Студентке мінездеме Алмазқызы Арайлым – «№2 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»



Дата07.01.2022
өлшемі15,32 Kb.
#19153

Студентке мінездеме

Алмазқызы Арайлым – «№2 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 18.01.2021 ж- 15.05.2021 жж. аралығында үздіксіз оқу (танысу) практикасынан өтті. Үздіксіз оқу (танысу) практикадан өту кезінде Алмазқызы Арайлым өзін жақсы қырынан көрсете білді. Практиканың алғашқы күнінен бастап оқушылармен тез тіл табысып, оларды өзінің мәдениеттілігімен, кішіпейілдігімен, қарапайымдылығымен өзіне баурай білді. Бірінші күннен бастап – ақ өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен көрінді. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді. Алмазқызы Арайлым тәжірибе барысында мектепке үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді.

Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, оқушылармен тез тіл табыса алды. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып, өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Сабақтарында ойындар, сергіту жаттығулары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Әрбір сабағы жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылар құрметіне ие болды. Алмазқызы Арайлым болашақта білімді де білікті, үлгілі еліне адал қызмет ететін азамат болатынына сенемін.

Үздіксіз оқу (танысу) практикасын 5 (үздік) деп бағалаймын.

Бағасы: 5

Сынып жетекшісінің қолы:_________________________________

Үшарал қаласы №2 орта мектебі мектеп

жасына дейінгі шағын орталығы бар КММ

1 б сынып оқушысы Саматқызы Ұлжанға


Мінездеме
Үлгерімі өте жақсы. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Оқу материалын қабылдауы жоғары. Зейіні тұрақты, ойлау қабілеті жоғары. Мінезі ашық, көңіл – күйі тұрақты. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, қарым - қатынасы жақсы, кішіпейіл. Сыныптан тыс шараларға белсене қатысады.

Оқу бағдарламасы бойынша өткен тақырыптарды толық меңгерген. Пәндерге қызығушылығы жоғары. Өзін –өзі тану сабағында берілген сұрақтарға белсене жауап береді. Сурет салуға қабілеті өте жоғары. Сауат ашудан барлық әріптерді толық меңгерген. Сөздермен мен сөйлемдерді тұтас жүргізіп оқиды. Мәтіннің мазмұнын толық жеткізе алады. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Зейіні тұрақты. Еске сақтау, қабылдау, ойлау қаблеттері жақсы дамып келеді. Бейнелеу өнерінен, қол еңбегінен, және жапсырмалау жұмыстарын қызыға құлшына орындайды.



Ұлжан өте ақкөңіл, ашық - жарқын, әрдайым көңілді жүреді. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі. Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Өте белсенді. Ол болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі.


Практикант Алмазқызы Арайлым:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет