Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1.69 Mb.
Pdf просмотр
бет1/23
Дата06.03.2017
өлшемі1.69 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ғылым туралы 
ұлттық баяндама
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АСТАНА–АЛМАТЫ, 2014 
 


 
ББК 72,3 
А 12 
 
 
ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  
ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ 2012 ЖЫЛҒЫ 21 ТАМЫЗ  
№ 369 ЖАРЛЫҒЫМЕН ШЫҒАДЫ 
 
 
 
 
 
Редакциялық алқа төрағасы 
ҚР ҰҒА президенті, академик М. Ж. ЖҰРЫНОВ 
 
 
 
Редакциялық алқа мүшелері: 
Т. И. Есполов – ҚР ҰҒА академигі, профессор  
Ғ. М. Мұтанов – ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор 
С. Ж. Пірәлиев – ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор 
Ж. М. Әділов – ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор 
Ж. Ә. Арзықұлов – ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор 
 
 
 
 
 
 
Ғылым туралы Ұлттық баяндама. – Астана; Алматы, 2014. – 219 б. 
 
ISBN 9965-25-129-0 
 
2013  жылғы  Ғылым туралы  Ұлттық  баяндамада  әлемдік  және  отандық  ғылым-
ның барынша қол жеткізген жетістіктері мен олардың даму үрдістері енгізіліп отыр. 
Ұлттық  баяндамада  «Шикізат  пен  өнімді  терең  өңдеу»;  «Елдің  зияткерлік 
әлеуеті»;  «Ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологиялар»,  «Энергетика», 
«Өмір  туралы  ғылымдар»  сияқты  ғылымның ғылыми-техникалық  дамуының  басты 
бағыттарына арналған материалдар мазмұндалған. 
Қазақстан  Республикасының  ғылыми-техникалық  әлеуетін  талдау  мынадай 
көрсеткіштер  бойынша  жүргізілді:  ғылымды  қаржыландырудың  көлемі  және 
деректемелері;  ғылыми, ғылыми-техникалық кәсіпорындар мен мекемелердің саны; 
олардың  материалдық-техникалық  базаларының  жай-күйі;  ғылыми  кадрлардың 
біліктілігі және саны; орындалған ҒЗТКЖ көлемі. 
 
ISBN 9965-25-129-0 
 «Қазақстан Республикасының 
                                                                 Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ,  2014 
 


 
 
1. КІРІСПЕ 
 
Әлемнің  жетекші  елдерінің  қарыштап  дамуы  постиндустриалды 
экономиканың,  ал  кейіннен  жаңа  экономиканың  –  білім,  инновация, 
жаһандық  ақпараттық  жүйелер  экономикасының,  зияткерлік  еңбек  пен 
ғылымның,  жаңашыл  технологиялар  экономикасының  қалыптасуына  алып 
келді.  Жаңа  экономиканың  негізін  жинақталған  адамзат  капиталы  құрайды. 
Ол өз кезегінде бүгінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым 
бөлігі,  еліміздегі  стратегиялық  маңызды  ресурстар  әрі  мемлекет  дамуының 
ауқымды міндеттерін іске асырудағы негізгі базис болып табылады. 
Ел  Президенті  Н. Ә. Назарбаев  өзінің  «Қазақстан  жолы  –  2050:  бір 
мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  2014  ж.  17  қаңтардағы  Қазақстан 
халқына  Жолдауында  Қазақстанның  әлемдегі  дамыған  отыз  ел  қатарына 
қосылуы бойынша нақты міндеттерді айқындап берді. 
Осы үдеріске Қазақстан ғылымы айтарлықтай үлес қосуы тиіс. 
Елбасы айтып өткендей: «Ғылымға негізделген экономиканың құрылуы 
– ең алдымен, қазақстандық ғылым әлеуетінің жоғарылауы». 
Осыған  байланысты  ғылыми  саланың  дамуының  жаңа  векторлары 
белгіленді: 
– ғылымды тікелей экономикамен, инновациямен байланыстыру,  
– ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру мен өндіріске енгізу,  
– еліміздің  үдемелі  индустриалды-инновациялық  дамуы  аясындағы 
нақтылы жобалардың санын көбейту. 
Республикадағы  ғылыми  саланың дамуында  соңғы  жылдар  өзгерістерге 
толы  болды.  Қазақстан  Республикасының  «Ғылым  туралы»  Заңына  сәйкес 
ғылымды  басқару  мен  қаржыландырудың  озық  халықаралық  тәжірибеге 
мейлінше  бейімделген  жаңа  механизмдері  іске  қосылды.  Олар  ғылыми 
саланың  дамуына  қолайлы  жағдай  қалыптастырып,  ғалымдардың 
бастамашылдық  танытуына  дем  беріп,  ғылыми  идеяларды  жүзеге  асыру 
мүмкіншіліктерінің аясын кеңейте түсті. 
Ғылымды  басқарудың  жаңа  жүйесінің  негізгі  құрылымдарының  – 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  жанындағы  Жоғары  ғылыми-техникалық 
комиссиясының,  ҚР  БжҒМ  Ғылым  комитеті,  ғылым  дамуының 
басымдықтары  бойынша  Ұлттық  ғылыми  кеңестердің  (ҰҒК),  «Мемлекеттік 
ғылыми-техникалық  сараптама  ұлттық  орталығы»  АҚ  (МҒТС  ҰО)  жұмысы 
жолға қойылды. 2013 жылы ЖҒТК бекіткен ғылым дамуының 2011-2013 жж. 
арналған бес басым бағыты бойынша ғылыми зерттеулер жүзеге асырылды: 

 
энергетика;  

 
шикізат пен өнімді терең өңдеу;  

 
ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар; 

 
өмір туралы ғылымдар;  

 
зияткерлік әлеует. 


 
2013 жылы 22 шілдеде ЖҒТК отырысында ғылым дамуының 2014-2016 
жылдарға  арналған  басым  бағыттары  мақұлданды.  Осы  орайда  алғашқы  екі 
басымдыққа өзгертулер енгізілді: 
– энергетика және машина жасау,  
– табиғи  ресурстардың  ұтымды  пайдаланылуы,  шикізат  пен  өнімді 
өңдеу. 
Ғылыми  жобаларды  іріктеудің  жаңа  жүйесі  бойынша  шетелдік 
сарапшыларды  қатыстыра  отырып,  2013-2015  жылдары  гранттық 
қаржыландыруға  арналған  4-конкурс  өткізілді.  Конкурсқа  берілген 
ұсынымдар санының өсуі зерттеушілер белсенділігінің артып келе жатқанын 
көрсетеді.  2012  жылғы  алғашқы  конкурсқа  1990  зерттеуші  қатысқан  болса, 
соңғы конкурсқа 2744 ұсыным берілді. Олардың ішінде ҰҒК шешімімен 435 
жоба  қабылданды.  Бағдарламалық-нысаналы  қаржыландыру  бойынша  2013 
жылы  13  бюджеттік  бағдарлама  администраторының  101  ғылыми-
техникалық  бағдарламасы  (министрлік,  агенттік)  жүзеге  асырылды.  Іске 
асырылған  бағдарламалар  аясында  2013  жылы  342  қорғау  құжаты  алынды, 
307  әзірлеме  енгізілді,  6484  ғылыми  мақала  жарияланды.  Қазақстандық 
ғалымдардың 
рейтингі 
жоғары 
халықаралық 
басылымдардағы 
жарияланымдық  белсенділігі  едәуір  өсті:  2011  жылы  –  894,  2012  жылы  – 
1405,  2013  жылы  –  1874  жарияланым  жасалды.  Бұған  ғалымдардың  әлемдік 
ақпараттық  ресурстарға  –  Тhomson  Reuters,  Springer,  Elsevier  базаларына 
шыға алу мүмкіндіктері септігін тигізеді.  
Ғылымға бөлінетін қаржы көлемі айтарлықтай ұлғайды: ол 2,5 есеге дейін  – 
2010 жылы 20 миллиард теңгеден 2013 жылы 53 миллиард теңгеге дейін өсті.  
Осылайша,  мысалы,  2012  жылы  гранттық  қаржыландыру  14,5  миллиард 
теңгені, ал 2013 жылы 18,1 миллиард теңгені құрады.  
Бағдарламалық-нысаналы  қаржыландыру  2012  жылы  23  миллиард  теңге, 
2013 жылы 28 миллиард теңгені құрады. 
«Қазақстан  жолы  –  2050»  Жолдауда  ғылымды  қаржыландыруды  кезең-
кезеңімен өсіріп, ЖІӨ-нің 3%-ына дейін жеткізу қарастырылған.   
Кадрлық қамсыздандыру ісі біршама тұрақтады. Ғылыми қызметкерлер саны 
ұдайы өсумен келеді: 2009 жылғы 15,8 мыңнан қазір 23,7 мыңға жетті. 
Жастар ғылымға бет бұра бастады. 35 жасқа дейінгі ғалымдардың үлесі 38%-ға 
дейін, ал 45 жасқа дейінгілердің үлесі 56%-ға дейін өсті. 
2011  жылдан  бастап,  республикада  ғылыми  кадрлар  дайындаудың  жаңа 
жүйесі  –  PhD  докторантура  жұмыс  істей  бастап,  бір  ғана  PhD  философия 
докторы  ғылыми  дәрежесі  белгіленді.  Философия  докторларын  дайындау 
еліміздегі  ірі  университеттерде  іштей  оқу  формасы  бойынша  жүргізілді:  2013 
жылы 13 жоғары оқу орнында 29 диссертациялық кеңес, 2014 жылы 24 жоғары 
оқу  орнында  52  диссертациялық  кеңес  жұмыс  істеді.  465  докторант  оқуын 
аяқтап, олардың ішінде 217 докторанттың ғылыми дәрежесі бекітілді. Сондай-ақ 
қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын беру 
жүйесі де жолға қойылды. 


 
Жыл  қорытындылары  бойынша  ғылыми  зерттеулердің  нәтижелілігі  мен 
тиімділігі  ҒЗЖ  жөніндегі  есептерді  мемлекеттік  сараптамадан  өткізу,  ҰҒК 
ғылыми  жобалардың  жүзеге  асу  барысы  мен  жағдайының  мониторингін, 
форсайттық  зерттеулерді  ұйымдастырып,  өткізу  негізінде  анықталады.  2013 
жылдың  нәтижелері  бойынша  есептері  төмен  бағаланған  47  жоба  ары  қарай 
қаржыландыруға ұсынылмады. 
Сонымен  қатар  2013  жылы  МҒТС  ҰО-нда  «Ғылым  мен  технологиялар 
саласындағы  жүйелі  талдау  және  болжау»  форсайттық  жобасы  іске  асырылды. 
Жоба Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының ғылыми және технологиялық 
басым  бағыттарын  анықтауға,  талдауға,  олардың  ҚР  ЖҒТК  белгілеген  5 
басымдыққа  сәйкестігін  айқындауға  бағытталған.  Жоба  бойынша  жұмыс 
барысында  ғылыми-техникалық  ақпаратқа,  мемлекеттік  органдардың 
есептеріне,  отандық  және  халықаралық  жетекші  зерттеу  ұйымдары  мен 
«үлкен төрттіктің» консалтинг компанияларының сараптамалық шолуларына 
талдау  жасау,  библиометрикалық  және  патенттік  іздестірулер  жүргізу, 
өнеркәсіптік  кәсіпорындардың  есептерін  талдау  жүзеге  асырылды.  Жоба 
кеңесшілерінің  қатарында  форсайттық  зерттеулер  саласындағы  жетекші 
халықаралық  сарапшылар  бар:  Корей  ғылым  мен  технологияларды  бағалау 
және  жоспарлау  институтының  өкілдері  (KISTEP),  Манчестер  университеті, 
Финляндия академиясы. 
Қазіргі  уақытта  ғылым  саласындағы  басым  бағыттардың  бірі  әлемдік 
ғылым кеңістігіне кірігу болып табылады. 
Ғылым  мен  техника  саласында  Ұлыбритания,  АҚШ,  Қытай,  Корея,  Жапония, 
Германия,  Франция,  Польша,  Ресей,  Украина  және  т.б.  елдермен  30-дан  астам 
мемлекетаралық  келісімдер  жасалды.  Осындай  интеграцияның  маңызды 
құралы  –  бірлесіп  ғылыми  зерттеулер  жүргізу,  халықаралық  ғылыми  жобалар 
мен бағдарламаларға қатысу. Мысалы, Назарбаев Университетінде ЛСА Жапон 
компаниясы  күн  фотоэлектрлік  жүйесін  пайдалана  отырып,  экологиялық  таза 
энергияны  енгізу  жобасын  жүзеге  асыра  бастады.  Л. Н. Гумилев  атындағы 
Еуразия  ұлттық  университетінің  ғалымдары  Ядролық  зерттеулер  біріккен 
институтымен  (ЯЗБИ)  ынтымақтастықта  табысты  жұмыс  істейді.  Үндістанмен 
ғылыми-техникалық  ынтымақтастық  жөнінде  меморандумға  қол  қойылды. 
Келісім  бойынша  үнді  тарапынан  Л. Н. Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 
университетінде заманауи суперкомпьютер орнатылды. 
Президент  тапсырмасына  сәйкес  дарынды  шетелдік  ғалымдарды  жұмысқа 
тарту  бойынша,  соның  ішінде  үздік  қазақстандық  ғалымдарды  елімізге  қайта 
оралуға ынталандыру бойынша жұмыстар атқарылуда.  
Отандық  ғалымдардың  ауқымды  халықаралық  жобаларға  қатысуы  үшін 
жағдайлар  жасалып  жатыр.  Халықаралық  ғылыми-техникалық  орталықтың 
(ХҒТО) Орталық кеңсесі қазір Астана қаласында орналасқан. Мұның аймақтық 
ғылымның дамуына тиімді әсер етері сөзсіз. 
2013 жылы Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға 
алғаш келген кезде Қазақстан мен Ұлыбритания жас ғалымдарының ғылыми 
зерттеулер саласындағы ынтымақтастығын нығайту бойынша бағдарламаның 


 
іске  қосылғандығы  жарияланған.  «Ғылыми-зерттеу  әріптестігін  дамыту» 
атты  бесжылдық  әріптестік  бағдарламасы  Қазақстанда,  сонымен  қатар 
әлемнің 18 елінде жүзеге асырылатын болады. 
Ғылым  мен  техника  саласындағы  Мемлекеттік  сыйлық,  ҚР  Білім  және 
ғылым министрлігінің 6 атаулы сыйлығы, мемлекеттік ғылыми стипендиялар 
(50  –  жас  ғалымдарға  арналған,  25  –  көрнекті  ғалымдарға  арналған) 
ғалымдарды  ғылыми  жұмысты  сапалы  жүзеге  асыруға  айтарлықтай 
ынталандырады. 
2013  жылы  республикамыздың  14  жетекші  ғалымы  ғылым  мен  техника 
саласындағы  Мемлекеттік  сыйлық  лауреаттары  атанды:  математика  саласы 
бойынша  –  ҰҒА  академигі  Т. Ш. Қалменов,  медицина  саласы  бойынша  – 
Нейрохирургия 
ғылыми 
орталығының 
ҰҒА 
корреспондент-мүшесі 
С. Қ. Ақшолақов 
бастаған 
ұжымы, 
география 
бойынша 
– 
ҰҒА 
корреспондент-мүшесі  А. Р. Медеу  бастаған  География  институтының  бір 
топ ғалымдары. 
Қазақстанда,  әлемдік  және  отандық  ғылымның  неғұрлым  айтарлықтай 
жетістіктерін  және  олардың  даму  үрдістерін  талдауды  қамтитын  жыл 
сайынғы  шолу-талдау  жұмыстарын  дайындау  және  баспадан  шығару  «ҚР 
Ұлттық  Ғылым  академиясы»  РҚБ-ның  (бұдан  әрі  –  ҚР  ҰҒА)  өкілеттігін 
ғылыми-техникалық  саясат  шеңберінде  айқындайтын  «Ғылым  туралы»  ҚР 
Заңының 8-бабы 3-тармағына сәйкес орындалады. 
Қазақстан  Республикасының  ғылыми-техникалық  әлеуетін  бағалауды 
жүргізуде көмекке келген негізгі көрсеткіштерге мыналар жатады: ғылымды 
қаржыландырудың  көлемімен  қайнар  көзі;  ғылыми,  ғылыми-техникалық 
өндіріс  пен  мекемелердің  саны;  олардың  материалдық-техникалық 
базаларының  жай-күйі;  ғылыми  кадрлардың  саны  және  біліктілігі; 
орындалған ҒЗТКЖ көлемі. 
Осы талдауды қорыта келе және Қазақстанда бар ғылыми мектептер мен 
ғылыми  әлеуетті  сондай-ақ  елдің  индустриалды-инновациялық  даму 
басымдықтары есепке ала отырып ғылыми дамуының барлық басымдықтары 
осы  ғылым  туралы  Ұлттық  баяндамада  көрініс  тапқан  (бұдан  кейін  – 
Баяндама). 
2012 ж. 
бастап, 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н. Ә. Назарбаевтың  2012  жылғы  21  тамыздағы  №369  жарлығына  сәйкес 
Баяндаманың  құрылымы  елеулі  өзгерді  және  ғылымның  барлық  бес  басым 
бағыты бойынша неғұрлым маңызды материалдарды қамтыды.  
2013 жылғы Баяндаманың құрылымы:  
1) кіріспе – Баяндаманың мақсаты;  
2) ғылыми-метрикалық 
талдау 
ұсыныла 
отырып 
қазақстандық 
ғылымның жалпы сипаттамасы; 
3) ғылыми әлеуеттің жай-күйін, ғылыми ұйымдардың сапалық құрамын, 
жоғары  оқу  орындарын,  білім  беру  дербес  ұйымдарын,  ғылыммен 
айналысатындарды,  отандық  ғылыми  кадрларды  даярлау  сапасын,  шетелдік 
ғалымдарды  тарту,  сондай-ақ  Қазақстанда  ғылыми  зерттеулер  жүргізу  үшін 


 
инфрақұрылымдарды  талдау  (инженерлік  сала  зертханасын  қоса  алғанда, 
ұжымдық  пайдаланудағы  ұлттық  ғылыми  зертханалар,  ғылыми-зерттеу 
институттары және басқа да ғылыми ұйымдар); 
4) мемлекеттік  бюджет  қаражатынан  жүзеге  асырылатын  ғылыми 
зерттеулер  мен  әзірлемелерді  қаржыландыруды  талдау,  жеке  сектордан 
ғылымға қаржы құралдарын тарту; 
5) Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  жанындағы  Жоғары  ғылыми-
техникалық комиссия айқындайтын ғылымды дамытудың басым бағыттарын 
негіздеу; 
6) Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  жанындағы  Жоғары  ғылыми-
техникалық комиссия айқындаған ғылым бағыттары бойынша басымдылығы 
бар іргелі және қолданбалы зерттеулердің іске асырылуын талдау; 
7) қазақстандық  ғылым  жетістіктерін  (ғылыми  және  (немесе)  ғылыми-
техникалық  қызметтің,  ендірілген  әзірлемелердің  неғұрлым  елеулі 
нәтижелері),  ғалымдардың  зерттеу  белсенділігі  көрсеткіштерін  (дәйексөзге 
алыну  индексі,  жарияланымдар  саны,  ғалымдар  жарияланатын  импакт-
фактор  журналдары,  олардағы  сілтемелер  саны,  патенттік  белсенділік) 
талдау; 
8) ғылымды,  жаңалық  ашуды  және  шетелдік,  халықаралық  ғылыми 
ұйымдармен  ғылыми-техникалық  келісімдерді  іске  асыру  нәтижесінде 
қазақстандық  ғылымда  қол  жеткізілген  жетістіктерді  дамытудағы  әлемдік 
үрдістерді талдау; 
9) коммерцияландыру  технологияларының  тетіктері  мен  ғылыми  және 
(немесе)  ғылыми-техникалық  қызметтің  нәтижелері,  ғылымды,  өнеркәсіпті 
және бизнес-қауымдастықты интеграциялау, ғылымның елдің экономикасын 
дамытуға  үлесі  мен  ғылыми  және  (немесе  ғылыми-техникалық  қызмет) 
нәтижелерінің  ықпалын  бағалау,  жалпы  ішкі  өнімнің  өсуіне  талдау  жасау 
арқылы ұлттық инновациялық жүйені дамыту; 
10) ғылымды  және  ғылыми-техникалық  қызметті  басқару  бойынша 
салалық уәкілетті органдардың қызметіне талдау жасау; 
11) ұлттық ғылыми жүйені бұдан әрі дамыту бойынша тұжырымдар мен 
ұсыныстар; 
12) әдебиет;  
13) глоссарий. 
Ғылым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге 
асыру мәселелері бойынша №6 бөлімнің авторлары: 
- «Елдің зияткерлік әлеуеті» бағыты бойынша - ҚР ҰҒА корреспондент-
мүшесі.,  г.-м.ғ.д.  М. А. Мұхамеджанов;  ҚР  ҰҒА  корреспондент-мүшесі., 
х.ғ.д. О. Ж. Жүсіпбеков; х.ғ.д., проф. М. К. Алдабергенов; ҚР ҰҒА академигі, 
ф.-м.ғ.д.  Б. Н. Мұқашев;  ф.-м.ғ.д.  Х. А. Абдуллин;  ф.-м.ғ.д.,  проф. 
Б. Е. Қанғожин,  ф.-м.ғ.д.  С. Т. Мұхамбетжанов;  ҚР  ҰҒА  президенті, 
академик М. Ж. Жұрынов және т.б.; 
- «Ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологиялар»  бағыты 
бойынша - т.ғ.д. Д. Ж. Ахмед-Зәки; т.ғ.д. У. А. Төкеев;  


 
- «Энергетика» 
бағыты 
бойынша: 
т.ғ.д. 
М. Б. Көшімбаевтің 
жетекшілігімен  авторлық  ұжымы  («Академик  Ш. Ш. Шөкин  атындағы 
Энергетика ҚазҒЗИ» АҚ); 
- «Өмір  туралы  ғылымдар»  бағыты  бойынша:  ҚР  ҰҒА  корреспондент-
мүшесі.,  м.ғ.д.,  профессор  Ж. А. Арзықұловтың  жетекшілігімен  авторлық 
ұжымы  («А. Н. Сызганов  атындағы  Ұлттық  хирургия  ғылыми  орталығы» 
АҚ); 
- «Шикізат  пен  өнімді  терең  өңдеу»  бағыты  бойынша:  ҚР  ҰҒА 
академигі.,т.ғ.д.,  профессор  А. А. Жәрменовтың  жетекшілігімен  авторлық 
ұжымы  («ҚР  минералды  шикізатты  кешенді  қайта  өңдеу  жөніндегі  ұлттық 
орталық» РМК); т.ғ.д. Т. Абаканов. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. 
    (Ғылым өлшемдік талдау) 
 
Соңғы  жылдары  Қазақстанда  мемлекеттік  деңгейде  ғылымның  әлеуетін 
көтеруге  айрықша  көңіл  бөлініп,  ғылымның  нақты  салаларында  іргелі  және 
қолданбалы  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  кеңінен  қолға  алынып,  ғылыми-
техникалық зерттемелер барынша жүргізіле бастады.  
Тәуелсіздік  жылдары  Қазақстан  ғылымы  жан-жақты  дамып,  жоғары 
деңгейге  көтерілді.  Осы  ретте  ғылымның  маңызды  салалары  болып 
табылатын  математика,  плазмалық  физика  және  жоғарғы  қуат  энергиясы, 
биотехнология,  геология,  металлургия,  химия  технологиялары  және  т.б. 
салалары бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткіздік. 
2013  жылы  Қазақстандағы  341  ғылыми  мекеменің  [1-2]  бәрі  ғылыми-
зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізген (2.1 cурет).   
 
 
2.1-сурет. Ғылыми зерттеулер мен зерттемелерді тип бойынша орындаған ұйымдар, бірл. 
 
Қазақстан  Республикасы  Статистика  агенттігінің  келтірген  мәліметтері 
бойынша,  2013  жылы  Қазақстандағы  ғылыми  зерттеулері  мен  өңдеулерді  
орындаған  қызметкерлердің  жалпы  саны  23 712  адамды  құрады.  Олардың 
арасында  зерттеуші-маман  17,2  мың  адамды  (72,6%)  құраса,  техникалық 
қызметкерлер  3,6  мың  (15,2%)  болды,  ал  өзге  қызметкерлердің  үлесі  2,9  мың 
(12,2%) адамға жетті.   
2013  жылы  жоғары  оқу  орындарындағы  өңдеулер  және  ғылыми 
зерттемелер орындаушылар мен қызметкерлердің саны едәуір өскен. Дәл осы 
жылы  олардың  жалпы  саны  11 828  адамды  (49,9%,)  құрады.  Олардың 
арасында  зерттеуші-мамандардың  саны  –  9 208  (77,8%).  Ал  зерттеу 
барысында  2012  жылы  5,2  мың  адам  немесе  38,5%-ды  құрағанын  байқауға 
болады.    
 
Қазақстан  ғылымының  дамуын  Web  of  Science  мәліметтер  қоры 
бойынша библиометриялық бағалау 
Қазіргі  таңда  ғылымның  тиімділігін  бағалайтын  ғылыми  пікірлер, 
критерийлердің ауқымы кеңейіп, ғылыми жұмысқа жан-жақты талдау жасап, 
дәл  бағалайтын  мүмкіндік  туып  отыр.  Солардың  арасында  ғылымды 
бағалаудың  маңызды  көрсеткіші  –  библиометриялық  талдау  болып 

10 
 
табылады. Библиометриялық бағалауда библиографиялық мәліметтер қорына 
(МҚ)  кешенді  талдау  жүргізіледі.  Әлемдік  ғылыми  ортада  зор  беделге  ие 
болған  ғылыми  журналдарда  қай  елдің  ғалымдары  қаншалықты  мақала 
жарияласа,  сол  елдің  ғылымы  тиісінше  дамыған  болып  саналады.  Осындай 
сараптамалық  талдауларды  жасап,  қай  елдің  ғылымды  дамытуда  қаншаншы 
орында  тұрғанын  және  ғылымды  дамытудағы  рейтингі  қандай  дәрежеде 
екенін  анықталады.  Мұндағы  бағалаулар  мен  рейтингді  айқындауда 
ғалымдардың  халықаралық  ғылыми  журналдарға  жариялаған  материалдары 
басшылыққа алынатынын айтуға тиіспіз [3,4].  
Қазақстандағы  ғылымның  даму  деңгейін  анықтау  үшін  Web  of  Science 
халықаралық  ақпараттық  ресурсына  кең  көлемде  библиометриялық  талдау 
жасалынды.  Аталған  ақпараттық  ресурсқа  бүгінде  әлем  бойынша  рейтингісі 
жоғары 12 мыңнан астам рецензиялық журналдар еніп отыр. Зерттеу жұмысы 
барысында  Web  of  Science  мәліметтер  қорына  енген  Science  Citation  Index 
Expanded;  Social  Sciences  Citation  Index;  Arts  &  Humanities  Citation  Index; 
Conference Proceedings Citation Index- Science; Conference Proceedings Citation 
Index-Social  Science  &  Humanities  жан-жақты  талдау  жасалынды.  Ғылыми 
журналдарды  бағалауда  ISI  Web  of  Knowledge  –  Journal  Citation  Reports 
платформасындағы  библиометриялық  анықтама,  статистикалық  мәліметтер 
пайдаланылып,  ғылыми  журналдарда  жарияланған  мақалалар  сарапқа 
салынды.  Зерттеу  барысында  хронологиялық  көрсеткішке  де  ерекше  назар 
аударылып,  2009-2013  жылдары  және  13.05.2014  кезеңдерде  жарияланған 
ғылыми мақалалар талданды. 
Белгіленген  мерзім  аралығына  зерттеу  жүргізгенімізде  Web  of  Science 
мәліметтер  қорына  10 214 314  ғылыми  мақала  жарияланғаны  мәлім  болды. 
Олардың  арасынан  жаратылыстану,  гуманитарлық  және  әлеуметтік 
ғылымдар  бойынша  жарияланымдар  бар.  Осы  ретте  ғалыми  ақпараттық 
ресурсқа  дүниежүзінің  233  елінің  ғалымдары  ғылыми  мақалаларын 
жариялағанын айта  кетуіміз керек. Зерттеу барысында  жарияланған  ғылыми 
жұмыстардың 75%-ы дүниежүзіндегі жетекші 10 елдің үлесіне тиіп, олардың 
әрқайысы  300  000  мақала  жариялағаны  мәлім  болды.  Бұл  ретте  АҚШ  көш 
бастап  тұр.  Американдық  ғалымдар  ақпараттық  ресурстағы  ғылыми 
мақалалардың  үштен  бір  бөлігіне  иелік  етсе,  екінші  орында  11,9%-дық 
көрсеткішпен  Қытай  тұр.  Ғылыми  мақала  жариялауда  көшбасшы  елдердің 
қатарында  Германия  (6,4%),  Англия  (6,4%)  және  Жапония  (5,2%)  сынды 
дамыған елдерді де көруге болады (2.1-кесте). 
Қазіргі таңда Орталық Азия аймағы елдері ғаламдық геосаяси кеңістікте 
өз  орнын  айқындап,  дамудың  даңғыл  жолына  түсіп  келеді.  Аталған 
аймақтағы  дамушы  елдер  экономикалық  өсім  мен  дамуға  қол  жеткізу  үшін 
жоғары  білімді  дамытып,  ғылыми-зерттемелерді  күшейтіп  ғылымның 
тиімділігін  арттыруға  күш  салуда.  Бұл  бағытта  ғылымды  дамытудың  тиімді 
жолына,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  сараптаудың  жағдайына  және 
ғылымды бағалаудың әдістемелеріне жан-жақты талдау жүргізіп келеді.  

11 
 
2.1-кесте. Web of Science мәліметтер қорына 2009-2013 жылдар аралығында  
ғылыми мақала жариялаған елдердің рейтингі 
 
№ 
Мемлекеттер 
Жарияланымдар 
саны 
10214314  
% үлесі 



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет