Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


 Семинар/практикалық сабақтарын өткізуге ұсыныстар



жүктеу 1.71 Mb.
Pdf просмотр
бет16/19
Дата18.03.2017
өлшемі1.71 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

4.5. Семинар/практикалық сабақтарын өткізуге ұсыныстар 
Тақырыбы: 
«Мектепте  информатикадан  сыныптан  тыс 
жұмыстар» 
Мақсаты:  
1)  оқушының  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуындағы  сыныптан 
тыс жұмыстардың мүмкіндіктері мен  функцияларын оқып үйрену;  
2) 
сыныптан 
тыс 
шараларды 
дайындау 
біліктілігін 
қалыптастыру. 
Қарастырылатын сұрақтар: 
1.
 
Сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен түрлері. 
2.
 
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері. 
3.
 
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі. 
Дәптерде орындаңыз: 
1.
 
Таңдаған тақырыбыңыз бойынша сыныптан тыс жұмыстарға 
қажетті материалдарды  даярлаңыз. 
2.
 
Сыныптан тыс шаралардың жоспарын даярлаңыз. 
Ғылыми-практикалық  конференция 
 
Тақырыбы «Информатиканы оқыту кезеңдері мен деңгейлері» 
Қарастырылатын сұрақтар: 
1.
 
Информатиканы  мектепке  дейінгі  жүйелер  мен  жанұя 
тәрбиесінде оқыту. 
2.
 
Информатиканың 
пропедевтикалық 
курсы: 
мақсаты, 
міндеттері, оқыту әдістемесінің ерекшеліктері. 
3.
 
Негізгі  мектеп:  мақсаты,  міндеттері,  оқыту  әдістемесінің 
ерекшеліктері. 
4.
 
Жоғарғы сыныптар: мақсаты,міндеттері, оқыту әдістемесінің 
ерекшеліктері. 
5.
 
Информатика  курсының сабақтастығы. 
6.
 
Информатиканы қосымша  және коррекциялық оқыту. 
7.
 
Арнайы  сұраныстағы оқушыларға информатиканы оқыту. 
8.
 
Мектеп оқушыларының психологиялық, физиологиялық, жас 
ерекшеліктері. 
9.
 
Информатканы 
кәсіптік 
бағдар 
бойынша 
оқытудың 
деңгейлері мен ерекшеліктері. 
10.
 
Информатика  саласында  біліктілікті  жоғарылату  мен  қайта 
даярлау. 
Әдебиеттер: 
13.
 
Бочкин  А.И.  Методика  преподавания  информатики.  — 
Минск: Вышэйшая школа, 1998. 

 
147 
14.
 
Қойбағарова  Т.Қ.,  Ельтинова  Р.А.  Информатиканы  оқыту 
әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 
195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.  
15.
 
Лапчик  М.П.  и  др.  Методика  преподавания  информатики.  – 
М.: Академия, 2001. – 624 с. 
16.
 
Малев  В.В.  Общая  методика  преподавания  информатики.  – 
Воронеж: ВГПУ, 2005. – 271 с 
17.
 
Малев В.В., Малева А.А. Внеклассная работа по информати-
ке. — Воронеж: ВГПУ, 2003. — 152 с. 
 

 
148 
5-тарау. Информатика кабинеті  
5.1.  Информатика  кабинетінің  үйымдастыру-әдістемелік 
жұмыс істеу шарттары 
5.1.1. Информатика кабинетінің қызметі 
Информатика  кабинеті  –  бұл  оқыту  есептегіш  техника 
кешенімен  (ОЕТК),  интерактивті  тақтамен,  оқу-көрнекі  құралдармен, 
оқу  жабдықтарымен,  жиһазбен,  ұйымдастырушылық  техникамен, 
сонымен 
қатар, 
информатика 
курсы 
бойынша 
теориялық, 
практикалық және сыныптан тыс факультативтік сабақтарды, басқа да 
білім беру пәндерін ақпараттық технологиялардың көмегімен өткізуге 
жабдықталған  заманауи  білім  беру  мекемесінің  оқу-тәрбиелік 
бөлімшесі.  
Информатика  кабинеті  мына  міндеттерді  орындауға 
арналған: 
 -  оқушылардың  заманауи  есептегіш  техниканың  құрылысы, 
қызметі және пайдалану саласы туралы білімдерін қалыптастыру; 
-
 
ЭЕМ-нің  көмегімен  есептерді  шешу  ептіліктері  мен 
дағдыларын  қалыптастыру,  заманауи  ЭЕМ-ді  бағдарламалық 
қамсыздандыруды  және  ақпараттық  ресурстармен  жұмыс  жасауға 
пайдалану;  
-
 
оқушыларды  есептегіш  техниканың  өндірісте,  жобалау-
құрастыру  ұйымдарында,  ғылыми  мекемелерде,  оқу  үрдісінде  және 
басқаруда қолданылуымен таныстыру; 
-
 
оқу мекемесіндегі оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру және 
оқыту әдістерін жетілдіру [17, 28]. 
Информатика кабинетінде мына шараларды:  
-
 
информатика  сабағын  және  жаңа  ақпараттық  технологиялар 
құралдарын (ЖАТҚ) пайдалану арқылы оқу пәндерін өткізуге;  
-
 
оқушылардың  мұғалімдер  немесе  мектеп  басшылығының 
тапсырмасы  бойынша  мектептің  және  кәсіпорындар  қорының 
мұқтаждығын 
қанағаттандыратын 
қолданбалы 
бағдарламалар 
құрастыруына; 
-
 
ЖАҚ  құралдарын  пайдалану  арқылы  сыныптан  тыс  және 
факультативтік сабақтарды өткізуге болады.  
Информатика  кабинетінде  өтетін  сабақ  табысты  болуы  үшін 
оқу-тәрбиелік  үрдістің  арнайы  шарттарын  құру  қажет,  олардың 
құрамына  өзара  байланысқан  құрамдас  компоненттер  кіреді,  атап 
айтқанда:  

 
149 
материалдық  (сабақ  өтетін  орын;  мұғалім  мен  оқушының 
жұмыс орны;  оқу-көрнекі құралдар және оқу жабдықтары; оқытудың 
техникалық құралдары);  
а)
 
гигиеналық 
(санитариялық 
шарттар; 
температуралық, 
жарықтық және ауа режімі);  
б)
 
эстетикалық (кабинеттің безендірілуі); 
в)
 
эргономикалық
г)
 
қауіпсіздік техникасы.  
Информатика кабинетінде сыныптан және мектептен тыс 
жұмыс  жасау.  Кабинетте  жұмысты  ұйымдастыру  кезінде  ДЭЕМ-ді 
тиімді  әрі  қарқынды  пайдаланған  дұрыс.  Информатика  курсының 
бағдарламасы  бойынша  өтетін  міндетті  сабақтардан  қалған  бос 
уақытты  кәсіптік  оқыту  және  оқушылармен  үйірмелі  жұмыс  жасау 
үшін пайдаланған абзал.  
Сабақтан тыс уақытта кабинетте мына шараларды:  
-
 
оқушыларға әртүрлі  салалар бойынша, әсіресе АКТ (ақпарат 
іздеу,  жұмысты  рәсімдеу  және  т.б.)  пайдаланумен  байланысты 
жобалау әрекетін ұйымдастыру және кеңес беру; 
-
 
АКТ  құралдарына,  басқа  ресурстарға  қолжетімділік  және 
жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларына және қызметкерлеріне 
оны  пайдалануда  көмек  беру  (оқушылардың  танымдық  және 
дамытушылық  әрекеті,  сабақ  әдістемелерін  әзірлеу,  әдістемелік 
материалдарды,  ғылыми  әзірлемелерді,  есептік  және  диагностикалық 
құжаттаманы,  оқытушылық  және  қоғамдық  іш-шараларға  арналған 
материалдарды және т.б. дайындау);  
-
 
АКТ-нің көмегімен консультативтік және сабақтан тыс көмек 
көрсету (үйірмелер, пәндік зертханалар, байқаулар мен олимпиадалар 
ұйымдастыру,  тәрбиелік  жұмыстың  және  жасөспірімдердің  жеке 
тұлғасын  әлеуметтендіру  бойынша  әрекеттің  басқа  формалары  және 
т.б.);  
-
 
АКТ-ні  пайдаланып,  мектепішілік  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының жұмысын (Интернеттегі жаңартылып отыратын мектеп 
беті, газеттер, журналдар, бейнематериалдар, кабинеттерді безендіру);  
-
 
мектептегі компьютерлік клубтарда балалардың бос уақытын 
(мысалы,  программистер  клубы,  Интернет-клуб,  бастауыш  сынып 
оқушыларына  арналған  компьютер,  компьютерлік  тұсаукесер  клубы, 
компьютерлік шахмат клубы және басқалар) ұйымдастыруға болады.  
Информатика  кабинетінде  қашықтықтан  оқыту  ұйымдас-
тырылады,  сондай-ақ  телекоммуникациялық  жобаларға  қатысуға 
мүмкіндік бар (оқушыларға да, мұғалімдерге де) және мұғалімдер мен 
оқушылардың сабақтан тыс қызметінің басқа да формалары.  

 
150 
Жалпы  айтқанда,  кабинет  психологиялық,  гигиеналық  және 
эргономикалық  жайлы  орта  болуы  шарт,  мұғалім  мен  оқушылардың 
денсаулығын  сақтау  және  еңбек  қауіпсіздігі  талаптары  толықтай 
қамтамасыз  етіліп,  нәтижелі  сабақ  беруге,  оқушылардың  ақпараттық 
мәдениетін  қалыптастыруға  және  ақыл-ойын  дамытуға,  информатика 
пәні  және  ғылым  негіздері  бойынша  берік  білім,  ептіліктер  мен 
дағдыларды игеруге ыңғайлы болуы тиіс.  
5.1.2. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар 
Информатика  курсы  мен  басқа  да  жалпы  бiлiм  беретiн 
жекелеген  пәндердi  оқытуда  жаңа  ақпараттық  технологиялық 
құрылғыларды  пайдалану  барысында  информатика  кабинетiнiң 
құрамына келесi құралдар  және құжаттар енедi: 

 
Психологиялық-педагогикалық,  эргономикалық  және  техни-
калық  талаптарды  қанағаттандыратын  оқу-есептеу  техникасының 
жиынтығы. 

 
Арнайы жиһаз бен оргтехника. 

 
Информатика  кабинетiнде  жұмыс  iстеу  барысында  техника 
қауiпсiздiгiн  сақтауды  қамтамасыз  ететiн  құрылғылар  мен  құрал-
жабдықтар.  

 
Болашақта  әлемдiк  деңгейде  және  аймақтық  телеком-
муникациялық  желiлердi  жүйелеудi  қамтамасыз  ететiн  құрылғылар 
мен  құрал-жабдықтар  (компьютерлiк  желiлер  мен  телефондық, 
теледидарлық, спутниктiк байланыс құралдарының синтезi). 

 
Информатикадан  ғылыми,  оқу-әдiстемелiк,  анықтамалық 
әдебиеттер кешені. 

 
Жалпы  білім  беретін  пәндерді  жүргізу  үшін  арналған 
(электрондық  оқулықтар,  энциклопедиялар,  оқыту  бағдарламалары, 
ойын  бағдарламалары)  компакт-дискілеріндегі  мультимедиалық 
шығармалар. 

 
Информатика  кабинетінде  қауіпсіздік  техника  ережесінің 
бұрышы. 

 
Информатика кабинетінен эвакуация жоспары. 

 
Өртті сөңдіру құралдары. 

 
ҚР  Денсаулық  сақтау  министрінің  бұйрығымен
1
 бекітілген 
«Дербес  компьютерлерге,  бейнетерминалдарға  және  олармен    жұмыс 
істеу  жағдайларына  қойылатын  санитариялық-эпидемиологиялық 
талаптар»  санитариялық ережесі; 

 
Алғашқы  көмек  көрсету  аптечкасы,  оның  құрамында 
дәрігерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң мына түрлерi болуға тиіс: 
                                                 
1
 Соңғы бұйрық 2010.28.09 күні № 767 бекітілген. 

 
151 
Дәргерлiк  құралдар  мен 
дәрi-дәрмектiң түрi 
Қолданылуы 
Саны 
Жеке  таңуға  арналған  ан-
тисептикалық пакеттер 
Таңу үшiн 
3 дана 
Бинттер 
Жарақатты таңу үшiн 
3 дана 
Пакеттегi мақта 
Жарақатты сүрту, таңу мақсатында  3 дана 
Қан кетудi тоқтату орамы  Қан кетудi тоқтату мақсатында 
1 дана 
Йод ерiтiндiсi 
Жарақаттың,  жараның,  iсiктiң  жан-
жағына жағу үшiн 
1 флакон 
Нашатыр спиртi 
Естен  танып  қалған  жағдайда 
мақтаға  2-3  тамшы  тамызып,  мұр-
нына иiскету 
1 флакон 
2-4%  бор  қышқылының 
ерiтiндiсi 
Көздi  шаю  үшiн,  күйген  жағдайда 
көздi сүрту үшiн 
1 флакон 
1%  спирттiк  брилиантты 
жасыл ерiтiндi 
Терiдегi  әртүрлi  жарақатқа,  жараға 
жағу үшiн 
1 флакон 
Кардиомин 
Орталық  нерв  жүйесiн,  жүрек 
соғысын,  тыныс  алуды  қалпына 
келтiру  үшiн  25  тамшы  (1  шәй 
қасық) 
1 флакон 
Резина қолғап 
 
1 пар 
Калий 
магранциялық 
қышқылы (марганцовка) 
Терi  сыртының  жарақатына  жағу 
үшiн 
1 флакон 
Жабысқақ пластырь 
 
1  дана 

 
Информатика кабинетінің құжаттары: 
1)  Қалалық  (аудандық)  басқармаларының  СЭС–ымен  берілген 
рұқсат. 
2) Кабинеттің паспорты. 
3) Оқу жылына информатика кабинетiнiң дайындық актiсi. 
4) Өткен жылы информатика кабинетiнiң жұмысына талдау. 
5) Кабинеттің даму және жұмыс жоспарлары (мектеп директоры 
бекітеді). 
6) Информатика  кабинетінің жұктемесінің графигі. 
7)  Оқытудың  техникалық  құралдары  тiркелген  инвентарлық 
журнал. 
8)  Әрбір  дербес  компьютерді  қолдану  жұмыс  орнының  журна-
лы. 
9)  Машиналардың  істен  шығу  және  жөндеуде  тұрғанын  тіркеу 
журналы. 
10)  Оқушыларға  техника  қауiпсiздiгi  бойынша  кiрiспе  және 
деңгейлi нұсқаулардың өтiлуiн қадағалау журналы. 
11)  Бағдарламалық  жабдықтаманың  тізімі  (электрондық 
оқулықтар және т.б.). 

 
152 

 
Қазақстан  Республикасы  орта  бiлiм  беру  жүйесiн 
ақпараттандырудың  Мемлекеттiк  бағдарламасын  жүзеге  асырушы 
мына нормативтiк-ұйымдастырушылық құжаттары: 
1) ҚР “Бiлiм туралы” Заңы;  
2) 
Қазақстан  Республикасы  орта  бiлiм  беру  жүйесiн 
ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы;  
3)  орта  бiлiм  беру  жүйесiн  ақпараттандырудың  аймақтық 
бағдарламасы; 
4)  мектеп  ішінде  оқыту  процесін   ақпараттандыруын  даму 
бағдарламасы; 
5) 7-11-сыныптарға арналған информатикадан мемлекеттiк бiлiм 
стандарты; 
6) сыныптар бойынша информатикадан оқу бағдарламалары; 
7)  7-11-сыныптарға  арналған  информатикадан  күнтiзбелiк-
тақырыптық жоспар; 
8) сабақтан тыс жұмыстарының оқыту бағдарламалары; 
9) дарынды балалармен жұмыс істеу бағдарламасы. 

 
«Информатика» курсы бойынша базалық және мамандыққа 
баулу бағыттарына негiзделген мына бағдарламалық құралдар: 
1)  информатикадан  дидактикалық  материалдарына  тақырыптық 
картотекасы; 
2) оқушылардың компьютерде өзіндік жұмысын ұйымдастыруға 
арналған әрбір тақарып бойынша материалдардың жинағы; 
3)  әрбір  сынып  бойынша  тексеру,  бақылау  жүмыстарының 
мазмұнымен  (кіру  және  шығу  үзіктері,  тақырыптық,  жартыжылдық) 
талдаулары; 
4) сынып бойынша тестік тапсырмалар; 
5) информатикадан олимпиадалық тапсырмалар; 
6) 
информатикадан 
бақылаушы 
және 
жаттығушылық 
бағдарламалар. 

 
Мектептің  оқыту  процесін  ақпараттандыруын  дамыту 
құжаттары: 
1)  Педагогикалық  ұжымды  компьютерлік  сауаттылыққа 
оқытудың  бағдарламасы,  мектеп  бойынша  бұйрық,  оқытылатын 
мұғалімдердің тізімі (мектеп директорымен бекітілген). 
2) Internet-ті пайдалану және жұмыс істеу журналы. 
3)  Жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолданып  әртүрлі  оқыту 
тәртіптерін жұргізу журналы мен графигі. 

 
153 
5.1.3. Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру 
Информатика  кабинетіндегі  жұмысты  ұйымдастыру  үшін 
мектеп  директорының  бұйрығымен  информатика  мұғалімдерінің 
ішінен информатика кабинетінің меңгерушісі тағайындалады. 
Кабинет  меңгерушісі  кабинетті  жабдықтау,  мұғалімдер  мен 
оқушылардың есептеуіш техника құралдарын пайдалану жұмыстарын, 
информатика  және  басқа  оқу  пәндерін  оқытудағы  ақпараттық 
технологияны  ұйымдастырушысы  болып  табылады.  Мектептің  оқу 
жоспарына  сәйкес  кабинетті  жабдықтаудың  алдағы  уақыттағы 
жоспарын жасайды. 
Сонымен  қатар,  оқу-әдістемелік  көрнекі  құралдармен  және 
оқыту  техникалық  құралдарымен  толықтыру  шараларын,  кабинеттегі 
бар  жабдықтар  мен  есептеуіш  техника  құралдарының  сақталуын 
жауапкершілікпен қарайды. 
Кабинет  меңгерушісі  инвентеризациялық  жазу  журналын 
жүргізуге,  жабдықтардың  қолдануға  әрқашан  даяр  тұруын,  ЕТ-ның 
профилактикалық техникалық қызмет көрсетуінің өз уақытында және 
ұқыпты  болуын,  ДЭЕМ-ның  істен  шығу  жағдайында  оларды  тіркеу 
және 
жөндеуін 
ұйымдастыру, 
информатика 
кабинетінде 
санитариялық-гигиеналық  талаптар  мен  қауіпсіздік  техникасына 
қойылатын талаптарды қолдауды өз жауапкершілігіне алады [17, 28]. 
Кабинет  меңгерушісі  информатика  кабинетінде  оқушылармен 
өткізілетін  оқу,  үйірме,  қосымша  сабақ  және  басқа  сабақтарды 
жоспларлауға  қатысады;  сабақтың  барлық  формалары  мұғалімнің 
қатысуымен  өтуі  міндетті.  Кабинет  меңгерушісі  информатика 
кабинетінде  сабақ  өткізетін  мұғалімдердің  алғашқы  және  мерзімді 
қауіпсіздік  техникасы  жөніндегі  нұсқауын  өз  уақытында  жүргізуін 
қадағалауды жауапкершілігіне алады. 
Оқу-әдістемелік  семинар  –  мектептегі  ЕТК  кабинеті  қызметін 
ұйымдастырудың  маңызды  түрі  екені  дәлелденген  тәжірибе.  Оның 
жұмысына информатика мұғалімдері ғана емес, басқа пән мұғалімдері 
де  тартылады.  Семинар  оқытуда  жаңа  ақпараттық  компьютерлік 
технологияларды  (АКТ)  қолдану  тәжірибесін  таратуды,  жаңа 
бағдарламалық  құралдармен  таныстыруды,  мұғалімдерге  ЭЕМ-де 
жұмыс істеу кәсіптік негіздерін оқытуды, оқушылармен сыныптан тыс 
жұмыстардың  негізгі  бағыттарын  талдауды  және  т.б.  тарату  үшін 
ұтымды  қолданылуы  мүмкін.  Семинар  жұмысының  бағыты  әртүрлі, 
яғни  мұғалімдердің  ақпараттық  мәдениетін  жетілдіру  шарасы 
бойынша өзгеруі ықтимал.  
Алғашқы  нұсқауда  мұғалім  оқушыларды  кабинеттегі  тәртіп 
ережелерімен,  қауіпсіздік  техника  ережелерімен  және  еңбек 

 
154 
гигиенасымен, жұмыс кезінде кездесіп қалатын қауіпті кезеңдер және 
оған  сәйкес  сақтану  шараларымен  таныстырады.  Алғашқы  нұсқау 
лекция, әңгімелесу түрінде өткізіледі.  
ЭЕМ-де  жұмыс  істеу  алдындағы  нұсқау  алғашқы  нұсқауды 
толықтырады, оның мақсаты оқушыларды жұмыс орнын дұрыс ұстап 
және  ұйымдастыру  талаптарымен,  қауіпсіз  жұмыс  әдістерімен  және 
қорғаныс  құралдарын  қолдану  ережелерімен,  нақты  жұмыс  кезінде 
мүмкін болатын қауіпті кезеңдермен, жұмыс атқарушының өз жұмыс 
орнындағы  міндеттерімен,  сонымен  қатар,  қауіпті  жағдайлар  туғанда 
өзін-өзі ұстау ережесімен таныстыру болып табылады.  
Жұмыс  орнындағы  мерзімді  нұсқау  қысқаша  болуы  керек, 
нақты  нұсқау  және  керекті  жағдайда  жұмысты  дұрыс  және  қауіпсіз 
орындау  тәсілдері  қоса  керсетілуі  керек.  Оқушылармен  өткізілген 
нұсқау мәліметтері арнайы журналға жазылады (5.1-кесте). 
5.1-кесте.  Техникалык  қауіпсіздік  бойынша  нүсқау  өткізуді 
тіркеу журналы 
№  Нұсқау 
алушының 
фамилиясы 
Күні, 
мерзімі 
Өткізілетін 
нұсқаудың 
атауы  және  
мазмұны 
Нұсқау 
өткізушінің 
аты-жөні, 
қызметі  
Нұсқау 
өткізушінің 
қолы, 
қызметі 
Нұсқау 
алушы- 
ның қолы 
 
 
 
 
 
 
 
Информатика  кабинетінің  меңгерушісі  жұмысына  лаборант  
(немесе  техник)  көмек  көрсетеді.  Лаборант  (техник)  кабинет 
меңгерушісінің  тікелей  қол  астында  болады  және  оның  алдында  оқу 
жабдықтарын  пайдалану  және  олардың  дұрыс,  бұзылмай  сақталуы 
жайлы  есеп  береді.  Лаборант  кабинеттің  бүкіл  жүйесін,  оларды  күту 
тәртібін,  көрнекі  құралдар  мен  техниканы  сақтау  шартын  білуі 
міндетті.  
Информатика  кабинетінің  даму  жоспарына  сәйкес  лаборант 
кабинет  меңгерушісінің  жетекшілігімен  қажетті  оқу  жабдықтарын 
алуға  қатысады,  есеп,  инвентаризациялық  жазу  жұргізеді.  Лаборант 
мұғалім  жоспары  бойынша  және  оның  жетекшілігімен  сабаққа 
жабдықтар  даярлайды.  Лаборант  окушылардың  қауіпсіздік  техника 
ережелерін сақтауын, өртке қарсы және алғашқы көмек құралдарының 
үнемі  дайындығын  қамтамасыз  етеді,  сабақ  кезінде  бұзылып  қалған 
техниканы  тізімдейді,  сонымен  қатар  істен  шықққан  құралдарға 
кішігірім жөндеу жасайды. 
Санитариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес информатика 
кабинетінде  18  ш.  м-ден  кем  емес,  бірі–оқу  ғимаратына,  екіншісі  – 
басқыш  алаңына  шығатын  екі  есігі  бар  лаборанттық  бөлме  болуы 
керек. 

 
155 
5.1.4. Информатика кабинетінде жұмыс істеу ұзақтығы 
Компьютерлік  кабинеттерді  жабдықтауда  және  қолданғанда 
бейнедисплейлік  терминал  (БДТ)  және  ДК-мен  жұмыс  істеу  кезінде 
адамға қауіпті факторлардың қолайсыз әсер етуінен сақтап қалу үшін 
санитариялық  ережелер  мен  нормаларды  қатты  қадағалау  өте 
маңызды болып табылады. 
Балалар  денсаулығына  қатысты  болғандықтан,  БДТ  және 
ДЭЕМ-мен  жұмыс  істеудің  зияндылығы  өзекті  мәселе  болып 
табылады. Бірақ бұл мәселе мұғалімнің өзінің денсаулығы ғана емес, 
сонымен  қатар,  білім  беру  процесінде  компьютер  құралдарына 
қатысты қатысушылар үшін де маңызды.  
Сондықтан  мемлекеттік  нормативтік  акт  талаптарын  жақсы 
біліп  қана  қоймай,  сонымен  қатар,  жекеше  алғанда,  ғимараттың 
орналастырылуын  және  ЕТК-ны  жабдықтауды  және  оқушылардың 
оқу  әрекетін  ұйымдастыру  нұсқауларын  қатал  сақтауды,  яғни  онда 
жазылған  барлық  жағдайларды  жан-жақты  барынша  сақтау  керек. 
Осы құжаттың кейбір нұсқауларына көңіл аударып кетейік. 
Санитариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес жалпы білім 
беретін  мектептерде  мұғалімдер  үшін  дисплей  сыныптарында  және 
информатика кабинеттерінде жұмыс істеу ұзақтығы күніне 4 сағаттан 
аспауы  керек,  ал  кабинеттерде  БДТ  және  ДЭЕМ-мен  оқу  процесіне 
қызмет  көрсететін  инженерлер  үшін  жұмыс  ұзақтығы  күніне  
6  сағаттан  аспауы  керек.  Жұмыс  күніндегі  жүктемені  азайту  үшін 
жұмыста қосымша үзілістер беріледі.  
БДТ-да оқушылардың үздіксіз жұмыс істеуі олардың жастарына 
байланысты, ол мына рұқсат етілген уақыттардан аспауы керек [40]: 
1) 1-сынып оқушылары үшін – 15 минут; 
2) 2 - 3-сынып оқушылары үшін – 20 минут; 
3) 4 - 5-сынып оқушылары үшін – 25 минут; 
4) 6 – 8-сынып оқушылары үшін – 30 минут; 
5) 9 – 11 (12)-сынып оқушылары үшін –35 минут. 
БДТ  мен  ДЭЕМ-да  жұмыс  жасағанда  жоғарыда  белгіленген 
жұмыс ұзақтығынан асып кеткен жағдайда көзге жаттығулар кешенін, 
ал  әрбір  сабақтан  кейін  үзілісте  –  жалпы  шаршаудан  сақтану  үшін 
физикалық жаттығуларды
1
  жасау керек. 
Х-ХІ  сынып  оқушылары  үшін  БДТ  жэне  ДЭЕМ  қолдану 
сабақтарының  саны  аптасына  2-ден,  ал  басқа  сыныптар  үшін  
1 сабақтан аспауы керек. 
                                                 
1
 5.1.5.-бөлімнің аяғында келтірілген.  

 
156 
БДТ  және  ДЭЕМ-қолданып  үйірме  сабақтарын  өткізу  аптасына 
екі реттен артық болмауы керек, жалпы мынадай ұзақтықта: 
-
 
II-V  сынып  (7-10  жас)  оқушылары  үшін  60  минуттан  аспауы 
керек; 
-
 
VI  және  жоғары сынып  оқушылары  үшін  90  минуттан  аспауы 
керек;  
-
 
Санитариялық-гигиеналық  талаптар  факторы  ЕТК-да  оқу 
процесін  ұйымдастыруға,  информатикадан  әрбір  сабақ  құрылымына 
қатаң шектеулер қояды, сондықтан ол жоспарлауда ескерілуі тиіс. 
Каталог: modules -> kaf -> inf -> images
kaf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
kaf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
kaf -> Ерғалиев Қуаныш Советұлы Ерғалиева Самал Жанатқызы КӘсіби қазақ тілі «Дене шынықтыру және спорт»
kaf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
images -> А. Ж. Асамбаев криптография негіздері


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет