Студенттің ПƏндік оқУ Əдістемелік кешені



жүктеу 0.76 Mb.
Pdf просмотр
бет1/14
Дата06.04.2017
өлшемі0.76 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Экономика жəне бизнес институты
«Экономика жəне минералды ресурстарды басқару» кафедрасы
СТУДЕНТТІҢ ПƏНДІК
ОҚУ - ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Тау – кен кəсіпорнының экономикасы, жоспарлау жəне
басқару» пəні бойынша
050707 – «Тау – кен ісі» мамандығы үшін
Алматы 2008

Қ. И. Сəтбаев  атындағы  ҚазҰТУ  студенттеріне  арналған «Тау – кен  кəсіпорнының
экономикасы, жоспарлау жəне басқару»  пəнінің оқу-əдістемелік кешені
Құрастырған Қабылбеков М. Ғ., Алматы: ҚазҰТУ, 2008,  100 б.
Құрастырушы: Қабылбеков Мэлс Ғабитұлы
                           проф, экон. ғылым. кандидаты
АҢДАТПА
«Тау – кен кəсіпорнының экономикасы, жоспарлау жəне басқару» пəнді студенттер 6 –
шы  семестрде  оқиды. Ұсынып  отырған  оқу - əдістемелік  кешендегі  курстық  оқу
бағдарламасы, дəрістердің  конспектілері, оқытушы  басшылығымен  орындалатын
студенттердің  өздік  жұмыстары  бойынша  өткізілетін  сабақтардың  жоспары  студенттердің
кəсіпорын  экономикасы  теориялық  негіздерін  талқылауды, негізгі  жəне  айналыстағы
ресурстарды тиімді пайдалануды, өндіріс шығындарды дұрыс жұмсауды, өнімді өткізу жəне
пайда  табу, инвестицияларды  негіздеуді, сонымен  қатар  еңбек  пен  өндірісті  ұйымдастыру
əдістері, жұмыс  процестері  бойынша  өндірісті  ұйымдастыру  графигін  құру  тəсілдерін, тау-
кен  кəсіпорнының  өндірістік – шаруашылық  қызметін  жоспарлау  жəне  талдауды  игеріп
алуға мүмкіндік береді. Пəннің оқу - əдістемелік кешені ҚР МЖБС-ның мазмұнына, типтік
жəне  жұмыс  бағдарламасына  сəйкес  құрастырылған. Кредиттік  жүйе  бойынша  оқитын
студенттерге  тау-кен  өнеркəсібінің  экономикасы  жəне  басқарудың  теориялық  мəселелерін,
кəсіпорынның  жоспарлы  жəне  нақты  қаржы  –  шаруашылық  қызметін  талдау  əдістерін
меңгеруге, олардың  таңымдық  іс-əрекетін, білімдік  қажеттіліктерін  қамтамасыз  етуге
көмектеседі.
 Қ. И. Сəтбаев атындағы
Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2008

1 ПƏННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS
1.1 Оқытушы туралы мəліметтер:
Сабақ жүргізетін оқытушы: Қабылбеков Мэлс Ғабитұлы – экономика ғылымдарының
кандидаты, профессор
Байланыс түрі: 257-70-91, қосымша 73-73
Кафедрада болатын уақыты: БОК, 408 бөлме
1.2 Пəн туралы мəліметтер
Пəн атауы – «Тау – кен кəсіпорнының экономикасы, жоспарлау жəне басқару»
Кредит саны – 3
Өткізу орны_______________________________________________________________
1 – кесте
Оқу жоспарының көшірмесі
1 аптадағы академиялық сағаттар
курс
семест
р
кредитт
ер
дəрістер
ла
б.
сабақтар
Тəжірибелік/семина
р
сабақтар
СӨЖ
*
СОӨЖ
*
Барлығ
ы
Бақыла
у
түрі
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
3 6 3
2
-
1
3
3
9
Емтиха
н
*Ескерту: əрбір кредитке екі сағат СӨЖ бөлінеді
СОӨЖ – 50%, СӨЖ - 50% (жұмыс оқу жоспарын қараңыз)
1.3 Алдыңғы реквизиттер
«Тау – кен  кəсіпорнының  экономикасы,жоспарлау  жəне  басқару» курстың  алдында
оқитын пəндерге мыналар жатады: Тау – кен ісінде математикалық статистика; Ресурстарды
сақтау жəне аз қалдықты технология; Тау – кен жұмыстарының процестері; Тау – кен ісіндегі
жүйелік талдау; Экономикалық теория негіздері.
1.4 Соңғы реквизиттері:
Ашық  кен  жұмыстары  процестерінің  өзара  байланысы  жəне  оларды  жоспарлау; Өнім
сапасын басқару.
1.5 Пəннің қысқаша мазмұны
Тау – кен  кəсіпорнының  экономикасы, жоспарлау  жəне  басқару  пəнінің  мазмұны  екі
бөлімнен (модульден) тұрады. Бірінші модульде кен өндіретін кəсіпорындарының өндірістік
ресурстары, яғни  негізгі  қорлар  мен  айналым  қаражаттары, қызметкерлер  жəне  оларға
еңбекақы  төлеу, сондай - ақ  ресурстарды  өндірістік  тұтыну  мен  кəсіпорынның  қызмет
нəтижесін бағалау мəселелері қарастырылған. Осы модульде тау – кен кəсіпорнының өнімнің
өзіндік  құны,  өнімге  баға  белгілеу,  оны  өткізу  жəне  табыс  табу,  қаржы  –  экономикалық
жағдайы мен инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігі көрсетілген.
Екінші  модульде  өндірісті  ұйымдастыру, яғни  тазарту, кен-даярлау, бұрғы-жарылыс,
ішкі  кеніштік  көлік, көмекші  өндірістік  процестерін  ұйымдастыру  жұмыстары, сонымен
қатар еңбекті ұйымдастыру, нормалау(мөлшерлеу) жəне жұмыс  істейтіндерге жалақы төлеу
мəселелері  қарастырылған. Осы  модульде  тау-кен  өнеркəсібіндегі  техника-экономикалық
жоспарлау-өнімді  өндіру  жəне  сату, өнімнің  өзіндік  құны  мен  пайдалылық, еңбек  пен
жұмысақы, кəсіпорынның  қаржылық  жоспарларын  əзірлеу; өндіріс  пен  еңбек  ұжымын
басқару жəне тау-кен кəсіпорнының қаржы-шаруашылық мəселелері көрсетілген.

Пəннің  мақсаттары  мен  міндеттері – кəсіпорын  экономикасы  теориялық  негіздерін
талдауды, негізгі  жəне  айналыстағы  ресурстарды  тиімді  пайдалануды, кəсіпорынның  жəне
оның  технологиялық  буындарының  қызметінің  негізгі  техникалық  жəне  экономикалық
көрсеткіштерін  есептеуді  жəне  негіздеуді  оқыту. Сонымен  қатар  тау – кен  өндірісін
ұйымдастыру  мен  жоспарлаудың  негіздері  мен  практикалық  əдістерін, өндіріс  пен  еңбекті
ұйымдастырудың  тəжірибелік  мəселелерін  шешуді, кəсіпорынның  жəне  бөлімшелерінің
өндірістік – шаруашылық  қызметінің  техника – экономикалық  көрсеткіштерін  дайындауды
зерделенуден тұрады.
Сабақты толық аяқтағаннан кейін оқушылар мына білімдерді білуге тиіс:
-
нарықтық экономикасының қазіргі замандағы теориясы мен тəжірибесін;
-
кəсіпорын  қызметінің  коммерциялық, шаруашылық, қаржы  жəне  əлеуметтік, салық
салу жағдайларын реттейтін негізгі заңдары мен құжаттарын;
-
өндірістік  ресурстарды  жұмсалуын  негіздеу 
бойынша  экономикалық –
статистикалық есептерді іске асыруын;
-
өндірістік  факторларды  нарықтық  жағдай  мен  өнім  шығару  көлеміне  байланысты
таңдап негіздеуін;
-
сандық жəне сапалы экономикалық деректерді талдауын;
-
кəсіпорынның шаруашылық қызмет нəтижелерін талдап, шешім қабылдауын;
-
жаңа  техника  мен  технология  енгізу  нұсқаларынан  ең  экономикалық  тиімдісін
есептеп алуын.
-   
тау – кен  инженері  өндірісті  ұйымдастыруды, басқаруды  жəне  жоспарлауды
жақсарту есебінен өндіріс тиімділігін жоғарлату резервтерін тауып, жүзеге асыра білуді;
-    тау-кен өнеркəсібін ұйымдастыру жəне басқарудың тəжірибелік мəселелерін шешуді;
-    өндірісті, еңбекті жəне еңбекақыны ұйымдастыруды жетілдіру бойынща негізделген
шараларды жасауды;
-    
жоспарлы  кезеңде  кəсіпорынның  өндірістік-шаруашылық  қызметін  реттейтін
техника-экономикалық көрсеткіштерді дайындауды;
-   
техника-экономикалық  көрсеткіштердің  қол  жеткен  деңгейлері  мен  серпінін
талдауды білуі керек.
1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері жəне оларды орындау кестесі
2 – кесте
Тапсырмалардың түрлері мен оларды орындау мерзімі
Бақылау
түрі
Жұмыс
түрі
Жұмыстың тақырыбы
(нақты бетін көрсету керек)
Ұсынылған
əдебиетке сілтеме
Балдар
Тапсыру
уақыты
1
2
3
4
5
6
Ағымдық
бақылау
Баяндама 
Экономика түрлері. Тау –
кен өнеркəсібінің салалық
бөлінуі.Минералды
ресурстарды экономикалық
бағалау
1 нег. [4-21]
2 нег. [69-88]
1
1-ші апта
Ағымдық
бақылау
Бақылау
жұмысы
Тау – кен өнеркəсібінің
негізгі қорлары
1 нег. [26-57]
2 нег. [145-211]
1
2-ші апта
Ағымдық
бақылау
Бақылау
жұмысы
Негізгі қорлар мен айналым
қаражаттар
1 нег. [26-80]
2 нег. [145-257]
11 қос. [64-79]
1
3-шы апта
Ағымдық
бақылау
Семестр-
лік
жұмысы
Кəсіпорындардың еңбек
ресурстары, кəсіпорын
қызметкерлеріне жалақы
төлеу
1 нег. [81-135]
2 нег. [273-342]
10 қос. [60-78]
11 қос. [80-116]
3
4-шы апта
Ағымдық
бақылау
Бақылау
жұмысы
Тау – кен өнеркəсібіндегі
өнімнің өзіндік құны мен
өндіріс шығындары
1 нег. [136-171]
2 нег. [345-378]
3 нег.. [324-344]
11 қос. [88-98]
3
5-ші апта

1
2
3
4
5
6
Ағымдық
бақалау
Реферат
Тау – кен өнеркəсібінде
өнімнің өзіндік құны,
өндіріс шығындары, өнім
өткізу, баға белгілеу. Табыс
жəне пайдалылық
1 нег. [136-208]
2 нег. [345-433]
11қос. [88-138]
8
6-ші апта
Аралық
бақылау
Тестлеу
1модуль
Кəсіпорынның жалпы
қаржы – экономикалық
жағдайын бағалау
Кəсіпорындарға салық салу
1 нег. [209-249]
2 нег. [433-454]
11 қос. [139-150]
10
7-ші апта
Ағымдық
бақалау
Семестр-
лік
жұмысы
Кəсіпорындарында
инвестиция тиімділігін
анықтайтын критерийлерді
есептеу
1 нег. [250-267]
3
8-ші апта
Ағымдық
бақалау
Ауызша
жауап
Ұйымдастыру, жоспарлау
жəне басқарудың негізгі
ұғымдары мен терминдері.
Кəсіпорын жүие ретінде
5нег. [7-35]
8нег. [8-27]
14қос. [13-90]
11қос. [19-27]
3
9-ші апта
Ағымдық
бақылау
Бақылау
жұмысы
Тау-кен өнеркəсібінің
өндірістік жəне ұйымдық
құрлымы. Тау-кен
кəсіпорындарында өндірісті
ұйымдастыру, оның
принциптері мен
мақсаттары
5нег. [68-77]
6нег. [10-43]
8нег. [28-64]
14қос. [348-384]
11қос. [33-42]
3
10-ші апта
Ағымдық
бақылау
Желілік
графигін
тұрғызу
Кен орнын қазу
процестерін кеңістікте
өзара үйлестіру. өндірістік
процесті уақыт бойынша
ұйымдастыру
5нег. [78-89]
6нег. [123-143]
8нег. [65-74]
14қос. [362-384]
3
11-ші апта
Ағымдық
бақылау
Реферат 
Тау-кен кəсіпорындарында
еңбекті ұйымдастыру жəне
мөлшерлеу, еңбекке ақы
төлеуді ұйымдастыру
2нег. [312-345]
7нег. [5-41, 58-74,
99-247]
1нег. [89-92, 106-
135]
11қос. [126-190]
16қос. [7-74]
8
12-ші апта
Ағымдық
бақылау
Ауызша
жауап
Тау-кен өнеркəсібіндегі
техника-экономикалық
жоспарлау
5нег. [292-412]
2нег. [455-467]
14қос. [252-311]
17қос. [7-200]
2
13-ші апта
Аралық
бақылау
Тестілеу
ІІ модуль
Өндірісті жəне еңбек
ұжымын басқаруды
ұйымдастыру
5нег. [7-67]
6нег. [234-352]
18қос. [4-187]
10
14-ші апта
Ағымдық
бақылау
Бақылау
жұмысы
Тау-кен кəсіпорнының
шаруашылық қызметін
талдау
2нег. [468-517]
15қос. [7-415]
1
15-ші апта
Қортынды
бақылау
Емтихан
1 жəне 2 модульдар
бойынша емтихан
сұрақтарын білу
Негізгі жəне
қосымша
əдебиеттер
40
1.7 Пəн бойынша оқу - əдістмелік материалдары
1.7.1 Негізгі əдебиеттер тізімі
1. Ерали А.Қ., Қабылбеков М.Ғ. Кəсіпорын экономикасы. Оқулық. – Алматы: ҚазҰТУ,
2004. –     267 б.

2. Моссаковский Я.В. Экономика горной промышленности. Учебник. – М.: Издательство
Московского государственного горного университета (МГГУ), 2004. – 525 с.
3.  Астахов  А.С.,  Краснянский  Г.Л.  Экономика  и  менеджмент  горного  производства.
Книга 1.2. Учебное пособие. – М.; Издательство Академии горных наук, 2002. – 367 с и 314
с.
4. Қабылбеков М.Ғ. Кəсіпорын экономикасы. Есептер жинағы. – Алматы; ҚазҰТУ, 2004.
– 60 б.
5. Организация, планирование и управление производством в горной промышленности.
Под редакцией Н.Я.Лобанова. – М.:Недра, 1989
6.Ганицкий В.И. Организация и управления горным производством. –М.:Недра.1996
7.Организация, нормирование  и оплата  труда  на  горных  предприятиях. Под  редакцией
Т.В.Борисовой - М.:Недра, 1990.
8. Ганицкий В.И. Организация  пройзводства на карьерах. –М.:Недра.1996
1.7.2 Қосымша əдебиттер тізімі
9. Галиев  Ж.К. Экономика  предприятия. Общий  курс  с  примерами  из  горной
промышленности. – М.: Издательство МГГУ, 2001.
10. Жолдасбаева Г.Ө. Кəсіпорын экономикасы. – Алматы: Экономика, 2002.
11.  Мейрбеков  А.Қ.,  Əлімбетов  Қ.Ə.  Кəсіпорын  экономикасы.  –  Алматы:  Экономика,
2003.
12. Сəлімбаева Б.Қ., Досхожаев Д.Т. Еңбекті мөлшерлеу. – Алматы: Экономика, 2001.
13. Қабылбеков  М.Ғ. Өнеркəсіптік  статистика. Тəжірибелік  сабақтарды  орындауға
арналған əдістемелік нұсқау. – Алматы: ҚазҰТҮ, 2003.
14.Фатхудтинов Р.А. Оранизация производства.-М.:ИНФРА-М,2000.
15.Ковалев.В.В.,Волкова  О.Н. Анализ  хозяйственной  деятельности  предприятия.-
М.:Проспект,2000.
16. .Лихтерман С.С и.др Бизнес планирование.-М.:МГГУ, 2004.
17.  Бердалиев Қ.Б жəне басқалары. Басқару негіздері.-Алматы:Экономика,1997.
18. Бердалиев Қ.Б. Менеджмент. Лекциалар курсы. –Алматы: Экономика 2005.
19. Климова Т.Г Эконмоика горного предприятия. –Алматы: КазНТУ, 2005.
1.8 Білімді бақылау жəне бағалау
Қ.  И.  Сəтбаев  атындағы  ҚазҰТУ  –  дың  барлық  курс  пен  барлық  пəндері  бойынша
студенттердің білімін тексеруде рейтингтік бақылау қолданылады.
Мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарына енгізілген əрбір пəннің рейтингі қорытынды
бақылауға тəуелсіз 100 балдық шкаламен бағаланады.
Əрбір  пəнге  келесі  бақылау  түрлері  белгіленеді: ағымдық  бақылау, аралық  бақылау,
қорытынды бақылау.
Ағымдық  бақылау  түріне: бақылау  жұмысы, реферат, семестрлік  тапсырма  жəне
басқалары  жатады. Қортынды  бақылау  түріне  байланысты  бақылау  түрлерінің  балдық
көрсеткіштері қолданылады (3-кесте).
3 – кесте
Бақылау түрлері бойынша рейтинг балдарын бөлу
Қорытынды бақылау түрі
Бақылау түрлері
Балдар
Қорытынды бақылау
100
Аралық бақылау
100
Емтихан
Ағымдық бақылау
100
Аымдық  бақылаудың  қорытындысын  өткізу  мерзімі  пəн  бойынша  оқу  процесінің
күнтізбелік кестесімен белгіленеді (4 – кесте).

4 – кесте
Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша күнтізбелік кестесі «Тау – кен
кəсіпорнының экономикасы, жоспарлау жəне басқару» пəні бойынша
Апталар
1
2
 3
4
5 6 7
8
9  10 11 12 13 14 15
Бақылау
түрлері
АЖ 
Б 
Б 
АЖ 
Б 
Р 
АБ
1
АЖ 
Б
Б
Б
Р 
АЖ  АБ
2
Б
Балл
1
1
 1
1
1 1 1
1
1
1
1
1
1
1
1
Бақылау түрлері: АЖ-ауызша жауап; Б-бақылау; АБ-аралық бақылау; Р-реферат жəне т.б.
Студент  жалпы  ≥30 рейтинг  балы  есебімен  қорытынды  бақылауға  жіберіледі.
Қорытынды  бақылауға  ≥20 бал  жинаған  жағдайда  ғана  өткізілді  деп  есептелінеді. Пəннің
қорытынды бағасы шкала бойынша (5 – кесте) анықталады.
5 – кесте
Студенттердің білімін бағалау
Баға
Əріптік эквивалент
Рейтингтік балл
(пайызбен %)
Балмен
Өте жақсы
А
А-
95 – 100
90 – 94
4
3,67
Жақсы
В+
В
В-
85 – 89
80 – 84
75 – 79
3,33
3,0
2,67
Қанағаттанарлық
С+
С
С-
D+
D
70 – 74
65 – 69
60 – 64
55 – 59
50 – 54
2,33
2,0
1,67
1,33
1,0
Қанағаттанарлықсыз
F
0 – 49
0
Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі.
1 – модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
1. Кəсіпорын экономикасын қалай түсінесіз?
2. Табиғи ресурстарды экономикалық бағалау қажеттілігі.
3. Негізгі қорлардың құрылымы мен жіктелуі, оларды есепке алу мен бағалау.
4. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы.
5. Тау – кен қазбалары амортизациясының ерекшеліктері.
6. Өндірістік қорларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.
7. Айналым қаражаттары, олардың құрамы мен құрылымы.
8. Айналым қаражаттарды пайдалану көрсеткіштері.
9. Айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату жолдары.
10. Кəсіпорындардың қызметкерлер құрамы мен серпінінің көрсеткіштері.
11. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолдары.
12. Еңбек өнімділігін арттыру резервтері.
13. Қандай жағдайда жалақының ең тиімді жүйесін қодануға болады?
14. Жұмысшыларға ұжымдық кесімді жалақы төлеу түрлері.
15. Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесі жəне оның ерекшелігі.
16. Өнімнің өзіндік құны экономикалық санаты ретінде қандай рөль атқарады?
17. Қандай шығындар тұрақты жəне өзгермеліге жатады?
18. Өндіріс шығындарын жіктеу.
19. Өнімнің өзіндік құны мен өндірісті көлемі арасындағы тəуелділік.
20. Шығындарды топтастыру əдістері.

21. Кен өндіретін саладағы өнімнің өзіндік құн калькулациясының ерекшеліктері.
22. Тау-кен кəсіпорнының өнімін ақшалай бағалау, өнім түрлері.
23. Кəсіпорнының табысы, табыстардың құрамы.
24. Баға белгілеу əдістері.
25. «Директ костинг» жəне баға саясаты.
26. Қазақстан Республикасында жер койнауын пайдаланушыларға салық салу.
27. Кəсіпорынның қаржы ресурстары мен олардың көздері.
28. Күрделі қаржы салымдар мен инвестициялардың абсолюттік жəне салыстырмалы
тиімділігі.
29. Тау-кен өнеркəсібінде инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау.
30. Қаржы экономикалық бағалау критерийлері.
2 – модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
1. Өндірісті  ұйымдастыру, жоспарлау  жəне  басқарудың  негізгі  ұғымдары  мен
терминдерін айтып беріңіз.
2. “Өндірістік процесс” терминінің мағынасын ашып беріңіз.
3. Кен өндіретін салада өндірісті ұйымдастыру ерекшелігі неде?
4. Өндірісті ұйымдастырудың негізгі принциптерін айтып беріңіз.
5. Кен  өндіретін  кəсіпорындарының  өндірістік  құрылымын  жетілдірудің  негізгі
бағыттары қандай?
6. Өндірісті  кеңістікте  жəне  уақыт  бойынша  ұйымдастырудың  мақсатын
түсіндіріңіз.
7. Тау-кен  кəсіпорындарында  еңбекті  ұйымдастырудың  мағынасы  мен  міндеттері
қандай?
8. Еңбекті ұйымдастырудың негізгі бағыттарын айтып беріңіз.
9. Тау-кен өнеркəсібінде еңбекті ұйымдастырудың бригадалық нысандары.
10. Еңбекті  ұйымдастырудың  үдемелі  бағыттары  бойынша  шаралар  енгізудің
экономикалық тиімділігін анықтаңыз.
11. Еңбекті нормалаудың (мөлшерлеудің) принциптері мен əдістері қандай?
12. Жұмыс уақыты шығындарын зерттеу не үшін қажет?
13. Процестер бойынша еңбек нормаларын əзірлеу тəртібі мен əдістері қандай?
14. Қандай жағдайда жалақының əр түрлі нысандарын пайдалануға болады?
15. Еңбекақы төлеудің ұжымдық кесімді нысанын қолдануға қашан тиімді?
16. Тау-кен кəсіпорындарында жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері.
17. Жоспарлаудың түрлері жəне оларды əзірлеу ерекшеліктері қандай?
18. Пайдалы  кенбайлықты  өндіретін  кəсіпорындарының  өндірістік  қуаты  қандай
факторлармен байланысты?
19. Өнім өндіру көлемін жоспарлау кезінде қандай көрсеткіштерді есептеу керек?
20. Өнім өткізудің жылдық көлемі қалай анықталады?
21. Кен  өндіретін  кəсіпорындарында  өзіндік  құнының  қандай  көрсеткіштері
жоспарланады?
22. Еңбек пен жұмысақы қоры қалай жоспарланады?
23. Өндірісті басқарудың негізгі міндеттері мен принциптерін айтып беріңіз.
24. Тау – кен  кəсіпорындарында  басқару  құрылымдарының  қандай  түрлері
пайдаланылады?
25. Оперативтік жоспарлау мен басқарудың міндеттері мен мазмұны.
26. Кəсіпорындарының шарушылық қызметін не үшін талдау керек?
27. Кəсіпорын қызметінің қандай маңызды көрсеткіштерін талдайды?
28. Статистикалық талдау үлгілерінің қандай түрлерін білесіз?
29. Өнім өндіру көлеміне қандай факторлар əсер етеді, бірнеше мысалдар келтіріңіз.
30. Кəсіпорын тиімділігін талдау кезінде пайдаланатын критерийлерін айтыңыз.

Аралық аттестацияға арналған сұрақтар:
1. Тау – кен өнеркəсібінің салалық бөлінуі.
2. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері.
3. Негізгі  қорлардың  тозуы  мен  амортизациясы, олардың  табиғи  жəне  сапалық
тозуы.
4. Амортизация аударымдарды есептеу əдістері.
5. Негізгі қорлардың орташа жылдық құнын есептеу əдістері.
6. Негізгі қорлардың жəй – күйі, қозғалысы мен серпіні.
7. Кəсіпорын айналым қаражаттарының айналымы.
8. Айналым қаражаттарын жіктеу, оның құралу көздері.
9. Айналым қаражаттарды нормалау əдістері.
10. Айналым қаражаттарды нормалау мен олардың қажетті көлемін анықтау.
11. Материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері.
12. Қызметкерлердің кəсіптік – біліктілік құрамы.
13. Кəсіпорынның жұмыс уақыты.
14. Қызметкерлердің қозғалысы мен серпінінің көрсеткіштері.
15. Еңбекті нормалау негіздері.
16. Қызметкерлер саны мен еңбек өнімділігінің өндіріс көлеміне əсері.
17. Өндірістік функция. Жалпы, орташа жəне шекті өнім.
18. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу түрлері, жүйсі мен нысандары.
19. Еңбекке  қатысу  коэффициентін  пайдаланып  ұжымдық  кесімді  еңбекақы  төлеу
жүйесі.
20. Өнімнің өзіндік құнына енгізілетін шығындар құрамы.
21. Экономикалық элементтері бойынша шығындарды топтастыру.
22. Калькуляция баптар бойынша шығындарды топтастыру.
23. Нарықтық жағдайындағы шығындар есебінің ерекшеліктері.
24. Өнімді өткізуден алынған табыс жəне оны бөлу тəртібі.
25. Пайдалылық, оның түрлері жəне тəуелділігі.
26. Кəсіпорындарға салық салу жəне салық түрлері.
27. Қаржылық – шаруашылық  қызметінің  нəтижелері  туралы  есеп  беру. Қаржы
коэффициенттері.
28. Келтірілген таза құнды, дисконтталған таза табысты есептеу.
29. Пайданың ішкі нормасы, оны есептеу əдістері.
30. Бірнеше нұсқалардан ең тиімділігін есептеу үшін пайдаланатын критерийлері.
31. Тау – кен өнеркəсібіндегі негізгі өндірісті қалай түсінесіз?
32. Кəсіпорындарындағы  негізгі  өндірістік  процестің  мақсаты, міндеттері  жəне
маңызы.
33. Өндірістік  процестерді  ұйымдастыру  принциптері, оның  деңгейін  бағалайтын
көрсеткіштерді есептеу əдістері.
34. Кеңістік пен уақыт аралығында өндірісті қалай тиімді ұйымдастырады?
35. Тазарту жəне кен-даярлау қазбаларды жүргізуін ұйымдастыру циклограммасын
құру тəртібін ашып беріңіз.
36. Өндіру  жəне  аршу  кемерлерде  тау-кен  жұмыстарын  өзара  байланыстыра
ұйымдастырудың жалпы ережелері мен қағидалары.
37. Тау-кен  кəсіпорындарында  еңбекті  ұйымдастырудың  мəні  мен  міндеттері
қандай?
38. Тау-кен өндірісінде еңбекті ұйымдастырудың негізгі бағыттары.
39. Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру мазмұны мен негізгі жолдары.
40. Еңбекті ұйымдастырудың бригадалық нысандарының тиімділігі.
41. Еңбекті  ұйымдастырудың  үдемелі  əдістерінің  тиімділігін  бағалайтын
көрсеткіштерді есептеу əдістері қандай?

42. Үдемелі  еңбек  ұйымдастыру  бағыттарын  енгізу  шараларының  экономикалық
нəтижесі.
43. Еңбекті нормалау (мөлшерлеу) əдістері мен принциптері.
44. Еңбек нормасы мен еңбек өнімділігі арасындағы байланыс бар ма?
45. Еңбек уақытының шығындарын зерттеу не үшін керек?
46. Жұмыс  уақыты  суретінің  мəліметтерін  қалыпты  балансты  əзірлеу  үшін  қалай
пайдаланады?
47. Жұмыс уақытын зерделу (хронометраж) деректерін өңдеу жəне талдау кезеңдері.
48. Процесстер бойынша өндірім нормаларды есептеу əдістемесі.
49. Кешенді өндіру нормаларды есептеу əдістемесі.
50. Еңбек  нормативтері, оларға  əсер  ететін  факторлары, солар  арасындағы
байланыстарды анықтау əдістері.
51. Тау кен өнеркəсібінде еңбекақы төлеуді ұйымдастыруының ерекшеліктері.
52. Қосымша  табыс  коэффициентін  жəне  еңбекке  қатысу  коэффициентін
пайдаланып, ұжымдық  кесімді  еңбекақыны  бригада  мүшелері  арасында  бөлу
əдістемесі.
53. Кен өндіретін кəсіпорында жоспарлаудың түрлері мен олардың міндеттері.
54. Өнім өндіру мен оны өткізу жоспарын əзірлеу.
55. Кеніштерде еңбек пен жұмыс ақы қорын жоспарлау əдістемесі.
56. Кен өндіретін кəсіпорындарында өнімнің өзіндік құнының қандай көрсеткіштері
жоспарланады.
57. Өнімнің  өзіндік  құнын, пайда  мен  пайдалылықта  жоспарлау  əдістерін  айтып
беріңіз.
58. Өндірісті басқарудың негізгі мазмұны мен əдістері, басқару жүйелері.
59. Тау-кен кəсіпорнының шаруашылық қызметін талдау үлгілері мен əдістері.
60. Ұйымдастырушылық  шешімдерді  қабылдағанда, өндіріс  тиімділігін  талдауда
пайдаланылатын қандай экономикалық критерийлерді білесіз?

Каталог: sites -> default -> files -> books
books -> ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Н. Н. Столярчук, Т. В. Василюк English Английский язык
books -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2
books -> В языкознание теория речевой деятельности психолингвистика
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Сабақ жүргізетін: 1 Сыздыкбеков Н. Т. доцент, т.ғ. к 2 Шакенова Ж. Н. аға оқытушысы 3 Исанова М. К. оқытушысы
books -> Студенттің ПƏндік оқУ-Əдістемелік кешені
books -> ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет