Су пайдалану жөнінде жалпы түсінік



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі18,94 Kb.
#15597
түріҚұрамы
  1   2

Су пайдалану жөнінде жалпы түсінік


Су пайдалану табиғатты пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Су пайдаланудың анықтамасы мен құрамы. Жалпы мағынада су пайдалану адамның суды түрлі мақсатта пайдалануын түсінуге болады.

ҚР Су кодексінде су пайдалануға келесідей анықтама беріледі: Су пайдалану – Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың жеке қажеттіліктері мен коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін су ресурстарын пайдалану.

Су пайдалану құрамына:


  • Су ресурстарын қалыптастыру және өңдеу, қалпына келтіру және қайта жаңғырту;

  • Су ресурстарын пайдалану және қорғау;

  • Қоғам дамуының су-ресурстық әлеуетінің негізі болып табылатын Су жүйелерінің су теңгерімін сақтау

Су пайдалану түрлері. Су пайдалану жалпы, арнайы, бірлескен, оқшауланған, бірінші реттік, екінші реттік, тұрақты және уақытша болып жіктеледі.

Жалпы су пайдалану тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су нысандарын нақты жеке немесе заңды тұлғаға меншіктеусіз, сондай-ақ су жағдайына әсер етуші имараттар мен техникалық қондырғыларды қолданусыз жүзеге асырылады.

Арнайы су пайдалануға су нысанынан тікелей алу немесе су нысанының ішінде имараттар мен техникалық қондырғыларды қолдана отырып беттік және жерасты суларды пайдалану.

Бірлескен су пайдалануда бірінші кезекте тұрғындарды ауыз сумен жабдықтау ісімен айналысатын су пайдаланушылардың, сондай-ақ төменде келтірілген су пайдаланушылардың мүддесі қанағаттандырылады.

Жеке және заңды тұлғалардың өз қажеттіліктері мен екінші реттік су пайдаланушыларға жеткізу үшін су нысандарынан суды тікелей ала отырып пайдалануы бірінші реттік су пайдалану болып табылады.

Бірінші реттік су пайдаланушылардан келісім-шарт негізінде су алушы жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы екінші реттік суды пайдалану болып табылады.

Су нысандары тұрақты және уақытша мерзімге су пайдалануға беріледі. .

Мерзімі бекітілмеген су пайдалану тұрақты болып табылады.

Уақытша су пайдалану қысқа мерзімді – бесжылға дейін, және ұзақмерзімді – бестен қырық тоғыз жылға дейін болуы мүмкін.

Арнайы су пайдалану мерзімдері су нысанының ресурстық потенциалы мен қазіргі экологиялық жағдайына байланысты.



Cу пайдалану жіктемесі.

Су пайдалану жіктеме белгілері бойынша келесідей ажыратылады:



  1. Су пайдалану мақсаттарына қарай:

    1. Тұрғындардың шаруашылық-ауызсу қажеттіліктері

    2. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер,

    3. Емдік, курорттық және сауықтыру мақсаттары,

    4. Ауылшаруашылық өндіріс қажеттіліктері (суармалаусыз),

1.5 суармалау,

1.6. өнеркәсіптік қажеттіліктер,

1.7.гидроэнергетика қажеттіліктері,

1.8. су транспорты,

1.9 балық шаруашылық қажеттіліктері,


    1. Ақаба сулардың шығарындысы,

    2. Табиғи қорғау қажеттіліктері,

    3. Санитарлық қажеттіліктер,

    4. Көпмақсатты су пайдалану,

    5. Басқа да қажеттіліктер;

  1. Су пайдалану нысандары бойынша:

    1. Беттік суларды пайдалану,

    2. Жерасты суларын пайдалану,

    3. ҚР ішкі және аумақтық теңіздік суларын пайдалану;

  2. Су пайдаланудың техникалық шарттары бойынша:

    1. Су нысанының жағдайына әсер ететін имараттар мен техникалық қондырғыны пайдалана отырып,

    2. Имараттар мен қондырғыларды пайдаланусыз;

  3. Су нысандарын пайдалануға беру шартты бойынша:

    1. Бірлескен,

    2. оқшауланған;

  4. Су пайдаланудың сипаты бойынша:

    1. Суды нақты қасиеттері бар зат ретінде пайдалану,

    2. Су массасы мен энергетикалық потенциалын пайдалану,

    3. Суды тіршілік көзі ретінде пайдалану;

  5. Су нысандарын пайдалану тәсілі бойынша:

    1. Суды алу және оны қайтару,

    2. Суды су көзінен ажыратпай пайдалану;

  6. Су пайдаланудың су нысандарына әсері бойынша:

    1. Су нысандарының сандық сипаттамаларына әсер,

    2. Су нысандарының сапалық сипаттамаларына әсер,

    3. Су нысандарының сандық және сапалық сипаттамаларына әсер

    4. Су нысандарының сандық сипаттамаларына әсерсіз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет