Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата06.03.2017
өлшемі1,28 Mb.
#7890
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

  

  

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс 

саласындағы мемлекеттік нормативтер 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ 

 

Государственные нормативы в области 

архитектуры, градостроительства и строительства 

СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

 

 



 

 

 

 

 

 

СУ БАСҚАН ЖӘНЕ СУДЫҢ ДЕҢГЕЙІ КӚТЕРІЛГЕН   

АЙМАҚТАРДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК КОРҒАУ 

 

ИНЖЕНЕРНАЯ ЗАЩИТА В ЗОНАХ 



                    ЗАТОПЛЕНИЯ И ПОДТОПЛЕНИЯ

 

 

 

ҚР ЕЖ 2.03-102-2012 

СП РК 2.03-102-2012 

 

 

 

 

Ресми басылым 

Издание официальное 

 

 

 

 

 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігінің  Құрылыс, 

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын баcқару 

комитеті 

 

Комитет по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и 

управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики 

Республики Казахстан 

 

 

   

                                                                        Астана 2015

ҚР ЕЖ 2.03-102-2012

 

II 


АЛҒЫ СӚЗ 

 

1  ӘЗІРЛЕГЕН: 

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «НТЦ» ЖШС 

 

2  ҰСЫНҒАН: 

Қазақстан 

Республикасы 

Ұлттық 


экономика 

министрлігінің  Құрылыс,  тұрғын  үй-коммуналдық 

шаруашылық  істері  және  жер  ресурстарын  басқару 

комитетінің  Техникалық  реттеу  және  нормалау 

басқармасы 

3  БЕКІТІЛІП, 

ҚОЛДАНЫСҚА 

ЕНГІЗІЛГЕН: 

 

Қазақстан 

Республикасы 

Ұлттық 


экономика 

министрлігі  Құрылыс,  тұрғын  үй-коммуналдық 

шаруашылық  істері  және  жер  ресурстарын  баcқару 

комитетінің 

2014 

жылғы 


29-желтоқсандағы               

№  156-НҚ  бұйрығымен  2015  жылғы  1-шілдеден 

бастап 

 

 

ПРЕДИСЛОВИЕ 

 

1  РАЗРАБОТАН:  

АО «КазНИИСА», ТОО «НТЦ» 

 

2  ПРЕДСТАВЛЕН: 

Управлением 

технического 

регулирования 

и 

нормирования  Комитета  по  делам  строительства, 



жилищно-коммунального  хозяйства  и  управления 

земельными  ресурсами  Министерства  национальной 

экономики Республики Казахстан 

3  УТВЕРЖДЕН

  

И

 

 

ВВЕДЕН

  

В

 

ДЕЙСТВИЕ

  



 

Приказом  Комитета  по  делам  строительства, 

жилищно-коммунального  хозяйства  и  управления 

земельными  ресурсами  Министерства  национальной 

экономики  Республики  Казахстан  от  «29»  декабря 

2014  года  №  156-НҚ  с  1  июля  2015  года 

 

 

 



 

Осы  мемлекеттiк  нормативті  Қазақстан  Республикасының  сәулет,  қала  құрылысы 

және  құрылыс  істері  жӛніндегі  уәкiлетті  мемлекеттiк  органының  рұқсатынсыз  ресми 

басылым ретiнде толық немесе ішінара қайта басуға, кӛбейтуге және таратуға болмайды 

Настоящий  государственный  норматив  не  может  быть  полностью  или  частично 

воспроизведен,  тиражирован  и  распространен  в  качестве  официального  издания  без 

разрешения  уполномоченного  государственного  органа  по  делам  архитектуры, 

градостроительства и строительства Республики Казахстан 



ҚР ЕЖ 2.03-102-2012

 

III 


МАЗМҰНЫ 

 

   КІРІСПЕ ............................................................................................................................... IV

 

1 Қолдану саласы ...................................................................................................................... 1



 

2 Нормативтік сілтемелер ........................................................................................................ 1

 

3 Терминдер мен анықтамалар ................................................................................................ 2



 

4 Тиімді құрылыс шешімдері ................................................................................................... 2

 

4.1 Аумақты су басудан және су астында қалудан қорғау ................................................ 2



 

4.2 Су басудан және су астында қалудан қорғайтын имараттар ....................................... 6

 

4.3 Бақылау-ӛлшеу құралын орнату................................................................................. 14



 

4.4 Санитарлық-гигиеналық және табиғатты қорғау іс-шаралары ................................. 15

 

А Қосымшасы (ақпараттық) Су қоймаларындағы инженерлік қорғауды техника-



экономикалық негіздеу ...................................................................................................... 19

 

Б Қосымшасы (міндетті) Салынып жатқан аумақтарды жобалау, құрылысын салу 



және пайдалануға беру кезінде су астында қалудың алдын алуға қатысты іс-

шаралары ............................................................................................................................ 23

 

В Қосымшасы (міндетті) Су астында қалуды ескертуге қатысты сақтандыру іс-



шараларының құрамы ........................................................................................................ 25

 

Г Қосымшасы (міндетті) Ауылшаруашылық жерлерінің инженерлік қорғауын 



жобалаудың әртүрлі кезеңдеріне арналған іздеулердің материалдарының құрамы ....... 26

 

Д Қосымшасы (міндетті) Қорғайтын су тірейтін имараттардың кластары ........................ 28



 

Е Қосымшасы (ақпараттық) Қала аумақтарының және ӛнеркәсіптік алаңдардың 

дренаждық имараттарын жобалау ..................................................................................... 29

 

БИБЛИОГРАФИЯ .................................................................................................................. 33



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ҚР ЕЖ 2.03-102-2012

 

IV 


КІРІСПЕ 

Осы  ережелер  жинағы  орындалуы  «Ғимараттар  мен  құрылыстардың,  құрылыс 

материалдары  мен  бұйымдарының  қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптар»  техникалық 

регламентінде,  ҚР  ҚН  2.03-02-2012  «Су  басқан  және  судың  деңгейі  кӛтерілген 

аймақтардагы  инженерлік  корғау»  және  басқа  халықаралық  келісімдер  аясындағы  ӛзге 

нормативтік-құқықтық  актілерде  белгіленген  міндетті  талаптарын  сақтауды  қамтамасыз 

ететін  су  басатын  және  су  астында  қалатын  аймақтарда  инженерлік  қорғау  жүйелерін, 

объектілерін және имараттарын жобалау жӛніндегі қағидалар мен нұсқаулардан тұрады. 

Осы  ережелер  жинағына  қалалық  аумақтарды  және  ӛнеркәсіптік  алаңдарды 

дренерлеу  кезіндегі  дренаждық  имараттарды  жобалау  мысалы  кіргізілген,  су  астында 

қалудың  алдын  алу  бойынша  ескерту  шараларының  құрамы  және  құрылысын  салу  мен 

пайдалануға  беру  кезеңінде  салынып  жатқан  аумақта  су  астында  қалу  ықпалдарының 

әрекетін ескеруге қатысты іс-шаралар берілген. 

 

 



 

ҚР ЕЖ 2.03-102-2012 

СП РК 2.03-102-2012 

 

Ресми басылым 



 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ 

СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

 

СУ БАСҚАН ЖӘНЕ СУДЫҢ ДЕҢГЕЙІ КӚТЕРІЛГЕН   

АЙМАҚТАРДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК КОРҒАУ

  

 

ИНЖЕНЕРНАЯ ЗАЩИТА В ЗОНАХ ЗАТОПЛЕНИЯ И ПОДТОПЛЕНИЯ 

 

Енгізілген күні



  - 

 2015-07-01 

1

 

ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 

1.1  Қазақстан  Республикасының    ережелер  жинағы  елді  мекендердің,  ӛнеркәсіптік, 

энергетикалық  және  коммуналдық-тұрмыс  объектілерінің,  пайдалы  қазбалар  мен  тау 

қазбаларының  кен  орындарының,  ауылшаруашылық  және  орман  жерлерінің,  табиғи 

ландшафттардың  аумақтарын  су  басудан  және  су  астында  қалудан  инженерлік  қорғау 

жүйелерін,  объектілерін  және  имараттарын  жобалау  мен  құрылысын  салуға  таралады 

және құрылыс үшін техникалық шешімдерге кепілдеме беретін және олардың нормативтік 

құқықтық 

және 

нормативтік-техникалық 



құжаттардың 

міндетті 

талаптарына 

сәйкестілігіне  қол  жеткізудің  амалдарын  анықтайтын  мемлекетаралық  нормативтік 

құжаттардың жүйесінің аясында әзірленді. 

1.2  Ережелер  жинағы  техникалық  шешімдерге  кепілдеме  береді  және  олардың  ҚР 

ҚН 2.03-02 «Су басатын және су астында қалатын аймақтардағы инженерлік қорғау» және 

«Ғимараттар  мен  құрылыстардың,  құрылыс  материалдары  мен  бұйымдардың 

қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптар»  техникалық  регламентінің  функционалдық 

талаптарына сәйкестігіне қол жеткізудің амалдарын ұсынады, су басатын және су астында 

қалатын  аймақтардағы  инженерлік  қорғау  имараттарының  жұмыс  сипаттамасының 

минималды  деңгейіне  қол  жеткізуді  қамтамасыз  ететін  тиімді  құрылыс  шешімдерін 

ұсынады. 

 

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 



 

Осы ережелер жинағын қолдану үшін келесі сілтемелік нормативтік құжаттар керек: 

«Ғимараттар мен  құрылыстардың,  құрылыс материалдары мен бұйымдардың 

қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. 

ҚР  ҚН  2.03-02-2012  Су  басқан  және  судың  деңгейі  кӛтерілген  аймақтардагы 

инженерлік корғау. 

МҚН 2.03-02-2002 

Аумақтарды, ғимараттар мен имараттарды қауіпті геологиялық 

процестерден инженерлік қорғау. Негізгі ережелер.

 

МЕЖ 3.04-101-2005 



Негізгі есептік гидрологиялық сипаттамаларды анықтау. 

МемСТ  17.1.5.02-80    Табиғатты  қорғау.  Гидросфера.  Су  объектілерінің  рекрияция 

ӛңірлеріне қойылатын гигиеналық талаптар; 

МемСТ  17.5.3.04-83  Табиғатты  қорғау.  Жерлер.  Жерлерді  рекультивациялауға 

қойылатын жалпы талаптар; 

 


ҚР ЕЖ 2.03-102-2012

 

МемСТ  8020-90  Кәріздік,  су  құбырлары  және  газ  құбырлары  желілерінің 



құдықтарына арналған бетондық және темір бетондық конструкциялар. 

 

ЕСКЕРТПЕ Осы мемлекеттік нормативті пайдалану кезінде сілтемелік құжаттардың әрекетін ағынды 



жыл  жағдайы  бойынша  жасалатын  және  ай  сайын  шығарылатын  ақпараттық  бюллетень-журналға  сай 

келетін ақпараттық «Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін сәулет, қала құрылысы және құрылыс 

саласындағы  нормативтік  құқықтық  және  нормативтік-техникалық  актілердің  тізбесі»,  «Қазақстан 

Республикасының  стандарттау  жӛніндегі  нормативтік  құжаттарының  кӛрсеткіші»,  «Қазақстан 

Республикасының  стандарттау  жӛніндегі  мемлекетаралық  нормативтік  құжаттарының  кӛрсеткіші» 

каталогтары бойынша тексеру мақсатқа сай келеді. Егер сілтемелік құжат ауыстырылған (ӛзгертілген) болса, 

онда  осы  нормативтерді  пайдалану  кезінде  ауыстырылған  (ӛзгертілген)  құжатты  басшылыққа  алу  керек. 

Егер  сілтемелік  құжат  ауыстырылмай  алынып  тасталған  болса,  онда  оған  сілтеме  жасалған  ереже  осы 

сілтемені қозғамайтын бӛлікте қолданылады. 

 

3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР 

Осы  ережелер  жинағында  ҚР  ҚН  2.03-02  құрылыс  нормаларында  берілген,  тиісті 

анықтамалары  бар  терминдер  және  қосымша  келесі  терминдер  мен  анықтамалар 

қолданылды: 

3.1 Географиялық  ақпараттық  жүйе,  ГАЖ  (geographic  (al)  information  system, 

GIS):  Кеңістік-үйлестірушілік  деректерді  (кеңістік  деректерді)  жинауды,  сақтауды, 

ӛңдеуді, қолжетімділікті, бейнелеу мен таратуды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе; 

3.2 Табиғи 

жүйелер: Энергетикалық  жағдайдың,  заттардың  ауысуы  мен 

айналуының  белгілі  заңдылықтарымен  сипатталатын,  тірі  ағзалар  мен  оларды  қоршаған 

ортаның функционалдық ӛзара байланысының кеңістікті шектелген жиынтығы. 

 

4



 

ТИІМДІ ҚҰРЫЛЫС ШЕШІМДЕРІ 

 

4.1 Аумақты су басудан және су астында қалудан қорғау 

 

4.1.1 Аумақты инженерлік қорғау жобасының құрамына кӛктемгі су тасқынын және 



жазғы  тасқындарды  жіберуді  қамтамасыз  етуді  қарастыратын,  адам  ӛлімінің  алдын 

алатын,  апаттық  жағдайлардың  пайда  болуына  жол  бермейтін  немесе  оның  әрекетін 

әлсірететін  және  ықтимал  шығынды  тӛмендететін  ұйымдастыру-техникалық  шараларын 

енгізу керек.  

Ұйымдастыру-техникалық шараларына:  

- гидротехникалық имараттардың ысырмаларын, кӛтеру механизмдерін сынау;  

- суағызғыш  трактарын  тасқындарды  жіберуге  кедергі  келтіретін,  бӛгде  заттардан 

тазалау;  

- белгіленген жерлерде құрылыс материалдарының апаттық қосалқыларын дайындау 

және қоймалау;  

- резервтік сорғыш-күштік жабдықтарды алу;  

- электр  энергиясының  ӛшуі  немесе  оның  объектіде  болмауы  жағдайында 

суағызғышта және сужинағышта жергілікті жарықтандыру құралын дайындау; 

- пайдалануға  беру  ұйымын  кӛктемгі  және  жазғы-күзгі  су  тасқындары  болатын 

кезеңде қысқа гидрометеоболжаммен қамтамасыз ету;  

- су  ағымын  және  оның  имараттарын  қадағалау,  тежеу  мен  тоқтау  қалыптасқан 

жерлерде кезекшілік ұйымдастыру; 


ҚР ЕЖ 2.03-102-2012

 

- гидротехникалық  имараттарда,  елді  мекендердің  және  басқа  объектілердің  су 



бӛгеттері  мен  су  қоймаларында  мұздың  және  қабыршақ  мұздың  қауіпті  жиналуымен 

күресу; 


- іргелес  аумақтарды  су  басудан  қорғау  кіреді.  Қажеттілікке  байланысты  басқа  да 

ұйымдастыру-техникалық шараларын кіргізуге болады. 

Инженерлік қорғауды жобалау мен құрылысын салуды [2] бойынша жүргізу керек. 

4.1.2 Су  басу  мен  судың  деңгейі  кӛтерілуден  инженерлік  қорғаудың  кешенді 

аумақтық жүйесі:  

-  қорғалатын  аумақта  қорғауды  инженерлік  қорғаудың  жеке  құралдарымен  жүзеге 

асыру мүмкін емес немесе тиімсіз болатын ӛнеркәсіптік немесе азаматтық имараттардың 

бар болуы жағдайында;  

- инженерлік 

қорғаудың 

жеке 

түрлерін 



қолдануға 

болмайтын 

күрделі 

морфометрикалық,  топографиялық,  гидрогеологиялық  және  басқа  жағдайларда 

инженерлік қорғаудың бірнеше әртүрлі құралынан тұруы керек. 

4.1.3 Гидроэнергетикалық және су шаруашылық объектілерінің құрылысын салумен 

шақырылған  су  басу  мен  судың  деңгейі  кӛтерілуден  аумақты  қорғау  кезінде,  І  және  ІІ 

класты  инженерлік  қорғаудың  техника-экономикалық  негіздемесін  ақпараттық  А 

қосымшасына сәйкес техника-экономикалық есептің негізінде орындау керек.  

Республикалық,  ӛңірлік,  облыстық  және  жергілікті  мақсаттағы  су  шаруашылығы 

объектілерін жобалау кезіндегі инженерлік қорғау имаратын, сонымен қатар ІІІ және  IV класты 

инженерлік  қорғау  имаратын  негіздеуді  ауыл  шаруашылық  қажеттіліктерге  емес  алынған 

жерлердің орнына жаңа жерлерді иелендірудің нормативтік құнының негізінде орындау керек. 

4.1.4 Жобалау,  құрылысын  салу  жән  пайдалануға  беру  кезінде  салынып  жатқан 

аумақты су астында қалудан ескеру жӛніндегі шараларды осы ережелер жинағының Б, В 

қосымшаларына сәйкес орындау керек. 

4.1.5 Инженерлік  іздеудің  материалдары  геологиялық  процестердің:  кӛшкіндердің, 

жағаларды,  карсты  қайта  ӛңдеудің,  орман  топырақтарын отырғызудың,  суффозиялардың 

ж.т.б. су басу мен судың деңгейі кӛтерілуіне ілеспелі қаупін кӛрсетулері керек. 

Инженерлік  іздеудің  материалдарын  Қазақстан  Республикасы  Энергетика  және 

минералдық  ресурстар  министрлігінің  Геология  және жер  қойнауын  пайдалану  комитеті 

жүзеге  асыратын  жер  астылық  сулардың  және  экзогендік  геологиялық  процестердің 

тәртібіне кӛп жылдық бақылау жүргізудің нәтижелерімен, сонымен қатар МЕЖ 3.04-101 

сәйкес гидрологиялық және гидрогеологиялық есептермен толықтыру керек. 

4.1.6 Жобалауға арналған графикалық құжаттардың масштабтарын 1-кесте бойынша 

жобалау кезеңдерінің есебімен анықтау керек. 

 

1-кесте – Жобалау кезеңдері және графикалық құжаттардың масштабтары 

 

Инженерлік қорғауды жобалаудың кезеңі 



Графикалық құжаттардың масштабы 

1.  Инженерлік  қорғаудың  кешенді  аумақтық 

жүйелерінің схемасы 

1:250 000 – 1:10 000  

(күрделі 

инженерлік-геологиялық 

жағдайлардағы  –  1:2  000  –  1:1  000 

ойымдар 1:5 000) 

2.  Инженерлік  қорғаудың  аумақтық  жүйелері 

объектілерінің 

құрылысын 

салудағы 

инвестицияларды негіздеу 

1:250 000 – 1:10 000  

(ойымдар 1:5000 – 1:1000) 

3. Қала құрылысының жобасы 

1:5 000 – 1:2 000  

(шолу жоспарлары 1:10 000 – 1:5000,  

ойымдар 1:1000-1:50) 

 

 



ҚР ЕЖ 2.03-102-2012

 



1-кестенің жалғасы



 

Инженерлік қорғауды жобалаудың кезеңі

 

Графикалық құжаттардың масштабы



 

4.  Келесілердің  құрылысын  салуға  арналған 

жобалық құжаттама:  

екі сатылық жобалау: 

 

а) сәулеттік жоба 



1:5000 – 1:500 (ойымдар 1:400 – 1:50) 

б) құрылыстық жоба 

1:2000 – 1:500 (ойымдар 1:400 – 1:50) 

бір сатылық жобалау: 

 

белгіленген  бекітілген  сәулеттік  бӛлімі  бар 



құрылыстық жоба 

1:2000 – 1:500 (ойымдар 1:400 – 1:50)  

 

 

1-кесте бойынша графикалық құжаттарды келесі деректермен: 



- оларда  табылған  деформациялар  туралы  айғақ  мәліметтері  бар  қолданыстағы 

имараттардың, жолдардың, коммуникациялардың замани жағдайының бағасымен; 

- аумақтың  халық  шаруашылықтық  және  экологиялық  мәндерін  бағалаумен  және 

оны келешекте пайдаланумен;  

-  инженерлік  қорғаудың  қазіргі  бар  және  орындалатын  шаралары  мен  имараттары, 

олардың  жағдайлары,  оларды  дамыту  және  реконструкциялау  қажеттігі  мен  мүмкіндігі 

туралы ақпараттармен ж.т.б. толықтыру керек. 

4.1.7 Жеке 

объектілердің  (ӛнеркәсіптік  кәсіпорындар,  тұрғын-коммуналдық 

имараттар, әртүрлі мақсаттағы дербес ғимараттар мен имараттар) инженерлік қорғауының 

жұмыс құжаттамасы мен бір сатылық жобаларын құру кезінде қорғалатын аумақтың ары 

қарай пайдалануына:  ӛнеркәсіптік, қалалық және ауылдық  құрылыс салу, жерлерді  ауыл 

шаруашылыққа  иелендіру,  ауыл  шаруашылық  немесе  сызықтық  құрылыс  салу  ж.т.б. 

байланысты инженерлік қорғауға қойылатын [1] талаптарын ескеру керек. 

4.1.8 Ауылшаруашылық  жерлерінің  инженерлік  қорғау  жобаларын  ӛңдеу  кезінде 

іздеу  материалдарының  құрамы  жобалаудың  әртүрлі  кезеңі  үшін  міндетті  Г 

қосымшасының талаптарына сәйкес келуі керек. 

4.1.9 Жергілікті орынның виртуалдық үш еселік модельдерін соғу мен сараптау үшін 

сандық  картографикалық  және  аэрографикалық  ақпараттарды  автоматты  түрде  ӛңдеудің 

әдістерін,  алгоритмдерін,  компьютерлік  бағдарламалары  мен  тәжірибелік  тәсілдерді 

қолдануға кепілдеме беріледі. 

4.1.10 Су тасқыны кездегі елді мекендер аумағының су басу аймағын бағалау үшін 

моделдеу  әдісін  және  жоғары  кеңістіктік  рұқсаты  бар  ғарыштық  суреттерді  пайдалану 

арқылы  ГИЖ-технология  базасындағы  компьютерлік  технологияны  қолдануға  кепілдеме 

беріледі. 

4.1.11 Су  тасқынын  ескерту  мен  жағымсыз  салдарын  тӛмендету  шараларының 

кешенін  ӛңдеу  кезінде  шешім  қабылдайтын  тұлғаларға  ақпараттық  қолдау  кӛрсету  үшін 

дайын  есептер  жүргізуге  және  су  тасқындық  гидротехникалық  имараттардың  әртүрлі 

нұсқаларын  «ұтылып  қалуға»  мүмкіндік  беретін  қорғау  су  тасқындық  гидротехникалық 

имараттардың әдістемесі мен компьютерлік технологияны пайдалану керек. 

4.1.12 Су  астында  қалудан  инженерлік  қорғау  жобаларын  ӛңдеу  кезінде  су  астында 

қалудың  келесі  кӛздерін:  жерастылық  сулардың  тірегіштерінің  су  қоймаларынан, 

арналардан,  гидроэлектр  станцияларының  бассейндерінен  және  басқа  гидротехникалық 

имараттардан  таралуын,  іргелес  аумақтарға  суғарылатын  жерлерден  сүзу  есебінен 

жерастылық  сулардың  таралуын,  су  тасушы  коммуникациялар  мен  қорғалатын 

аумақтардағы имараттардан су кетуді, атмосфералық шӛгінділерді ескеру керек. 

Осы жерде су астында қалудың жеке кӛздерінің немесе олардың үйлесімдерінің бір 

мезетте пайда болу мүмкіндігін ескеру керек. 



ҚР ЕЖ 2.03-102-2012

 

Жобаланатын су қоймасының немесе басқа су объектісінің жағалау аумағындағы су 



астында  қалу  аймағын  су  объектісінде  –  геологиялық  және  гидрогеологиялық  іздеу 

базасында,  ал  қолданыстағы  су  объектілерінде  –  гидрогеологиялық  зерттеулердің 

негізінде  судың  есептік  деңгейіндегі  жерастылық  сулардың  таралуының  жайылу 

болжамымен анықтау керек. 

Түйіндескен аумақтарда суғарылатын жерлерден жерастылық сулардың таралуының 

жайылу  аймағын  субаланстық  және  гидродинамикалық  есептердің,  геологиялық  және 

топырақтық зерттеулердің қорытындыларының негізінде анықтау керек. 

Бұл жерде: 

- қорғалатын аумақтың атмосфералық ылғалдылығының дәрежесін; 

- су тасушы коммуникациялар мен сыйымдылықтан су жоғалтуды ескеру керек. 

Иеленген  аумақтарға  арналған  су  астында  қалудың  болжамдық  кӛлемдік 

сипаттамаларын гидрогеологиялық бақылаулардың нақты деректерімен салыстыру керек. 

Нақты  деректердің  болжамдықтан  асып  кеткен  жағдайда,  су  астында  қалудың  қосымша 

кӛздерін анықтау керек. 

4.1.13 Қалалық  және  ӛнеркәсіптік  аумақтардың  инженерлік  қорғауы  кезінде  су 

астында қалудың: 

- инженерлік имараттардың іргелерінде топырақтың физика-механикалық қасиетінің 

ӛзгеруіне және жерастылық сулардың басқыншылығына; 

- ғимараттар  мен  имараттардың,  оның  ішінде  ӛңделетін  және  бұрын  ӛңделген 

аумақтарда салынып жатқан, сенімділігіне; 

- жерастылық  сулардың  гидростатикалық  қысымы  ӛзгерген  кезде  жерастылық 

имараттардың тұрақтылығы мен беріктігіне; 

- метал конструкциялардың, құбыр жол жүйелерінің, сумен жабдықтау және жылыту 

жүйелерінің жерастылық бӛлігінің тоттануына; 

- судың  жерасты  үй-жайларына  ену  салдарынан  инженерлік  коммуникациялардың, 

имараттар мен жабдықтардың функциялану сенімділігіне; 

- суффозия мен эрозияның пайда болуына; 

- аумақтың санитарлық-гигиеналық жағдайына; 

- жертӛлелік  және  жерастылық  қоймаларда  азық-түліктік  және  азық-түліктік  емес 

тауарларды сақтау жағдайларына кері әсерлерін ескеру керек. 

4.1.14 Ауыл  шаруашылығы  жерлерінің  және  табиғи  ландшафтардың  су  астында 

қалған кезде су астында қалудың: 

- топырақтың тұздалу тәртібінің ӛзгеруіне; 

- аумақтың батпақтануына; 

- табиғат  жүйесіне  толықтай  және  флора  мен  фауна  ӛкілдерінің  тіршілік  ету 

жағдайына; 

- аумақтың санитарлық-гигиеналық жағдайына әсерін ескеру керек. 

4.1.15 Аумақ үстін: 

- құрылыс салуға су басқан, уақытша су басқан және су астында қалған аумақтарды 

иелену үшін; 

- жерлерді ауыл шаруашылық ӛндірісіне пайдалану үшін: 

- су қоймаларының және басқа су объектілерінің жағалаудағы белдеуін абаттандыру 

үшін кӛтеру керек. 

4.1.16 Топырақпен еселеу арқылы аумақтарды тік жоспарлаудың жобасын аумақтың 

құрылыс  салу  тығыздығының,  алдыңғы  қарастырылған  жоспарлық  жұмыстардың 

орындалу дәрежесінің, қорғау имараттары кластарының, қорғалатын аумақта орналасқан 

ӛзен  мен  су  қоймаларының  жерастылық  судың  болжамдық  кӛтерілуінің  есебі  арқылы 

гидрологиялық тәртібі ӛзгерудің есебімен ӛңдеу керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет