Сұрақтар Дәріс-конференция



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата31.12.2021
өлшемі205 Kb.
#21573
  1   2   3


Дәріс 5.  

Модуль 1. Философияның пайда болуы және дамуы 

Тақырып 5: Батыстың және Шығыстың ортағасырлық философиясы 

Сұрақтар 

 

Дәріс-конференция 

1. Батыстық христиандық философияның негізгі белгілері және бағыттары 

2. Ортағасырлық араб-мұсылмандық философияның негізгі бағыттары 

 

 



1.Ортағасырлық  христиан  философиясы:  негізгі  кезеңдері,  қарастырған 

мәселелері, басты ӛкілдері, ерекшеліктері.  

Шамамен  мың  жылды  қамтиды  (IV-XIVғғ.).  Философияның  рӛлі  және 

әлеуметтік  қызметі  ӛзгерді.  Бұл  дәуірде  философия  дінмен  тығыз 

байланысты  және  дінге  тәуелді  болды.  Философиялық  ойлаудың  ӛрісі 

тарылды.  Жалпы  мәдениеттің  бетке  ұстағаны-  Құдай,  Құдайдың  жасампаз, 

жаратушылық  құдіреті,  діннің  рухани  үстемдігін  қамтамасыз  ету.  Орта 

ғасырда,  әсіресе    Батыста,  мәдениет  (ғылым,  ӛнер,  әдебиет,  философия) 

дағдарысқа тап болды. 

Рухани  негізі-  христиан  діні  (таурат)  және  антика  философиясы 

(неоплатониктер, Платон, Аристотель). Негізін қалаған Аврелий Августин

Христиандық  философия  қарастырған  негізгі  мәселелер:  Құдай  және 

оның мәні, Христосты Логос және Құдай мен дүниенің арасындағы дәнекер  

ретінде  қабылдау,  адам  және  оның  Құдайға  қатынасы,  дүние  және  оның 

құрылуы,  тарих  және  оның  мақсаты,  философия  мен  теологияның,  білім 

(зерде) мен сенімнің ара-қатынасы. 

Христиандық 

философияның 

ерекшеліктері: 

 

теоцентризм, 



сотериология,  креационизм,  провиденциализм,  аян  беру  (откровение).  Бұл 

жӛнінде қара: Рысқалиев Т.Х. Философия тарихына шолу 88-90 б.б. 

Христиандық орта ғасыр философиясы екі кезеңге бӛлінеді: патристика 

және схоластика

Кӛрнекті  ӛкілдері:  Боэций,  Иоанн  Скот  Эриугена,  Ансельм 

Кентерберийский,  Росцелин,  Пьер  Абеляр,  Бернар  Клервосский,  Фома 

Аквинский ,  Сигер  Брабантский,  Роджер  Бэкон,  Бонавентура,  Дунс  Скот  , 

Вильям Оккам. 

2.А.Августин мен Ф.Аквинскийдің ілімдері. 

Патристика кезеңінен Августиннің ілімін айрықша атап ӛту керек. Бұл 

жӛнінде Т.Х. Рысқалиевтің  аталған кітабында толығырақ сӛз болады (91-92 

б.б). 


Схоластиканың негізін қалап, дамытқан Фома Аквинский. Бұл жӛнінде: 

Т.Х.Рысқалиев. Аталған кітап 93-95 б.б. 

Христиандық  орта  ғасыр  философиясында  кӛңіл  бӛлінген  мәселе  – 

жалпының (универсалийлердің) табиғаты немесе жалпы мен жекенің  қалай 

ӛмір  сүретіндегі.  Бұл  мәселені  шешуде  екі  кӛзқарас  қалыптасты:  реализм 

және номинализм




Орта  ғасыр  тұсында  қоғамдық  рухани  ӛмірдің  барлық  салаларына  діни 

идеологияның  бүтіндей  үстемдік  жасауы  философияның  дамуына  да  ӛз 

әсерін  тигізбей  қоймады:  философия  іс  жүзінде  дін  иелерінің  қызметшісіне 

айналды,  яғни  қағидалармен  догматтардың  сӛзсіз  ақиқаттығын  дәлелдеп, 

негіздеу  тиіс  болды.  Бұл  философияны  Схоластика  (  латынша  мектеп  )  деп 

атады. Ол үш кезеңнен ӛтті:    

 

І. Балауса схоластика ( IX-XII ғғ.). Ғылым, философия, теология әлі бір-



бірімен  біте  қайнасып,  ажырамаға,  бірақ  ақыл-ой  әрекетінің  жемісі  мен 

құндылығын  түсінуді,  универсалилерге  (жалпылық)  байланысты  пікірталас 

негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің 

«заңдылығын»  дәлелдеуді  ӛзіне  мақсат  қойған  схоластикалық  тәсіл 

қалыптасты.  Негізгі  ӛкілдері:  Ансельм  Кентерберийский,  Иоанн  Росцелин, 

Пьер Абеляр, Августин Аврелий т.б. 

ІІ. Кемеліне жеткен схоластика ( XIII ғ.) Аристотельдің еңбектері латын 

тілінде  болма  да,  кӛпшілік  арасына  тарап,  ғылым  мен  философияның 

теологиядан  бӛлініп,  философиялық-теологиялық  ілімінің  қалыптасып,  кең 

етек  алған  кезең  болды.  Негізгі  ӛкілдері:  ұлы  Альберт,  Фома  Аквинский, 

Дунс Скотт т.б. 

ІІІ.  Құлдырау  кезеңі  (XIV-XV  ғғ.).  Шынайы  ғылыми  және 

философиялық  ойлардың  тез  қарқында  дамуының  арқасында  теологияның 

тек  бедел  мен  атаққа  табынған,  тәжірибеден,  ӛмірден  алшақ  керенаулық 

сарыны  басым мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлде 

нәтижесіз  тіл  безеген  ғылымсымақ  ретінде  қалыптасты.  Негізгі  ӛкілдері: 

Ульям Оккам, Жан Буридан т.б. 

Орта  ғасырлық  философияда  негізгі  күрес  айтыс  универсали  (жалпы 

ұғымдар)  мәселелерінің  тӛңірегінде  жалпының  жекеге  қатынасы  жайлы 

болды.  Философтар  екі  топқа  бӛлініп  күресті:  а)  біреулері-жалпы  ұғымдар 

жеке,  нақты  заттардан  тәуелсіз  олардан  бұрын  пайда  болған.  Бұл  шын 

мәнінде  құдаймен  байланысты  деп  дәлелденді.  Бүкіл  тіршіліктің  мәні, 

жаратушы-құдай  деді.  Жалпы  ұғымдар  реальды  ӛмір  сүреді.  Олар  әуел 

бастан  «бар»  деушілер  тобы  реалистер  деп,  ал  олардың  философиялық 

бағыты  реализм  деп  аталды.  Бұл  таза  объективтік  идеалистік  бағыт  болып 

табылады.  б) Ал бұларға екінші ағым жалпы ұғымдар ӛздігінше дербес ӛмір 

сүре алмайды, тек нақты жеке заттар ғана шын ӛмір сүреді. Сондықтан олар 

алғашқы  деп  дәлелдеді.  Орта  ғасыр  тұсындағы  материалистік  ағымды 

білдіретін  бұл  кӛзқарасты  ұстаушылар  номиналистер  (латынша  атау)  деп 

атады.  Ӛйткені  бұлар  жалпыны  жоққа  шығарып,  оны  жай  атау  ғана  деп 

жариялады.  

Реалистердің  басты  ӛкілдері:  Ф.  Аквинский  (1225-1274),  Ансельм 

Кентерберийский  (1033-1109).  Олардың  пірінше  жалғыз  құдай  шын  ӛмір 

сүреді.  Дүниеде  бар  нақты  заттар  мен  құбылыстардың  бастамасы  құдай, 

демек  жеке  нәрселердің  пайда  болуы  жаратушы  құдайға  байланысты. 

Заттардың құдайдың ақыл –ойдағы идеялық болмысы мәңгі, ал шындықтағы 

болмысы  ӛткінші  ғана  сипатта  болады  деп  есептеді  Фома.  Реалистер  мен 

номиналистердің  жалпылық  жайлы  сыңаржақ  кӛзқарастарын  жұмсартып, 




жақындастыруға  тырысқан  итальяндық  дін  иесі,  философ  Фома  Аквинский 

болды.  Ол  Платонның  идеализмі  мен  Аристотель  философиясының 

идеалистік  жақтарын  пайдалана  отырып,  діни  идеалистік  томизм  

философиясын  жасады.  Оның  ілімінше  материя  түрден  (формадан)  бӛлек 

жеке ӛмір сүре алмайды. Бұл Фоманың айтуынша, ешбір материалдық дене 

жоғарғы  формадан,  яғни  жаратушы  құдайдан  тәуелсіз  ӛмір  сүре  алмайды. 

Тек  табиғат  дүниесіндегі  заттар  үшін  ғана  форма  мен  материаның  бірлігі 

қажет.  Аквинскийдің  ілімінше,  жалпы  идеялар  «универсалилер»  үш  түрлі 

ӛмір сүреді:  

1)  «Заттарға дейін» құдайдың ақыл –ойында. 

2)  «Заттардың ӛз ішінде» олардың мәні және формасы ретінде. 

3)  «Заттардан  кейін»  яғни  абстракциялық  ойлаудың  нәтижесі  ретінде 

адамның басында. 

   Бұдан  кӛретініміз  жалпы  идеялар  «заттарға  дейін»  құдайдың  ақыл-

ойында  ӛмір  сүреді  деп-реалистермен  келісетінін  кӛрсетеді.  Бірақ  сонымен 

қатар  ол  жалпы  идеялар  «заттардан  кейін»  адамның  ақыл-ойының  жемісі 

ретінде  ойда  ӛмір  сүреді,  сӛйтіп  олар  заттарды  жарыта  алмайды,  қайта 

олардың  нәтижесі  болып  табылады  дей  отырып,  белгілі-бір  дәрежеде 

номиналистерді  жақтауға  әрекет  жасады.  Мәселені  былайша  шешу 

философия  тарихында  идеялар  тек  заттардан  тыс  бұрын  ӛмір  сүреді  дейтін 

«шегіне жеткен реализммен» салыстырғанда «орташа реализм» деген атауға 

ие болды. Шіркеу Аквинский осы орташа реализмді қабылдады. 

XIV  ғасырда  философия  мен  ғылымда  номиналистік  кӛзқарас  одан  әрі 

дамыды. Оның кӛрнекті бір ӛкілі Ульям Оккам (1300-1350) реализмді батыл 

сынай  келе,  ғылымның  міндеті  шындықта  бар  жеке  дара  нәрселерді  танып 

білу.  Оккам  пікірінше,  философиялық  ақиқат  пен  діни  ақиқат  екі  түрлі 

құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе-интуиция мен білім 

арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Ал ақыл  – ой күшімен құдайды, 

оның  бар  екендігін  бұлжытпай  дәлелдейтін  фактілер  болмағандықтан,  оған 

сену ғана керек. Қысқаша айтқанда, орта ғасырлық философия тұтас алғанда, 

идеалистік  сипатта  болғанмен,  бірақ  онда  да  Платон  мен  Демокриттің 

бағыттарының  арасында  күрес  жүріп  жатты.  Ол  күрес  кӛбінесе  логикалық 

терминдер тӛңірегінде болды. Универсалидің табиғаты жайлы пікірталастар 

логика  мен  гносеологияның  одан  әрі  дамуына,  әсіресе  жаңа  заманның  ірі 

философтарының іліміне айтарлықтай әсерін тигізді.  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет