Студенттерге арналған пән силлабусы пән туралы ақпарат



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі32,93 Kb.
#13085
  1   2




СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН СИЛЛАБУСЫ




1. Пән туралы ақпарат

Пән атауы: Өсімдіктер физиологиясы

Пән коды

Кредит саны

3


Курс, семестр

3/3,5


Мамандық аты

Биология


Мамандық шифры 5В011300

Жаратылыстану және гуманитарлық мамандықтар кафедрасы

Оқыту формасы-сырттай

Оқыту тілі- қазақ

Пәнді өткізу уақыты және орны

Консультация уақыты

Аралық бақылау кестесі: 7-15 апталар







Оқытушы қолы

Кафедра меңгерушісі Астемес Г.К.


2. Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Өсімдіктер физиологиясы пәні өсімдіктердің өнімділігі мен өнім сапасын арттыратын, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайында өсімдіктердің төзімділігін қамтамасыз ететін физиологиялық үрдістерді зерттейді

«Өсімдіктер физиологиясы» пәнді оқытудың мақсаты студенттерді курс пәнімен, мақсатымен, міндетімен таныстыру болып табылады.

«Өсімдіктер физиологиясы» пәнді оқытудың міндеті қоршаған ортаның түрлі жағдайында өсімдік тіршілігінің заңдылықтарын (заттар мен энергия алмасуын, су алмасуын, минералдық қоректенуін және т.б.) тану.

Студенттер физиологиялық әдістерімен танысып, ғылыми әдебиетпен жұмыс істеуді, сонымен бірге, өсімдіктер физиологиясын игеру барысында өнімнің мөлшері мен сапасын белгілейтін заттардың жиналу үрдістерін, зертханалық жұмыстың тақырыбы аясында зерттеулер жүргізуге, оның нәтижесі бойынша қорытынды шығаруды білуі керек;

Бұл пәнді оқыту барысында студенттер — тірі өсімдіктермен тәжірибе жұмыстарында дағды және әдет алуы қажет. Бұл әсіресе студенттерге дұрыс профессиональды педагогикалық бағдарлары үшін керек. Өсімдіктер организмінің біртұтастығын түсіну тек лекцияда ғана емес, сондай-ақ лабораториялық сабақтарда және далалық практикада да дамытылады. Өсімдіктер физиологиясы — егіншіліктің ғылыми негізі деген принципке сүйене отырып, кез-келген физиологиялық заңдылықтарды иллюстрациялауда ауыл шаруашылық өсімдіктерінің тіршілігінің мысалында өткізіледі. Сонымен қатар студенттер зертханалық құрал-жабдықпен (химиялық ыдыс-аяқ, құралдармен) жұмыс істеуді меңгеруі керек.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет