Студенттерге арналған ескертпе Қашықтықтан емтиханды қалай тапсыруға болады?



Pdf көрінісі
Дата31.12.2021
өлшемі424,98 Kb.
#23393


Студенттерге арналған ескертпе 

 

Қашықтықтан емтиханды қалай тапсыруға болады? 

 

Емтиханды қашықтықтан тапсыру үшін мына әрекеттерді орындаңыз: 



 

1.  Алдымен компьютер құрылғысындағы интернет байланысын тексеріңіз (моноблок, 

ноутбук, планшет). Құрылғы емтихан уақытында қуатталып тұруы тиіс. 

 

2.  Содан кейін univer.kaznu.kz жүйесіне кіріңіз (кез келген браузер арқылы, Google 



Chrome арқылы жүйеге кіруге кеңес береміз) 

 

3.  Есептік жазбаңызбен жүйеге кіріңіз (егер логиніңіз бен құпиясөзіңіз есіңізде 



болмаса, куратор-эдвайзеріңізге емтихан басталғанға дейін хабарласыңыз.) 

 

4.  Бакалавр, Магистрант немесе Доктор Phd бөліміне өтіңіз. Содан кейін 



Емтихандар кестесі басыңыз 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

5. Емтихан уақыты келген пәндерде Жазбаша емтиханды тапсыру командасы қызыл 



түспен жанып тұрады. Бұл сілтеме бойынша өтіп, емтихан сұрақтарына жауап беруге 

болады. 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



6.  Сілтеме бойынша өткеннен кейін жазбаша емтихан тапсыруға терезе ашылады, ол 

жерде  емтихан  билетінің  сұрақтарын  көре  аласыз.  Емтихан  ұзақтығы  2  сағатты 

құрайды.  Уақыт  аяқталғаннан  кейін  жүйе  сіздің  жазбаша  жауаптарыңызды 

қабылдамайды.  Сондықтан,  жазған  жауаптарыңызды  Сақтау  батырмасы  арқылы 

уақыт аяқталғанға дейін сақтап отыру ұсынылады. Емтихан 



тапсыратын  бетте  уақыт  бойынша  бағдар  беретін  таймер  көрсетілген.  Егер  емтихан 

тапсыру  кезінде  интернет  байланысы  жоғалса  немесе  емтихан  тапсыратын  бетті 

кездейсоқ  жауып  тастасаңыз,  онда  2-ден  7-ге  дейін  қадамды  қайталай  отырып, 

байланысты қайта қалпына келтіріңіз немесе жүйеге қайта кіріңіз. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


•  Сізге ыңғайлы болу үшін жүйе автоматты түрде жұмысыңызды (мәтіндерді) әр 

10 минут сайын сақтап отырады. 

• 

Құрылғыңыздағы басқа редакторларды (MS Word, MS PowerPoint, Notepad және 



т.б.) пайдаланып сұрақтарға жауаптар дайындауға болады. егер жауаптарды 

қағазға дайындаған болсаңыз, суретке түсіріп, редактордың графикалық 

жауабын қойыңыз. Редакторға сіз өзіңіздің қалауыңыз бойынша мәтіндік 

жауаптармен графикалық жауаптарды араластыра аласыз. Содан соң файлды 

сақтау керек.

 

Файл атауында тек сандар болуы керек. Одан кейін файлды беттегі 



«Файлды таңдау» түймесін басып, «Сақтау» батырмасын қолданыңыз. Сізге 

ыңғайлы болу үшін жауаптарды суреттер, формулалар және т.б. қоса алатын 

файлға немесе мәтіндік жауап қажет болатын сұрақтарға мәтін жолағында 

дайындауға болады. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: сіз тек бір файлды тіркей 



аласыз, сондықтан бір файлда барлық сұрақтарға жауаптар болуы керек.

 

•  Билеттердің сұрақтарына жауап беру бетінде "Сақтау" батырмасы бар, жазбаша 



емтиханды аяқтағыңыз келген кезде оны басуға болады. 

 

7.  Емтихан  аяқталғаннан  кейін  сіздің  жауабыңыз  емтихан  алушыға  тексеруге 



жіберіледі, ол қосымша антиплагиат есебін оқып, сіздің мәтіндік жауаптарыңызды 

толық  талдау  арқылы  емтихан  жұмысыңызды  бағалайды.  Тексеру  аяқталғаннан 

кейін  ол  баға  қояды  және  студент  емтихан  нәтижелерін  Ағымдағы  аттестациядан 

көре алады. 




Ескерту: 

Жауапта сурет,

 

формула немесе басқа да арнайы таңбалар болмауы

 

керек. 

Жүйе  сіздің  антиплагиатқа  мәтіндік  жауаптарыңызды  тексеріп,  емтихан  алушыға 

есеп шығарып береді. 

 

 



Емтиханды сәтті тапсырыңыз! 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет