Свидетельство


  ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ


бет18/31
Дата15.03.2017
өлшемі
#9674
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31

152
 
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ

образдық-фондық негізіне алу, сол арқылы адамның бүл әрекетінің себебін 
түсіндіру моңғол мақал-мәтелдерінде де жиі кездеседі. Мэселен, Гэмт хүн 
гэлбэлзэнэ  дайрт  морь  дайвалзана  («Жазықты  адам  жалпандағыш  келер, 
жауьф ат қайқаңдағыш келер») деген мақал кінэлі, айыпты адамды қимыл- 
қылығынан тануға болатынын білдіреді.
Адамның  мінезін  білдіретін  үгымдардың  басым  көпшілігі  дерексіз 
лексикамен  сипатталатыны  белгілі.  Қазақ  мақал-мәтелдерінде  көбінесе 
адамның  нақты  көзге  көрінетін  қимы л-қозғалы сы н,  жүріс-түрысын 
суреттейтін,  белгілі  бір  ситуацияда  адамның  өзін-өзі  үстауына  қатысты 
туындайтын  образ  арқылы  дерексіз  үғымға  анықтама  беріледі,  яғни 
«адамгершілік», «адами қасиет» категориясына енетін дерексіз түсініктерді 
анықтаушы  белгі  қызметін  атқарады.  Соның  негізінде  дерексіз  бинарлық 
жүптар  деректілік  мэнге  ие  болады  да,  адамға  мінездеме  берудің  тілдік 
моделі қалыптасады.
Қазақ «Сабьф түбі -  сары алтын» дейді.  Сабырлылық даналық белгісі. 
Сабьфсыздықты қазақ арсыздық деп білген.  Сабыр иманның тең жартысы. 
Сабырлылық  таныту  үшін  ақыл  керек,  ес  керек,  мінез  керек.  Сосын  да 
болар  қазақтың  сабыр  түбі  сары  алтын  деуі.  Түрік  мақал-мәтелдерінде 
сабьф сақтаған адам кез келген жамандықтан қүтылатындығын, асығыстық 
жамандыққа апаратындығын «Сабырлылық -  қүгылыс, асығыстық -  түгылыс» 
деп  түйіндейді.  Яғни,  мүнда  сабырлылық-сабырсыздық,  сабырлылық- 
асығыстық, арлы-арсыз жағымды-жағымсыз бинарлық жүптар арқылы баға 
беріледі  [8,  86].  Адамның  мінезіне  қатысты  айтылатын  мақал-мәтелдерде 
суретті,  бейнелі  анықтамалардың  «Қоғам:  Адам:  Табигат»  триадасының 
маңызды  компоненті  «Адам:  Адам»  арасындағы  өзара  қарым-қатынастың 
іс-әрекеттің  нәтижесіне  тигізер  эсерін,  себеп-салдарын  сипаттаудағы рөлі 
ерекше.  Мэселен,  қазақ тілінде «Жақыны коп адам жасқанбайды»,  моңғол 
тілінде Сайн х}иий садан олон зандан модны салаа олон  («Жақсы адамның 
ағайын туысы көп, жүпар ағаштың саласы көп») паремиялары жасалады.
М ақал-мәтелдер  арқылы  адамға  мінездеме  берудің  тілдік  моделі 
қалыптасады.  Ал дүниенің паремиологиялық дүниесіндегі көрініс табатын 
екіжақты  яғни  жағымды,  жағымсыз  іс-әрекетті  категорияға  бөлу  арқылы 
бағамдау  қазіргі  жаһандану  кезеңінде  үлттық  мінез-қүлықты  сақтап  қалу 
үшін аса қажеттілік тудырып отыр.
ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ
1  Әмитова, А.  Бэйіш ев,  С.  Когнитивтік тіл білімі үғымдары туралы. 
-2 0 1 0 .- 4 .
2  Скребцова,  Т.  Г.  Когнитивная лингвистика:  Курс  лекций.  -  СПбГУ,
2011.  -256.
серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ.  2014.  №2
 
153

3 Душков, Б. А., Королев, А. В., Смирнов, Б. А.  Энциклопедический 
словарь:  Психология  труда,  управления,  инж енерная  психология  и 
эргономика, 2005.  - 47 б.
Smith, Е. Е., Medin, D. L.  Categories and Concepts.  Cambridge,  198.
5 Қарсыбекова, 
Ш . 
П. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді топтастырудың 
этнолингвистикалық принциптері.  - Алматы, 2004.
6  Төлеуғали,  К.  ¥ л т   менталитеті.  Монография.  -  Астана:  «Елорда», 
2001-248 б.
7  Сағидолда,  Г.  С.  Түркі-моңгол  бейнесінің  тілдік  фрагменттері.  -  
Астана:  «Сарыарқа» баспасы.  2011.  -304  б.
8  Тайжанов, А. М.О.  Әуезов шыгармаларының үлттық психологияны 
талдаудагы ролі.  - «Ақиқат», № 4,-  1994. -  86 бет.
«Түран-Астана» университеті, Астана қ.
Материал 21.04.14 редакцияга түсті.
Ж.  Б.  Нурмаханова
Категоризация оценки в пословицах и поговорках Востока
Университет «Туран-Астана», г.  Астана.
Материал поступил в редакцию 21.04.14.
ZH.  В.  Nurmakhanova
Categorizing of estimation in proverbs and sayings of East
“Turan-Astana” University, Astana.
Material received on 21.04.14.
154
 
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
В  статье рассматриваются  вопросы  категоризация  оценки  в 
пословицах и поговорках Востока,  приводятся примеры.
In  the  article  questions  are  examined o f categorizing estimation  in 
proverbs and sayings o f  East,  examples are made.

ӘОЖ 808
Ж. 
Т.  Сарбалаев 
ӘДЕБИ ТІЛ ШЫРАЙЫ
Мсщалада  цазіргі цазац әдеби  тіліндегі жаңадан  пайда  болган 
сөздердің сипаты, уйлесімділігі ңарастырылады.
Туған  тілің  туралы  жазғанда  толғанып,  тебіренбеуің  мүмкін  емес. 
Бүл «тіл -  адам қатынасының аса маңызды қүралы»,  «тіл -  ойдың тікелей 
шындығы»  ғана  емес,  тіл  -   эрбір  жер  басып  жүрген  адамның  адамдық 
қасиеті, ар-абыройы да болғандықтан. Тіл -  белгілі бір халықтың мерейі мен 
мәдениеті де; себебі, тілсіз оның мерейі мен мәдениеті де жоқ. Тіл -  белгілі бір 
үлттың жан-дүниесінің керемет нэзік айнасы да:  халықтық мінез-қүлықтар 
мен реңктер, психикалық аңсарлар мен өңдер көрінісі.
Бүдан  аңғарылатыны:  тіл  -   үнемі  өрбіп,  тоқтаусыз  дамып  отьфатын 
тарихи категория. Оның дамуы әлеуметтік қоғам дамуына тікелей қатысты. 
Адам қоғамда өмір сүре отырып,  қоршаған табиғатты одан эрі терең игере 
түседі,  соған  қарай  қоғам дамуы үнемі  жаңа  сатыларға  көтеріледі;  ал бүл 
жаңа үғымдар  -   соны  сөздер  легін тудырады.  Оларға  тілтану  ғылымында 
неологизмдер деп ат берілген. Олар үлттық төл сөзден жаралуы да, сондай-ақ 
көптеген жүртқа ортақ интернационалдық сөз болуы да мүмкін.  Сонымен, 
ғылым, мәдениет, ой-өріс, экономика дамуы -  тіл дамуының басты бір шарты. 
Осы  дамудағы  тағы  бір  ерекшелігі  сол  -   қолданылып  жүрген  сөздердің 
ескіруі.  Ал бүл қоғамның белгілі бір кезеңінің тарих еншісіне өтіп,  белгілі 
бір еңбек қүралдарының, басқа да заттар мен нәрселердің жойылуына немесе 
көнеруіне,  соған  сэйкес  үғымдар  мен  түсініктердің  ескіруіне  байланысты 
туады.  Ол  сөздер  -  архаизмдер.  Жалпы  тіл  дамуындағы  осы  заңдылық 
объективті, тіпті адам еркіне тәуелсіз.
Алайда адам қоғамының өзгеніелігі сол: адам-саналы, белсенді тірлік иесі 
болғандықтан,  элгі  зандылықты танып,  түсінуі,  соған  өз  ықпалын жүргізуі 
тиіс. Зандылық-адамның тани біліп, қолдауына немесе қарсы шығуына қарай 
не қүдіретті бола түседі не әлсірейді. Сондықтан да біз өз ана тіліміздің дітті 
мүдделерін дер кезінде танып-біліп, терең үғынып, сол негізде белсенді әрекет 
етуге міндеттіміз.  Әрине, біз осы салада белгілі бір әрекет жасап та келеміз.
Жерде  жатқан  керексіз  сөз  жоқ.  Демек,  біріншіден,  сол  эрбір  сөздің 
жанын  тауып,  тірілту  -  жазушы  мен  журналистің  шеберлігі,  қүдіреттілігі 
болса,  екіншіден,  оларға  сол тілдегі  сөздер  қатарынан  байыту  да  қасиетті 
парыз.  Ендеше  бүл  екі  мәселені:  сөз  қүдіретін  тану  мен  сөз  санын 
молықтьфуды бөлек-бөлек қарастьфа алмаймыз.
серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ.  2014.  №2
 
155

Әдеби тілімізді қазіргі уақыттағы дамыту-бір жағынан, бүгінгі ғылым, 
техника,  ақыл-ой,  түрмыс,  мэдениет дэрежесінің  қарышты  каркындауына 
байланысты туындап жатқан жаңа ой, жаңа түйсік, соны үғымдарға сәйкес 
жаңа сөздер табу,  осыны саналы да жүйелі, дүрыс жүзеге асыру деген сөз. 
Әрине,  бүл іс қүр ниет,  игі тілекпен,  қысыр кеңестермен бітпейді.  Сондай- 
ақ ол стихияға, эркімнің бей-берекет мол үлес қосып, мағынасыз дыбыстық 
бірлесімдерді үсына беруіне де көнбейді. Яғни жаңа сөздер тууының өзіндік 
қатаң ерекшеліктері бар. Туынды жаңа сөз де мағыналы, қолдануға жарамды, 
үғынықты,  сол  өзі  балама  болып  отырған  ой-үғымға  ең  сәйкес  сөз  болуы 
шарт.  Ал жаңа сөздер көбіне-көп екі негізден:  лексика-семантикалық жэне 
грамматикалық  негізден  туады.  Мүның  біріншісі  -  мағыналық  негіз  де, 
екіншісі  -   сөздердің  өзара  байланыс  -   арақатысқа  түсу  негізі.  Әдетте  тіл 
тарихына  көз  жүгіртіп,  сөз  этимологиясын  парықтасаңыз,  мағына-басты, 
шеніуші  фактор.  Сөздердің  өзі  де  салыстырмалы,  алуан  ренде.  Мағынада 
нақтылы ая бар; тағы да олар өзара белгілі бір дәрежеде бірлік-байланыста. 
Полисемия,  фразеология  -   осылардың  тікелей  көріністері.  Өмірдегі 
қүбылыстар,  нэрселер  арасындағы  үқсастық  жаңа  дыбыстық  тіркесімнің 
немесе нақтылы мағынасы бар сөздің жаңа мағынаға ие болуының аралық 
эрі  басты  баспалдағы  есепті.  Мысалға,  адамның  басы  -   ондағы  сыртқы 
белгілер:  адамның ең жоғарғы жағы,  сана орталығы болуы, жүмыр болуы, 
т.с.с.  міне,  осы  негізден туындап,  таудың  ең  жоғары жағы -  таудың  басы, 
бүлақтың  ең  бастауы  -   бүлақтың  басы,  шоқпардың  ең  үшы-шоқпардың 
басы аталады.  Ал аударма кезіндегі жасалған баламалар өзге тіл сөздерінің 
мағынасын  өз  үғымымызда  бейнелеу  деген  сөз.  Мысалы:  оқулық,  оқу 
қүралдары, жазушы,  көрермен.  Сондай-ақ,  өзге тілден тікелей сөз ауысуы, 
оның қайта артикуляцияланып, төл сөздерімізге айналуы мүмкін. Мысалы, 
самовар-самауыр,  кровать-кереует,  ящик-жэшік,  якорь-зэкір, т.б.  бірақ осы 
тәсілдерде  де  белгілі  бір  шек  бар.  Өйткені  үқсастық  сөз  мағынасы  аясы- 
резина сияқты;  өте қатты, шектен аса созса, үзіліи кетеді.  Сонымен мағына 
үқсастығы, оның аясыньщ кеңу қүбылысы-соны сөздер жасалуындағы ең бір 
өнімді, іргетас фактордың бірі. Осы талаптарға сай келмегендіктен, лексика- 
семантикалық  негізден  қол үзгендіктен де  кейбір  «жаңа»  сөздер  жаңа  сөз 
ретінде қабылданылмайды.
Кейде  жаңа  сөз  бүрын  қолданылып  жүрмегендіктен,  жатьфқалыи, 
тосаңсылуы  мүмкін.  Бірақ  негізі  дүрыс,  жөндем  болса,  оған  лайықты, 
жөн,  жаңашыл  көзқарас  қажет.  Өйткені  ол  сөз  біраз  қолданылған  соң 
әбден  үйреншікті  сөз  болып  кетуі  сөзсіз.  Қазақта  Қазан  төңкерісіне  дейін 
химия,  тілтану,  биология,  т.б.  ғылымдар  болған жоқ.  Солай болса да қазір 
осы  ғылымдар  ана тілімізде  жинақы,  жетік бяандалады.  Үлттық төл жаңа 
терминдер  туды.  Мысалы,  бастауыш,  баяндауыш,  үндестік  заңы,  сөйлем, 
қүрмалас сөйлем, жалқы есім,  атау септік, көсемше, сутек, оттек, қышқыл.
156
 
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ

мүмкіндік, қажеттілік, қондьфма т.б. Алғаш бүл соны сөздер де тосьфқалды. 
Ал қазіргі үрпақ мүның жасанды екенін айтылса ғана біледі.
Баршамыз  мойындар  шындық:  бүгінгі  күні  ана  тіліміз  қатты  даму 
үстінде. Бүл игі процеске әдебиетшілер, ақын-жазушылар, тілші галымдар, 
аудармашылар  өз  үлестерін  қосуда.  Әдеби  жаңа  сөз  кейде  бірден  туа 
салмайды, эдеби қолданыстарға түсіп, сатылап, ой үғым баластьфымдарды 
баспалдақ қып туады. Сол себепті саңлақ суреткерлеріміз осьшау бүлақкөзден 
жаңа сөздерді көптеп тудьфуда. Өйткені, олар жаңа теңеулер қолдану арқылы 
алдымен соны бір сезім, үғым тереңіне бойлайды. Ойдың биік өрісі-шырқап 
үзіліп алға самғауы да өзіне тэн тың сөздер талап етеді.
Жас жүрек жайып саусағын (Абай).
Байқоңьф дала, бай дала (Ж.Молдағалиев).
Рас, бүл арада жаңа сөздер туып түрған жоқ. Бірақ, жаңа грамматикалық 
пінгіндер: мағына, сүлулық кестесітуыптүр. Біз бүларды неге мысалға келтіріп 
отьфмыз?  Себебі,  жаңа  сөздер тууының нэзік те  көзге  көрінбес  осы сияқты 
алуан-алуан реакциясына  қарсы  шығушылар  да  бар.  «Волгамен»  қүйғытып 
шауып келеді» дегендей, сөз қолданыстардьщ өзі оларға түрпідей тиеді. Олар 
«волга» шабатын ат емес дейді.  Демек, олардьщ пайымдауынша, үғымдарды 
бір-біріне  теңеуге,  ойды  әсерлеуде,  эсірелеуге  болмайды.  Ал  Абай  мүндай 
«ерсі»  қүбылыстьщ талайьш жасаған,  бірақ  әлгілер  оған үндемейді.  Абайға 
қарсы шықпайтыны - ол үлы.  Абай үлы болғандықган,  көзі жетіп,  көңілімен 
сезбесе  де,  дүрыстығы  кэміл  ғой  деп  білместікпен  сенеді.  Осындай  пайыз 
түсініктегілер,  эрине,  Оспанхан  Әубэкіровтің  «Қытығы  қалың»,  «Қапырық 
қара табан»,  «Момын көз» деген тіркестеріне айғайлап қарсы шығады.  Тіпті 
оларша Жүбан айтқандай, дала -  қүс емес; демек, ол қанатты -  Байқоңыр далаға 
айнала алмайды. Сондықтан да, олар осы сүлу образцы да қате дер. Ал талантты 
жас жазушылар жаңа создер тудырса, соны сөз қолданыстарға барса,  қазақта 
мүндай сөз жоқ, мүны қалай түсіну керек, тілі кедір-бүдьф деп «қаралайды». 
Жоғарыда да айтып кеттік, эрине, бүл әдіс-мағыналық ізденістерде де шек бар. 
Асылында жаңа сөз тудьфып, тілдің әдеби өңін шалқытар тілді дамытар арна 
аяларға кең жол ашу керек. Яғни атақты авар ақыны Расул F амзатов айтқандай, 
тіл-аттылы,  грамматика-жаяу жолаушы еді, жаяу  аттылыға мінгестір деді,  ол 
мінгестіріп еді, жаяу жайғасып алған соң ат иесін аударып тастап, «Сен қайдан 
шыктың.  ат  та,  ертоқым  да  менікі»  дейтін  жағдайға  жол  бермеуіміз  керек. 
F амзатов өз мысалында тілді, оның дамуын қатаң грамматикаға бағындыратын 
теріс  түсінікті  қатты  сынап  отыр.  Арамыздағы  баз  бір  тілші  ғалымдардың 
осылай  багамдауы  теріс-ақ.  Шынында  тіл  грамматикага  багынбауы  керек, 
грамматика  тілге  багынуы  шарт.  ¥ л ы   Мүхтар  Әуезов  грамматиканы  тілге 
багындыргандықтан да талай үлы тіркестер, соны сөздер тудырды. ¥ л ы  Абай 
тілден граммматиканы туындатты, содан да ол қүбыл, бату, малма секілді жаңа 
сөздерді, «асау жүрек», «адасқан күнгік секілді, үлып жүртқа қайтқан ойларды»
серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ.  2014.  №2
 
157

тудырды. Грамматика -  киім, тіл-адам. Ал киімді адамға шақтап пішпей, адамды 
киімге бағынышты ету сүмдық қой.
Әдеби  тілді  дамытуда,  сөз  жоқ,  батылдық  та  қажет.  Біз-өз  басымыз 
мүмкіндігінше  тіліміздегі  өзге  тілдің  бірде-бір  сөзі  қалмастан  аударылуы 
қажет  деп  ойлаймыз.  Тіпті  ғылыми-техникалық  ең  қиын  деген  терминдер 
де  тәржімеленгені  жарасымды.  Қазақ тілінде  магынасы,  үгымы  бар  болса, 
оларды басқа елдер де қабылдаган, олар интернационалдық терминдер деген 
сылтау  өзін ақтай алмаса керек.  Қажет болса,  тыңнан жаңа сөздер жасаған 
да жөн.  Бүл ретте  мағыналық эдісті айтпаганда,  грамматикалық тәсілдерді 
де  жемісті  қолдануға  болады.  Осы  орайдан  келгенде,  бүгінгі  қойыртпақ 
жан-жақты көп таза да, таза емес те, бөтен де, өтен де бүлақтар келіп қүйган 
тілімізде аударылуға тиіс сөздер өте коп деп ойлаймыз.  Сол сөздердің бэрін 
тізіп,  бағамдауымыз  мүмкін  емес  нәрсе.  Дегенмен,  бірқатарына  тоқталып 
көрейік. Мәселен, философия, биология, геология, география сияқты гылым 
аттарын  да,  трактор,  автомобиль,  комбайнер,  боксер,  шофер,  журналист, 
шахматист, фонетика секілді техникалық термин, мың сан қүралдар мен алуан 
мамандық аттарын да футбол, оазис, невролог, приемная, пляж  овощ, букет, 
фигура,  космос,  поликлиника,  фонтан сөздері де толық әрі жатық аударуга 
болады.  Аударганда жасалган жаңа сөзге  магынаны жүктегенде  олқы,  ерсі 
келмей түргандай болуы-уақытша эрі алдамшы қүбылыс. Философия-грекше 
данальщты сүю.  футбол-агылшынша аякдоп,  волейбол -  қолдоп деген сөз. 
Біз  осыларды  осылайша  қазақша  алсақ,  түрпайылау,  өз  магынасын  толық 
бермейтін секілді. Бірақ агылшын, гректер сол сөздерді қоңылтақсьшбай-ақ 
өздерінше  даналықты  сүю,  жерөлшеу,  жержазу  деп жазып,  қолданып жүр. 
Кэдімгі біздің әдебиет, тарих, табигаттану дегеніміз сияқты. Біз гелий, хлор, 
бром деп жүрсек, оларды грек, латын тілінде сөйлейтіндер күн заты, жасыл, 
сасық  деп  қолданады.  Біз  қалың  қол  келді,  ақсақал  сөйлеп  отыр  дейміз. 
Осындагы қол,  ақсақал деген сөздер де  өз магынасының біраз бөлегін гана 
сақтап  түр.  Қол-кэдімгі  қол  емес,  қальщ  әскер.  Тек  қолдар  арқылы  қару- 
жарақты адамдар тобы бейнелеп түр. Аксакал тек кэдімгі түк-ақ сақал гана ма, 
жалпы сақал-түк, ол сөйлей ала ма, жоқ, бүл жерде бір дене «мүшесі» адамды 
-қарт кісіні бейнелеп түр. Ендеше, кейде басты бір белгісі арқылы да, әрине, 
өз негізін -жарасымын сақтай отырып, жаңа затқа есім -атау беруге болады.
Сонымен,  философияны-даналықтану,  геологияны-жерқыртыстану, 
географияны-жербедертану деп алсақ артьщ емес. Бүл жерде футбол, волейбол, 
телефон, телеграф секілді сөздерді де аудару керек деп ойлаймыз. Эрине, біз 
айтқандай,  олар  қазақша  айтқанда  аякдоп,  даналықтану,  т.б.  бола  ма?  Оны 
коп болып кеңескен жен; сэйкес те орайлы басқа баламалар табылып жатса, 
соларды алган жон. Ал телефонды үнтасымал, үнтасыгьпп деп алсақ қалай?
Орыс тіліндегі детсад сөзі балабақша болып дүрыс алынып жүргенмен, 
детясли,  роддом сөздерінің баламалары ана тілімізде  элі екі үшты.  Біресе,
158
 
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ

перзентхана-роддом,  ал  дом  малютки-сэбихана;  немесе  роддом-анахана, 
детясли-перзентхана  (Ж арығапов  аудармасы)  болып  жүр.  Біздіңш е, 
родильный  дом  сөзін  анахана,  перзентхана  демей,  сэбихана  да,  демей, 
нэрестехана  деу  керек.  Себебі,  шыр  етіп  дүниеге  келген  сэтте  адам  эуелі 
нэресте  есіміне  ие.  Содан  соң  барып  сэби,  бобек,  перзент  болады.  Рас, 
сэбихана деп айту да дүрыс емес, алайда адам бір жасқа толса да, сэби атана 
береді.  Ал  мына  жерде  эңгіме  перзенттің дүниеге  келер  жэне  енді  келген 
сэті туралы гой.  Сол секілді перзент те-кең үгым. Адам алпыста да перзент 
атана береді. Бобек болса-біршама есейген сэби, ал дом малютки-сэбихана, 
детясли-бөбекхана  аталса  тиімді.  Приемная  сөзін  қабылхана  деп  алу  да 
ретсіз.  Себебі,  «хана»  жүрнагы  жеке  түрганда  грамматикалық  магынага 
гана  ие  болса да,  аясы  кең,  көбіне  нөпір  адам,  нөпір  заттар  жиынына тэн 
соз. Екіншіден, қабыл сөзі жеке алганда магынасыз дерлік. Бүл сөз қабылдау 
бөлмесі деп айтылып та жүр. Осы күйде қалдыруга да болады. Егер оны орыс 
тіліндегідей бір соз, жинақы үгым еткіміз келсе, қабылдама десек орынды.
Беседка сөзіне  кезінде жазушы К.Ахметбеков үсынган саябан тамаша 
табылган балама деп ойлаймыз.  Осы орайда -бан тектес жүрнақтарды да, 
үйқысынан оятып жиі қолдану керектей. Осы секілді -доз (шабандоз), -кер, 
-гер (бапкер, еңбеккер) жүрнақтарында кең қолдануга болар еді. Сондай-ақ, 
жайлау - ежелгі сөз, оның әсері де, магынасы да кең. Ал дача магынасы одан 
әлдеқайда тар,  ендеше,  оны жайлаудагы жай емес, самалбан, саяжай десек 
те жететіндей. Овощ сөзіне дайын кок деген балама бар, қазақ жалпы жасыл 
дүниені жасыл демейді, ягни орыс халқынан өзгеше (зеленый базар, зеленый 
чай) кок базар, кок шай дейді. Сондықтан да базарга кок түсіп пе дейміз. Сол 
себептен де,  овощ кейінгі  кездері көкөніс  деп дүрыс  алынып жүр.  Алайда 
дүрысы-халық ежелден қолданып келе жатқан көкегіс  немесе көгеріс сөзі. 
Өйткені, бүган қарама-қарсы ақегіс тагы бар гой. Ал оранжереяны гүлхана, 
оазисті гүлзар десек жөн.  Гүлзар -  ежелгі соз.  Орта Азия мен Қазақстанда 
айнала сусыз шел дала ортасында жайнаган жасыл жер-оазистер кездесетін. 
Халық оларды багзыдан гүлзар дейтін.
Біз -лық,-лік,-дық,-ді,-шы,-ші,  -гер,  -кер, т.с.с.  көптеген жүрнақтардың 
өнімді жүрнақтар екенін, жаңа сөздер тудырып, әдеби тіл діттерін шешуде 
елеулі қызмет атқарып келгенін білеміз. Олай болса, бүгінгі күні осыларды да 
ерікті саналы түрде кең қолдану керек-ақ. Орыннан-орындық, кеңнен- кендік, 
шахматтан-(ол бір реттен шахматистің аудармасы да) шахматшы, еңбектен- 
еңбеккор.  баптан-бапкер туган.  Бірақ бізде осы жүрнақтарды қолдануда да 
бірізділік  жоқ.  Мүмкіндігінше,  қандай  да  бір  жаңа  аударма  сөздеріміздің 
де түбірі - өзгеше, тіркемесі - өзімізше болмауын қарастырганымыз мақүл. 
Демек,  футболист-футболшы,  колхозник-колхозшы болып жүрсе де,  кейде 
комбайншының-комбайнер, боксшының-боксер, жаттықтырушының-тренер 
болып жазылып жүруі жарамсыз-ақ.
серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ.  2014.  №2
 
159

Эдеби тілімізді жаңа сөздермен байытуда соңғы кездері түрлі басылымда 
жарық  көріп  жатқан  орысша-қазақша  сөздіктердің  де  өзіндік  үлестері  аз 
емес.  Соның  бірі  -   «Разговорник»  русско-казахский  словарь,  «Тілашар» 
орысша-қазақша сөздігі» деп аталатын еңбек. Бүл еңбекте де ортаға салып, 
ойланарлық мәселелер аз емес.
Авторлар алқасының сөз болып отырған еңбекте шампуньды-су сабын, 
тротуарды-жаяу  жол,  погребті-жер  қойма,  разговорникті-тілашар  деп 
тэржімалауларын шығармашылық ізденістердің ізденісі деп қарау  орынды 
болмақ.  Сондай-ақ,  олардың соңғы жылдары баспасөз ретінде жиі көрініп, 
әдеби тілде орныға бастаған иіс су, этір, кенере, дэмхана, кэуап, т.б. көптеген 
неологизм  сөздерді  диалогтерде,  сөз  тіркестерінің  арасына  кірістіріп, 
оқьфман қауымға үсынгандары қүптарлық.
Орыс тіліндегі «всего хорошего» деген тіркес ана тілімізде «көріскенше 
күн  жақсы»  деп  тәржімаланса,  «я  очень  плохо  чувствую»  деген  сөйлем 
тиісінше  «жагдайым  мүлде  болмай  отыр»  деп  баламалаган.  Сол  сияқты 
«счастливого  пути»  деген  синтаксистік  конструкция  «жолыңыз  болсын» 
түрінде қазақшаланган.  Көріп отьфсыздар,  авторлар алқасы орыс тіліндегі 
сөз  орамдарын  жолма-жол  қайталамаган,  оларлың  орнына,  сол  орайда 
қолданылатын қазақша сөз үлгілерін алган.  Жогарыда мысалга келтірілген 
орысша  сөз  тіркесін  қазақша  осылай  айту  контекске  жақын,  эрі  сөйлем 
қүрылыстары да қазақша.
Алайда  авторлар  алқасымен  келіспейтін жерлеріміз  де  бар.  Мэселен, 
олардың  бүгінгі  күллі  көп  тілді  Қазақстан  халқы  қазы,  қарта,  жая,  айран, 
қүрт түрінде қолданылган сөздерін аталган еңбекте полуфабрикат из конины, 
лакомство  из  кислого  молока  деп  сабақтап,  түсіндірме  сөйлемдер  тэрізді 
үсынуларын жөн деп санамаймыз.  Біздің ойымызша,  жогарыда сөз болган 
тагам атауларыньщ реестердің орысша бөлімінде де қазақша дыбысталулары 
беріліп,  содан  кейін  гана  оның  жасалу  технологиясы  сөз  болганы  дүрыс 
еді.  Сондай-ақ  эрбір  тараудың  соңында  беріліп  отыратын  сол  салада  жиі 
қолданылатын сөздердің топтама сөздіктеріндегі кейбір орысша атаулардың 
аударма  сапалары ойландырарлық.  Мсалы,  орысша  невеста  сөзін қазақша 
келін,  нутрияны-су  тышқаны,  чердакты-шатыр  асты,  салфетканы-майлық 
деп  алулары  көңілге  қона  бермейді.  Соңгы  екі  сөздің  қазақша  баламасы 
болмаса, оларды неге орыс тіліндегі сол күйінде алмасқа. Осы орайда Сәкен 
Сейфуллиннің мына сөзі ойга орала береді. «Біз тілімізді байытуымыз керек, 
ол үшін басқа тілдерден сөз алудан қорықпауымыз керек».
Қысқасы,  ана тіліміздің төңірегінде  ортага салып,  кеңесіп,  тоқсан рет 
ойланып барып шешетін мэселелер шаш етектен. Себебі, тілдегі эрбір сөздің 
жаны бар. Оларды орнын тауып жүмсау, тіл игілігіне жарату, әлбетте, сабын 
жаққан теріні үстаудан да қиын.
160
 
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ

С. 
Торайғыров атындағы 
Павлодар мемлекеттік университет! Павлодар қ.
Материал 30.05.14 редакцияға түсті.
Ж.  Т.  Сарбалаев
жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет