Студенттер- тіл мәдениетін қалыптастыратын рухани орта



Дата06.01.2022
өлшемі32,64 Kb.
#15655

Студенттер- тіл мәдениетін қалыптастыратын рухани орта

Студенттердің тілдік тұлғасын қалыптастырудың лингвомәдени негіздері

Тіл мәдениетін игеру арқылы тілдік тұлға қалыптастыру

Мақсаты:


Менің мақсатым тіл мәденитін бірінші өзім жетік меңгеріп , оны толығымен түсініп, әр халықтардың тілдерін таза біліп үйренгедерімді оқушыларға жеткізіп беру. Әр бір халық өзінің ана-тілін меңгере білуі және менің негізгі мақсатым тіл мәдениетін бүкіл әлемге алып шығу.

Менің мақсатым – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қадірлей білу, оның қоғам қажетіне қызмет етуін дағдыға айналдыру, яғни қазақ тілінің қоғамдық қызметі дегенде оның нарық тіліне айналуын, ғылым мен өркениет тілі болуын қамтамасыз ету. Қазақ тіл білімінің теориялық негіздерімен толық танысумен бірге тәжірибеде қолдануға төселу, қарым­қатынас тілі ретіндегі ерекшеліктерін үйренудің өзіндік сипаттары бар. Сөйлеу тілі мен жазба тілдегі қолданыстардың бірқатар ерекшеліктеріне көңіл қойып, баса назар салатын тұстарды айқындау.

Сөз мәдениетінің негізін тағы да ұлттық әдеп пен тәрбиеден табамыз. Әдептіліктің өзін әдемілікке балаған ел дәстүрі өз тілінде таза да көркем сөйлеуді қажет етеді. Тілді үйрену – өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу – ұлт ділін, қасиетін, мінезін, ой, жан дүниесін, сырын білу, халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту

Жоспар:


I Кіріспе

а) Ұлт тілі тарихының деректері

II Негізгі бөлім

а) Қоғамдық қатынастағы ұлттық тілдің мәні

ә) Сөз қолдану мәдениеті

б) Әдеби тіл нормасы

IIIҚорытынды:

Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы

Пайдаланған әдебиеттер

Осы жоспарда жазуымыз керек, зерттеудің өзектілігін, міндетін жазуға тырыс.

Мынау мектептікі жарамайды

Тіл мәдениеті

Тіл екі түрде қызмет етеді. Бірі-сөйлеу тілі, екіншісі - жазба тіл. Сөйлеу тілі мен жазба тілдің бір – бірінен үлкен – үлкен айырмашылықтары бар. Сөйлеу тілі бетпе – бет сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан ол көбінесе диалог түрінде өтеді. Ал жазба тіл – әр түрлі жазба әдебиеттердің түрі. Ол қолма-қол оқуға да, келесі ұрпақтардың оқып үйренуіне де, білуіне де арналатын мәңгілік мұра.

Тіл мәдениеті дегеніміз- сыпайы, ізетті, сауатты сөйлей білу мен жаза білу және сөзді дәл айта білу, оны орнымен әсерлі етіп қолдана алу шеберлігі. Халықтың ұшан – теңіз сөз байлығының ішінен ең қажетті, ең ұтымдық тілдік құралдарды таңдап алып, оларды айтылмақ ой мен мәтіннің мазмұнына, мақсатына сай етіп тіркестіре алу білгірлік пен шеберлікті қажет етеді. Мәтінді жүйелі түрде мазмұндай алу да тіл мәдениетіне жатады.

Тіл мәдениет, білім беру, ғылым, әдебиет, өнер, жалпы, рухани өмірдің барлық салалары үшін қызмет етеді. Оның осы қызметі тіл мәдениетінің дәрежесін арттыруға, тілдік тәсілдердің жетіліп, қалыптасуына кең жол ашады.

Тіл мәдениеті екі салаға бөлінеді: жазу мәдениеті, ауызша сөйлеу мәдениеті.

Тіл өнерін аса жоғары бағалаған халқымыз әр сөздің мағынасына жетік көңіл бөліп, көркем сөйлеуге, әңгімелесу барысында тыңдаушысын баурап алуға, оларды тәрбиелеп отыруға ертеден – ақ көңіл бөлген

Бірақ күнделікті өмірде көпшіліктің сөйлеуінде тіл мәдениетіне нұқсан келтіретін кемшіліктер, кісі тосырқап қарайтындай ерсіліктер кездесіп қалып отырады. Ана тілін, шұбарлап, бөгде тілдің сөздерін араластырып сөйлейтіндерді жиі байқаймыз. Көптеген жастар тұрпайы сөйлеуді. Тіліміздің лексикалық, фонитикалық, грамматикалық нормалары мен заңдылықтарын ескермейді, қазақ тілінен алған теориялық білімдерін пайдалана алмайды, сөйлегенде тыңдаушы өзінің ойын ұғып, сезіп тұр ма, жоқ па, онымен санаспайды. Басқа тілдің сөзіне араластырып, өз тілдің құтын қашырып сөйлеу мәдениетсіздік екенін аңғармайды.

Сөйлеу тілі тікелей бетпе – бет сөйлесу арқылы және сұрақ –жауап, түсіндіру негізінде көрінетіндіктен, сөйлем құрамы да ерекше болады. Онда дауыс ырғағы, ым, ишара, бет, қол қозғалыстары да белгілі мәнде жұмсалады. Жазба тілді ойды жеткізуге себебін тигізетін ондай қосалқы әдістер болмайтындықтан, сөйлем ойды нақты да толық білдіре алатындай жуйелі әрі түсінікті етіп құралады.

Тілдің қызметі мен ойдың айтылуы мақсатына қарайсөйлем құрауды соған сәйкес сөздер, грамматикалық тұлғалар, тіркестер сұрыпталып, талданып қолданылады. Ал ойдың әсерлі, көркем болуы, тыңдаушы оқушысын баурап әкетуі тілде сөздердің орынды қолданылуына, көркемдегіш, бейнелеуіш құралдардың сәтті жұмсалуына тікелей байланысты.

Әркімніңсөз қолдану ерекшеліктері әр түрлі болады. Көселіп сөйлейтін көсем де, таңдайынан бал тамған, тыңдаушысын тамсандыратын шешендер де сөйлегенде сөзді сұрыптап қолданады, сол арқылы ойын дәл де әсерлі жеткізеді. Оқушының сезіміне әсер етуі үшін сөздер бейнелі мағынада, астарлы түрде, көркем мәнде қолданылады.

Сөйлей білу – ойлай білу. Олай болса, дұрыс ойлау, дұрыс жазуға мүмкіндік тудыру керек. Меніңше, әр бір адам дұрыс ойлап, дұрыс сөйлеп, әсіресе дұрыс жазуға да мүмкіндік іздеуі керек. Өйткені бұл күнде көп адам дұрыс ойлауын ойласа да, дұрыс сөйлей, әсіресе дұрыс жаза білмейді. Қазақтың «Сөйлей, сөйлей шешен боласың» деген мақалы дұрыс: Ойлауың дұрыс болғанымен, сөйлеп үйренбейінше, пікіріңді айта алмайсың. Сол сияқты, ойлағаныңды жазып уйренбесең, тағы болмайды. Сөйлеуді адам ұжым ішінде жүріп, біреуге еліктеп, біреуден үлгі алып, халықтың бай тілін пайдалана жүріп үйренгенін өзі сезбей қалатын болса, жазуды олай үйрене алмайды. Мен бұл жерде жазу дегеннің өзін екіге бөлемін: 1. Қалай болса солай естігенін– естігенінше, айтқанын - айтқанынша жазу бар да, 2. Мәдени үлгілі жолмен жазу, әдеби тілдің нормасын, ережесін, жобасын сақтай жазу бар. Нормаға бағынбай бетімен жазылған сөздерді біз тізгінсіз, үлгісіз жазу дейміз. Ал, бас- аяғы жинақты, түсінуге ұғымды, жеңіл, белгілі өлшеммен, белгілі ережемен жазылған сөзді, қысқасы, белглі бір нормаға сай жазылған сөздерді әдеби тілдің қалыбымен жазылған я айтылған дейміз.

Сөйлемді түсінікті әрі тұжырымды құрайтын тіл ғана әдеби тіл саналуы керек. Әдеби тіл грамматикаға сүйенеді, соның үлгісі бойынша жазады; қазақ тілінде 1. Өлеңді я төл сөзді сөйлемнен басқа жерде бастауыш сөйлем аяғында келмейді, 2. Баяндауыш қара сөзде ылғи сөйлем аяғында келеді, 3. Анықтауыштары мен пысықтауыштар сөйлем аяғында тұра алмайды, 4. Толықтауыштардың ішінен сөйлем аяғында тек шығыс пен жатыс жалғаулы сөз келеді, бірақ бұл да диалогте кездеседі.

Соның үшін де біздің ақын жазушыларымыз, аудармашыларымыз, газет-журнал қызмткерлері, редактор жолдастар алдымен қазақ тілінің синтаксисын жақсы білулері керек .Сонда ғана әдеби тілдің нормасынан жайылып өз білгенімен жаза беруден сөйтіп, тілді білдіруден қорғаған боламыз. Тілді бұзу жалғыз жеке сөздерге ғана байланысты емес,сөйлемге, сөйлеу құрылысына да байланысты екенін ұмытпау керек.

Көркем сөз несімен көркем ?Алдымен, сөзді орнымен қолданып , сөйлемді ықшамдап құрғандықтан екіншіден,сөзді кестелі, бейнелі етіп құрғандықтан, көркем. «Өнер алді –қызыл тіл»деген бекер айтып қалған жоқ «Сөз сүектен өтеді ,таяқ еттен өтеді»,«Ердің құны екі ауыз сөзден шешіледі»,«Сөз тапқанға қолқа жоқ» ...дегендер де бар. Мұның барі, әрине, тәжірибенің арқасында мың-мың тексеріліп барып айтылған нақыл сөздер.

Адам белгілі бір қоғамда өмір сүреді, сол қоғамның материалдық және рухани байлығыны жасаушысы болып табылады. Сол себепті, адамдар үнемі қарым – қатынас жағдайында тіршілік етеді. Адамдардың өмір сүруінің, тұрмыс – тіршілігі жүзеге асыруының құралы – тіл. Тіл – жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, натижесі. Сондықтан да тіл – қоғамдық құбылыс. Адамзат қоғамы даму, жетілу үстінде болады. Осы өзгерістердің бәрі тіл арқылы көрінеді, тіл арқылы басқаға жетеді.

Біз халыққа олардан көп пайда келеді деп үміт ете алмаймыз.Ондай адамдардың көбі тілінің, өз дінінің қәдірін білмей, тек қана өз құрсағына қызмет етеді .

Дүниеде әрхалықты жеке-жеке халық еткен,бір халық пен екінші бір халықтың арасын жуықтатқан, бір-біріне біріктірген себептердің ең зоры да тіл және әдебиет. Өзіне тән тілі мен әдебиеті болмаған халықтығын сақтай алмас. Сақтай алмағанымен қоса , өздерінен жоғары тұрған екінші бір халықтың тілі мен әдебиетін үйреніп , оның тілі мен әдебиетіне жан –тәнімен ғашық болар. Өз тіл , әдебиетін ұмытар, халықын да ұмытар. Бара –бара сол екінші халыққа сіңіп , оған бала болар. Балаларына жасынан өз тілін жақсы үйреткен , олардың көңілдерінен құр өгей анасияқты тәрбие еткен халық та келешекте ұрпағынан өзінің қылған жақсылығы, берге тәрбиесі дәрежесінде ғана жақсылықты көрер .Балалары да оған өгей анаға қараған көзбен қарар. Халық пен балалары арасында бұл ала көздік , шапағатсіздік халықтың ақырында құруына себеп болар. Міне, осы себептен де бұл бір халық өзінен әлсіз екінші халықтың халықтығына зияндық келтіремін десе , ең алдымен , ол бейшера халықтың тіліне, мәдениетіне балта шабады. Өз әдебиеті мен тіліне үгіттейді. Ана сүтімен бірге емген ана тілі мен әдебиетінің бағасын біліп, дәмін сезген балалары ғана өз тіліне ата –анасынан да арттық құрмет етер. Тіл мен әдебиетінің жоқ болмауы үшін , жанында пида етеді. Заманымызды күшті халық пен әлсіздер , үстемдік етушілер мен бағынушылар арасындағы жанжалдардың көбісі осы тіл, әдебиет мәселесінен қозғалады.

Түркі халықтарының арасында қазақ тілінің ескі сөздікке бай, ескі болғандығынан да сап алтындай таза , нағыз тіл екендігі жұртқа мағлұм. Тазалығы ,байлығы жағынан тіліміз Оман яки татар, басқа да туғандарымыздың тілдерінен көп алды.

Сөздің таза дұрыс , анық, дәл айтылуының устіне , лебіз көрнекті , көркем болуы да керек. Көркем сөз – көрікті ойдың көрінісі. « Шығарма тілі екі түрлі болады, - дейді А. Байтұрсунов 1. Анық тілі. 2. Әншейін тіл. Анық тілі –айрықша өң беріліп айтылған сөз. Анық тілімен сөйлегенде, сөзге айрықша өң берілгендіктен, лебіз көрнекті болып шығады. Әншейін тілмен сөйлегенде сөзге өзгеше өң берілмегендіктен, лебіз сида, жалаңаш болып шығады. Әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтығын, тазалығын, дәлдігін тағайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлділігінің үстіне көрнекі, әуезді болу жағын да толғайды ». Ғалым «анық тілі »дегенді ауыспалы мағынада алып,шешен тілмен сөйлеу дегенді аңғартады. Лебіз көркемдігі тілдегі әр алуан көріктеу құралдары мен айшықтау тәсілдері орнымен, шеберлікпен жұмсайалудан көрінеді. Олар: теңеу, көйіптеу, эпитет, метафора, метонимия синедоха, пареллелизм, антитеза, инверсия қайталау, ритарикалық сұрақтар, т.б. Алғашқы айтылуын ғылымда троптық түрлеріне жатқызса, соңғыларын фигураның түрлеріне жатқызады. Ғалым З. Қабдалов: « Троп шындықты бейнелеп, кейде перделеп, көйде өңін айландырып айту үшін, яғни адеби тілді құбылтұ үшін керек болса, фигураның түрлері әдеби тілді ажарлау үшін керек »,- дейді. Бұл көркемдеуші элементтер шешендік сөздерді жай сөзден ажыратып тұратын тілдік белгілер болып саналады. Фразеологизмдер мен мақал – мәтелдерді орнымен қолдану ойды бейнелі және түйіндеп жеткізүдің құралы болса, троатық түрлері өмірдің шындығын, құбылысты кісінің көз алдына елестетіндей етіп сүреттеуге көмектеседі.

Қазақ тілі қазақ ұлтының құралуымен бірге қазақ халқының ұлт тілі боып қалыптасты.Ұлттық өмір сүруінің кепілі- ұлттық тіл. Қазақтар өзінің ұлттық тілін «Ана тілі» деп атайды. Қазақтың ана тілі -қазақ халқына ортақ, бәріне бірдей түсінікті, біртұтас тіл. Соған қарамастан, халық тілі өз ішінен сараланады. Ол, алдымен, бүкіл қазақ ұлтына және Қазақстанды мекендейтін басқа ұлттарға ортақ, түсінікті әдеби тіл. Екіншіден, белгілі аймақта жергілікті сипаттап қолданылатын диалектілер үшіншіден, ауызекі сөйлеу тілі. Бұлардың қоғамдағы орны, маңызы, қызметі бірдей емес, бірақ осының бәрі ұлтты тілді құрайды. Ұлттық тіл-қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығы ұрпақтан –ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал.

Қазақстан – көпұлттымемлекет. Көпұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Қазақстанның мемлекеттік тілі -қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл –көпелді елдің барлық халқын саяси-мәдені бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. Көпұлтты Қазақстанда мемлекеттік тіл өз қызметін толық атқару үшін тіл заңын қабылдау қажет болды. «Қазақ КСР-інің Тіл туралы заңы» 1989 жылы қабылданды. Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты 1992 жылы және 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Жаңа Кониституциясында қазақ –тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді.1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы» қабылданып, оның 4бабына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі» екені жазылған.

Мемлекеттік тіл –Қазақстан мемлекетінің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын: мемлекеттік басқару, заң Мемлекеттік тіл- Ту мен Елтаңба сияқты мемлекеттің рәмізі. Осыған сәйкес 1997 шығару, сот ісін жүргізу, ғылым, білім, мәдениет, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салалары-радио, теледидар, мерзімді баспасөз сияқтыақпарат құралдары, қағаздарының тілі. «Тіл туралы Заң» осы салалардағы тілдерді қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттепотырады. Мемлекеттік тіл мемлекет қамқорлығында болады.

Таза сөйлеу ой айқындылығының белгісі. Шешендікті қәдірлеген халық « Адам аласынан сөз аласы жаман, от шаласынан сөз шаласы жаман»дегенде, ана тілінің байлығын бағаламай, туған тілінде таза сөйлей алмаған адамдардың қойыртпақ тіліне қарап қынжылып айтса керек.

Тіл тазалығы дегеніміз, - дейді Ахмет Байтұрсынов, - ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, ескірген сөздерге жоламау, жерлікті сөздерден қашу...

« Таза сөйлеу дегеніміз- сол тілдің жалпыға ортақ байлықтарын пайдаланып, «бөгде» сөздерді араластырмай сөйлеу,» - дейді ғалым М.Балақаев. Бөгде сөз дегенде ғалым біреуден келтірген дәектемелерді немесе өзге тілдерден ауысып, тілімізге сіңіп кеткен кітап, өмір, ғылым, радио, иниститут вагон, рельс доға сияқты сөздерді айтып отырған жоқ . Мұндай сөздер бұл күнде қазақ тілінің нормасына айналып, жалпы халықтың қасиетке ие болған.

Тіл тазалығын сақтамау дегенде адамдардың шетелдік сөздерді, әсіресе орыс сөздеріе орынсыз қолдануын айтады. Керегі жоқ жерде жөн – жосықсыз өзге тілдің сөздерін пайдалану, өзге тілдің грамматикалық қурылысын сақтап сөйлеу ойды түсініксіз етеді. Мысалы, пониаешь, капитально, звонить етіп, прямо, так, ну, значить тәрізде шетелдік сөздерді қосып айту тілдегі орашолпақтың, шалалық, ойжүдеулігі болып табылады. Сөзі шала кісінің ойы да күңгірт болады. Д.Майлин бір өлнңінде:

Значить, так сказать нақыл болды,

Жел қайдан шықса, соған жақын болды,-

деп орысша мен қазақшаны араластырып сөйлегендерді сынаған .

Тіл тазалығы керек емес ,басы артық сөздерді қыстырып сөйлеуден де бұзылады. Сөйтіп, солай етіп, нетіп, жаңағы, міне, сосын, құсап тәрізде қыстырма сөздерді көп қолданусөйлеуші тілін кедейлелендіреді, тыңдаушыларын мезі қылады, шешенді күлгіге ұшыратады. Сөйлеу тілінде қыстырма сөздер сөйлеушінің қысылып-қымтырылғанынан, ойды дұрыс жеткізе алмауынан, сөздік қорының аздығынан келіп туындайды. Тіл тазалығын ойлау шешеннің сөйлеу әрекетінің сапасын көтереді.

Белгілі бір топ арасында ғана қолданылатын жаргон сөздер де тіл мәденитіне кесел келтіреді. Адамдар тіпті тұрмыстық қарым –қытынасты сөйлеген де қарапайым, деректі, тұрпайы сөздерді айтудан аулақ болуы керек. Сөйлеуші адамдардың ой-өрісінің кеңдігі, салиқалы, салуаттылығы сөйлеуі аңғарылады. Мәдениеті жоғары, білімді, парасатты адамдар аузекі сөйлеген де әдеби тілдің нормаларын сақтап, тұрпайы, деректі, былапыт сөздерді араластырмай, өз ойын мәдениетті түрде жеткізіп отыруға дағдырланады.

«Іріген ауыздан шіріген сөз шығады» дегендей, жан дүниесі жүдеу, сөзімнен жұрдай топас, ауызы лас кейбіреулер маңындағылардың табиғи кемшілігін тауып, тілінің зәрін соған шашады: бүкіл, пұшық, тас, керең дегендерді оның бетіне басып, жүрегін жаралайды. Бұл барып тұрған мәдениетсіздік! Адамға тіл кісіні жәбірлеу үшін берілген жоқ. Сөйлеу қабилеті баржанның бәрі өзімен қарым-қатынас жасайтын адамдарға тіл тигізбей, жүрегіне зіл түсірмей өмір сүруге тырысса, өзіне де, өзгелерге де шаттық, сәтті күн силайды.

Сөйлеу мәдениеті жоғары адамдар жақсы өмыр сүріп қана қоймайды, шешендікке қол жеткізе алады. Себебі шешендік-тіл мәдениетінің жоғарғы формасы.

Дүниедегі бүкіл халықтың рухы-өзінің ана тілі, сол себепті әр халық алдыменен, ана тілін жоғалтпаудан себептеріне мықтап жабысқан, бірақ тіл, дін, әдебиет сияқты нәрселер мал, дәулет арқасында сақталмайды, халық арасына шыққан талапты, жау жүрек, халқы үшін білімін, қаламын аямайтын ер көйілді жігіттердің қызметі арқасында сақталады.

Ондай халық адамы екі түрлі болады: біреуі-ақындар, екіншісі-жазушылар.

Тіл, дін, әдебиет ақындардың жыр –өлеңдерімен, жазушылардың жақсы, жаманды жазып қалдырған шығармаларымен сақталады. Қазақ, қырғызды «Жақсы жігіт пен жақсы ат –көптікі»деген мақал бар. Халық үшін туған ерлер арқасында дін, тіл, намыс деген нәселер сақталады. Мұндай адамдар әр жұрттың ішінен шығып, өзінің дінін, тілін сақтап, өз жұртының абыройын көтеріп келе жатыр. Бүкіл түрік, татар, башқұрт секілді халықтардың арасында бұзылмаған, сап алтындай таза түрік тілі біздің қазақ, қырғыз тілі екендігін бізбенараласқан адамдардың бәрі де біледі. Олай болса, қолымыздағы дәулеттің қадірін біліп, тіліміз үшін оқыған жастардың қызмет етіп, қимылдап қалатын уақыты келді.Қазақ халқы тілге, әдебиетке кедей емес. Біздің ел ішене де түрлі халық араласа бастады. Сол себепті кейінгі жастарыздың тіл кәдімгідей бұзылып бара жатыр. Қазақ жерінде қазақтан да қазақстан да орыс ,хақол кеп болып, өз тілін ұмытады. Күнбатысда Польша дейтін жерде поляк ішінде бөлініп қалған аз ғана татарлар бар , олар «поляк татары » деп айтылады. Солар осы күнде өз тілін ұмытып , бала-шағасына шейін орыс тіліменен сөйлейді.

Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі .Ол-халық тарихымен бірге жасап , ұрпақтан –ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық мағынасында республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр .

Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады. Түркі тілдері тобына қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, түрікмен, әзірбайжан, түрік, башқұрт, татар, тува, якут, т.б. халық тідері кіреді. Бұл тілдерді ішінде қазақ тіліне ең жақындары- ноғай, қарақалпақ, татар, башқұрт, қарашай-балқар тілдері.

Қазақ тілі- Қазақстанда ғана емес , басқа да елдерде шетелдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.

Қазір қазақ тілі –Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Пайдаланған әдебиеттер

Алматы «Атамұра» 2005жыл

Алматы «Атамұра»2006жыл

Алматы «Атамұра»2007жыл



Алматы «Мектеп»2008 жыл Алматы «Мектеп» 2009 жыл

Алматы «Мектеп» 2007 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет