Свидетельство


  ISSN  1811-1823.  В ест ник П Г У



жүктеу 5.64 Mb.
Pdf просмотр
бет17/26
Дата24.03.2017
өлшемі5.64 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26

156
 
ISSN  1811-1823.  В ест ник П Г У
Э хлл Е 5 »л «2 3> л да Э хл л е5 »л «2 3> л д аЭ хл л е5 »л « 23> л д аЭ хлл е5 ^

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ.  2015. №2 
157
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
үмыттырды.  Енді  кайтеміз!  Бүрын  үлтшылдықпен  күресіп  едік,  еңді 
үлтсыздықпен күресеміз бе?»  [4,  118].
Жазушьшың осы сөздерінде кеңес үкіметі туралы бар шындық айтылған. 
Сонда  Бейсектің  сөзі  жазушының  өз  ойы  екендігіне  енді  күмэн  келтіре 
алмаймыз.  Бейсек  айтқан  «үлттық  нысана  дегеннен  ең  ақыры  бастағы 
тымақ та қалмай барады»  деген сөз бен жоғарыдағы жазушының «үлттық 
қасиетімізді үмыттырды» деген сөздері бірдей.
Қазаққа  арақты  үйреткен  басқа  үлт  екенін  F.  Мүсірепов  те  «Оянған 
өлкеде»  Байжан  бейнесі  арқылы  көрсеткен.  Қазақ  жүмысшылары  арақты 
ішпей отырғанда ең алғаш тартып жіберген Байжан емес пе еді? Мүстафиннің 
замаңдасы  М үсірепов  мүны  жайдан  жай  келтірмеген.  М үстафиннің 
жиылыста айтқанын ол шығармасында айтқан.
F. 
Мүстафиннің жаңағы айтқан сөздерінен кейін жеті қазақ қол қойып, 
Мэскеуге арыз жазып, Мәскеу партократиясынан жеті кісі комиссия келіп, 
F абиден Мүстафинді жеті ай тексеріпті. Бірақ Мүстафин қыңьфайып жатып 
алыпты.
Ал  енді  «Қарағанды»  романында  бүгінгі  күнде  де  атап  айтарлықтай 
маңызды мәселелер бар. Мысалы, ел басқарушылардың қазақ үлтынан болуы. 
Жазушының  «қазақты  қазақ  басқарса,  жағдайы  түзеледі»  деген  үсынысы 
байқалады.  Екінші,  үлттық кадр  мәселесіне  мэн берген.  Бүл М.  Әуезовтің 
«Өскен  өркен»,  З.Шашкиннің  «Теміртау»  романдарында  да  кездеседі. 
Мейрамның  мына  сөзін  алайық:  «Сіздің  қарауыңызда  үш  мынға  жуық 
жүмысшы бар.  Қазағы үш жүзге жетпейді, қалаушы, токарь,  маляр сияқты 
маман қазағыңыз үшеуге де жетпейді. Партияның үлт саясаты дегенін, үлт 
кадрларын дайындауды үмытқансыз ба?»  [2, 206].
Бүл сөз де F. Мүстафиннің авторлық позициясы екендігі аңғарылады.
Үшінші,  тіл  мәселесі.  Басқа  үлттың  алдында  екі  казақтың  орысша 
сөйлесуіне  мысал  келтірелік:  «Щ ербаковты  сырт  қалдырып,  қазақша 
сөйлесіп кетуді лайықсыз көрді білем, екеуі орыс тілінде сөйлесті. Ардақтың 
орысшасы тіпті жатық екен, Мейрам қатты сүйсінді [2,  100]. Бірақ осындай 
жағдайға жазушының іші сүйсініп түрмағаны белгілі. Жазушы екі қазактың 
орысша  сөйлескенін  үлгі  түтқандыктан  емес,  қынжылғандыктан  айтқан 
секілді. Бүл мэселе қазір де өзгерген жоқ.
Кезіндегі таптық саясаттың салдары былай келтірілген: «Ел ішінде «бай- 
кулактан» жексүрын сөз жоқ. Біреуді біреу жамандаса, ата-бабасынан болса 
да бір жуанды табуға, таба алмаса соның қүйыршығы етуге тырысады. Біреуді 
біреу мактаса, қалайда жүмысшы, кедеймен жағыстырады. Адамның өзінен 
бүрын тегіне карайтын шақ. Тап тартысы қалдырған бүл салт асқақ махаббатқа 
да  бір  тосқын  еді»  [2,  183].  Бүл  үзіндіден  де  кезіндегі  заман  шындығын 
көреміз.  Талай ақын-жазушы,  ғалымдардың, жалпы зиялы кауымның басы 
тегіне қарай саудаға түскенін, бай баласы болса, қуғынға үшырағанын білеміз.

158 
ISSN 1811-1823. Вест ник ПГУ
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
Қорыта  айтқанда,  жазушы  өзін  күйзелтіп  жүрген  мәселелерді  бір 
жағынан  үнамсыз  кейіпкерлерге  айтқызған  жэне  басты  кейіпкерлер 
арқылы  да  жеткізген  екен.  Сондықтан  бүл  шығарманы  бірыңғай  кеңестік 
идеологиямен жазылған, бүгінгі күнге жарамсыз деп айта алмаймыз, қайта 
романнан кезіндегі қоғам шындығын көре аламыз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қирабаев, С. Кеңес дэуіріндегі қазақ эдебиеті / С. Қирабаев. -  Алматы : 
Білім,  1998. -  224 б. -  ISBN 5-7667-2314-8
2  Мустафин,  Ғ.  Қарағанды  / F.  Мүстафин.  -   Астана  :  Елорда,  2003.
-  400 б. -  ISBN 9965-06-328-1
3  Қаратаев, М. Ізденіс іздері/М.  Қаратаев. -  Алматы  :  Жазушы,  1984. 
-3 7 6  б.
Қабдолов, 3. Көзқарас / З.Қабдолов. -  Алматы  : Рауан,  1996. -  254 б.
Материал 02.06.15 баспаға түсті.
Р. М. Муталиева1, М.  С.  Оразбетс
Современный взгляд на роман Г. Мустафина «Караганда»
'Павлодарский государственный университет 
имени С.  Торайгырова, г.  Павлодар; 
2Евразийский национальный университет 
имени JI. Н. Гумилева, г.  Астана. 
Материал поступил в редакцию 02.06.15.
R. М. Mutalyeva1, М.  S.  Orazbek2
The modern view to the novel of G. Mustafin «Karaganda»
'S.  Toraighyrov Pavlodar State University, Pavlodar; 
2L. N.  Gumilyov Eurasian National University, Astana.
Material received on 02.06.15.
В статье излагается современный взгляд на некоторые события 
в романе «Караганда».
The article analyzes the modern view on the several cases in the novel 
«Karaganda».

Ә О Ж   82.0.122
серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ.  2015. №2
 
159
Р.  М. Муталиева1,  М.  С.  Оразбек2
ф.ғ.к.. профессор, қазақ филологиясы кафедрасы, С. Торайғыров атындағы 
Павлодар  мемлекеттік  университеті,  Павлодар  қ.;  2ф.ғ.д.,  профессор, 
JI. Н. Гумилев атындағы Еуразия үлттық университеті, Астана қ.
Ж. АЙМАУЫТОВТЫҢ «КҮНІКЕЙДІҢЖАЗЫҒЫ» 
ПОВЕСІНІҢ ШЕШІМІ ТУРАЛЫ
MciKfi.nada Ж. Аймауытовтың «Күнікейдің жазыгы» повесіндегі 
Күнікейдің  тагдыры  туралы  эр  түрлі  пікірлерге  талдау  жасалып, 
автордың өз түжырымы үсынылады.
Кілтті сөздер: Ж. Аймауытов,  «Күнікейдің жазыгы»,  повесть, 
салт, жан жарасы,  тән жарасы.
Ж.  Аймауытовтың  шығармашылығы  соңғы  жылдары  С.  Қирабаев, 
Р.  Нүрғали,  Д.  Ысқақов,  Б.  Майтанов,  Р.  Сағынбекүлы,  А.  Зейнуллина, 
Қ.  Ергөбек  зерттеулеріне  өзек  болды.  Әсіресе,  жазушының  «Ақбілек», 
«Қартқожа» романдары біршама қарастырылды.
Біздің  сөз  етпегіміз  -   «Күнікейдің  жазығы»  повесіндегі  Күнікейдің 
күйеуінің  кім  екендігі.  Повесті  зерттегендердің  еңбектерін  қарап  шықсақ, 
Қ.  Ергөбектен  басқалары  бірауыздан  «Күнікей  Байманмен  қашып  кетіп, 
бэрібір бақытты бола алмады» деген түжырым жасайды.
Мысалы,  С.  Қирабаев:  «Күнікейдің  осы  ортадан  таза,  өзінің  басын, 
адамдық арын қорғап шығып, Байманға қосылуы, онымен үзатылған жерінен 
қашып кетуі -  қазақ қызының өз тендігін қорғаудағы үлкен жеңісі»  [1,  15].
Р. Сағынбекүлы: «Сөйтсек, Күнікейдің жазығы, жан-жарасының емі -  Байман 
есімді сегіз қырлы, бір сырлы жігіт екен. Біз мүны пшғарма соңында екі жастың 
табысуынан, қос жүректердің жарасты қуаныні, қауышуларынан көреміз» [2,46].
А. 
Зейнуллина:  «Міне,  Күнікей  жеңісі  де,  Күнікей  жазығы  да  осы 
жерден басталады. Жеңісі -  ата-баба салтын бүзып, сүйгенімен қашу болса, 
жазығы -  басына түскен тағдыр тәлкегі -  ауырып төсек тартуы, еш пендеге 
керек болмай, тіпті, сүйгені Байманның да қашқақтауы, жан жарасы мен тэн 
жарасының үласуы болады»  [3,  77].
Қ. Ергөбек: «Күнікей Түяқ босағасын аттады ма? Әлде Байманмен кетті 
ме? (Академик Серік Қирабаев осы жорамалды қолдайды. Қ. Е.). Түяққа емес, 
Байманға тисе,  көңілі қалап тиген адамы,  онда Күнікей трагедиясы тумаса 
керек еді. Байманмен біржолата кетіп қалса, онда шығарма неге «Күнікейдің 
жазығы» аталады.  Сүйгенімен,  сүйіскен жанымен кетті емес пе?!  Жазушы 
осы бір сәтті жүмбақ қалдырған»  [4,  338].

160 
ISSN 1811-1823. Вест ник ПГУ
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
Ал  повесті  бажайлай  оқып  шықсақ,  Күнікейдің  Түяққа  тигеніне  көз 
жеткіземіз.  Мысалы,  шығарма  басында  Күнікейдің  нашар  халде  жатуы 
суреттелгенде, оның күйеуі қайда деген сүраққа жазушы бьлай жауап береді: 
«Жалғыз перзент демесең, аулы да бар он шақты үй, байы да бар соқталдай, 
бауьфы да  бар  байының -   немерелес  әмеңгер.  Ауылды  қойшы,  ауыл  ғой, 
жайшылықта бауыр ғой. Байы қайда Күнікейдің? Қосағы бүйтіп жатқанда, 
қолының үшын бір бермей, жанына жақын бір келмей?
Келмек түрып сүңқа адым,  жүлық жамап қаңғып жүр,  қатқан бар деп 
қай  үйде  -   көкше  түтін  андып  жүр,  жамауменен  жан  сақтап,  қара  басын 
қамдап жүр», -  дейді  [1,5].
Осындағы «жүлық жамап қаңғып жүр», «жамауменен жан сақтап» деген 
сөздер етікші Түяққа қатысты, соның кәсібін білдіретін сөздер. Байманның 
жүлық, жамау жамайтын өнері жоқ еді.  Жэне ол «қатқан бар деп қай үйде, 
көкше  түтін  андып»  жүретін  жігіт  емес  еді.  Тағы  да  мына  сөзге  назар 
аударайық:  «бауыры  да  бар  байының  -   немерелес  әмеңгер».  Байманды 
жазушы кемпір-шалдың жалғыз баласы деп таныстырған. Оның немерелес 
інісі болған жоқ.  Байман Түяқтың туыс інісі деп айтқан болатын.  Жазушы 
жоғарыда  атгарын  атамаса  да  ауырып  жатқан  Күнікейдің  күйеуі  Байман 
емес, Түяқ екені аңғарылып түр.
Енді Күнікей мен Байман арасында жасалған серт туралы, Күнікейдің 
Түяққа  үзатылған  түні  Байманға  қашып  барудағы  мақсатына  рет-ретімен 
тоқталайық.
С. 
Қирабаев айтып отырған ортадан Күнікейдің өз басын, арын қорғап 
шыққаны рас.  Күнікейдің  ортасы -  Мүсатай,  Мәжікен,  Қасым деген үйлі- 
баранды  бай  балалары,  сонда  да  «жігітшіліктері»  қалмаған,  төуір  қыз 
көрсе,  өзімізге тиесілі  сыбаға деп  ойлайтын жігіттер.  Олар  әдеп сақтап та 
жатпайды, Қасым деген біреуі Күнікейді зорламақ болғанда, қыз оның бетін 
тьфнап, қүтылып кеткен болатын. Бүл жігіттер Байман мен Күнікейді андып, 
Байманмен  өшігіп алған болатын.  Жэне  олар  Күнікейге  «Бізден қүтылып, 
басқамен байланыссаң, оңдыртпаймыз» деп сес көрсетеді. Бэрінің мақсаты
-  Күнікей Түяққа тигенше қызды қызықтап қалу, өз үғымдарынша, «бозбала 
боп ойнап қалу».
Күнікей ортасындағы тағы бір адам -  жеңгесі Бәден. Ол Күнікейге былай 
«ақыл»  айтады:  -  Еркежан,  мен десең  көн.  Одан  артық  патшаның  баласы 
керек пе? Қүдайға шүкір, жас емессің.  Сендей күнімізде біз талай қызықты 
көргенбіз. Дүниеде бозбала қүшқаннан қызық не бар дейсің? Сен оның дэмін 
өлі  татқан  жоқсың,  білмейсің,  -   деп,  қайдағы  жоқты  айтып  қызықтырып 
азғьфған»  [1, 23]. Бәден Күнікейді Мәжікенге ыңғайлап жүр.
Күнікейдің ортасындағы ең басты адам -  өз шешесі Шекер. Осы Шекер 
сүлу Күнікейді неге сонша қор етіп Түяққа бермек болды екен деген сүрақ 
туады. Басқа шығармаларда көбіне қыздарын әкелері бақытсыз ететін болса.

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ.  2015. №2 
161
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
мүнда керісінше шешесі қызын Түяққа баруға көндіреді. «Бірақ Шекер шеше 
болам деп бекер арам тер болды.  Баланы іспен емес,  сөзбен, үлгімен емес, 
ақылмен үйретпекші адам сорлы ғой. Шекер өзіне «Қүдай жүқтырмағанды» 
кызына  оқыды.  Қызы  көргенін  тоқыды.  «Бозбаламен  өзі  неге  ойнайды?» 
деген сүрау Күнікейдің ойына ерте бекіді»  [1,6].
Міне,  бір  жагынан  шешесінің  көрсеткен  үлгісі,  бір  жагынан  Бәден 
жеңгесінің  «өсиеті»  -   бэрі  Күнікейді  тыгырыққа  тірейді.  Ол  шешесінен 
көргенін істемек емес, Бәденнің де азгьфганына ермек емес жэне аулының 
«серілерінің» де қолжаулыгы болуга көнбек емес. Түяққа да адал боп баруга 
ниеті  жоқ.  Бүл  жерде  Түяқты  ескеріп,  Күнікейдің  болашақ  күйеуі-ау  деп 
есепке кіргізіп жатқан ешкім жоқ. Ал Күнікейдің өз шешімі мьшаган тіреледі: 
«Бозбаламен  неткен...  қандай  болады  екен?»  деп,  бір  ауық  әуес  қылады. 
Біресе  күйеуін де  есіне  алады,  бірақ  о  жагына келгенде  аягына  боқ  басып 
алган  кісіше  жеркеңді.  «Оган  сақтаганша,  итке  тастасам болмай  ма?  Оган 
қара басым да көп» дегендей қылады»  [1, 24].
Сонымен  Күнікейдің  алдынан  бір  жол  ашылады.  Ол -  Байман.  Бірақ 
Байман  Күнікейге  «Саган  үйленемін,  сені  алып  қашамын»  деген  сөздерді 
айтпайды.
Байман мен Күнікейдің жарасты қуанышы, табысуы дегеніміз өмірлік 
емес. Байман Күнікейге:
-  Кеше мен сені жақсы көріп кеттім гой, оны білдің бе? -  деді.
-  Сүйттіңіз бе?
-  Сүйттім...сенше?
-  Мен бе? Білмеймін... -  деп Күнікей түқырып, мырс етті.
-  Білмесең, түнде кетіп бара жатып неге сүйіп алдың?
-  Кісі қайнысын сүймей ме?
-  Жарайды...  сүйсең, шын сүй...  Кешегің шын ба?
-  Шын болса, қайтер едіңіз?
-   Шын  болса,  сені:  «Жаным,  күнім»  деп  жүрер  ем...  Сенің  жолында 
басымды берер ем, -  деп, Байман белінен қысып, бетінен сүйді.
-   Көптің  бірі  боп  кетпесем...  -   деп,  Күнікей  көп  қарады.  Байман 
«болмассың»  деп уэде  берді.  Біраздан кейін «қашан,  қайда жолыгамызга» 
келді.  Күнікей:
-  Қоя түрыңыз, мен элі жаспын гой, -  десе де, Байман:
-  Сүйгенің шын болса, несиеге қаратпа -  деді  [1,  54].
Осы  диалогта  Байман  Күнікейге  «сүйгенің  рас  болса,  мендік  бол», 
«көптің  бірі  болмайсың,  жаным-күнім  деп жүрер  ем»  дегеннен  аса  алмай 
түр.  Ол агасы Түяққа «қиянат» жасап, женгесін алып қашайын деп жүрген 
жоқ.  Байманның  қолқасы да Мәжікен,  Қасымдардікіндей.  Тек Күнікейдің 
оган келісіп түрганы -  оны үнатып қалгандыгы, Байманның ауыл жігіттері 
мен Түяктан артық болып түрганы.

162 
ISSN 1811-1823. Вест ник ПГУ
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
Күнікейдің  Байманға  келісуінен  басқа  жолы  жоқ.  Шығарма  соңында 
Күнікей Түяқты күттіріп қойып кетіп қалғанда Байман былай қарсы алады:
-  Серт пе?
-  Серт!
-  Жүр, ендеше, былайырақ!  -  деп, Күнікейді шапанына тығып, қысып 
алып кетті.
Әнеугіден  бері  Күнікейдің  күткені,  көнгені  осы  серт,  осы  үміт  еді. 
Қыбырттаған жаман-жүман бозбаланың да, қиқандаған кейқуат Түяктың да 
аузын аппақ қылып,  қараңғы түнде  қапысын тауып,  ал-бырт Күнікей асыл 
қазынасымен ер жігіттің қолына тиді...»  [1, 67].
Егер Байман қызды алып қашуға келген болса, оның аты қайда? Алып 
қашатын  адам  «жүр,  ендеше,  былайырақ»  демейді  ғой.  Онысы  -тасалау 
жерге барайық дегені.  Оның үстіне «Күнікейдің күткені,  көнгені осы серт, 
осы үміт еді» деген сөздерге назар аударсақ, «көнгені» дегеннің өзінен көп 
нәрсе аңғаруға болады.  Ол Түяққа тиюге  көнді, Байманға асыл қазынасын 
беруге келісті. Егер қыз бен жігіт қашатын болса, жазушы «көнгені» деген 
сөзді қолданбас еді.
Соңда  Күнікейдің  жазығы  -   Байманды  сүйіп,  оған  қазынасын  беруі, 
Түяққа адал болмай баруы.
«Оған сақтағанша, итке тастасам болмай ма? Оған қара басым да көп» 
деп,  Күнікей  шығарма  соңында  болған  оқиғаны  алдын-ала  шешіп  қойған. 
Күнікейдің бүл әрекетін Қ. Ергөбек «XX ғасыр басында жасаған қазақ қызына 
тэн емес, тэн болмағандықтан, типтік емес қүбылыс» -  деп түйіндейді [4,339]. 
Сонымен, жоғарыда келтірілген дәлелдерге сүйене отырып қорытарымыз
-  Күнікей Байманмен қашып кеткен жоқ, Түяққа үзатылды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1  Аймауытов,  Ж.  Алты томдық  шығармалар  жинағы/Ж.  Аймауытов.
-  Алматы  : Ел-шежіре, 2013. -  384 б. -  ISBN 978-601-7317-58-4
2 С ағы нбек^лы ,Р. Жүсіпбек/Р. Сағынбекүлы. -  Алматы: Санат,  1997. 
-224 б. -  ISBN 5-7090-0278-х
3 Зейнуллина, А. Жүсіпбек Аймауытүлының шығармашылық шеберлігі 
/ А.  Зейнуллина.  -  Павлодар  :  С.Торайғыров ат. ПМУ, 2002. -   111  6 . -  ISBN 
9965539227
4  Е ргөбек,  Қ.  Қарасөз  /  Қ.  Ергөбек  -   Алматы  :  Ел-Шежіре,  2013.
-  600 б. -  ISBN 978-601-7317-38-6
Материал 02.06.15 баспаға түсті.

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ.  2015. №2 
163
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
Р. М. Муталиева1, М.  С.  Оразбек1
О развязке в повести Ж. Аймауытова «Проступок Куникей»
'Павлодарский государственный университет 
имени С.  Торайгырова, г. Павлодар; 
2Евразийский национальный университет 
имени JI. Н. Гумилева, г.  Астана. 
Материал поступил в редакцию 02.06.15.
R. М. Mutalyeva1, М.  S.  Orazbek2
About  the  roundabout  in  the  story  of Zh.  Aymauytov  «Misdemeanor 
of Kunikey»
'S. Toraighyrov Pavlodar State University, Pavlodar; 
2L. N.  Gumilyov Eurasian National University, Astana.
Material received on 02.06.15.
В  ст атье  анализируются  различны е  мнения,  касаю щ иеся 
судьбы Куникей в повести Ж.  Аймауытова «Проступок Куникей»,  и 
предлагается собственная концепция автора.
The  article  analyzes  the  various  opinions  concerning  the fa te  o f  
Kunikey in Zh. Aymauytov’s story «А misdemeanor o f  Kunikey», and offers 
his own ideas o f  the author.

164 
ISSN 1811-1823. Вест ник ПГУ
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
Ә ОЖ   811.512.1 2 2 '3 7 3 .62 
Ә. 
Н.  Насыритдинова
ф.ғ.к.,  аға  оқытушы,  С.  Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 
университеті, Астана қ.
ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕРМИНЖА САМДАҒЫ СӨЗ 
ТАПТАРЫНЫҢ ОРНЫ
Қогамдагы  гылым мен  техниканың  дамуы  бір орында турмай, 
үнемі  ңозгалыста  болатыны  анық.  Ендеиіе  гылымда  кез  келген 
ж аңалы қ  өзімен  бірге  сол  ж аңалы ққа  ңатысты  т ерм индер 
топтамасын  дүниеге  әкелетіні  сөзсіз.  Сондықтан  да  кез  келген 
гылымның  белгілі  бір  тілде  дамуының  бір  көрсеткіші  сол  тілде 
аталган  сала  терминдерінің  ж асалу  деңгейі  болмаң.  Әдеби  тіл 
стильдерінің  бірі болып  табылатын гылым тілін  ңалыптастыруга 
негіз  болатын  термин  сөздер  туралы  зерттеv  еңбектерінде  аз 
айтылып  журген  жоң.  Осы  багытта  жазылган  мақалада  қазақ 
тілінің техникалың терминжасамындагы сөз таптарының орны сөз 
болады.  Автор соз таптарының техникалың терминдерді жасауга 
қатысуын саралап,  олардың озіндік улесін анъщтайды.
К ілт т і  создер:  термин,  т ехникалы ң  терминж асам,  соз 
таптары,  терминология,  терминдену.
Термин қалыптастырудың бір жолы -  жалпы қолданыстағы сөздердің 
терминденуі  десек,  сөздердің  терминденуін  сөз  таптары  түрғысынан 
қарастырудың  маңызы  зор.  Сөз  таптарының  терминденуі  жөнінде  тілші 
ғалымдар бүған дейін де сөз еткен, алайда олардың бүл бағыттағы пікірлері 
бір арнаға тоғыса бермейді.
XX ғасьфдың 30-жылдарында Г. О. Винокуров терминдер тек зат есімнен 
жасалады,  басқа  соз таптары  зат  есім  негізіндегі  сөз тіркестері  қатарында 
ғана келеді деген пікір үсынады.  Ғалым техникалық терминдер қатарында 
көптеген  етістіктер  кездескенімен,  олар  терминологияға  заттану  арқылы 
енеді деп ой қорытады [1,14]. Бүл көзқарасты қо лдаған ғалымдар бүл пікірді 
сын есім, үстеуге қатысты да қолданды.
А. 
А.  Реформатский  болса,  Г.  О.  Винокуровтың  идеясын  қолдап,  зат 
есіммен бірге етістік, сын есім, үстеулер де терин бола алатынын айтып, зат 
есімге басымдық береді  [2,  148].
А лайда  бүл  пікірм ен   келісп ей тін   де  ғалы м дар  бар.  М эселен,
В.  П.  Даниленко  басқа  сөз таптарынан жасалған терминдер жеке  түрып та 
белгілі бір мағына беретінін алғатартса [3,80], О. С. Ахмановатерминдердің

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ.  2015. №2 
165
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
кем дегенде төрт сөз табынан: зат есім, сьш есім, етістік, үстеуден жасалатьшьш 
нақты мысалдармен дэлелдейді  [4, 474]. Н.  А. Щеглова «терминологиядагы 
дерексіздікті (абстракция), зат, сапа мен эрекет туралы ғылыми-техникалық 
үгымдарды  білдірудің  шын  мэніндегі  бірден  бір  лексика-грамматикалық 
қүралы зат есім болады», деп алғашқы пікірді қолдай түседі  [5,  17].
Шындығында да терминдердің барлығы тек зат есімдер бола бермейтінін 
үзақ жылдар бойы терминология мэсе лелерімен кәсіптік дейгейде айналысып 
жүрген  ғалым  В.  П.  Даниленко  өз  зерттеулерінде  дэлелдейді.  Ол  чех 
ғалымдарының аталмыш проблемаға қатысты зерттеулеріне сүйене отьфып, 
тек  зат  есімдер  ғана  емес,  сонымен  қатар  сын  есім,  етістік,  үстеу,  есімдік 
сияқты сөз таптары да термин бола алады деген қорытынды жасайды [3, 80].
Терминдердің  негізінен  зат  есімдерден  болуының  негізгі  себептері 
ретінде  зат есім категориясының семантикалық мүмкіндігінің мол екендігі 
де, сондай-ақ, жогары дэрежедегі абстрактілікті білдірудегі артықшылықты 
да  жогарыда  аталган  галымдар  тарапынан  эділ  көрсетілгенін  айтпасқа 
болмайды. Алайда зат есімдердің термин ретінде бірінші орында түруының 
негізгі  себебі осылар гана ма,  элде  өзге  де  себептер  бар  ма? -  деген  сүрақ 
туындайды. В. Даниле нконың етістіктің бүйрық рай формасымен келетін тік 
түр!  көзде!  сияқты эскери терминдермен осы тэрізді спорт терминдерін зат 
есімдермен алмастьфуга еш келмейтінін айтады  [3,  81].
Автордың  бүл  пікірі  алдымен  зат  есімдерімен  қатар  етістіктің  де 
термин бола алатындыгын аңгартса,  сол арқылы зат есімнің семантикалық 
мүмкіндігінен  гөрі  терминделуші  үгымдардың  мол  болатынын,  ягни 
терминдердің  бір  гана  сөз  табымен  шектелмейтіндігінен  хабардар  етеді. 
Мәселен  ойлау,  сезіну,  қабылдау  сияқты  терминдерде  абстракті  үгым 
процеспен тікелей байланысты.
Терминологияда  зат  есімдер  дерексіз  үгымдармен  бірге  деректі 
үгымдарды білдіруі жагынан да бірінші орында түр. Мәселен, техникадагы- 
и ін д іб іл ік,  ебелек,  қаңгалақ;  м еди ц ин адагы   асқазан,  өт,  сілекей; 
өсім діктанудагы   түйін,  түқы мж арнақ,  гүлтабан  сияқты   терм индер 
үгымдардың атаулары.
Жалпы лексика негізінен сөздің тура магынасының метафорлануы, сөз 
магынасының тарылуы, кеңеюі (ягни нақтылануы) жэне калькалану тәсілдері 
арқылы терминденеді.
Жалпы терминологияда,  оның  ішінде  техникалық терминологияда да 
етістіктер белгілі бір үдерістің,  қүбылыстың атауын білдіреді.  Бүл туралы
В.  П.  Даниленко  былай  деген:  «терминами  можно  считать  такие  глаголы, 
которые...  именуют  важное  основное  понятие  науки,  называют  основные 
процессы данной дисциплины»  [3,  82].
Қазақ  тілініц  техникалық  терминологиясында  Айналу  (вращение), 
бедерлеу  (насекание),  бүрку  (опрыскивание),  жонгылау  (фрезерование).

166 
ISSN 1811-1823. Вест ник ПГУ
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭхлле5^
майлау  (смазывание),  сүйықталу  (конденсация)  т.б.  сияқты  көптеген 
етістіктен жасалған терминдер кездеседі.
Терминологияда  сын  есімдер  көбінесе  сөз  тіркесі  қүрамындагы 
терминэлемент ретінде қолданылады. Сын есімдер терминдену кезінде өзінің 
лексика-грамматикалық жэне лексика-семантикалық қасиетін өзгертеді, яғни 
сапалық реңкі төмендеп, қатыстық сын есімдер семантика-морфологиялық 
қасиет  иеленіп,  салыстырмалы  шьфай  жасау  мүмкіндігінен  айырылады. 
Яғни  сын  есімдер  үқсас  терминдердің  ерекшеліктерін  нақтылау  үшін 
қолданылады.  Мәселен,  артқы ілмек  (хвостовик),  бастапқы күй  (исходное 
положение),  гидравликалық  беріліс  (гидравлическая  передача)  сияқты 
терминдерде сын есімдер үдеріс,  зат атауының сынын,  өзіндік ерекшелігін 
айқындап түр.
Әдеби тілдегі сияқты терминологияда да сын есімдердің заттануы орын 
алады.  Басқаша  айтқанда,  бірқатар  терминдер  сын  есімдердің  заттануы 
арқылы  да  жасалады.  Мысалы,  бояғыш,  дербес,  жанама,  аспалы,  түйық, 
аудармалы,  байытқыш  сияқты  терминдер  осы  сын  есімдердің  заттануы 
арқылы жасалған.
Тіліміздегі  үстеу,  есімдік  сияқты  сөздердің  терминденуі  өте  сирек. 
Терминденген  жағдайдың  өзінде  олар  зат  есім  қатарына  көшеді  немесе 
тіркесті терминдер қатарында қолданылады.
Қазақ тілінің техника саласына қатысты терминдерінде де осы зандылық 
сақталады.  Эрине,  аталған  салада  да  сөз  таптарының  терминденуі  түрлі 
дәрежеде  жүзеге  асьфылады.  Ягни,  техникалық  терминологияда  эр  сөз 
табының үлес салмагы эртүрлі болады. Олардың ішінде, элбетте, басымдық 
алатын зат есімнен жасалган терминдер.  Зат есім терминдер түбір күйінде 
де туынды зат есім түрінде де кездесе береді.  Сөзіміз дэлелді болу үшін біз 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  жанындагы  мемлекеттік  терминология 
комиссиясы бекіткен 31 томдық сөздіктің 7- машинажасау саласына арналган 
томына талдау жасадық. Басқаша айтқанда, аталмыш томдагы қазақ тіліндегі 
терминдерді  сөз  таптарының,  соның  ішінде  жасалу  жолдары  шегінде 
қарастырдық.  Осы жүмыста зат есімді терминдердің көптігі дэлелденді.
Кесте  1
Жүрнақ
Сөздіктегі 
сөз саны
Мысалдар
1
2
3
-у жүрнагы. Қимыл 
атаулы  терминдер 
жасайды
93  термин
Айналу (вращение), бедерлеу (насекание), 
б ү р к у   (о п р ы с к и в а н и е ),  ж о н гы л а у  
(фрезерование),  майлау  (смазывание), 
сүйықталу  (конденсация) т.б.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет