Студенттің ПƏндік оқУ Əдістемелік кешені


Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата06.04.2017
өлшемі0,76 Mb.
#11190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы
Тау – кен кəсіпорнының  айналмалы капиталы (айналым  қаражаттары) өндірістегі жəне
айналыстағы капиталға бөлінеді.
Өндірістік  қосалқы  қорлары, аяқталмаған  өндіріс  жəне  болашақ  кезеңдер  шығындары
кəсіпорынның  айналмалы  қорын  құрайды, ал  оның  дайын  өнімі, ақшалай  қаражаттары
айналыс қоры болады. Өндірістік қорлары мен кəсіпорынның қоймадағы дайын өнімі оның
тауар – материалдық құндылықтарын құрады.
Айналым  қаражаттарының  бір  маңызды  бөлігі  қажетті  мөлшерде  өндірістік  қорлар
түрінде  кəсіпорынның  тоқтаусыз  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ету  үшін  үнемі  қоймаларда
сақталады.
Өндірістік қосалқы қорларына тау – кен өнеркəсібінде мыналар кіреді:
1. қосалқы материалдары;
2. отын жəне жанар май;
3. ыдыс жəне ыдыс материалдары;
4. қосалқы бөлшектер;
5. құнсыздау жəне тез тозатын заттар;
6. арнаулы киім мен аяқкиімдер.
Қосалқы материалдар - өндірістік процесте қосымша рөл атқаратын еңбек заттары. Олар
əдетте  заттай  дайын  өнім  құрамына  кірмейді. Қосалқы  материалдарға  бекітпелік  жəне
жарылғыш  заттар, жару  құралдары, бұрғылық  болат  пен  қарнақтар, майлау  материалдары
мен  т. б. жатады. Тау – кен  кəсіпорындарының  айналым  қаражаттарында  қосалқы
материалдар  үлесі 5-12 пайыз  болады. Отын  жəне  жанар  майға  технологиялық  мақсатпен
пайдаланылатын көмір, жанар май, мазут жəне т. б. жатады, олардың үлесі 2-5 пайыз.
Ыдыс  жəне  ыдыс  материалдары  айналым  қаражаттар  сомасының  бір  пайызына
жетпейді.
Қосалқы  бөлшектер – машиналар, жабдықтар, көлік  құралдарын  жөндеу  жұмыстарына
арналған  бөлшектер, узелдер  мен  агрегаттар, айналым  қаражаттар  жалпы  сомасында
олардың үлесі орташа есеппен алғанда 4-тен 6 пайызға барады.
Тау – кен  кəсіпорындарында  жалпы  айналым  қаражаттар  көлемінде  өндірістік  қорлар
үлесі 15 пайыздан 40 пайызға  дейін  барады, ол  пайдалы  қазбалар  өндіру  тəсіліне, оларды
қазып  алу  жүйесіне, пайдалы  қазбалар  түрлеріне  жəне  тағы  да  көп  факторлармен
байланысты.

Аяқталмаған өндіріс – кəсіпорында дайындалып бітпеген өнім. Ол өндіріс процесіндегі
жəне  əлі  толық  дайын  болмаған  өнім, мұндай  өнім  алғашқы  өндіруден  бастап  оны
техникалық  бақылау  қабылдап  алғанға  дейінгі  немесе  тауар  өніміне  енгізуге  дейінгі
өндірістік процестердің түрлі сатыларында болуы мүмкін.
Аяқталмаған өндірістің құрамына тау – кен өнеркəсібінде мыналар жатады:
· пайдалы қазбаларды жерасты тəсілмен өндіргенде қоймалап жəне жаппай құлата
қазу  жүйелерінде  уатылған, яғни  бұрғыланған, жарылғыш  заттармен  ұсақталған
кен;
· кенбайлықтарды ашық тəсілмен өндіргенде забойдағы қопарылған кен (руда).
Тау – кен өнеркəсібінде аяқталмаған өндірістің үлесі айналым қаражаттар құрамында аз
(1-2 пайыз).
Тау – кен  кəсіпорындарында  болашақ  кезеңдер  шығындарына  өндірісті  дайындауға
жұмсалған шығындар жатады:
· кен  орнын  жер  асты  тəсілмен  қазу  кезінде  күрделі  кен  қазбалары  мен  кен –
даярлау қазбаларының бөлігін жүргізуге арналған шығындар;
· кен орнын ашық тəсілмен қазу кезінде кен денесін ашуға арналған шығындар;
· кейбір  ұзақ  мерзімде  пайдаланылатын  материалдарды  сатып  алуға  жұмсалған
шығындар (құбырлар, рельстер, болатарқандар, иілмелі  кабельдер, темірден
жасалған тіреулер жəне т.б.).
Əр ай сайын болашақ кезеңдер шығындары нормативтер арқылы өндіріс шығындарына
енгізіледі. Тау – кен  өнеркəсібінде болашақ  кезеңдер шығындардың  үлесі өте  жоғары  жəне
айналым қаражаттардың жалпы сомасының 50 пайызын құрайды.
Дайын  өнімге  тау  –  кен  өнеркəсібінде  өңдеудің  барлық  сатыларынан  өткен  жəне
өндірістік  тұтынуға  жарамды  пайдалы  қазбалар  жатады. Дайын  өнім  айналыс  қорының
бөлігі. Айналыс  қоры  қоймадағы  дайын, сатып  алушыларға  жөнелтілген, бірақ  əлі
төленбеген  өнімді, кассадағы, есеп  айырысу  шотындағы, аккредитивтердегі  ақшалай
қаражатты, дебиторлық  берешекті, жабдықтауға  қызмет  көрсету, дайын  өнімді  өткізу  үшін
пайдаланылатын ресурстар мен қаражатты қамтиды.
Айналым қаражаттарды пайдалану көрсеткіштері
Өндіріс тиімділігіне айналым қаражаттарының айналымдылығы үлкен əсер етеді. Ол бір
жылдағы, бір  тоқсандағы  айналым  қаражат  айналымының  санын  жəне  бір  айналымның
ұзақтығын  сипаттайды. Сонымен  айналым  қаражаттарының  айналымдылығы  оны  тиімді
пайдалануын  сипаттайтын  экономикалық  көрсеткіш. Алдында  айтқандай  кəсіпорынның
айналым  қаражаттары  ұдайы  өндіріс  процесінің  бір  сатысынан  екінші  сатысына  үнемі
ауысып  отырады. Оның  бұл  үздіксіз  қозғалысы  айналым  қаражаттарының  ауыспалы
айнымалы болып табылады.
Айналым  қаражаттарының  айналымының  жылдамдығын  айналымдылық  коэффициент
сипаттайды, ол  өткізілген  өнім  құны  жəне  айналым  қаражаттарының  орташа  қалдығы
қатынастарымен есептеледі:
К
А
 = ӨӨ / АҚ ,
мұндағы К
А
 – айналым қаражаттарының айналымдылық коэффициенті;
ӨӨ – белгілі бір кезеңде нарық белгілеген бағамен өткізілген өнім көлемі, теңге;
АҚ – айналым қаражаттарының үздіксіз айналыста болатын орташа қалдығы, теңге.
  
Айналым  қаражаттарының  орташа  жылдық,  тоқсандық  сомасы  (қалдығы)
хронологиялық орташа мəнін есептеу арқылы табуға болады, яғни:
АҚ = (1/2 АҚ
Б
 +
å
-1
2
n
АҚ
і
 + ½ АҚ
С
)/(n-1),
мұндағы АҚ – айналым қаражаттарының орташа жылдық, жарты жылдық, тоқсандық, айлық
сомалары, теңге;
 АҚ
Б
 – айналым қаражаттарының есептік кезең басындағы мөлшері, теңге;

АҚ
С
 – айналым қаражаттарының есептік кезең соңындағы мөлшері, теңге;
АҚ
і
  – айналым қаражаттарының есептік кезең ортасындағы сомалары, теңге;
n – қатардағы деңгейлер, көрсеткіштер саны.
Айналымдылық  коэффициентіне  кері  көрсеткішті  жүктеме  немесе  орналастыру
коэффициенті  дейді. Бұл  көрсеткіштің  экономикалық  маңызы  мынада – бір  теңгеге  өнім
шығару үшін қанша айналым қаражаттары керек екендігін білдіреді.
Басқа маңызды көрсеткіш – бір айналымының уақыты (ұзақтығы). Ол кезеңдегі күндер
санын айналымдылық коэффициентке бөлумен табылады:
t = T/K
A
немесе T · АҚ / ӨӨ,
мұндағы t – бір айналымның ұзақтығы, күндер;
T – кезеңдегі күндер саны (жылда 360 күн, тоқсанда 90 күн).
Келесі көрсеткіш айналым қаражаттардың қайтарым көрсеткіші (Қ
АҚ
), ол өнім өткізуден
алынған  пайда  мен  кəсіпорынның  айналым  қаражаттардың  қалдығы  қатынасымен
анықталады, яғни:
Қ
АҚ
 = П / АҚ ,
мұндағы П – өнім сатудан алынған пайда, теңге;
АҚ – сол кезеңдегі айналым қаражаттардың орташа қалдығы (сомасы).
Айналым қаражаттарды нормалау əдістері
Айналым  қаражаттарды  нормалау  үшін  келесі  негізгі  əдістер  пайдаланылады: тікелей
есептеу, талдамалы жəне коэффициенттік.
Тікелей  есептеу  əдісі  айналым  қаражаттардың  əр  элементі  бойынша  дəлелделінген
есептеуді  қарастырады. Осы  əдісті  пайдаланғанда  кəсіпорынның  ұйымдастырушылық –
техникалық  даму  деңгейінде, тауар – материалдық  құндылықтарды  тасымалдауда,
кəсіпорындар арасында есеп айырысу практикасында барлық өзгерістерді есепке алу қажет.
Бұл  əдіс  экономистерден  жоғары  біліктілікті  тілейді, бірақ  соның  арқасында  айналым
қаражаттар қажеттілігі дəл анықталады.
Айналым  қаражаттардың  қажетті  мөлшерін  талдамалы  əдіспен  есептегенде  кəсіпорын
қызмет  жағдайында  көп  өзгерістер  болмағанда  пайдаланады. Бұл  кезде  айналым
қаражаттарының нормативін есептегенде өндіріс көлемінің өсу қарқыны мен өткен кезеңдегі
нормаланатын айналым қаражаттар мөлшерін еске алу керек.
Айналым  қаражаттарды  коэффициенттік  əдіспен  есептегенде  олардың  қорлары  мен
шығындарын  белгілеу  тікелей  өндіріс  көлемімен  байланысты (материалдар, аяқталмаған
өндіріске  жұмсалған  шығындар, қоймадағы  дайын  өнім) жəне  оған  байланысты  емес
(қосалқы бөлшектер, арзан бағалы  жəне тез тозатын заттар, болашақ кезеңдер шығындары)
болып  бөлінеді. Бірінші  топ  бойынша  айналым  қаражаттар  қажеттілігі  олардың  ағымдағы
жылдағы мөлшері мен келесі жылдағы өнім өндірудің өсу қарқынымен анықталады.
Екінші топ бойынша айналым қаражаттардың қажеттілігі бірнеше жылдардағы айналым
қаражаттардың орташа нақты қалдықтар деңгейінде жоспарланады.
Кəсіпорындардың  өндірістік  қосалқы  қорлары, аяқталмаған  өндірісі, болашақ  кезеңдер
шығындары мен дайын өнімі нормаланады:
Н
АҚ
 = Н
ӨҚ
 + Н
А
 + Н
Б
 + Н
Д
.
Өндірістік  қосалқы  қоры  өндірістік  процестің  үзіксіздігін  қамтамасыз  етуге  арналған
материалдық  ресурстары  деп  айтуға  болады. Олардың  салыстырмалы  немесе  абсолюттік
шамадағы мөлшері кəсіпорындарының ырғақты, тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге
жəне артылып қалмауға тиіс, ресурстардың түсуіне, олардың тұтынылу көлемі мен сипатына,

жеткізілімнің транзиттік нормаларының шарттары мен мөлшеріне, жеткізушілердің шарттық
міндеттемелерді  орындауына, өндірістің  маусымдылығына, басқа  да  факторларға
байланысты.
Өндірістік  қосалқы  қорлары  мақсаты  мен  дайындау  қажеттілігіне  қарай  ағымдағы
(күнделікті пайдаланылатын), сақтандыру, дайындалма жəне маусымдық қосалқы қорларына
бөлінеді.
Ағымдағы қосалқы қорлар ресурстардың екі жеткізілімі арасындағы кезеңде жасалады,
оның  мөлшері (материалдың, отынның, қосалқы  бөлшектердің) күн  сайынғы  шығынына,
жеткізілім жиілігіне жəне тұтыну мөлшеріне байланысты жəне мына формуламен есептеледі:
Қ
Қ
 = M · t / 2 ,
мұндағы Қ
Қ
 – өндірістік қорлар элементтерінің ағымдағы орташа қосалқы қоры;
M – өндірістік қорлар элементтерінің əр тəуліктік заттай тұтынылуы;
t – кезекті жеткізілімдер арасындағы уақыт.
Ақша тұлғада формула мына түрде жазылады:
Қ
Қ
 = M · t · Б / 2 ,
мұндағы Б – өндірістік қосалқы қорлар элементі бірлігінің бағасы.
Пайдалы қазбаларды өндіретін тау – кен кəсіпорындарының көбінде өндірістік циклдің
ұзақтығы оңша  көп  емес, əдетте  бірнеше  сағат  болғандықтан, аяқталмаған  өндіріс  жоқ  деп
айтуға  болады. Аяқталмаған  өндіріс  тек  қана  кенді  қоймалап  қазу  жүйесін  пайдаланатын
кəсіпорындарында  пайда  болады, онда  кенді  забойда  өндіру  медеттен  оны  үстіне  шығару
кезеңге дейін бірталай уақыт өтеді.
Кенді  қоймалап  қазу  жүйесін  пайдаланатын  кеніштер  аяқталмаған  өндіріс  бабы
бойынша айналым қаражаттардың керекті мөлшерін келесі формуламен есептейді:
Қ
АӨ
 = Q
З
 · С(t + 1) t / 2 ,
мұндағы Қ
АӨ
 – аяқталмаған өндірістегі айналым қаражаттарының сомасы, теңге;
Q
З
 – забойдан жер астындағы қоймаға жеткізілген орта тəуліктік пайдалы қазбалар
өндірімі, т;
С – өндірілген кеннің 1 тоннасының өзіндік құны, теңге;
t – өндірілген кеннің қоймада болған мерзімі, күндер.
Жер асты тəсілмен өндірілетін тау – кен кəсіпорындарында кен – даярлау жұмыстарын
жүргізуге  арналған  айналым  қаражаттардың  болашақ  кезеңдер  шығындары  элементі
бойынша керекті сомаларды мена формуланы пайдаланып есептеуге болады:
Н
БК
= (Q
Б
 + Q
Ж
 – Q) K · C – Ө,
мұндағы  Н
БК
 – кен – даярлау  қазбаларын  жүргізуге  арналған  айналым  қаражаттардың
болашақ кезеңдер шығындары бабы бойынша сомасы, теңге;
Q
Б
 – жоспарланған жыл басында қазып алуға дайындалған шахтадағы кен қоры, т;
Q
Ж
 – жоспарлы жыл бойы қазып алуға дайын болатын кеннің жаңа қорлары, т;
Q – жоспарлы жылда өндіруге белгіленген кен көлемі, т;
K – кеннің бір тоннасын өндіруге шаққандағы кен – даярлау қазбалардың көлемінің
жоспарлы үлесті көрсеткіші, м
3
/т;
C – кен – даярлау қазбалардың 1текше метрінің орташа өзіндік құны, теңге/м
3
;
Ө  -  кен  –  даярлау  қазбаларды  жүргізуде  жыл  ішінде  жоспарланған  жолай
өндірілетін кеннің өзіндік құны, теңге.

Дайын  өнім  деп  тау – кен  кəсіпорнында  өндірілген, бұдан  əрі  өндеуге  жатпайтын,
стандарттар мен техникалық шарттардан, техникалық бақылаудан өткен, басқа кəсіпорындар
тұтынуға жарамды пайдалы қазбаларды айтады.
Қоймадағы  дайын  өнімдегі  айналым  қаражаттардың  норматив  шамасы (Қ
Д
) мына
формула бойынша анықталады:
Қ
Д
 = Q
Т
 · t ,
мұндағы  Q
Т
  -  өндірістік  өзіндік  құн  бойынша  тауар  өнімнің  тəуліктегі  орташа  шығару
көлемі, теңге;
 t – дайын өнімнің қоймада болуының ұзақтығы, күндер.
Ресурс – қосалқы қорлар, табыс, ақшалай жəне басқа қаражат құндылықты көздері.
Негізгі  түрлері: материалдық, еңбек, қаржы, табиғат, жер, су  жəне  энергетикалық
ресурстары. Ресурстар  көлемінің  өнім  өндіру  шамасына  қатысын  ресурс  сыйымдылығы
дейді. Ал  материал  сыйымдылығы - өнімнің  бір  өлшеміне  шаққандағы  есеппен  жұмсалған
материалдардың нормативтік немесе нақты шығыны, яғни қандай болмасын өнімді өндіруге
жұмсалған  материалдық  ресурстар  шығынының  көрсеткіші. Физикалық (заттай) өлшем
бірлігімен, ақшалай тұлғада өлшенеді, олар жалпы өнімнің өзіндік құнындағы материалдық
құнын құрайды.
Ресурстарды үнемдеу – материалдық, энергетикалық жəне басқа ресурстарды ұтымды
пайдалану  шараларының  жүйесі. Осы  шараларды  кешенді  түрде  пайдалану, өндіру,
тасымалдау, сақтау  кезінде  ысырапқа  жол  бермеу; өңдеу  кезінде  қалдықтарды  қысқарту,
қайталама ресурстарды шаруашылық айналымға кеңінен тарату т.б. жолмен қол жеткізіледі.
Ресурстарды  үнемдеудің  сақталуы – техника  мен  технология  саласының  маңызды
сипаттамасы. Техниканы  дайындау  мен  пайдалануға  жұмсалған  шығындары  аз  болса,
үнемдеуші техника деп есептеледі, қалдығы аз немесе қалдықсыз технология – ресурстарды
үнемдеуші технология деп саналады.
Негізгі  əдебиеттер: 1 нег. [58-80]; 2 нег. [228-257]; 3 нег. [167-168].
       Қосымша əдебиеттер: 9 қос. [59-78]; 11 қос. [71-79].
Бақылау сұрақтары:
1. Кəсіпорынның айналмалы капиталына анықтама беріңіз.
2. Айналмалы қорлары қандай элементтерден, топтардан тұрады?
3. Кəсіпорынның айналым қаражаттары қандай сатылардан, кезеңдерден тұрады?
4. Айналым  қаражаттардың  құрамына  кіретін  элементтерді  нормалау  əдістері  мен
қажетті көлемін анықтау.
5. Айналым қаражаттарды пайдалану көрсеткіштері.
5– дəріс. Кəсіпорынның  еңбек  ресурстары. Қызметкерлерге  еңбекақы
төлеу
Нарықтық  экономика  жағдайында  еңбек  ресурстары  рөлінің  маңызы  артады. Жақсы
таңдалған  еңбек  ұжымы – кəсіпкердің  негізгі  мəселесінің  бірі. Кəсіпорны  сəйкес  адам
ресурстарысыз тиімді жұмыс істей алмайды.
Адам  капиталы  экономикалық  өсудің, өндіріс  тиімділігінің, өнімнің  бəсекеге
қабілеттілігінің негізі.
Қызметкер  деп  жұмыс  берушімен  еңбек  қатынастарда  тұратын  жəне  жеке  шарты
бойынша тікелей орындайтын жеке тұлға болып саналады.
Еңбек рыногі – жұмыс күші жұмыс істейтін рынок. Онда жұмысшылар өзінің жұмыс
күшін  ақыға  ұсынады. Еңбек  рыногінде  ұсыныс, сұраныс  жəне  жалақы  түріндегі  баға
болады, жалақы жұмыспен қамту мен жұмыссыздық арасындағы қатынаспен айқындалады.
Рынокты  мемлекеттік  тарапынан  реттеу  қажеттілігі  туады, яғни  мемлекет  нарықтық
қатынастарды  ретке  келтіру, халықтың  жекелеген  топтарын  əлеуметтік  жағынан  қорғау
шараларының кешенді жүйесін əзірлеп, жүзеге асырады.

Рынокты  əлеуметтік  тұрғыда  реттеу  халықтың  жалақы  мен  зейнетақының  ең  аз
мөлшеріне  кепілдік  жасауды, жұмыссыздықтың  алдын  алуды  немесе  оны  болмауды
көздейді.
Еңбек шарты ұжымдық немесе жеке болуы қажет. Еңбек шарты – қызметкерлер мен
жұмыс  беруші  арасындағы  келісім, бұл  келісімге  орай  қызметкерлер  біліктілікке  сəйкес
кəсіптер, мамандықтар  немесе  лауазымдар  бойынша  жұмысты  орындауға  жəне  ішкі  еңбек
тəртібіне  бағынуға  міндеттеледі, ал  жалдаушы  қызметкерлерге  жалақы  төлеуге, талаптар
көзделген жəне еңбек туралы кодекспен жəне ұжымдық шартты белгіленген еңбек жағдайын
қамтамасыз  етуге  міндеттеледі. Жұмысқа  қабылдау  жұмыс  берушінің  бұйрығымен
ресімделеді.
Еңбек қатынастары – тараптардың əдетте жеке еңбек жəне ұжымдық шарттар негізінде
белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыру жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер
арасындағы қатынастар.
Фирманың еңбек ресурстарының құрылымы
Қызметкерлердің  кəсіптілік – біліктілік  құрылымы  еңбектің  кəсіптілік  жəне  біліктілік
бөліну  əсерінен  пайда  болады. Əдетте  белгілі  дайындықты  талап  ететін  еңбек  қызметінің
түрін кəсіп деп  атайды. Кəсіп  қолданатын еңбек  құралына  қарай (машинист), еңбек  затына
қарай (мұнайшы, кенші), еңбек  заттарына  əсер  ету  тəсіліне  қарай (бұрғылаушы) немесе
өндіріс  процесінде  жұмыстың  мазмұны  мен  сипатына, атқарылатын  міндетіне  қарай
анықталады.
Біліктілік – білім мен еңбек машықтарын меңгеріп алу дəрежесі.
Персонал (қызметкерлер құрамы) – кəсіпорнының жеке құрамы, əдетте штат кестесінде
орындалған  жұмыс  сипатының  белгілеріне  қарай  басқарушы, инженер – техник, желілік
жəне  тағы  басқа  қызметкер  топтарына  бөлінген  жалдамалы  кəсіпқой  қызметкерлер.
Қызметкерлер  құрамы  туралы  ережені  жұмыс  беруші  əзірлеп, бекітеді  жəне  орындауға
міндетті фирма ішіндегі құжат болып табылады.
Қазіргі кезде кəсіпорнының қызметкерлері санаттарға, категорияларға бөлінеді.
Қызметкерлердің  санаттары – негізгі  қызметтегі  қызметкерлердің  кəсіпорындарында
атқаратын міндеттеріне сəйкес бөлінетін топтары.
Мысалы, материалдық  өндірістік  салаларында  қызметкерлер  құрамына  жұмысшылар,
басшылар, мамандар, қызметшілер, кіші қызмет атқаратын (көрсететін) жұмыскерлер, кəсіби
оқушылар жатады.
Кəсіпорынның  түрлі  өндірістік – шаруашылық, басқарушылық  жəне  басқа  міндеттерін
орындаушы қызметкерлерді – оның кадрлары дейді. Олардың саны мен қозғалысының есебі
кəсіпорынның  кадрлар  бөлімі  немесе  осыған  үəкілетті  басқа  да  атқарымдық  бөлімшелері
рəсімдетіп қабылдау, ауыстыру жəне босату туралы бұйрықтар негізінде жүзеге асырылады.
Қызметкерлер  құрылымы деп  солардың  барлық  санында  жұмысшылардың,
мамандардың, қызметкерлердің  жəне  басқа  да  санаттардың  үлесін  айтады. Қызметкерлер
құрамында жұмысшылардың үлесі жоғары, 60% асады.
Қызметкерлер құрамын талдау
Нақты (жанды) еңбекті  статистика  əдістері  бойынша  зерттегенде  оларды  үш  топқа
бөледі:
1. еңбек ресурстарының сипаттамасы жəне оларды пайдалану;
2. еңбек өнімділігінің сипаттамасы;
3. еңбекке ақы төлеу сипаттамасы.
Кəсіпорын  қызметкерлері деп жалдау шартымен реттелетін, кəсіпорынмен заңды  тұлға
ретінде қарым-қатынас жасаушы жеке тұлғалардың жиынтығын айтады.
Қызметкерлер, қызмет  түріне, олардың  өндірістік  процесіне  қатысуына  байланысты
өнеркəсіптік-өндірістік  қызметкерлеріне  немесе негізгі қызметтегі  қызметкерлерге  жəне
кəсіпорын 
балансында 
тұрған
өндірістік 
емес
шаруашылықтар 
ұймдарының
қызметкерлеріне  немесе  негізгі  қызметке  жатпайтын  қызметтегі  қызметкерлерге
ажыратылады.

Өнеркəсіптік-өндірістік  қызметкерлер-өнеркəсіп  орындарының  өндіріс  барысында
жұмыс  істейтін, қызмет  көрсететін  жəне  оны  басқаратын  қызметкерлері. Айталық  барлық
негізгі  жеке  көмекші  цехтардың, учаскілердің  жəне  басқа  бөлімшелердің  қызметкерлері,
сондай – ақ  кəсіпорынның  негізгі  қызметіне  жататын  дайындау  жұмыстары  мен  басқа
жұмыстарда істейтін қызметкерлер жатады.
Өндірістік  емес  ұйымдарының  қызметкерлері-өнеркəсіп  орындарының  балансында
тұрған  өнеркəсіптік  емес  шаруашылықтар  мен  ұйымдардың  қызметкерлері. Үйлер  мен
ғимаратты  салумен, күрделі  жөндеумен  айналысатын, тұрғын  үй – коммуналдық
шаруашылықта, балалар  мекемелері  мен  медициналық, мəдени-ағарту  жəне  басқа
мекемелерде істейтін қызметкерлер жатады.
Мамандар – кəсіпорынның  инженерлік-техникалық, экономикалық  жəне  басқа
жұмыстарымен  айналысатын  қызметкерлер  санаты. Олардың  жоғары  немесе  арнаулы  орта
білімі болуы тиіс.
Қызметшілер – кəсіпорынның  əкімшілік, шаруашылық, қаржы  есеп, шотбухгалтерлік,
заңдық, кеңес жəне басқа функцияларын жүзеге асырушы қызметкерлері.
Жұмысшылар – кəсіпорынның  тікелей  материалдық  құндылықтар  жасаумен  немесе
өндірістік  қызметтер  көрсету, жүкті  тасымалдаумен  айналысатын  жұмыскерлер  саналады.
Өндірістік процеске қатысу сипатына қарай негізгі жəне көмекші жұмысшыларға бөлінеді.
Негізгі
жұмысшылар – негізгі  процестерде  істейтін, тікелей  материалдық
құндылықтарды жасайтын жұмысшылар жатады.
Көмекші  жұмысшылар – негізгі  өндірістің  жұмыс  істеуі  үшін  қажетті  құралдарды
өндіретін, жұмыстарды орындайтын немесе қызметтерді көрсететін жұмысшылар.
Жұмыскерлер  құрамы  екіге  бөлінеді: жұмысқа  келетін жəне тізімдегі құрамына.
Жұмыста болуға тиіс немесе жұмыста болған қызметкерлер санын жұмысқа келушілер саны
дейді. Əрине барлық персонал жұмысқа бір күнде шықпайды. Олардың кейбіреуі демалыста,
кейбіреулері ауырып қалуы мүмкін, бірақ олар кəсіпорын штатында тіркеледі.
Белгілі  бір  кезеңде  жұмыста  болатындар  санының  олардың  орташа  тізімдегі  санына
қатынасы – жұмыс күшін пайдалану көрсеткіші болып табылады.
Кəсіпорын  штатында  есептелінетін  қызметкерлердің  жалпы  санын (тізімдік  құрамы)
өндірістік  процесті  орындау  үшін  керекті  қызметкерлер  санына (жұмысқа  келетін  құрам)
қатынасты тізімдік санына келтіру коэффициенті деп атайды.
Тізімдік  санына  келтіру  коэффициенті (К
Т
) немесе  тізімдік  құрамының  коэффициенті
былай есептеледі:
К
Т
 = Т
А

Т
 ,
мұндағы  Т
А
 – атаулы  жұмыс  уақыты (кəсіпорын  жұмыс  істейтін  тəртіптеме  бойынша),
күндер;
Т
Т
– жоспарлы жұмыс уақытының балансы бойынша айқындатылатын тиімді жұмыс
уақыты.
Ал жұмысшылардың тізімдегі саны (N
Т
) былай анықталады:
N
Т
= N
К
 · К
Т
,
мұндағы N
К
– қызметкерлердің жұмысқа келу саны.
Қызметкерлердің  жұмысқа  келу  орташа  санын  арифметикалық  орташа  мəнін
пайдаланып есептейді.
Қызметкерлердің  орташа  тізімдегі  санын  хронологиялық  орташа  мəнді  есептеу  əдісін
пайдаланып анықтайды:
N
Т
= (1/2 · N
1
+ N
2
+  N
3
+ … +N
11
+ 1/2 · N
12
) / (n – 1).

Кадрлардың  қозғалысын  жəне  бар  болуын  білу  үшін  келесі  негізгі  көрсеткіштерді
пайдаланылады: қабылдау жəне  жұмыстан шығу айналымы қарқындылығының, кадрлардың
тұрақтану жəне тұрақтылық коэффициенттерін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет