше  белсенді болатынын  айтып ӛтеді.  Бала  санасы  мен  қабілетінің,  тілінің  мҧндай 
шапшаңдықпен ілгерілеуі, біздіңше, баланың кӛрсем, білсем, ҥйренсем деген әуесқойлығымен байла-
нысты болмақ. Мектепке дейінгі  жас аралығындағы балалар ӛлеңдері барынша ойнақы, динамикалы 
болғаны жӛн. Балалар ӛлеңі  ойынға  қҧрылғанда  ғана  тартымды  бола  тҥсер  еді.  Диалогпен  берілген 
ӛлеңдер,  әсіресе  ойынға  бейім.  Бала  затпен  ғана  ойнамайды,  сӛзбен  де,  ырғақпен  де,  ойымен  де 
ойнайды. Балалар ақындарының ӛлеңдерін қарап отырсақ, ойын ӛлең, сӛзбен ойнау әзірге тапшылау 
ма  деп  қаласың...  Әрқашан  бала  жҥрегі  ӛзіне  арналған  ӛлеңнің  әуенді  болғанын,  әнге  бергісіз  әсем 
болуын қалайды.  
Балбӛбектің тілі шығып, балдырған жасында сӛздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстар-
ды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мҥкістендірмей, мҥдірмей сӛйлеу ҥшін, қиналып айтатын 
дыбыстары бар сӛздерді бала неғҧрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сӛйлегенде де 
мҥдірмей, ӛз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы бала-
ның ана тілін ардақтау, сӛз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.  
Халық жаңылтпаштарының бала тілінде болатын мҥкістерге сәйкес шығарылғандары да бар. Тілі 
шыға  бастаған  балбӛбекпен,  тілі  шыққан  балдырғандардың  тілінде  кӛбінесе  «р»  дыбысы  мен  «и» 
дыбысын, «ш» дыбысы мен «с» дыбысын шатастыру, бҧзып айту байқалады. Халық жаңылтпаштары-
ның ішінде «р» дыбысына арналған жаңылтпаш ӛлеңдер ӛте кӛп: 
– Дегенде, әй, Тайқарбай, әй, Тайқарбай,   
Қойыңды май жусанға жай, Тайқарбай. 
– Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр
Әй, Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай? [7, 109 б.]. 
немесе: 
Торта қойдым, 
Орта қойдым, 
Орта қойдым, 
Жорта қойдым [7, 113 б.]. 
Жаңылтпаштарды  балаларға  жылдам  айтқызғанда  «р»  орнына  «и»  дыбысын  айтып  «Тайқайбай, 
тойта,  ойта»  деп  жібереді.  Ал,  бҧл  жаңылтпаштар  дыбыстарды  дҧрыс  айттырып,  ойын  бҧрмаламай 
айқын, дәл сӛйлеуге жаттықтырады.  
Әуел  баста  халқымыздың  әдет-ғҧрып,  салтынан  туған  ойын-сауықтар  кезінде  жиналған  жҧртты 
кҥлдіріп, кӛңілдендіру мақсатында пайдаланылған жаңылтпаш келе-келе тәрбиелік, танымдық, тағы-
лымдық  мәнге  ие  болды.  Ендігі жерде  ол  ӛлең,  ән  білмейтін жастарға  берілетін  жаза  есебінде  ғана  
емес, тіл ҧстартудың таптырмас қҧралы ретінде қолданылады. Шындығында да жаңылтпаш әйтеуір 
ҥндес, ҧқсас сӛздер мен дыбыстардың ермек ҥшін қалай болса солай тіркеле салған ретсіз жиынтығы 
емес. Оған қойылар әдеби-кӛркемдік талаптар жоғары. Кӛлемі жағынан шағын жанр болып есептеле-
тін жаңылтпаштардан әр тҥрлі болмыс кӛрністері айналадағы қҧбылыстардың сыр-сипаттары қылаң 
береді. Мәселен:  
Ол алқапты олар орар, 
Бұл алқапты бұлар орар, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 2 (33), 2012 ж. 
 
45 
Орал ормаса, Омар орар [7, 107 б.], деген сияқты жаңылтпаштың маз-
мҧны жерімізге орыс отаршылдары келіп, қала салып, егіншілікпен айналыса бастаған кезінен мәлі-
мет беріп тҧрған жоқ па. Халық жаңылтпаштарына ҥңілсек, оның ішкі мазмҧнынан ата-бабамыздың 
тҧрмыс-тіршілігін, ӛмір сҥру ҥрдісін, аз жолдарда шебер бедерлейді. Және де халқымыздың бҧрынғы 
кәсібі бақташылық болғандықтан тӛрт тҥлікке байланысты айтылған жаңылтпаштар да баршылық.  
Тебіншек ат –  шегіншек 
Шегіншек ат – тебіншек [7, 108 б.], 
Қурайлының жерінде  
Қоңыр айғырдың үйірінде, 
Бурыл қулық құлындап жатыр [7, 109 б.].  
Осы  жаңылтпаштар  тек  қана  тілді  ширату,  тҧтықтырмай  сӛйлеу  мақсатында  туған  емес.  Оларда 
оқиға нышаны анық, тілі әуезді, сыртқы қҧрылымы мен ішкі мазмҧны қиюласа қабысып тҧр. Халқы-
мыздың аз сӛзге кӛп мағына сыйғызған шеберлігі, тіл саздылығы, ой дәлдігі де аңғарылады. Міне, 3-4 
жолдан аспайтын әр жаңылтпаш бойына қаншама қасиеттерді жиынтықтап, қаншама жауапкершілік 
жҥгін кӛтеріп тҧр. Осының ӛзі-ақ жаңылтпашқа қойылар талап сынның тым жоғарғы екендігін бай-
қатса керек.  
Қазіргі  таңда  жаңылтпашты  балалар  поэзиясының  қомақты,  кең  ӛріс  алған  жанр  тҥрі  ретінде 
қарастыру орынды. Балалар ақындары сан ғасырлық тәжірибеден халықтық мҧраны қадірлей, қастер-
лей, жетілдіре отырып, жаңылтпаш жазуда батыл қадамдарға бара білді. Ара-тҧра бірін-бірі қайтала-
ған,  дҥмбілез  жаңылтпаштар  кездескенімен  де,  формалық  жағынан  қҧбылған,  ӛзгерген,  ӛңделген 
жаңылтпаштар да дҥниеге келді. қҧбылған, ӛзгерген, ӛңделген жаңылтпаштар да дҥниеге келді.  
Халық  жаңылтпаштарының  қазіргі  жаңылтпаштарға  тигізген  әсер-ықпалын  бірнеше  жолдармен 
қараған дҧрыс. Біріншісі – ауыз әдебиетіндегі ертеден белгілі жаңылтпаштарды аз-кем толықтырып, 
не болмаса ықшамдап, ӛзгертіп пайдалану:  
Ара, ара, аралар, 
Гүлден сорып бал алар
Алысқа ұшып бара алар, 
Бал  тәтті  ғой  балалар  [7,  113  б.],  деген  дәстҥрлі  жаңылтпашты 
Мҥбарак Жаманбалинов:  
Арал – арал бар арал, 
Бара алар ма балалар, 
Балалар да бара алар, 
Барар  да  бал  алар  [8,  121  б.],  деп  «ара»  сӛзін  «аралға»  ӛзгертіп, арал 
туралы  айтып  келіп,  «аралға»  «балды»  теңеген.  Осының  арқасында  ақынның  «бал»  туралы  айтпақ 
ойы кӛмескіленіп қалған. Осы ара мен бал туралы айтылған халық жаңылтпашын ҥлгіге алған ақын-
дар аз емес.  
Қ.Мырзалиев:  
Ара-тұра тал арала, 
Тал ішінде талар ара. 
Ара-тұра қала арала, 
Таппай сені қалар ара.  
К.Ыбыраев:  
Балалар, 
Бал араларға бара алар ма екенбіз
Балаларға бал алар ма екенбіз?  
Б.Кірісбаев: 
Омартада балаларды, 
Бал аралар талады. 
Ал, балалар омартадан  
Бал ала алмай тарады. 
Е.Елубаев:  
Омартаға балалар барар, 
Балаларды аралар талар, – дейді. 
Екіншісі  –  халық  жаңылтпаштарының  ҥлгісін  алып,  жаңа  жаңылтпаш  тудыру,  сӛйтіп  стилін,  ӛз 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 2 (33), 2012 г. 
 
46 
нобайын сақтау.  
Е.Елубаевтың:  
Жабайы маралдар бар, 
Араларында жаралы марал бар. 
К. Ыбыраевтың:  
Бала марал, 
Ала маралға, 
Ала марал, 
Бала маралға қарады, – деген жаңылтпаштарын оқығанымызда халықтың тӛмендегі жаңылтпашын 
еріксіз еске тҥсіреді.  
Ол аралда да марал, 
Бұл аралда да марал. 
От екен маралға арал, 
Оттасын аралда марал
Сырықтан сылдырап тҥстім, – деген халық жаңылтпашының қалпын алып Қ.Мырзалиев жаңылт-
пашының қалпын алып Қ.Мырзалиев:  
Шірік сырық, 
Қырық құрық па? 
Қырық сырық 
Шірік  құрық  па?  –  деп  тҥрлентіп,  ӛңін  айналдырып  жіберген.  Ал, 
Қ.Баянбаев болса:  
Қырық сырық, 
Шірік сырық, 
Сынып – сынып 
Бітті құрып, – дей келе фольклордан ҥйренем деп отырып, Қ.Мырзалиев-
тің ізін шыйырлайды.  
С. Оспановтың:  
Күлдіргі бүлдіргіні бүлдірді  
Бүлдіргі күлдіргіні бүлдірді.  
Сонда қайсысы бұрынырақ 
Күліп үлгерді, – деген жаңылтпашы халық жаңылтпашының қалпын не-
гіз ету арқылы дҥниеге жаңа жаңылтпаш келгені дау тудырмаса керек. Ҥшіншіден, халық жаңылтпаш-
тарында жиі кездесетін образдарды ғана алып, жаңа, тың жаңылтпаштарды жазу ҥрдісін байқаймыз. 
Қазіргі  кезде  балалар  поэзиясында  жаңылтпаштардың  ӛлең  жаңылтпаш,  санамақ  жаңылтпаш, 
мазақтама жаңылтпаш, есеп жаңылтпаш, мақал–мәтел жаңылтпаш, ертегі жаңылтпаш, ӛтірік жаңылт-
паш сияқты тҥрлері кӛбейді. Балаларға арнап ӛлең жазып жҥрген ақындардың бәрі де бҧл тҥрлерге ҥн 
қосып  келеді.  Халық  жаңылтпаштары  дәстҥрінен  ҥйреніп,  мән-мағынасына  ден  қоя  білу  арқылы 
Қ.Мырзалиев  есеп  жаңылтпаштар  бағытында  жемісті  еңбек  етіп  жҥр.  Оның  жаңылтпаштарынан 
халықтық леп сезіледі:  
Жоғалды бес шыбыш,  
Жоқ әлі еш сыбыс, 
Жоқ әлі еш сыбыс, 
Жоғалды бес шыбыш, немесе:  
 
Балаңа, 
Қанша, 
Алша, 
Алса, 
Болады? 
 
Дорбаңа, 
Қанша,  
Алша,  
Салса, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 2 (33), 2012 ж. 
 
47 
Толады? 
Бҧл жолдарда жай ғана сӛздер ойнап тҧрған жоқ. Ақын балаларды ойландырады, есептің шешуін 
табуды ҧсынады. Ӛ.Жайлауов халықтың «Ҧшты-ҧшты» деген ойынына сҥйене отырып, тың жаңылт-
паш туындатқан.  
Ұшты-ұшты, 
Кім ұшты? 
Қысқыс 
Қыш ұшты, 
Қысқыш ұшпас. 
Ұшса ұшар, 
Құс ұшар. 
Қашан қысқыш, 
Қыш ұшты. 
Ақын айтылуы жағынан ӛзара ҧқсас, ҧйқас «қысқыс, қышқыш, қҧс, қыш» сӛздерін қайталау арқы-
лы  баланы  жаңылдыратындай.  «Ҧшты-ҧшты»  ойынының  шарты  да  ҧшатын,  ҧшпайтын  заттар  мен 
қҧбылыстарды  кезектестіре  айтуымен  шатыстыру,  сӛйтіп  сӛзден  сҥріндіру.  Ӛ.Жайлауов  ойынмен 
жаңылтпашты тоғыстырып, ойнақылық дарытқан. Жалпы фольклорда жанрлар тоғысып, аралық тҥр 
тҥзілуі  кездесетін  қҧбылыс.  Ӛ.Ақыпбекҧлы  осы  бағытта  жаңаша ізденістер  жасады,  оның  «Мақтан-
шақтың  машақаты»  атты  ертегі-жаңылтпашы  осының  дәлелі.  «Ерте,  ерте,  ертеде»  –  деп  басталуы 
жаңылтпаштың  ертегіге тәндігін білдіреді, оқиғасы, сюжеті бар, кейіпкерлері – жан-жануарлар [9]. 
Әдетте жаңылтпашта сюжет болса да ҥзік-ҥзік, оқиғалар тарқатылып, ӛрбімейді, кӛлемі шағын. Ал, 
Ӛ.Ақыпбергенов  жанрды  кеңейтіп,  ҧлғайтты,  оның  «Ҧзақсонар  жаңылтпаш»,  «Аяқталмайтын 
жаңылтпаш»  атты  туындылары  –  ақынның  жанрды  формалық  тҧрғыдан  байыту  бағытындағы  оң 
тәжірибесі.  Сондай-ақ  ақын  екі  жанрдың  қасиет  белгісін  ҧштастырып,  тоғыстырып,  «мазақтама 
жаңылтпаш»,  «ӛтірік  жаңылтпаш»,  «есеп  жаңылтпаш»  сынды  тҥрлерін  ҧсынды.  Балалар  поэзиясы 
саласында тер тӛгіп келе жатқан Ӛ.Ақыпбеков 80-жылдардан бері балалардың ой-ӛрісін, дҥниетаны-
мын кеңейтетіндей ондаған жинақ берді. Ол осы саланың қиыншылығынан бас тартпай, ҥнемі шебер-
лігін шыңдап келе жатқан қаламгер, бҧрынғы дәстҥрлі жҧмбақ, санамақ, жаңылтпаш, сҧрамақ сынды 
жанрларды мазмҧндық, тақырыптық жағынан жаңғыртумен қанағаттанбай, формалық тҧрғыдан тҥр-
лендіруге кӛбірек ден қоюда, оның әліпбилік мазақтамалары да осындай ізденістің нәтижесі.  
Ақын Е. Елубаевтың:  
Кісінің ісі кісіде, 
Кісінің күші ісінде, 
Ер елге еркелер
Ел ерге еркелер, – деген жаңылтпаштарында мақалға тән белгілер де айқын кӛрінеді.  
Қандай жаңылтпаштың тҥрі болмасын әрқайсысы ӛздеріне тән ерекшеліктерімен, сӛз қиюласуы-
мен, астарлы мазмҧнымен балаларды сан қилы сезімге бӛлейді, ойға шомдырады, тіл ҧстартуға бау-
лиды, кҥлкіге батырады, теріс әдеттерден сақтандырады.  
 
1. Байтұрсынов А. Бес томдық шығармалар жинағы. Том 1. – Алматы: Жібек жолы, 1992. – 207 б. 
2.  Турекулов  Н.  Современный  казахский  фольклор:  Жанрово-структурный  анализ.  –  Алма-Ата:  Мектеп, 
1982. – 191 с.  
3. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1976. – 228 б. 
4.  Ұзақбаева  С.  Қазақ  халық  шығармашылығының  балалар  мен  жастарға  эстетикалық  тәрбие  берудегі 
мүмкіндіктері. – Алматы: Білім, 1994. – 284 б. 
5. Мухина В. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. – Алматы: Мектеп, 1986. – 229 б.  
6. Чуковский К. От двух до пяти. – М.: Педагогика, 1990. – 384 с. 
7. Ақ сандық, кӛк сандық. – Алматы: Жазушы, 1988. – 256 б. 
8. Жаманбалинов М. Балғын гүлдей балақан. – Алматы: Жазушы, 1974. – 183 б. 
9. Ақыпбеков Ӛ. Қырық қызық. – Алматы: Балауса, 2002. – 96 б. 
 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет