Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмаларының тізімі



Дата30.03.2022
өлшемі19,49 Kb.
#29196

Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмаларының тізімі




СӨЖ аталуы (таңдау бойынша)

Тапсыру мерзімі

1

1. Басты үш әлеуметтанулық бағыт тұрғысынан (құрылымдық, функционализм, қақтығыс теориясы, символдық интеракционизм) қоғамдағы кез келген құбылыс (спорт, кино, отбасы және т.б.) туралы эссе-негіздеме жазыңыз.

2. Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі туралы эссе дайындаңыз. "Әлеуметтанулық қиял" түсінігіне анықтама беріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология). Қазіргі адамға неліктен "әлеуметтанулық қиялды" меңгеру мен әлеуметтанулық перспективаны көре алу маңызды екендігін түсіндіріңіз.

3. Әлеуметтанулық қиялды бағыт ретінде қолдана отырып, қазақстандық және өзге қоғамдардағы баспанасыз адамдардың әлеуметтік жағдайын сипаттаңыз.

4. Әр түрлі әлеуметтанулық мектептердің, ағымдардың, теориялық бағыттардың, негізгі идеяларын кесте түрінде салыстырыңыз, өкілдері мен олардың басты еңбектерін көрсетіңіз (О. Конттың, Г. Спенсердің, Э. Дюркгеймнің Библиографиялық очерктерін қараңыз (Ритцер Дж., Степницки Дж. Әлеуметтану теориясы, Ритцер Дж. Современные социологические теории).

5. Атақты әлеуметтанушы–теоретиктің (К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Г.Зиммель) ойы туралы баяндама жазыңыз. Негізгі жұмыстарын айқындаңыз және әлеуметтанулық теорияларының тұжырымдарын жазыңыз.


2 апта

2

1.Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырыңыз. Кесте құрыңыз.
2. Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттап беріңіз. Әлеуметтанулық әдістердің (сұрау, бақылау, эксперимент, контент-талдау, статистикалық мәліметтерді талдау) ерекшеліктерін талдаңыз.
3. Әлеуметтанулық зертеудің бағдарламасын құру. Тақырып таңдау бойынша (дайындау алгоритмі: зерттеу сұрағын, болжамды айқындаңыз, ұғымдарды тұжырымдап беріңіз; іріктеу жиынтығын есептеңіз).

4. Стратификацияны зерттеудің әр түрлі бағыттарын салыстырыңыз, олардың ерекшеліктерін анықтаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).


5. "Халықаралық деңгейдегі теңсіздік көрсеткіштері" тақырыбы бойынша топтық жоба (3-4 адаммен бірге отырып, топтарға бөліңіз) дайындаңыз, мысал келтіріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).

4 апта

3

1."Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үрдісіне әсері" тақырыбында презентация дайындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).

2."Әлеуметтену агенттері" тақырыбын қарастырып, әлеуметтенудің әрбір агентін сипаттаңыз. Сіздің әлеуметтануіңіздегі оның рөлін талдаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).

3."Жеке адамдар "әлеуметтік тіршілік иелері" ретінде" тақырыбында эссе-баяндама жазыңыз.

4.Отбасындағы гендерлік рөлдерді (іскерлік ойын әдісін қолдана отырып) талқылаңыз.

5."Отбасы қоғамның кішігірім жүйесі ретінде" тақырыбында презентация дайындау үшін модельді құру (дайындау алгоритмі: отбасыны қоғамның кішігірім жүйесі ретінде қарастырыңыз; негізгі құрылымдық элементтері мен қызметтерін сипаттаңыз; отбасыға әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды айқындап беріңіз).

6.Отбасының рөлі мен маңыздылығының адам өмірінің әр түрлі кезеңінде өзгеруін қарастырыңыз және талдаңыз. Отбасыңыздың мүшелері негізінде қарастырыңыз.



6 апта

4

1.Дж. Ритцердің еңбектерін қолдана отырып, суицидтың негізгі түрлерін айтып беріңіз және талдаңыз.

2.Сараптамалық шолу. Э. Дюркгеймнің "девиация әрбір қоғамның қалыпты құрамдас бөлігі" деген тұжырымына қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.

3.Г.Тардтың еліктеу теориясы мен Эдвин Г. Сазерландтың дифференциалдық ассоциация теориясының негізгі идеяларын түсіндіріңіз. "Әлеуметтік орта адамның девиантты мінез-құлқының қалыптасуына әсер етеді" деген тұжырыммен келісесіз бе? Әлеуметтанулық сұрау негізінде алынған келесідей қорытындыны дәлелдеңіз немесе жоққа шығарыңыз: "Жоғары сыныпта қатарластар ішімдік пен нашаны қолдануға әсер етеді". (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология және т.б.).

4.Мәдениет элементтерін атаңыз және сипаттаңыз – тіл, құндылықтар, нормалар, дәстүрлер және т.б.

5. Әлеуметтік институт ретінде діннің қызметтерін анықтаңыз. Қоғам мен дін арасында қандай қарама-қайшылықтар туындайтынын айқындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).

6.Мәдени конвергенция мен мәдени имперализм идеяларының мазмұнын ашыңыз. (Ритцер Дж., Степницки Дж. Әлеуметтану теориясы, Ритцер Дж. Современные социологические теории).



8 апта

5

1.Қазақстанда тегін білім беру қолжетімділігінің артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындау мақсатында салыстырмалы кестені құрыңыз. Топтық жұмыс (4 адамнан көп емес).

2.Білім адамның мәртебесін айқындайтын басты фактор болу себебін негізді түрде түсіндіріңіз. "Креденциализм" түсінігіне анықтама беріңіз. Негізделген мысалдар келтіріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).

3."Білім беру және Қазақстанның үшінші жаңғыруы" эссе-негіздемесін дайындаңыз.

4.Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне қалай әсер ететіні туралы эссе жазыңыз.

5.Топтағы коммуникацияның негізгі түрлерін ашып көрсететін схема дайындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология ).


10 апта

6

1.Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне қалай әсер ететіні туралы эссе жазыңыз.

2.Топтағы коммуникацияның негізгі түрлерін ашып көрсететін схема дайындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология ).

3.Қазіргі заманғы экономикалық жүйелердің – капитализм, социализм, аралас экономика, саяси экономиканың - ерекшеліктерін талдап беріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).

4."Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы прагматизмнің рөлі" тақырыбында эссе дайындаңыз.



12 апта

7

1. Гендер, әлеуметтік топ, жыныс, этнос, жас секілді денсаулық пен аурудың әлеуметтік сипаттамаларын бағалау маңыздылығын түсіндіріңіз.

2. Дәрігерлер мен медбикелердің әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік мәртебесін талқылаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).

3. Қоғамдағы урбанизация үрдісі мен миграцияның өзара байланысын айқындаңыз. Мысалдар келтіре отырып, Қазақстанның ерекшелігін көрсетіңіз.

4. Бір мемлекет мысалында демографиялық дамудың ерекшеліктерін ашыңыз. Орын алған демографиялық өзгерістер мен олардың қоғамға әсерін талқылаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология және т.б.).



14 апта

7,5

1. "Әлемде (соңғы жарты ғасырда) болған қоғамдық қозғалыстар: қоғамға әсер ету түрлері, себеп-салдарлық байланыстар мен қатынастар" тақырыбы бойынша индивидуалдық презентация.

2. "Әлеуметтік өзгеріс" ұғымына анықтама беріңіз. Технологиялар мен әлеуметтік өзгерістердің өзара байланысын зерттеудің әлеуметтанулық бағыттарын салыстырыңыз: құрылымдық функционализм пен қақтығыс теориясы. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері мен шектеуліктерін талқылаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология және т.б.).



3. Әлеуметтік қозғалыстарды зерттеудің негізгі әлеуметтанулық бағыттарын салыстырыңыз: құрылымдық-функционалдық бағыт, қақтығыс теориясы, символдық интеракционизм (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология және т.б.).

15 апта


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет