Свидетельство


Р.  Аударма сипаты. -  Алматы  :  Жазушы,  1976. -  52 б. 3  Аристов, Н.  Б



жүктеу 5.64 Mb.
Pdf просмотр
бет6/26
Дата24.03.2017
өлшемі5.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Р. 
Аударма сипаты. -  Алматы  :  Жазушы,  1976. -  52 б.
3  Аристов, Н.  Б. Основы перевода. -  М.,  1959.
4 Бреус, Е. 
В. 
Основы теории и практики перевода с русского языка на 
английский. -  М.,  1998.
5  Нүрпсйісои, Ә. Қан мен тер.  -  Алматы  :  Жазушы,  1990.
Материал 22.05.15 баспаға түсті.
Г.  Бейсенова
Лексико-грамматические  трансформации  в  переводе  (на  основе 
трилогии А. Нурпеисова «Кровь и пот»)
Евразийский университет имени Л. Н. Гумилева, г.  Астана.
Материал поступил в редакцию 22.05.15.
G.  Beisenova
Lexical  and  grammatical transformations  in translation  (based  on the 
trilogy by A. Nurpeisov «The blood and sweat»)
L. N.  Gumilyov Eurasian National University, Astana.
Material received on 22.05.15.
В статье лексико-грамматические  трансформации  в переводе 
расмат риваю т ся  на  основе  материала  содерж ания  трилогии 
А. Нурпеисова «Кровь и пот».
In  the  article  the  lexical  and  grammatical  transform ations  in 
translation system  are considered on  the basis o f the content material o f 
A. Nurpeisov trilogy «The blood and sweat».

54
 
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Э хлл Е 5 »л «2 3> л да Э хл л е5 »л «2 3> л д аЭ хл л е5 »л « 23> л д аЭ хлл е5 ^
Ә О Ж 8 Г 3 7 4
С. 
Б.  Бект емирова1,  А.  Арсланбаев
2
ф.ғ.к.. доцент, 22-курс магистранты, жалпы тіл білі жэне шетел филологиясы 
кафедрасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҮУ, Алматы қ.
КОМПЬЮТЕРЛІК ЛЕКСИКОГРАФИЯ: 
ЭЛЕКТРОНДЫ СӨЗДІКТЕРДІҢ ТИПТЕРІ
Мсщалада  лексикография  —  әрт үрлі  кезеңдерде  ж асалган 
сөздіктердің  тарихын  анъщтап,  ондагы  атауларга  тілдік  талдау 
жасайды  әрі сөздік жасау тәжірибелерін  кррытындылап,  олардың 
ж асалу  ж уйесін  негіздейді,  сөздік  ж асау  ісін  бірізге  салуга 
багыттайды. Лексикография мәселесі тек цана сөздіктердің тізбесі 
ретінде гана таныла алмайды.  Сөздікке енген атаулар,  ең алдымен, 
әр кездегіхалъщтың әдет-гурпы мен дүниетанымынан сыр шертетін 
жәдігерліктер ретінде  танылады.  Өйткені  әр  атаудың,  әсіресе 
фразеологиялық  бірліктерде,  мақал-мәтелдерде,  этнографиялық 
атаулардың  ішкі магыналъщ цүрылымында халықтық дүниетаным 
көріністері, үлттьщ дәстүр іздері жаңсы сақталады. Лексикография
— лингвомәдени  түргыдан,  тілдік  таным  түргысынан,  тіл-тілдегі 
тілдік бірліктердің когнитологиялық ңырын сипаттауга да мүмкіндік 
береді.
К ілт т і  сөздер:  компьют ер,  лексикограф ия,  сөздік,  тип,  
электронды сөздік
Сөздіктердің типтері эртүрлі. Лексикография нысанды нақты сипаттаудан 
яғни тілдің күрделілігімен жэне көпаспектілілігімен түсіндіріледі. Тіл туралы 
эртүрлі  ақпаратты алуда  сөздіктерді  күрделілендіреді жэне  кеңейтеді.  Тіл 
туралы барлық ақпаратты бір сөздікте беру мүмкін емес.  Сол себепті де кез 
келген үлттық лексикографиялардан эртүрлі типтегі ондаған, тіпті жүздеген 
сөздік таба аламыз.
Классификаторлардың  айтуы  бойынша  сөздіктерді  типтерге  бөлу 
әртүрлі  негіздерге  байланысты  болады:  создіктің  мацсатына;  колеміие; 
ондагы  создердің  орналасу  тәртібіне;  сипаттау  нысанына  және  т.б. 
Көрсетілгендердің көбі бір-біріне тәуелді, бір типті сөздікте қатар кездеседі, 
ал  кейбіреулері  өзгеше  типті  сөздіктің  негізі  ретінде  алынады.  Аударма, 
түсіндірме, диалектілікжәне аймактык сөздіктер, сондай-ақ, сленгтік, тарихи, 
жаңа  сөздер,  этимологиялық,  қанатты  сөздержәне  т.б.  арналған  сөздіктер 
болады.  Тіл туралы ғылымда сөздіктердің жалпыға ортақ типологиясының 
жоқ  екендігін  айта  кету  керек,  дегенмен,  сөздіктер  типологиясын жасауға

серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ.  2015. №2 
55
Эхлле
5
»л«іЗ>лдаЭхл«і
5
»л«іЗ>лдаЭхл«і
5
»л«іЗ>лдаЭхл«і
5
^
JI. В. Щерба, П. Н. Денисов, Б. Кемада, 
Я .
 Малкил, JI. Згу ста жэне т.б. секілді 
ғалымдар тырысып көрді  [1].
Біріншіден,  лингвистикалык  жэне  лингвистикалык  емес  сөздіктерді 
ажырата  білу  керек.  Алғашқысы  қандай  да  бір  бағыт  бойынша  тілдің 
лексикалық бірліктерін (сөздер жэне фраземалар) жинайды эрі сипаттайды. 
Лингвистикалық  сөздіктердің  ерекше  кіші  типі  идеографиялыц  сөздіктер 
деп  аталады,  ол  үғымнан  (идеядан)  бастап,  сөздегі  жэне  сөз  тіркесіндегі 
сол үғымның  көрінуіне  дейін  зерттейді.  Лингвистикалық  емес  сөздіктерде 
лексикалық бірліктер (жекелей алғанда терминдер, дара жэне күрделі сөздер, 
жалқы есімдер) тілден тыс шындьщтағы заттар мен қүбылыстар туралы қандай 
да бір мәлімет берудің бастауы ретінде қызмет атқарады. Сөздіктердің аралық 
түрлері де кездеседі. Кез келген сөздік жалпы жэне арнайы болуы мүмкін.
Лингвистикалык  сөздіктерге  түсіндірме  жэне  аударма  сөздіктер 
жатады, олар жалпы халықтық қолданыста бар барлық лексиканы қандай да 
бір деңгейде қамтиды.  Арнайы лингвистикалық сөздік кейде кең (мысалы, 
фразеологиялық сөздік, шет тілдер сөздігі), кейде тар (мысалы, жаңа туылған 
нәрестелерге берілетін жалқы есімдер сөздігі) лексиканың саласын қамтиды.
Лингвистикалык  емес  сөздік    жалпы  энциклопедия  (мысалы:  ҮКЭ
-   Үлкен  Кеңестік  Энциклопедия).  Арнайы  лингвистикалык,  емес  сөздік  -  
арнайы (салалық) энциклопедия (медициналық, заңгерлік жэне т.б.) немесе 
білімнің қандай да бір саласы бойынша қысқаша сөздік (негізінен -  тарлау) 
немесе қандай да бір сала қайраткерлерінің (жазушылардың, суретшілердің) 
биографиялық  сөздігі  немесе  қандай  да  бір  елдің  сөздігі  («Who  is  who» 
типіндегі сөздік-анықтамалық) жатады  [2].
Түсіндірме  сөздіктер.  Тіл  көмегімен  қандай  да  бір  тілдегі  сөздердің 
мағыналарын түсіндіруді басты міндеті санайтын сөздікті түсіндірме сөздік 
деп атайды. Түсіндіру концептуалды мағынаны логикалық анықтау арқылы 
(мысалы,  шыныгу    өте  жоғары  температураға  дейін  қызу;  рекордшы  -  
рекорд көрсеткен спортшы), синонимдер келтіру арқылы (беймаза  мазасыз, 
жабысқақ) немесе  өзге  сөзге  грамматикалық қатысын корсету  формасында 
(мысалы, бүркемелеу (зат есім) -  бүркемелеу жэне бүркемелену етістіктерімен 
мағыналас әрекет)  беріледі.  Кейбір түсіндірме  сөздіктерде  сөз мағыналары 
қажет  жағдайларда  суреттердің  көмегімен  жеткізіледі.  Эмоционалды, 
экспрессивті  жэне  стилистикалық  коннатациялар  арнайы  белгілердің 
көмегімен көрсетіледі («қолдамайтын», «жек көр», «эзіл», «ирон», «кітаби», 
«ауызекі» жэне т.б.).  Жекелеген мағыналар қажеттілікке жэне мүмкіндікке 
байланысты (сөздік көлеміне байланысты) мысалдармен көрсетіледі, мысалы, 
аталмыш сөз қатысатын қарапайым сөз тіркестерімен (үтік қызды, дау-дамай 
қызды  -   етістік  «ушығу»  ауыспалы  мағынасында  қолданылған)  немесе 
(әсіресе үлкен көлемді сөздіктерде) беделді жазушылардың цитаталарымен 
толықтырылады.  Негізінен,  түсіндірме  сөздіктер  сөздің  грамматикалық

56 
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
ЭхллЕ
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
» л «
23
>лдаЭхлле
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
^
сипатын білдіреді,  арнайы белгілердің көмегімен сөз таптарын,  зат есімнің 
грамматикалық тегін, етістік түрін жэне т.б. көрсетеді жэне қажет жағдайда 
аталмыш сөздің «негізгі» немесе «создіктік» формасынан өзге грамматикалық 
формаларын келтіреді. Кей жағдайда сөздің айтылуы (мысалы, орыс тіліндегі 
түсіндірме сөздіктерде -  екпін), кейде өзге де қосымша мәліметтері беріледі.
Түсіндірме  сөздіктер  қазіргі әдеби тілдің сөздіктері  болып табылады. 
Олардың кейбіреулері қатаң нормативті сипатта болады, яғни эдеби нормаға 
толық  сай  келетін  фактілерді  таңдайды,  аталмыш  фактілерді  ғана  дүрыс 
деп  түсіндіреді,  ауызекі  сойлеу  бағытына  аз  да  болса  бүрылғандарды 
бөліп  тастайды.  Мысалы  ретінде  француз  тілінің  академиялық  сөздігін 
«Dictionnaire  de  I ’Academie  Francaise»  келтіре  аламыз.  Ал  өзге  түсіндірме 
сөздіктерінің көбі әдеби тілді кең үғынады жэне  сәйкесінше,  ауызекі жэне 
қарапайым  лексиканы  (тар-облыстық,  диалектілік,  тар  кәсіби  жэне  терең 
аргиотикалық элементтерден өзгені) қамтиды. Аталмыш типке орыс тілінің 
келесі академиялық создіктері жатқызылады: КСРО Ғылым академиясының
17  томдық  «Қазіргі  әдеби  орыс  тілінің  создігі»  /  «Словарь  современного 
русского  литературного  языка»  (1950-1961)  жэне  4  томдық «Орыс  тілінің 
сөздігі», практикалық мақсатта коп пайдаланысқа ие болган С. И. Ожеговтің 
бір томдық «Орыс тілінің сөздігі» «Словарь русского языка» (Н. Ю. Шведова 
ред.  толықт.  жэне  түзет.  9-басылымы,  1972  ж.),  ертеректе  жарық  корген 
Д.  Н.  Ушаков ред.  авторлар үжымының «Орыс тілінің түсіндірме  создігі» / 
«Толковый словарь русского языка». Орыс лексикографиясы үшін 17 томдық 
академиялық «Қазіргі эдеби орыс тілінің сөздігі» ерекше маңызга ие. Ол 120 
мыңнан астам сөзді қамтиды.  1970 жылы Ленин премиясымен багаланды [3].
Бірнеше рет басылган И.В.  Дальдің «Тірі үлы орыс тілінің түсіндірме 
сөздігі» / «Толковый словарь живого великорусского языка» (4 том, бірінші 
басылымы  1863-1866  жж.)  озгеше  сипатқа  ие,  ол  19  гасыр  ортасындагы 
облыстық жэне диалектілік лексиканы толық қамтиды, аталмыш лексиканы 
жэне халық сойленістерін толық қамту түргысынан келгенде И. В.  Дальдің 
сөздігіне жеткен создік жоқ.  Ол әдеби тіл мен диалектілердің 200  мыңдай 
сөзін  қамтиды.  1965  жылдан  бастап  Ф.  П.  Филиннің  редакторлыгымен 
«Орыс халқының сөйлеу мэнерлерінің создігі» / «Словарь русских народных 
говоров»  шыга бастады.  Онда  19-20  гасырлардың барлық орыс  халқының 
сойлеу мэнерлерінің фразеологиясы мен диалектілік лексикасы берілді  [4].
Түсіндірме сөздігінің басты міндеті:
• сөздің магътасът және оның сөйлеу кезінде цолданылуын түсіндіру,
• дүрыс пен  бүрыстыц аражігін аиіу
• сөздердің тіл стильдерімен байланысын көрсету
•  оцырмстза  сөздің  септік,  тек,  етіс,  түр және  өзге  грамм am икалыц 
формаларының ерекшеліктері туралы мәлімет  беру;
• сондай-ац,  сөздің жазылуы мен түсіндірілуі көрсетіледі.

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ.  2015. №2 
57
ЭхллЕ
5
» л «
23
>лдаЭхлле
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
» л «
23
>лдаЭхлле
5
^
Түсіндірме сөздіктер, негізінен (үнемі емес), нормативті болады, яғни 
сөзді әдеби-тілдік нормалардың талаптарына сэйкес түсіндіреді (норма тілге 
қатысты қолданылады -  ол әдебиеттің қатысуымен жасалады жэне оны қоғам 
сөзді сөйленісте, жазуда, айтуда жэне екпінмен қолдануды реттейтін міндетті 
ереже ретінде мойындайды).  Сонымен, жоғарыда келтірілген И. В.  Дальдің 
«Тірі үлы орыс тілінің түсіндірме сөздігінен» басқа орыс тілінің түсіндірме 
сөздіктері нормативті болып табылады.
Аударма  сөздіктер.  Түсіндірме  сөздіктерге  көбіне  екі  тілді  (мысалы, 
орыс-ағылшын,  ағылшын-орыс),  кейде  көп  тілді  аударма  сөздіктері  қарсы 
қойылады. Аударма сөздіктерінде мағынаның сол тілдегі түсіндірмесі емес, 
сол мағынаның өзге тілдегі аудармасы беріледі, мысалы: накалиться  become 
heated, назойливый  importunate, troublesome.  Сөздіктің өзге тілдегі мэтінді 
оқу (тындау) кезіндегі қүрал болуға арналғандығына немесе ана тілінен өзге 
тілге  аудару  кезінде  қүрал ретінде  қолданылатындығына  байланысты  оны 
эртүрлі қүрастьфу керек. Сонымен, ағылшындарға арналған орыс-ағылшын 
сөздігінде  «оң  жақтағы»  мәлімет  (яғни  ағылшынша)  орыстарға  арналған 
орыс-ағылшын  сөздігіне  қарағанда  аз  берілуі  мүмкін.  Мысалы,  орыстың 
обращение  сөзін  аудару  кезінде  ағылшындарға  арналған  сөздік  мүмкін 
болатын  барлық  ағылшын  эквиваленттерін  (address,  appeal;  conversion; 
treatment,  circulation жэне т.б.) санамалап шығуы мүмкін,  өйткені ағылшын 
халқының өкілі аталмыш сөздер арасындағы мағыналық айырмашылықтарды 
біледі; ал орыстарға арналған сөздіктерде address жэне appeal бүл ‘обращение 
к  ...’,  appeal  бүл  ’призыв’  мағынасындағы  ‘обращение’;  conversion  бүл 
‘обращение  в  веру’  жэне  т.б.,  treatment бүл  ‘обращение  с...’,  ‘обхождение 
с  кем-либо’,  ал  circu lati on ‘обращение  товаров,  денег  жэне  т.б.’;  осыган 
қоса, аталмыш ағылшын тіліндегі зат есімдердің қандай көмекші сөздермен 
қолданылатындығын, екпіннің орнын көрсетуге тура келеді, яғни обращение 
сөзімен берілген мэтінді орыс тілінен ағылшын тіліне аудару кезінде ағылшын 
эквиваленттерін  дүрыс  қолдануға  көмектесетін  көп  түсіндірмелермен 
қамту  керек.  Ал  ағылшын-орыс  сөздігінде  жағдай  сәйкесінше  өзгереді. 
Орыстарға арналған сөздікте орыс тіліндегі бөлік аз болады, ал ағылшындарға 
арналған  сөздікте  мағыналар  мен  орыс  тіліндегі  баламалар  арасындағы 
айьфмашылықтарды көрсетуге, оларды грамматикалық белгілермен беруге, 
екпінді  көрсетуге  жэне  т.б.  тура  келеді.  Сөздерді  аудару  үнемі  қиындық 
туындатады,  өйткені  сөз  мағынасының  көлемі  эртүрлі  тілдерде  бірдей 
болмайды, эр тілдегі ауыспалы мағына эртүрлі дамиды.  [5].
Аударма создіктер екі тілді (орыс-француз, ағылшын-орыс жэне т.б.) 
жэне көп тілді болуы мүмкін. Соңғысына 1902 жылы жарық көрген ағайынды 
А.  Попов  пен  В.  Поповтың  қүрастырған  «Жеті  тілдегі  сөздік  (француз- 
неміс-ағылшын-итальян-испан-португал-голланд-орыс)» / «Словарь на семи 
языках (францу зско-немецко-английско-итальянско-испанско-португальско-

58 
ISSN  1811-1823.  В ест ник П Г У
ЭхллЕ
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
» л «
23
>лдаЭхлле
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
^
голладско-русский)»  жатады.  Аталмыш  сөздіктердің  теориялық  жэне 
практикалық маңызы зор емес.  Салалық терминологияның бірнеше тілдегі 
аудармасын  беретін  көптілді  арнайы  сөздіктер  айтарлықтай  маңызды, 
мысалы,  1881  жылы  жарық  көрген  «Орыс-ағылшын-француз-итальян-дат 
жэне  норвеж-латыш  тілдерінің  қалта теңіз  сөздігі»  /  «Карманный  русско- 
английско-французско-итальянско-датский и норвежско-латышский морской 
словарь».  Соңғы жылдары ең жиі қолданылатын сөздер мен сөйленістерді 
қамтитын көп тілді қысқа сөздіктер кең тарай бастады. Мысал ретінде  1961 
жылы София қаласында жарық көрген «Славян тілашарын» / «Славянский 
разговорник» келтіре аламыз. Онда орыс, сербхорват, болгар, поляк жэне чех 
тілдеріндегі сэлемдесу («Здравствуйте!» жэне т.б.), ескерту («Берегитесь!» 
жэне  т.б.)  сөздері,  қонаққа  барғандағы,  дүкендегі,  поштадағы  жэне  т.б. 
түрмыстық тақьфыптардағы эңгімелерге арналған сөздер берілген. Көп тілді 
сөздіктердің эртүрлі мақсаттық үстанымдары болуы мүмкін.
Жалпы  сөздіктер  қатарына  тілдегі  барлық  лексиканы  арнайы  бағыт 
бойынша қарастьфатын сөздіктер жатады. Сөздерді қүрамдас элементтерге 
бөліп көрсететін, яғни сөздің морфо логиялық қүрамы туралы анықтама беретін 
сөз цұраушы (деривациялық) сөздіктер де осындай. Мысалы, 3. А. Потеханың 
«Мектеп сөз қүраушы сөздігі» / «Школьный словообразовательный словарь» 
(1964  ж.).  Әрі  қарай  сөздердің  шығу  тегі  жэне  алғашқы  мотивировкасы 
туралы мәліметтерді қамтитын (бір тілдің немесе туыстас тілдер тобының) 
этимологиялыц сөздіктер.  Қысқа  этимологиялық сөздіктер  эр  сөзге  автор 
шынайы  деп  таныған  бір  этимологиядан  келтірумен  шектеледі.  Ірі  жэне 
көрнекті сөздіктерде, негізінен, туыстас тілдердегі сэйкестіктер келтіріледі 
жэне  «контроверзілер»  яғни  қандай  да  бір  сөзге  қатысты  ғалымдар 
арасындағы дау-дамай туралы айтылады, үсынылған болжамдардың қысқаша 
салыстырулары  жэне  олардың  сыни  бағалары  беріледі.  Этимологиялық 
сөздіктерге  этимологиялары  түсініксіз  (бүл  жағдайларда  «түсініксіз»  деп 
көрсетіледі) сөздер де енеді. Мотивировкалары анық туынды жэне күрделі 
сөздер  этимологиялық сөздікке  мүлде  енгізілмейді,  элде  негізгі  сөздің сөз 
қүраушы белсенділігін корсету мақсатында немесе туынды сөзде негізгі сөз 
жоғалтқан ескі мағьшалармен байланыс көрсетілген жағдайда санамаланады. 
Этимологиялық сөздіктердің мысалы ретінде А. Преображенскийдің «Орыс 
тілінің  этимологиялық  сөздігін»  /  «Этимологический  словарь  русского 
языка»,  1966 жылдан бері орысша аудармамен шыга бастаган М. Фасмердің 
«Russisches  etymologisches  Worterbuch»  келтіруге  болады.  Практикалық 
мақсатта 1961 жылы жарық көрген Н. М. Шанскийдің, В . В . Ивановтың жэне 
Т. В. Шанскаяның «Орыс тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» / «Краткий 
этимологический словарь русского языка)» пайдалы болуы мүмкін.
Этимологиялық  сөздіктердің  өз  ішінен  екі  түрге  бөлінетін  тарихи 
сөздіктерді  ажырата білу  керек.  Олардың кейбіреуі тілдің алгашқы жазба

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ.  2015. №2 
59
ЭхллЕ
5
» л «
23
>лдаЭхлле
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
» л «
23
>лдаЭхлле
5
^
тарихынан бастап бүгінге дейін (тарихи дэуірдің бір бөлігін қазірге дейінгі) 
эр сөздің жэне оның жекелеген бөліктерінің дамуын зерттеуді мақсат түтады. 
Аталмыш типке мысалы ретінде ағылшын тіліндегі«Ү лкен Оксфорд создігі», 
Гримм ағайындылары бастаған неміс сөздіктері жэне Г. Пауль создігі, Швед 
академиясының үлкен сөздігі жэне өзгелері келтіріледі. Тарихи сөздіктердің 
екіншітүріне  1893-1903 жж. басылган,  1912 жылы толықтырылған филолог 
жэне этнограф И.  Срезневскийдің «Коне орыс тілінің сөздігі» «Материалы 
для словаря древнерусского языка»  (3 томдық) секілді тіл тарихының коне 
кезеңінің  создіктерін  жэне  өткен  дэуірде  омэр  сүрген  бір  жазушысының 
создігін, тіпті жекелеген ескерткіштерді жатқызуга болады  [6].
Тарихи  создіктердің  алгашқы  нүсқалары  -   эліпби,  лексикон  жэне 
мэтін жанындагы создіктер:  создік мэтіннің қасына қойылады да мэтіннің 
сөздерінің  түсіндірмелері  беріледі.  Тарихи  создіктің  табигатын  кезінде 
JI.  В.  Щерба  төмендегідей  сипаттады:  «Толық  магынасында  тарихи  деп 
белгілі кезендегі барлық создердің тарихын, жаңа создер мен магыналардың 
пайда болуын, сондай-ақ олуін, түр өзгертуін беретін создік аталуы керек». 
Тарихи сөздіктің тагы бір түрі -  жазушы сөздігі.
Жазушының  немесе  жеке  ескерткіштің  сөздігі  толық  болуы  керек. 
Демек:
а) аталмыш жазушының шыгармаларында (сондай-ақ сакталған жазбада) 
қолданылган барлық сөздер қамтылуы керек;
б) осы сөздердің кездескен барлық формалары көрсетілуі қажет. 
Жогарда  аталган  создіктердің  типтік  қатарын  диалектологиялыц,
жиілік,  орфографиялык,  орфоэпиялык,  фразеологиялык жэне т.б. сөздіктер
Т О Л Ы Қ Т Ь ф Д Ы .
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1  Абрамова,  Е.  И.  Лексикология  и  лексикография:  лингвистические 
материалы:  пособие  для  студ.  Филологического  фак.  /  Е.  И.  Абрамова, 
О.  А.  Фелкина.  -  Брест  :  Изд-го Брестского  гос.  ун-та им.  А.  С.  Пушкина, 
2 0 0 3 .-7 9  с.
2 http://courier.com.rU/nauka/dictionl.htm#up «Что внутри электронного 
словаря?».
3  М адиева,  Г.  Б .,  Б ектем и рова,  С.  Б .,  К үзем бек ова,  Ж.  Ж.
Лингвистикалық зерттеулердегі компьютерлік технология. -  Алматы: Қазақ 
университеті,  2014.
4  h ttp ://w w w .lin g v o d a.ru /tran sfo ru m /artic le s/p d f/se le g ey _ al.p d f  / 
«Электронные словари и компьютерная лексикография», Владимир Селегей, 
компания АВВҮ.
5  Савина, А., Типикина, Т. Наука и жизнь. -   1999. -  № 9.

60
 
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Э хлл Е 5 »л «2 3> л да Э хл л е5 »л «2 3> л д аЭ хл л е5 »л « 23> л д аЭ хлл е5 ^

С ергеев,  В.  Н.  Словари  -   наши  друзья  и  помощники.  -   М.  : 
Просвещение,  1984.
Материал  16.03.15 баспаға түсті.
С.  Б.  Бектемирова, А. Арсланбаев
Компьютерная лексикография:  типы электронных словарей
Казахский национальный университет 
имени аль-Фараби, г.  Алмата.
Материал поступил в редакцию  16.03.15.
S.  В.  Bektemirova, A. Arslanbavev
Computer lexicography:  the types of electronic dictionaries
al-Farabi Kazakh National University, Almaty.
Material received on  16.03.15.
В  данной  статье рассматривается лексикография,  как  наука, 
которая определяет историю словарей, созданных в разные периоды, 
делает  лингвистический  анализ  на  наименовании  в  них,  изучает 
систему создания словарей и систематизирует формирования слов. 
Проблема лексикографии не представляет только перечень словарей. 
Новые внесенные в словарь слова, прежде всего, наследия о традициях и 
мировоззрении народа разного периода. Потому что, в каждом слове, 
особенно в фразеологических единицах, пословицах, в содержательной 
структуре  этнографических наименовании  сохраняются народные 
мировоззрения,  следы национальной традиции. Лексикография дает 
возможность описать когнитивную сторону языковых единиц разных 
языков с с точки зрения лингвокультурологии, языкового познания.
In the article lexicography is considered as a science which  defines 
the  history o f  the  dictionaries  created during different periods,  makes  a 
linguistic analysis on the words in them, studies the system o f  dictionaries 
creation  and  systematizes  the form ations  o f  words.  The  problem  o f  
lexicography isn’t just the list o f dictionaries.  The new words that entered 
the  dictionary are, first  o f  all,  heritage  o f  traditions  and outlook o f  the 
people  living  in  different periods.  Because,  in  each  word,  especially  in 
phraseological  units,  proverbs,  in  substantial structure  o f  ethnographic 
words the national outlook, and traces o f  national tradition are given.  The 
lexicography gives the chance to describe the cognitive point o f  language 
units ofdifferent languages from the point o f  view oflinguocultural studies, 
language knowledge.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет