Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары


  ХIХ ҒАСЫРДЫҢ ҰЛЫ ЖАРШЫСЫ - ƏЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ



Pdf көрінісі
бет22/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42

 

146 
ХIХ ҒАСЫРДЫҢ ҰЛЫ ЖАРШЫСЫ - ƏЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ  
Саликов А.М., ЭЭ-16-3 тобының студенті 
Ғылыми жетекшісі: Тлеугабылова К.С. 
 
Қай  елде  болмасын,  халық  мəдениетінің  асқар  шыңын,  халық  санасының  шалқар 
жеңісі  мен  тұнық  тереңін,  рухани  өмірдің  ең  жоғарғы  күмбезін  танытатын  ардагер,  абзал 
есімдер болады. 
Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, ХІХ ғасырдың бел ортасында жол 
айырығына келген қазақ өмірінің барлық əрі мен нəрін, сыны мен сырын, соры мен бағын 
теңдессіз  тарихи  тұлға – бұл  Əлихан  Бөкейханов.  Заманымыздың  заңғар  жазушысы,  қазақ 
мəдениетінің  ХІХ  ғасырдағы  биік  шыңы – артында  қалдырған  ұланғайыр  мұраларын 
зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де əр дəуірдің, əр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі 
болатыны  сөзсіз.  Егемен  ел  жағдайында  ұлы  жазушылар  мұрасына  деген  ілтипатымыз  да 
осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Əрбір адам бұл ғалымдардың ұлағатты сөздерін 
əрдайым есте сақтап, болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыруы тиіс. Бұл – барлық тарымыздың 
борышымыз жəне міндетіміз! 
Əлихан  Бөкейханов XIX ғасырдың  аяғында  қазақ  халқының  экономикалық-
əлеуметтік даму үрдісі жағынан зерттеушілердің арасындағы ең атақтысы болды. 
П.П.  Семенов-Тян-Шанскийдің  идеясымен  А.Ф.  Шербина  «Дала  өлкесін  
статистикалық-экономикалық жағынан зерттеу экспедициясының» Қарқаралы уезін зерттеу 
жұмыстарына катынасын, шаруашылықтың  67 процентіне санақ жүргізген. Топ жетекшісі 
Л.К.  Чермок  пен  А.  Бөкейхановтың  қосқан  үлесін: "Ол  қауымдық-ауылдық  топтарға 
ескертулер  енгізіп  отырды,  түрлі  схемалар  жасады,  өлкелердің  табиғи-тарихи  құрылымын 
анықтады.  Оларды  суреттеп  жазды,көшіп-қонудың  кестесін,  сондай-ақ  Қырғыз  (қазақ) 
сөздерінің  алфавиттік  көрсеткішін  жасады.  Ол  И.Ф.  Гусевпен  бірге  қырғыздардың  жер 
пайдалану картасында жасады, [1,134 б.] - деп жоғары бағалады. Əлихан Нұрмұхамедұлы 22 
жайылымдық  өлкелердің  табиғи-тарихи  болмысын  зерттеп,  жер  бедері,  өсімдік  түрлері, 
оларды  жазда  жəне  қыста  пайдалану  тəсілдерін  жазған.  Қазақ  ғалымдары  арасында  "Сары 
Арқа"  деген  атаулы  бірінші  болып  қолданған.  Бөкейхановтың  осы  мəліметтерінен 
Қарқаралы уезінің халкы шаруашылықтың əртүрлі салаларымен: 
 
 
 
Диаграммадағы көрсеткіштер: 27 пайызы əртүрлі кəсіппен, 12 пайызы егіншілікпен, 4 
пайызы  тұрақты  жатақ, 53 пайызы  мал  шаруашылығымен  айналысқанын  көреміз.  Өлке 
жағдайында мал өсіру шаруашылықты жүргізудің ең тиімді жолы деп бағалап, ол бұл сала 
пайдамен жүргізілсе, барлық қажетті аша алады, соның ішінде астықпен де қамтамасыз етеді 
деген қорытынды жасаған. 
Ленинград  ғалымы  С.П.  Швецов 1928 жылы  Əлихан  Бөкейхановтың  еңбегіне: 
Ғалымның экспедициядағы жүргізген  жұмыстары сапалығымен ерекшеленеді. Автор терең 
білімге  ие  жəне  қазақ  ауылын  жетік  біледі.  Жағдайға  сын  көзбен  қарап,  əділ  баға  береді. 

147 
Бұрын  мүлде  зерттелмеген  қазақ  ауылының  аса  күрделі  болмысын  алдыңызға  жайып 
салады, - деп жоғары баға береді. 
Орман шаруашылығын жетік білуімен қатар, кен жыныстары минералдар туралы да 
тамаша  біліктілік  танытып,  уездің  кен  кездерінің  бірнеше  түріне  тапсырыс  тусірген. 
Мысалы, 1908 ж. 8 наурызда Едірей болысының Шет-Арқалық жеріндегі асбестің мол сары 
туралы хат жазған. Петр Семенович Тян- Шанскийдің баласы Вениамин Петрович Семенов 
Тян-Шанский  алқабасылығымен  шыккан  Россия.  Полное  географическое  описание  нашего 
отечества  атты  көп  томдық  кітаптың 18-томы  Қазақ  өлкесіне  арналып. " Киргизкий  край" 
деген атпен 1903ж. Петербургте жарық көрді. 478 бет кітапты жазуға қатынасқандар: А.Н. 
Седельников,  Л.П  Осинов,  А.Н  Букейханов, С.Д  Чадов,  Н.А.  Бородин,  Т.Т  Белоногов,  В.П 
Семенов, П.Н. Столпянский деп атап көрсетілген. Бөкейханов А. оси кітаптың "Население" 
деп  жазған 2-бөлімінің (136-292 беттерін)  Историчесике  судьбы  Киргизского  края  и  и 
культурное  его  успехи"  жəне  "Распределение  население  Киргизского  края  по  территории, 
его этнографический состава быт и культура" деп аталатын 4 жəне 5 тарауларын жазған. [2,5 б.] 
А.Бөкейханов жан жақты зерттеуші ретінде мына малімметтерді келтіруге болады: 
1910  жылы  Санкт-Петербургте  Əлихан  Бөкейхановтың  даңқты  Қырғыздар.Қазіргі 
мемлекеттерде  ұлттық  қозғалыстың  формалары  деп  аталатын  терең  мəнді  еңбегі  жарық 
көрді. Осы еңбегінде Шыңғысхан уақытынан бері, XIX ғ-дан бастап қазақтар мен қырғыздар 
Орталық  Азияда  өмір  сүруде,  негізінен  солтүстіктегі  шекарасын  Жайық  өзені 
кестелеп,батысынан Əму-Дария,шығысынан Ертіс жəне оңтүстігін тау жоталары көмкерген 
кең жазық алқапты жайлайды.Бұған қосымша, олар Астрахань губерниясын да мекен етеді. 
«Қырғыз»  немесе  «Қырғыз-қайсақ»  деген  атпен  түріктің  туыс  рулары  бірлеседі  деп  ірі 
тайпаларды атап этноқұрамын көрсетеді.Олар өздерін Қазақ деп атайды,қырғыз деген атау 
дұрыс қолданылмай келе жатқандығын ашық жазған.Автор 1897 жылғы санақ мəліметтерін 
пайдаланып нақты жəне салыстырмалы сандарын облыстар бойынша жəне жалпы 4499664 
адам  болып,  Ресейде 6 орын  алатындығын  көрсеткен.Одан  əрі  қазақтардың 
орыстардың,басқа  халықтардың 10 облыс  бойынша  проценттік  көрсеткіштерін  беріп, 51 
процентін құрайды.Самарқанд,Закаспий,Ферғана,Астраханнан басқа 6 облыстардағы жердің 
¾-3(73), қазақ 5/6-3(83,5) үлесіне тиетіндігін дəлелдеген.[3,7 б] 
Міне, осылайша Əлихан Бөкейханов Дала өлкесі - Қазақстанның халық шарушылығы 
бойынша  сарапшы  маман,  ірі  ғалымға  айналды.  Сондай-ақ  экономист,  тарихшы,  этнограф, 
əдебиетанушы  ретінде  танылды.  Қазақ  егіншілігі  мен  мал  шаруашылығы,  соның  ішінде 
қазақтың сиыр,қой жəне жылқы шаруашылығы туралы іргелі зерттеулер жариялады. Қазақ 
тарихы, этнографиясы, əдебиеті мен фольклоры туралы жүздеген мақалалар жазып, «Қозы 
Көрпеш-Баян  Сұлу», «Ер  Тарғын», «Ер  Сайын»  секілді  халық  ауыз  əдебиетінің  бірнеше 
үлгілерін  жинақтап,  баспа  бетіне  шығарды.  Ол  ғылыми  атаққа  да,  ғылыми  дəрежеге  де 
ұмтылмады,  өйткені  негізгі  күш-жігерін  саяси  күреске  жұмсады.  Кейде  ғылыми 
жұмыстарын  еріксіз  саяси  күрес  барысында  жазуға  тура  келді.  Академик  Əлкей 
Марғұланның  естеліктерінде,  Алаш  көсемінің 1925-1927 жылдар  аралығында  Ленинград 
мемлекеттік университетінің профессоры болғандығы айтылады. 
XIX  ғасырдың  соңында  Омбы  орман  шаруашылығы  училищесінде  оқытушылық 
қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады. Кезінде Əлихан Бөкейханов Орыстың 
жағрафия  қоғамының  Батыс-Сібір  бөлімі  мүшесі  ретінде  қоғамның  ғылыми  мəжіліс-
жиналыстарында  қазақтың  мəдениеті,  тұрмыс-салты,  өнері  жайында  баяндамалар  жасап, 
дəрістер  оқып  тұрған.  Сонымен  қатар  ол  орыстың  Г.Н.Потанин  сынды  ғалымдарына 
халқынынң  əн-күйін,  ою-өрнегін, тұрмыстық құрал-саймандарын  жинасып,  Том  қаласында 
қазақтың өлкетану музейін ашуға қол ұшын берген. 
Əлихан Бөкейханов - бүкіл саналы өмірін қазақ халкының ұлттық саяси бостандығын 
мен  дербестігін  үшін  арнаған  аяулы  ұлы  тұлғамыз.  Ата  тегі  жағынан  төрелер  тұқымынан 
екені  мəлім. 1926 жылы  екі  рет  тұтқындалып,  түрме  азабын  тартты.  Əлихан  Бөкейханов 
Мəскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға 

148 
жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған. Əлиханды 1937 жылы тамызында қайтадан 
тұтқындалып, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мəскеуде ату жазасына кеседі. 
Əлихан Бөкейханов қарапайым өмір сүрді. Ол тұтқынға алынып, 1937 жылы атылып 
кеткенде,  қызы  Елизавета  мен  немересі  Ескендірге  Мəскеудің  коммуналдық  пəтерінен  бір 
бөлме  мен  кітапттар,  фотоальбом,  бірқатар  қолжазбалары  ғана  қалды.1989  жылы 14 
мамырда  КСРО  Жоғары  сотының  қаулысы  бойынша  əрекетінде  қылмыс  құрамы  жоқ 
болғандыңтан, ақталды. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.Мұхамеджан Қ.Əлихан Бөкейханов.//Қазақ əдебиеті,1992,30 желтоқсан 
2.Бөкейханов  Ə.//Қазақтар.(Орысшадан  аударып.баспаға  əзірлеген  Артықбаев 
Ж.О.)//Замандас.1991.18 қазан 
3.Бектүров Ж.Айыбы не елді ағзалардың?//Қазақ əдебиеті,1998.28 мамыр,3 маусым 
 
АЛАШТЫҢ АРЫСЫ – ƏЛИХАН БӨКЕЙХАН 
Сураган А., ҚТƏ-11 тобы 
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Сайлаубаева Н.Е 
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 
 
Əлихан Бөкейхановтың қазақ халқы үшін еткен еңбегіне, төккен теріне тарих куə. Бір 
қоғамнан  келесі қоғамға өткенде, озбыр тап өкілдері қарапайым халыққа тырнағын батырып 
отырған.  Қанды  қол  патшаның  əділетсіз  саясаты    мен  жендеттерінің  жұртты  жыланша 
шағуын  көре  отырып  қазақ  зиялылары  үнсіз  қала  алмады.  Күйзелген  халықтың  мұңын 
шағып,  жалынсыз  жүректеріне  үміт  отын  жағып,  тəуелсіздікке  ұмтылған  ірі  тұлғалардың 
бірі-Əлихан Бөкейханов. Бұл жасалған ерен еңбектер елеусіз қалған жоқ. Ұлт зиялыларының 
«Алаш» деп шырқыраған ұраны нəтижесінде Алашорда үкіметі құрылды. Бытыраған қазақты 
быраз уақыт болса да, бір ту асытна жинап, алдымызға үлкен-үлкен мақсаттар мен міндеттер 
қойды. Сонының арқасында болар қазақ елінің іргесі сөгілмей бүгінді таңда Қазақстан деген 
жаһанға  танымал,  дамыған  елдердің  бірі  əрі  бірегейі  атануы.  Əлихан  Нұрмұхамедұлы 
Бөкейханов.  Өмірінің  соңына  дейін  қолынан  жүйрік  қаламы  түспеген , халықтың  қамын 
ойлап  қабырғасы  қайысқан,  қазақтың  қара  өлеңінің  құдіретіне , терең  сырына  қаныққан, 
қылдан нəзік қазақтың тарихын бойлай зерттеген зерделі тұлға. 
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш, 
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш. 
Қалғанша жарты қаңқам мен сенікі− 
Пайдалан шаруаңа жараса,алаш! 
− деп Міржақып Дулатов жырлағандай  « алаш » деп еңіріп бар өмірін халқына арнаған  
ұлы тұлғаның еңбеңгі оразан зор.  
Əлихан  Бөкейханов  дегенде  бірден  оймызға  «Алаш  автономиясы»  елестейді.  Қазақ 
даласындағы  тұңғыш  үкіметтің  төрағасы  болып  Əлихан  Бөкейханов  тағайындалады. 
«Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана»  деген кемеңгер қазақ елін бір 
жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға шақырады. Қазақтың қыл көпірде тұрған тағдырына 
шыбын  жаны  шырқырап  жүріп  қуғын-сүргінге  ұшырайды.  Сол  сезде  мынадай 
псевдонимдермен  халық  арасына  шығады: « «Қыр  баласы», «Арысұлы», «А.Б.», 
«Қалмақбай», «Туземец»» [4,10] «Талас-тартыс  жоқ  болса,  өмір  абақтыға  айналар  еді.»-деп 
елін  азаттыққа  қол  жеткізуге  шақырады,  армандап  қана  қоймай  соны  іске  асыруға 
жұмылдырады. 
Алаштың арыстаны қазақ халқының өз заманындағы қоғамдық-əлеуметтік өмірі 
алдында  көлденең  тартқан  мəселелерді,  ең  күрделі,  ең  түйінді  мəселелерді,  еңбекші 
бұқараның мұң-шерін, ой-сезімін, үміт - арманын қозғағаны мəлім. 
Əлихан  Нұрмұхамедұлы    Алаш  қозғалысының  жетекшісі  ғана  емес,  сонымен  қатар-
бесаспап  өнер  адамы.  Ол-публицист,  ол–  қарасөздің  асқан  зергері,  ол – аудармашы,  ол – 

149 
журналист, публицист, ол – ғалым, ол –зерттеуші. Мырза табиғат бір адам бойна осыншама 
дарқан  талант  сыйлаған.  Əдебиетші  Əлихан  Бөкейхановтың    басты  ойы: « Қазақтың  ұлт 
болып  өркениетті  елдер  қатарлы  өмір    сүруі  үшін  ең  алдымен  халықтың  сана-сезімін 
оятатындай  жағдай  тудыру  керек,  қазақтың  ұлттық  тілін,  əдебиетін  өрістету  керек.  Өз 
əдебиетін  қалыптастыруда  табысқа  жеткн  халық  қана  азат  өмір  сүре  алады.»  Осы  жолда 
аянбай еңбек етеді. Əлихан Бөкейханның сол кездегі түрлі басылымдарда жарық көрген 14 
əдеби  зерттеулер  белгілі.  Бұлар:  Ш.  Құдайбердіұлының  «Қалқаман-Мамыр»  дастаны, 
М.Тұяқбаевтың  шығарған    «Қара  қыпшақ  Қобыланды  батыр»  жырының  нұсқасы, 
Ə.Дибаевтың  жинаған  «Мырза  Едіге»  жыры  туралы  тараулары, «Роман  бəйгесі», «Роман 
деген  не?»  атты  зерттеулер  мен  мақалалар.  Əлихан  Бөкейхановтың  мұрасы  Зерттеуші 
ғалымның, көрнекті публицист Əлихан Бөкейхановтың экономика, əдебиеттану, ормантану, 
ауылшаруашылық салаларына арналған көптеген жазбалары сақталған.  
Еуропаша  терең  білім  алған,  орыс  пен  қазақтың  арасындағы  талай  мəртебелі 
жиындарда,  пікірталаста  қазақ  намысын  қорғап  шыңдалған  Əлихан  Бөкейханов  Шəкəрім 
«Шежіресіне»  жоғары  баға  береді.  Ғалым: «Шаһкерімнің  бұл  кітабы  қазақ  шежіресінің 
тұңғышы,  қазақ  шежіресін  білмек  болған    аға-іні  іздегеніңді  осы  кітаптан  табасың.  Енді 
мұнан  былай  қазақ  шежіресін  жазбақ  болған  кісі  Шəкəрім  кітабын  əбден  білмей  қадам 
баспа»,−дейді[4,333]. Əр салаға арналған мыңдаған очерктер мен мақалалардан тұрады. Олар 
Ресей мен қазақ елінің барлық басылымдарында жарық көрді.  
Қорытындылай  айтқанда,  Əлихан  Бөкейханов  мəдениетіміз  бен  ғылымымызға 
қалтқысыз  беріле  қызмет  сіңірген,  талантты  мен  тағдыры,  жан  дауасын  тек  сол  мақсаттан 
тапқан жан. Əлихан Бөкейханов − күрделі тұлға,зерделі ғалым.  
Ешкімнің Əлиханға бар ма сөзі, 
Демейді қандай қазақ оны оң көзі. 
Семей тұрсын, жеті облыс-  бар қазақтан
Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі,− 
деп  Сұлтанмахмұт  Торайғыров  айтқандай  өр  тұлғалы  ойшыл  қазақ  жүрегінде  жеке  дара 
тұлға  болып  қала  бермек.  Осы  жылы  ғалымнның 150 жылдығы  атап  өтілуде.  Елеулі 
оқиғаның не үшін  Қазақстан Республикасының барлық облыстары көлемінде аталып өтілуі 
мен  айтпасамда  түсінікті  жағдай!  Ендігі  біздің  іс  асыл  мұраны  жетер  жеріне  жеткізе 
жырлау.Том – томдап  кітаптар  шығару.  Еліміздің  өткені  мен  бүгінін,  бүгіні  мен  ертеңін 
байланыстырар мұраны бағалау!  
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақ əдебиеттану ғылымының тарихы. Екі томдық. 1-том. Алматы.ҚазАқпарат, 
2008.-646 б. 
2.  Қазақ  əдебиеті.  Энциклопедиялық  анықтамалық. –Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС 
,2005.-575   б 
3.  Қойгелдиев М, Алаш қозғалысы. –Алматы.1995 
4.  Бөкейханов Ə. Таңдамалы. Алматы, 1995. 
5.  Бөкейханов Ə. Шығармалар.–Алматы: Қазақстан, 1994.-384 бет 
6.  Қамзабекұлы Д. Алаш– темірқазық (сұхбаттар). –Астана; Л.Н.Гумилев атындағы 
ЕҰУ баспасы, 2015.-340б. 
 
 
ТƏУЕЛСІЗДІК – АЛАШТЫҢ АРМАНЫ 
Төлегенқызы Н.Т., Шаметов Б.Б. 
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Бейсенбекова Н.А 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
 
Қазақ  халқы  Ресей  бодандығына  кіргеннен  бастап, (1731-1991жж.)  ел  жақсылары 
Ресей  империясының  отаршылдық  саясатына  қарсы  шықты.  Соның  нəтижесінде  Ресей 
империясы қазақ жерін толық бағындыру үшін 130 жылын жұмсап,мемлекеттігін түпкілікті 

150 
жою  үшін 116 жыл  жаулаушылық  саясатын  жүргізді.  Нəтижесінде  Қазақ  мемлекеттігі 
жойылып,тəуелсіздіктен  айырылды.  Ел    тəуелсіздігін  қалпына  келтіру  үшін  ұлт-азаттық 
күрестің  түрлі  формалары  болды.  Тарих  сахнасына  қолына  қару  алып  күрескен 
батырлар,əн,күйімен,жырымен,ел  тəуелсіздігін  қалпына  келтіруді  жырлаған  ақын-
жыраулар,ағартушы-демократ жəне еуропаша білім алған,саяси элита дəрежесіне көтерілген 
– Ұлт зиялылары шықты. Туған халқының тарихына,көрген азабы мен ауыр халіне, арманы 
мен  үмітіне,  Отансүйгіштікпен  қараған  зиялылардың  атасы - Қазыбек  би,Бұқар  жырау 
Қалқаманұлы болды. Бұқар жыраудың еңбектерінде тəуелсіздік идеясы - Отанды жан аямай 
қорғау, ауыз біршілік деген бағытта жазылған. 
«Айыра алмай жат өлсін, 
Айнала алмай ат өлсін 
Жат бойынан түңілсін 
Бəрің  бір  енеден  туғандай  болыңдар»,-деген  толғауында  елді  ынтымаққа,халқын 
бірлікке  шақырады,елдің  азаттығын  ойлайды.  Бұқар  жырау  шығармаларында  көрші 
мемлекетпен  бейбіт  қатар  дипломатиялық  қарым-қатынаста  болуды  өсиет  етеді.  Яғни 
қазақтың шешен билері,жыраулары,ұлт тəуелсіздігін сақтап қалу жолында ел билеушілеріне 
ақыл-кеңестерін беріп отырған. 
Отаршылдықтың  нəтижесінде  дəстүрлі  ел  билеу  заңдылықтары  жойылды.  Ұлттың 
іргесін  сақтап  қалуға  қауіп  төнді.  Сол  кезде  зар-заман  ақындарының  көрнекті 
өкілі,жерлесіміз Шортанбай жырау: «Мына заман қай заман?!    
 
Азулыға бар заман, 
Азусызға тар заман. 
Тарлығының белгісі: 
Арқадан дəурен кеткен соң, 
Қуғындап орыс жеткен соң, 
Орыс-бүркіт,біз-түлкі, 
Аламын  деп  талпынды ....», деген  өлеңі  жолдарында  елдігімізден  айырылып  бара 
жатқан  дəуірді  көрсетеді.  Осы  пікірді  данышпан  Абай  Құнанбаевта  былай  ұштастырады: 
«Бұрынғы 
ата-баба 
заманындағы 
елбасы 
топбасылардың 
билікті 
жүргізудегі 
əділдігін,намысқорлығын  ұлықтап,осынау  екі  ғана  тəуір  мінезін  жоғалтпай  тұрсақ,бізде  ел 
қатарына кірер едік».  
Осы  пікір  Əлихан  Бөкейхановтың  еңбектерінде  де  жалғасын 
тапқан. «Қазақ  орысқа  қараған  соң  бəйге  аттай,жақсы  жорғадай  туысынан  болатын,шешен 
озған би жоғалды. Кім орысқа жағымтал болса, сол жұртты бір қамшымен айдайтын болады. 
Бұрынғы  жүйрік  билерден  келе  жатқан  аз,  əділ  билік  жорасы  жаман  қарапайым  тұғыр 
би,парасына  аяқ-асты  болды.  Пара  беріп  ақты  қара,  қараны  ақ  қылатын  күн  туды.  Қазақ 
жақсысы орыс етегінен жем жегенді зор өнер көрді». 
Ұлт арманын іске асыру жолында осы өңірде туып-өскен,Қақпан Жиренбайұлы (1853-
1933),Дия  Қажы  Ахметұлы (1871-1931),Сəрінжіп  Əзбергенұлы (1862-1935 )өз  еңбектерінде 
елі  мен  жерінің  қадір-қасиетін  жырына  арқау  еткен  ,сол  үшін  де  Кеңес  дəуірінде  қуғынға 
ұшырады. 
Мəселен,  ақын  Сəрінжіптің  «Сарыарқа»  атты  өлеңінен  автордың  дүниетанымы,  өзі 
туып-өскен  өлкеге  деген  махаббаты,  туған  жердің  байлығы,  арқаның  сұлу  табиғаты, 
мыңғырған  малы,  шұрайлы  жерлері,  тарихи  жер-су  аттары  обьективті  түрде  беріледі. 
Осындай өлеңдер арқылы қазақ зиялыларының Отансүйгіштік қасиеттері айқын көрінеді. 
Тəуелсіздік  жолындағы  бейбіт  күрестің  тағы  бір  формасы,  Алаш  зиялыларының 
тəуелсіздік  идеясы  жəне  ұлттық  мүддені  қорғайтын  мақалалар  жазу  болды.  Олар  негізінен 
«Қазақ»  газетінің бетінде жарияланды. Сол тарихи мақалалардың арқасында  «Қазақ»  газеті 
Қазан  төңкерісіне  дейінгі  аралықта  халық  арасында  ең  көп  таралған  жəне  сүйіп  оқитын 
басылымға  айналды.  Газет  Алтайдан  Еділге  дейін  созылып  жатқан  қазақтың  кең 
даласындағы ұлты үшін жан аямай күресіп жүрген алаш азаматтарын елге таныта білді. 
Қарқаралы жерінде болған, ұлттың ұстазы Ахмет Байтұрсынов халқымыздың ұлттық 
мүддесі  үшін  еңбек  сіңірген  ағартушы-демократ  Абай  жайлы  «Қазақтың  бас  ақыны»  деген 

151 
мақаласында былай дейді: «Қазақтың бас ақыны – Абай шын аты Ибраһим Құнанбаев. Одан 
асқан бұрынғы-соңғы қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ» дей келе автор  «Заман 
бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбəсіз. Біліммен би болып, 
жұрт билейтін заман өтіп, Тасық (таспен) би болатын заманға қарсы туған. Білімі көп адам 
жұрт билемей, малы көптер жұрт билейтін заманға қарсы туған» деп жазғанының танымдық, 
тəрбиелік, мəні өте жоғары. 
Сонымен  қатар  автор, «Халық  ұғатын  сөз  жазатын  адам  болу  үшін,  ол  жазушы,  əрі 
сыншы  боларға  керек.  Сөздің  шырайлы,  ажарлы  болуына  ойдың  шеберлігі  керек.  Ұнамды, 
орынды, дəмді болуына сыншылық керек; мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда 
осы үшеуі де болған. Абай сөздің ажарвна қарамай, сыпайылығына қарамай, сыпайылығына 
қарамай,  əр  нəрсенің  қалыбын  сол  қалпынша  дұрыс  айтуды  сүйген...»  деп  талдай  келе, 
Абайдың «Аттың сыны» деген өлеңінің дұрыстығын көрсетеді, осы мақалада «Абайды бүкіл 
қазақ баласы тегіс танып,тегіс білуі керек»  деп аманат етеді. Өз жұртын білір тануда Абай 
өлеңдерінің  тарихи  мəнін XX  ғасыр  басында  түсінген  А.Байтұрсынов  мақаласының 
өзектілігі бүгінде айқын. 
«Қазақ»  газетінің  бетінде  жарияланған  «Қазақша  оқу  жайынан»  деп  аталатын 
мақаласында  бала  оқыту  үшін  жақсы  бағдарлама  болуы  шарт,ең  алдымен  оқытатын 
кітаптарымызды  түзеп,сайлап  алып,содан  соң  неден  бастап,неге  оқытуды  белгілеу  керек 
дейді.  Яғни  бүгін  оқу  үрдісіндегі  неге  оқыту  ,қалай  оқыту  деген  өміршең  сұрақты  қазақ 
ағарту  саласындағы  ұлы  реформатор  А.Байтұрсынов  жүз  жыл  бұрын  күн  тəртібіне  қоя 
білді.Оқу ісін жетілдіру жайын талдай келе,ол мына мəселеге көңіл аударуды ұсынады: «мал 
бағатындар  мал  бағуы  жақсы  білерге  керек,ел  бағатындар  ел  бағуын  жақсы  білерге  керек. 
Бала  оқытуын  жақсы  білейін  деген  адам,əуелі  балаларға  үйрететін  нəрселерін  өзі  жақсы 
білерге  керек,екінші  баланың  табиғатын  біліп,көңіл  сарайын  танитын  адам  болса  керек.» 
Осы пікірінің өзі бүгінгі таңда мектеп жасындағы балаларға оқу білім берудегі басты ұлттық 
ұстанымның  негізі  болуы  керек,  яғни  кəсіби  маман,  қабілетіне  қарай  білім  беру  үшін,  өз 
ісінің шебері болуы керек деген талаптарды қоя отырып, «...əуелі біз елді түзеуді бала оқыту  
ісін түзеуден бастауымыз керек. Неге десек,болыстық та, билік те, халыққа оқумен түзеледі... 
жастардың  да  заманы  жетер.  Жақсылыққа  жастар  мойынын  бұрып,  қайырылар,  халық 
түзелуінің  үміті  жастарда.  Сондықтан  жастардың  қалай  оқып,  қалай  тəрбиеленуін-бəрінен 
бұрын  ескеріп,  бəрінен  жоғары  қойылатын  жұмыс»  деген  тұжырымдамалық  мəні  бар 
қорытынды жасайды. Зиялылар еңбектерін талдай отырып, олардың ой – пікірлерімен бүгін 
–қазақ  үкіметінің  алдында  тұрған  өзекті  проблемалардың  бірегейі  жəне  Ел  Президентінің 
жолдауларында  айтылған  білім    бəсекелестігіне  түспей,  одан  озып  шықпай  Қазақстанның 
дамуына  жол  жоқ,  жəне  ол  Тəуелсіздікті  берік  етудің  жолы – стратегиялық  жоспарының 
үндестігі айқын көрінеді. Ахмет Байтұрсыновтың «Білім жарысы» деген мақаласында автор 
«білімді  жұрттарда  білім  жарысы  деген  болады.  Ол  жарыста  бəйгеге  түсе  алатындар – 
білімділер,  зейінділер.  Оларға  бəйге  тігіп  жарыстыратындар  бай  адамдар  я  обществолар. 
Білімді жұрттардың білім жарысына келсек, оның мағынасы да, көздеген мақсаты да басқа. 
Ол  бірнеше  ұлыс,  ел  жиналып,  бір-екі  күн  дуылдап,  ет  жеп,  қымыз  ішіп  кеті  үшін  ғана 
жасалмайды, бүтін ұлт я дүниедегі бүтін жұрт үшін һəм қаларлық іс үшін істеледі... мысалы: 
пəлен ауруға ем тапқан, я пəлен ғылымнан, яки өнерден жаңа жол тапқан, я пəлен турасында 
жазып,  кітап  шығарған  адамдарға  беріледі  дейді...  сыншылары  ғылым  ордасында  тұрған 
білімді  ғалым  адамдар  болады.  Бұлар  қарап,  сынап  бəйге  кеседі.  Европада,  мысалы 
Нобелевский  білім  жарысы  бар»  деп  осы  жарыста  бəйге  алғандар  жайлы  нақты  деректерді 
келтіреді. Автордың пікірінше, білім жарысын ұйымдастыру əр жұрттың қолынан келетін іс, 
істейін  десе  қазақтың  да  қолынан  келеді, «жұртқа  ғылым  үйретудің  бас  құралы – кітап, 
сондықтан қазақ арасына білім жайылуына, əуелі оқу үйренетін орындар сайысы болу керек, 
білім  тарататын кітаптар  жақсы  боларға  керек.  Осы  мақсатқа  жетуге  зор  себепкер  болатын 
істің бірі – білім жарысы» дей келе А.Байтұрсынов қазақ байларының өз шамаларына қарай 
ұлт  намысы  үшін,  басқа  жұрттан  қалып  қоймау  үшін,  Европа  үлгісін  үйренсін  деп  осы 
мақаланы  жазғандығын  айтып  «Бұған  басқалар  һəм  байлар  не  айтасыздар?»  деген  сұрақ 

152 
береді.  Ел  болашағын,  тəуелсіздігін  ойлаған  ұлт  зиялыларының  ұлылығы  осы  мақаладан 
тағы да анық көрінеді. Олардың ұлт жандылығына, ұлттың болашағы – ұрпақ қамын ойлап 
еңбек еткендері бүгінгі қазақ зиялыларына үлгі боларлық қағида. Сонымен қатар гуманист, 
педагог,  зерделі  тарихшы  Ахмет  Байтұрсыновтың  «Орысша  оқушылар»  атты  мақаласының 
тарихи  танымдық,  тəрбиелік  маңызы  өте  жоғары  деп  санаймыз.  Онда  қазақ  балаларының 
оқуы,  олардың  əлеуметтік  жағдайы,  оларға  қамқорлықтың  аз  болуы – отар  елдің  білім-
ғылымының дамуына көп кедергінің бар екенін көрсете келе, сол ауыртпашылыққа қарамай 
бала оқытуға ел болып ат салысуды айта келе ол былай деп жазды: «...биыл школаға кіремін 
деп  келген  талапкерлерге  емтихан  болды.  Стипендия  орны  алтау-ақ,  келген  кісі 80, ауқаты 
көтерсе, өз жанынан оқымақшы ол өте қымбат», дей келе, қазақ байларының талапты кедей 
балаларына  қаржы  бөліп  оқытса  деген  ойды  ортаға  салып,  Мамановтар  (ауқатты  Жетісу 
байлары) туралы олардың жарлы баласына ақша төлеп оқуына көмек бергені жайлы жазады. 
«Орысша  оқығандарымыздан  пайда  жоқ  деп,  қазақ  өкпелейді.  Егер  оқу  іздеген 
талапкерлеріміздің 40-ы  ғана  оқырлық  орын  тауып,  басқалары  қаңғырып  далада  қалып 
отырса, жұрт жұмысшысы көбейіп мамандарша, жұмысшы көбеймесе, жұрт жұмысы ілгері 
басып өнер ме?... сол қаңғырып қалып тұрған балалар ұлттың баласы емес пе? Балам деген 
жұрт  болмаса,  жұртым  дейтін  бала  қайдан  шықсын!  Балам  деп  бағып,  оқытып,  адам 
қылғаннан  кейін,  жұртым  деп  танымаса,  сонда  өкпелеу  жөн  ғой...  əуелі,  қазақ  жұртшылық 
етіп,  оқимын  деген  жастарыңды  бүйтіп  қаңғырып  қалмас  үшін  қам  қылыңдар.  Ол  үшін  əр 
жердегі  оқитын  орындарда  стипендия  ашу  керек,  оны  ашу  қиын  да  емес,  қымбатта  емес. 
Баланы  оқыту  ата-анасына  ауыр  болғанымен  жұртқа  жеңіл».  Ұлт  ұстазының  осы  идеясы 
бүгінгі  қазақ  ауқаттыларына  да  арнап  жазғандай.  Бүгін  Тəуелсіз  Қазақстанда  талантты 
жастар  баршылық,  көбі  ауылды  жерден  шығуда,  соларды  іздеп  тауып  ел  мұраты  үшін 
оқытатын  сонау  ХХ  ғасырдағы  атақты  Мамановтар  сияқты  қазақ  зиялылары  көбірек 
табылар,  ел  мүддесін  ойлап – биік  мақсат  қойып,  Ұлт  ұстазының  арманы  орындалар  деген 
ойға  келеміз.  Елдің  тəуелсіздігін  қалпына  келтіру  идеялары  үшін  күрескен  Орталық 
Қазақстандық  ұлт  зиялылары  саяси  қудалаудың  жəне  Кеңестік  идеологияның  үстемдігінің 
нəтижесінде ұлт тарихынан алып тасталынды.Соған қарамастан олардың идеялары кеңестік 
дəуірдің  өзінде  жалғасын  тапты.Соның  бірі  «ЕСЕП» (елін  сүйген  ерлер  партиясы  )деген 
атпен  тарихта  белгілі  болған  жастардың  ұйымы.Осы  партияның негізін  салушылардың  бірі 
Кəмел  Жүністегі  Шет  өңірінің  тумасы.  Саяси  ұйым  мүшелері  қазақ  мемлекеттілігі  қағаз 
жүзінде  ғана  емес  заңды  түрде  болуын  қазақ  тілінің  статусын  көтеру,  қазақ  жастарын  ел 
билеу ісіне араластыру,қазақ тілінде білім алуға еркіндік беру жəне т.б. ұлттық мүддені яғни 
тəуелсіз  еркін  ел  болуды  армандады,  сөйтіп  оны  іске  асырудың  нақты  бағдарламаларын 
жасады.  Сол  үшінде  олар  қудаланды.  Тəуелсіздік идеясы  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып,қазақ 
мемлекеттігінің  тəуелсіздігі  қалпына  келтірілді.  Бұл  жолда  Орталық  Қазақстанда  еңбек 
жолын  бастап,ұлт  көшбасшысы  дəрежесіне  дейін  көтерілген  ел  Президенті  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  рөлі  өте  жоғары.  Оның  еңбектерінде  бүгінде  қол  жеткізген  тəуелсіздіктің 
тұғырын  берік  сақтауда  ұлт  зиялыларының  міндеті,  мемлекетіміздің  стратегиялық  түпкі 
мақсаты – мəңгілік  ел  болып  қалу  екендігі  жан – жақты  тұжырымдалған.  Нұрсұлтан 
Назарбаев Күлтегін жазуында айтылғандай,күндіз отырмастан, түнде ұйықтамастан халқына 
қызмет  көрсетудің  жоғалған  құндылықтарды  қайтарудың,  ұлттық  сананы  тазартудың, 
жаһандану заманында ұлттық ерекшеліктерімізді сақтап, озық индустриялы елге айналудың 
сол  арқылы  қазақ  мемлекетінің  мəңгілік  ел  болып,  ел  мүддесіне  жауап  беретін  тарихи 
тұлғаның  қандай  болатындығын  көруге  болады.  Қорыта  айтқанда,арқа  жерінде  туып  өскен 
тарихи  тұлғалардың  еңбектерінде  ұлттық  тəуелсіздікті  қалпына  келтіру  идеясының  бүгінгі 
ұрпақ  үшін  танымдық – тəрбиелік  мəні  өте  жоғары.  Қазақ  зиялыларының  тəуелсіздік  алу 
үшін  атқарған қызметін, азаттық күресінің негізгі кезеңдерінің тарихын жəне осы аймақтан 
шыққан  ұлтжанды  зиялылардың  өмірін,  олардың  қалдырған  рухани  мұраларын  сонымен 
қатар,тəуелсіз  елдің  бірінші  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  халқымыздың  арманы 
болған тəуелсіздік идеясын жалғастырушы жəне қазақ мемлекетін қалпына келтірген, тарихи 
тұлғалық  қызметін,  еліміздің  өткен  тарихи  жолдары  мен  болашағы  туралы  еңбектерін 

153 
зерттеп, «Мəңгілік ел» идеясының тұжырымдамалық негізін жастарға түсіндіру, насихаттау 
Тарих  факультетінің  жанынан  құрылған  «Тұлғатану»  ғылыми-зерттеу  орталығының  басты 
міндеті болып саналады. 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Ə.Бөкейханов. Таңдамалы шығармалар жинағы/Алматы 1992 
2.  Н.Назарбаев. Тарих толқынында. А. 1999 
3.  Мұстафа Шоқай. Тандамалы" (1-том,) Алматы, "Кайнар", 1998-1999. 
4.  Н.А.Бейсенбекова,Р.М.Жұмашев.  Қазақстан  тарихының  тарихнамасы  Қарағанды 
2009. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет