Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


 Информатикада білімді бағалау критерийі



жүктеу 1.71 Mb.
Pdf просмотр
бет13/19
Дата18.03.2017
өлшемі1.71 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

3.8. Информатикада білімді бағалау критерийі 
Оқушылардың білімін бағалау мәселелері  
Білімдерді,  ептіліктер  мен  дағдыларды  бағалау  –  бұл 
оқушылардың  қол  жеткізген  нәтижелерін  оқу  бағдарламасында 
сипатталған  түсінік  эталонымен,  балдың  шартты  белгісі  -  бағамен 
салыстыру үрдісі.  
Кесімді баға оқушының аралық немесе аяқталған жетістіктерін, 
сабақтағы  ұқыптылығы  мен  тәртібін  білдіреді.  Әдетте  5  балдық 
шаманың бір мәнімен қойылады. 
«5» - толық біледі  (үздік) 
«4» - жеткілікті біледі (жақсы); 
«3» - жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық); 
«2» - білмейді (қанағаттанарлықсыз). 
Білімді  рейтинг  жүйесімен  бақылау  арқылы  теңдеулі  оқу 
жүйесінің  жағымсыз  тұстарын  түбімен  жоюға  болады.  Нәтижесінде 
үздіктердің,  жақсы  оқитындардың  және  т.б.  орташаланған  топтары 
жойылады.  Олардың  орнына  «бірінші»,  «бесінші»,  «жүзінші»  пайда 
болады.  Рейтингтің  көмегімен  оқылған  тақырып  бойынша  лайықты 
емес 
(лайықты) 
баға 
алу 
мүмкіндігі 
жоғалады, 
себебі 
қорытындылаушы баға оқушының оқу барысындағы барлық кезеңінің 
жұмысын ескереді (реферат жазуы, олимпиадаға қатысуы және т.б.).  

 
118 
Баға  қою  критерийлері.  Оқушылардың  білімін  бақылау 
бағамен  тығыз  байланысты.  Тіпті,  баға  оқушылардың  білімін 
бақылауға  аса  қажетті  элемент.  Оқушының  жалпы  көңіл-күйі  әділ 
бағаға,  оң  нәтижеге  тәуелді,  демек,  оның  бұдан  кейінгі  оқуға  деген 
талпынысы, алатын білім сапасы да бағаға байланысты.  
Білімді  бағалау  кезінде  оқу  материалын  меңгерудегі  негізгі 
сапалық  сипаттамасын  ескерген  жөн:  оқушылардың  білімі  мен 
ептілігі,  олардың  толықтығы,  беріктігі,  оларды  алуан  түрлі  жағдайда 
пайдалана  білуі,  терминологияны  және  белгілеп  жазу  арнайы 
тәсілдерін игеруі.  
Бағалау нәтижелері ауызша жауап беру немесе жазбаша жұмыс 
жасау  кезінде  жіберілген  кемшіліктердің  болуына  және  олардың 
түрлеріне 
байланысты. 
Кемшіліктердің 
ішінде 
қателерді, 
толықсыздықты және ұсақ кемшіліктерді атап кетуге болады.  
Баға қоюды келесі критерийлермен нақтылауға болады:  
«5»-тік бағасы оқушыға келесі жағдайларда қойылады:  
-
 
материалды ауызша да, жазбаша да қателіксіз айта білсе; 
-
 
бағдарламаға  сәйкес  білімді,  ептілік  пен  практикалық 
дағдыларды толық мөлшерде игерген болса; 
-
 
материалды ауызша да, жазбаша да тиісті орындап, мәтіндегі 
негізгі  тұстарды  бөліп  бере  алса,  өзгертіліп  қойылған  сұрақтарға 
кідірмей жауап бере алса; 
-
 
материалды  түгелдей  орындап,  жазбаша  жұмыстарда  қателік 
жібермесе; 
-
 
алған білімдерін тәжірибеде еркін пайдалана алса.  
«4»-тік бағасы оқушыға келесі жағдайларда қойылады:  
-
 
бағдарламалық материалдан білім алса; 
-
 
материалды  саналы  түрде  орындап,  бірақ  оның  негізгісін 
үнемі бөліп айта алмаса;  
-
 
алған  білімін  тәжірибеде  пайдаланып,  бірақ  өзгертіліп 
қойылған сұраққа жауап беруге қиналса; 
-
 
ауызша  және  жазбаша  жауап  беру  кезінде  нақтылықты 
жоғалтып, мұғалімнің ескертулерін лезде жоя білсе.  
«3»-тік бағасы келесі жағдайларда қойылады:  
-
 
бағдарламалық  материалдан  білім  алып,  бірақ  оны  өздігінен 
орындауда  қиналып,  мұғалімге  қосымша  нақтылаушы  сұрақтарын 
қойса; 
-
 
еске түсіретін сұрақтарға жауап беруді ұнатса; 
-
 
өзгертілген сұрақтарға жауап беруге қиналса; 
-
 
ауызша да, жазбаша да жауаптарында қателіктер жіберсе. 
  «2»-лік бағасы келесі жағдайда қойылады:  

 
119 
-
 
оқушы материалды басқаша түсінсе; 
-
 
ауызша  да,  жазбаша  да  жауаптарында  өрескел  қателіктер 
жіберсе.  
3.9. Семинар/практикалық сабақтарын өткізуге ұсыныстар 
Тақырыбы: «Оқушылардың білім диагностикасы» 
Мақсаты:  
1)
 
информатика  сабағында  білім  мен  біліктілігін  тексеретін 
әдістері мен формаларына талдау; 
2)
 
информатикадан  жеке  тұлғаға  бағытталған  бақылау 
тапсырмаларын дайындау дағдысын қалыптастыру. 
I.  Таңдаған  жеке  тапсырмаңыз  бойынша  баяндаңыз.  Өз 
тапсырмаңыз бойынша сабақ фрагментін демонстрациялаңыз. 
1.
 
Информатикадан  өзіндік  жұмыстарды  жүргізу  әдістемесі, 
олардың түрлері мен ерекшеліктері. 
2.
 
Өзіндік жұмыстардың тапсырмаларын даярлау. 
3.
 
Сынақ жүргізу әдістемесі. 
4.
 
Бақылау  жұмысы,  информатикадан  бақылау  жұмыстарын 
жүргізу ерекшеліктері . 
5.
 
Сұраудың әртүрлілігі. 
6.
 
Тестілеу жүргізу (компьютерлік және компьютерлік емес). 
7.
 
Үй тапсырмаларының түрлері, оларды тексеру әдістемесі. 
8.
 
Диктант жазғызу. 
II.  Тапсырманы  орындаңыз,  тапсырма  дайындалған  тақырып 
бойынша  информатикадан    қолданылған  оқулық    пен  авторының 
атын көрсетіңіз. 
1.
 
Тексеру жұмысын әзірлеңіз. 
2.
 
Тест әзірлеңіз. 
3.
 
Диктант әзірлеңіз. 
4.
 
Бақылау жұмысын әзірлеңіз. 
III.  Бақылаудың  дәстүрлі  емес    формасының  сипаттамасын 
дайындаңыз және оған сәйкес сабақ фрагментін әзірлеңіз. 
1.  Білім  мен  біліктілікті  тексеретін  және  есепке  алатын 
дәстүрлі емес сабақтар: викторина - сабақ, сынақ- сабақ, ойын- сабақ 
(КВН,  «Не?  Қайда?  Қашан?»,  «Таңғажайыптар  алаңы»,  «Бақытты 
сәт»), конкурс-сабақ,  конференция- сабақ, зерттеу жұмысы бойынша 
есеп  беру,  білім  сайысы-сабағы,  жарыс-сабақ,  шығармашылық  есеп 
беру-сабағы, эстафета- сабақ 
2.  Дәстүрлі  емес  сабақ  элементтері:  интернет-тестілеу, 
информатикалық  лабиринт,  сөзжұмбақтар  мен  басқатырғыштарды 
шешу т.с.с. 

 
120 
3  Оқу  жетістіктерін  бағалаудың  дәстүрлі  емес    формалары: 
шығармашылық  жұмыстар  мен  жобаларды  қорғау  ,  портфолио  – 
оқушының  білімдік  жетістіктер  өнімдерінің    жиынтығы  ретінде  (іске 
асқан жобалар ) . 
IV.  Оқушылардың  білімін  бақылайтын  және  тексеретін 
әдістер мен формалардың классификациясының схемасын жасаңыз. 
Әдебиеттер: 
8.
 
Бочкин  А.И.  Методика  преподавания  информатики.  — 
Минск: Вышэйшая школа, 1998. 
9.
 
Малев  В.В.  Общая  методика  преподавания  информатики.  – 
Воронеж: ВГПУ, 2005. – 271 с 
10.
 
Лапчик  М.П.  и  др.  Методика  преподавания  информатики.  – 
М.: Академия, 2001. – 624 с. 
11.
 
Қойбағарова  Т.Қ.,  Ельтинова  Р.А.  Информатиканы  оқыту 
әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 
195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.  
12.
 
Хуторской  А.В.  Современная  дидактика.  –  СПб.:  Питер, 
2001.– 544с. 
 
 
 
 

 
121 
4-тарау. Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс 
Сыныптан  тыс  жұмыс  оқушының  жеке  тұлғасын  дамытудың 
маңызды  құралдарының  бірі  болып  табылады.  Сондықтан 
«Информатика  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыс»  тақырыбы  келешек 
информатика мұғалімін  кәсіби дайындау үшін үлкен маңызы бар.  
Педагогикалық  маман  үнемі  шығармашылық  ізденісті,  кәсіби 
деңгейін  көтеруді,  жетілдіруді  талап  етеді.  Информатика  мұғаліміне 
бұл  айтылғандар  тіпті  ең  үлкен  дәрежеде  қатысты.  Сондықтан 
информатика  мұғалімі  үздіксіз  кәсіби  басылымдарды  қадағалуы, 
Интернеттің ақпараттық ресуртарын пайдалануы, т.с.с. қажет. 
4.1. Сыныптан тыс жұмыстың дидактикалық негіздері   
4.1.1. Информатиканы оқуды ізгілендіру және қоғамдандыру  
Ізгілендіру  (орысш.  –  гуманизация)  ––  білім  берудің  негізгі 
міндеті  мен  мәні,  оқушының  даралығын  дамытуды  жариялайтын  – 
жаңа педогогикалық ойлаудың түйінді элементі. 
Информатиканы  ізгілендіру  –  білімді  ізгілендіруінің  құрамдас 
бөлігі, оны гуманистік негізге ауыстырады. Осы ауысу білім берудегі 
қайшылықтарды  шешуге,  қоғам  дамуының  белгілі  бір  кезеңінде 
әлеуметтік  тапсырысты  орындауға  және  жақсы  нәтижеге  жетуге 
мүмкіндік  береді.  Осы  ретте  информатикадан  алған  білім  жалпы 
мәдениетті компоненттің ажырағысыз бөлігі болып табылады [27].  
Информатиканы  ізгілендіру  барысында  мына  шарттар  жүйесі  
орындалады деп болжанылады: 
1)
 
информатиканың 
адамға, 
оны 
қызығушылықтарына, 
қажеттіліктері мен қабілеттіліктеріне жақындауы; 
2)
 
әлем туралы біртұтас білімді құру; 
3)
 
шығармашылықты  ынталандыру  және  қолдау,  өз  ойын  айту 
және өзін-өзі таныту үшін түрлі әрекеттер түрін ұйымдастыру 
Информатиканы  қоғамдандыру  (орысш.  –  гуманитаризация)  – 
кез келген қоғамдық шарттарға дағдыландыратын, оқушыға белсенді, 
шығармашылық  ерікті  адам  болуға  және  білім  берудің  жалпы 
мәдениетті компоненттің дамуына бағытталған шаралар кешені. 
Мектеп  курсындағы  информатиканы  қоғамдандыру  мына  
бағыттарда өтуі мүмкін: 
1.
 
Информатикаға 
гуманитарлық 
негіз 
енгізу 
(тарихи 
элементтерді  қолдану  –  идеяларды  шығарушылармен  танысу, 
информатиканың 
ғылым 
ретінде 
аяқтануы 
және 
дамуы, 
информатиканың философиялық бастамаларын ашу). 
2.
 
Информатиканы 
оқыту 
әдістемесінде 
гуманитарлық 
ғылымдарға тән стиль, әдістер мен формаларды енгізу.  

 
122 
а) гуманитарлық пәндерден мағлұматтарды қолдану (өлеңдерді, 
суреттердің 
репродукцияларын, 
нақыл 
сөздерді, 
сабақтарға 
эпиграфтар  және т.с.с); 
в) ертегі, диспут, ой жүгірту сабақтарын енгізу. 
3. 
Информатиканы  адамға  және  әлеуметтік  тұрмысқа 
жақындату: 
а) информатиканың қолданбалық әдістер аймағын көрсету,  
б)  информатикада  алынған  білімді  күнделікті  тәжірибеде 
қолдану, 
в)  информатиканы  игеруде  жеке  дараның  маңыздылығын 
көрсету,  
г) информатика мен гуманитарлық ғылымдардың, информатика 
мен  жаратылыстану  ғылымдарының  бірлесуі,  информатиканың  ішкі 
бірлесуі (бірлескен сабақтар,  бірлескен  курстар,  объектіні және  оның 
бейнесін тұтастай оқу сабақтары).  
4.  Шығармашылықтың  әртүрлі  бағыттарымен  ынталандыру, 
жеке дара қабілеттіліктерін жүзеге асыруға жағдай жасау және дербес 
шығармашылыққа себепші болу арқылы: 
а) шығармашылық, зертеу жұмыстарының жүйесін енгізу, 
б)  тәжірибеге  оқушылардың  жеке  даму  ерекшеліктерін  есепке 
алатын жеке тапсырмаларды дайындау және енгізу. 
в) сыныптан тыс жұмыстың әртүрлілігі және жүйелілігі. 
Ізгілендіру мен қоғамдандырудың мына сатыларын ерекшелеуге 
болады: 
1.
 
Сабаққа  әдебиетпен,  тарихпен,  музыкамен  байланысты 
эмоционалды  сәттерді  енгізу.  Бүкіл  сыныпқа  кейбір  тақырып 
бойынша  шығармашылық  тапсырма  беру.  Сабақта  сыныптан  тыс 
жұмыстың жеке элементтерін енгізу. 
2.
 
Біріктірілген,  дәстүрлі  емес,  практикалық,  объект  мен 
бейнені  қабылдаудың  тұтастығына  бағытталған  жеке  сабақтарды 
дайындау.  Көптеген  тақырыптар  бойынша  тәжірибелік  және 
шығармашылық  жұмыстарды  енгізу.  Сабақта  сыныптан  тыс  жеке 
шаралар өткізу. 
3.
 
Гуманитарлық негізде жеке курстарды жасау. Бағдарламаның 
тақырыптары  бойынша  жалпы  ой-өрістің  дамуына  бағытталған 
шығармашылық 
сараланған 
тапсырмалар 
дайындау. 
Сынып 
ауқымында  жүргізілетін  сыныптан  тыс  жұмыстың  формаларын 
жүйелеу және ұйымдастыру.  
4.
 
Информатикадан  білім  алуды  әсерлі,  эмоциялық,  жалпы 
мәдени  күйге  бағыттау.  Мектеп  информатикасының  тақырыптары 
бойынша  шығармашылық  сараланған  тапсырмаларды  жүйелеу.  Білім 

 
123 
алудың бүкіл курсы бойынша сыныптан тыс жұмысты жүйелеу және 
ұйымдастыру. 
5.
 
 Сабаққа  «енгізілетіндерді»  біртұтас  кешенге  түйістіру  – 
олар: 
жеке 
алынған 
дәстүрлі 
емес 
сабақтар, 
сараланған 
шығармашылық,  практикалық  және  зерттеу  жұмыстары,  сыныптан 
тыс жұмыстың жүйесі және бағдарламалық материалдар. 
Барлық  сатыларда  оқушылардың  мақсатты  әрекеттеріне  және 
шығармашылығына жағдай жасау өте маңызды. 
Шығармашылық – қоғамдандыру мен ізгілендірудің өзегі болып 
табылады және де тек оқушы ғана емес, оқытушы да «шабыттанады».  
Оқытушы, кепілді нәтиже алу үшін икемді педагогикалық технология 
түрінде  –  қолдану  тәртібі  анықталған,  қайталанатын  педагогикалық 
әрекеттердің  және  құралдардың  инварианттық  жүйесін  жасайды. 
Оның ерекшеліктері: 
-
 
оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін ескеру; 
-
 
оқу  материалын  қабылдағанда  шамадан  тыс  эмоциалы  және 
интеллектілі жүктемелеу мүмкін емес; 
-
 
сынып  ұжымында  жағымды  рухани-психологиялық  ахуалды 
қамтамасыз ету. 
Оқытушының  міндеті  –  оқушылардың  алдында,  олардың 
қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне икемделген әрекеттердің әртүрлі 
спектрін ашу, шығармашылығын және ізденістерін  мадақтау. Оқушы 
таңдау,  өзіне-өзі  сенімді  болу,  өзінің  жеке  даралығын  көрсету 
құқығына  ие.  Сондықтан  оқытушы  оған  өзінің  қабілеттілігін  саналы 
түсінуіне көмектесіп, қолдау жасап еліктіруі қажет.  
Информатика пәнінің бағдарламасында, мектеп оқулықтарында, 
және  оқытудың  қалыптасқан  әдістемесінде  ұсынылған  талаптар 
«орташа»  оқушыға  мөлшерленген.  Алайда,  оқушылардың  деңгейлік 
жіктелуі  байқалады:  біреулері  оқу  материалын  оңай  және 
қызығушылықпен  қабылдайды,  біреулері  қанағаттанарлық  нәтижеге 
ие, енді біреулері информатиканы аса қиындықпен түсінеді. 
Мұның бәрі информатиканы оқытудың жекелендіруіне тіреледі. 
Оның бірі– сыныптан тыс орындалатын жұмыс. 
Сыныптан тыс жұмыстың мәні 
Сыныптан  тыс  жұмыс  –  сабақтан  тыс  уақытта,  баланың  жеке 
тұлғасын  әлеуметтендіруін  қамтамасыз  етуге  қажетті  жағдай 
жасайтын, 
оқытушының 
оқушылармен 
әртүрлі 
іс-әректтерін 
ұйымдастыру [35].  
Сыныптан  тыс  жұмыс  –  оқу  бағдарламаның  шеңберіне 
кірмейтін және оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін әртүрлі тәрбиелік-
оқытушылық іс-шаралар.  

 
124 
Сыныптан  тыс  жұмыс  ұғымы  –  мәні  кең  және  бірмағыналы 
емес, оған мазмұны, қызметі, өткізу әдістемесі, басқару әдістері және 
формалары  бойынша  әртүрлі  сабақтар  кіреді.  Мысалы:  пән 
үйірмесінің отырысы, сыныптан тыс оқылым, мектеп мерекесін  және 
кештерін  өткізу  сияқты  шаралар  сыныптан  тыс  жұмысқа  жатады. 
Кейбір  жағдайда  (үйірме,  сыныптан  тыс  оқу)  оны  оқытушы 
басқарады,  басқа  жағдайларда  (бос  уақытты  ұйымдастыру,  көңіл 
көтеретін шаралар) өзін-өзі басқару негізінде оқушылар басқарады. 
Осыған  байланысты  «сыныптан  тыс  жұмыс»  ұғымын  саралау 
қажеттілігі  туындайды,  ол  үшін  педагогикалық  әдебиетте  және 
практикада  –  «оқудан  тыс  жұмыс»  және  «сабақтан  тыс  жұмыс» 
терминдері қолданылады. 
Сабақтан  тыс  жұмыс  –  мақсаты,  мазмұны  және  әдістері 
бойынша  оқу  үрдісімен  шектеседі,  оның  сабақтан  тыс  кезіндегі 
жалғасы болып табылады және үнемі ерікті түрде бола бермейді.  
Оның  жоспарлануында  және  ұйымдастырылуында  анықтаушы 
рөлді  ұстаз  атқарады.  Бұған  мысал:  пәндік  оқытушының  қабілетті 
оқушылармен  бағдарламалық  материалдан  алған  білімдерін  кеңейту 
және  тереңдету  және  нашар  оқитындардың  білімін  түзету  бойынша 
өткізетін жұмыстар  
Оқудан  тыс  жұмыс  –  мұғалімдердің,  сынып  жетекшілерінің 
бағыттаушы  рөлінің  арқасында,  көбінесе  оқушылар  ұжымында 
белсенді  және  өздерін-өзі  басқару  негізінде,  сыныптан  тыс 
жүргізілетін сабақтар. 
Сыныптан  тыс  жұмыс  –  оқушыларға  кеңінен  позитивті  әсер 
ету  мүмкіндігі  бар  және  оқытушының  сабақтағы  жұмыспен 
байланыстыра  отырып,  оқу-әдістемелік  өрісте  өз  бетімен  жасайтын 
әртүрлі іс-әрекеттердің жиыны болып саналады.  
Информатика  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыс  компьютерлер 
және  ақпараттық  технологиялар  ұсынатын  мүмкіндіктердің  және 
құралдардың әртүрлілігіне байланысты  – пәнаралық болатынын атап 
өту  қажет.  Сыныптан  тыс  жұмыста,  информатика,  физика,  ағылшын 
тілі,  еңбек,  география  және  т.б.  сабақтары  бойынша  компьютерлік 
әдістер  аса  табысты  қолданыла  алады.  Осындай  сыныптан  тыс 
жұмыстың ерекшелігі – қызығушылығы әртүрлі оқушыларды мұндай 
сабақтар  біріктіреді,  оларды  информатика  және  өтіп  жатқан  сәйкес 
пәннің  оқытушысы  жүргізеді,  өйткені  басқа  пәннің  мұғалімдері 
ақпараттық технологияны жеткілікті түрде  біле бермейді. 

 
125 
4.1.2. Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты және міндеттері 
Мектептің  тәрбие  жұмысының  құрамдас  бөлігі  болып 
табылатын  сыныптан  тыс  жұмыс  оқыту  мен  тәрбиелеудің  жалпы 
мақсаты  –  баланың  өмірге  және  қоғамға  қажет  әлеуметтік 
тәжрибені  игеріп  алуына  және  қоғам  қабылдаған  құндылықтар 
жүйесін қалыптастыруға бағытталған
Сыныптан  тыс  жұмыс  мына  міндеттердің  орындалуына 
бағытталған [35]: 
1.
 
Баланың  өзіндік  оң  –  «Мен-  концепциясын»  қалыптастыру
ол мына факторлармен сипатталады: 
а)  басқа  адамдардың  оған  деген  тілектестігі,  қарым-қатынасы 
жақсы екеніне сенімділігі; 
б)  баланың  тақырыпты  және  басқа  шұғылданатын  жұмысын 
дұрыс меңгере алатындығына сенімділігі; 
в)  өзін  тұлға  ретінде  сезінуі.  Оң    «Мен-  концепциясы»  баланың 
өзіне  деген  позитивтік  қатынасын  және  әрі  қарай  жеке  тұлға  ретінде 
дамуына негіз болатын, өзін-өзі бағалау әділдігін  сипаттайды. 
Түрлі  сабақтан  тыс  әрекеттер  оқушының  сабақта  көрінбейтін 
жеке  дара  қабілеттерінің  ашылуына  мүмкіндік  береді.  Сабақтан  тыс 
жұмыстардың әртүрлілігі оқушының өздігінен жүзеге асыруына, өзін-
өзі  жоғары  бағалауына,  сенімділігін  арттыруға  жағдай  жасайды. 
Оқушының  түрлі  сабақтан  тыс  жұмыстарға  қатысуы  оның  жеке 
тәжірибесін  байытады,  адам  әрекетінің  түрлілігі  жайлы  білім  береді, 
қажетті тәжірибелік дағды мен шеберлігін  қалыптастырады. 
2.
 
Ынтымақтастық 
дағдыларды 
қалыптастыру 
және 
ұжымдық өмірге тәжірибе жинау үшін қолайлы шарттарды жасау. 
Оқу  еңбегі  өзінің  ерекшелігіне  байланысты  ұжымның  топтасуына 
қолайлы  негіз  бола  алмайды.  Ал,  сыныптан  тыс  әрекеттер,  ұжымды 
ұйымдастыруға  қолайлы  жағдай  жасайды.  Мұнда  оқушылар  өзара 
жан-жақты қарым-қатынаста болады. Сыныптан тыс жұмыстың түрлі 
формаларында  оқушылар  өздерінің  жеке  дара  қабылеттіліктерін 
көрсетіп,  ұжымда  өмір  сүруге  үйренеді.  Сонымен  қатар,  сыныптан 
тыс  жұмыстар  белгілі  бір  аспектілерде  оқушылардың  ұжымдық 
қарым-қатынас  тәжірибесін  байытады,  осының  бәрі  үлкен  оқу-
тәрбиелік нәтиже береді. 
3.
 
Әлеумет 
қолдайтын, 
тиімді 
әрекеттерді 
жасау 
қажеттілігін  қалыптастыру.  Қажетті  дағдылар  мен  іскерліктер, 
әрекеттерің формаларымен мен тікелей танысу оған деген ынтасының 
жеке  бейімділігіне  сай  икемдеу  арқылы  қалыптастырылады. 
Сыныптан тыс жұмыста іскерлікті қалыптастыруға және қажет болса 
өз  бетінше  оны  ұйымдастыруға  шарттар  құралады.  Қазір  қоғамға 

 
126 
қайшы  өмір  сүретін  (нашақорлық,  маскүнемдік,  қылмыс  жасау) 
жасөспірімдер  санының  өсуіне  байланысты  әлеумет  қолдайтын  іс-
әрекеттерді жасауды қалыптастыру - өзекті мәселе. 
4.
 
Көзқарастың  өнегелі,  эмоциалды,  жігерлі  компоненттерін 
қалыптастыру.  Сыныптан  тыс  жұмыстарда  өнегелі  түсініктерді 
меңгеру 
арқылы 
мінез-құлықтың 
адамгершілік 
нормалары 
меңгеріледі. 
Эмоциялық 
өріс 
шығармашылық 
әрекеттерде 
эстетикалық ұсыну арқылы қалыптасады.  
5.
 
Танымдылық ынтаны дамыту. Сыныптан тыс жұмыстардың 
осы  түрі,  оқу  мен  оқудан  тыс  жұмыстардың  сабақтастығын 
бейнелейді.  Себебі  сыныптан  тыс  жұмыс  сабақтағы  оқу-тәрбиелік 
жұмыспен  байланысты,  ең  ақырында  оқу  үрдісінің  тиімділігін 
арттыруға бағытталған. 
Сыныптан  тыс  жұмыстардың  аясында  оқушылардың  ынтасын 
тәрбиелеу,  мына  маңызды  мінтеттерді  –  оқушылардың  мамандықты 
таңдауына  және  оларды  еңбекке  дайындалуына  шешуімен 
байланысты.  Сыныптан  тыс  жұмыстардың  әртүрлілігі  оқушылардың 
кәсіби ынталарының  пайда болуының  негізгі көзі болып табылатыны 
белгілі, оларға арнайы білім, іскерлік, дағдыны жинауға, таңдап алған 
әрекет аумағында өз күшін тексеруге  көмектеседі. 
6.
 
Оқушылардың  бос  уақытын  ұйымдастыру.  Қазіргі  кезде 
балаларды бақылаусыз қалдырудан келетін зардаптың алдын алу үшін 
педагогикалық  ұйымдастырылған  ықпалдың  уақытын  ұзарту  өте 
маңызды. Оқушылардың мінез-құлқымен олардың бос уақытын қалай 
өткізуінің  арасында  тәуелділік  бар  екені  белгілі.  Педагогикалық 
бақылаусыз  қалған  оқушылар  көбінесе  үйірмелерге  қатыспайды, 
қоғамдық тапсырмалары жоқ, мектеп пен сынып өміріне қызықпайды.  
Үлгермейтін  оқушыларды  оқудан  басқаға  назарын  аударуға 
болмайды  деген  пікір  бар.  Бірақ  бұл  дұрыс  емес,  өйткені  дәл  сол 
оқушыларға  өздерінің  бос  уақытын  тиімді  пайдалануына  көмектесу 
керек. Информатика үлгерімі нашар оқушыларға орасан зор мүмкіндік 
береді. 
Айтылып  өткен  міндеттер  сыныптан  тыс  жұмысының  негізгі 
мүмкіндіктерін  және  бағыттарын  анықтайды.  Шынайы  тәрбиелік 
жұмыста  олар  сыныптың  ерекшеліктеріне,  ұстаздың  өзіне,  жалпы 
мектептік    оқудан  тыс  жұмыстың  ағымына  байланысты  нақтыланып 
дәлденеді.  
Каталог: modules -> kaf -> inf -> images
kaf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
kaf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
kaf -> Ерғалиев Қуаныш Советұлы Ерғалиева Самал Жанатқызы КӘсіби қазақ тілі «Дене шынықтыру және спорт»
kaf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
images -> А. Ж. Асамбаев криптография негіздері


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет