Свидетельство


  IS S N   1811-1823.  В е с т н и к  П Г У



жүктеу 5.64 Mb.
Pdf просмотр
бет10/26
Дата24.03.2017
өлшемі5.64 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

90 
IS S N   1811-1823.  В е с т н и к  П Г У
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
ізденістерге  назар  аудару  қарқын  алды,  идеологиялық,  эстетикалық, 
философиялық парадигмалар өзгерді [3]. Әдебиет тарихын жаңадан жасау тек 
тарихилық принципінің қажеттілігінен келіп туындайтын концепцияға ғана 
емес, ең бастысы элем әдебиетінің жэне үлттық көркем ой мен мәдениеттің 
даму зандылықтарына негізделген. Әдебиет тарихына көз жіберсек, қашанда 
жаңа  дэуірдің  өзіне  сай  тақырып  ала  келетіні  белгілі.  Еліміз  егемендік 
алғаннан  кейінгі  жылдар  әдебиетінде  жаңа  бетбүрыс  байқалды.  Жаңа 
заман  лебі  дүниеге  жаңаша  көзқарасты  қалыптастьфды.  Әдебиетке  жаңа 
қаһармандар келді, өмірді бейнелеу кеңістігі кеңейді, философиялық сарын, 
драматизм күшейді.
Ә дебиет  өмірді  бүрынғы дай  элеум еттік  аяда  ғана  бейнелемей, 
саяси-шаруашылық  мүддені  емес,  үлттық  мүддемізді  жоқтаған  күрескер 
кейіпкерлерді алға тартты.  1990 жылдардан кейінгі кезендерде проза кеңес 
дэуіріндегі  қуғын-сүргіннің  сьфын тереңдете  ашуға  бет  қойды.  Руханият, 
инсаният  мэселелеріне  терең  бойлауға  мүмкіндік  туды.  Уақыт  талабына 
орай  тереңге  тамыр  жайып,  жаңа  сапалық  қасиеттермен  толыса  түскен 
эдебиетіміздің қуатты бір бүтағы прозада өзгеше бояу, соны нақыштар, рухани 
ізденістер  бой  көрсетті.  Әдебиеттану  ғылымындағы  зерттеу  жүмысының 
өзекті  бір  арнасы  мүсылмандық  үғымдардың,  исламдық  қағидалардың 
қазіргі  эдебиеттегі  орнын  тексеруді  көздейді.  Ой-сана  еркіндігі,  тәуелсіз 
рух  қаламгерлердің  тынысын  аша  түсті.  Бүл  исламдық  тақьфыпқа  қалам 
тербеген туындылардан анық байқалады.
Жаңа дэуірдің жаңа мазмүн әкелетіні -  әдебиеттің бүлжымас зандылығы 
болса, көркем әдебиеттің оның табиғатына сэйкес жаңа формада бейнеленуі 
де  заңдылық.  Прозада  түрлі  тенденциялар,  алуан  эдеби  дэстүрлер  мен 
ағымдар табиғи үйлесті. Үлггық әдебиеттану ғасьфлар тоғысында белгілі бір 
себептер негізінде туындаған идеологиялық қиындықтардың шешімін табу 
жолында еңбек етуде. Тәуелсіздік түсындағы эдеби үдерісті түтастай алсақ, 
эдебиеттің бірнеше даму  бағыттарын айқындауға болады.  Олар -  дәстүрлі 
реалистік эдіс жэне модернистік, постмодернистік ағымдар. Сонымен қатар 
осы  кезең  прозасында  романтикалық  тенденциялардың  да  омьфау  соза 
алға  шыққанын  бағамдаймыз.  Әдебиетте  адамзатты  толғандырған  кесек 
те  күрделі  рухани-адамгершілік  мэселелер  алға  шықты.  Қазақ  прозасына 
жаңа  ой,  тың  өрнектер  қосқан  Ә.  Кекілбаев,  Д.  Исабеков,  М.  Мағауин, 
Ә. Тарази, Т. Әбдіков, Қ. Жүмаділов, О. Сәрсенбаев, Қ. Ысқақов, Р. Тоқтаров, 
Б.  Мүқай,  Қ.  Түменбай,  А.  Алтай,  Т.  Ахметжан  жэне  т.б.  қаламгерлердің 
адамның жан дүниесін түрлі аспектіде,  эр түрлі көркемдік деңгейде  ашып 
көрсетті. Бүл шығармалар қазақ прозасын тек жанрлық түрғыдан ғана емес, 
мазмүндық жағынан байытып,  философиялық толғаныстарға барынша ден 
қойды, көркем шығарма жүлгесінде драматизм, трагедиялық сарын күшейді. 
Қаламгерлер  қоғамдағы  түбегейлі  өзгерістердің  жеке  түлғаның  ішкі  жан

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2015. №2 
91
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
дүниесіне,  санасына  эсер-ықпалы  мен  жеке  түлғаның  сол  өзгерістерді 
қалай қабылдайтынын бейнелеуге күш салды. Прозалық туындыларда жеке 
түлғаның, қоғамның қайшылықты дамуы мен жалпы әлемнің үйлесімсіздігі 
туралы ой  өзегі айқын  көрініп,  кейде драмалық жағдайға дейін  ширығып, 
трагедиялық ахуалға үласып жатты.
Әдебиеттану тарихында көркемөнер туындыларынан өмір шындығын 
талап  ету  басты  заңдылық  еді.  Әдебиеттанушылар  әдебиеттің  реалистік 
сипатын  бағдар  етіп,  көркемөнердің  мэн-маңызын  танытатын  басты 
ерекшелігі -  өмірді шынайы бейнелеу, өмірді түсіндіру, өмір қүбылыстарына 
үкім  айту  деп  білді.  Әлемдік  әдебиеттің  алтын  қорына  қосылған  ең  озық 
туындылардың да реализм әдісімен жасалғаны ақиқат. XX ғасырда реализм 
бағыттан біртіндеп көркем шығармашылықтың моделіне айналды. Реализм
-   осы  аттас  түрлі  бағыттардың  (сыншыл  реализм,  социалистік  реализм, 
итальяндық  неореализм,  латынамерикалық  «магиялық»  реализм  жэне 
т.б.)  жалпы  атауы.  XX  ғ.  реализмнің  кең  өріс  алған  негізгі  үстанымдары: 
шынайылық, психологизм, тарихилық, философиялық, деректілік сипаттар. 
Олардың әрқайсысы қазірге дейін қалыптасып, жаңа реңкке ие болды.
Қазіргі  қазақ  әдебиетінде  барлық  көркемдік  эдістердің  танымдық 
түрғылары қым-қиғаш араласып жатыр. Кеше ғана бір зерттеу еңбектерінде 
«романтикалық» деп аталған шығармалар бүгінде қайтадан модернистік, я 
«постмодернистік ыңғайдағы туындылар» қатарында аталады.
Модернизм  әдебиет  пен  өнердің  сахнасына  XX  ғасырда  орнығып, 
өз  дэуірінің  мәдени  қажеттіліктерінен  туды.  Ол  -   XX  ғасыр  өнерінде 
әлемді  көркем  бейнелеудің  дэстүрлі  эдістерінен  бас  тартқан  бағыттардың 
жалпылама  шартты  атауы.  Модернизм  адам  табиғатын,  қүпия  сезімдерін 
ирония,  ойын  элементтері,  сана  астарындағы  қүбылысты  зерттеу  арқылы 
көрсетеді. Жеке түлға мағынасыз болмыс алдында өз әлсіздігін сезінеді. Бүл 
бағыттағы жазушылар композицияға, тілге, т.б көптеген стильдік, көркемдік 
сынақтар жасады.
Постмодернизмге  тэн  негізгі  сипаттар  туралы  пікірлер  эр  түрлі. 
Зерттеушілер бүл бағыттағы жазушыларға бүлдырлық тэн, олар ешнәрсені 
ашып айтпайды, ақырғы сөз қозғаудан аулақ дейді. Постмодернизм тарихи 
жэне көркем дәстүрлердің бірігуіне негізделген.  Әр түрлі халық,  мәдениет, 
субмэдениет, уақыт ішіндегі эдіс-тэсілдерді, стильдерді, тақьфып, проблема, 
мотивтерді  бір  шығарма  аясына  біріктіру  осы  постмодернизмнің  сипатты 
белгісі саналады. Постмодернистік мэтін оқьфман көңілінде оқиға барысына 
қатысты үнемі күмэнділік тудырады [4]. Постмодернизм өмір көріністерінің 
бэріне  дерлік  өзгеше  ирониямен  қарайды.  Модернизмдегі:  жалғыздық, 
дэрменсіздік  сарыны,  пенденің  ортамен  қарама-қайшылығы,  дамыған 
қоғамның технократиялық болмысынан қорқу, түлғаның абсурдты, хаосты 
өмірден  безінуі  сынды  элементтер  постмодернизм  поэтикасына  ауысты.

92 
ISSN  1811-1823.  Вест ник ПГУ
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
Трагедиялық сарын, қоғамды жатсыну, сөзге сарандық, астарлап ишарамен 
сөйлеу,  үкім  айтудан,  соңғы  түйінді  айтудан  қашу  -   постмодернистік 
сипаттағы бүгінгі қазақ прозасына тэн қасиеттердің бірі. Модернизмді хаосты 
элемді адамның жатсынуында  айқынырақ танылатын ерекше дүниетаным 
ретіндегі тарихи-философиялық жэне эдеби-көркемдік категория деп тануға 
болады [5]. XX ғасырда модернистік бағыттар мен интенциялар әдебиеттің 
алуан көркемдік тінін қүрай отырып, бір мәдени кеңістікте қатар өмір сүрді.
Қазіргі  әлемдік  эдеби  үдерісті  түтастай  алсақ,  эдебиеттің  басым 
даму  бағы ты   ретінде  п остм од ерн и стік  ағы м дарды   атауға  болады. 
Постмодернизм  тарихи  жэне  кор кем  дәстүрлердің  бірігуіне  негізделген. 
Эр  түрлі  халық,  мәдениет,  субмэдениет,  уақыт  ішіндегі  әдіс-тәсілдерді, 
стильдерді,  тақьфып,  проблема,  мотивтерді  бір  шыгарма  аясына  біріктіру 
осы постомодернизмнің сипатты белгісі саналады. Әлемдік мэдениетте күш 
алған постмодернизм қүбылысы қазақ әдебиетінде  1990 жылдардан бастап 
біртіндеп  көріне  бастады.  Трагедиялық  сарын,  қоғамды  жатсыну,  сөзге 
сарандық, астарлап ишарамен сөйлеу, үкім айтудан, соңғы түйінді айтудан 
қашу -  постмодернистік сипаттағы бүгінгі қазақ прозасына тэн белгілердің 
бірі.  Алайда  қазіргі  әдебиетте  жекеленген  постмодернистік  элементтер 
кездескенімен, ол қазақы топыраққа дэл батыс, орыс әдебиетіндегідей терең 
сіңіп кете алмады деуге болатын сияқты.
Талантты жазушының шығармашылығы қашанда бір ғана көркемдік эдіс 
аясына. белгілі қалыпқа сия бермейтіні эдебиет тарихьшан белгілі. Әдеби үдеріс 
үздіксіз жалғаса отьфьш, эрбір жаңа дэуір өзіне дейінгі көркемдік жетістіктерді 
бойьша сіңіреді. Әдебиеттің қалыптасу, даму тарихында түрлі көркемдік әдістер 
мен эдеби ағым-бағыттардың болуы, қатар өмір сүруі -  занды қүбылыс. Әдеби 
үдеріс  аясында  түрліше  әдеби  ағым-бағыттардың  қанаттаса,  жарыса  дами 
отырып, бірде иықтас жүріп, бірде өз үстемдігін көрсетуі -  әдебиеттің қоғамдық, 
рухани  өмірдегі  басымдығын,  үлттық  әдебиетіміздің  көркемдік ізденіс,  өсу, 
толысу жэне толыққанды даму үстінде екенін танытады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1  Николаев,  А.  Основы  литературоведения:Учебник  для  студентов 
филологических специальностей. Иваново, 2011. -  255  с.
Крупчанова, JI. Введение в литературоведение.- М., 2009. -  С.  36.
3  Елеукенов,  Ш.  Р.  Қазақ  әдебиеті  тәуелсіздік  кезеңінде  (1991-2002 
жылдар). -  Алматы  :  Алатау, 2006. -  352 с.
4  Нургалиев, Р.  Н.  Толгауы тоқсан қызыл тіл.  Зерттеулер.  -  Алматы  : 
Үш қиян, 2009. -  304 б.
5  Майтанов,  Б.  Тәуелсіздік  -   күрес  мүраты:  зерттеулер,  мақалалар.
-  Алматы  :  Қүс жолы, 2012. -  490 б.

Материал 30.03.15 баспаға түсті.
А".  Т. Жанузакова,  Б. Дуйсекеева
Основные тенденции развития современной казахской литературы
Казахский государственный 
женский педагогический университет, г.  Алматы.
Материал поступил в редакцию 30.03.15.
К.  Т.  Zhcmuzakova,  В.  Duicekeeva
The basic trends of the modern Kazakh literature development
Kazakh State Women’s Teacher Training University, Almaty.
Material received on 30.03.15.
В конце  20-х и  в начале 21  вв.  казахская литература  вступает 
в  новый  этап  развития.  Вместе  с  изменением  восприятия роли 
литературы в обществе, возрастает активное использование новых 
форм.  В  статье  анализируется развитие  казахской  литературы 
в  контексте  мирового  литерат урного  процесса,  особенности 
постмодернизма  в  казахской  литературе.  Выявляются  традиции 
и новые направления развития современной казахской литературы.
In  the  late  2 0 ’s  and early 21  century Kazakh  literature  is  entering 
a  new stage o f development.  Along with  the  change o f perception  o f  the 
role o f literature in society,  the active use o f  new form s is increasing.  The 
article analyzes the development o f  Kazakh literature in the context o f  the 
world literary process,  especially in  the post-modern Kazakh  literature.
The  traditions  and  new  directions  o f  development  o f  modern  Kazakh 
literature are revealed.
серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ.  2015. № 2
 
93

94 
ISSN  1811-1823.  Вест ник ПГУ
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
Ә ОЖ   821.512.122
Қ.  Т. Жанузақова1,  Б. Панзабек2
'ф .ғ.д .,  проф ессор  м .а.;  2аға  оқы туш ы ,  Қ азақ  м ем л екеттік  қы здар 
педагогикалық университеті, Алматы қ.
М. ЖҮМАБАЕВТЫҢ «ШОЛПАННЫҢ КҮНӘСІ» 
ӘҢГІМЕСІНІҢ ПОЭТИКАСЫ
Мсщалада  М.  Жүмабаевтың  «Шолпанның  күнәсі»  әңгімесінің 
көркем дік  әлемі  талданады.  С урет кер  дүниет аны мы на  эсер 
еткен  тарихи-әлеуметтік  жагдайлар  оның  шыгармашылыгымен 
тыгыз  байланыста  қарастырылады.  Әңгіменің  бас  кейіпкері 
Шопанның ішкі әлемін күрделі психологиялъщ талдау мен қым-қуыт 
рефлгксиялыц күйін, сана арпалысын суреттеу иіеберлігі пайымдалады.
М.  Жүмабаевтың  қазақ  әйелінің  басында  бола  бермейтін  тосын 
оциганы  суреттеген  иіагын  иіыгармасының  қазақ  әдебиетінің 
цазынасына цосцан үлкен эстетикалық жаңалыгы түжырымдалады.
Кілтті сөздер: дүниетаным, психологиялъщ талдау, романтика- 
символисток дуниеқабылдау,  сана тартысы,  екүдайылық,  түрақты 
мотив.
XX  ғасыр  басындағы  өтпелі  дэуірдің  орасан  өзгерістерін,  жаңа 
заманды  түсіне  алмаған  М.  Ж үмабаевтай  үлы  түлғаны ң  көркемдік 
дүниетанымы  да  күрделі.  Сондықтан  табиғатынан  романтик,  сыршыл 
суреткердіңш ығармаш ылығын,  кереғарлыққа  толы  өмірі  мен  өлімін 
аңызға  айналдырған  қатал  уақыттың  аясында  талдау  заңды.  Мағжан 
дүниетанымының  күрделілігін,  қайшылығын  қозғағанда,  суреткерлік 
шеберлігі  мен  тапқырлығы  турасында  емес,  ақиқат  болмыстың  алдында 
өзіне қойған талабы соз болады. Ақиқатқа адал суреткер әдебиетте үстемдік 
еткен қасаң қалыптар мен ережелердің шектеулі шеңберінен шыға алды. Өз 
туындыларында қатал да қайғылы өміріне  налып,  өлімді жиі ауызға алуы, 
түнекті жьфлауы қарсыластарына ақынды даттауға табылмас айғақ болды.
М. Жүмабаев шығармапіылығындағынегізгі тақырыптардың бірі -  адам 
өмірінің трагедиялық сипаты, адам жалғыздығы, кемел емес, кем-кетігі көп 
әлемде адам өмірінің қайғы мен мүңға толы болуы. Бірақ ол суреткер үшін 
тылсымды  жүрекпен  танудың  тәсілі,  өмірге  деген  үлы  махаббаттың  ащы 
толғағы  іспетті.  Оныңтуындыларындағы  басым  романтика-символистік 
сарындардың сырын осы түрғыдан таныған жөн. Жаңа заманның алмағайып 
өзгерістерін  қабылдай  алмау,  қоғамға  көңілі  толмау  ақынға  идеалды  тек 
өткеннен  іздетіп  қоймайды,  өзінің  ішкі  әлеміне  үңілтеді.  Көркем  туынды

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2015. №2 
95
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
суреткердің  жанынан  терең  орын  алған  сезім-күйлерден,  өзін  айрықша 
толғандьфған қүбылыстардан туады.
Оның  шығармаларынан  рухани  үйлесімді,  сүлулық  пен  жақсылықты 
ерте  заманнан  аңсауын,  ал  өз  ортасына,  заманына  деген  сенімсіздігін, 
қанағат етпеген мінезін танимыз. Ақын жаңа дүниемен келісе алмағандықтан 
жалғызсырайдыЛшкі  сезімін  көбірек  жырлайды.  Мағжан  бабалардың 
байьфғы  дәуірін,  өткен  күнді  аңсайды,  өйткені  жаңаның  кескіні  оған 
анық емес.  Бірақ  ол бірыңғай тірліктің қызығынан түңіле  бермейді.  Оның 
шығармалары  терең  сыршылдығымен,  алысқа  меңзер  қиялшылдығымен, 
нэзік саздылығымен, түпсіз мүңға толы өзгеше бітімімен ерекшеленеді. Осы 
қасиеттер оның дүниетанымының көркемдік-эстетикалық жүйесін қүрайды. 
Романтизм әдісі ақынға сьфттан келген жоқ, оның табиғи дарыны мен ол нэр 
алған үлттық сөз өнерінің тереңінен бастау  алды.  Мағжан дүниетанымына 
жақын бүл әдісті уақыттың өзі алға тартты, XX ғасьфдың басындағы өтпелі 
дэуір үсынды.
1920  жылдардың  алғашқы  жартысында  кейіпкерлерінің  іс-эрекетіне 
қарап,  басты  сарынын  анықтау  қиынға  түсетін  көркем  дүниелер  де  осы 
кезеңде  жазылды.  Осы  орайда  М.  Жүмабаевтың  «Шолпанның  күнәсі»  [1] 
әңгімесін атауға болады.«Шолпанның күнэсі» -  XX ғасьф басындағы қазақ 
прозасының  қазанына үлкен  көркемдік олжа  әкелген ерен  аңсарлы дүние. 
М.  Жүмабаевтың сезімді, махаббатты суреттеуде қазақ эдебиетіне тәсілдік, 
стильдік түрғыданжаңалық әкелгені ақиқат. Ол М. Әуезов, Ж. Аймауытовтар 
сынды 20-шы жылдардағы психологиялық прозаның шебері болды. Өліммен 
қатар өмірге деген қүштарлық, шетсіз-шексіз ойдың түңғиығы мен күнделікті 
күйбең  тіршілік,  рух  өрлігі  мен  қайғыға  салыну,  махаббат  пен  дүниеден 
безіну сияқты қым-қиғаш жағдайлар - суреткер болмысына тэн. М. Жүмабаев 
адам баласының рухани жетілуіне кедергі келтіретін, оны жабайы қалпында 
үстауға тьфысатын таптық түсінікке қарсы көзқарасын ашық білдірді.
М. Жүмабаев дүниенің қарама-қайшылығын сезінумен қатар болмыстьщ 
осы  қасиетімен  қызық  екенін  түйсінді.  Суреткерді  шытьфман  жағдайлар 
жалаң  күйінде  қызықтырмайды.  Ол  ақиқатқа  жету  жолында  қарама- 
қарсы  категорияларды,  үғымдарды,  ойларды  бір  арнаға  тоғыстырады. 
Суреткердің адам болмысының, оның ішінде әйел табиғатының күрделілігін, 
қайшылығын  жэне  жүмбақтығын:  түлғаның  бір  мезгілде  асқақ  арман 
биігіне көтеріліп, күнделікті күйкіліктің қалыбынан шыға алмау қабілетін, 
діндар жэне күнәһар, мейірімді эрі қатігез бола алатынын бейнелеуі негізгі 
шығармашылық  нысанға  айналды.  Осы  сипат  XX  ғасыр  басында  жарық 
көрген  шығармалар  көшіндегі  Мағжан  туындысына  ерекше  рең,  өзгеше 
сипат береді.
Жеке  түлғаның  жаза  басып,  ары  мен  нәпсі  арасындағы  арпалысы, 
қым-қиғаш сезімдер тартысы негізінде екіүдайы күйге түсуін шеберлікпен

96 
IS S N   1811-1823.  В е с т н и к  П Г У
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
бейнелеу М. Жүмабаев прозасының көркемдікжаңалығы болды. «Шолпанньщ 
күнэсі»  әңгімесінде  осындай  идеялар жаңғьфық тапты.  М.  Жүмабаев  осы 
шығармасы арқылы қазақ прозасының қалыптасу түсындағы дэстүрлі әйел 
теңсіздігі тақырыбын ғана емес, әйелдің бақыт жолындағы арпалысын, жан 
дүниесіндегі сезімдер тартысын жүрек түкпірінен зерделеуімен ерекшеленеді. 
Жазушы  эйелдің  «бақытты  жар,  ана  болсам»  деген  арманын  күйзелткен 
тағдыр мүңы мен зарының иірімдерін,  зардабын тереңнен қозғайды.
Ш ығарманың  мүңды  бесік  жырымен  басталуы  болашақ  қайғылы 
оқиғаны түспалдайды.  Әңгімеде Шолпан мен  Сәрсембай -  эуел баста бір- 
бірін  сүйіп  қосылған жандар.  Алайда  баланың  болмауы олардың  арасына 
жарықшақ түсіреді.  Жас  кезінде бала көтеруден бойын аулақ салып,  «бала 
бере көрме» деп тілеген Шолпан Сәрсенбайдың көршінің балаларына көңілі 
ауғанын  көріп,  күрт  өзгереді.  Ол  енді  алғашқы  райынан  қайтып,  қүдайға 
мінэжат етіп, бала сүрайды.
Ш олпан  -   оқшау  кейіпкер.  Ш олпанның  өмірі  де,  ойлау  жүйесі  өз 
ортасынан өзгешеленіп, со л түстағы қоғамдағы қазақ әйелдерінен дараланады. 
Ол  -   сол  түстағы  дәстүрлі  қазақ  әйелінен  характерлік  даму  эволюциясы 
өзгеше, ешкімге үқсамайтын, соны түлға. Ауылдағы көп әйелдердің бірі емес, 
өз теңіне қосылған, танымы мен түсінігі бөлек, тэкаппар, қатарынан оқ бойы 
озық. Өзгені ойлауға мүршасы жоқ, мына дүниеде тек өзі мен күйеуі ғана бар. 
Оның санасындағы екүдайылық реалды болмыстан алшақтай отырып, өзінің 
қалауындағы, ішкі дүниесінің талабына сай өзге әлем жасауға үмтылысында 
жатьф. Шолпанның санасында «отбасы моделі», «идеалды элем» туралы өз 
арманы, оз әлемі бар. Өйткені «...бала болмағандықтан 
ертегідей әдемі өмір 
қу мазарға айналайын деп түрған жоқ па?» (Ж. Қ. курсив біздікі). Шолпан өз 
мақсатын іске асыру жолында ештеңеден тайынбайды,  өмірін өз қалауына, 
қажетіне  сай  өзгертуге  талпыныс  жасайды.  Әке  бола  алмайтын  күйеуінің 
жағдайымен Шолпан еш келісе алмай, басына бақытты өз қолымен орнатқысы 
келеді.  Табиғат  бермеген  бақытты  қалай  жасау  керек?  Неліктен  оған  ана 
болу бақыты бүйьфмаған? Шолпан басына түскен тауқыметті үнсіз бақылап 
түра алмайды,  ортаның пікіріне де  қүлақ аспайды,  оқшау  әрекетке  барады. 
Оның жүрегіндегі ең асыл арманы күнэға итермелейді. Қазақ прозасындағы 
драматизм табиғатын жан-жақты зерттеген ғалым Т. Есембеков «Шолпанның 
күнәсі» әңгімесінде Шолпанның «романтикалық немесе идеалдандырылған 
мақсат  пен  оны  рационалды  жүзеге  асыру»  негізінде  туған  драмалық 
жағдайды бастан кешіретінін жазады [2, 43  б.].
Шығармада өз әрекетін күнэ, қылмыс деп қармайтынШолпанды жеңіл 
жүрісті  әйел  дей  алмаймыз.  Өйткені  ол  қандай  жолмен  болса  да,  күйеуін 
бақытты  етудің,  бала  сүюдің  қүрбаны  болуға  дайын.  Шолпан  өз  күнәсіне 
арының алдында жауап береді. Оны бас-көзге қарамай соғып жатканда.оның 
қорғанбауы,  аяушылық  сүрамауы  осыны көрсетеді.  Шолпан  өз  қиялының

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2015. №2 
97
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
неге күйрегеніне, оның себебіне терендемейді. Олтіпті Сэрсенбайдың үйінде 
тэрбиеленетін болашақ баласының тағдыры туралы да ойланып жатпайды. 
Бүл  кереғарлық  түйін  Ш олпанның  өз  басында,  санасында  өтіп  жатыр. 
Тағдьфдың  әділетсіздігін  түзеткісі  келген  Шолпан  өзімен-өзі  бір  жақ  та, 
бүкіл дүние  бір жақ.  Міне,  осы түста Шолпан табиғатының екіүдайылығы 
көрінеді.  Ол  басқа  адамдардың  көзқарасымен  санаспайды,  тек  өзінің  ішкі 
талабы үшін тіршілік етеді.  Шолпанның  іс-эрекеттерінің амбиваленттілігі 
қүпия  ойын жүзеге  асьфуға  бағытталған.  Қайшылықты іс-әрекеттер  оның 
«жүмбақтығын» қоюлатқан. Түптеп келгенде, күшті сезімнің иесі ғана күшті, 
оқыс, оқшау әрекетке бара алады. Шолпанның Сэрсенбайдың бақыты үшін 
өзін қүрбандыққа шалуы да батылдықтың, қаһарман қимылдың, яғни ерліктің 
белгісін танытады.
Шолпан  күйеуінің  көзіне  шөп  салғанда,  олардың  болашақ  бақытты 
өмірінің бастауы, жалғасы болады деп өзін жүбатады.  Сәрсенбайдың басқа 
түскен  тағдырға  еш  бір  қимыл  жасамауы  оның  ашу-ызасын  тудырады. 
Сондықтан Шолпан шығармада өзін қүрбандыққа бас тігетін кейіпкер ретінде 
танылады.  Ол сән-салтанатты,  бақытты,  төрт қүбыласы түгел  өмір  сүргісі 
келеді. Осы арман Шолпанды шығарманың басында әйелдің табиғатына тэн 
нәрседен бас тартқызса,  енді қандай мақсатпен болса да соған жетсем деп 
дедектетеді де, ақыр аяғында өмірін трагедиялық ахуалға тірейді. Оның жаны 
мен  денесінің  бөлінуі  (шығармадан  үзінді  келтірсек:  «Әзімбайға  денесін 
уақытша ғана беріп, жанын аман алып қаламын деп ойлады Шолпан») ішкі 
жан дүниесіндегі бейберекетсіздікке әкеледі. Ол жаным күйеуіммен бірге, ал 
Әзімбайға тек тэнімді бердім деп ойлады.  Алайда автордың сөзімен айтсақ 
Шолпанның: «жанынан денесі, денесіне жаны айрылмайтын. Кімге берілсе 
де жан дүниесімен түгел берілетін эйел еді»  [1,  304 б.].
Осының  ар  жағында  түсіндіруге  келмейтін  эрбір  жеке  адамның  іс- 
эрекеті жатады. Екі иығына қонған белгісіз бір күш еш ойланып-толғануға 
келтірмей, өз ьфқына көндірді. «¥ят болады» деген үстанымнан аттап кеткен 
соң, қылмысқа белшесінен батады. Бүрын-соңды мүндай әрекетке бармаған 
Шолпанға қолға алған ісі қызықтыболып та көрінеді.  Өз ісінің арам екенін 
білсе де, бала сүйсем деген ой оны бэрінен аттап кетуге әкеледі. Әзімбайдың 
көңілін өзіне қарату үшін небір әрекеттерге барады, эр қылығын, көзқарасын 
алдын-ала ойластырып қояды.  Оның Әзімбаймен кездесуі өте  бір қүпияға, 
ғаламат қүмарлыққа, тендессіз қызыққа толы. Осы қызық оны адал жардың 
ақ төсегін атауға алып келеді.  Мақсатын іске асыру үшін серік таңдаудағы 
ішкі есеп пен инстинкт, Әзімбаймен арадағы қарым-қатынасқа ерекше мэн 
беру- драмалық жағдайға  әкеліп тіреген бастаулардың  өзара қайшылыққа 
түсуі болды.
Ш ыгарма  бастан-аяқ  Ш олпанның  ой  толганысына,  санасындагы 
тартысқа қүрылган. Оқига желісі, кейіпкерлер характері Шолпанньщ көзімен.

98 
ISSN  1811-1823.  Вест ник ПГУ
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
ойы мен санасындағы «таластан» сомдалады. Жазушы мэңгілік мэселе етіп 
адамның өзін-өзі табуын, өзінің ішкі дүниесін түсінуін қояды. Әңгімеде бар 
оқиға Шолпанның санасындағы қүбылыстар арқылы дамиды.  Ол -  жалғыз 
жэне сырымен жан адаммен бөліспейді. Жары да, көңілдесі де Шолпанның 
жан дүниесінде не болып жатқанымен шаруасы жоқ, оның іс-әрекетінің нағыз 
сырын түсінбейді.  Шолпан мен  Сэрсенбайдың арасында диалог жоқ,  олар 
өзара  сөйлеспейді.  Түсінбеушілік  жатсынуға  экеліп  соғады.  Тығырықтан 
шығар жол таппаған әйелді  қасіреті  оның  ішкі сөзінде  жатьф.  Жалғыздық 
дертіне душар болтан Шолпанның серігі -  ойы. Сәрсенбайдың ойы Шолпанға 
да, оқырманға да жүмбақ.
Шолпан әрекеті бірізді емес, бір-біріне қарама-қарсы мазмүнда көрінеді. 
Әуелі баладан бас тартады, одан баланы бар жан-тәнімен қалайды. Ол әдетте 
діншіл, күйеуін сыйлайтын болғанымен, бір сәт жеңіл нәпсіге бой үрғызады. 
Шолпан  шығарма  басындағы  рухани  биікте  болса,  шығарма  көркемдік 
шешімінде ол «ойнас жасаған қар неме».
Кінэлі Шолпанға  суық  су  қүйып жатқан әйелдердің  әңгімесі де  оның 
тағдырына деген екі көзқарасты қатар көрсетеді:  « - Қар бетпақ,  саған алла 
не  керек?!  -  деді  бір  қатын:  -   Ештеңе  етпес,  қарағым,  жастық та...  қүдай 
таупық  берсін,  -  деді екінші  біреуі»  [1,  308  б.].  Шолпан мінезіне  қатысты 
осы  екі  көзқарасты жазушы  әңгімедегі  оқиғаны  дамыту  барысында  қатар 
қоя отырып, жүзеге асырған.
Зерттеуші А. Ишанова: «В последние минуты жизни Шолпан «баюкает 
дитя», опровергая подсознательным жестом все обвинения, обретая и унося 
с собой образ дитя-жизни» -  дейді  [3,  133  б.]. Шолпанньщ басына осынша 
қайғы-қасірет, тағдыр тауқыметін экелген ауыр күнәні ол не үшін жасады? 
Тек  өмірге  сэби  экелу  үшін  гана.  Шолпанньщ  сэби туралы  арманын  өлім 
алдындағы  қорқыныш та жеңе  алмады.  Өз  бақыты үшін  күрес  кейіпкерді 
күйреуге экелді.
М.  Жүмабаев  «күнэ»  тақырыбына  жаңа  қырынын  келеді.  Адамды 
дүниенің жалғандығы, соған қарамастан қызығы өз иіріміне салады. Шолпан 
өз түсінігіндегі бақыт пен сордың арасындағы тағдыр тәлкегін қалап алады. 
Оның әйел бақытын қалай сезінетіндігінен оқиға желісі өріледі. Мағжанның 
кейіпкері  қым-қиғаш  ойлары  мен  үйқысыз  ойларының  нәтижесінде  туған 
шын күнәсін түсінгенде, жаны шошиды, өз-өзінен түршігеді. Ол ендігі жерде 
тыныш өмір сүре алмайтынына көзі жетеді, жан-дүниесі арпалысқа түседі. 
М.  Жүмабаев  оқиғаны  шытырман  жағдайлар  арқылы  өрбіте  отырып, 
баласыздық  қасіретін  тартқан  Ш олпанға  жаның  ашитындай  жағдайға 
жеткізеді.  Ол  -   арманы  сағымдай  желге  үшқан,  қателерінің  қайғысын 
тартқан,  адасқан  әйел.  Ш.  Елеукенов  шығарманы  жоғары  бағалай  келіп 
былай дейді: «Шолпанньщ күнәсі» -  XX ғасыр басындағы қазақ прозасына 
жаңа леп әкелген дүние... Әңгіменің бас кейіпкері Шолпан эр түрлі сыртқы

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2015. №2 
99
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
жағдайлардың жэне ішкі толғаныстардың нэтижесінде үнемі озгеріп, үрдіс 
дамып  отыратын  характер.  Жазушы  сол  өзгерістерді  жан  диалектикасын 
ж іті  қадағалау  ж олы мен  көрсетеді.  О сыны ң  арқасы нда  бала  кору 
сияқты  қарапайым  тақырып  биік  адамгершілік  өреге  котеріліп,  адамның 
қүқықтылығы, бас бостандығы проблемаларына ойысады»  [4, 275 б.].
Ө лерінің  алдында  Ш олпанны ң  санасы нда  бүкіл  өмірі  алдынан 
«найжағайдың  отындай  жарқ  етіп»  өте  шығады:  жаңа  шолпысының 
сыңғыры,  Сәрсенбаймен  алғашқы  кездесуі,  оның  өзін  алып  кетуге  келуі, 
алғашқы түні... жэне молданың үкім оқып, күбірлеген дауысы. Кейіпкердің 
жан  дүниесіндегі  сэн-салтанат  пен  оның  өмірге  қүштарлығы  дүниенің 
опасыз  жалғандығымен  қайшылыққа  түседі.  Кейіпкер  өз  өлімі  арқылы 
жазықсыз «күнэдан» арылғандай күй кешеді. Шолпанның бақытқа үмтылған 
адамшылық болмысы мен түрмыс, тағдыр шарасыздығы күйзелткен қайғы- 
шерін суреттеуге қүрылған кереғар оқиғалар өз шешімін трагедия арқылы 
табады.  М.  Жүмабаевтың  философиялық  лирикасында  да,  «Шолпанның 
күнэсі» эңгімесінде де түрақты мотив -  адам тағдыры тақырыбы жоталанып 
көрінеді.  М.  Жүмабаев  концепциясында  ол  қүпия  да  қатал,  жүмбақ  та 
еліктіргіш, қашып қүгыла алмайтын эрі адамға тэн емес ғарынггық күштердің 
көрінісі ретінде қабылданады.
Суреткердің  романтикалық-символистік дүние  қабылдауында  тағдыр 
тақьфыбы өлім тақьфыбымен етене байланысты. Ақын шығармаларындағы 
лирикалық кейіпкер өлгеннен кейін кеудеден жанның үшып кетуін бір терең 
тылсым, қасиетті қүпия ретінде қабылдайды. Б. Майтанов:  «Өмір мен өлім 
тайталасын романтиктер де, осы әдістің аясында қанат жайған символистер 
(бейнешілер -  Ж.  Аймауытовтың термині) де жьфлайды.  М.  Жүмабаевтың 
туындыларында осы екі сарын молынан қамтылады. Мүндай творчестволық 
өрнек қаламгер стилінің басқа жағдаяттарға да байланысты соны қырларын 
таны тпақ»  [5,  56  б.]  -   дейді.  «Ш олпанның  күнәсі»  ш ы ғармасы нда 
романтикалық,  символистік сарын реалистік шеберлікпен,  психологиялық 
тереңдікпен түтастықта көрініс береді.
Жазушы  жас  омірі  қиылған  Ш олпанды  қаралап-даттамайды   да, 
ақтамайды да.  Оқырманға бағасын өзі берсін дегендей өз пікірін таңбайды 
да,  ойлануға  азық  болар  үзын  арқан,  кең  түсау  ой  тастайды .  Бірақ 
М.  Жүмабаевтың  қандай  жағдай  болса  да,  қандай  қателіктер  жасаса  да, 
эрқашан  адам  өмірінің  қүнды,  бағалы  екендігін  болмыс  заңдылығының 
басты  бағдары  деп  танитынын  байқаймыз.  Автордың  өз  қаһарманына 
деген  жанашьфлығы  айқын  да  терең.  Мағжан  әңгімесінің  астарында  ең 
асыл  арманының  жолында  өлген  қорғансыз,  нэзік,  аруды  жоқтаған  аза 
жатьф.  XX  ғасьф  басындағы  әйел тағдыры тақырыбына  қол  артқан  қазақ 
жазушыларының түпкілікті идеясы жеке түлға бостандығы мен жеке адамды 
қайталанбайтын  рухани  қүндылық  ретінде  қадірлейтінін  бағамдаймыз.

100 
ISSN  1811-1823.  Вест ник ПГУ
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
Әңгіме  қарапайым  оқиға  желісіне  күрылғанымсн.  адам  психикасының 
күрделі қатпарларын қозғап, астарында көп ойларға меңзейді.  Кейіпкердің 
алға  қойған  мақсаты  мен  бүкпесіз  шындығы,  іс-эрекетінің  қайшылығы 
шығарманың көркемдік деңгейін көтере түседі.
М.  Жүмабаев  стилінің  күрделілігі,  даралығы  бірден  көзге  түседі. 
Шығармада Шолпанның, яғни «рухани қүлаған» түлғаның ішкі жан дүниесінің 
екіге  жарылуы,  жоғары  мен  төменнің,  діндарлық  пен  нәпсіқүмарлықтың, 
қүдай мен шайтанның арасындағы сергелдеңі романтикалық арнада дамиды. 
Шағын  эңгіме  сана  күресінен,  пікір  қайшылығынан,  ой  арпалысынан 
түрады. Шығарманың басты эстетикалық сапасы -  кейіпкердің ішкі элемін 
күрделі  психологиялық  талдау,  оның  эдеттен  тыс  шытырман,  қым-қуыт 
рефлексиялық күйлерін ашып көрсету. М. Жүмабаевтың шағын шығармасы 
қазақ эйелінің басында бола бермейтін тосын оқиға арқылы айтар ойының 
күрделілігімен, психологиялық шеберлігімен, эйел затының жан иірімдерін, 
зар-қайғысын  тереңнен  толғауымен  ерекшеленеді.  «Шолпанның  күнэсі» 
реализмнің  қалыпты  шеңберіне  сыймайды.  Шын  мэнінде  де,  ақ  некеден 
аттап, жат қылыққа барған,  күйеуінің алдында «қылмысты, күнэлі» болған 
Шолпан  өз  қасіретімен,  өмірін  қүрбандыққа  шалуымен-ақ  сол  күнәсін 
жуады,  тазарады.ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  әдебиетінің  дамуында 
М.  Жүмабаев  көркемдік  әдісінің  өзгешелігі  ең  алдымен  қаһарманның 
рухани  өмірін  мүлде  жаңа  психологиялық  баяндауында  көрінеді.  Мағжан 
кейіпкерлері  өздерінің  қымбат  та  қүпия  ішкі  сезімдерін  жария  етуден, 
өздерін  сол үшін ешкім түсінбеуі мүмкін-ау  деген  ойдан еш қорықпайды. 
Адамдар арасындағыкүрделі қарым-қатынастарды бейнелей отьфып,  адам 
психикасының терең  қүпияларына  батыл  бойлау  білуі  -  М.  Жүмабаевтың 
эстетикалық жаңалығы, сол түстағы қазақ прозасындағы тың қадамның бірі 
ретінде көрінді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет