Студенттік ассамблея – ел жастары бірлігінің мызғымас ұйытқысы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі393,75 Kb.
#6162

Қазақ ұлттық аграрлық 

университетінің ректоры, 

академик Тілектес ЕСПОЛОВ 

СТУДЕНТТІК АССАМБЛЕЯ – ЕЛ ЖАСТАРЫ БІРЛІГІНІҢ МЫЗҒЫМАС 

ҰЙЫТҚЫСЫ 

Бүгінгі күні егемен еліміздің іргесі берік қаланып, әлем мойындаған, мемлекеттер 

қатарынан орын алдық. Осы жетістікке – еңсесі биік, ой-өрісі кең халқымыз бен іскер де 

көреген Тұңғыш Президентіміздің кемел саясатының нәтижесінде қол жеткіздік. 

Мемлекет басшысының ұтқыр ұстанымдары ішкі саясатта ел экономикасының 

қарыштап дамуына, халқымыздың әлеуметтік жағдайының, тұрмысының жақсаруына 

жеткізсе, сыртқы саясатта – Тәуелсіздігіміздің қауіпсіздігін нығайтуға негіз болды. Ұлт 

Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы көпэтносты халықты ынтымақ-

бірлікке  шақырып, еліміздің экономикасын дамыту бағдарламаларын іске асыруға біріге 

жұмылуына ұйтқы болып, барлық этностық топтардың келешегіне сенім бере білді. 

Кеңес Одағынын бөлініп шыққан көптеген елдерде орын алған ұлтаралық жанжалдар 

мен азаматтық қақтығыстардан мемлекетіміздің аман болуының негізгі себебі де 

осында екені  ақиқат. Қазіргі уақытта да әлемде түрлі толқулар мен қақтығыс-

көтерілістер жиі бой көтере бастады. Бұл ретте Қазақ Елі саяси тұрақтылық пен 

толеранттылықты ту етіп, көпұлтты мемлекетіміздегі халықтар бірлігін барынша 

қастерлеп келе жатқаны аян. 

 

Бір шаңырақ астындағы береке 

«Береке басы - бірлікте» деген халық даналығын сан мәрте есімізге салып, еліміздегі 

тыныштықты көздің қарашығындай сақтауға арналған шараларының бірі Елбасының 

Қазақстан халқы Ассамблеясын құруы. Мемлекет басшысы өзі атап көрсеткендей, бүгінгі 

күні Қазақстан халқы Ассамблеясы – таза қазақстандық саяси жаңашылдықтың 

нәтижесінде қалыптасқан өзіндік бірегей институт деңгейіне көтерілді. Ол этносаралық 

және конфессияаралық келісімнің басты тетігі ретінде ел тарихында маңызды рөл атқарды 

және атқарып келеді. Бұл үлкен сенімді білдіреді. Соның көрінісі еліміздегі қалыптасқан 

этносаралық татулық, саяси тыныштық, ынтымақтастық,  бірлік. Осы құндылықтар 

Қазақстанның саяси өмірінің шындығына айналды. 

Жаңа ғасырда жаңа мемлекет құрып отырған еліміздің астанасында алдағы күндері 

«Қазақстан – 2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» 

тақырыбымен 20 жылдық белеске абыроймен жетіп отырған Қазақстан халқы 

Ассамблеясының XXI сессиясы  өткізілмек. Елбасының өзі төрағалық ететін бұл бірегей 

институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, 

республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып 

келеді. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне 

қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен 

еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің 

айрықша үлгісі қалыптасты. Кең байтақ еліміздің көпэтностық бай кеңістігінде сенім, 

келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының 

мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған.  Осы 

орайда Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем 

назарын аударып отырғандығын айта кетуіміз керек. Бұл «қазақстандық үлгі» көптеген 

елдерде өткен халықаралық форумдарда таныстырылып, оң бағаға ие болды. БҰҰ-ның 



Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 

қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес 

келеді деп айрықша атап өткенін білеміз. 

Қазіргі қазақ қоғамының жаңару жолымен тиімді дамуы ең алдымен елдегі саяси 

тұрақтылық пен қоғамдық келісімге тәуелді. Көпэтникалық Қазақстан халқының ортақ 

құндылықтар мен мұраттар төңірегінде топтасуы болмаса табыс та болмайтындығын ел-

жұрт түсінді. Елбасы қоғамның тынысын ашатын, әлеуметтік салада ойдағыдай рухани 

ахуал қалыптастыратын этносаралық татулыққа ұдайы көңіл бөліп келеді. Қалай десек те 

біздің алға қойған айқын мақсаттарымыз халықтар арасындағы достық пен татулықтың 

арқасында іске асатындығы ақиқат. Осы маңызды рухани факторды жүзеге 

асыруда  тікелей қызмет істейтін ұйым - Қазақстан халқы Ассамблеясы. Ел қауымының 

өтінішімен бұл ұйымды Н.Ә.Назарбаев басқарып, оның жұмысының негізгі бағыттарын 

анықтап отыр. Негізгі мақсат - көпұлтты Қазақстан халқын өзара татулық, әлеуметтік 

келісім, дінаралық түсіністік және қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу. 

20 жылдық тарихы бар Қазақстан халқы Ассамблеясының ұстанып отырған басты 

қағидасы саналатын  «Бір ел – бір тағдыр» идеясы - «Мәңгілік Ел» идеясының жүзеге 

асуының тірегі болып табылады. Тыныштық, бейбітшілік, татулық, толеранттылық, өзара 

түсіністік сияқты құндылықтар ғана халықты топтастырады, мемлекеттің экономикалық 

реформалармен ойдағыдай дамуына жағдай жасайды. Осындай идеологиялық ахуалға қол 

жеткізу оңай шаруа емес. Оған қол жеткізетін - уақыт сынынан өткен ел халқының саяси 

тәжірбиесі, Елбасы көрсеткен қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. 

Қазақстан халқының өмір салтына айналған осы құндылықтардың барлығы елдің 

дамуының стратегиялық міндеттерін жеткізуге көмектеседі және оның болашағына 

қызмет етеді. Демек, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі жастар мен студенттерді 

тәрбиелеу  ісінде таптырмас маңызға ие. Ел болашағын жасайтын жастардың Елбасының 

тәрбие саясатын іске асыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне белсене ат 

салысуының әлеуметтік-саяси себебі осында деп білеміз. Республика бойынша этникалық 

татулық, достық, халықтар бірлігі мәселелеріне қатысты өткізіліп жатқан шаралар, 

жиындар, акциялар, флеш-мобтар жастарға отаншылдық пен патриоттық рух беруде. 

Мұндай шаралар әрбір жастың жүрек қылын тербейді, Отанын сүю идеясын санасына 

сіңіреді, түрлі зиянды қылықтардан аулақ болуға тәрбиелейді. Жалпы этникалық тәрбие 

жастардың рухани баюына көмектеседі. Өз ұлтымен қоса басқа ұлттар мен ұлыстардың 

мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихын білу әрбір жасты кемелденуге әкелетіні даусыз. 

 

«Достық» ассамблеясына - 10 жыл 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы студенттерге тәрбие беру жүйесіндегі 



жаңаша бағыттардың тағдырлық  маңызын  терең түсінеді. Біздің оқу орнында қазір 27 

ұлт пен ұлыс өкілдерінен құралған студенттер мен магистрлар білім жетілдіруде. 

Университеттегі «Достық» студенттік ассамблеясының құрылғанына биыл 10 жыл толды. 

Жастар қоғамдық бірлестігі ретінде құрылған ұйымның осы мерзім аралығында жасаған 

жұмыстары қуантарлық. Ұйымның қызметі студенттік өзін-өзі басқару принципіне 

негізделген. Ол университеттің «Студенттік «Достық» ассамблеясы қоғамдық бірлестігі 

туралы Ережесін» басшылыққа алады. Бакалавриатта, магистратура мен 

докторантурада  оқитын түрлі ұлт өкілдері өз халқының дәстүрлі мерекелерін 

факультеттер, немесе жалпы университеттік деңгейде атап өтеді. Барлық тәрбиелік өзегі 


бар шараларды студентер өздері ұйымдастырып, өздері жүргізіп, ерекше белсенділікпен 

қатысады. Бұл ретте жастарды этносаралық достық рухында тәрбиелеу аса маңызды. 

Бүгінгі күні университетіміз тәрбие жұмысын инновациялық тұрғыдан ұйымдастыруды 

қолға алды. Мысалы,  университет Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының арасында 

бірінші болып Елбасы идеясынан туындаған «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығын 

құрды. Студенттер «Достық» ассамблеясының жұмысы да «Қазақстан жолы» тәрбие-білім 

орталығы қоятын талаптар форматына көшірілді. Жаңа бағыттағы негізгі талап – 

қазақстандықтардың мемлекетшіл, патриот жаңа буынын қалыптастыру, жеке бастың 

табысқа жету жолдарын үйрету әдістемесін дамыту, еліміздің Тұңғыш Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың өмірлік ұстанымдары, жасампаз қызметі мен болашаққа қызмет ететін 

идеяларын пайдалану арқылы студенттерді тың бастамаларға қанаттандыру. Мақсат – 

студенттердің бойында Елбасының мемлекетшілдік, отаншылдық және еңбекқорлық 

үлгісімен лидерлік, көшбасшылық сапаларды тәрбиелеу, Ұлт Көшбасшысының өмірі мен 

қызметін қазақстандық патриотизмнің негізі  ретінде насихаттау. Сондықтан да аталған 

орталық мәдени-ағартушылық, зерттеушілік бағытты тереңдете отыра өскелең ұрпақты 

есімдері белгілі, елге зор еңбек сіңірген тұлғалар арқылы тәрбиелеуді көздейді. Бұл ретте 

Елбасымыздың тұлғалық қасиеттері әр қазақстандық жастарға зор өнеге екені сөзсіз. 

Жуырда ғана университетімізде қазақ ауыл шаруашылығы саласының өркендеп, дамуына 

өлшеусіз үлес қосқан Еңбек Ерлері мен Дала Академиктерінің галереясын аштық. Онда 

бүгінгі Тәуелсіз қоғамның да Еңбек Ерлерінің портреттері университет төрінен орын 

алған. Халыққа қажымай қызмет етіп, Қазақстан мақтанышына айналған нағыз еңбек 

адамы студенттер үшін үлгі болатыны даусыз. 

Хакім Абай айтқан «Кемел адам» болудың қазіргі замандағы бір жолы - өзіңмен қатар 

өмір сүріп келе жатқан халықтарды білу, олармен достық және сыйластық қатынастар 

орната алу. Халықтар ымырасы, бірлігі мен татулығы көпұлтты Қазақстанның күш-

қуатының қайнар көзіне айналатын тұсы да осы. Ерекше атап өтетін жайт, Университетте 

тәрбие жұмысын, әсіресе этносаралық мәдениетті қалыптастыру мәселесін Президент 

атаған жеті жалпықазақстандық басты құндылықтарға сәйкес келетін, «Қазақстан жолы» 

тәрбие-білім беретін орталығының алдына қойған міндеттерді тікелей шешуге 

көмектесетін 7 жаңа тәрбие орталықтары жұмыс істейді. Олар: «Қазақстан тәуелсіздігі» - 

студенттердің дебат орталығы, Ұлттық білім мен келісім орталығы, Руханият орталығы, 

Құқықтық мемлекеттегі инновациялық экономика орталығы, Еңбек қоғамы және 

салауатты өмір салты орталығы, Мәдениет және тіл орталығы,Ұлттық қауіпсіздік 

орталығы. Әрбір орталық Қазақстан қоғамының өміріндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси 

мәселеге байланысты  құрылып отыр. Студенттік ассамблея жұмысы да осы басым 

бағыттармен үндес. Оқу орнындағы шаралардың барлығы студенттік өзін-өзі басқару 

арқылы жүзеге асырылады. Демек студенттер саяси өмірді басқарудың дағдыларын осы 

бастан үйрене бастайды. Әр орталыққа университет жанынан құрылған О.Сүлейменов 

атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты құрамына  кіретін 

4 кафедра және мәдениеттану кафедрасы әдістемелік көмек береді. Бұл бағытта 

университеттегі тәрбие жұмысы инновациялық әдіс-тәсілдермен жүргізілуде. 

Университетіміздегі студенттік «Достық» ассамблеясы Алматы қаласындағы орыс, 

украин, күрт, ұйғыр, кәріс, шешен, түрік, поляк, беларусь халықтары Кіші 

ассамблеяларымен бірігіп осы халықтардың этнографиясынан, тарихынан, мәдениетінен, 

шаруашылығы мен дәстүр-салттарынан мағлұматтар беретін жекелеген экспозициялар 

ұйымдастырды. Кез-келген мемлекеттік мереке мен әр ұлтқа тән ұлттық мейрамдар мен 

атаулы күндердің қай-қайсысы болмасын, студенттік ассамблея тарапынан жан-жақты 

атап өтіледі. Бұған қоса оқу орнындағы әр ұлттың студенттері төл салт-дәстүрлері мен 

ұлттық құндылықтарын насихаттап, көрмелер мен түрлі мәдени шаралар мен арнайы 

акциялар өткізіп келеді. Бұл ретте оқу орнында студенттік Ассамблея негізінде «Жас 



аспаздар мектебінің» ұйымдастыруылуымен ұлттық тағамдар байқауының да табысты 

үйымдастырылып келе жатқандығын айта кетуіміз керек. Аталған шаралардың 

барлығында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этно-мәдени орталықтардың 

өкілдері қатысып, байқауларға әділқазылық жасайды. Халықтар бірлігін нығайтып, 

олардың өзара қарым-қатынасын патриоттық түрғыда қалыптастыру мақсатында 

университеттегі Студенттер үйінде әр ұлттың жастары бірге тұрады.  Бұл Студенттер 

үйлерінің «Жас орда», «Ақ бота», «Қазына», «Айболит», «Ақ қайың» сынды 

әрқайсысының өзіндік ерекше атаулары бар. 

Университет ұжымы сапалы білім беру процесі мазмұнды тәрбие жұмысымен тығыз 

байланыста болуы міндетті деп біледі. Аграрлық кешеннің мамандары ауылдық жерлерде 

мәдениетті, тәрбие мен идеология жұмысын ұйымдастыруға қабілетті болуы шарт. 

Сондықтан, Қазақстан үшін аса маңызды және өте сезімтал сала этносаралық қатынастар 

мен этносаясат негіздерін университетімізде білім алушы жастар - болашақ көпсалалы 

ауылшаруашылығы мамандары біліп шығулары керек. Студенттік «Достық» ассамблеясы 

ел халқының түрлі этностар өкілдерінің азаматтық топтасуына және Қазақстан халқы 

болып бірігуіне көмектеседі. Студент жастар көпұлтты Қазақстанның жалпыұлттық 

келісімге келуі барлық халықтардың теңдігі, өзара көмегі, діни татулығы, келісімі арқылы 

болатындығын университет қабырғасында өмірлік қағидаларына айландырып барып 

үлкен өмір есігін ашады. Әрине, ел халқын топтастыруда, достастыруда шешуші рөл 

атқаратын Қазақстанның тарихи иесі қазақ ұлты.  Қазіргі уақытта университет ұжымы 

студенттерді, магистранттарды, Ph докторларды көптілділдік форматта  тәрбиелеу 

шараларын жүйелі түрде іске асыра бастады. Профессор-оқытушылар құрамы мемлекеттік 

тілде оқу процесінің сапасын арттыруда. 

Елдің жаңа дамуы  кезеңіндегі идеологиялық міндеттер туралы Президенттің «Қазақстан 

жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында кеңінен айтылған. Біз 

осындағы қағидаттық идеяларды басшылыққа алудамыз. Жастар - болашақ маман ретінде 

күрделі әлемде болатын үрдістерді, қауіптер мен қатерлерді дұрыс түсіне білулері керек. 

Қазақ Елін күшейте түсетін, оның әлемге танымдылығын арттыра түсетін бүгінгі 

студенттер - ертеңгі ауыл шаруашылығында, агрөндіріс кешенінде жетекші қызмет 

атқаратын мамандар. Сондықтан да студент жастар үшін, жалпы қоғам үшін ең басты 

құндылық - Тәуелсіз мемлекетті сақтап, дамыту екені даусыз. 

 

Бірлікке бастайтын бағыт  

Ұлттық бірлік пен келісім орталығы аясында белсенді қызмет етіп келе жатқан 

Студенттердің «Достық» Ассамблеясы университеттің имиджін көтеріп, жастарға 

патриоттық тәрбие беруде көптеген мәдени-танымдық шаралар өткізуде. Бұл 

студенттік  ұжым тәрбие мен өнерді ұйымдастыруда қомақты нәтижелерге қол жеткізіп 

келеді. Мысалы, студенттердің өзара тілдік қарым-қатынастарын дамыту аясында 

университетіміз арнайы байқауға қатысып, «Русский мир» Халықаралық қорының 

грантына ие болған. Аталған грантты ұтып алу үшін білікті қазылар алқасына ТМД 

елдерімен қатар Еуропа, Азия, Австралия және Америка елдерінен 405 жоба ұсынылған. 

Нәтижесінде университетіміздің студенттік «Достық» ассамблеясы дайындаған жоба 

жеңімпаз деп танылды. 

Студенттік Ассамблея аясында құрамы түрлі ұлттар өкілдерінен тұратын «Достық» би 

ансамблі университет, аудан, қала, облыс, республика көлемінде өткізілетін мәдени іс-

шараларға, би байқауларына үнемі қатысып, оларды өткізуге белсене атсалысып келеді. 


Ансамбльдің  репертуарында әлем халықтарының 30-ға жуық хореографиялық 

қойылымдары бар. Аталған өнер ұжымы Ресей мен Түркияның бірнеше қалаларында 

өткен беделді байқауларда талай мәрте топ жарды. 

Университетіміздің бүгінгі мәдени өмірінде студенттік ассамблеяның алатын орны 

ерекше. Әрбір академиялық топта, факультеттерде, университет көлемінде ассамблея 

мүшелері өз құндылықтарын насихаттайды. Тәрбие мен білім беру үрдістерін тең ұстай 

отыра университет еліміздің болашағы саналатын жаңа буынды қалыптастыру жолында 

аянып отырған жоқ. Оқу процесіне Елбасы Н.Ә.Назарбаев өмірі мен қызметі туралы 

арнаулы курстар мен арнаулы семинарлар енгізуді жоспарлаудамыз. Ондағы мақсат 

студенттерге еліміздің Тұңғыш Президенті жасаған Қазақстандық жолдың ерекшелігін 

және идеологиялық философиясын түсіндіру. Студенттер Қазақстан Тәуелсіздігін алған 

1991 жылдан бері қарай жүргізіліп келе жатқан реформалар саясатының логикасы мен 

эволюциясын дұрыс ұғынулары маңызды. 

Президент халыққа Жолдауында «Мәңгілік Ел» идеясы – ұлттық идеямызға айналды» 

деген ойды ерекше атап өтті. Шындығында бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған бейбіт 

қоғамның іргетасы бүгін қаланды. Келер ұрпақтың міндеті – жаңа белестерге көтерілген 

бейбіт қоғамды нақты әлеуметтік-саяси және экономикалық мазмұнмен толықтыру. 

Ұрпақтар сабақтастығын тәрбие беру арқылы іске асыруға болатындығын түсінген, 

Елбасының жоғарғы мектеп алдына қойған талаптарына жауап беруге ұмтылған 

университет ұжымы тәрбие жұмысын осылайша жаңаша іске асыруды қолға алуда. Біз 

бұл істе Елбасының жыл сайынғы Жолдауларын тікелей басшылыққа алдық. 

Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Азаттық пен Еркіндік – бүгінгі ұрпақтың 

еншісіне тиді. Тәуелсіздік пен татулық, бірлік пен ынтымақ – біз үшін ең қасиетті 

құндылықтар. Сондықтан да осы құндылықтарды қадірлеп, қастерлеу әр азаматтың 

міндеті. Егемен еліміздің қалыптасып, дамуы тікелей Елбасының есімімен тығыз 

байланысты екені даусыз. Қазіргі уақытта Президентіміздің бастамасымен республика 

бойынша әр саланы заманға сай дамыту қолға алынуда. Бұл ретте Елбасы отандық білім 

мен ғылымды өркендетуге, республикамыздағы халықтар бірлігін нығайтуға ерекше көңіл 

бөліп отыр. Осы орайда Мемлекет басшысы анықтап берген жаңа талаптарды жүзеге 

асыру жас ұрпаққа жүктеліп отырғаны анық. 

Өткен жылы  «Нұр Отан» партиясының ХV кезектен тыс съезінде орын алған маңызды 

оқиғаның бірі - партияның жаңа Саяси доктринасының қабылдануы болды. Қоғамның 

барлық саласына қатысты мәселелерді қамтыған Доктринада әсіресе, жастардың рухани-

патриоттық тәрбиесіне баса назар аударылған. Расында, еліміз өз келешегін қамтамасыз 

ету үшін интеллектуалды жастарға айрықша көңіл бөлуде. Сондықтан да, елімізде 

жастардың озық білім алып, кәсіби маман ретінде қалыптасуып, өз елінің патроиоты 

болып қалыптасуына жан-жақты жағдай жасалуда. 

Бүгінгі студент – мемлекетімізде қабылданған стратегиялық маңызы бар бағдарламаларды 

іске асыратын болашақ тәжірибелі маман. Бұл орайда Елбасымыздың республикамыздың 

даму стратегиясын айқындап, жүйелеу кезінде жоғары білімнің сапасын бірінші орынға 

қоюы – қолға алған әрбір істің нәтижелі болуына алып келуде. 

Өркениетті елдермен терезесін теңестіріп, жаңа қоғам құруға ұмтылыс жасап отырған 

Қазақ елі өткеннен сабақ алып, жарқын келешегінің қамын жасауда. Мемлекет жүктеп 

отырған нақты талап-міндеттерін орындауға бел буған бүгінгі жастар да 

елдің  интеллектуалдық капиталы мен қоғамның инновациялық әлеуеті тек қана білім 


арқылы келетіндігін жақсы түсінуге тиіс деп есептеймін. Мұндай игіліктер бейбіт елде 

ғана болатыны ақиқат. 

Шекарасын мықтап, алыс-жақын шет елдермен тиімді қарым-қатынас орнатқан 

республикамызда халықтың игілігі үшін атқарылған іс-шаралар қаншалықты көп болса, 

болашақтың еншісінде тұрған міндеттемелеріміз одан да ауқымды. Елдігіміздің кепілі – 

Тәуелсіздік туы астындағы ынтымақ пен берекеміздің баянды болуы үшін бір шаңырақ 

астында жұмылуымыз қажет. Бұл жолда Елбасы бастамасымен негізі қаланып, бүгінгі 

күні 20 жылдық белестен орасан жетістіктермен асып отырған Қазақстан халқы 

Ассамблеясына әлі де жүктелер міндеттер көп. Бұл ретте қазақ ұлттық аграрлық 

университетінің Студенттік «Достық» ассамблеясы өз жұмысын үлкен ассамблея 

қызметімен ұштастырып, мемлекет қойып отырған межелі мақсаттарды кезең-кезеңімен 

жүзеге асыруда бар ықылас-ниеті мен күш-жігерін жұмсауда. 



 

«Егемен Қазақстан», 2014 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет