Т. Хакімова компьютерлік өҢдеудің



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата06.02.2017
өлшемі1,16 Mb.
#3504
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 
1
 
 
 
 
 
Т. Хакімова  
 
 
 
 
КОМПЬЮТЕРЛІК ӨҢДЕУДІҢ  
ӘДІСТЕМЕЛЕРІ 
 
 
 
Оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 
2007 

 
2
2404000000 
00(05)-07 
      
ББК 32.973я73 
Х 16 
 
Ғылыми еңбекті баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  
Университеті механико-математика факультетінің ғылыми кеңесі  
ұсынған, хаттама № 8, 16.04.2002 жыл 
 
 
 
ПІКІР ЖАЗҒАНДАР: 
физика-математика ғылымдарының кандидаты, 
профессор Өтегенов Қ. Ө. 
педагогика ғылымдарының кандидаты,  
доцент Халикова Г. З. 
 
 
 
Х 16     Хакімова Т. 
Компьютерлік  өңдеудің  әдістемелері:  Оқу  құралы.—  Алматы: 
Нұр-пресс, 2007.— 186 бет. 
 
ISBN 9965-813-22-1 
 
Ғылыми  еңбектің  мақсаты,  студенттерді  дербес  компютерде 
жоғары  дәрежеде  жұмыс  істеуді  ‰йрету,  қазіргі  кездегі  көптеген 
қолданбалы  бағдарламалардың  ж‰йесін  пайдалана  білу  м‰мкіндігін 
қалыптастыру  және  алған  білімдері  мен  тәжірбиелерін  болашақта 
кәсіптік қызыметтерінде дұрыс пайдалана білу. Яғни, бұл еңбек алты 
бөлімнен  тұрады 1-ші  Дербес  компьютер, Wіndows  ж‰йесі, 2-ші 
Мәтіндік  құжат, 3-ші  Электрондық  кесте, 4-ші Power Poіnt, 5-ші 
Компьютерлік желілер, Интернет желісі, 6-шы Тестік сұрақтар. 
Еңбекте  студенттерге  лаборатариялық  сабақтарға  арналған  тап-
сырмалар және емтиханға даярлыққа тестік сұрақтар мен жауаптары 
қамтылған. 
 
ББК 32.973я73 
Х 
© Хакімова Т., 2007. 
© Нұр-пресс, 2007. 
ISBN 9965-813-22-1 
 

 
3
КІРІСПЕ 
 
Қазіргі  зерттеу  тәжірбиесінде  бұрын  м‰мкін  болмаған  өз 
формасымен  және  құрылымымен  және  жалпылама  талдау 
м‰мкіндігін  беретін  ақпараттарды  пайдалануға  болады.  Бір 
кезде  машина  оқитын  ‰лкен  ақпараттар  жиынын  жаңадан  жа-
сау,  сақтау  және  оқу  м‰мкіншілігі  пайда  болды.  Б‰л  гумани-
тарлық ілімнің қ‰рылымындағы технологиялық компоненттер-
дің нығаюына және олардың пайдалануын кеңейтеді.  
Информатика-фундаментальді  қасиеттерді,  қ‰рылымды, 
автоматталған  ақпараттар  ж‰йелерінің  функциясын,  сонымен 
қатар  олардың  проектілеу  негізін  жасау,  баға  беруге  және  әр 
т‰рлі  әлеуметтік  тәжірбиені  пайдаланатын  және  оған  ықпал 
жасайтын білім.  
Информатиканың  негізгі  тәжірбиелік  функциясы,  ақпа-
ратты-байланысты процестердің тәсілінде қорытылған, сондай 
ақ  олардың  электрондық-есептеу  техникасының  қорында,  ма-
тематикалық  моделінде,  басқару  бағдарламасын  қайта  құру 
сапалығында.  
Бірінші тәсілдің пайдалану жағы есептеу техникасының ғы-
лыми-зерттеу  есептерінде  есептеуімен  сипатталған.  Сонымен, 
ЭЕМ-ді  физиктер  мен  математиктер  қолданған.  Кейінірек,  әр-
т‰рлі  т‰рдегі  логикалық  т‰рлендіруге  есептеу  ж‰йесінің 
м‰мкіндігінің өсу өлшеміне қарай бейнелеуді және қамтамасыз 
ету  тәсілдерін  толық  жетілдіру  білімнің  экономикалық,  гума-
нитарлық  және  техникалық  амалдарын  пайдалану  жағында 
кеңейді.  Бірінші  бастамасынан,  қазірге  дейін  есептеу  техни-
касы  ‰зіліссіз  даму  ‰стінде.  Есептеу  техникасы  прогресінің 
ерекшеліктерін  бейнелейтін  ұқсас  процесс  «Компьютерлік 
өңдеудің әдістемелері» ғылыми еңбектің мәнімен бірге ж‰реді. 
Қазіргі  кезде  дербес  компьютер  ғылыми–зерттеулік,  есеп-
қисаптың, құрастыру, безендіру ж‰мыстарын жасайтын құрал. 
Демек  информатиканың  оқытылуы  болашақта  студенттердің 
кәсіптік  жұмыстарында  зор  көмегін  тигізеді.  Компьютердің 
көмегімен  ақпараттарды  жинақтау,  өңдеу  және  тасымалдауын 
зерттейтін  біртұтас  ғылым  ретінде  осы  еңбектің  негізгі  өзегі 
болып табылады.  

 
4
1. КОМПЬЮТЕРЛІК ӨҢДЕУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР 
 
Информация. Информация деген таңбалар немесе сигналдар 
тізбегі. Информация деген ақпарат ұғымның баламасы ретінде 
қолданылады. Жалпы алғанда кез-келген мәтін, сурет, музыка, 
дыбыс, сызба, мәлімет, дерек, мағлұмат және тағы сондай ин-
формация болып табылады.  
Құжат. Белгілі бір қызмет атқаратын  информацияны құжат 
деп атайды.  
Компьютерде  өңделетін  информация  магниттік  немесе  ла-
зерлік  дискілерге  жазылады  (дискі  деп,  к‰йтаспа  сияқты  маг-
ниттелген шеңбер жолдардан тұратын жұқа дөңгелек пластин-
каны айтады).  
Файл.  Дискідегі  информация  жазылған  атауы  бар  орынды 
файл  дейді.  Яғни,  компьютерде  өңделетін  барлық  информа-
цияны дискіге жазады да, ат беріледі және оны файл деп атай-
ды,  жай  сөзбен  айтсақ,  монитор  (дисплей)  мен  баспа  құрыл-
ғысы  (принтер)  компьютердің  шығару  құрылғылары.  Жедел 
жадтағы  информация  мониторда  экранға  шығады,  баспада  қа-
ғазға басылып шығады.  
Компьютерге  басқа  да  қосымша  құрылғылар  қосуға  бола-
ды:  дискет  енгізгіш,  тышқан,  джойстик,  баспа  құрылғысы 
(принтер), модем, факс-модем, сканер, стриммер, т. б. ішіндегі 
ең керектісі тышқан құрылғысы.  
Тышқан — экранда информация бойынша қозғалуға арнал-
ған  құрылғы,  оның  сыртқы  көрінісіне  қарап  тышқан  деген  ат 
берген. (Екі  пернесі  бар  тышқан  тәрізді  кішкентай  сұр  т‰сті 
қорапша).  
Информация ағымы 
Басқару  сигналдары,  жұмыс  істеу  ‰шін  қолданылады,  онда 
орындалып  жатқан  бағдарламалар  мен  командалар  жазылады, 
компьютер  электр  желісінен  ажыратылса  жедел  жадтағы 
информация өшіп қалады.  
Қатты  дискі  мен  дискеталар  информацияны  ұзақ  мерзімде 
сақтау,  тасымалдау  және  сенімділік  мақсатында  информация-
ның  көшірмесін  дайындау  ‰шін  қолданылады.  Дискетадағы 
информацияны  сақтауға  арналған  еске  сақтау  құрылғылары 
болып табылады.  

 
5
Пернетақта  компьютердің  енгізу  құрылғысы.  Пернетақта 
кәдімгі  баспа  машинкасына  ұқсайды,  онда  әріптер,  цифрлар, 
бос  орын  пернесі,  басқа  да  арнайы  пернелер  орналасқан.  Мы-
салы, ENTER пернесі.  
ENTER  пернесі  пернетақтада ENTER, RETURN немесе  ба-
ғыттауыш  сызық  арқылы  белгіленеді. ENTER пернесі  енгізу 
пернесі  деп  аталады.  Терілген  информацияны  жедел  жадқа 
жазу  ‰шін ENTER пернесін  басу  керек.  Мысалы, dіr  коман-
дасын  компьютерге  енгізу  керек  болса, dіr  сөзін  пернетақтада 
теріп, ENTER пернесін басу керек.  
 
1.1. Дербес компьютер 
 
Компьютерді іске қосу ‰шін мынадай әрекеттерді орын-
дау қажет: 
1.  ДЭЕМ-ге  жалғанып  тұрған  шеттік  құрылғыларды  токқа 
қосу керек. (принтер, сканер, т. б.)  
2. Ж‰йе блогын іске қосу керек.  
3. Мониторды іске қосу керек.  
Бұл  іс-әрекеттерден  кейін  экранға  компьютерді  алғашқы 
ж‰ктеу және құрылғыларды тексеру ж‰ріп жатқаны жайлы мә-
ліметтер  шығады.  Операциялық  ж‰йе  (алғашқы  орындалатын 
бағдарлама)  ж‰ктелген  соң,  компьютер  жұмыс  істеуге  дайын 
к‰йге келеді.  
Жұмыс істеп болған соң компьютерді өшіру ‰шін: 
1. Істеп тұрған бағдарламалар жұмысын доғару керек.  
2. ДЭЕМ-ге жалғанып тұрған шектік құрылғыларды токтан 
ағыту керек (принтер, сканер, т. б.).  
3. Мониторды өшіру керек.  
4. Ж‰йелік блокты өшіру керек.  
Есте  сақтау.  Компьютерді  іске  қосқанан  кейін  оны  ағыту 
‰шін  (немесе  ағытқан  соң,  оны  қайта  іске  қосу  ‰шін)  кем  де-
генде 1 минут уақыт өтуі тиіс.  
Дербес компьютердің пернетақтасы. ДЭЕМ пернелік тақта-
сы  немесе  пернелігі,  кез-келген  ЭЕМ  пернелігі  тәрізді  бір 
тақтада  орналасқан  пернелер  жиынтығынан  тұрады.  Әрбір 
адам  пернелік  арқылы  компьютерге  символдық  информация 
енгізіп,  солардан  оны  басқару  командаларын  да  құрастыра 

 
6
алады. Бұл к‰нде компьютерлер пернесінің екі т‰рлі стандарты 
бар: 84 және 101 пернелік  (ЭЕМ  шығарылатын  фирмалардың 
жасауына қарай бұдан аздап өзгешелік болуы ықтимал). Бірақ 
екі  стандарттың  да  пернелерінің  қызметі  бірдей,  тек  олардың 
орналасуында  және  кейбір  пернелерінің  екі-екіден  болуында 
ғана аздап айырма бар.  
ДЭЕМ  пернелігі  стандартты  пернелер  жиынтығынан  тұра-
ды,  олар  белгілі  бір  тәртіппен  орналасып,  мынадай  топтарға 
жіктеледі: 
—  алфавиттік-цифрлық  және  таңбалық  пернелер:  латын 
әріптері  және  олармен  бірге  орналасқан  орыс,  қазақ  әріптері, 
цифрлар,  тыныс  белгілері,  арифметикалық,  логикалық  және 
басқа да символдар, бос орын белгісі.  
— функцияналдық пернелер :F1-F2 
— әрт‰рлі қызмет атқаратын пернелер:ENTER, TAB, CTRL, 
ALT, ESC, SHRІFT, NUM LOCK, CAPS LOCK, SCRDL LOCK, 
PAUSE PRTSС тәрізді пернелер 
— т‰зету ‰шін қолданылатын басқару пернелері : ІNSERT, 
DELETE, HOME END, PQ UP, PQ ON, BACKSPACE және 
бағыттауыш сызық пернелер.  
Терілген  символдар  экранның «Yh» таңбасы,  яғни  курсор 
тұрған екпінді н‰ктесіне енгізіледі.  
Курсор  (сілтеме  белгі)  бағыттауыш — жыпылықтап  тұра-
тын  тік  сызықша  тәрізді  бір  символдың  орнын  көрсетіп  тұ-
ратын таңба.  
Алфавиттік  әрбір  перне  латынның  не  қазақтың  (орыстың) 
бір  әрпін  енгізе  алады.  Латын  әріптері  Q,  W,  E,  R,  T,  Y 
стандарты  (екінші  жолдың  сол  жақ  шетінде  орналасқан  пер-
нелер  тізбегі)  бойынша,  ал  қазақ,  орыс  әріптері  баспа  машин-
касындағыдай болып орналасқан.  
Цифрлық  пернелер  қазақ  әріптерімен  бірге  жоғарғы  жолда 
тұр,  сандар  енгізуді  оңайлату  мақсатында  олар  оң  жақ  шетте 
тағы  қайталанған  енгізу  режимі  және  “Алмастыру“ — бұрын-
ғы енгізілген символдарды теріліп отырған жаңа символдармен 
ауыстырады.  
ENTER  пернесін  басу  кез-келген  команданың  енгізіліп 
біткенін  көрсетеді  де,  енгізілген  информация  компьютермен 
өңделе бастайды.  

 
7
Көптеген  қолданбалы  бағдарламаларда  теңбіл  т‰сті  екі,  бір 
немесе  бірнеше  сөзге  тең  болатын  тіктөртбұрыш  тәрізді  белгі 
(кестелік  курсор,  маркер)  командалық  менюдің  жеке  позиция-
сы (орны) бар.  
Командалық меню — жұмыс кезінде экранға шақырылатын, 
онан  кейін  орындалатын  қолданбалы  бағдарлама  команда-
ларының іс-әрекетттерінің және ішкі ж‰йелерінің тізімі. Тізім-
нің  әрбір  позициясын  шақырып  орындау  кестелік  курсорды 
соның  атына  қойып, ESC пернесін  басу  арқылы  ж‰зеге  асы-
рылады.  Командалық  менюдің  кейбір  позициясын  шақыру 
кезінде  экранға  басқа  меню  шығуы  м‰мкін.  Мұндай  сатылы 
командалар  иерархиялық  (көп  сатылы)  деп  аталады. CAPS 
LOCK, SCROOL LOCK, NUM LOCK белгілі бір тәртіп (режим) 
орната  алатын  пернелер  тобын  құрайды.  Бұлардың  бірін  бас-
қанда, м‰мкін болатын екі тәртіптің бірі орнайды: негізгі тәр-
тіп компьютерді іске қосылғанда бірден орнатылады. Сол пер-
нені қайта бассақ, қосалқы режим іске қосылады. Қосалқы ре-
жимге  көшкенде,  пернеліктегі  кішкене  шам  жанып,  белгі  бе-
реді.  
CAPS LOCK пернесінің негізгі режимі — кіші әріптерді ен-
гізу, қосалқысы — бас әріптер енгізу. NUM LOCK пернесінің 
негізгі  режимі — қосымша  цифрлық  пернелердің  курсорды 
басқару  тәртібін  орнату  болса,  қосалқысы — цифрларды  теру 
тәртібін  орнату.  СTRL, ALT, SHІFT  пернелері  тіркелу  перне-
лері  болып  саналады  да,  басқа  пернелермен  ‰йлесімді  пайда-
ланылып,  әрт‰рлі  әрекеттер  комбинациясын  іске  асырады. 
Олардың  атқаратын  қызметтері  әрбір  бағдарламада  өзгеріп 
отырады.  
Компьютер неден құралады? Компьютер алғашқыда к‰рделі 
есептеулер  ж‰ргізу  мақсатында  пайда  болды.  Кейінірек  ол 
негізінен  информациямен  жұмыс  істеу  ‰шін  қолданылды. 
Болашақта  әмбебап қызмет атқаруға арналған техникалық құ-
рылғы.  
Компьютер — ж‰йелік  блоктан,  монитор  және  пернетақта-
дан тұрады, бұл оның негізгі бөліктері.  
Ж‰йелік  блок — металл  қорапша,  онда  процессор,  жедел 
жад,  қатты  диск  орналасқан.  Ол  екі  т‰рлі  болады  жатық 
(deshop) және тік (mіnіtower). Корпустың алдыңғы жағында ‰ш 

 
8
индикатор: ток көзі (power), жылдамдық (turbo), қатты диск — 
винчестер (hand), ток  көзіне  қосатын  кнопка,  пернетақтаны 
жабатын  құлып,  диск  енгізгіштер, RESERT пен TURBO пер-
нелері орналасқан. RESERT пен TURBO пернелері ескі ‰рдіс-
тен қалған, олар әдетте қолданылмайды.  
Процессор — компьютердің  ең  негізгі  құрылғысы  (миы) 
болып  табылады,  ол  бағдарламаларды  және  басқа  құрылғы-
ларды басқарады.  
Жедел  жад–ағымдық  информациямен  компьютерде  қолда-
нылатын  кез-келген  информацияны  файл  дейміз.  Барлық 
компьютерлік бағдарламаларды файл деп санауға болады.  
Амалдар.  Файлмен  жазу,  т‰зету,  өшіру,  көшіру,  жылжыту, 
жіберу,  шығару  амалдарын  орындауға  болады.  Яғни,  файл 
дискіге жазуға, дискіде т‰зетуге және өшіруге, файлдың дискі-
дегі атын өзгертуге, орнын жылжытуға, нұсқасын ескі орында 
сақтай  отырып,  дискіде  басқа  орында  көшірмесін  жазуға, 
файлды  басқа  дискіге  көшіруге,  қағазға  басып  шығаруға,  эк-
ранда  дискіден  оқуға,  компьютерлік  желі  арқылы  басқа  ком-
пьютерлерге жіберуге болады.  
Сенімділік  және  тиімділік  мақсатында  компьютерде  екілік 
санау  ж‰йесі  (екі  цифрдан  тұрады)  қолданылады.  Компью-
тердегі  информация  арнайы  бағдарламалар  арқылы  автоматты 
т‰рде 0 және 1 цифрлары арқылы кодталады. Компьютерде тек 
қана  екі  қарапайым  әрекет  орындалады:файлды  дискіден  (не-
месе жадтан) оқу және дискіге (немесе жадқа) жазу. Ал басқа 
к‰рделі әрекеттер осы қарапайым әрекеттер жиынтығынан тұ-
рады.  
Компьютерлік бағдарламалар  
Команда. Компьютерде атқарылатын нақты әрекетті коман-
да деп атайды. Бағдарлама командалар тізбегінен тұрады. Ком-
пьютер жұмысы бағдарлама арқылы басқарылады. Бағдарлама-
ларды  атқаратын  қызметіне  байланысты  қолданбалы,  ж‰йелік 
және аспаптық деп ‰ш топқа бөлуге болады.  
Қолданбалы бағдарламалар 
Олар т‰рлі қызмет атқарады. Қолданбалы бағдарламада ме-
ню, команда және терезе ұғымы қолданылады.  
Меню.  Бағдарламада  атқарылатын  қызмет  т‰рлерінің  жиы-
ны меню деп аталады. Әр меню өз кезегінде тағы да менюлер 

 
9
тізімінен  құрылуы  м‰мкін,  көбінесе  менюлер  қабаттасып, 
тармақталып құрылады. Тармақтың ең соңғы буынында орын-
далатын әрекет, яғни, командалар орналасады.  
Терезелер. Терезелер — информациямен жұмыс істеуге ар-
налған экран ауданы, ол тік төрт бұрышты жиекпен қоршалады 
және  арнайы  элементтерден  құрылады,  бағдарлама  мазмұны 
теледидар экрананындағы сияқты тік төртбұрышты аудан ішін-
де  ғана  көрсетіледі.  Барлық  қолданбалы  бағдарламалар  тере-
зесінің бастапқы жолдарында бағдарлама аты мен меню жолы 
орналасады.  
Қолданбалы  бағдарламалар  т‰рлері  ретінде  мәтіндік  редак-
торлар,  баспа  ж‰йелері,  автоматтық  жобалау  ж‰йелері,  ойын-
дар,  бухгалтерлік  бағдарламалар  және  т.  б.  атауға  бөлінеді. 
Мәтіндерді өңдеуге, безендіруге, басуға, сурет салуға, есептеу-
лер ж‰ргізуге, информациялар массивін өңдеуге т‰рлі қолдан-
балы бағдарламалар жасалынған.  
Ж‰йелік бағдарламалар 
Компьютерде бағдарламалардың жұмысын қамтамасыз ете-
тін,  компьютердің  барлық  құрылғыларын  бір  ж‰йеге 
байланыс-тыратын  бағдарламалар  ж‰йелік  бағдарламалар  деп 
аталады.  Ж‰йелік  бағдарламалар  информациямен  ыңғайлы 
жұмыс істеу ‰шін қосымша жұмыстар атқарады: компьютердің 
жұмысын  тексереді,  компьютер  туралы  анықтама  береді, 
информация-ларды 
өшіріп, 
сақтап 
және 
көшірмесін 
дайындауға м‰мкіндік береді.  
Ж‰йелік  бағдарламалар  операциялық  ж‰йелік  драйверлер 
және ж‰йелік утилиттер (ж‰йелік көмекші бағдарламалар) бо-
лып бөлінеді.  
Операциялық  ж‰йе  компьютер  іске  қосылғанда  шақыры-
лады,  компьютер  жұмысын  басқарады,  құрылғыларын,  аспап-
тарын  тексереді-тестілейді,  жедел  жад  пен  дискідегі  орынды 
бақылайды, қолданбалы бағдарламаларды орындайды.  
Объект. Компьютерде өңделетін информацияны объект деп 
атауға болады.  
WІNDOWS бағдарламаларында жиі қолданылатын команда-
лар ‰шін бірдей пернелер қолданылады, сонымен қатар барлық 
бағдарламаларында  Файл,  Т‰зету,  Анықтама  менюлері  орна-
ласқан. Файл менюі арқылы файлдармен атқарылатын қызмет-
тер орындалады.  

 
10
Аспаптық бағдарламалар 
Аспаптық  бағдарламалар  деп  жаңа  бағдарлама  жазуға  ар-
налған  бағдарламалық  ж‰йелерді  айтады.  Бағдарламалық 
ж‰йелерді  алгоритмдік  тілдер  немесе  бағдарламалау  тілдері 
деп  те  атайды.  Қазіргі  кезде  алгоритмдік  тілдердің  өз  ком-
пиляторлары  (тұтас  бағдарламаны  машина  тіліне  аударып, 
орындайды), интерпретаторлары (бағдарлама жолдарын тексе-
ріп,  машина  кодына  аударып,  біртіндеп  орындайды),  редак-
торлары (бағдарлама мәтінін жазып, т‰зетуге болады) бар. Кең 
тараған  бағдарламалар  ж‰йесі  ретінде: Turbo C, Turbo C. ++, 
Turbo Pasсal, Mіcrosoft C, Mіcrosoft Basіc, Vіsіal Basіc, Delphі т. 
б. атауға болады.  
Файл туралы т‰сінік 
Магниттік  дискідегі,  не  сақтауға  арналған  компьютерлік 
жабдықтағы  информация  сақталатын  атауы  бар  орынды  файл 
деп  атайды.  Барлық  бағдарламаларды  файл  деп  санауға  бо-
лады.  
Файлдың  атауы  файл  атынан  және  кеңейтілуінен  тұрады. 
Файлдың аты 8 таңбадан, кеңейтілуі 3 таңбадан аспауы керек. 
Файлдың  аты  файлдағы  информацияның  мазмұнына  қарай 
қойылады,  файлдың  кеңейтілуі  файлдағы  информацияның  т‰-
рін білдіреді.  
Каталог  дегеніміз  файлдың  аты,  файлдың  өлшемі,  соңғы 
өзгертуінің  уақыты  мен  мерзімі,  файлдың  атрибуттары  т.  б. 
файл туралы жазылатын дискідегі арнайы орын.  
Каталог синонимі директория деп аталады. Ең сыртқы ката-
логты  т‰бір  каталогі  деп  атайды.  Дискі  мен  файл  орналасқан 
каталогтар  тізімі  файлдың  жолы  деп  аталады.  Файлдың  жолы 
файлдың атымен қосылып файлдың толық атын құрайды.  
 
1.2. Wіndows операциялық ж‰йесі 
 
Wіndows операциялық ж‰йесінің негізгі объектілері жұмыс 
‰стелі мен терезе ұғымы.  
Wіndows операциялық ж‰йесін іске қосу: 
Wіndows операциялық ж‰йесі компьютермен бірге автомат-
ты т‰рде іске қосылады.  

 
11
Wіndows  операциялық  ж‰йесінен  шығу:  Есептер  тақтасын-
дағы Пуск командасына басқанда, экранға бас меню тізімі шы-
ғады; 
Жұмысты аяқтау (Завершение работы) деген соңғы бөлімін 
таңдап, тышқанның сол жағын басу керек. Компьютерді өшіру 
(Выключить  компьютер)  деген  терезе  шығады.  ИӘ  (да)  кома-
ндасын басу керек. Біраздан соң Компьютерді өшіруге болады 
деген жазу шығады.  
Wіndows операциялық ж‰йесінің объектілері: 
•  Суретшелер  компьютерде  қолданылатын  объектілер  бел-
гісі. Физикалық құрылғылар да (диск), логикалық құрылымдар 
да  (файл),  құжаттар  да,  қолданбалы  бағдарламалар  және  т.  б. 
да объектілер болып саналады.  
• Бумалар объектілерді топтастыру ‰шін қолданылады, топ-
тастыру құжаттарды реттеу ‰шін қажет. Мысалы, ойындарды, 
іс қағаздарды, хаттарды бөлек бумаларға сақтаса, іздеу оңайға 
т‰седі.  
•  Есептер  тақтасы  экранның  төмен  жағында  орналасқан 
жатық жол, ол арқылы керектіні тез табуға болады.  
• Менің компьютерім — компьютердің барлық жарлықтар-
ды көруге болады, бумаға орналаспай жеке тұрады.  
• Қоржын өшірілген объектілерді сақтауға арналған арнайы 
бума.  
•  Пуск  командасы  бағдарламаны  шақыру  ‰шін  және  ком-
пьютерді өшіру ‰шін қолданылады.  
•  Файлдар — компьютерде  өңделетін  кез-келген  информа-
ция  жазылатын  дискідегі  атауы  бар  арнайы  орынды  файл 
дейді.  Таңба  немесе  символ  т‰рінде  берілген  кез-келген  ақпа-
рат  (мағлұмат,  мәлімет,  деректер)  информация  деп  аталады, 
яғни компьютерде кез-келген бағдарлама, құжат (мәтін, сурет, 
музыка,  кино  және  т.  б.)  файл  т‰рінде  жазылады.  Бумаға  сақ-
талмаған файлдар жұмыс ‰стелінде жеке таңбамен көрсетіледі.  
• Бас меню. Пуск командасын басу арқылы, бас меню тізімі 
ашылады,  ол  компьютердегі  барлық  бағдарламаларды  шақы-
руға жол ашады.  
Бас меню мынадай жолдардан тұрады: 
• Бағдарламалар (Программы) бөлімінде қабаттасқан меню-
лер  орналасқан.  Мысалы, Wіndows-пен  бірге  тағайындалатын 

 
12
қолданбалы  бағдарламалар  Стандартты (Accessorіes`)  деген 
жеке  менюде  жинақталған.  Бұл  бөлім  арқылы  компьютерде 
орналасқан  барлық  қолданбалы  бағдарламаларды  шақыруға 
болады.  
• Құжаттар (Документы). Бұл тізімде жұмыс істеген соңғы, 
құжат тізімі көрсетіледі, басу арқылы, құжат өңдейтін бағдар-
лама  қоса  шақырылады. Wіndows-та  мәтін,  сурет,  музыка 
немесе  кино  және  т.  б.  бағдарламадан  басқа  барлық  файлдар 
құжат деп аталады.  
•  Баптау  (Настройка).  Компьютердегі  құрылғыларды  және 
бағдарламаларды тағайындауға қолданылады.  
•  Іздеу  (поиск).  Керек  файлды  іздеу  ‰шін  қолданылатын 
команда, файл аттары ағылшын әріптерімен берілуі керек.  
• Анықтама (Справка). Wіndows-тің анықтама ж‰йесін ша-
қырады.  
•  Орындау  (Выполнить). Wіndows  операциялық  ж‰йесінде 
тағайындалған  бағдарламаларды  орындау  ‰шін  қажет.  Жаңа 
бағдарлама қондырғанда осы жол таңдалады.  
• Жұмысты аяқтау (Завершение работы). Компьютерді осы 
команда арқылы өшіру қажет, сонда операциялық ж‰йе барлық 
құжаттар  мен  бағдарламаларды  жауып,  жұмысын  дұрыс  аяқ-
тайды.  Басқа  жағдайда  операциялық  ж‰йе  жұмысы 
қиындайды, тіпті істен шығуы да м‰мкін.  
• Терезелер — Терезе ұғымы өте ыңғайлы, әр құжат өз тере-
зесінде  ашылады,  сол  себепті  бір  мезгілде  бірнеше  құжатпен 
жұмыс істеуге болады, керек құжатқа өту ‰шін терезесіне басу 
керек,  терезе  тақырыбы  көк  т‰ске  боялып,  басқа  терезелердің 
бетіне  шығады.  Терезе  (Окно)  менюінің  командалары  арқылы 
экранда терезелердің орналасуын реттеуге болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет