Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


 Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі



жүктеу 1.71 Mb.
Pdf просмотр
бет17/19
Дата18.03.2017
өлшемі1.71 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

5.1.5. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі 
Есептеуіш  техника  кабинетінде  жұмыс  жасау  кезінде  техника 
қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің 
бірі болып табылады. 
Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей: 
1)
 
жалпы ережелерді; 
2)
 
дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы ережелерді; 
3)
 
жұмыс жасау кезіндегі ережелерді; 
4)
 
апаттық жағдайдағы ережелерді; 
5)
 
жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс. 
1.  Жалпы  техника  қауіпсіздігінің  ережелеріне  қойылатын 
талаптар төмендегідей: 

 
компьютерді токқа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, 
штеккерлерге  тиісуге  және  жабдықтарды  мұғалімнің  рұқсатынсыз 
жылжытуына тыйым салынады; 

 
мұғалімнің  рұқсатынсыз  сыныптан  шығуға  және  кіруге 
болмайды; 

 
дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен 
жүмыс істеуге болмайды; 

 
дербес  компьютердің  жанына  портфельдер,  сумкалар, 
кітаптар  қоюға  тыйым  салынады.  Үстелде  қалам  мен  дәптер  ғана 
болуы тиіс; 

 
пернетақта үстіне ешқандай заттар қоюға болмайды; 

 
компьютерлік  сыныпта  жүгіруге,  ойнауға,  жаныңдағы 
құрбыларын  алаңдатуға,  бөгде  жұмыстармен  шұғылдануға  тыйым 
салынады; 

 
оқушы  компьютермен  жұмыс  жасау  кезінде  техника 
қауіпсіздігі  талаптарын  орындау  ережесімен  танысқандығы  туралы 
журналды толтырады. 
2.  Дербес  компьютерде  жүмыс  жасау  алдында  қауіпсіздік 
ережесінің талаптары: 

 
157 

 
дербес  компьютерді  іске  қосу  кезінде  оның  сыртқы 
қорабының  дұрыс  жұмыс  жасап  тұрғандығына  және  сымдарының 
қатесіз жалғанғандығына көз жеткізу керек; 

 
жұмыс  орнына  бекітілген  тіркеу  журналына  керекті 
мағлұматтар енгізіп, белгі жасау қажет. 
3.  Оқушы  дербес  компъютермен  жүмыс  жасау  кезіндегі 
техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар: 

 
ЭЕМ-мен  жұмыс  жасау  кезінде  көзді  экраннан  60-70  см 
қашықтықта ұстау керек; 

 
сыныпқа  кірушілермен  орыннан  тұрмай  амандасуға  рұқсат 
етіледі; 

 
көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын 
орындауға болады; 

 
электр  тоғымен  зақымданған  алғашқы  дәрігерлік  көмек 
көрсету тәсілдерін, өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді және өрт 
сөндіру тәсілдерін білу қажет. 

 
көз жаттығуларын білу міндетті. 
4. Апаттық жагдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне 
қойылатын талаптар: 

 
жұмыс  жасап  отырған  кезде  дербес  компьютерлерден  ақау 
табылса,  күйік  иісі  шықса  немесе  өзгеше  дыбыс  пайда  болса,  онда 
машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек; 

 
өрт сөндіруде көмек көрсету керек; 

 
электр  тоғымен  зақымданған  адамға  алғашқы  көмек 
көрсетуді білу керек; 

 
компьютерлік 
сыныпта 
өртті 
сумен 
сөндіруге 
болмайтындығын білуі қажет. Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал 
жабдықтарын пайдалануға болады; 

 
электр  тоғының  әсерімен  зақымданған  адамды  су  қолмен 
ұстауға  болмайтындығын  білу  қажет.  Оны  әртүрлі    материалдарды 
пайдалану арқылы босатып алуға болады. 
5.  Дербес  компьютермен  жұмысты  аяқтаған  кездегі 
техника қауіпсіздігі  ережесінің талаптары: 

 
мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру; 

 
жұмыс орнын ретке келтіру; 

 
жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою. 
Көз шаршағанда қолданылатын жаттығулар  
Оқушыны  компьютермен  жұмыс  жасай  отырып,  шаршаған 
жағдайда мына келтірілген жаттығуларды пайдалануы қажет: 
1Шаршаған кездегі көздің қарау бағытын өзгерту (ауыстыру): 

 
158 
-
 
алысқа-жақынға, оңға-солға, жоғары-төмен қарау; 
-
 
сағат  тілінің  бағытымен  және  керісінше  көзді  айналдыра 
қозғалыс жасау; 
-
 
көзді қолмен жауып 1-1,5 минут отыру; 
2. Басты бұру жаттығуларын жасау: 
-
 
басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру; 
-
 
басты жан-жаққа бұру. 
3Саусақты жұмып-ашу және қолдың білезігін босаңсыту
4Денені босаңсыту және оны керіліп ширықтыру
5.2.  Информатика  кабинетіне  қойылатын  санитариялық-
гигиеналық  талаптар 
5.2.1. Оқушылардың жұмыс орындарын орналастыру  
Гигиеналық 
талаптарға 
сәйкес, 
оқушылрдың 
жұмыс 
орындарына  келесілер  кіреді:  жұмыс  аймағы  (оқушылардың  оқу 
үстелдерін  орналастыру),  мұғалімнің  жұмыс  аймағы,  оқу-көрнекі 
құралдарды,  оқытудың  техникалық  құралдарын  (ОТҚ)    қоюға 
арналған қосымша кеңістік, оқушылардың жеке оқуына және ықтимал 
белсенді әрекетіне арналған аймақ. 
Оңтайлы орналастыруға қойылатын негізгі талаптар:  
1)
 
оқушылардың,  мұғалімнің  және  жабдықтардың  жұмыс  істеу 
қауіпсіздігі; 
2)
 
оқушыларға арналған жайлылық; 
3)
 
сабақты  басқару,  оқытудың  түрлі  формаларын  үйлестіру, 
бақылауды  ұйымдастыру  жағынан  алғанда,  мұғалімнің  ыңғайлы 
орналасуы;  
4)
 
қызмет көрсетуге және жөндеу жүргізуге ыңғайлылық; 
5)
 
кабинет ауданын оңтайлы пайдалану.  
Оқушылардың  жұмыс  орнының  (ОЖО)  оңтайлы  саны
сыныптың толуына байланысты, 9-дан 15-ке дейін болуы керек. Білім 
беру  саласының  іс  жүзіндегі  жағдайын  ескерсек,  информатика 
кабинетінде  бір  немесе  төрт-бес  компьютер  негізінде  оқыту 
технологиясын әзірлеу қажет деген пікір бар.  
Оқушылардың  жұмыс  орнын  (ОЖО)  орналастырудың  негізгі 
нұсқаларын  қарап,  бағалап  көрейік,  ол  мына  тәсілдермен  іске  асуы 
мүмкін:  
а)  қатармен  –  бұл  жағдайда  үстелдер  дәстүрлі  түрде 
орналастырылады (5.1-сурет, а). 
б)  ортада  орналастыру  –  ДЭЕМ  қойылған  екі  қатарлы 
үстелдер  кабинеттің  ортасына  қойылады,  экрандар  қарама-қарсы 
орналастырылады (5.1-сурет,б). 

 
159 
в)  периметр  бойы  орналастыру    бұл  жағдайда  ДЭЕМ 
қойылған 
үстелдер 
кабинет 
қабырғаларының 
бойымен 
орналастырылады  (5.1-сурет,в).  Орналастырудың  бұл  нұсқасы 
санитарлық  ережелер  мен  нормалар  талаптарына  неғұрлым  сәйкес 
келеді.  
5.1-сурет.  Оқушылардың  жұмыс  орындарын  орналастыру 
нұсқалары 
Еңбек  қауіпсіздігі  тарапынан  және  жұмыс  кезінде  жарық 
түсірудің  тұрақты  деңгейін  қамтамасыз  ету  тұрғысынан  алғанда, 
оңтайлы  нұсқасы  ЭЕМ  тұрған  жұмыс  үстелдерін  периметр  бойы 
орналастыру  болып  табылады,  бұрышта  орналасқан  екі  көршілес 
үстелдің арасы кемінде 2 метрден тұруы қажет.  
Информатика 
кабинетінде 
қатармен 
орналастыру 
ұсынылмайды,  себебі  іс  жүзінде  ДЭЕМ  тұрған  үстелдердің  арасына  
2 метрден қамтамасыз ету өте қиын.  
ДК  және  ЕМ  пайдаланушылардың  бір  жұмыс  орнына 
электронды-сәулелі түтік негізінде (бұдан әрі  – ЭСТ), соған қоса бой 
жазу объектілеріне арналған аудан, қатармен орналастырғанда  6 м

кем емесортада және периметр бойымен орналастырғанда   4 м
2

кез  келген  орналасу  кезінде  тегіс  дискретті  экрандар    (сұйық 
кристалды,  плазмалы)  негізінде  ЕТ  пайдалану  кезінде  –  4м

құрайды 
[17] 
ОЖО-ны орналастыруда мына санитарлық-гигиеналық талаптар 
қойылады:  
-
 
периметр  бойымен  орналастыру  кезінде  мына  аралықты 
сақтаған  жөн:  терезе  ойығы  бар  қабырға  мен  ДЭЕМ  тұрған 
үстелдердің  арасы  –  0,8  метрден  кем  болмауы  тиіс;  терезе  ойығына 
қарама-қарсы  қабырғалар  жанындағы  үстелдер  0,1  метр  қашықтықта 
орнатылуы керек; 
-
 
оқушылардың  кабинеттегі  жұмыс  орны  мұғалімнің  және 
оқушылардың  сабақ  үстінде  жұмыс  орнына  еркін  жетуді  қамтамасыз 
етіп,  оқушылар  мен  мұғалімнің  белсенді  қарым-қатынас  жасауына 
а) Қатармен 
орналастыру 
б) Ортада  қарама-қары 
топтап орналастыру 
в) Периметр  бойы 
орналастыру 

 
160 
мүмкіндік беруі қажет.  
Оқушылардың  ДЭЕМ  немесе  БДТ  тұрған  жұмыс  үстеліне 
дұрыс  отырғызу    мүшелер  мен  ағза  жүйесінің  қалыпты  қызмет 
етуіне,  қабырға  мен  көз  қызметінің  бұзылуын  алдын  алуға, 
денсаулықты  және  жұмыс  қабілеттелігін  сақтауға 
 
әсер  етеді. 
 
Оқушылардың дұрыс орналастырылуын жоғарыда аталған талаптарға 
сәйкес орындық пен үстелдің таңдалуы қамтамасыз етеді.
 
 
Дұрыс отырғызу кезінде оқушылар тік, еңкеймей отыруы керек. 
Арқа  жауырынның  төменгі  бұрыштары  тұсына  тіреліп,  білек  иықтан 
төмен  тік  бұрыш  жасап,  пернетақта  орналасқан  үстел  бетіне  тірелуі 
тиіс, сол арқылы иық пен қол бұлшық етінен статикалық күш түседі. 
Орындықтың  ұшы  оқушыға  қарама-қарсы  тұрған  үстелдің  ұшына  
5-7  см-ге  кіруі  керек.  Жіліншік  пен  жамбас  арасында  түзілге  бұрыш 
90-120° болуы керек, табан еденге немесе аяқ қойғышқа тірелуі керек. 
Бейнемонитор  экраны  мен  көздің  арақашықтығы  60-70  см  құрауы 
қажет.  
5.2.2. Информатика кабинетін жарықтандыру 
Информатика кабинеті табиғи және жасанды жарықтандырылуы 
қажет.  Әлсіз  жарықтандыру  кезінде  бейнетерминалмен  жұмыс 
күрделене түсіп, көздің көру қабілеті әлсірейді.  
Жасанды  жарықтандыру  кезінде  люминесцентті  шамдарды 
пайдалануға  болады.    Жергілікті  жарықтандыру  шамдарынан  қатты 
қыздырылатын,  соның  ішінде  энергияны  үнемдеуші  шамдар 
қолданылады [17, 28]. 
Табиғи жарық солтүстікке және солтүстік-шығысқа бағытталған 
терезелер арқылы түседі. Табиғи жарықтың басым бөлігі сол жақтан, 
кейде оң жақтан да болуы ықтимал. Жарықтың негізгі ағысы алдынан 
және артынан болмауы керек.  
ОЖО  орналастыру  кезінде  тікелей  күн  сәулесінің  түсуіне, 
шамадан  тыс  контрасты  және  дисплей  экранында  жарықтың 
шағылуын  болдырмау  қажет.  Сол  үшін  терезе  ойықтары  жалюзи 
сынды  қолдан  реттеуші  құрылғымен,  ашық  түсті  тығыз  матадан 
бүктеліп  тігілген  біртүсті  шымылдықпен,  сыртқы  күнқағармен  және 
т.б.  жабдықталуы  тиіс.  Шымылдыққа  қойылатын  талаптар  бар:  оның 
түсі  қабырға  бояуымен  және  жиһазбен  үйлесуі  керек  (қара  түсті 
қолдануға  болмайды),  көлденең  ұзындығы  терезеден  2  есе  артық 
болмауы тиіс.  

 
161 
5.3. Информатиканы оқыту құралдары  
5.3.1. Информатиканы оқыту құралдарының құрамы  
Оқу  үрдісін  дұрыс  ұйымдастырудың  қажетті  компоненті  оқыту 
құралдары  болып  табылады.  Информатиканы  оқыту  кезінде  оқыту 
құралдарын  құрастыру  және  оларды  пайдалану  әдістемесі  мен 
теориясы бойынша білім айтарлықтай артады.  
Біріншіден,  оқулықтардың  көптеген  авторлары  информатиканы 
компьютерлік  техниканың  көмегімен  ақпаратты  түрлендірудің  және 
пайдаланудың түрлі аспектілерін зерттейтін ғылым деп  түсіндіреді. 
Екіншіден,  информатика  курсында  компьютер  оқу  әрекетінің 
құралы  және  зерттеу  объектісі  ғана  емес,  оқыту  құралы  ретінде  де 
қолданылады.  
Соңғы  кездері  оқыту  құралдары  түбегейлі  өзгеріп  кетті: 
олардың  құрамына  электронды  оқулықтар,  Интернет  құралдары, 
мультимедиа,  педагогикалық  бағдарламалық  құралдар  (ПБҚ)  және 
т.б.  енді.  Мульти-медиапроектормен  электронды  тақтаны  және 
Интернетке шығу тетігі бар компьютерді пайдаланып сабақ жүргізетін 
бүгінгі  мұғалім,  үйреншікті  «бор  технологиясын»  пайдаланатын 
әріптесінен басым түсетіні айдай анық.  
5.2-суретте 
ұсынылған  сызбада  информатиканы 
оқыту 
құралдары  мына  топтар  бойынша  жіктелген:  оқытудың  техникалық 
құралдары  (ОТҚ),  бағдарламалық  қамсыздандыру,  ақпараттық 
құралдар (баспа және электронды), материал құралдары [27]. 
Оқыту  құралдарын  пайдаланып  сабақ  өткізу  әдістемесі  
(Л.П. Прессман
1
): 
а) сабақ  мақсатын,  оның  мазмұнын,  материалды  оқыту 
логикасын сараптау;  
б) оқушылар меңгеруі тиіс басты элементтерді бөліп алу;  
в) оқу  материалын  құрылымдық-мағыналық  блоктарға  бөлу, 
бұрын  оқытылған  материалмен  байланысын  анықтау;  оқыту 
құралдарын пайдалануды қажет ететін топтарды анықтау;  
г) қажетті оқыту құралдарын таңдау және құру; 
д)  оқыту  құралдарының,  сондай-ақ  оларды  пайдалану  арқылы 
оқушылардың  танымдық  қызметін  ұйымдастыратын  әдістер  мен 
амалдардың рөлін және орнын анықтау. 
Біздің  ойымызша,  ұсынылған  алгоритм  сабақ  жоспарының 
құрамдас бөлігі болуы тиіс. 
                                                 
1
 
Прессман Лев Павлович (1924–1996) – п.ғ.д., профессор, Ресейдің Білім академиясында оқыту 
құралдары ғылыми зерттеу институтында істеген, көптеген медиа жобаларды басқарған.  

 
162 
5.2-сурет. Информатиканы оқыту құралдарының құрамы  
5.3.2. Информатиканы оқыту құралдарының жүйесі 
Компьютерді  жаңа  ақпараттық  технологиялар  құралдарын 
(ЖАТҚ)  пайдалануға  бағытталған,  информатика  курсын  оқыту 
құралдары жүйесінің бір компоненті ретінде қараған жөн.  
Ол келесілерді пайдалану арқылы іске асырылады:  
-
 
Информатика 
курсын 
бағдарламалық-әдістемелік 
қамсыздандыру,  оған  оқытуға  қолдау  көрсететін  бағдарламалық 
құралдар  (БҚ),  сондай-ақ  мұғалімге  оқу  үрдісін  басқару  мүмкіндігін, 
оқу 
әрекетін 
бақылау 
үрдісін 
автоматтандыруды, 
нақты 
педагогикалық  мақсаттарға  арналған  бағдарламалық  оқу  құралын 
әзірлеуді қамтамасыз ететін аспаптық бағдарламалық құралдар (АБҚ) 
кіруі керек.  
-
 
оқу әрекетінің мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз ететін 
нысаналы-бағытталған  бағдарламалық  жүйелер,  олардың  негізінде 
пайдаланушының  объектілі  әлемінің  белгілі  бір  моделі  жатады 
(мысалы,  мәтіндік  редактор,  мәліметтер  қоры,  электронды  кестелер, 
алуан түрлі графикалық жүйелер);  
Оқыту 
әдістемелік 
Ғылыми 
әдістемелік 
 
С ы р т қ ы   а қ п а р а т т ы қ   о р т а  
Әдістемелік- 
ұйымдастыру ортасы 
Интернет реесурстар 
БАҚ 
Медиатека 
И н ф о р м а т и к а   к а б и н е т і  
Техникалық оқыту 
құралдары 
Бағдарламалық 
қамтамасыз ету 
Ақпараттық 
құралдар 
Материалдық 
құралдар 
Көзбен 
шолу 
Тыңдау 
Дыбыс
-бейне 
Диагнос 
тика 
жасу 
және 
тексеру 
Компью-
тер 
Проект-р 
Интер 
активті 
тақта 
Қосымша 
құралдар 
Жүйелік ПЖ 
Бағдарламалау 
жүйелері 
Жалпы 
қолданбалы ПЖ 
Оқу 
бағдарламалық 
құралдары 
Арнайы 
қолданбалы ПЖ 
Баспалық  Электрондық 
Оқу құралдары 
Көрнекі құрал-р 
Есеп кітаптары, 
практикумдар 
Әдістемелік оқу 
құралдары 
Қосымша әдеб-т 
Макеттер 
Муляждар 
Аспаптар 
және 
жабдықтар 

 
163 
-
 
оқыту құралдары, ЖАТҚ негізінде қызмет ететін, жоқ пәндік 
ортаның  орнын  толтыратын  немесе  амортизациялайтын,  пәндік 
қызметті  және  оның  практикалық  бағытын  қамтамасыз  ететін 
құралдар  (оқыту  құралдарының  мысалы  ретінде  оқу  роботтарын, 
басқармалы ЭЕМ-ді, электронды құрастырмаларды; ЭЕМ жұмысының 
принциптерін,  оның  бөлшектерін  және  құрылғыларын  көрсететін 
модельдерді айтуға болады).   
-
 
телекоммуникация 
құралдары, 
білім 
беру 
саласы 
пайдаланушыларына 
ақпараттың 
қолжетімділігін, 
олардың 
ақпараттық  қарым-қатынасқа  енуін  және  т.б.  қамтамасыз  ететін 
құралдар.  
Жоғарыда  аталғандарды  ескеріп,  информатика  курсын 
оқытудың құралдар жүйесінің құрамына мыналар  жатады: 
-
 
оқыту үрдісінің бағдарламалық-әдістемелік жабдықталуы; 
-
 
оқыту  қызметінің  мәдениетін  қалыптастыруға  қажетті 
нысаналы-бағытталған бағдарламалық жүйелер; 
-
 
ДЭЕМ-мен  ұштастырылған  оқу,  көрсету  (демонстрациялау) 
жабдықтары; 
-
 
оқыту үрдісіне қолдау көрсететін оқу-көрнекі құралдар; 
-
 
ЖАТҚ-ны  пайдалануға  арналған  оқыту  құралдары  жүйесін 
пайдалану әдістемесі. 
Осындай  оқыту  құралдарының  жүйесі,  оқу-әдістемелік 
әдебиетпен бірлесіп (оқулықтар, оқушыларға арналған оқу құралдары, 
мұғалімге арналған әдістемелік құралдар) – оқу-әдістемелік кешенді 
(ОӘК) құрайды.  
Жалпы айтқанда,  информатика курсын  оқыту  құралдарының 
жүйесі  курсты  оқыту  үрдісіне  қолдау  көрсетумен  қатар,  заманауи 
ЭЕМ  мүмкіндіктерін  демонстрациялауды  қамтамасыз  етіп,  оқу 
әрекетінің  мәдениетін  және  оқушылардың  ақпараттық  мәдениетін 
қалыптастыруға себепші бола алады.  
Информатика  кабинеті  оқыту  құралдарының  жүйесімен 
бірлесіп, бірыңғай кешенді ортаны құрайды, ол мұғалімге алға қойған 
мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.  
Метепте  информатиканы  оқыту  құралдары  жүйесінің  негізгі 
компоненттерінің тізіміне келесілер кіреді:  
-
 
информатиканы 
оқытудың 
бағдарламалық-әдістемелік 
жабдықталуы;  
-
 
оқу  әрекетінің  мәдениетін  қалыптастыруға  қажет  нысаналы-
бағытталған  бағдарламалық  жүйелер  (мәтіндік  редактор,  мәліметтер 
қоры, электронды кестелер, алуан түрлі графикалық жүйелер);  
-
 
ЖАТҚ  негізінде  қызмет  ететін  оқыту  құралдары  (оқу 

 
164 
роботтары,  басқармалы  ЭЕМ;  электронды  құрастырмалар;  ЭЕМ 
жұмысының  қағидаларын,  оның  бөлшектерін,  құрылғыларын  және 
т.б. көрсететін модельдер);  
-
 
телекоммуникация құралдары;  
-
 
дәстүрлі оқыту құралдары.  
5.3.3. Информатика курсын бағдарламалық қамсыздандыру 
Бағдарламалық  қамсыздандыру  (БҚ)  информатиканы  оқыту 
құралдары  жүйесінің  ажырамас  бөлігі  болып  табылады,  олардың 
минималды  топтамасы  информатика  кабинетінің  құрамдас  бөлігі 
болуы тиіс (5.2-кесте). 
Информатиканы оқытудың бағдарламалық қамсыздандырылуы 
мынаған бағытталуға тиіс:  
-
 
курсты  оқытуға  (теориялық  сұрақтарды  оқыту,  ЭЕМ-мен 
тілдесу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру) қолдау көрсетуге; 
-
 
оқу  үрдісін  басқаруды  қамтамасыз  етуге,  оқу  әрекетін 
бақылау үрдісін автоматтандыруға; 
-
 
оқу  әрекетінің  мәдениетін  арттыратын  және  оқушылардың 
жалпы дамуына ықпал ететін (мәтіндік редактормен, ақпараттық-іздеу 
жүйесімен,  электронды  оқыту  кестесімен,  алуан  түрлі  графикалық 
және  әуенді  редакторлармен  жұмыс  істей  білу)  арнаулы  ептіліктер 
мен дағдыларды қалыптастыруға [27].  
Педагогикалық 
бағдарламалық 
құралдар 
(ПБҚ) 
–  
бағдарламалық  қамсыздандырудың  ішінде  ерекше  орын  алады.  Олар 
білім  беру  үрдісінде  кеңінен  қолданылып,  мына  мүмкіндіктерді 
береді:  

 
оқыту үрдісін  саралауға, дербестеуге;  

 
оқушының  қателіктерін  анықтай  отырып,  интерактивті 
бақылауға; 

 
оқу  әрекетінде  өзін-өзі  бақылауды  және  өзін-өзі  түзетуді 
қамтамасыз етуге;  

 
компьютермен жұмыс істеу уақытын қысқартуға;  

 
оқу ақпаратын визуалды көрсетуге; 

 
үрдістер 
мен 
құбылыстарды 
модельдеуге 
және 
имитациялауға; 

 
визуалды  шындық  жағдайында  зертханалық  жұмыстар, 
эксперименттер мен тәжірибелер өткізуге; 

 
оңтайлы шешімдер қабылдау дағдысын қалыптастыруға;  

 
ойын  элементтерін  пайдаланып,  оқу  үрдісіне  деген 
қызығушылықты арттыруға;  

 
таным  мәдениетіне  үйретуге  және  ақпараттық  мәдениет 

 
165 
дағдысын қалыптастыруға.  
5.2-кесте. 
Информатика 
кабинетін 
бағдарламалармен 
қамсыздандыру жіктемесі  
5.4. Семинар/практикалық сабақтарын өткізуге ұсыныстар 
1-семинар  
Тақырыбы: «Мектептегі информатика кабинеті» 
Мақсаты:  мектептегі  информатика  кабинетін  ұйымдастыру 
жөніндегі нормативті құжаттармен танысып, оқып үйрену. 
Қарастырылыатын сұрақтар: 
1.
 
Информатика  кабинетінің  функционалдық  сипаты  мен 
жабдықталуы. 
2.
 
Информатика кабинетінде жұмысты ұйымдастыру. 
3.
 
Мектептегі  ДЭЕМ-ң  жергілікті  желісі,  олардың  функциясы 
және дидактикалық мүмкіндіктері. 
4.
 
Мектептегі  информатика  кабинетінде  оқу  құралдарын 
кешенді түрде пайдалану. 
Информатика кабинетін бағдарламалық қамсыздандыру 
(БҚ) құрамасы 
Дәстүрлі  
жіктеу 
Б
азал
ық
 Б
Қ
 
Жүйелік бағдарламалармен қамсыздандыру (БҚ) 
Жүйелік БҚ 
Базалық ақпараттық технологялардық БҚ: 
Жалпы 
қолданбалы БҚ 
 
• мәтіндік процессор 
электрондық кестелер 
• деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) 
•  компьютерлік  графика  және  тұсаукесер  (презентациялар) 
жүйелері 
• телекоммуникациялармен жұмыс жүйесі (Интернет) 
•  оқу  қосымшаларын  жасайтын    аспапты  бағдарламалық 
құралдар 
Бағдарламалау 
жүйелері   
(аспапты БҚ) 
Каталог: modules -> kaf -> inf -> images
kaf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
kaf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
kaf -> Ерғалиев Қуаныш Советұлы Ерғалиева Самал Жанатқызы КӘсіби қазақ тілі «Дене шынықтыру және спорт»
kaf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
images -> А. Ж. Асамбаев криптография негіздері


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет