«Студент пен оқытушы үшін әдістемелік құрал» Жалпы «технология»



бет1/2
Дата01.03.2022
өлшемі5,87 Mb.
#26724
  1   2

«Студент пен оқытушы үшін әдістемелік құрал»

Жалпы «технология» деген ұғымы гректің techne - өнер, кәсіп, шеберлік, ал logos – ғылым, ілім деген сөздерден құралған, мағынасы – «шеберлік туралы ілім» дегенге келеді.

Технология:

  • өндірістің, мысалы, металдардың, химиялық және т.с.с. құрылыс жұмыстары процесінде өңдеу, әзірлеу, күйінің өзгеруі, қасиеттері, шикізат, материал немесе жартылай фабрикат әдістерінің жиынтығы;
  • сәйкес өндіріс жабдықтарымен шикізатқа, материалға немесе жартылай фабрикатқа әсер ету тәсілдері туралы ғылым

Шетелдік басылымдар бойынша «технология» дегеніміз - «қағидаларды анықтау және құрастыру, тәсілдерді және материалдарды қолдану жолымен, сонымен қатар қолданылатын әдістерді бағалау көмегімен білімдік тиімділікті жоғарлататын, білім процесінің тиімді тәсілдерін, фактілерді талдау жолымен жасау мақсатында зерттеу»

Технологияның түрлері

Педагогикалық технология – психологиялық-педагогикалық нұсқауларды білім беру процесінде қолданылатын оқытудың және тәрбие құралдарының арнайы формалары, әдістері, құралдары және тәсілдер жиынтығы, ол болжанған білім беру нәтижесіне алып келеді.

М.В. Кларин, Г.М. Құсайынов, В.П. Беспалько, Ж. Қараев еңбектеріне

сүйенсек педагогикалық технология дегеніміз - өнер, шеберлік,

білік, білімді меңгерудің жаңа жолы (оқытуды ұйымдастырудың

жаңаша формалары, әдіс-тәсілдері), оқыту процесін ұйымдастырудың,

өткізудің жан-жақты ойластырылған педагогикалық қызметтің моделі;

оқытуда мақсатты нәтижеге жетудің кепілдік беретін жазбаша үлгіжоспары, оқыту процесінде адамның іс-әрекетімен техниканың

мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану т.б

Біздің пікірімізше, педагогикалық технология дегеніміз – белгілі бір тәрбиелеу немесе оқыту мақсатында тиімді нәтиже алу үшін ұсынылатын технологияның бір түрі.

Әдіс - білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.

Оқыту әдістері оқу-тәрбие мақсатына жетуге бағытталған мұғалім (оқытушы) мен оқушылардың (студенттердің) өзара байланысты іс-әрекет тәсілдері.

Пассивті оқыту – студенттер мен топ кураторы / оқытушылардың өзара әрекеттесу формасында, сабақ барысында оқытушы негізгі қызмет атқарады, ал студенттер пассивті тыңдаушылар рөлінде болады. Cтудент «оқытудың нысаны» рөлінде болады: - тыңдайды; - көреді, қарайды.

Пассивті сабақтарда келесі жолдар

арқылы жүзеге асырылады:


  • сұрақ қою;


  • өз бетінше және бақылау жұмыстары;


  • тестік тапсырмалар және т.б

Белсенді әдістерді пайдалану:
  • оқытушы мен студент сабақ барысында бір-бірімен өзара

  • әрекеттеседі: студенттер енді пассивті тыңдаушылар емес,

    олар оқыту процесінің белсенді қатысушылары;


  • пассивті сабақ барысында негізгі фигура ол оқытушы болды,

  • ал мында студент пен оқытушы бірдей құқыққа ие – студент

    оқытудың «субъектісі» ретінде болады;


  • пассивті сабақтар оқытудың авторитарлы стиліне негізделеді,

  • ал белсенді сабақтар демократиялық стильге негізделеді.

Педагогикалық мүмкіндіктердің арасында ең жемістісі – ол интерактивті оқыту!!!

Интерактивті оқыту:


  • білім беру процесіне қатысушылардың өзара әрекеттесуі диалогты формаға негізделген тәсіл;
  • өзара араласуға (сөйлеуге) негізделген оқу, оның барысында студенттердің жұмысты бірлесе орындау дағдысы қалыптасады;
  • «барлығы әр қайсысын зерттейді (таниды) және әркім барлығын зерттейді» .

Интерактивті оқытудың мақсаты – оқытушы студенттің өзі білім алуға және құрастыруға жағдай жасау.

Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:

- тұлғаның еркіндігі мен құқықтарының сақталуы;

- тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;

- педагогикалық қолдау көрсету

Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрете бiлу.

Студенттер кейбiр нақты дұрыс жауабы жоқ, проблемалы

сұрақтарды шешу барысында келесіге жол беріледі:



-өздеріне деген сенiмдері тәрбиеленеді;

- шешендiк өнерлерi жетiледi;

- танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi

шындық болмайтынын);

- сыни ойлау дағдыларын дамытады;

- өз пiкiрлерiне деген құқығын түйсiнуi артады;

- пiкiрлердiң көптiгiн ұғынады және т.б

Интерактивті оқытудың негізгі варианттары


  • Модерация
  • «Ми штурмы» (шабуылы) Case-study (нақты практикалық жағдайларды талдау) / Ситуациялық міндеттерді шешу Сахналау
  • Мозаика
  • Рөлдік ойындар
  • Ойындық жаттуғылар
  • Мини-жобалар жасау
  • Іскерлік ойындар
  • Дебат және т.б.

Ынтымақтастық оқытудың топтарға бөлінуі

2. Қалауы бойынша

3. Лидерлік таңдауы бойыншы

4. Белгілі бір қасиеттеріңнің бойынша

5. Кездесоқ



Оқытудың ынтымақтастық технологиясы
  • Ұжымда оқу;
  • Өзара бағалау;
  • Кіші топтардағы бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет