Свидетельство


114  ISSN  1811-1823.  Вест ник ПГУ



жүктеу 5.64 Mb.
Pdf просмотр
бет12/26
Дата24.03.2017
өлшемі5.64 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26

113

114 
ISSN  1811-1823.  Вест ник ПГУ
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
Кем де емес кейбір сөзім жанган шоцтст,
Әркімге ауыр тиер цалац оцтан.
Үищст цус,  жүгірген аң-жануарлар,
Атанды бәрі хайуст тілі жоцтан [3].
Ақын «кем де емес кейбір сөзім жанған шоқтан» деп өткір тілді екендігін 
ескерте  отырып,  сонымен  қатар  «адамға  пэле  -   тілден,  бейнет  -   көзден» 
деп  тілдің  өзіне  пэле  әкелетіндігін  айтады.  Ақын  өткір  тілді  «кісендеп 
бекітпедім» дейді. «Кісендеп» - үлттық айшық, эрі тіл дерексіз үғым. Ақын 
айтса дэл, орынды сөйлейтіндігін айтып, айтар сөзі кесіп түсетін өткір, алмас 
болатындығын ескертеді.
Ақын  заман  жайлы  көп  толғанады.  Ел  тағдыры  туралы  толғаныс 
ақынның төл туындыларының қай -  қайсысынан да аңғарылып,  азаматтық 
бейнесін көрсетеді. Мысалы, ол «Ғибратнамада ақындық, азаматтық міндет 
туралы  ойын  үсынып,  өзінің  қоғамдағы  орнын  белгілемекші  болады». 
Арманын ашық айта алмай, дағдарысқа үшырап жүргенін ескерте келіп: 
Болдым soil өмірімді тауысцандай,
Мерт  болдым aiisa ишуып арыстандай 
Сүңцардай биік тауды мекен цылмай,
Шыцылыцтап көзге түстім сауысцстдай [1],
-
 дейді.  Ақын  идеясын  әлемге  тамған тамшыдай деп  қынжылады.  Ал сол 
ғибраттан  түк  ала  алмай  надан  қалар  дейді.  «Ғаламға  ап  -   рахмет  нүрын 
шашар, үстім су болады деп надан қашар» дей келіп:
Бүлттай жауатүгът менің өзім,
Көкірегім цан,  жаспенен толган көзім,
Жацбырдыц ап -  рахмет тамшысътдай,
Ғаламза дастан цылып айтцан сөзім [1],
-
 деп, заманындағы жайттарға қынжылған қаһарманның көкірегі қан, көзінде 
жас  екендігін,  қиналған  саяси  күрестің  қаһарманының  жан  күйзелісін 
суреттейді.
«Дүниеге көңілі қалғандықтан сөйлеген сөзі» деген өлеңінде ақын елді 
сорлатқан  әлеуметтік  теңсіздік,  қулық-сүмдықтың  көбеюі,  сөздің  қадірі 
кеткендігі, елді неше түрлі алаяқ -  пысықтардың билеуі туралы айтылады. 
Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев  халық  қамын  ойлаған  адамдарды  арыстанға,  қу- 
пысықтарды түлкіге теңеп, халықты алдаған «ептілер» туралы, елдің соларға 
күні түсіп отьфғандығын көрсетеді.
Сөзінде бай адамның «міні» болмайдытынын мысқылдап жазады. 
Кедейлік кетіреді сътыцызды,
Бар болса, мол табады мініңізді.
Бүл күнде тіл сөйлемей, мал сөйлеген,
Көре бер өйтіп - бүйтіп күніңізді [1],
-
 деген жолдарда ащы мысқыл, кекесін бар.

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2015. №2 
115
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
Қорыта  айтқанда,  М.  Ж.  Көпеев -  қазақ халқына тыныш,  бейбіт  өмір 
тілеген, өз жерінің байлығын емін-еркін пайдаланып, салт-дэстүрін сақтап, 
ата-баба  мүрасын уағыздап,  насихаттап,  үлттық  тэлім-тэрбие  мен  рухани 
қүндылықтарын  насихаттаған,  саяси-элеуметтік бостандықты талап  еткен 
қазақтың  қайраткер  үлдарының  бірі.  XX  ғасырдың  басындағы  ел  мүңын 
жоқтаған  асыл  азаматтарының  бірі  Мәшһүр  Жүсіп  туындылары  арқылы 
патша  өкіметінің  саясатына  қарсы  наразылық  танытып,  халық  үшін 
жанын түйген дана.  Отарлаушы патша  өкіметінің  қылышынан қан тамған 
жендеттерінен қорықпастан,  өз  өмірін қауіпке тіге  отырып,  қаймықпастан 
қазақ  халқының  қоғамдық  жэне  мәдени  мүдделеріне  сай  қажеттіліктерді 
талап  етеді.  Ақын  поэзиясында  сол  кездегі  қазақ  елінің  ауьф  түрмысы, 
патша әкімдерінің қалың бүқараға көрсеткен зорлық-зомбылығы, халықтың 
жер-суынан  айырылып,  ығыса  көшуі  мэселелері  айтылады.  Ақынның 
көңіл-күйі өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның әлеуметтік-тарихи тағы басқа 
да  хал-ахуалымен  бірге  көрініс  табады.  Ақын  өлеңдеріндегі  лирикалық 
түлға  элемдегі  болып  жатқан  өзгерістерге  бей-жай  қарамайтын,  адамзат 
баласының  өмір  салтында  болып  жатқан  қоғамдық  қатынастардан  сырт 
қалмайтын ақынның ішкі толғанысымен қатынаста болатыны поэзиясында 
айқын  көрінеді.  Демек,  М.Ж.Көпеев  замандастары  сияқты  ел  мүддесін 
жоғары қойған түлға.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Мэшһүр Жүсіп Көпейүлы. Шығармалары. -  Павлодар  : «ЭКО» ҒӨФ, 
2003.- Т .   1 .-4 5 4  6.
2 Нарманбет. Шығармалары. -  Қарағанды  : Болашақ,  1998.
3  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейүлы.  Шығармалары.  -  Павлодар  :  ЭКО,  2004.
-  Т.  4. -  535 б.
4  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейүлы.  Шығармалары.  -  Павлодар  :  ЭКО,  2003.
-  Т.  2. -  384 б.
Материал 04.05.15 баспаға түсті.
Н.  К. Жусупов, М.  Н.  Баратова, М. Ляпбергенова
Художественная особенность в стихах М. Ж. Копеева на тему Родина
Павлодарский государственный университет 
имени С.  Торайгьфова, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 04.05.15.
N.  К.  Zhussupov, М.  N.  Baratova, М. Ajapbergenova
A rtistic features in poems of M. Zh. Kopeev on Homeland

116 
ISSN  1811-1823.  Вест ник ПГУ
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
S. Toraighyrov Pavlodar State University, Pavlodar.
Material received on 04.05.15.
В статье рассматривается наследие  наиболее  таинственного 
и  сакрального  поэта  Mauihyp  Ж усупа  Копеева.  Изучается  его 
философские раздумья о человеке, о смысле жизни, разуме и сознании, 
о судьбе своего народа, о добре и зле. Исследование создает реальтю 
возможность  более  близкого  знакомства  с  духовным  наследием 
Копеева.  Цель  —  исследование  стилевых,  идейно-художественных, 
лексических  и  н р авст венн о -эст ет ически х  аспект ов  лирики 
М.  Ж.  К опеева,раскры т ие  ист оков  и  основны х  нanpaвлeнuq 
творчества поэта.
In the article there is considered the legacy o f  the poet M. Zh. Kopeev. 
Studied his philosophical  thoughts  about people,  about  the  meaning  o f 
life,  mind and consciousness,  about good and evil.  The  study creates  a 
real  opportunity  to  get  better  acquainted with  the  spiritual  heritage  o f 
M. Zh. Kopeev.  The aim is the study o f  stylistic, ideological-artistic, lexical 
and  moral-aesthetic  aspects  o f M.  Zh.  Kopeev  lyrics,  the  disclosure  o f 
sources and major works o f the poet.
ӘОЖ   811.51 2.Г 373.2 
C.  Қ.  Иманбердиева
ф.ғ.д., профессор, Алматы менеджмент университеті, Алматы қ.
«ЖАРА ТУШЫ»  ТЕОНИМІНІҢ КОНЦЕПТІЛІК БЕЛГІСІ
М ацалада  «Ж арат уш ы »  т еонимінің  концеп т ілік  б елгісі 
ңарастырылады.
Кілт т і  сөздер:  теоним,  концепт,  паремия,  фразеологизм, 
лингвистикалык, бірліктер.
Соңғы жылдары мәдениет, тіл жэне сананың өзара байланыс мәселесі 
кеңінен  қарастырылуда:  нақты  тіл  иелерінің  әлемнің  тілдік  бейнесі  жан- 
жақты зерттелуде, қандайда бір мәдениеттің шеңберінде болмысты қабылдау 
ерекшеліктерін  зерттеу  үшін  бай  материал  болып  табылатын  эр  тілдің 
ассоциативті сөздіктері қүрылуда.  Кез  келген мәдениет тіл бірліктері  өзге 
тілде  қайталанбас  өз  ерекшеліктеріне  ие.  «Мәдени  қүрылымға  көп  тілдің 
қажеттілігі,  М.  С.  Каганның  пікірі  бойынша,  оның  ақпараттық  мазмүны

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2015. №2 
117
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
көпқьфлы эрі бай жэне эр ақпаратгық үдеріс адекватгы бірліктерде көрініс 
табуын  қажет  етеді»  [1].  Бүл  пікірге  JI.  В.  Щербаның  айтқаны  үндеседі: 
«Біздің тікелей тәжірибеміз арқылы жинақталған әлем, барлық жерде бірдей 
бола түра,  эр  тілде  әрқилы қалыптасады,  мэдени түрғьщан біртүтастықты 
қүрайтын, бірақ эр тілде сөйлейтін халықтарда да эртүрлі қалыптасады» [2].
Тіл иелерінің қарапайым сананың бөлшегі ретінде элемнің (қарапайым) 
тілдік  бейнесінен  көрініс  беретін  мэдени-этникалық  компонент  фрагмент 
ретінде  тілдің  лексикалық  бірліктерінде  қабылданады,  алайда  тілдің  өзі 
бүл әлемнен көрініс бермейді.  Себебі санадағы болып жатқан фактілер мен 
ақпараттар жиынтығынан түтастай тілде көрініс беруі мүмкін емес.  Ол тек 
үлттық тілдік түлғаның осы әлемді концептуалдау  әдісінен көрініс  береді, 
сондықтан да  әлемнің тілдік бейнесі тіркесі  шартты болып табылады:  бір 
тілдік  мағына  арқылы  әлем  бейнесі  схемалық  болып  келеді,  себебі  зат, 
қүбылыс  жэне  олардың  ерекшеліктерін  категориялау  негізінде  жатқан 
ерекшелік белгілерінен қүралады жэне элемнің тілдік бейнесін адекваттау 
үшін болмыс туралы эмпирикалық білімімен нақтыланады.
Объективті болмыстан көрініс беру арқылы адам тілде таным нәтижелерін 
бейнелейді.  Әлемнің  бейнесі  үғымы  адамның  осы  элемді  тану  үдерісінен 
қүралады. Егер элем -  адам жэне өзара қатынас ортасы болса. әлем бейнесі -  орта 
мен адам туралы ақпаратты өндеу нәтижесі. Когнитивтік лингвистика өкілдері 
әлемнің  тілдік  бейнесі  ретінде  көрініс  тапқан  біздің  концептуалды  жүйеміз 
тіршілік жэне мәдени тәжірибемізге тэуелді жэне онымен тікелей байланысты.
Когнитивтік  лингвистиканың  қарқынды  дамуы  концепт  үғымын 
түсіну  мен  оның  типологиясын  жасау  мәселесін  қарастыруға  көптеген 
зерттеушілерді  талпындырды.  Концепт  бірнеше  менталды  қүбылысты 
қамтиды,  басты  міндеті  адам  санасындағы  білімнің  қүрылымын  жасау, 
жүйелеу. Концепт типологиясын жасау концептілерде көрініс беретін білім 
(таным) түрлерін айыру үшін қажет.
Концепт  қүрылымын  қүрастыру  үшін  концепт көрініс  берген  барлық 
тілдік корпусты (лексикалық бірліктер, фразеология, паремиологиялық қор), 
тілге тэн ерекше эталон-образдан көрініс беретін түрақты тецеулер жүйесін 
қоса зерттеу қажет  [3].
Бүрынгыдан адамныц бар өмірі, дүниеге келгенінен о дүниеге қайтқанга 
дейін  жаратқанга  сену,  мүсылмандық  әлемінен  көрініс  беретін  мазмүнга 
толы болатын.  Қүдайга сену үгымы,  ацыз-эцгімелер,  мешіттіц қүрылымы, 
эулиелердіц  есімдері,  діндарлардыц  аталуы  -   барлыгы  адамныц  тілдік 
санасында көрініс тапқан үгымдар, оныц парасаттық багытын анықтады [4].
А.  П.  Бабуш кинніц  аны қтам асы   бойы нш а  Ж аратушы  концепті 
абстрактілі  концептілерге  жатады,  ягни  «санада  бар,  бірақ  физикалық 
түргьщан жоқ, бүл нақты «қүндылық» жэне «антиқүндылықты» білдіретін 
концепт, бірақ оны көруге, сезінуге болмайды  [5].

118 
ISSN  1811-1823.  Вест ник ПГУ
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
«Ж аратушы»  концептісінің  Қазақстан  мен  Орта  Азия  мүсылман 
халықтарының лингвомәдениетінде өте үзақ тарихы бар, бүл тілде молынша 
көрініс  табуымен  (Алла,  Қүдай,  Хақ,  Қүдіретті,  Жаппар,  Жаратушы, 
Тэңір  т.б.),  көптеген  мақал-мэтелдер,  афоризм,  көркем  шығармаларда, 
фразеологизмдерде, тарихи ескерткіштерде қолдануымен дэлелденеді.
«Қазақстан» Үлттық энциклопедиясында Алла сөзіне келесі анықтама 
берілген:
Алла 
-
 бүкіл дүниені, адамзатты, жан-жануарды жаратушы ие -  Қүдай.
Жалпы редакциясын Т.  Жанүзақов басқарған Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігінде келесі анықтама берілген  [6]:
Алла 
-
 діни Қүдай, жасаған, жаратушы.
Жаратушы 
-
  1.  көне  Діни үғым бойынша,  бүкіл әлемді жаратқан үлы 
күш,  қүдірет.  2.  Дүниеге келтіруші,  өмір беруші.
Жасаган 
-
 діни.  Қүдай, Алла, тэңірі, жаратушы, жаратқан.
Қүдай 
-
  1.  діни.  Бүкіл  ғаламды  жаратушы;  Алла  тағала,  Қүдірет.
2.  ауысп. Ең мықты, эмірші, бастық.
Қүдірет 
-
 1. Қүдай, Алла, Жаратушы. 2. ауысп. Кереметкүш, ғажайып 
қасиет.
Тәңір -діни  1.  Қүдай, Алла тағала, Қүдірет.  2.  Қүдіретті күш иесі, пір.
Хац 
-
 1. Шындық, күмәнсіз ақиқат. 2. Мүсылман дініндегілердің үғымы 
бойынша дүниені жаратқан Алла тағала, Қүдай, Тэңірі.
Бүл  сөздіктерден  біз  діни  мэнде  адам  санасынан  тыс,  бүкіл  ғаламды 
жаратушы күш иесі деген түсінік берілгенін аңғарамыз. Сөздіктерде Қүдірет, 
Алла,  Тэңір,  Қүдай,  Жаратушы  сөздері  үлкен  әріппен  берілген.  Сонымен 
бірге  Жаратушы  сөзінің  бірінші  мағынасы  бүкіл  жанды/жансыз  әлемге 
қатысты болса, екінпгі мағынасы тек жанды қүбылыстарға қатысты, ал Қүцай, 
Тэңір  сөзінің  екінші  мағынасы  бірінші  мағына  негізінде  қалыптасса,  Хақ 
сөзінің  жаратушы  мэні  бірінші  денотатқа  қатысы  жоқ  қүбылыс  негізінде 
қалыптасқан жэне хақ сөзі -  Алланың тоқсан тоғыз көркем есімдерінен жиі 
қолданылатындарының бірі.
О рта  ғасы р  тү р кі  тари хи   ж азба  ескер тк іш тер ін д е  Ж аратуш ы  
концептісінің  фреймдік  қүрылымы  «беги  бүру»,  «нүрын  төгу»,  «мейірім 
төгуші»,  «сират  көпірі»,  «Мүңкір-Нәңкір»,  «мешіт»,  «зікір  салатът 
орын»,  «сүрац-жауап алатын орын»,  «махиіаркүні»,  «Тортауы»,  «дозац», 
«жүмац»,  «пайгамбар»  т.б.  танымдық  элементтерден қүралады.  Сонымен 
бірге,  «Жаратушы»  концептісінің  мазмүндық  таралу  өрісіне  қатысты 
бірнеше субфреймдерге бөліп,  модельдерін қүруға болады. Мэселен,  «мен 
білемін:  1)  X  рацым  етеді  А-га;  2)  X  тірілтеді  (жан  береді)  А-ны  (га); 
3) Xсүрац-жауап алады А-дан;  4) Xацыл,  сана береді А-га;  5) А  цүлшылыц 
етедіХ-ца; 6) А тілейдіХ-тан; 7) А сират көпірден өтедіXдидарын көру үіиін; 
8) Xж үмсайды Р-ді А-дан сүрац-жауап алу үшін;  9) X  дидарын көру үшін,

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2015. №2 
119
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
А  зікір  салады;  10)  Х-ца  жацын  болу  үиіін,  А  намаз  оциды;  11)  Х-тан 
цорыцпаганы  үшін,  X  жазалайды А-ны;  12)  А  X  алдындагы  бес  парызын 
орындайды;  13)  А  өзін  Х-тыц  цулы,  С-тіц  үмбеті  санайды;  14)  С  Тор 
тауында Л' дидарын  корген;  15)  С Х-тан  К-ні  алган;  т.б.  Мүндағы  X  -  
Жаратушы  (Алла,  Қүдай,  Тәңірі,  Хақ);  Р  -   періште  (Мүңкір-Нэңкір);  С  -  
пайғамбар (Мүхаммед (ғ.с.), Мүса, Иса, т.б.); К -  кітап (Қүран-кәрім; Інжіл, 
Таурат,  Забур); А -  адам (пенде).
Дін жэне Жаратушы (тек мүсылман қауымы емес, жалпы когнитивтік 
кеңістікте) концептісінің қалыптасуы туралы ойланған көптеген философтар 
дін мен Жаратушы үғымы қатар әркез болған емес деген пікірде (Демокрит, 
Бенедикт  Спиноза,  Т.  Гоббс,  П.  А.  Гольбах  т.б.).  Олардың  пікірінше,  дін 
қалыптасуының  бастапқы  негізінде  табиғаттың  күшті  қүбылыстары 
алдындағы қорқыныш, болашаққа деген сенімсіздік, адамзаттың өз күшіне 
сенбеушілік жатьф. Діни сенім аспан қүбылыстарына бас үрудан туындаған. 
Басында  адамдар  табиғи  қүбылыстың  өзінен  қорқып,  қүрмет  түтқан, 
кейіннен көзге көрінбейтін, соларды бағындыратын белгісіз күшке сенген, 
соңынан  ой-толғаулар  біртүтас  себеп,  жоғары  сана,  Жаратушы  туралы 
пікір қалыптастырған.  Жаратушы -  әлемді басқаратын,  қасиет түтатын ең 
жоғары қүдіретті болмыс.  Жоғарыда айтылған теорияға сәйкес Жаратушы 
үғымының қалыптасуында метафора жатыр. Э. Кассирердің терминологиясы 
бойынша -  «базистік метафора», яғни «тек қана ауысу емес, сонымен бірге 
басқа түрге айналу; сондай-ақ санадағы барға ауысу емес, жаңа бір қалыпқа 
өту» негізінде қалыптасқан  [7].
Жаратушыға сену -  көптеген қүбылысты: табиғи қүбылыстар, эпидемия, 
өлім  т.б.  түсіндіреді.  Түсінбейтін  нәрселер  жеңіл  түсіндірілетін  болды. 
«Метафора абстрактілі қүбылыстарды жеңіл қабылданатындай түсінікті етеді 
(негізгі жолы -  нақтыдан абстрактіге кошу, материалдыдан рухани дүниеге 
көшу)»  [8].  Метафора  бүл жағдайда  көзге  көрінбейтін,  түсініксіз,  жүмбақ 
нәрсені түсінікті, сана қабылдайтындай етуге көмектесті.
Өзінің  үзақ  қалыптасу  тарихында  Жаратушы  концептісі  көптеген 
адамдарды  толғандьфды,  бүл  феноменді  түсіндіруге  талпынған  көптеген 
мектептер қүрылды. Антроплогияльщмектепөкілдері (JI. Фейербах, Э. Тейлор, 
Г. Спенсер) діннің адами (анимистикалық теория) негізін табуға талпынды. 
Олардың  пікірінше,  өлгеннен  кейін  рухқа,  соңынан  Қүдайға  айналатын 
барлық  заттардың  жаны  бар.  Алайда  бүл  теория  ғалымдар  тарапынан  да, 
діни өкілдер тарапынан да қатаң сынға алынды.
«Жаратушы» концептісін аталымдық түрғыдан қарастырғанымызда, біз 
жинаған материал бойынша,  Алла,  Қүдай,  Тэңір бірліктері,  сонымен бірге 
Алланың бірнеше көркем есімдері мен метафоралық аталымдары анықталды.
Тірек атау ретінде біз Алла, Қүдай, Тэңір атауларын алдық, себебі олар 
өте жиі кездеседі жэне стильдік түрғыдан бейтарап.

120 
ISSN  1811-1823.  Вест ник ПГУ
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
Зерттеліп  отьфған  концептінің  аталымдық  өрісі  кец,  оны  біз  әсіресе 
Қ.  А.  Ясауидың  «Диуани  хикметінен»  байқаймыз.  Деривациялық  өрісін 
Алладай, Қүдайдай, Тэңірдей бірліктері қүрады.
Осыған  орай  «Жаратушы»  концептісінің  аталымдық  өрісін  қүрудыц 
негізгі  тэсілдері  -   экспериметалдық  әдіс,  көркем  мәтінді,  ескерткіштерді, 
фразеологиялық бірліктерді жэне мақал-мәтелдерді талдауды жөн көрдік.
Ассоциативтік тэжірибеден субъектінің өмірлік тәжірибесі -  этикалық 
жэне мэдени деңгейін байқаймыз.  Ассоциативтік өріс -  тілдік бірліктердің 
жиынтығы,  мазмүн  ортақтығына  қарай  топтастьфылған  қүбылыстардыц 
үғымдык.  заттық жэне функционалдық үқсастығы.
Лексикалық  бірліктің  ассоциативтік  өрісі  санада  қалыптасатын 
элемнің тілдік бейнесімен тығыз байланысты.  Сондықтан да ассоциативті 
ө р іс т і  та л д а у   ар қ ы л ы   кез  к е л г е н   х ал ы қ ты ң   д ү н и е т а н ы м ы н а н , 
психологиясынан,  түрмысынан,  наным-сенімінен  мол  ақпарат  алуға 
болады.  Психолингвистикалық  эксперимент  негізінде  сөздер  арасындағы 
ассоциативтік қатынас анықталады. Ол үшін тандап алынған реципиенттерге 
тірек-сөзге  қатысты  ойға  түскен  барлық  (немесе  нақты  анықталған  саны, 
яғни  мақсатты  эксперимент)  сөздерді  жазу  үсынылады.  Эксперимент 
нәти ж есін де  алы нған  сөздер  тобы   ассо ц и ати в тік  өрісті  қүрайды . 
Ассоицативтік өрісте реципиенттердің тандауы бойынша жиі қолданылған 
сөз  ортақ  байланыстылық  жэне  концепті  болу  деңгейін  анықтауға  негіз 
болады.  Ассоциативтік мағына үғымы адамда сөз бен ой арқылы түзілетін 
байланыстар  мен  қатынастардың үлгілерін,  арнайы  ішкі  қүрылымын табу 
барысында,  адамзаттың  сан  қырлы  тәжірибесінің  танымдық  түрғыдан 
үйымдастырылу нәтижесінде қалыптасады [9].
Ассоциативтік эксперимент -  XX ғ. басында К. Г. Юнг т.б. үсынған түлға 
уәждемесін зерттеу дің айрықша жобалық әдісін білдіру үшін психологияда 
бекітілген  термин.  Эксперименттің  қарапайым  түрі:  тәжірибеден  өтетін 
реципиенттің  белгілі  бір  дүниені  таныту  үшін  қолданған  тірек  сөздердің 
жинағын  білу.  Реципиент  тірек  сөздердің  белгілі  бір  жиынтығына  ойына 
келген  сөзбен  неғүрлым  тез  жауап  беруі  тиіс.  Бүл  эдіс  А.  Р.  Лурияның 
зерттеуінде дамыды, ол «түйіндес моторлық әдісті» үсынды, онда реципиент 
ауызша  жауаппен  бірге  екі  қолымен  белгілі  бір  қимылдар  жасау  керек. 
Сонда  қозғалыс  координациясын  талдау  тәжірибесінен  өтуші  субъектінің 
аффективтік реакциялары диагностикасының мүмкіндіктерін айтарлықтай 
кеңейтуге мүмкіндік береді. Ассоциативті эксперименттің еркін, бағытталған, 
тізбекті түрлері бар.
Еркін ассоциативті экспериментте ешқандай шектеу болмайды, реципиент 
тірек сөзді естігенде ойына түскен сөздердіц бэрін тізіп жазуына болады, сөздіц 
сьфтқы, мазмүндық ерекшеліктері шектелмейді. Ал мақсатты ассоциативтік 
экспериментте реципиентке белгілі бір мақсатқа қатысты шектеу қойылады.

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ.  2015. №2 
121
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
Негізгі  эксперменталды эдіс ретінде «Жаратушы -  кім?»  бағытталған 
ассоц иативті  эксперим ент  қолданы лды .  Б ағы тталған  ассоциативті 
эксперимент  (БАЭ)  «жаратушы»  концептінің  ассоциативті  өрісін  қүруға 
септігін тигізетін барынша көп реакция береді.
БАЭ-ке 300 реципиент қатысты, оныц 140 -  әйел, 160 -  еркек. Реципиент 
ретінде  студенттер,  мүғалімдср.  инженерлер,  экономистер,  зацгерлер 
алынды. Эксперимент 2007-2008 жж. жүргізілді. Эр реципиент эксперимент 
шарты бойынша Жаратушы сөзіне ец алдымен ойына түскен 5 анықтама беруі 
керек болатын.  Эксперимент нәтижесінде реципиенттерден  1200 анықтама 
алынды. Соныцішінде  Юреципиент 1 анықтама берсе,2 0 - 2 ; 3 5 -3 ;  110-4;
125  -  5. Жауап беруден бас тартқан реципиенттер болған жоқ. «Жаратушы» 
концептініц ассоциативті өрісі қүрылды, ол мынадай түрде болды:
«Ж аратушы- кім?» (1220): Алла (155), Қүдай (60), Тэцір (70), Қүдіретті 
(20),  кец (20), жомарт (105),  бүйрық (30),  көк иесі (20),  нүрын шашқан (5), 
рахымды (25), кешірімшіл (10), Қүран жіберген (10), жалғыз (10), сақтаушы 
(10), кіршіксіз (10), дүрыс жол (20), күшті (30), Хақ (40), жаппар (20), төзім 
беруші (5), сиындырушы (10), жан беруші (15), қуат беруші (5), жаратушы 
(300), жазалаушы (30), бақ беруші (5), қолдаушы (10), мэцгі жасаушы (20), 
елеуші (5), пенделерін жарылқаушы (40), мейірім төгуші (25), бет бүрдырушы 
(15), өмір түғыры (25), нәсіп етуші (10), сана беруші (15), жауап алушы (10), 
қанағат еткізуші (5).
Жаратушы ассоциациялы өрісін қүраған ассоциация беруші сөздердіц 
мағынасын талдау барысында реципиенттер атаған Жаратушыныц бірнеше 
белгілерін анықтау мүмкіндігі туды. Олардыц берген анықтаушы сөздерініц 
қаншалықты Жаратушыға (денотатқа) қатысын айқындау арқылы мағынасы 
ашылды. Мысалы:
Күшті  -   адам  санасыныц  қабылдауынан  тыс  күш;  жалғыз  -   оған 
жалғыздық жарасады; кец -  тілегенін береді; нүрын шашқан; ғалам иесі -  он 
сегіз күнде ғаламды жаратты; сақтаушы;  көк иесі т.б.
Мүны  «Жаратушы»  концептісініц  қүрылымын  анықтауда  басты 
критерий  деп  қарастыруға  болады.  Сонымен  бірге  аталмыш  концептініц 
таралу  өрісіне  қарай  қүрылымын  төмендегідей  сызба  түрінде  көрсетуге 
болады:

122
 
ISSN  1811-1823.  В ест ник П Г У
Э хлл Е 5 »л «2 3> л да Э хл л е5 »л «2 3> л д аЭ хл л е5 »л « 23> л д аЭ хлл е5 ^
Сурет  1 -  X-XIV ғғ. түркі жазба ескерткіштердегі «Жаратушы» 
концептісінің қүрылымы
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1  Каган, М.  С. Философия культуры. -  М.,  1996. -  С.  137-210.


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет