Студенттерге арналған Жас сарбаз,Болашық, Саналы ұрпақ клубтары жұмыс істейді



Дата14.03.2023
өлшемі13,09 Kb.
#74156

Алматы құрылыс-техникалық колледжі
Колледжде заманауи кабинеттер мен өндірістік оқыту шеберханалары сонғы жабдықтармен жабдықталған. Белсенді өмірді ұстану мақсатында жаңа үлгіде денешынықтыру залы, ашық футбол алаңы және де көптеген ғылыми кітапқа толы оқу залы, шығармашылықпен айналысуға арналған акт залы бар.
9 сыныптан кейін емтихансыз грантқа қабылдап шәкіртақы сондай-ақ бір уақыт ыстық тамақ беріледі.
Студенттерге арналған Жас сарбаз,Болашық , Саналы ұрпақ клубтары жұмыс істейді.
Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы қазіргі заман талабына сай, сұранысқа ие мамандықтардың бірі.
Колледж қабырғасында арнайы пән және өндірістік оқыту сабағында мамандық бойынша білімдерін шыңдайды. Бірінші бағам студенттері электромонтаждық өндірістік оқыту шеберханасында мамандық бойынша бір бөлмелі, екі бөлмелі үйлердің монтаждық схемасын құрастыруды және де есептегіш құрылғысын,автоматты ажыратып қосқыштарды орнатуды және де көптеген электромонтаждық жұмыстарды монтаждап үйренеді.
2-ші 3-ші бағам студенттері колледжбен келісім шартқа отырған арнайы өндірістік орындарда кәсіби тәжірибеден өтеді. Кәсіби тәжірибеде студенттер жарықтандыру желілерін, күштік электр сымдарын құрастыру, Электр машиналарын монтаждау, әуе желілерін жерге қосу жұмыстарын жүргізу , көше шамдарын монтаждау, тұрғын үйлерге жарық беру жұмыстарын жүргізу және де көптеген монтаждық жұмыстарды жасап үйренеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет