Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 1.71 Mb.
Pdf просмотр
бет18/19
Дата18.03.2017
өлшемі1.71 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Қ
ол
дан
бал
ы
 БҚ
 
•  информатика  курсын  (негізгі  және  кәсіптік)  оқыту  үшін 
бағдарламалық-әдістемелік кешендердің құрамындағы БҚ  
Арнайы 
бағытталған  
қолданбалы БҚ 
 
 
•  жалпыбілімдік  курстарын  оқыту  үшін  бағдарламалық-
әдістемелік  кешендердің  және  оқыту  бағдарламалар 
құралдарының құрамындағы БҚ   
•  оқу  мекемесін  ұйымдастыра  басқарудың  және  ақпараттық-
әдістемелік қамтамасыз ету мақсаттарын шешу үшін БҚ  
•  оқу  мекемесінің  мұқтажы  үшін  баспалық  іс-әректтерді 
демейтін БҚ 

 
166 
Дәптерге  келесі сұрақтарға  жауап жазыңыз: 
1.
 
Информатика 
кабинетіне 
қойылатын 
материалдық 
және 
санитариялық-гигиеналық талаптар. 
2.
 
Компьютерде жұмыс істеу режімі. 
3.
 
Оқушылардың денсаулығына  әсер ететін қауіпті факторлар. 
4.
 
 Информатика кабинетінің жоспарын құрыңыз. 
2-семинар 
Тақырыбы: «Информатиканы оқыту құралдары» 
Мақсаты: информатика сабағында дәстүрлі және инновациялық  
көрнекі құралдарды қолдану  мүмкіндіктерін оқып үйрену. 
Берілген 
жеке 
тапсырма 
бойынша 
әдебиеттерді 
оқып,тапсырма  бойынша  қысқаша  мәлімет  және  нақты  бір  көрнекі 
құралды қолданып өткізген сабақ фрагментін дайындау: 
1.
 
Нұсқаулар, оның түрлері. 
2.
 
Бейнелік кино.  
3.
 
Компьютер экранында текст. Түйсік ерекшеліктері, түстердің 
сәйкестігі, композиция  т.б. 
4.
 
Гипертекст. 
5.
 
Мультимедиа. 
6.
 
Информатикадан жұмыс дәптері. 
7.
 
Тірек  конспектілері. 
8.
 
Информатиканы  оқытуда    Internet  ресурстарын  пайдалану 
(Желі  оқу  процесінің  объектісі  мен  субъектісі  ретінде,  оның 
оқушылардың  өзіндік  жұмыстарын  ұйымдастырудағы  мүмкіндік-
тері). 
3-семинар  
Тақырыбы: 
«Информатика 
курсының 
бағдарламалық 
қамтамасыз етілуі» 
Мақсаты:  информатика    курсы  бойынша  қолданылатын 
бағдарламалық құралдарды талдау. 
Қарастырылатын сұрақтар: 
1.
 
Мектептегі  ДЭЕМ-дер  үшін  көп  таралаған  операциалық 
жүйелер . Олардың салыстырмалы сипаттамалары. 
2.
 
Бейсик.  Тілдің қасиеттерінің сипаттамасы. 
3.
 
Паскаль. Тілдің қасиеттерінің сипаттамасы. 
4.
 
Объектіге-бағытталған бағдарламалау жүйелері. 
5.
 
Мәтіндерді  өңдеу  құралдары.  Редакторларға  салыстырмалы 
талдау жасау және оларға қойылатын  талаптар. 
6.
 
Графикалық  редакторлар. Оқытуда қажетті графикалық  ре-
дактордың қасиеттері. 
7.
 
Кестелік  процессорлар. Олардың информатиканы оқытудағы 

 
167 
мүмкіндіктері . 
8.
 
Мәліметтер  қорын  басқару  жүйелері.  Мектепте  МҚБЖ-ны 
қолдану мүмкіндіктері . 
9.
 
Компьютерлік 
коммуникациялардың 
бағдарламалық 
құралдары. Қызметі мен  классификациясы. 
10.
 
Мультимедиа  құралдары.  Педагогикалық  программалық 
құралдар және сандық білім  ресурстары. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Қойбағарова  Т.Қ.,  Ельтинова  Р.А.  Информатиканы  оқыту 
әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 
195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.  
2.
 
Лапчик  М.П.  и  др.  Методика  преподавания  информатики.  – 
М.: Академия, 2001. – 624 с. 
3.
 
Малев  В.В.  Общая  методика  преподавания  информатики.  – 
Воронеж: ВГПУ, 2005. – 271 с 
4.
 
Малев  В.В.,  Малева  А.А,  Микерова  Л.Н.  Современный 
кабинет информатики. – Воронеж: ВГПУ, 2003. 
 

 
168 
6-тарау. Жас маманға әдістемелік нұсқаулар 
6.1 Жас маманның сабақты дайындауына ұсыныстар  
1.
 
Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді мұқият бақылаңыз, өзіңізге 
керекті сұрақтар бойынша әдебиеттер кітапнамасын жүргізіңіз. 
2.
 
Сіздің  жұмыс  тәжрибеңіздің  нәтижесін  айқындайтын 
материалдарды: 
жоспарларды, 
конспектілерді, 
дидактикалық 
құралдарды, 
тапсырмаларды, 
оқушылардың 
шығармаларының 
тақырыптарын,  олардың  сұрақтарын,  жауаптарын,  олардың  міңез-
құлықтарының  бақылауларын  сақтап,  жинақтаңыз.  Осы  ретте 
өзініздің күмәндарыңызды, сәтсіздіктеріңізді белгілеп отырыңыз.  
3.
 
Өзіңіздің  жинаған  тәжірибеңізді  жалпылау  үшін  арналған 
тақырыпты  таңдау  кезінде  өзіңіздің  және  жолдастарыңыздың  жұмыс 
барысында  жасаған  жетіспеушіліктер  мен  табыстарын  ескеруге 
тырысыңыз.  Қажетті  және  маңызды  деген  тақырыпты  нақты, 
мақсатты түрде таңдап, оны дәл және нақты етіп дайындаңыз. 
4.
 
Жалпылау формасын анықтаңыз. Ол баяндама немесе мақала 
болуы  мүмкін.  Әйтсе  де  тәжірибені  басқалай  жалпылауға  болады. 
Мысалы: 
жүйеге 
өзіңіздің 
әдістемелік 
материалдарыңызды 
(жоспарлар, 
карточкалар, 
схемалар, 
оқушылардың 
өздік 
жұмыстарының  формаларын),  сондай-ақ  оларға  қысқаша  түсініктеме 
бере отырып келтіруіңізге болады. 
5.
 
Тақырыпқа  қысқаша  жоспар  жасаңыз  (3-4  негізгі 
сұрақтармен бірге), содан кейін  тақырып бойынша тезистер құраңыз. 
Жоспарға  сіздің  қорытындыңызға  негіз  болатын  фактілерді  еске 
түсіріп,  кіргізіңіз.  Жоспарыңызды  қайта  қарастырып,  тақырыптың 
негізгі идеясы мен мазмұндаманың мәнін шешіңіз. 
6.
 
Мына  саты  –  баяндама.  Алдымен  дайындық  сатысын 
өткізіңіз.  Кіріспе  бөліміндегі  маңыздысын  іріктеп  алыңыз, 
сөйлемдеріңізді  нақты  және  қысқаша  түрде  құрастыруға,  ғылыми 
тілмен  жазбауға  тырысыңыз.  Әдебиетті  білімді  қайталауға  емес, 
білімді  тереңдетуге  және  бақылау  мен  нәтижені  жүйелендіру  үшін 
пайдаланыңыз.  
7.
 
Өзіңіздің 
іс-тәжірибеңізді 
бағалап 
отырыңыз. 
Жетістіктеріңізді 
айта 
отырып, 
өзіңіздің 
кемшіліктеріңізді, 
қиыншылықтарыңызды,  қателіктеріңізді  де  баяндаңыз.  Жақсы 
тәжірибенің  өлшемі  –  нәтиже.  Тәжірибе  жөнінде  әңгімеде 
оқушылардың  білім  көрсеткішінің  өсуі  мен  дамуы  көрсетілмесе,  өте 
қызықсыз әңгімеге айналады.  
8.
 
Материалды  қысқаша,  нақты,  қисынды,  жүйелі  түрде 
баяндаңыз, қайталанудан аулақ болыңыз.  

 
169 
9.
 
Тақырып 
бойынша 
жұмыс 
жасағанда 
өзіңіздің 
әріптестеріңізбен,  ұжыммен  ақылдасыңыз,  қиыншылықтарыңызды, 
күмәніңізді  де  әңгіме  етіңіз.  Бұл  әңгіменің  аяғында  ақылды  кеңестер 
мен керекті деректер алуыңызға болады.  
10.
 
Қосымшаларды  жинаңыз  және  тиісті  түрде  көркемдеңіз 
(схемалар,  карталар,  кестелер,  оқушылардың  жұмыстары,  әдебиет 
тізімі және т.б.).  
11.
 
Педагогикалық  тәжрибені  қорытындылауда  сіз  маңызды 
қоғамдық міндетті орындайсыз, жастарды, балаларды тәрбиелеу және 
оқыту  жұмыстарын  әрі  қарай  жақсартуына  себепші  болатыныңызды 
есте сақтаңыз.  
6.2. Сабақты дайындау әдістемесі 
Сабақ  оқыту  процесінің  негізгі  құраушы  бөлігі  болып 
табылады.  Оқытушы  мен  оқушылардың  оқу  іс-әрекеттері  сабақта 
жүзеге  асырылады.  Бір  немесе  бірнеше  пәндер  бойынша 
оқушылардың  дайындық  деңгейінің  сапасы  сабақты  өткізу 
деңгейімен, мазмұндық және әдістемелік толықтығымен анықталады.  
Осы деңгей жоғары болу үшін мұғалім сабақты дайындау барысында 
оны көркем шығарма ретінде қарастырып, ұйымдастыруы керек. 
Мұндай  сабақты  қалай  құруға  болады?  Оқушыларды  қажет 
білімдер мен біліктілікпен ғана қаруландырып қоймай, сонымен бірге, 
олардың  шығармашылық  қабілеттері  мен  қызығушылықтарын 
қалыптастыратындай етіп, сабақты қалай ұйымдастыру керек? 
Төменде  келтірілген  ұсыныстар  мұғалімге  осындай  сабақты 
ұйымдастыруға  көмектеседі.  Оны  сабақты  дайындау  реті  бойынша 
бірізді баяндайық: 
1. Сабаққа дайындықты мынадан  бастау керек: 
-
 
сабақтың тақырыбын нақты түрде анықтап құрастырыңыз; 
-
 
тақырыптың оқу курсындағы орнын анықтаңыз; 
-
 
өткізілетін  сабақта  қарастырылатын  негізгі  түсініктерді 
анықтап алыңыз; 
-
 
және де өзіңіз үшін осы оқытылатын тақырыптың ішінен ары 
қарай қолданылатын бөліктерін белгілеп қойыңыз. 
2.  Өзіңіз және  оқушылар үшін сабақтың мақсаттық қойылымын  
анықтап,  оларды  анық  тұжырымдау  керек.  Жалпы  «осы  сабақ  не 
үшін керек?»  – деген сұраққа жауап беру қажет.  Осыған байланысты 
сабақтың  білімділік,  дамытушылық  және  тәрбиелік  функцияларын 
белгілеу керек. 
3. Оқу материалын жоспарлау.  

 
170 
Ол үшін: Тақырып бойынша әдебиеттерді таңдап алу. Егер де 
жаңа  теориялық  материал  болса,  онда  тізімге  жоғары  оқу  орындық 
оқулықтар,  энциклопедиялық  және  жаңа  ғылыми  басылымдар, 
монография  (бірінші  ақпараттық  құрал)  кірулері  керек.  Қойылған 
мақсат-міндеттерді 
қарапайым 
жолмен 
шешуге 
арналған 
материалдарды ғана таңдап алу керек. 
Мына мақсатта оқу тапсырмаларын жинау керек: 

 
жаңа материалды білу, тану; 

 
қайта жаңғырту; 

 
жаңа жағдайларда білімдерді қолдану; 

 
білімдерді белгісіз жағдайларда қолдану; 

 
білімдерді шығармашылық тұрғыда қарастыру. 
"Қарапайымнан  күрделіге  қарай"  принципіне  сәйкес  оқу 
тапсырмаларын реттеу.  
Тапсырмалардың мынадай үш жиынын құрастыру қажет: 

 
оқушының  тақырыпты  қайта  жаңғыртуына  бағытталған  
тапсырмалар; 

 
оқушының  тақырыптың  мәнін  түсінуіне  бағытталған 
тапсырмалар; 

 
оқушының тақырыпты бекітуіне бағытталған тапсырмалар. 
4.  Сабақтың  ерекшелігін  ойластыру.  Әр  сабақ  оқушының 
қызығушылығын  тудыратын,  таң  қалдыратын  жағдайда болуы  керек, 
бір  сөзбен  айтқанда,  көбін  ұмытып  қалса  да,  олардың  естерінде 
сақталатындай  бір  ерекшелік  (түйіні,  орысша  айтқанда  «изюминка») 
болуы  керек.  Бұл  қызықты  бір  жағдай  немесе  мәлімет,  күтпес  бір 
жаңалық, ерекше бір тәжірибелік эксперимент, белгілі білімді белгісіз 
тұрғыда қарастыру болуы мүмкін. 
5.  Таңдалған  оқу  материалын  топтастыру.  Таңдап  алынған 
материалмен  жұмыс  жасау  іс-әрекеттері  қандай  бірізділікпен 
ұйымдастырылатынын,  оқушылардың  іс-әрекетінің  формаларының 
ауысуы қалай жүргізілетінін мұқият ойластыру керек.  
Оқу  материалын  топтастырғанда  ең  бастысы  оқушылардың 
қызығушылығын,  белсенділігін  оятатын  сабақты  ұйымдастырудың 
түрін дұрыс таңдап алу керек.  
6.  Сабақта  оқушылардың  іс-әрекетін  бақылауды  жоспарлау 
қажет. Ол үшін мынаны ойластыру керек: 
-
 
нені бақылау керек; 
-
 
қалай бақылау керек; 
-
 
бақылау нәтижесін қалай қолдану керек. 
Оқушылардың  жұмысын  жиі  бақылау,  олардың  жіберген 
қателіктерін  және  қиындық  жерлерін  көруге  және  мұғалімнің 

 
171 
оқушылардың  жұмысына  деген  қызығушылығын,  ойларын  көрсетуге 
мүмкіндік береді.  
7.  Сабаққа  қажетті  құрал-жабдықтарды  дайындау.  Сабаққа 
қажетті  құрал-жабдықтардың:  қосымша  құралдардың,  көрнекілік-
тердің  тізімін  жасау.  Жаңа  тақырып  тақтада  қосымша  құрал  ретінде 
қалатындай етіп, тақтаның түрін ойластыру керек. 
8.  Үй  жұмысына  берілетін  тапсырмалардың  (мазмұндық 
бөлігінен басқа) практикалық жағын орындау үшін ұсыныстар беруді 
ойластыру қажет. 
9.  Осылай  дайындалған  сабақ  конспект  түріне  түсіруге  негіз 
болады.  Сабақтың  конспектісін  дайындаған  кезде  нені  ескеру  қажет?  
Сабақ конспектісінің құрылымы негізгі үш бөліктен тұруға тиіс: 
-
 
формалды бөлім;  
-
 
мазмұнды бөлім; 
-
 
аналитикалық (талданатын) бөлім. 
Формалды бөлім мына түрде  сипатталады: 
Сабақ № __________ 
Тақырып:____________ 
Мақсат:____________ 
Міндеттер: білімдік:_____________ 
дамытушылық:__________________ 
тәрбиелік:_______________ 
Құрал-жабдықтар:________________ 
Сабақтың жеке кезеңдерінің реттілігі 
Сабақ жоспарының мазмұндық бөлігі – екі бөлімнен тұрады: 
1.  Барлық  тапсырмалардың  мәтіні,  жаңа  оқу  материалы, 
есептердің шешімдері, үй жұмысын орындау ұсыныстары. 
2.  сабақтың  әр  кезеңі  бойынша  мұғалім  мен  оқушылардың  іс-
әрекеті көрсетілетін кесте. Ол мынадай түрде болуы мүмкін: 
Талдамалы  аналитикалық  бөлім  сабақтың  өзіндік  талдауын 
жасауға негізделеді. 
6.2.1.  Жас мұғалімге ескертпе 
1.
 
Бүтін тақырыптың оқу-тәрбиелік міндеттерін анықтаңыз. 
2.
 
Осы  сабақта  солардың  қайсысын  шешесіз,  әрі  бұл  сабақ 
материалының мәні неде екенін ойластырыңыз. 
3.
 
Сабақты 
өткізу 
бойынша 
әдістемелік 
құралдармен 
танысыңыз. 
не істейді; сабақ кезеңі 
оқушылар 
мұғалім 
  
  
  

 
172 
4.
 
Оқулықтың  әдістемелік  міндеттерін  мұқият  зерттеп 
ойластырыңыз және сабақтың міндеттері мен тақырыптың сәйкестігін 
ойластырыңыз. 
5.
 
Жалпы оқу-тәрбиелік процесі  және оның ең маңызды бөлігі 
сабақ  педагогикалық  психологияның  және  дидактиканың  объективті 
заңдылықтарына бағынатынын естен шығармаңыз. 
6.
 
Осы  сабақта  қандай  біліктілікті  және  дағдыларды 
бекітетініңізді шешіңіз. 
7.
 
Жаңа  материалды  терең  меңгеруге  барлық  қайталаулар 
өткізіп, қарастырыңыз. 
8.
 
Сабақта  қолданылатын  барлық  әдіс-тәсілдер,  оқыту 
құралдары,  сабақ  композициясын  нақты  таңдау  –  мұның  бәрі  сіздің 
шығармашылығыңыз болады. 
9.
 
Берілген  пәннің  өзегі  болатын  негізгі  білімдер  туралы, 
пәнаралық байланыстарды ұмытпаңыз. 
10.
 
 Пән  бойынша  білім  мазмұнының  міндетті  минимумы  – 
сіздің  басты  бағдарыңыз  болсын.  Білім,  білік,  дағдының  бағалау 
нормасын тек сіз ғана емес, оқушылар да білуге тиіс. 
11.
 
 Сабаққа дайындығыңыздың көрсеткіші – оқушылардың үйге 
берілген тапсырманы орындауы.  
12.
 
 Өз  сабағыңызды  тек  қана  бүкіл  сыныпқа  ғана  емес,  жеке 
оқушыларға  да  «өлшеуге»  тырысыңыз.  Оқушылардың  біліміндегі 
олқылықтарды  қалай  жою,  қателіктерді  жібермеуді  ескеру,  жеке 
оқушыға  назар  аудару  –  мұның  бәрі  білімнің  терең  және  берік 
болуының негізгі шарттары болып табылады. 
13.
 
 Мына 
өткізілетін  сабақтар,  өтілген  тақырыптардың 
жүйесімен тығыз байланысты болуы керек. Әр сабақ аяқталған бүтін, 
бірақ оқыту және тәрбиелеу процесінің бөлігі болсын.  
6.3. Үй жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулары   
6.3.1. Үй жұмысының формалары 
I. Жаңа материалды меңгеру сабағына
1
   
1)
 
оқулық материалын оқу және мазмұндап айтып беру; 
2)
 
суреттер,  сызбалар  арқылы  сабақ  тақырыбын  ары  қарай 
қарастыру, мына сабақта оқытылатын оқу материалымен танысу; 
3)
 
қосымша әдебиеттерден оқу материалын жинастыру. 
II. Жалпылау сабағына 
1)
 
мұғалімнің арнайы қойылған сұрақтарына жауаптар; 
2)
 
мұғалім  берген  жоспар  мен  тапсырмалар  бойынша  жауапқа 
дайындалу; 
                                                 
1
 2.3. және 2.4.3 –бөлімдерді қараңыз.   

 
173 
3)
 
 жоспар  бойынша  дайындық  немесе  қандай  да  бір  тақырып 
бойынша жауаптар жоспарын өздігінен жасау; 
4)
 
мәтінде  негізгі және қосымша материалды ерекшелеу; 
5)
 
сынып  жұмысында  берілген  жағдайларға  ұқсас,  өздігінен 
жағдайларды дәлелдеу жұмыстары: 
6)
 
тақырып бойынша қосымша материалдар жинау. 
III. Білімді қолдану сабағына 
1)
 
практикалық  жұмыстар  (құралдар,  карточкалар,  кестелер) 
дайындау; 
2)
 
сыныпта қарастырылғанға ұқсас есептерді шығару; 
3)
 
стандартты емес есептерді шығару; 
4)
 
пәнаралық байланысы бар есептерді шығару; 
5)
 
Тапсырмаларды өздігінен құрастыру; 
6)
 
жеңіл материалды өздігінен меңгеру; 
7)
 
қателермен жұмыс жасау. 
IV. Білімді бақылау және тексеру  сабақтарына 
1)
 
сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру; 
2)
 
үйге берілетін бақылау жұмысын дайындау; 
3)
 
стандартты емес тапсырмаларды орындау. 
6.3.2. Үй тапсырмасын беру әдістері 
1.
 
Берілген  үлгі  бойынша  үй  жұмысын  орындау.  Карточкадағы  
үй жұмысына ұқсас тапсырманы орындау (деңгейі төмен оқушыға). 
2.
 
Оқулықтың  материалын  өздігінен  меңгеру.  Оқытылатын 
тақырыптағы  негізгілерді  белгілеңіз,  жауап  беру  жоспарын  құраңыз.  
Сабақты айту кезінде жоспармен қолдануға болады. 
3.
 
Ұжымдық  үй  жұмысы.  Берілген  тақырып  бойынша  бірдей 
дайындықта болған оқушыларды 5-6 адамнан топтарға бөлу. Әр топқа 
тапсырмалар беріледі. 
4.
 
Өз  қалауы  бойынша  таңдап  алынған  үй  жұмысы 
(тапсырмалардың  ішінен  өзіңіз  шығара  алатыныңызды  таңдап 
орындаңыз,  бірақ, саны ...  кем болмасын); 
5.
 
Нашар  оқушыларға берілетін карточкалардың формалары
-
 
толтыруға арналған бос орындары бар карточкалар;  
-
 
түзету үшін қателері бар карточкалар; 
-
 
толық шығарылмаған тапсырмалары бар карточкалар. 
6.
 
Тақтадағы сызба беріледі 
-
 
сынып  жұмысына  ұқсас  тапсырманы  құру  және  орындау 
(деңгейі орташа оқушыларға); 
-
 
сынып жұмысына ұқсас тапсырманы сызба арқылы орындау 
(деңгейі төмен оқушылар); 

 
174 
-
 
сызбаға 
мүмкін 
болатын 
тапсырмалар 
құрастыру, 
жетіспейтін  элементтері  болса,  толықтыру  (деңгейі  жоғары 
оқушыларға). 
7.
 
Жеке  үй  жұмысы  (немесе  деңгейі  төмен  оқушыларға  үй 
тапсырмасының орнына); 
8.
 
Міндетті  емес  өздік  жұмысы,  оларды  оқушылар  сыныптан 
тыс жұмыс үшін таңдап алады (мысалы, бір аптаға); 
9.
 
Жаңа  жағдайларда  немесе  бақылау  жұмысында  жіберілген 
қателіктерді түзету үшін өз білімдерін өздігінен қолдану жұмысы. 
6.3.3. Үй жұмысын тексеру әдістері 
1. Үй тапсырмасын сыныпта талдау: 
а)
 
оқушы тақта алдында үй жұмысын орындайды, онымен қатар 
шешу кезеңдері бойынша жаппай сұрақтар қойылады; 
б)
 
оқушылар кезекпен (сатылы) есепті шығарады. Жаппай түрде 
орындау тәртібі сұралады; 
в)
 
үй  жұмысына  ұқсас  тапсырманың  шешімін  тақтаға  жазу; 
шешім  жабық  тұрады.  Тапсырманы  орындау  реті,  жаппай  сұраудың 
барысында,  тақтадағы  жабық  тұрған  шешім  біртіндеп  ашылып 
отырады.  
2.  Көптеген  оқушыларда  №…  орындалмаған  немесе  қате 
орындалғаны анықталса: 
а)
 
тапсырманы мұғалім оқушылардың көмегімен тақта алдында 
орындайды, мұғалім көмекші сұрақтарын қойып отырады; 
б)
 
осы  сияқты,  тапсырманы  тақтаға  шақырылған  оқушы 
орындайды,  шешу  жолын  мұғалімнің  сұрауы  бойынша  оқушылар  өз 
орнынан айтып отырады. 
3 Оқушы тақтаның алдында есептің немесе мысалдың  шешуін 
жазады.  Кез келген  жерінде  мұғалім  оны тоқтатып, басқа оқушыдан 
сол тапсырманы жалғастыруын сұрайды және т.б. 
4.  Кеңесшілердің  көмегімен  сыныпта  үй  жұмысының  бары 
немесе жоғы, орындау дұрыстығы тексеріледі. 
6.3.4. Жас мұғалімнің өз сабағын өзі талдау үлгісі  
Сынып 
Сабақ тақырыбы 
Сабақтың түрі және оның құрылымы.  
1.
 
Осы сабақтың тақырыптағы орны қанадай? Бұл сабақ алдағы 
сабақпен қалай байланысты, мына сабақтарға әсері қанадай?  
2.
 
Сыныптың  қысқаша  психологиялық-педагогикалық  сипат-
тамасы.  Сабақты  жоспарлау  кезінде  ескерілген  оқушылардың 
ерекшеліктері.   

 
175 
3.
 
Сабақтың  үшбірлік  мақсаты  қандай  (оқытушы,  дамытушы, 
тәрбиелік), оның табысты іске асуына баға беру.  
4.
 
Сабақ  мақсатына  сәйкес  сабақ  мазмұнын,  оқыту  формалары 
мен  әдістерін  таңдау.  Негізгі  кезеңді  бөліп  алу  және  сабақтың 
қорытындыларына  сүйене  отырып  оған  талдау  жасау.  Жаңа 
материалды  түсіндіру  үшін  оқытудың  қандай  әдістер  үйлесімдері 
қолданылды? 
5.  Сабақтың  барлық  кезеңіне  уақыт  тиімді  бөлінді  ме,  дұрыс 
қолданылды  ма?  Осы  кезеңдер  арасындағы  байланыс  логикалық 
тұрғыға сәйкес келе ме? Басқа кезеңдердің  негізгі кезеңге қалай  әсер 
еткенін көрсету.  
6.  Мақсатқа  сай  дидактикалық  материалдар  мен  көрнекі 
құралдарды таңдап алу.  
7.  Оқытудың  топтық,  ұжымдық  және  басқа  формаларын 
қолдану. Оқытуға сараланған түрде қарау.  
8. Оқушылардың білімді, білікті және дағдылы меңгеру деңгейін 
бақылау қалай ұйымдастырылды? Сабақтың қай кезеңдерінде, қандай 
түрде  және  қандай  тәсілдер  қолданылады?  Оқушылардың  білімін 
реттеу және түзету қалай ұйымдастырылды?  
5.
 
Сабақтағы  психологиялық  және  эмоционалды  жағдай; 
мұғалім мен оқушылардың сөйлесу стилі.  
6.
 
Үй жұмысын түсіндіру деңгейі.  
7.
 
Сабақтың  қорытындыларына  қандай  баға  бересіз?  Сабаққа 
қойылған міндеттер толықтай орындалды ма? Орындалмаса, неліктен?  
8.
 
Өз болашақ іс-әрекетіңізді болжаңыз. 
Жас мұғалімге өз сабағын өзі талдауға  ескертпе   
Өзіңізді өзіңіз талдау жасауға дағдыландырыңыз.  
Мына сұрақтарды ескеруге тырысыңыз:  
1. Оқу дағдылары мен біліктілікті қалыптастыру жұмысы:  

 
оқулықпен жұмыс;  

 
сөздік пен анықтамаларды қолдану;  

 
оқушылардың  жазбаша  және  ауызша  сөйлеу  қабілетін 
дамыту;  

 
оқушылардың өздерінің оқу іс-әрекетін өздік бақылау;  

 
өздік жұмыс. 
2. 
Қанша  оқушы  өздік  жұмысын  орындай  алмады? 
Оқушылардың білімдерінде жіберілген қателіктерді қалай жойдыңыз?  
3.  Сабақ  барысында  оқушылардың  білімін  бақылау  жоспарға 
сәйкес жүргізілді ме?  Мыналарды ескердіңіз бе:  

 
жаппай  сұрауларды жүргізу басым болған жоқ па?  

 
176 

 
оқу-тәрбие  үрдісін  ықшамдау  үшін  қандай  көрнекі 
құралдарды қолдандыңыз және қашан?  

 
сұрау  жұмысына  қайталауды  кіргіздіңіз  бе?  Жүйелі  түрде 
жасайсыз ба?  

 
төмен және жоғары деңгейлі оқушыларды сұрау жұмысының 
деңгейі қандай?  
6.3.5. Тақырыптық жоспар құруға арналған ескертпе 
Жоспардың жалпы сұрақтары: 
1)
 
күні; 
2)
 
тақырып бойынша сабақтың нөмірі; 
3)
 
сабақтың тақырыбы; 
4)
 
сабақтың типі; 
5)
 
сабақтың үшбірлік мақсаты;  
6)
 
оқыту әдістері; 
7)
 
оқушылардың  тірек  білімдері  мен  дағдыларын  өзектілейтін, 
қайталанатын материал; 
8)
 
білімді бақылау формалары мен кері байланыс; 
9)
 
сабақта қалыптасуы жүретін жоспарланатын білім, білік және 
дағдылар; 
Сабақта шешілетін дербес сұрақтар: 
1)
 
сабақтың тәрбиелік потенциалын жасау;  
2)
 
іске  асырылатын  оқу  материалының  өмірмен,  тәжірибемен 
байланысы;  
3)
 
сабақтың дидактикалық құралдары; 
4)
 
оқушылардың сабақтағы өздік жұмыстары; 
5)
 
сабақта өткенді бекіту әдістері;  
6)
 
үй  тапсырмасы  (репродуктивті  қасиетті  және  шығарма-
шылық). 
6.4. Сабақтың ғылыми дәйектелген талдауы  
Ғылыми  түрде  дәйектелген  сабақтың  талдануы  –  оқу-тәрбие 
үрдісін жүзеге асырудың маңызды факторы. 
Сабаққа  қатысқан  сайын  біздің  алдымызда  қиындықтар 
туындайды: бүгінгі сабақты қандай критерий бойынша бағалау, оның 
нәтижелігі мен сапасын қалай жақсы сұрыптау керек? 
Сабақты  бағалаудың  басты  критерийіне  -  біріншіден,  сабақ 
принциптерін  сақтау  жатады,  сонымен  қатар  Білім  министрлігімен 
бекітілген мектеп қызметін бағалау критерийі жатады. 
Осы талаптарға сүйене отырып, біздің сұрыптайтынымыз:  
1)
 
сабақтағы оқу үрдісінің құрылуын,  
2)
 
тапсырмалардың оңтайлығын анықтау,  

 
177 
3)
 
мұғаліммен таңдалған сабақ мазмұнының, формасының және 
оқыту әдістерінің тиімділігін.  
Бірақ сабақтың тиімділігі, мұғалімнің нені бергісі келетіндігімен 
емес,  оқушылар  сабақта  нені  алғандығымен  анықталады.  Сондықтан 
сабақты  бағалау  кезінде  оның  басты  –  білімділік,  тәрбиелік  және 
дамытушылық мақсаттарының орындалуын анықтау керек. 
Сабақты  талдау  және  өздік  талдау  –  алға  қойылған  жалпы 
білімділік,  дамытушылық  және  тәрбиелік  мақсаттарын  жеткен 
жетістіктерімен салыстыруға бағытталуы керек.  
Талдаудың  мақсаты  жақсы  нәтижеге  әкелетін  немесе 
әкелмейтінін,  мұғалім  мен  оқушылардың  іс-әрекетін  ұйымдастыру-
дың  әдістері  мен  тәсілдерін  анықтауда  жатыр.  Мұндағы  басты 
мақсат  мұғалім  мен  оқушылар  жұмысының  тиімділігін  арттыру 
болып табылады. 
Ең кең таралған талдаудың типтері толық, кешенді, қысқа және 
аспектілік болып табылады. 

 
толық  саралау  –  сабақтың  барлық  аспектілерін  оқып  білу 
мен талдау мақсатында өткізіледі;   

 
қысқа – басты мақсатпен міндеттерге жетуі анықталады;  

 
кешенді  –  сабақтың  мақсаттары,  мазмұны,  формасы  мен 
ұйымдастыру  әдістерінің  бірлігі  мен  өзара  ынтымақтастығы 
байқалады; 

 
аспектілік – сабақтың жеке элементтеріне назар аударылады.  
Аталған талдаулардың әрқайсысы мына түрде болуы мүмкін:  
1)
 
дидактикалық;  
2)
 
психологиялық;  
3)
 
әдістемелік;  
4)
 
ұйымдастырушылық;  
5)
 
тәрбиелік және т. б..  
Сабақты талдаудың осындай көптігіне қарай, саралау схемалары 
да  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Оған  мынадай  негізгі  қағидалар  енгізілуі 
мүмкін.  Осы  мақсатта  сабақты  саралаудың  мына  схемасын  ұсынуға 
болады. 
6.4.1. Сабақты жалпы талдау нұсқалары 
1-нұсқа 
1.
 
Басты мәліметтер: күні, сынып, мектеп, мұғалімнің аты-жөні. 
Оқу бағдарламасының тақырыбы, сабақ тақырыбы.  
2.
 
Компьютермен  жұмыс  істеудің  техникалық  қауіпсіздігі  мен 
санитариялық-гигиеналық нормаларын сақтау. 

 
178 
3.
 
Сабақтың  құрылымы.  Сабақтың  басты  бөлімдері,  мақсаты 
мен  ұзақтығы.  Өз-өзін  басқарумен  және  мұғаліммен  басқарудың 
бірлігі. Жеке, жұптық, топтық және сыныптың бірлесіп жұмыс істеуі. 
Материалды қайталау мен бекіту кезеңдері, әдістері.  
4.
 
Мұғалімнің сабаққа қойған мақсаттары, оларға жету.  
5.
 
Сабақ  мазмұнын  мектеп  оқулығының  материалымен 
салыстыру.  
6.
 
Сабақ мазмұнын жалпы дидактикалық принциптер бойынша 
бағалау:  

 
ғылымилығы  –  сабақта  информатикадағы  жаңа  жетістіктерді 
есепке  алу  (орындаушы  ұғымы,  синтаксистік  диаграммалар, 
алгоритмнің дұрыстығын дәлелдеу және т.с.с.); 

 
көрнекілік  –  графикалық  ақпаратты,  алгоритмдердің 
орындалу  кестесін,  шегінісі  бар  текстердің  жазбаларын  және  т.  б. 
қолдану; 

 
бірізділігі 
– 
оқылатын 
материалдың 
логикалық 
қисындылығы,  баяндаудың  үзілмеуі,  қиын  ұғымдардың  қайталануы, 
циклдігі; 

 
тәжірибемен  байланысы  –  мазмұны  жағынан  компьютерлік 
қоғамдағы 
өмірге 
бағытталған, 
қолданбалы 
тапсырмаларды 
пайдалану. 
7.
 
Сабақтағы  мұғалімнің  іс-әрекетінің  әдістері.  Оқушыларды 
сабаққа  дайындалуға  баулу.  Есептеу  техникасын  сабақ  басында 
(немесе оған дейін) дайындап қою. Мұғалім өзін еркін ұстауы - оның 
материалды  жақсы  білуінде.  Маңызды  сұрақтарға  жауап  беру  сәті 
(сабақ  барысында  немесе  соңында).  Оқуды  жекелендіру  –  дәрежесі 
әртүрлі тапсырмалар, жақсы оқитын оқушыларды нашар оқитындарға 
көмектесуге  баулу  және  т.  б.  Тақтада,  бағдарламада,  есепте  қатені 
тапқандағы  оқушының  зейінін,  әректін  тұрақтандыруға  арналған 
мұғалімнің тәсілдері.  
8.
 
Материалға  деген  ынтаны  қалыптастырып  бекіту  әдістері. 
Оқушылардың  ойлау  әрекетін  ынталандыру.  Тапсырмалардың  шығу 
түбі  (кітаптан,  басқа  әдебиеттен,  сабақ  барысында  мұғаліммен  ойлап 
шығарылуы). Сабақта қолданылған басқа да танымал және стандартқа 
сай келмейтін оқыту әдістері. 
9.
 
Сабақтағы  оқушылардың  жұмысы.  Оқытылып  жүрген 
материалға деген қызығушылық дәрежесі. Оқушылардың белсенділігі 
мен  дербестігі.  Ұғынудың  саналылығы  –  ЭЕМ-дегі  жұмыс  істеудің 
маңыздылығын  ұғыну.  Қол  жетімділігі  –  терминологияның 
стандарттылығы,  сыныптың  дайындық  дәрежесін  есепке  алу,  ұғыну 
дәрежесін белгілеу. 

 
179 
10.
 
Оқытудың нәтижелілігі – оқу уақытының қанықтылығы, жат 
материалдың болмауы, таңдау оңтайлығы. Мұғалім мен оқушылардың 
қарым-қатынасы:  авторитарлы,  либеральды,  бірге  қызмет  ету. 
Сабақтағы  оқушылардың  ұйымшылдығы  мен  тәртіптілігі  –  есептеу 
техникасына  деген  қарым-қатынасы,  компьютермен  жұмыс  істегенде 
қауіпсіздік  техникасын  сақтауы.  Көмекші  материал,  компьютер, 
оқулықтардың көмегімен өз бетінше білім ала білуі керек. 
11.
 
Кері  байланыс.  Әр  мұғалімнің  білімді  бақылау  жүйесі. 
Компьютердің  көмегімен  білімді  тексеру  –  бақылау  бағдарламалары, 
бағдарламаны  іске  қосқаннан  бастап  өзін  бақылау,  жолдаспен  өзара 
бақылау.  Білім  бағасының  объективтілігі.  Мұғалім  бағасының 
критерийі  (олар  оқушыларға  белгілі  ме?).  Осындай  бақылау  жүйесін 
автоматтандыру  мүмкіндігі.  Үй  тапсырмасының  еңбек  уақытын 
бағалау (өзіңіз орындап, уақытты өлшеңіз).  
12.
 
Сабақтың  тәрбиелік  мәні.  Оқушыларға  бағыт  бола  алатын 
мұғалім  тұлғасының  мінез-құлық  белгілері  мен  ерекшеліктері.  Сіз 
байқап қалған тәрбие әдіс-тәсілдері.  
13.
 
Қорытынды: 

 
сабақ жоспарының орындалуы; 

 
сабақтың мақсатына жетуі;  

 
сабақтың айырықша қызықтысы және өнегелілігі;  

 
не нәрсе сабақта аса үлкен әсер қалдырды;  

 
осы  тақырыпқа  қайтадан  сабақ  өткізгенде  қандай 
өзгертулерді енгізу орынды;  

 
сабақты бағалау. 
Қатынасқан сабақты талдау нобайы 
Мұғалімнің аты-жөні 
«+»  «-»  Ескерту 
Сабақтың 
негізгі 
элементтері
 
1. Сабақты ұйымдастыру 
2. Сабақ мақсатын қою 
3. Сабақтағы басты мәселені ерекшелеу 
4. Уақытында бақылау 
5. Оқушылардың белсенді іс-әрекеті 
6. Өздік жұмыс 
7. Практикалық жұмыс 
8. Сабақтың нақты құрылымы 
9. Сабақтың мазмұндық толықтығы 
10. Нәтижелігі 
11. Оқыту деңгейі
 
 
 
 
Оқытудың 
формасы мен 
әдістері
 
1. Проблемалы-іздеушілік.  
2. Сөздік-көрнекілік.  
3. Жаңа формалар мен әдістер.  
4. Жеке және саралы ыңғай таба білу.  
5. Интерактивті тақтаны қолдану.
 
 
 
 

 
180 
Тұлға
 
1. Сыныпты басқара білуі.  
2. Өзіндік мәдениеті.  
3. Педагогикалық әдептілігі.  
4. Эрудициясы, білімпаздығы.  
5. Оқушылармен қарым-қатынасы.
 
 
 
 
Мұғалімнің  кәсіптік  әдістемелік  дәрежесін  жалпы  түрде 
сіз  қалай  бағалайсыз?  (керектісін  белгілеңіз,  астын 
сызыңыз) (өте жоғары, жоғары, орташа, орташадан төмен
төмен)
 
 
 
 
2-нұсқа 
1.
 
Оқу  мекемесі,  сынып,  оқу  пәні,  мұғалімнің  аты-жөні,  тізім 
бойынша оқушылар саны және сабаққа қатысып отырғандардың саны.  
2.
 
Сабақтың  тақырыбы,  білімділік,  дамытушылық  және 
тәрбиелік мақсаттары және сабақтың міндеттері. 
3.
 
Сабақтың бастамасын ұйымдастыруы: 

 
мұғалімнің  сабаққа  дайындығы  –  конспектісі  немесе  толық 
сабақ жоспарының болуы, көрнекілік оқу құралдары және т. б.; 

 
оқушылардың  дайындығы  –  кезекшінің,  дәптерлердің, 
оқулықтардың, оқу құралдарының және т. б.  болуы; 

 
сынып  бөлмесінің  дайындығы  –  тазалық,  сынып  тақтасы, 
бор, жарық және т. б. 
4.
 
Сабақтың құрылымын ұйымдастыруы:  

 
сабақты жұмылдыра бастауы;  

 
бірізділігі,  сабақ  бөлімдерінің  арақатысы  және  өзара 
байланысы;  

 
сабақтың толықтылығы және өткізу қарқындылығы т. б. 
5.
 
Сабақтағы оқу материалының мазмұнын саралауы:  

 
оқу  материалын  сабақта  таңдалған  реттілікпен  жүзеге 
асыруын  мұғалімнің негіздеуі; 

 
пән  бойныша  оқушылардың  білім  дәрежесіне  және 
бағдарламаға сай болуы; 

 
практикалық және теориялық материалдың арақатынасы;  

 
өмірмен, тәжірибемен және т. б. байланысы.  
6.
 
Сабаққа  деген  жалпы  педагогикалық  және  дидактикалық 
талаптар:  

 
сабақтың  мақсаты  және  сабақ  жоспары  мен  конспектісінің 
қойылған мақсатқа сай келуі; 

 
оқыту әдістерін таңдау дәлелдемелері; 

 
оқудағы  дидактикалық  принциптерді  жүзеге  асырудың 
жолдары; 

 
оқудағы жекелендіру мен саралау; 

 
181 

 
сабақтың 
білімділік, 
дамытушылық 
және 
тәрбиелік 
аспектілерінің өзара байланысы. 
7.
 
Мұғалімнің іс-әрекеті: 

 
жаңа  білімдердің  мазмұндамасының  ғылымилығы  мен  қол- 
жетімтілігі; 

 
ең  жақсы  мұғалімдердің  тәжірибесін  және  әдістемелік 
ғылымның ұсыныстарын қолдану; 

 
оқу материалын бекітуді ұйымдастыру; 

 
оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру; 

 
оқушылардың  білімдері  мен  дағдыларын  тексеру  және 
бағалау; 

 
мұғалімнің сұрақтары және оқушылардың оған жауап беруін 
талап ету; 

 
оқушылардың  оқу  материалын  саналы  түрде  меңгеруіне 
мұғалімнің қарауы; 

 
үй тапсырмасы және мұғалімнің оған көңіл бөлуі; 

 
тәртіпке  және  оқушылардың  саналы  тәртіптілігіне  жету 
жолдары; 

 
көрнекілік  құралдарды,  техникалық  оқу  құралдарын 
қолданудың тиімділігі; 

 
мұғалімнің сыныппен қарым-қатынасы және т. б. 
8.
 
Оқушылардың іс-әрекеті:  

 
жұмыс орнын дайындау; 

 
оқушылардың  сабақтағы  мінез-құлқы  –  тәртіптілігі, 
ыждағаттылығы, белсенділігі, көңілдері, бір жұмыс түрінен басқасына 
көше білу іскерлігі және т. б.;  

 
оқушылардың өздік жұмысының сапасы мен қарқындылығы; 

 
оқушылардың ауызша сөйлеу және жазу мәнерінің күйі; 

 
оқушылардың  теорияны  білуі  және  алған  білімді  қолдана 
білу іскерлігі; 

 
оқушылардың мұғалімге деген қарым-қатынасы;  

 
жұмыста жалпы алғанда ұжымның және жеке оқушылардың 
сабаққа қатысу дәрежесі мен мінезі және т. б..  
9.
 
Қорытынды:  

 
сабақ жоспарының орындалуы;   

 
сабақ мақсаттарына жетуі;   

 
сабақтағы ең қызықтысы және өнегелілігі; 

 
сабақта не нәрсе аса үлкен әсер қалдырды;  

 
осы  тақырыпқа  қайтадан  сабақ  өткізгенде  қандай 
өзгертулерді мақсатты түрде енгізу керек;  

 
сабақты бағалауы.  

 
182 
Келтірілген  жалпы  үлгілердің  көмегімен  болған  сабақтың 
жалпы  таладуын  және  өздік  талдауын  жасауға  болады.  Әйтсе  де, 
тәжрибеде  сабақтың  талдауын  жасағанда  жалпы  үлгіден  басты 
жағдайларды ерекшелеу қиынырақ болуы.  
Сондықтан жалпы  үлгіден басты  жағдайларды  ерекшелеудің 
бір нұсқасын келтірейік: 
1.
 
Сабақта  қандай  білімділік,  дамытушылық  және  тәрбиелік 
мақсаттар  орындалды?  Олардың  ішінен  қайсысы  басты  болды  және 
неге? Олардың өзара байланысы қандай? 
2.
 
Сабақтың  өзгешелігі  қандай?  Оның  типі  қандай?  Берілген 
сабақтың тақырыптағы, бөлімдегі, курстағы алатын орны? 
3.
 
 Сабақты  жоспарлағанда  оқушылардың  мүмкіндіктері  қалай 
ескерілді? 
4.
 
Сабақтың  құрылымы  мен  сабақтың  жеке  бөлімдеріне 
уақыттың бөлінуі тиімді ме? 
5.
 
Қай  материалға  немесе  сабақ  бөліміне  басты  акцент 
қойылады? 
6.
 
Оқу  әдістерін  таңдау  және  олардың  байланысы  қалай 
түсіндіріледі? 
7.
 
Сабаққа оқу формалары қалай таңдалды? 
8.
 
Сабақта  сараланған  әдіс-амалдың  қолданылуы  не  себебті? 
Қалай ол іске асырылды? 
9.
 
Сабақта  қолданылған  оқушылардың  білімін  тексеру  мен 
бақылау формаларының таңдалуы немен түсіндіріледі? 
10.
 
Бүкіл  сабақ  барысында  оқушылардың  жұмыс  қабілеттілігі 
немен қамтамасыз етіліп отырды? 
11.
 
Оқушылардың қажуы алдын ала қалай ескеріліп отырды? 
6.4.2.  Сабақ  барысын  және  тиімділігін  бағалауға  арналған 
нұсқаулар 
Оқушылардың жауап беруін бақылағанда мына кездерге көңіл 
бөлуді ұсынуға болады: 
1.
 
қандай  формада  жауап  беру  жүргізілді  (жеке  немесе 
фронтальды, ауызша, жазбаша немесе зертханалық); 
2.
 
таңдалған жауап беру формасының бағасының оңтайлығы;  
3.
 
 сабақтың  басқа  кезеңдерінің  арасында  сұрауды  жасау  кезі 
дұрыс анықталды ма?; 
4.
 
сабақ барысында  жауап  сұрауға  кеткен  уақыт  дұрыс бөлінді 
ме?  
5.
 
жауап  алудың  мақсаты  нақты  қойылды  ма  (жаңа  тақырыпқа 
көшу, білімді тексеру, іскерлігін тексеру); 

 
183 
6.
 
ол толық іске асырылды ма? 
7.
 
мұғалім  жауап  алудың  оқытушылық  қасиетін  қамтамасыз 
етуге тырысты ма? 
8.
 
барлық оқушылардың оған белсенді қатысуы; 
9.
 
қателіктер  іскерлі  түрде  түзетілді  ме  және  оған  оқушылар 
қатысты ма? 
10.
 
бағалар қаншалықты объективті түрде қойылды және дәлелді 
түрде негізделді; 
11.
 
басты ұғымды меңгеруге қалай көңіл бөлінді? 
12.
 
жауап беру жоспарының қисындылығына? 
13.
 
білімнің  беріктілігіне  және  оны  тәжірибеде  қолдана  білуіне 
көңіл аудару.  
Сабақтағы  жаңа  материалды  оқу  барысын  бақылағанда 
мынаған көңіл бөлу керек: 
1.
 
оқушылар  алдында  сабақ  тақырыбын  оқудың  басты 
міндеттері қойылды ма және қаншалықты нақты және анық қойылды? 
2.
 
оқу материалы мазмұндамасының қолжетімділігі; 
3.
 
ондағы  бастысы,  нақтысы  белгіленді  ме  және  оған 
оқушылардың көңілі тұрақтандырылды ма? 
4.
 
жаңаны оқу қарқыны оңтайлы ма? 
5.
 
оқушылардың  жаңа  материалды  ұғу  дәрежесі  түсіндіру 
барысында тексеріліп отырды ма? 
Жаңа материалды бекіткенде мынаған көңіл бөлу керек: 
1.
 
берілген тақырыптағы ең басты ұғымды меңгеруге таңдалған 
жаттығулар қатыстырылды ма? 
2.
 
жаттығуларды  орындау  барысында  оқушыларға  сараланған 
көмек көрсетілді ме? 
3.
 
жақсырақ дайындалған оқушыларға қосымша тапсырмалар; 
4.
 
типтік  қателіктер  мен  қиындықтар  кездесті  ме?  Олардан 
құтылу жолдары. 
Үй тапсырмасын бергенде мынаған көңіл бөлу керек: 
1.
 
оның  көлемі  мен  күрделігі  оңтайлы  ма,  оны  осы  пәннің  үй 
тапсырмасын орындауға берілетін уақыт ішінде орындау керек пе? 
2.
 
үй тапсырмасы түсіндірілген бе? 
3.
 
безендіруге талаптар; 
4.
 
 үй тапсырмасы сараланған ба?. 
Оқушылардың  алған  білім,  біліктілік  және  дағдыларынан 
көрінген мазмұн мен нәтижелері талдаудың өзегі болуы қажет! 
Өткізілген сабақтың өздік талдау нобайы 
№ 
Талдауды қорытындылау үшін қойылатын 
Мұғалім әрекетінің 

 
184 
 
6.5. Зертханалық жаттықтыру тапсырмалары 
Зертханалық  жұмыс. Тақырыбы  «Информатикадан күнделікті 
сабақ жоспары» 
Мақсаты:  
1) сабақ конспектісіне қойылатын негізгі талаптарды анықтау; 
сұрақтар 
оңтайлығын бағалау 
1  Сабақ 
міндеттері 
қалай 
жоспарланды 
және 
оқушылар  алдына қалай қойылды? 
Оңтайлы  ма,  емес  пе, 
нені жақсарту керек   
2  Мұғалімнің таңдаған сабақтың басты элементтерінің 
құрылымын  және  оның  әрқайсысына  бөлінген 
уақытты қалай бағалауға болады? 
 
3  Таңдалған  сабақтың  мазмұнын  қалай  бағалауға 
болады? 
 
4  Таңдалған  оқыту,  ынталандыру 
мен  бақылау 
әдістерінің  үйлесімділігін  (берілген  тақырыпқа, 
сыныптың 
дайындығына 
және 
мұғалімнің 
мүмкіндігіне) оңтайлы  деп есептеуге бола ма?   
– сұрау кезінде; 
– жаңа материалды оқу кезінде; 
–бекіту кезінде; 
– оқылғанды жалпылау кезінде. 
 
5  Сабақта  оқыту  үрдісін  ұйымдастырудың  жалпы 
сыныптық,  топтық  және  жеке  формаларының 
үйлесімділігі  қаншалықты  сәтті  болды?  Ол  үлгерімі 
нашар  және  дайындығы  жақсы  оқушыларға 
сараланған әдіс-амалды қамтамасыз етті ме? 
 
6  Көрнекілік құралдары, интерактивті тақта және т. б. 
сабақта тиімді қолданылды ма? 
 
7  Бар  педагогикалық  инновацияларды  қолданылуы, 
сабақтағы педагогикалық жетістіктер: 
– тірек сызбаларын, конспектілерін құрауы; 
– оқыту бағдарламаларын қолдануы;  
–  дамытушылық  мазмұндағы  тапсырмалар  мен 
есептердің құрастырылуы. 
 
8  Сабақта  мұғалімнің  оқушылармен  сөйлесу  мәнерін, 
педагогикалық  әдепті  сақтауын  қалай  бағалауға 
болады? 
 
9  Сабақта  тиісті  гигиеналық  жағдайлар  сақталды  ма? 
Оқушылардың 
жұмыс 
қабілеттілігін 
қолдау 
тәсілдері қолданылды ма? 
 
10  Сабақта  оқушыларға  білім  беру,  тәрбиелеу  және 
дамыту мақсаттары қаншалықты табысты шешілді? 
 
11  Үй  тапсырмасының  көлемі  мен  күрделілігі  дұрыс 
анықталды  ма,  оны  орындаудың  нұсқаулықтары 
шеберлі түрде өткізілді ме? 
 

 
185 
2)  информатикадан  өтілген  материал  және  оқулықтар  негізінде 
сабақ жоспарының конспектісін құрыңыз. 
Таңдаған тақырып бойынша бір сабақтың жоспарын құрыңыз. 
Жоспар  құрғанда төмендегі сабақ элементтерін енгізіңіз: 
-
 
жаңа  тақырыпты  оқып  үйренуге  дайындаушы  жаттығулар 
жүйесі ; 
-
 
жаңа  материалды  түсіндіргенде  тарихи  деректер  мен 
проблемалық жағдайларды (ситуация) пайдалану; 
-
 
сабақта  материалды  алғашқы  бекіту,  өзіндік  жұмыстың  кез-
келгенін жүргізу; 
-
 
сабақтың кез-келген кезеңінде рөльдік ойындарды қолдану; 
-
 
үйге тапсырма  және оған түсінік беру; 
-
 
сабаққа дайындалуға қажетті әдебиеттер. 
Сабақ конспектісін құру. 
1. Күнтізбелік жоспардан кез-келген сабақты таңдаңыз. 
2. Төмендегі  сабақ  конспектісін  құруға  арналған  нұсқауды 
пайдаланып сабақтың жоспар-конспектісін құрыңыз.  
Формальды  –  бейнелеуші  бөлігінде:  сынып,  уақыты,  сабақ  №  , 
сабақтың  тақырыбы,  сабақтың  мақсаты,  сабақтың    түрі, 
пайдаланылатын  құралдар,  сабақ  кезеңдері  мен  олардың  ұзақтығы 
көрсетілген сабақ жоспары болуы керек. 
Мазмұндық  бөлігінде:  оқушылардың  дайындық  деңгейіне 
қойылатын  жоспарланған  талаптар;  оқу  материалының  толық 
баяндалуы;  барлық  тапсырмалар,  есептер,  жаттығулардың  нақты 
шешімдері болуы керек.   
Мұнда көрсетілуі керек
1)  үй  тапсырмасын  тексеру  қалай  жүргізілетіні    (үй 
тапсырмасының  жаңа тақырыпты оқып  үйренуге себепші болуы, ал 
тексеру оқытушы сипатта болғаны дұрыс); 
2)  кімнің, қандай сұрақтар бойынша сұралатыны; 
3)  сыныппен қандай фронтальды жұмыс жүргізілетіні ; 
4)  жаңа материал қандай түрде хабарланатыны : 
-
 
кіріспеде не айтылуы керектігі; 
-
 
мұғалімнің  не  туралы  айтатыны,  оқушылардың  нені 
орындауы керектігі; 
-
 
мұғалімнің қоятын сұрақтары және оның жауаптары ; 
-
 
қолданылатын көрнекі құралдар, қашан, қалай көрсетілетіні; 
-
 
қандай  қорытынды  жасалынатыны,  жұмыстың  нәтижесінде 
оқушылардың нені игеретіндігі; 

 
186 
5)  сабақта  өткен  материалды  бекіту  қандай  түрде  жүргізілетіні, 
оқушылардың  жаңа  материалды  түсінгендігін  қалай  анықтауға 
болатыны және оның бұрынғы өткен сабақпен байланысы; 
6)  егер  өзіндік  жұмыс  жүргізілетін  болса,  оның  мазмұнының 
қандай болатыны, оны өткізуге қажетті нұсқаулар жасауға болатыны, 
тексерудің  қалай жүргізілетіні; 
7)  үйге  қандай  және  қашан  тапсырма  берілетіні,  оған  қандай 
түсініктеме берілетіні; 
8)  сабақты  қорытындылау  (сабақта  қандай  жаңа  нәрселер 
үйренгендігі,  сыныптың  және  жекелеген  оқушылардың    жұмысына 
мінездеме беру). 
Әдебиеттер: 
1.
 
Қойбағарова  Т.Қ.,  Ельтинова  Р.А.  Информатиканы  оқыту 
әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 
195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.  
2.
 
Малев  В.В.  Общая  методика  преподавания  информатики.  – 
Воронеж: ВГПУ, 2005. – 271 с 
 
 

 
187 
1-қосымша 
1- кесте. Сабақтың тиімділігін сандық бағалау  
Бағалау көрсеткіштері 
Балл 
1. Сабақ мақсаты:  
•  дәл әрі қысқа құрастырылған;  
•  бағдарлама  талаптарына,  оқыту  түріне  (тереңдетілген,  кәсіптік), 
тақырып бойынша сабақ орнына сәйкес келеді   
 
2. Сабақтың түрі:  Танымдық әрекет кезеңдеріне сәйкес келеді  
 
З. Оқу материалының мазмұны  
•  сабақтың  дидактикалық  мақсатына,  бағдарлама  талаптарына,  лицейлік 
білім беруді жоғары деңгейіне сәйкес келеді,  
•  ғылым мен қоғамның қазіргі даму деңгейімен, оқыту бағытымен сәйкес 
келеді;  
•  құбылыстардың,  мәселелер  мен  деректердің  затына  тереңнен  ену 
қамтамасыз етіледі;  
•  пәнаралық және пәнішілік байланыстырға мысалдар келтіріледі;  
•  Интернет ресурстары қолданылады; 
•  іс жүзіндегі қателіктер мен олқылықтар болмайды  
 
4. Оқыту әдістері:  
•  оқу материалының мазмұнына және сабақ мақсатына сәйкес келеді;  
•  оқушылардың өзіндік танымдылығы мен қызығушылығын қамтамасыз 
етеді;  
•  материалдың тиімді игерілуіне септігін тигізеді; 
•  жіктелген  амалды  қолдануға,  тапсырмалардың  типін,  түрін  және 
формаларын таңдап алуға мүмкіндік береді;  
•  репродуктипті,  конструктивті  және  шығармашылық  әрекеттердің 
оңтайлы үйлесуін қамтамасыз етеді.  
 
5. Танымдық әрекетті ұйымдастыру формалары: 
•  жаппай, топтық, жұптық, жекеше; 
•  сабақтың мазмұнына, әдістеріне және мақсаттарына сәйкес келеді;  
•  оқушылардың танымдық әрекетпен айналысуын қамтамасыз етеді.  
 
6. Оқыту жабдықтары  
•  сынып тақтасы ұтымды пайдаланылады;  
•  аудиовизуалды құралдыр, басқа да дидактикалық материалдар.   
 
7. Кері байланыс  
•  білімді игеру үрдісі үздіксіз бақыланады, білімге баға беріледі,  
•  тексеру  және  бағалау  формалары  әртүрлі  ,  сұралғандардың  саны 
біршама.  
 
8. Сабақ уақыты 
•  ұтымды және тиімді қолданылды;  
•  сабақ екпіні оңтайлы  
 

 
188 
9. Сабақтың психологиялық жағдайы  
•  мазмұнды, қызықты жұмыс ұйымдастырылады;  
•  әдепке үйрету, сыни ескертулер жоқ;  
•  оқушының өзін-өзі жоғары бағалауы қалыптасады;  
•  мұғалімнің оптимистік, мажорлы көңіл-күйі  
 
10. Сабақтың оқытушылық тапсырмаларын жүзеге асыру  
•  жетекші идеялар мен түсініктер меңгерілді; 
•  алған  білімдерін  бекіту  және  бақылау  кезінде  оқушылардың  сенімді 
және дұрыс жауап беруі;  
•  танымдық қызығушылықтың, пәнге деген қызығушылығының болуы  
 
 
11. Сабақтың дамытушылық әсері  
•  күрделіліктің неғұрлым жоғары деңгейінде оқыту;  
•  проблемалы оқыту элементтері қолданылады;  
•  теориялық ойлау элементтері қалыптасады;  
•  талдау,  синтез  жасау,  салыстыру,  жалпылау,  жүйелеу  сияқты  ойлау 
компоненттері қалыптасады;  
•  сөйлеу белсенділігінің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі  
 
12. Сабақтың тәрбиелік міндеттерін жүзеге асыру  
•  мұғалім сабақтың тәрбиелік әлеуетін жүзеге асырады;  
•  оқушылардың белсенді танымдық әрекетке енуін қамтамасыз етеді;  
•  білімді бағалау тәрбиелік фактор болып табылады;  
•  жағымды көңіл-күй басымдылық танытады;  
•  білімге деген жеке қатынас қалыптасады;  
•  эстетикалық мәдениетті дамытуға септігін тигізеді 
 
Жалпы балл саны  
Сабақ тиімділігінің коэффициенті (орташа арифметикалық)  
Талдау жасаған кім  
 
Балдар:  2  –  жоғары  деңгей;  1  –  орташа  деңгей;  0  –  төменгі 
деңгей.  
 
 

 
189 
2- кесте.  Жүйелі талдау әдістемесі және сабақтың тиімділігін  
бағалау  
№   Не бағаланады 
Балл 
1. 
 
Мұғалімнің сабақтағы негізгі тұлғалық қасиеттеріне баға беру    
1.1  Мұғалімнің пәнді білуі және жалпы эрудициясы  
 
1.2 
 
Педагогикалық және әдістемелік шеберлік деңгейі  
 
1.3 
 
Сөйлеу  мәдениеті,  екпіні,  мақамы,  қарқындылығы,  кейіпке  енуі, 
эмоциясын білдіруі, жалпы және кәсіптік сауаттылығы  
 
1.4 
 
Оқушылармен қарым-қатынас әдептілігі мен демократиялық деңгейі    
1.5 
 
Мұғалімнің сыртқы түр келбеті, ым-ишарасы, дене қимылы, өзін-өзі 
ұстау мәдениеті  
 

 
Оқушылардың сабақта негізгі сипаттамаларын бағалау  
 
2.1 
 
Танымдық, шығармашылық және өзіндік белсенділігінің деңгейі 
 
2.2 
 
Жалпыоқушылық және арнайы ептіліктер мен дағдылар деңгейі  
 
2.3 
 
Ұжымдық (топтық) жұмыс түрлерінің болуы және тиімділігі  
 
2.4 
 
Тәртіптілік, ұйымшылдық және қызығушылық деңгейі  
 

 
Мұғалім  мен  оқушылардың  сабақтағы  әрекетінің  мазмұнын 
бағалау  
 
3.1 
 
Оқытылатын 
материалдың 
(қалыптасатын 
ептіліктер 
мен 
дағдылардың) ғылымилығы, қолжетімділігі және қолдан келушілігі  
 
3.2 
 
Өзектілігі мен өмірмен байланысы (теория мен практиканың)  
 
3.3 
 
Оқу  материалының  (оқушылар  игеретін  материалдың)  жаңалық, 
проблемалық және тартымдылық деңгейі  
 
3.4 
 
Игеруге ұсынылған материал көлемінің оңтайлылығы  
 

 
Мұғалім  мен  оқушылардың  сабақ  барысындағы  әрекет 
тәсілдерінің тиімділігін бағалау   
 
 
4.1 
Сабақ  уақытын  ұтымды  және  тиімді  пайдалану,  оның  екпінінің 
оңтайлылығы, сондай-ақ әрекет формаларының алмасуы мен ауысуы  
 
4.2 
 
Көрнекіліктерді сабақта нысаналы және тиімді пайдалану деңгейі  
 
4.3 
 
Қолданылатын  әдістер  мен  ұйымдастырушылық  жұмыс  жасау 
формаларының ұтымдылығы мен тиімділігінің деңгейі  
 
4.4 
 
Сабақ  барысында  барлық  оқушылармен  кері  байланыс  орнату 
деңгейі  
 

 
190 
4.5 
 
Оқушылардың  жұмысын  бақылау  тиімділігі,  білімдерін,  ептіліктері 
мен дағдыларын бағалау жүргізілген талаптар деңгейі  
 
4.6 
 
Оқушылардың сабаққа эстетикалық әсер ету деңгейі  
 
4.7 
 
Мұғалім мен оқушылардың сабақта еңбек қорғау және техниикалық 
қауіпсіздік ережелерін сақтау дәрежесі  
 

 
Өткізілген сабақ мақсатын және нәтижелерін бағалау  
 
5.1 
 
Сабақ  мақсатын  құрастыру  нақтылығының,  дәлдігінің  және 
қысқалығының дәрежесі  
 
5.2 
 
Іс  жүзіндегі,  нысаналы,  күрделі  және  қолжетімді  мақсаттар  бір 
уақытта  
 
5.3 
 
Оқушыларға  сабақта  оқытушылық  әсер  ету  деңгейі  (нені  және 
қандай деңгейде үйренді)  
 
5.4 
 
Тәрбиелік  әсер  ету  деңгейі  (олардың  тәрбиесіне  не  және  қалай  әсер 
етті)  
 
5.5 
 
Сабақтың  оқушылардың  дамуына  әсер  ету  деңгейі  (олардың 
дамуына не және қалай әсер етті)  
 
 
 

 
191 
Пайдаланылған әдебиет 
1.
 
Беспалько  В.П.  Основы  теории  педагогических  систем.  – 
Воронеж: ВГУ, 1977. – 304 с. 
2.
 
Бидайбеков Е.Ы., Лапчик М.П., Беркімбаев К.М., Сағымбаева 
А.Е.  Информатиканы  оқыту  теориясы  мен  әдістемесіне  кіріспе:  Оқу 
құралы. – Алматы, 2008. – 280 бет. 
3.
 
Бочкин  А.И.  Методика  преподавания  информатики.  — 
Минск: Вышэйшая школа, 1998. 
4.
 
Гейн  А.Г.,  Житомирский  В.Г.  и  др.  Основы  информатики  и 
вычислительной техники. - М.: Просвещение, 1991. 
5.
 
Горячев  А.В.,  Меньшакова  А.В.,  Методика  преподавания 
информатики  в  начальной  школе  (1-4  классы)  на  примере  курса 
«Информатика в примерах и играх». М.: Педагогический университет 
«Первое сентября», 2005, 68 с.  
6.
 
 Гребенюк  О.С.,  Гребенюк  Т.Б.  Теория  обучения:  Учеб.  для 
студ. высш. учеб. заведений. – М.: ВЛАДОС-ПРЕСС, 2003. – 384 с. 
7.
 
Ершов  А.П.  Информатика:  Предмет  и  понятие  // 
Кибернетика. Становление информатики. – М.: Наука, 1986. 
8.
 
Ершов А.П. Школьная информатика в СССР:  от грамотности 
к культуре //ИНФО. -1987. - №6. 
9.
 
Ершов  А.П.,  Звенигородский  Г.А.,  Первин  Ю.А  Школьная 
информатика (концепции, состояние, перспективы). Препринт ВЦ СО 
АН СССР №152. - Новосибирск, 1979,51 с. 
10.
 
 Ершов  А.П.,  Звенигородский  Г.А.,  Первин  Ю.А.  Школьная 
информатика (концепции, состояния, перспективы) // ИНФО, 1995, № 
1, С. 3. 
11.
 
Ефимова О.В.,  Шафрин  Ю.А. Практикум   по компьютерной 
технологии. - М.: АБФ, 1997. 
12.
 
Завельский  Ю.В.  "  Как  подготовить  современный  урок"  . 
Журнал "Завуч" № 4, 2000 г. 
13.
 
Загвязинский В.И. Теория обучения: Современная интерпре-
тация. – М.: Академия, 2001. – 192 с.  
14.
 
Златопольский Д.М. Интеллектуальные игры в информатике. 
БХВ-Петербург, 2004 г. – 390 с. 
15.
 
 Изучение  основ  информатики  и  вычислительной техники.  II 

Каталог: modules -> kaf -> inf -> images
kaf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
kaf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
kaf -> Ерғалиев Қуаныш Советұлы Ерғалиева Самал Жанатқызы КӘсіби қазақ тілі «Дене шынықтыру және спорт»
kaf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
images -> А. Ж. Асамбаев криптография негіздері


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет