Студенттің өзіндік жұмысы н 3



Дата15.03.2023
өлшемі232,47 Kb.
#74534




Студенттің өзіндік жұмысы

Н 3-1.1.36-2023
1 баспа 02.02.2023



«М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ
Кафедра: Қылмыстық құқық және процесс

СӨЖ

Криминалистика пәні бойынша студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Трасология


Студент: Саткен Дамира


Курс: 3

Топ: 6В04211


Оқытушы: Махамбетов Асқар


Тараз 2023ж


Трасология (аяқ іздері)

Трасология – бұл із түсетін объектілердің сыртқы құрылысының белгі көрінісіне ие іздер, іздің түсу механизмі, сонымен бірге қылмыстық соттық іс жүргізудегі маңызға ие жағдайларды анықтайтын мақсатта жүргізілетін құралдар, әдістер мен тәсілдерді табу, тіркеу, алу, сақтау және зерттеу туралы криминалистикалық білім саласы.


Трасология жүйесіне жататындар:
көрініс іздерін зерттеу (қол, аяқ, тіс, бұзушы және көлік құралдарының іздері);
құралдарды қылмыс іздері ретінде зертеу (өндірістік механизм іздері бойынша шектеулі заттардың жағдайын, тұтас бөлшектерін, заттың шығу көзін анықтау);
заттарды қылмыс іздері ретінде зерттеу.
Іздер үлкен үш топқа топталады:
1) көрініс іздері – ізді қалдырушы объектінің және олардың түсу механизмінің белгілерін көрсететін іздер (қол, аяқ, сындыру, көлік дөңгелегі, қан іздері);

2) құрал іздері – объект белгісі мен оның әрекет сипатын көрсетеді (құлпылар бұзу, іздері бар пломбалар, шынының сынықтары және т.б.);


3) зат іздері – трасология үшін екінші орынға ие және іздің қалыптасу механизмін, топтық және басқа да белгілерін анықтау арқылы ғана зерттеледі.


Аяқ іздері әртүрлі қылмыстарды тергегенде оқиға болған жерден табылуы мүмкін. Аяқ іздерін қарау мен жалғасушы сараптамалық зерттеу қылмыскерді табу мен іздестіру үшін қолданылатын маңызды мән-жайларды анықтайды. Аяқ іздері арқылы оны қалдырған адам туралы (оның бойын және жүрісіндегі ерекше белгілері), аяқ киім белгілері туралы, әрекет жағдайы туралы (қозғалыс жылдамдығы мен бағыты) анықтауға, адамды және оның аяқ киімін салыстыру үшін қолдануға болады. Іздер жалаң аяқ, аяқ киім, шұлық киген аяқ киім іздері бойынша ерекшеленеді. Жалаң аяқ іздеріне табан өлшемі, әрбір саусақ ұзындықтары мен ендері, табанның жалпы қалыбы, папилярлы өрнектердің жалпы құрылысы, иілген қабаттар көрініс алады. Шұлық киілген аяқ іздерінің жалпы белгілері: шұлық өлшемі, жіптердің тоқылу түрі мен схемасы, өкше жақтарының тігістері.
Аяқкиім іздерін өлшеу.
Жалаң аяқ табаны:
1 -саусак шетінен табанның шетіне дейінгі аралық.
2-табанның бас жағының ені.
3-табанның көтерілетін жерінің ені.
4-табан өкшесінің ені.
Қ - үлкен, ҚҚ —сұқ, ҚҚҚ —ортаңғы, ҚҮ —төртінші, Ү — шынашақ саусақтар.

Аяқ киім табаны:


1-табанның жалпы ұзындығы.
2-өкшенің ұзындығы.
3-өкше мен ұлтанның арасының үзындығы.
4-ұлтанның ұзындығы.
5-ұлтаннын ені.
6-аралықтың ені.
7-өкшенің ені.

Идентификациялык және диагностикалык мақсаттарды шешу үшін тек қана жалғыз із емес, окиға болған жердегі табылған аяқ, іздер жолы деп аталатын, табылған бірнеше аяқкиім іздері зерттеледі.


Яғни, бұл іздер жолына қарап, адамның жүріс-тұрысынын элементтерін, оның жұру жылдамдығын, бағытын, жобамен онын бойы мен салмағын, функционалды кемістіктерін анықтауы мүмкін. Бұндай зерттеуді жүргізу үшін оң және сол аяқ, іздердің тура ортасынан түзу сызық салынады. Бағыт сызығын жүргізіп, тергеуші жүріс сызығын анықтайды.




Егер аяқ киім өлшемін штих түрінде көрсету қажет болса, онда келесідей есеп жүргізіледі. Штих 2/3 см-ге тең, сондықтан аяқ киім нөмерін есептеу үшін келесідей формула қолданылады: И=(Д-д)/Ш, мұнда: И – аяқ киім нөмірі, Д – табан ізінің ұзындығы, д – табан ұзындығы мен ұлтарақ ұзындығының арасындағы айырмашылық, Ш – штих. Мысалы, іздегі табан ұзындығы – 29 см болса, онда И=(29-1)х3/2=42 өлшем болады.
Қағазға, фанераға түскен жалаң аяқ іздерін қол саусақтарының іздері сияқты айқындап табады. Кафельденген еденде, линолеумде табылған беткі қабатты аяқтың (аяқ киімнің) іздерін үлкен форматты жабысқақ үлбірлерге (дактилоскопиялық, резиналық, перхлорвинилдік немесе сәйкес өлшемді ылғалданған фотоқағазға) көшіріледі.
Көлемді іздердің көшірмесін дайындау үшін әртүрлі материалдар қолданылады. Кең тараған түрлеріне: гипс, «К» пастасы жатады. Егер із сусымалы материалдарда (құм, цемент, ұн) қалдырылса, оны алдын ала қандай да бір ерітіндімен өңдеп қатырып алады. Ондай ерітінділерге: қант ерітіндісі, керосин, ацетондағы целлулоидты немесе перхлорвинил ерітіндісі, арнайы лактар немесе аэрозоль түріндегі шашқа арналған лактар жатады.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет