Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға Мақсаты



Дата26.01.2022
өлшемі9,85 Kb.
#24345

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарла

Арман: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,


Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

Гүлсезім: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы –

Арман: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

Гүлсезім: Дұрыс айтасың Мағжан.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

Арман: Иә, Ләззат.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

А: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» атты ашық тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер. Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысын шақырамыз. Алғашқы сөзді мектеп басшысы Амантаев Рүстем ағайға береміз. Рахмет, ағай!



Г: «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын Төлебек Мейрамбек, Рысбай Айғаным

А: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.
: Олай ойлауыңның себебі неде?
Мағжан: Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.

Г: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
Ұлжан, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Көрініс: «Баласы мен атасы»

Хор: «Мұғалім – ол біздің» әні орындалады.

Ұлт ұстазы


Кім ұғады оқушының тілегін,
Кім ұғады оқушының жүрегін.
Ұғатын кім, үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол - ұстаздар деп білемін.
Оқушыға мейірі мол анадай,
Ол қуанса, қуанады баладай.
Түсе қалса, қабағы мен қасы егер,
Жұбатады жылы сөйлеп аялай.

Амаль
Үйретеді жалықпастан өнеге,
Отырығызып білім атты кемеге.
Теңіздейін тереңіне бойлатып,
«Маржан» терсе, көтереді төбеге.
Өрелі боп өссе ұлы-қыз бағына,
Асып - тасып мерейленіп тағы да
-Міне, менің шәкірттерім осындай,-
деп, өткенін еске сағына.
Жақсы шәкірт - жақсы ұстаздың жалғасы,
Өзендердей ортаймайтын арнасы.
Ұлт ұстазы, ұлағатты келіскен,
Ар-білімін ұрпағыңа арнашы!

Хор: «Біз бақытты балдырғандар» Сөзі М.Әлімбаевтікі, әні Ө.Байділдаевтікі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет