Статья посвящена исследованию когнитивных процессов тюркских письменных памятников. Актуальность данной работы обусловлена тем, что впервые исследования вышеуказанных процессов проведено на сравни



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата19.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#58097
  1   2


88
ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2(68). 2014
Түркі тілдерінің генеалогиялық және типологиялық сипаты
ӘОЖ 811.512.161
Ж.Ж. Есеналиева 
Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті,
Қазақстан, Алматы қ.
e-mail: prof.Esenalieva@mail.ru
 Түркі тілдерінің генеалогиялық және типологиялық сипаты
Мақала көне түркі жазба ескерткіштерінің когнитивтік сипатына арналған. Зерттеудің өзектілігі көне түркі 
жазба ескерткіштеріне когитивтік талдау алғаш рет салысттырмалы-тарихи сипатта, диахрониялық және 
синхрониялық зерттеулер шегінде жазылғандығымен сипатталады.
Түйін сөздер: Орхон-Енисей жазбалары, Тоныкөк, Білге қаған, Күлтегін, жазба екерткіштері, когнитивистика, 
концепт 
Ж.Ж. Есеналиева
 Генеалогическая и типологическая особенность тюркских языков
Статья посвящена исследованию когнитивных процессов тюркских письменных памятников. Актуальность 
данной работы обусловлена тем, что впервые исследования вышеуказанных процессов проведено на сравни-
тельно-историческом срезе с точки зрения диахронии и синхронии.
Ключевые слова: Орхон-Енисейские письменности, Билге каган, Тоныкок, Культегин, письменные памятни-
ки, когнитивистика, концепт
Zh. Esenalyeva
Генеалогическая и типологическая особенность тюркских языков
The article is dedicated the cognitive processes of Turkic written monuments. The relevance of this work is duo to the 
fact that for the first time the study was carried out on the above-mentioned processes, comparative historical cut in the 
terms of diachronic and synchronic.
Key words: Orkhan-Enisei writings, Bilge kagan, Tonykok, Kultegin, adverbs, writing monuments, cognitive science
Түркітану ғылымында маңызды орын ала-
тын мәселенің бірі – түркі тілдерінің дамуы 
және қалыптасуы жағынан, туыстық элемент-
тер негізінде классификациялау. Түркі тілдері 
арасындағы байланыс пен ұқсастықты анықтау 
және түркі тілдеріне классификация жасау 
тек лингвистер үшін ғана емес, сондай-ақ 
әдебиетшілер, тарихшылар, этнографтар үшін 
де өте маңызды мәселе. 
Классификация – тілдерді ортақ белгілері 
бойынша топтастыру.
Кез келген ғылым саласы өзінің бүгінгі 
күйіне дәл осы қалпында жеткен жоқ, белгілі 
бір даму жолынан өтті. Түркі тілдерінің клас-
сификациясы туралы да осыны айтуға бола-
ды. Түркі тілдерін классификациялау – шешімі 
қиын, өте күрделі мәселелердің бірі. Себебі 
түркі халықтарының қалыптасу және даму тари-
хы өте күрделі сипатта. Түркі тайпалары бірде 
қосылып, үлкен тайпалық бірлестіктерге біріксе, 
енді бірде ыдырап, кейбір тайпалар басқа мем-
лекеттер құрамына кіріп отырды. 
Ғұн империясының ыдырауы Түркі қаға- 
натының Батыс және Шығыс тармаққа бөлінуі, 
Ұйғыр қағанаты мен Моғол мемлекеттерінің 
пайда болуы, Қарахандықтар мемлекетінің 
қалыптасуы мен құлауы, селжүктер мен 
оғыздардың тайпалық одақтарының күшейюі 
мен әлсіреуі, моңғол шапқыншылығы, соның 
негізінде қалыптасқан Алтын орда мемлекеті, 
оның жеке хандықтарға ыдырауы – түркі 
тілдерінің қалыптасу тарихында өзінің ізін анық 
қалдырды. Тіл тарихы сол тілде сөйлейтін халық 
тарихымен тығыз байланысты дамитынын 


89
ISSN 1563-00226 KazNU Bulletin. Oriental series. №2(68). 2014
Ж.Ж. Есеналиева
көрсететін бір белгі – осы. Демек, түркі тілдірін 
классификацияланған кезде осы ерекшеліктер 
есепке алынуға тиіс. 
Түркі тілдерін топтастыру мәселесімен 
көптеген ғалымдар айналысты. Түркі тілдерін 
ең алғаш классификациялаған ХІ ғасырда 
өмір сүрген М.Қашқари болатын. Әрине, 
М.Қашқаридің классификациясын бүгінгі жетіл- 
дірілген топтастырумен салыстыруға келмейді. 
Бірақ ол топтастырудың негізгі ұстанымдарын 
дұрыс ажырата білді. Ол түркі тілдерін орналасу 
орнына қарай екіге бөліп қарастырды: 
1.Қашқар қаласынан жоғары шыңға дейінгі 
аралықты мекендеген түркі тайпаларының тілі;
2.Қашқар қаласынан Румға дейінгі аралықты 
мекендеген түркі тайпаларының тілі.
М.Қашқаридің «Сөздігі» біздің дәуірге 
қолжазба күйінде бір ғана нұсқада келіп жет-
кен. Ол М.Қашқаридің өз қолымен жазғаны 
емес, 1266 жылы Мухаммед ибн Абу-Бакир 
ибн Абул-Фатих ас-Сави көшірген нұсқасы. 
Бұл қолжазба Стамбулда Ұлттық кітапханада 
сақтаулы. М.Қашқаридің «Диваны» 1960, 1961, 
1963 жылдары өзбек тілінде С.Муталлибовтың 
аудармасымен жарық көрсе [1,69], Қазақстанда 
тұңғыш рет «Түбі бір түркі тілі» деп 1998 жылы 
Қ.Бекетаев және Ә.Ибатов тәржімелеген [2,178]. 
2006 жылы түркітанушы, ғалым, сыншы 
А.Егеубай «Түрік сөздігі» деп аударып, ғұлама 
жайында былай деп жазды: «Түркі тілдерінің 
жинағы – түрік дүниесінің әлемдік ғылым 
қазынасына қосқан ұлы мұрасы. Үш томдық бұл 
зерттеу еңбегі күллі түрік тілдерінің тұңғыш әрі 
аса терең мағыналы ғылыми сипаттамасы. 
Сахараның ұлы ғалымы, біртуар ойшылы 
тіл зергері Махмұт Қашқари «Түрік тілдерінің 
жинағын» барлық түрік текті ұлыс, тайпаларды 
аралып жинап, зерттеп, талдап барып жазған. 
Күллі түрік елдерінің әдебиеті мен тілін салы-
стырмалы түрде зерделеп түзіп шыққан алғашқы 
энциклопедиялық кітап.
ХІ ғасырдың бұл энциклопедиялық 
терең мазмұнды зерттеуі қазіргі түркі тектес 
ұлттардың ежелгі мәдениетінде қайта жаңғыру 
үрдісі жаңа бағыт алған тұста аса қажетті де 
пайдалы еңбек. Ана тіліміздің, туған әдебиетіміз 
бен мәдениетіміздің түп негіздері, төл 
заңдылықтары осы білікті зерттеу беттерінде 
жұлдыздай жарқырап көрінеді [3,2 ].
«Диван» түркіше-арабша сөздік болғанымен, 
автор сөздерді түсіндіріп, оның мағынасын 
анықтау үстінде басқа түркі тайпалары тілінде 
кездесетін мағыналық ауытқулар мен дыбыстық 
өзгерістерді салыстыра отырып, оларға 
шолу жасайды. Сондықтан да М.Қашқариды 
түркологияда бірінші болып салыстыру әдісін 
қолданған ғалым [4] деп айтуға құқымыз бар.
Түркологияда салыстырмалы-тарихи зертте-
уге негіз салған М.Қашқари. Алайда, академик 
Ә.Қайдаровтың айтуынша, ғұлама салыстыр-
малы-тарихи әдісті толық қолдана алмаған: 
түркі халықтарының тек тіл жағынан туыстық 
ұқсастығы болмаса, ол олардың өзіне дейінгі та-
рихын, даму жолын талдамаған [5].
Түркі тілдерін тілдік (фонетикалық, морфо- 
логиялық) тұрғыдан топтастыру – классифи-
кациялау, сөйтіп әрбір тілдің түркі тілдері 
құрамындағы орнын айқындау М.Қашқаридан 
басталады десек те, классикалық тіл білімі түркі 
тілдерін ғылыми негізге сүйеніп топтастырудың 
тарихын ХІХ ғасырдан бастайды. Олардың 
өзара байланысы мен классификациясын 
анықтау түрколог-лингвистер үшін ерекше 
маңызды мәселелердің бірі болып табыла-
ды. Бұл тілдер бір тамырдан өрбігендіктен [6] 
түркологтарға салыстырып зерттеу арқылы 
бұлардың генетикалық байланысын анықтау 
қиынға соқпады.
Көптеген түркологтармен В.В. Радлов, 
Н.Ф. Катанов, Ф.Е. Корш, А.Н. Самойлович, 
В.А. Богородицкий, С.Е. Малов, Н.А. Баскаков 
сияқты көрнекті ғалымдар, түркі тілдерін клас-
сификациялауда аса құнды пікірлер айтқаны 
белгілі.
В.В. Радловтың [7] жасаған классификаци-
ясында түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін 
көрсете келе, олардың фонетикалық өзге- 
шелігіне тоқталған да, ал этникалық жағы есеп-
ке алынбаған.
Н. Вамбери [8] Барлық түркі тілдерін түрік 
тілінің диалектісі деп қарайды.
Н.Ф. Катанов [9] түркі тілдеріне этно- 
графиялық шолу жасай келіп, оларды төрт 
группаға бөледі. Бұл классификация әрбір түркі 
тілінің өзгешелігі жайында айтылмаған. Оның 
үстіне кейбір түркі тілдері мүлдем аталмай 
қалған.
Ф. Корштың классификациясы түркі 
тілдерінің фонетикалық және морфологиялық 
өзгешелігі жайында сөз етіліп, олардың тілдік 
материалдарын талдау негізінде жасалған.


90
ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2(68). 2014
Түркі тілдерінің генеалогиялық және типологиялық сипаты
В.А. Богородицкийдің (1857-1941) түркі
тілдеріне жасаған классификациясы география- 
лық ерекшеліктерге сәйкес құрылған. Бұл топ-
тастыруды автор түркі тлідерінің қазіргі орна-
ласу аймағын негізге алады. Соның нәтижесінде 
түркі тілдері жеті топқа бөлініп беріледі:
1) Солтүстік-шығыс группасы – якут, тува, 
қарағас тілдері;
2) Хакас немесе абакан группасы – хакас тілі 
(барлық диалектілермен);
3) Алтай группасы – алтай тілі (барлық 
диалектілермен);
4)Батыс-Сібір группасы – чулым, барабин, 
тюмень, тобыл татарларының диалектілері;
5) Волга-Орал шруппасы – татар тілі, 
башқұрт тілі;
6) Орта Азия тілдері группасы – жаңа ұйғыр 
тілі, өзбек тілі, қарақалпақ тілі, қазақ тілі, 
қырғыз тілі;
7) Оңтүстік-батыс немесе түрік группасы – 
түрікмен, азербайжан, түрік тілдері.
Атақты түрколог С.Е. Малов [10] түркі 
тілдерінде жазылған ескі жазба ескерткіштерді 
зерттеп, олардың тарихын, бір-бірімен қарым-
қатынасы негізінде фонетикалық өзгерістерін 
салыстыра келіп, шығыс түркі тілдерінің батыс 
түркі тілдеріне қарағанда ескі элементтердің көп 
сақталғанын дәлелдейді, көбінесе дыбыстардың 
өзгешелігін есепке алады. С.Е.Малов барлық 
түркі тілдерін ең көне, көне, жаңа, ең жаңа деп 
4 топқа бөледі.
Н.А.Баскаковтың классификациясын түркі 
тілдерінің ең толық жасалған классификация 
екенін көптеген ғалымдар айтып жүр [11]. Ол 
түркі тілдерінің фонетикалық, морфологиялық 
ерекшеліктерін анықтайтын кең көлемді тіл ма-
териалдарын зерттеп, оны түрлі жағдайлармен 
байланыстырады. Осының нәтижесінде барлық 
түркі тілдерін батыс ғұн және шығыс ғұн бұтағы 
деп екіге бөледі. 
Н.А.Баскаковтың классификациясы бой-
ынша батыс ғұн бұтағына қазақ, түрік, өзбек 
тілдері енеді. Ғалымның көрсетуінше, қазақ тілі 
– қыпшақ тобының қыпшақ-ноғай тобына, түрік 
тілі – оғыз тобының оғыз-селжук тобына, өзбек 
тілі – қарлұқ тобының қарлұқ-ұйғыр тармағына 
жатады. Бұл тілдердің үшеуі де агглютинатив-
синтездік тілдер құрамына енеді [12,203]. 
Жалпы түркі тілдерінің басқа тілдерден 
айырмашылығы – қосымшалардың түбір мор-
фемадан соң жалғануында. Сондықтан түркі 
тілдері жалғамалы тілдерге жатады. Өйткені, 
«бұл тілдерде жаңа сөздердің туу формасы 
қосымшалар арқылы болады » [13].
Түркі халықтарының ортақ атауына 
айналған «түркі» терминінің қалыптасу тари-
хы төңірегінде осы кезге дейін айтылып жүрген 
бірнеше пікірлер бар. А.Н.Кононовтың пікіріне 
сүйенсек, бұл этноним о баста түркі және моңғол 
тілдеріндегі саяси термин ретінде қалыптасқан.
Көне қытай жазбаларындағы деректеріне 
сүйенсек «түрік» сөзі «күшті, берік» ұғымын 
берген. Осы ұғымның негізінде «түркюдтер» 
деген атау пайда болған. Көне түркі дәуірінде 
өздерінің алғашқы мемлекетін құрған түркію 
тайпаларының атауы осы сөздің негізінде 
қалыптасқан. Көшпелі Түркі империясы мен 
оның құрамына кірген түркі тайпаларының 
өмірі туралы мәлімет бізге Орхон-Енисей жазба 
ескерткіштері арқылы жетті.
Түрік тілі мен татар тілінің туыстастығы 
Еуропаға белгілі болғаннан кейін түрік, татар 
этнонимдері тең дәрежеде қолданыла бастады. 
Түркі тілдері деген ұғым түрік-татар тілдері 
тіркесі арқылы беріле бастады. Мысалы, Қазан 
университетінде ашылған кафедра түрік-татар 
тілдері кафедрасы деп аталады. Сондай-ақ 1839 
ж шыққан М.А.Казем-Бектің еңбегінде түрік 
пен татар сөзін қарама-қарсы қояды. Сонымен 
қатар М.А.Казем-Бек өз грамматикасында түркі 
сөзін де қолданады. 
А.Н.Самойлович 
өзінің 
арманына 
ХХІ ғасырда жетті. 1935ж КСРО Ғылым 
академиясының академик Н.Я.Маррға арналған 
ғылыми жинағында ресми түрде түркі, 
түркі халықтары, түркі тілдері терминдерін 
қолданады. Ал ұзақ уақыт бойы ғалымдардың 
талас объектісіне айналған түрік сөзі осман 
тілінің үлесінде қалды.
Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдер екі 
түрлі тұрғыдан: 1)тілдік материалдың (түбір 
мен аффикстердің және сөздердің) бірлігі яғни 
шығу тегінің бірлігі тұрғысынан; 2) шығу тегіне 
байланыстырылмай, құрылысы мен типіне, 
грамматикалық құылысының, ыңғайластығы, 
ұқсастығы тұрғысынан топтастрырылады. 
Топтастырылудың бірінші түрі – генеологиялық 
классификация делініп, екіншісі – типологиялық 
классификация деп аталады. 
Генеалогиялық классификацияда тілдердің 
туыстас тілдер болып саналуы үшін олардың 
лексикасы жағынан өзара ұқсас, ал дыбысталу 


91
ISSN 1563-00226 KazNU Bulletin. Oriental series. №2(68). 2014
Ж.Ж. Есеналиева
жағынан бір-біріне жақын сөздер болуы қажет. 
Классификацияның бұл түрі – салыстырмалы-
тарихи тіл білімінің деректері мен жетістіктеріне 
сүйене отырып, дүние жүзіндегі тілдерді 
олардың шығу тегінің бірлігіне, материалдық 
туыстығына қарай әртүрлі тілдік топтарға бөліп 
қарастырады.
Типологиялық классификацияда граммати- 
калық формулалардағы түбір морфема мен 
аффикстік аффикстердің байланысу сипа-
ты ескеріледі және де тілдерді типологиялық 
ерекшеліктері бойынша ажыратады. 
Қазақ тілі – түркі тілдер тобына жататын 
көне тілдердің бірі. Қазақ тілі – агглютинативті 
тіл. Агглютинация дегеніміз – сөз түбіріне 
бір аффикстен соң екінші бір немесе бірнеше 
аффикстердің бірінен соң бірінің жалғануы. 
Түбірге аффикстер жалғау арқылы грамма- 
тикалық мағынаның берілу тәсілі аффикса-
ция тәсілі деп аталады. Аффиксация тәсілі 
– грамматикалық тілдердің ішіндегі ең кең 
тараған тәсілі. 
Қазақ тіліндегі аффиксация тәсілі дерива- 
циялық мағынаны да, реляциялық мағынаны 
да білдіреді. Демек, аффиксация тәсілі 
грамматикалық мағыналарды білдіру үшін 
жұрнақтарды да, жалғаулардыда пайдаланады. 
Мысалы: -шік, -ғыш, -дыр жұрнақтары: үйшік, 
жаздыр, жазғыш деген сөздерде деривациялық 
мағынаны білдірсе, -лер, -іміз, -де жалғаулары 
үйлерімізде деген сөздерде реляциялық 
мағынаны білдіреді. Қазақ тілінде сөз агглюти-
нация принципі бойынша құрылады да, түбірге 
аффикстер бірінің үстіне бірі жалғана береді. 
Аффикстер түбірге белгілі бір тәртіп, заңдылық 
бойынша жалғанады. Бір сөздің құрамында 
бірнеше жалғау қабаттасып келсе, алдымен 
жұрнақ содан кейін жалғау жалғанады. Сөз 
құрамында бірнеше жалғау қабаттасып келсе, 
алдымен көптік жалғауы, содан соң тәуелдік, 
септік жалғауы, жіктік жалғауы жалғанады. 
Мысалы: ауылдарыңызданбыз деген сөзді алсақ 
ауыл – түбір, -дар – көптік жалғауы, -ыңыз – 
тәуелдік жалғауы, -дан – шығыс септік жалғауы, 
-быз – жіктік жалғауы. 
Қазақ тілінде сөз түрлендіруші аффикстер 
мен форма тудырушы аффикстер бар. Мысалы, 
қамсыздандырылмағандықтарыңыздан 
деген 
сөзді морфемаларына қарай бөлшектеп көрейік:
-қам – негізі морфема (түбір)
-сыз – сөз тудырушы аффикс, сын есімнің 
жұрнағы
-да – сын есімнен етістік жасап тұрған аф-
фикс
-ны – өздік етіс, сөз түрендіруші жұрнақ 
-дыр – сөз түрлендіруші, өзгелік етіс жұрағы
-ыл – ырықсыз етісжұрнағы 
-ма – болымсыз мағыналы жұрнақ
-ған – есімше жұрнағы
-дық – етістіктен зат есім тудырушы жұрнақ
-тар – көптік жалғау аффиксі
-ыңыз – тәуелдік жалғауы
-дан – флексия (шығыс септік)
Бұл сөзде бір түбірге 11 аффикс жалғанып 
тұр. Оның үшеуі -сыз, -да, -дық – сөзден сөз ту-
дырушы аффикстер, сегізі -ны, -дыр, -ыл, -ма, 
-ған, -тар, -ыңыз, -дан – сөз түрлендіруші аф-
фикстер.
Қазақ тілінің құрылымдық-типологиялық си-
паттамасы негізінен оның агглютинатив тілдерге 
жататындығымен байланысты. Агглютинативті 
тұрпаттағы тілдерді сипаттау үшін фонетикалық 
қана емес, сондай-ақ морфологиялық және син- 
таксистік ерекшеліктерді көрсететін типоло- 
гиялық басым белгілер жиынтығы ескеріледі. 
Қазақ тілінің түпкі шығу тегі түркі тілдері 
дамуындағы ең көне Алтай дәуірінен, Хун 
дәуірінен (біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ-ІҮ 
ғасырлар мен біздің заманымыздың Ү ғасыры 
аралығы) және одан бергі көне түркі дәуірінен 
(біздің заманымыздың Ү – Х ғасырлар аралығы) 
бастау алады.
ХІ ғасырда /1074/ Иракта араб тілінде «Ди-
вани луғати ит-тюрк» деген атпен үлкен сөздік 
шықты. Ол сөздіктің авторы Махмуд Қашқари 
көптеген түркі тілдерінің, оның ішінде қыпшақ 
тайпаларының да материалдарын береді. 
Үш жүздей мақал-мәтелдерді, көптеген өлең 
үзінділерін келтіреді. Олардың біразы қазақ 
тіліне қатысты материалдар [14,9]. 
Алтай дәуірінде негізі бір ататілден шыққан 
түркі және монғол, тұнғыс-маньчжур тілдері 
бір-бірінен ажырай бастаған [15,29]. Ал Хун 
дәуірінде монғол, тұнғыс-маньчжур тілдерінен 
түгелдей ажырап болған түркі тілдері өз ішінен 
шығыс түркі және батыс түркі тілдері болып екі 
салаға бөлінген. Қазақ тілі батыс түркі тілдерінің 
қыпшақ тобына енеді. Қыпшақ тілдерінің, 
оның ішінде қазақ тілінің құрылымы тура-
лы мәлеметтер Махмуд Қашқаридің «Дивани 


92
ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2(68). 2014
Түркі тілдерінің генеалогиялық және типологиялық сипаты
луғати ит-түрк», Юсуф Баласағұнның «Кутадғу 
білік», Ахмет Иассауидің «Дивани хикмет» т.б. 
еңбектерінде кездеседі.
ХҮ ғасырдың аяқ кезі мен ХҮІ ғасырдың 
басында қазақ тайпалары қыпшақ қауымынан, 
ноғай ордасынан бөлініп шығып, дербес халық 
болып бірігеді. Қазақтың біртұтас халық тілінің 
қалыптасуы ХҮ-ХҮІ ғасырлардан баста-
лып, ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін
созылды.
Қазақ тілі қыпшақ тілдеріне, оның ішінде 
қыпшақ-ноғай тобындағы тілдерге тән белгі- 
лерді сақтай отырып, өзінің ішкі даму заңы бой-
ынша жетіліп отырды.
Қазақ тілінің ХҮ-ХІХ ғасырлар аралығын- 
дағы құрылысы жайында мәлеметтер Алпа-
мыс, Қамбар, Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Көкше 
т.б. сияқты т.б.тарихи эпостар мен тарихи по-
эзия жырларында берілген. ХҮІІІ ғасыр мен 
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында кітаби тіл 
элементтерін сақтаған қисса-дастандар, батыр-
лар жайлы жырлар пайда болды. ХІХ ғасырдың 
екінші жартысынан бастап қазақ тілі ұлт тілі бо-
лып қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет