Студенттерге арналған



Pdf көрінісі
Дата09.03.2017
өлшемі149,87 Kb.
#8597

            

Студенттерге арналған 

                   пән бағдарламасы                                                                                     Нысан

                                                                                                                                       Ф СО ПГУ 7.18.2/07

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

            С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік 

университеті

Филология, журналистика жєне өнер факультеті

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәні бойынша 050205

«Филология: қазақ филологиясы» мамандығының

студенттеріне арналған



ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар 2009

        


Студенттерге арналған 

            пән бағдарламасының

            бекіту парағы                                                                                                  Нысан

                                                                                                                                      Ф СО ПГУ 7.18.2/11



                                                                                           

БЕКІТЕМІН

                                                                          ФЖиӨ 

факультетінің деканы

                                                                          _________      

Ж.Т.Сарбалаев

                                                                        «  ___»   

___________2009 жыл

 

Құрастырушы: аға оқытушы Кәріпжанова А.О.

                        

Қазақ филологиясы кафедрасы



СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәні бойынша 

050205- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының 

студенттері үшін 

 

Студенттерге арналған пән бағдарламасы  



«___»_________ 2009 жылы бекіген жұмыс бағдарламасы 

негізінде дайындалды

Қазақ филологиясы кафедрасының  «   »              2009 

ж. мәжілісінде ұсынылды. Хаттама  №

Кафедра меңгерушісі: ___________Жүсіпов Н.Қ. «___» ________ 

2009 ж.


Филология, журналистика және өнер факультетінің 2009 

жылғы «___»_______  әдістемелік кеңесінде мақұлданды. 

Хаттама №

ӘК төрайымы:________________ Жұманқұлова Е.Н.

Оқытушы туралы мәлімет :

Аға оқытушы Кәріпжанова Айнұр Оралқызы

Тел. (8-7182) 60-07-36

Қабылдау уақыты: дүйсенбі сағат 10-00, ауд. №324

Пән туралы мәліметтер :

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәні 050205 

«Филология: қазақ филологиясы» мамандығында 6 

семестрде 15 аптада оќылады. Жалпы сағат саны-135с, 

дәріс-30с, тәжірибешілік-15 с,  СӨЖ-90с.

«Қазақ   тілінің   тарихи   грамматикасы»   пәні   –   тіл   және   әдебиет

мамандарын   даярлау   үшін   оқытылатын   лингвистикалық   пәндердің

негізгілерінің бірі ретінде саналатын іргелі теориялық курс.

 

Пәннің қысқаша аннотациясы: 

Қазіргі қазақ тілі бойынша алынатын білімді тереңдете отырып, қазақ

тілінің   тарихи   лексикалық   қоры   мен   құрамын,   толығу   жолдары   мен

жүйесін,   тіл   тарихының   қалыптасу,   кемелдену   жолындағы   фонетикалық

өзгерістердің   рөлін,   этимологиялық   және   этнолингвистикалық

ерекшеліктерін,   сөзжасам   жүйесі   мен   оның   теориялық   номинациялық

қисындарын,   грамматикалық   құрылымындағы   тұлғалық   және   қызметтік,

мағыналық   өзгерістердің   себебі   мен   салдарын,   сөз   және   сөйлем

құрылымының   күрделену   сипатын   т.б.   ғылыми   негіздеп   кешенді   түрде

оқыту.

Пәннің мақсаты: 

Тарихи грамматиканың негізгі объктісі, қарайтыны – қазақтың халық

болу процесі кезіндегі тіл құрылымы. Тіл тарихының қай мәселесі де, оның

ішінде   фонетикалық   жұйе   мен   грамматикалық   құрылым   тарихы   бүгінгі

тіліміздің өз құрылымындағы тіл дамуының жаңа фазасының көрінісі мен


ескі дәуір іздерін айқын ажыратып тануға негізделеді. Белгілі бір заңдылық

жүйелі түрде орнықса, екінші бір тілде эпизодтық ыңғайда қалып қояды,

сондықтан   ескі   мұралар   тілі   мен   қазіргі   қазақ   тілі   фактілерін   ғана

салыстыру   әлі   грамматика   жүріп   өткен   жолды   түгел   көрсете   алмайды.

Соған   байланысты   туыс   тілдер   фактілерін   салыстыру   қажеттігі   шығады.

Түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінің орнын анықтау үшін түркі тілдерін

жіктелген   ғалымдардың   еңбектеріне   тоқталу   қажет   Пәннің   мақсаты   осы

тілдік материалдарды қарастыру.



Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

1. Аманжолов   С.   Вопросы   диалектологии   и   истории   казахского

языка –А. 1997.

2. Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі.– А., 1986.

3. Древне тюркский словарь. – Л., 1969.

4. Жұбанов Х.Исследования по казахскому языку. – А., 1966.

5. Историческое развитие лексики тюркских языков. –М. 1961.

6. Керімұлы   Ә.   Түрік   әдебиеті   ескерткіштеріндегі   сөз   жасайтын

жұрнақтар. –А., 1999.

7. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті (хрестоматия). – А., 2006.

8. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. –А., 1966.

9. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері.- А., 1988.

10.Қайдаров А.Структура односложных корней и основ в казхском

языке –А., 1986.

11. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері. – А., 1965.

12. Қашқари М. Түркі сөздігі. – А., 1998.

13.. Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

14.Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық

курс). -   А., 2005.

15. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.



Қосымша: 

16. Кононов А. Происхождение прошедшего категорического 

времени в тюркских языках (Тюркологический сборник. 1, 1951).

17. Корш Ф. Происхождение настоящего времени в западных 

тюретских языках. «Древности восточн. ТШ, вып. І, 1907».

  

          Пәннің тақырыптық                                                                                     Нысан                       



                   жоспары                                                                                               СО ПГУ 7.18.2/07

3 Пәннің мазмұны



3.1 Пәннің тақырыптық жоспары

Тақырып



Сағат саны

Дәріс


Тәж.

СӨЖ


1

Кіріспе.


1

1

15



2

Тарихи лексикология.

5

2

15



3

Тарихи фонетика.

6

3

15



4

Тарихи сөзжасам.

6

3

15



5

Тарихи морфология.

6

3

15



6

Тарихи синтаксис.

6

3

15



Барлығы

30

15

90

3.2 Теориялық курс мазмұны

1-тақырыпКіріспе. 

«Қазақ   тілінің   тарихи   грамматикасы»   пәні,   мақсаты   мен   міндеті,

сипаттамалық   грамматикадан   өзгешелігі   мен   байланысы.   «Тарихи

грамматика»   терминінің   кең   және   тар   мағынасы,   зерттеу   нысаны,

салалары,   тіл   білімінде   алатын   орны.   Түркологияда,   қазақ   тіл   білімінде

тарихи грамматиканың зерттелу жайы, басқа пәндермен байланысы.

Қазақ   тілі   тарихын   зерттеудің   әдіс-тәсілдері.   Ретроспективті,

перспективті, тарихи, диахрондық, салыстырмалы-тарихи, типологиялық,

т.б. әдістер туралы.

Қазақ тілінің тарихи  дамуы, зерттелуі.  «Көне қазақ тілі» терминін

енгізу   мәселесі   туралы   ғылыми   пікірлер.   Тіл   тарихын   кезеңдерге   бөлу

туралы   ғылыми   пікірлер:   Н.А.Баскаков,   А.Н.Самойлович,   С.Е.Малов,

М.Т.Томанов, Б.Сағындықұлы және т.б.

Қазақ   тілінің   өзге   түркі   тілдерінен   негізгі   айырмашылығы,

ерекшелігі. 

2-тақырып. Тарихи лексикология.

Тарихи   лексикология,   зерттеу   нысаны.   Зерттелу   тарихы.   Тарихи

лексикология   салалалары.   Семасиология   мен   этимология.   Сөздің

лексикалық   жүйесіндегі   орны.   Лексикалық   мағына.   Сөздің   пайда   болу

болуы, қалыптасуы, даму жолдары, шығу тегі, қолданылу қабілеттілігі. Сөз

мағынасы   мен   ұғым,   таңба   арасындағы   байланыс.   Сөз   мәні.   Халық

дүниетанымының сөздегі көрінісі туралы.

Сөз   мағынасының   өзгеру   себептері:   ішкі   және   сыртқы   себептері

туралы.   Сөз   мағынасының   жіктелуіне   дыбыстық,   семантикалық,

грамматикалық өзгерістердің әсері, ықпалы. Көне түркі ескерткіштеріндегі

сөздік   қор   мен   сөздік   құрамды   анықтау.   Олардың   мағыналарын,   ішкі

семантикалық   құрылымы   мен   этимологиясын   пайымдау.   Көне   түркілік

мұралар   мен   М.Қашқаридың   «Дивани   луғат-ит   түрк»,   Ж.Баласағунидың

«Құтты   білік»   және   «Кодекс   Куманикус»   т.б.   тарихи   ескерткіштер

деректеріне   сүйене   отырып,   қазақ   тілінің   негізгі   лексикалық   қоры   мен

құрамының баю, толығу сипаты мен жаңа сөз жасалуына мән беру. Қазақ

тіліндегі жалпы түркі тілдеріне тән ортақ лексикалық қабат.

Сөз мағынасының өзгеру заңдылықтары.  Сөз семантикасы  туралы.

Көпмағыналылық,   синонимдік,   антонимдік   құбылыстардың   тілді


байытудағы рөлі мен маңызы. Омонимнің пайда болу жолы мен тарихи.

Тарихи омонимдер туралы.

Тұрақты   сөз   тіркестерінің   номинативтік   қызметі,   этимологиясы.

Олардың шығу тегінің еркін тіркестермен байланыстылығы. Лексикалану

процесі. Сөздің тарихи жасалу жолы мен жүйесі – номинация теориясы

аспектісінде. М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А.Иассауи, Қ.Жалаири, Э.Бахадур

еңбектеріндегі тұрақты тіркестердің қалыптасу жолының ізі, сипаты.

Этнолингвистиканың зерттелуі, сөз этимологиясын ашудағы рөлі мен

маңызы.   Қазақ   танымының   әдет-ғұрып,   салт-сана,   дәстүрінің   тілдегі

көрінісі болып саналатын атаулардың тарихи мәні.

Орта ғасыр  ескерткіштеріндегі  араб-парсы сөздері. Монғол  тілінен

енген кірме сөздер. Орыс тілінен енген кірме сөздер мен олардың кезеңдік

сипаты, зерттелуі. Орыс тіліндегі түркі сөздері. Кірме сөздердің мағыналық

дамуы мен тілді байытудағы рөлі, кіру қажеттілігі.

Диалекті сөздердің тарихи сипаты, лексикалық ерекшеліктердің сөз

мағынасының дамуын көрсетуі.

Көне   түркі   жазба   ескерткіштеріндегі   толық   мағыналы   сөздер   мен

қазіргі қазақ тіліндегі көнерген сөздер арасындағы сабақтастық қолданылу

сипаты.

Қазіргі лексикографияның тарихы. «Дивани луғат-ит түрк», «Кодекс



Куманикус»,   т.б.   сөздіктерінің   мәні   мен   маңызы.   ХҮІІ-ХҮІІІ   ғғ.   Шыға

бастаған   глоссарийлер   мен   сөздіктер.   Г.Ю.Клапрот,   Е.Бунин,   Т.Бокин,

И.Ильминский,   И.Лаптев,   Ж.Кушербаев,   т.б.   сөздіктері   туралы.   Жасалу

мақсаты, практикалық мәні, құрлысы.



3-тақырып. Тарихи фонетика.

Тарихи фонетиканың зерттеу нысаны, мақсаты, міндеті. Түркітануда,

қазақ  тіл білімінде  дыбыстардың  зерттелу   тарихы.  Қазақ   тілі дыбыстық

жүйесінің негізгі ерекшеліктері.

Дыбыс,   әріп,   фонема.   Фонеманың   мәні   мен   тарихи   жіктелуі.

Аллофондардың тарихи дамуы мен фонемалық түрге дейін даму сатысы.

Силлабофонемалық   туралы   ұғым.   Дыбыстардың   артикуляциялық

сипаттамасы.   Дауысты,   дауыссыз   фонемаларды   топтастырудың   тарихи

принциптері.   Дауысты,   дауыссыз   фонемаларға   тән   сипат.   Көне   түркі

тілдеріндегі   дауысты   дыбыстар,   олардың   зерттелуі.   (Баскаков   Н.А.,

Щербак   А.М.,   Аралбаев   Ж.,   Томанов   М.   және   т.б.).   Ең   көне   дауысты

дыбыстар: а, у, ы. Олардың жіктелу процесі мен даму сатылары. Көне түркі

ескерткіштерінде дауыстылардың белгіленуі. Жеке дауыстылардың дамуы.

Дифтонгтар.   Қазақ   тіліндегі   дауыстылар   жүйесі,   оның   көне   және

орта түркілік мұралар тіліндегі дауыстылар жүйесіне қатысы мен өзіндік

ерекшелігі. «Ә» дыбысының қалыптасуы жөніндегі пікірлер. Қызметі мен

фонемалық сипаты.


Диалектілерде   кездесетін   дауысты   дыбыстар   сәйкестігінің   тарихи

себептілігі, негізділігі. Дауысты дыбыстар сәйкестілігінің шығу себебі мен

мотиві: а-е, а-ә, ы-і, ұ-ү, ұ-ы, ү-і, о-ү, т.б.

Дауысты дыбыстардың сәйкес дыбыстарға ұласу эволюциясы. Түбір

құрамындағы тіл алды дауыстыларының тіл арты дауыстыларына сәйкес

келуі. Сингармониялық параллельдер мен варианттар туғызудағы дауысты.

Дауысты   дыбыстар   жүйесі,   дамуы.   Ол   туралы   түркологиядағы

пікірлер. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі дауыссыз дыбыстар жүйесі

мен   олардың   қазіргі   қазақ   тіліндегі   дауыссыз   дыбыстардың

айырмашылығы,   дауыссыз   дыбыстардың   әуелгі   қалпы   туралы   ғылыми

көзқарастар. Аффрикат дауыссыздар – тсш; дж; дз; тһ; дһ; ди; ти; т.б.

Аффрикат   дыбыстардың   қалыптасу   кезеңі   мен   жеке   фонемаларға

жіктелі сипаты. Зерттелу тарихы. Аллофондық даму нәтижесінде жасалған

фонемалар, генезистік ерекшелігі мен сипаты.

Жеке   дауыссыздардың   қалыптасуындағы   ерекшеліктер.   Қазақ

тіліндегіанлаут позициядағы – ж дыбысы қыпшақ тобындағы тілдерге тән

негізгі ерекшелік екендігі.

-Ч аффрикатының көнелігі, қазіргі қазақ диалектілерінде кездесуі –

реликтілік   құбылыс.   Көне   түркілік   –г,-ғ   дыбыстарының   қазақ   тіліндегі

көріністері.   Дауыссыз   дыбыстардың   сапалық   сипаты.   Басқа   түркі

тілдерімен салыстыруда танылатын қазақ тіліне тән өзгешеліктер. Инлаут

пен   анлаутта   кездесетін   және   кездеспейтін   дауыссыз   дыбыстар.   Сөз

соңындағы   н-ң   ауысуы,   не   ң-н   ауысуы.   Протоалтайлық   Р   дыбысының

дамуы,   қазақ   тіліндегі   көрінісі.   Қазақ   тіліндегі   қатаң   дауыссыздардан

басталатын   сөздердің   молдығы   –   тілдің   көнелілігінің   кепілі.   Қатаң

дауыссыздардың ұяңдау процесі, кезеңі, қазіргі тілдегі көрінісі.

Инлауттағы   дауыссыз   дыбыстардың   дыбыстардың   келу   сипаты,

басқа түркі тілдерімен салыстырғандағы қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі

мен өзгешелігі.  Интервокал позицияда қатаң  дауыссыздардың  ұяңдануы.

«Қазақы», «қалмақы», т.б. сөздердегі ұяңдалудың басты тарихи себебі – сөз

мағынасын жасаудағы қызметімен байланыстылығы.

Сингармонизм   заңы.   Буындар   мен   дыбыстардың   үндесуі   туралы

түсінік.   Үндестік   тілдің   ішкі   даму   заңдылығынан   туындайды.

Сингармонизм, түрлері, зерттелуі. Көне түркі тіліндегі үндестік заңының

деңгейі. Ерін үндестігі мен тіл үндестігі. Қазақ тіліндегі буын үндестігі мен

мағына   жасаушылық   қызметі.   Ықпалдың   түрлері,   тарихи   себебі.

Фузиядағы   дыбыстардың   бір-біріне   ықпалы,   үндесуі.   Аккомодация

құбылысының тарихи сипаты. –П фонемасының у-ға айналу сыры.

Ассимиляция   –   дауыссыз   дыбыстардың   үйлесуі,   тарихи   даму

көрінісі.   Ассимиляциялық   даму   нәтижесі   мен   қазақ   тілінің   өзіндік

ерекшеліктері.   Дыбыстардың   комбинаторлық   өзгерістері.   Диссимиляция.

Тілдегі   әртүрлі   фонетикалық   құбылыстар.   Олардың   тарихи   пайда   болу

себебі.   Протезалық,   эпентезалық   дыбыстардың   тіл   дамуының   бастапқы


кезеңінде   сөз   мағынасын   өзгертушілік   қызметі.дыбыстардың

конвергенциясы мен дивергенциясы.

Буын. Буынның жасалуы, дыбыстық құрамы, өзгеру жүйесі. Ежелгі

бір   буынды   тұлғалардың   сипаты   туралы   ғылыми   пікірлер.

Сингармониялық варианттар мен параллельдер, зерттелу жайы.

Екпін.   Екпін   түрлері,   орны,   сипаты.   Сөз   мағынасын   өзгертуге

әсерінің бар, жоғы туралы ғылыми пікірлер.

Орфография мен графика. Графика туралы тсінік. Көне түркі жазуы.

Жазу   –   мәдениет   көрсеткіші.   Арамей   жазуы   мен   көне   түркілік   жазу

арасындағы сабақтастық. Қазақ жазуының тарихы туралы.



4-тақырып. Тарихи сөзжасам.

Тарихи   сөзжасамның   зерттеу   нысаны,   мақсаты,   міндеті,   сөздік

құрамды   дамытудағы   маңызы   мен   рөлі.   Сөзжасамның   негізгі

заңдылықтары.   Сөзжасамның   түркі   тіл   біліміндегі   және   қазақ   тіл

біліміндегі зерттелу жайы. Тарихи сөзжасамның негізгі ұғымдары, әдістері.

Туынды   сөз.   Туынды   сөз   мағынасының   қалыптасуындағы   уәждеме

мәселесі.   Атау   теориясы   туралы.   Сөзжасамдық   ұя   мен   сөзжасамдық

мағына. Этимон түбірлер – сөзжасамдық тұлға. Сөзжасамдық макро және

микросемалар. Сөзжасамдық мағынаның дамуындағы көп мағыналық пен

синонимияның, антонимияның өзіндік рөлі. Түбір мен негіз. Негіздің уәжі,

уәжделу. Түбірдің архисемасы, түбірлес сөздер мағынасындағы ортақ сема,

өзек сема, арнайы сема. Атау мағынасы, семалық дәрежесі. Туынды сөздегі

номинативтік белгі. Уәждеме тарихилығы, негізділігі.

Фонетикалық сөзжасам. Дыбыстық сәйкестіктер нәтижесінде пайда

болатын   номинативті   атаулардың   тарихи   қалыптасу   жайы.   Сөз

мағынасындағы   өзгерістер.   Дауысты   және   дауыссыз   дыбыстардың

сәйкестігі нәтижесінде пайда болған сөзжасамдық қалыптар.



Семантикалық   сөзжасам   (конверсия)  –   тұлғалық   өзгеріске

ұшырамай-ақ,   жаңа   мағына   иеленген   туынды   сөздер   туралы.

Функционалдық   мағынаның   даму   жолдары.   Конверсия   және   тарихи

синкретизм.   Семантикалық   сөзжасамның   нәтижесінде   пайда   болған

туынды   сөздердің   мағыналық   дамуындағы   ерекшеліктер.   Транспозиция

құбылысы туралы, түрлері мен мағыналық құрылымы.



Синтетикалық   сөзжасам 

тәсілінің   ерекшелігі.   Сөзжасам

жұрнақтарының   мағыналық   сипаты.   Синтагматикалық   және

парадигматикалық   қатыстылығы.   Сөзжасам   жұрнақтарының   әуелгі

лексикалық мағынасы мен грамматикалану тарихы. Сөзжасамдық мағына

туғызудағы негіз бен жаңа сөз туғызушы жұрнақтың рөлі. Синтетикалық

сөзжасамның сөздік құрамды дамытудағы рөлі, маңызы.

Аналитикалық   сөзжасам.   Екі   сөздің   қосылуы,   бірігуі,   тіркесуі

арқылы   жасалған   туынды   сөздердің   ерекшелігі.   Лексикалану   процесі

туралы.   Аналитикалық   сөзжасам.   Екі   сөздің   қосылуы,   бірігуі,   тіркесуі



арқылы   жасалған   туынды   сөздердің   өзіндік   ерекшелігі.   Тұрақты

тіркестердің,   күрделі   сөздердің   номинативтік   мағынасы.   Олардың

шығуының еркін тіркестермен байланысы. Еркін тіркес пен күрделі сөздің

байланысы мен ерекшелігі туралы қазақ ғалымдарының ғылыми пікірлері.

Аналитикалық сөзжасамны ерекшелігі. Термин жасаудағы мәні.

5-тақырып. Тарихи морфология.

Тарихи   морфологияның   зерттеу   нысаны,   мақсаты,   мәні.   Зерттеу

тарихы.   Сөз-лингвистикалық   зерттеудің   негізгі   нысаны.   Лексикалық

мағына   мен   грамматикалық   мағынаның   тарихи   қарым-қатынасы,   даму

сипаты, қазақ тілінің грамматикалық құрылымы, дамуы. Тіл дамуындағы

заңдылықтардың, сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері.

Морфологиялық   құрылыстың   дамуында   ұшырасатын     тілдік

процестер, олардың сөздің морфологиялық құрамына әсері.

Байырғы түркі сөздерінің бір буындылығы жайлы мәселе, ол туралы

пікірлер. Алғашқы түбірдің сипаты туралы мәселе. «Жайылыңқы түбірлер»

сөздің   буын   соңының   ұзарып,   күрделенуі   түркі   тілдерінң   құрылымдық

ерекшелігі. Түбірлердің синкретизмі жайлы мәселе. Синкретизм – қазіргі

тілдегі   омонимдес   түбірлердің   едәуір   бөлігінің   қалыптасуын   тарихи

тұрғыдан   түсіндірудің   негізі.   Дмитриев   түбірлердің   грамматикалық

дамуының үш кезеңі туралы. 

Сөздердің грамматикалық класстарға жіктелуі жайлы пікірлер. Ескі

түркі (Орхон-Енисей жазбалары), ортағасырлық түркі тілдерінде (Қашқари

сөздігі,   «Кодекс-Куманикус»   материалдары   бойынша)   сөздердің

морфологиялық   кластарға   жіктелуінің   қазақ   тіліне   ұқсас,   өзгеше

құбылыстары. 

Зат   есім.   Жалпы   есімдердің   жасалуының   қалыптасқан   түрлері.

Ономастикалық,   топонимикалық   атаулар   –   тілдің   басынан   өткен   тарихи

жағдайлар.

Септеу   категориясының   дамуы.   Ескі   түркі,   орта   түркі   тілдеріндегі

септіктер жүйесі, ол дәуірлерлегі түркі тілінде септіктердің сан жағынан

молдығы.   Септік   жүйесінің   дамуында   байқалатын   ерекшеліктер.   А)

бірнеше тұлғаға тән грамматикалық мәндердің бір тұлғаға шоғырлануы, ә)

септік   тұлғалары   варианттарының   азаюы,   б)   септік   жалғауының

әрқайсысының грамматикалық мәні мен қызметінң саралануы. Септеудің

екі түрі (тәуелді, жай септеу).

Етістіктің дербес грамматикалық топ ретінде жіктелу тарихы. Түбір

етістіктің   тұлғалық   және   мағыналық   дамуы.   Зат   есім   мен   етістіктің

генетикалық   тектестігі.   Көне   түркі   тілдеріндегі   етістік   жүйесі   мен

ерекшелігі. М.Қашқари еңбегіндегі бір буынды түбірлер мен негіздердің

көрінісі.,   грамматикалық   құрылымы.   Қазіргі   қазақ   тілімен   салыстыру.

Күрделі   етістік.   Тарихы,   номинативтілігі.   Салт   және   сабақты   етістіктер.

Орхон-Енисей   жазбаларындағы   болымды-болымсыздық   мағынаның

көрінісі. 



Етістіктің грамматикалық және функциялық категориялары. Қимыл

есім   тұлғаларының   даму   жүйесі.   Есімше   мен   көсемше   тарихы.   Рай

тұлғаларының   тарихы.   Шақ   тұлғаларының   тарихы.   Етіс   тұлғаларының

грамматикалық   және   мағыналық   құрылысы.   М.Қашқари   етіс   туралы.

Етістіктің қызметі.

Үстеу.   Негізгі   белгілері,   сипаты,   ерекшелігі.   Үстеудің   сөз   табы

ретіндегі қалыптасу жолы. Үстеу-екіншілік атау. Негізгі үстеу мен туынды

үстеу. Үстеудің арғы негізі туралы ғылыми пікірлер.

Еліктеуіш   сөздердің   семантикалық   және   грамматикалық   сипаты.

Еліктеу   теориясы   туралы   ілім.   Еліктеуіш   сөздердің   семантикалық   және

грамматикалық сипаты. Еліктеу теориясы туралы ілім. Еліктеуіш сөздердің

түрлері. Көне түркі тілдеріндегі еліктеуіш сөздердің түрлері.

Көмекші   сөздердің   пайда   болу,   қалыптасу   жолы.   Десемантизация

және   грамматикалану   процестері.   Зерттелуі,   түрлері.   Шылаудың   пайда

болу жолдары, грамматикалық мағынасы.

6-тақырып. Тарихи синтаксис. 

Синтаксистік   құрылыстағы   тарихи   өзгерістердің   тілдің   басқа

салаларына

әсері мен ықпалы. Синтаксистік  байланыс тәсілдерінң дамуы. Байланыс

түрлерінің қалыптасуы. 

Сөз   тіркесінің   дамуы.   Ескі   түркі   тіліндегі   есімді   тіркестердің

қалыптасқан   түрлері   және   құрамы,   тіркесу   тәсілдері.   Кейінгі   дәуірлерде

есімдер тіркестер  аумағының  ұлғаюы. Изафеттік  тіркестер.  Олардың үш

түрінің түркі тілдері дамуының үш кезеңіне тәндігі.

Түркі тіліндегі сөйлем номинативті екендігі, оның тарихи себептері.

Баяндауыш – сөйлемді ұйымдастырушы мүше. Сөйлемдегі сөздердің орын

тәртібінің қалыптасуы. 

Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы.

Жай   сөйлемдердің  ескі   түркі   тіліндегі   түрлері,   құрылымдық

ерекшеліктері.   Қазақ   тілі   синтаксисінің   көне   заманғы   даму   тарихында

негізінен   ауызекі   тіл   мен   фольклорлық   шығармаларға   тән   аз   сөзді,

қарапайым   сөйлемдердің   басым   болғандығы,   ХҮІІІ-ХІХ   ғғ.   Жазба

нұсқалары мен іс-қағаздарында, мерзімді баспасөзде шұбалаңқы сөздердің

кездесе бастағандығы.

Оқшауланған   мүшелердің   қалыптасуы.   Оқшау   сөздердің   жеке

түрлерінің  қалыптасуы.   Бұл   процестің   сөйлем  құрылысының   дамуымен,

жазба тіл құрамындағы жіктеліспен ұштасып жататындығы.

Құрмалас   сөйлемдердің  жеке  топтарының  дамуында  жазба  тілдің

рөлі.   Құрмалас   сөйлем   жүйесінің   дамуы.   Құрмалас   сөйлемнің   алғашқы

салаласа   байланысқан   түрі   жай   сөйлемдердің   мағыналық   ішкі

жақындықтарына   қарай   бірігуінен   пайда   болды   деген   пікір.

Құрмаластырушы грамматикалық тәсілдердің қалыптасуы, оның құрмалас


сөйлем жүйесін дамытудағы рөлі. Сабақтас сөйлемдердің жеке түрлерінң

қалыптасуы туралы пікірлер.  



3.3 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны

1-тақырып.  Қазақ тілі грамматикалық құрлысының тарихи дамуын

зерттеудің   негізгі   кезеңдері.   Классификациялау.   Зерттеу   тәсілдері.   Көне

қазақ   тілі   туралы.   Тарихи   фонетиканың   зерттеу   объектісі,   мақсаты,

зерттелу тарихы. Фонетикалық жүйенің негізгі ерекшеліктері. Қазақ тілінің

фонетикалық   сипаының   өзгешелігі.   Дауыссыз   дыбыстар   жүйесіндегі

тарихи өзгерістер. Х-қ-к-г-ғ дауыссыздарының дамуы. П-б-м; н-ң р-з; р-л

дыбыстарының өзгерісі туралы. Силлабофонемалар теориясы туралы.

2-тақырып.  Буын,   оның   түрлері.   Сингармонизм   заңдылығы.

Сингармониялық параллельдер мен варианттар. Көне қазақ тіліндегі екпін

мәселесі   мен   қазіргі   екпін   туралы   көзқарастар.   Тарихи   лексикология.

Зерттеу нысаны, салалары, зерттелуі. Сөздің лексикалық жүйедегі орны,

лексикалық мағына, сөздің пайда болуы, дамуы, қолданылу қабілеті. Сөз

мағынасының өзгеру жолдары. Ескерткіштеріндегі сөздік қор мен сөздік

құрамды   анықтау.   Сөздің   ішкі   семантикалық   құрылымы   мен

этимологиясын   анықтаудың   жолдары.   Қазақ   тіліндегі   жалпы   түркі

тілдеріне тән ортақ лексикалық қабат.

3-тақырып.  Тұрақты   тіркестердің   тарихи   дамуы   туралы.   Еркін

тіркес пен тұрақты тіркестердің мағыналық байланысы. Тұрақты тіркестің

тарихи дамуын мысалдармен дәлелдеу. Қашқари, Баласағүни, Қ.Жалаири

еңбектеріндегі тұрақты тіркес. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің пайда

болу, қалыптасу тарихы. ФТ-ның еркін тіркестер арқылы қалыптасатынын

көрсету.   ФТ   дамуы   туралы   ғылыми   пікірлер.   Синонимдік,   антонимдік

сөздердің   қалыптасуындағы   заңдылықтар.   Синонимдердің   қалыптасуы.

Антонимдердің   қалыптасуы.   Көне   түркі   тіліндегі   бір   буынды   сөздердің

көпмағыналылығы. Көпмағыналылық туралы. Көне түркі жазбаларындағы

сөздердің   көпмағыналылығы,   деректер   келтіру.   Этнолингвистиканың

негізгі   мәселелері,   мақсаты,   зерттелуі.   Көне   қыпшақ   ескерткіштері,

зерттелуі.   Көне   қыпшақ   ескерткіштері,   зерттелуі.   «Кодекс   куманикус»,

«Дана Хикар сөзі» лексикасы. Махмут Қашқари еңбегіндегі топонимдердің

берілуі. Көне қазақ  тіліндегі  сөздіктер.  Қазақ  тілінің тарихи  сөзжасамы.

Нысаны, өзге пәндермен байланысы. Сөзжасамның негізгі заңдылықтары

туралы. Түркологияда және қазақ тіл біліміндегі зерттелуі. 

Сөзжасамның негізгі ұғымдары. Туынды сөз. Сөзжасамдық ұя мен

сөзжасамдық   мағына,   қалып,   тип,тізбек   т.б.   Сөзжасам   мен   номинация

теориясы. Сөзжасам мен номинация теориясы. Сөзжасам мен уәждеме.

Фонетикалық   сөзжасам.   Дыбыстық   сәйкестіктердің   нәтижесінде

пайда болған атаулар. Фонетикалық қалыптар.


4-тақырып.   Конверсиялық   сөзжасам.   Функционалдық   мағынаның

дамуы.   Конверсия   және   синкретизм.   Лексикалану   процесі.   Байырғы

сөздердің жаңа мағынаға ие болуы. Синтетикалық сөзжасам. Сөзжасамдық

жұрнақтардың   мағыналық   сипаты.   Парадигматикалық   және

синтагматикалық   қатыстылығы.   Негіздің   мотивтенуі.   Туынды   сөздің

мағынасындағы ортақ сема. Негізділік мәселесі. Аналитикалық сөзжасам.

Екі сөздің қосылу, бірігу, қосарлану арқылы жасалатын туынды сөздердің

мағыналық ерекшелігі. Олардың ішкі мағыналық табиғаты, сыңарларының

сөзжасауға қатыстылығы. Тарихи морфология. Зерттеу нысаны, мақсаты,

зерттелу   тарихы.   Лексикалық   мағына   мен   грамматикалық   мағынаның

тарихи қарым-қатынасы, даму сипаты. Тіл дамуындағы заңдылықтардың

сөздің   морфологиялық   құрамына   тигізетін   әсері.   Морфемалар   тарихы.

Түбір морфема мен қосымша морфема. Этимон түбірлердің сипаты. Буын

дамуы   –   сөз   мағыналарының   дамуы.   Түбірлер   дамуының   кезеңі.   Ішкі

флексия мәселелері. Түбірдің тектік бірлігі мен жақындығы. 

5-тақырып. Зат есімнің даму тарихы мен грамматикалық тұлғалары.

Зат   есім   мен   етістіктің   мағыналық   тектестігі.   Э.В.Севортянның

этимологиялық сөздігі. Етістік, зат есім туғызушы аффикстердің  тарихы

туралы. Зат есімнің тәуелдік, септік, көптік жалғауы туралы. Көне жазба

ескерткіштеріндегі   зат   есім   мен   оның   жалғаулары.   Көне   түркі

мұраларындағы зат есімнің сипаты. Сын есімнің мағыналық дамуы. Сын

есім тудырушы жұрнақтар, сын есімдердің қазіргі қазақ тіліндегі сипаты.

Сын есім туғызушы жұрнақтар. 

Сандардың   шығуы   туралы   пікірлер,   зерттелуі.   Сан   есімдердің

этимологиясы   туралы   көзқарастар.   Қасиетті   сандар   тарихы   –   1,3,7,9,40

сандары.   Көне   ескерткіштерде   сан   есімнің   көрінісі,   санау   үлгілері,

грамматикалық   тұлғалануы.   Есімдіктің   даму   тарихы   мен   қалыптасу

жолдары. Сілтеу, жіктеу есімдіктерінің тектестігі.

6-тақырып. . Етістіктің сөз табы ретіндегі даму жүйесі. Етістік пен

зат   есімнің   байланысы   туралы   көзқарастар.   Етістіктің   қалыптасуындағы

қимыл есімнің қызметі мен маңызы. Етістіктің грамматикалық формалары.

Тұлғалық   және   мағыналық   күрделілігі.   Орхон-Енисей   жазба

ескерткіштеріндегі   салт   және   сабақты   етістік.   Болымды   және   болымсыз

етістік.


Есімшенің   даму   тарихы.   Есімшенің   тұлғалық,   мағыналық   сипаты.

«Дивани-луғат-ат   түрк»   еңбегіндегі   көсемше   түлғаларының   көрінісі.

Көсемше тұлғаларының мағыналық сипаты. Рай тұлғаларының дамуы.

Көне   қыпшақ   тіліндегі   үстеулер.   Үстеудің   дамуы.   Көне   қыпшақ

тіліндегі үстеулердің қалыптасуындағы септіктердің рөлі. Еліктеуіш сөздер

мен   көмекші   сөздер,   олардың   пайда   болу,   қалыптасу   жолдары.   Тарихи

синтаксистің   зерттеу   нысаны,   өзге   пәндермен   байланысы,   зерттелуі,

синтаксистік жүйені айқындаудың негізгі принциптері.



Көне түркі тіліндегі сөз тіркестерінің сипаты. Көне түркі тіліндегі

есімді сөз тіркесі. Көне түркі тіліндегі етістікті сөз тіркесі. Сөз тіркесінің

даму   бағыттары.   Көне   түркі   тіліндегі   матаса,   қабыса   байланысу.   Түркі

изафеті   туралы.   Көне   түркі   тіліндегі   меңгеру   және   оның   зерттелуі.

Е.Ағманов пікірі. 

Жай сөйлемнің дамуы, оның түрлері. Есімді жай сөйлемдер, етістікті

жай сөйлемдердің дамуы. Сөйлемдердегі сөздің орын тәртібі. Көне қазақ

тіліндегі   сөйлемнің   сипаты.   Жазба   нұсқаларындағы   атаулы   сөйлемдер.

Құрмалас сөйлемнің дамуы. Құрмалас сөйлем түрлері. Құрмалас сөйлем

типінің   қолданыс   жүйесі.   Құрмалас   сөйлемнің   тарихы   туралы   ғылыми

пікірлер.   Н.Т.Сауранбаев,   С.Аманжолов   құрмалас   сөйлемнің   тарихы

туралы. 


 

3.4 СӨЖ мазмұны

СӨЖ түрі



Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі 

ҚТӘ-41


1

Дәріс сабақтарын

өңдеу

Сабаққа 


қатысу

30 (1х30)

2

Үй тапсырмасын 



орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа 

қатысу


15 (1х15)

3

Қосымша 



материалдармен 

жұмыс


Конспект

Қосымша 


Тапсырмалар

орындау


35

5

Бақылау 



шараларына 

дайындық


10

Барлығы

90

                        Студенттерге өздігінен орындауға берілетін тапсырмалар

1.   Орхон-Енисей,   Селенге,   талас   ескерткіштерімен,   олардың   тілімен,

ондағы көне формалармен танысу. 

Ұсынылатын әдебиет: [9], 1-16 бет, [12], 1-55 беттер, [14] 1-120 

беттер.

2. М.Қашқаридің сөздігіндегі лексиканы семантикалық топтарға, 



грамматикалық кластарға бөліп, ажыратқызу.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 1-100 беттер; [12], 1-96 беттер.

3. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеу еңбектерден баяндама

реферат жазғызу. 

Ұсынылатын әдебиет: [7], 1-85 беттер; [11], 1-44 беттер, [14], 50-72 

беттер.


4. Ертерек кезде қалған текстермен, бұрынғы түркологтар жинап бастырған

ауыз әдебиетінің үлгілері мен және ақындардың шығармаларымен 

таныстыру, олардың тіліндегі көне тұлғаларды талдату.

Ұсынылатын әдебиет: [8], 20-68 бет, [16], 1-27 бет.

5. Тілдік тарихи ескерткіштерге және басқа түркі тілдерінң 

материалдарына сүйене отырып, түркі тілдеріне ортақ лексикамен 

таныстыру.

Ұсынылатын әдебиет: [13], 80-102 бет.

6. Сөз мағынасының өзгеру жолдары. Ескерткіштердегі сөздік қор мен 

сөздік құрамды анықтау.

Ұсынылатын әдебиет: [14], 35-60 бет; [15], 78-95 бет.

7. Синтетикалық сөзжасам. Сөзжасамдық жұрнақтардың мағыналық 

сипаты.

Ұсынылатын әдебиет: [14], 47-90 бет; [15], 101-150 бет.



Курстық жұмыстардың тақырыптары.

1. Көне түркі жазба мұраларындағы дауысты дыбыстар жүйесі.

2. Көне түркі мұралары мен қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар.

3. Көне   түркі   жазба   мұраларындағы   бір   буынды   сөздердің

мағыналары.

4. Көне түркі мұраларындағы етістік.

5. Көне түркі мұраларындағы сөз таптарының жіктелу сипаты.

6. Дыбыстық өзгерістердің тарихилығы.

7. Сөз мағыналарының тарихи дамуы.

8. Сөзжасамдық процестің тарихи сипаты.

9. Сын есімнің дамуы.

10.Сан есімнің таңбалық сипаты.

11. Есімдіктің жіктелуі.

12.  М.Қашқари сөздігіндегі грамматикалық категориялардың берілу

жүйесі.

13.М. Қашқари сөздігіндегі географиялық атаулар.



14.М.Қашқари сөздігіндегі кісі аттары.

15. М.Қашқари сөздігіндегі атаулардың мағыналық құрылымы.

16.  М.Қашқари   сөздігіндегі   салысытырмалы-тарихи   тіл   білімінің

мәселелері.

17.  Ж.Баласағұни   дастанындағы   бір   буынды   сөздердің   мағыналық

құрылымы.

18. Ж.Баласағуни дастанының дүниетанымдық маңызы.

19. Ж.Баласағуни шығармасының текстологиясы.

20. Ж.Баласағуни шығармасының тілі.

21. А.Иассауи шығармасының тілі.

22.А.Иассауи шығармасының текстологиясы.

23. А.Иассауи шығармасының дүниетанымдық маңызы.



24. «Кодекс –Куманикус» шығармасының тілі.

25.«Кодекс Куманикус» шығармасының текстологиясы.

  Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі

050205-«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәні    

1 рейтинг (6 семестр)

Барлық

балл


Апта

1

2



3

4

5



6

7

8



Аптадағы максим. сағат

11

15

11

15

11

15

11

11

100


Дәріс сабағына

қатысу


СӨЖ түрі

Д 1


Д 2

Д 3


Д 4

Д 5


Д 6

Д 7


Д 8

32

Бақылау



формасы

Қ

Қ



Қ

Қ

Қ



Қ

Қ

Қ



Макс.

балл


4

4

4



4

4

4



4

4

Тәжірибешілік



сабақтарға қатысу

СӨЖ түрі


ТС 1

ТС 2


ТС 3

ТС 4


ТС 5

ТС 6


ТС 7

ТС  8


16

Бақылау


формасы

Қ

Қ



Қ

Қ

Қ



Қ

Қ

Қ



Макс.

балл


2

2

2



2

2

2



2

2

Үй тапсырмасын



орындау

СӨЖ түрі


ҮТ 1

ҮТ 2


ҮТ 3

ҮТ 4


ҮТ 5

ҮТ 6


ҮТ 7

ҮТ 8


40

Бақылау


формасы

К1

К2



К3

К4

К5



К6

К7

К8



Макс.

балл


5

5

5



5

5

5



5

5

Қосымша



материалдарға

дайындық 

СӨЖ түрі

ҚМ1


ҚМ2

ҚМ3


12

Бақылау


формасы

Р1

Р2



Р3

Макс.


балл

4

4



4

2 рейтинг (6 семестр)

Барлық

балл


Апта

9

10



11

12

13



14

15

Аптадағы максим. сағат



17

11

17

11

17

11

16

100


Дәріс сабағына

қатысу


СӨЖ түрі

Д 9


Д 10

Д 11


Д 12

Д 13


Д 14

Д 15


28

Бақылау


формасы

Қ

Қ



Қ

Қ

Қ



Қ

Қ

Макс.



балл

4

4



4

4

4



4

4

Тәжірибешілік



сабақтарға қатысу

СӨЖ түрі


ТС 9 

ТС 10


ТС 11

ТС 12


ТС 13

ТС 14


ТС 15

14

Бақылау



формасы

Қ

Қ



Қ

Қ

Қ



Қ

Қ

Макс.



балл

2

2



2

2

2



2

2

Үй тапсырмасын



орындау

СӨЖ түрі


ҮТ 9

ҮТ 10


ҮТ 11

ҮТ 12


ҮТ 13

ҮТ 14


ҮТ 15

35

Бақылау



формасы

К9

К10



К11

К12


К13

К14


К15

Макс.


балл

5

5



5

5

5



5

5


Қосымша

материалдарға

дайындық 

СӨЖ түрі


ҚМ 4

ҚМ 5


ҚМ 6

ҚМ 7


23

Бақылау


формасы

Р

Р



Р

Р

Макс.



балл

6

6



6

5

Пәннің   оқытылған   модулі   бойынша   семестрдің   ортасында   және   соңында   100



балдық   шкала   бойынша  ағымдық   үлгерім  (АҮ)  шығарылады.  Межелік   бақылау

бағасы   (МБ)   100   балдық   шкала   бойынша   анықталады.  Межелік   бақылауға   АҮ

бойынша   балдары   бар   студентте   босатылады.  АҮ  мен  МБ  бағалары   бойынша   пән

бойынша   студенттердің   рейтингілері   (Р1



 және

 Р2)   анықталады:



Р1(Р2)=АҮ1(АҮ2)х0,7+МБ1(МБ2)х0,3.

Курс саясаты

Оқу   процесіне   қатысу   дегеніміз   –   сабаққа   қатысу,

пікірталаста   және   топ   жұмысында   белсенділік   көрсету,

топтастарының оқуына әсер ету. 

Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды

уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы балл 100 б.

қойылады.   Курсты   өту   барысында   төмендегідей

марапаттау ұпайлары қойылады: 

- 1 дәріске қатысу –  2 балл.

- 1 тәжір. сабаққа ќатысу – 1 балл.

- Үй тапсырмасын орындау – 5 балл.

Тәжірибешілік жұмыстарын орындау барысында

-

Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру – 2 балл;



-

Жазба жұмыстарын орындау – 1 балл;



Өздік орындау және қорғау барысында:

-

материалды толық меңгеру – 1 балл.



-

Талқыланатын   тақырыптың,   жоба   мәселесінің

мазмұнын ашу – 2 балл

-

Лексика-грамматикалық



 

және


 

стилистикалық

сауаттылығы – 1 балл.

-

Материалдың



 

мазмұндалуына

 

шығармашылық



көзқарас және өз ойын айта білу – 2 балл.

Пән   бойынша   қорытынды   рейтинг   мына   формула

бойынша анықталады:

Қ = Р


1

 + Р


2

__ ӨҮаү + Е*ӨҮе+КЖ*ӨҮкж

мұндағы  Р

1

,  Р



2

,  Е,   С,КЖ  – бірінші,   екінші  рейтингте  алған

±пай бойынша емтихандағы балл көрсеткіші


ӨҮаү,   ӨҮе,   ӨҮс,   ӨҮкж   –   ағымдық   үлгерімнің   семестрдегі

үлестері.

Студент сынақты тапсырмай алуы үшін жинаған балы 100

болу керек.

Егер   оқу   жоспарында   емтихан   мен   сынақ   қарастырылған

болса, онда сынақ ағымдық бақылау түрі деп есептеледі.

КЖ   ғылыми   жетекші   қатысуымен   комиссия   алдында

қорғалады және пікірмен бірге бағаланады. Пән бойынша

қорытынды   рейтинг   2-кестеге   сай   баллдан   сандық

баламаға,   әріптік   және   дәстүрлі   бағаға   ауыстырылады.

Сөйтіп,   оқу   жетістіктері   журналына   және   рейтингтік

ведомостьқа жазылады. Ведомость пен сынақ кітапшасына

дәстүрлі үлгімен баға қойылады.

Егер   пән   бойынша   емтиханнан   басқа   курстық   жұмыс

қарастырылған   болса,   онда   сынақ   кітапшасына   дәстүрлі

үлгімен Кж балына сай баға қойылады.



Студенттердің білімін анықтау көрсеткіші

Балл


түріндегі

қорытынд


ы баға

Балдың


сандық

баламас


ы

Әріп


жүйесі

бойынш


а

бағалау


Дәстүрлі   жүйе   бойынша

қойылатын баға

Емтихан,   дифф.

сынақ


сынақ

1

2



3

4

5



95-100

4

А



өте жақсы

Есептелді

90-94

3,67


А-

85-89


3,33

В+

Жақсы



80-84

3,0


В

Жақсы


75-79

2,67


В-

Жақсы


70-74

2,33


С+

қанағаттанарл

ық

65-69


2,0

С

60-64



1,67

С-

55-59



1,33

Д+

50-54



1,0

Д

0-49



0

F

қанағаттанарл



ықсыз

есептелм


еді

Егер   студент   емтиханда   F   деген   баға   алса,   оның

қорытынды   рейтингі   анықталмайды.   Ведомостьқа

«қанағаттанарлықсыз»   деген   баға   қойылады.   Егер   пән



бірнеше семестрде өтетін болса, онда балл түріндегі баға

орташа есеппен қорытылады:

Қ= _Қ

1



1

2



2

+...+Қ



n

n



К

1



2

+...+К


n

Мұнда   Қ

1

 



2

 



n

  –   семестр   бойынша   балл   түріндегі

қорытынды баға;

К

1



2



n

 – семестр бойынша пән сағаты



n – семестр саны

Document Outline

  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
  • С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
  • Филология, журналистика жєне өнер факультеті
  • ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
  • Павлодар 2009
  • БЕКІТЕМІН
  • ФЖиӨ факультетінің деканы
  • СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
  • Кафедра меңгерушісі: ___________Жүсіпов Н.Қ. «___» ________ 2009 ж.
  • Оқытушы туралы мәлімет :
  • Пән туралы мәліметтер :
  • Курс саясаты
  • Қ = Р1 + Р2__ ӨҮаү + Е*ӨҮе+КЖ*ӨҮкж
  • Студенттердің білімін анықтау көрсеткіші
  • Қ= _Қ1*К1+Қ2*К2+...+Қn*Кn
  • К1+К2+...+Кn


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет