Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


 Информатиканы оқытуды жобалау



жүктеу 1.71 Mb.
Pdf просмотр
бет8/19
Дата18.03.2017
өлшемі1.71 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

2.5. Информатиканы оқытуды жобалау  
Сабаққа  және  жалпы  оқытуға  дайындық  кез  келген  саналы 
әрекет  сияқты  жоспарлаудан  басталады.  В.И.Загвязинский  атап 
өткендей,  мұғалімнің  бұл  жұмысын  шартты  түрде  жанама  және 
тікелей деп бөлуге болады [13].  
Жанама  дайындық  мұғалімнің  білім,  әсер,  тәжірибе 
жинақтауымен,  мәдениетпен  шұғылдануымен,  бүтіндей  қабілеттері 
мен  жеке  бас  ерекшеліктерінің  дамуымен  байланысты.  Бұл  үрдістер 
әдебиеттерді  оқу  кезінде,  телебағдарламалар,  кинофильмдер  қарау, 
театрлар  мен  мұражайларға  бару,  әңгімелесу  кезінде  өлшеусіз  және 
еріксіз  жүреді.  Жанама  дайындыққа  іргелі  ғылыми  негіздерді  және  
пән  мұғалім-ұстаз  үшін  базалық  ғылымның  жаңа  жетістіктерін  және 
де  онымен  шектес  басқа  да  ғылым  салаларын  оқуды  жатқызуға 
болады. 
Курсты  немесе  курс  бөлімін  оқытуға  тікелей  дайындық 
бағдарламаларды,  кітаптарды,  оқу  құралдарын,  ғылыми  және 
әдістемелік әдебиететтерді оқудан тұрады. 
Тікелей  дайындықтың  міндетті  элементі  –  оқытуды  жоспарлау, 
ол  білім  беру  үрдісін  ұйымдастырудың  ең  маңызды  кезеңі  болып 
саналады.    
Жоспарлаудың 
төрт 
түрі 
бар, 
нәтижесінде 
олардың 
әрқайсысына  сәйкес  жоспар  болады.  Олар:  білім  беру  мекемесінің 
жұмыс жоспары және оқу бағдарламасытақырыптық (күнтізбелік-
тақырыптық) және сабақ жоспарлары. Соңғы екеуі мұғалімнің негізгі 
жоспарлары.  
2.5.1. Тақырыптық жоспарлау 
Тақырыптық  жоспар  бүтіндей  оқу  жылына  әзірленіп,  оқу 
курсының  барлық  ірі  тақырыптары  мен  бөлімдерінің  қысқаша 
мазмұнынан тұрады. Жалпы айтқанда, жылдық тақырыптық жоспар – 
бұл барлық сабақтар тақырыптарының тізімі, басты мақсаты сабақтың 
оңтайлы  мазмұнын  анықтау  және  оларға  қажет  уақытты  есептеу 
болып табылады.  
Тақырыптық жоспар мына бөлімдерден тұрады:  
1) тақырыптар атаулары мен барлық сабақтардың мақсаттары; 
2) сабақтардың формалары;  

 
70 
3) оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны;  
4) тірек білім мен ептілік;  
5) алдын ала және қорыта қайталау тақырыптары;  
6) көрнекі құралдар мен оқу жабдықтарының тізімдемесі;  
7) оқу-әдістемелік құралдар;  
8) пәнаралық байланыстар;  
9)  сабақ  формалары  (жалпылаушы  және  сынақ  тапсырмалар 
бекітіледі,  өздік  жұмыстардың  тақырыптары  мен  формалары 
белгіленеді).  Әрбір  тақырып  бойынша  негізгі  ұғымдар,  әрекет 
тәсілдері, ақпарат көзі бөлініп алынады.  
Тақырыптық  жоспарлау  –  белгілі  бір  тақырып  немесе  оқу 
бағдарламасының  бөлімі  бойынша,  сабақтар  мен  сабақтан  тыс 
жұмыстар 
жүйесіндегі 
оқу-тәрбиелік 
үрдістің 
білім 
беру, 
дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін жүзеге асырудың оңтайлы 
жолдарын  анықтауға  арналған.  Олар  сабақты  белгілі  бір  жүйеге 
салуға,  жұмыстың  келешегін  көруге  мүмкіндік  береді,  жабдықтарды 
сабаққа  алдын  ала  даярлауға,  жаңа  материалды  меңгеруге,  қажетті 
білім  мен  ептілікті  өзекті  етуге  бағытталған  оқушыларға  алдын  ала 
тапсырмалар ойлап табуға көмектеседі. Ең бастысы, барлық тақырып 
арқылы  жетекші  ережелерді  өткізу,  оқушылардың  бүтіндей  түсінігін 
және  әрекеттің  аяқталған  тәсілін  қалыптастыру  мүмкіндігі  пайда 
болады. Тақырыптық жоспар – мұғалімнің күрделі ойлауының жемісі, 
оқытылатын тақырып мақсаттарын, сабақты, оларға жетудің жетекші 
құралдарын ұғыну. 
Заманауи  дидактика  мен  әдістемеде  оқу  үрдісін  жоспарлау 
технология деңгейіне жетті [45 және т.б.]: 
1.
 
Курс  бойынша  жұмыс  бағдарламасын  зерттеу  немесе 
өздігінен  әзірлеу,  білім  беру  стандарттарына  және  педагогтің  өзіндік 
ұстанымына сәйкес жүзеге асырылады. Оқу курсына бөлінген сағатты 
есептеу  (мерекелік  күндерді  ескеріп).  Курстың  (бөлімнің)  басты 
тақырыптық  блогтарын  және  оқушылардың  басыңқы  әрекет 
формаларын  бөліп  алу.  Оқу  материалын  логикалық  аяқталған 
бөлімдерге бөлу. 
2.
 
Тақырыптық  және  әрекеттік  компоненттерін  есепке  алып, 
курстың  негізгі  бөлімдері  бойынша  жылдық  сағаттың  жалпы  санын 
үйлестіру (мысалы, оқу жылының соңында курстың барлық тақырыбы 
бойынша  практикумға  немесе  қайталауға  уақыт  бөлу).  Сабақтан  тыс 
жұмыстарға  уақыт  бөлу  (жеке  жоспар  бойынша  сабақтар, 
шығармашылық жұмыстарды қорғау, конференциялар, олимпиадалар, 
консультация, сынақтар, емтихандар және т.б.
1
). 
                                                 
1
 Әрекеттердің бұл түрлері жеке бөлімдер мен тақырыптардың құрамына кіре алады 

 
71 
3.
 
Түрлі факторларды ескеріп, тақырыптық жоспар бөлімдеріне 
бөлінетін  оқу  уақытын  есептеу  (мысалы,  оқушылардың  білім  алу 
нәтижелерін 
бақылау 
тоқсандық 
бақылау 
жұмыстарының 
тақырыптарымен  сәйкес  келу  үшін  ірі  бөлімдерді  немесе 
тақырыптарды демалыс күндері басталғанға дейін аяқтаған дұрыс).  
4.
 
Әрбір бөлім ішіндегі сабақтарды жоспарлау: 
-
 
оқулық  тақырыбы  бойынша  оқу  материалының  мазмұнымен 
танысу,  қойылған  мақсатқа  сәйкес  оқушылар  меңгеруге  тиісті  негізгі 
ғылыми  және  тәрбиелік  ойларды,  ұғымдарды,  заңдарды,  ептіліктер 
мен  дағдыларлы  бөліп  алу;  әрбір  сабақтың  тақырыбын  белгілеу, 
неғұрлым ұтымды сабақ тақырыбын таңдау;  
-
 
бөлім 
бойынша 
сабақтың 
оңтайлы 
технологиялық 
құрылымын таңдау; 
-
 
оқытылатын сабақ формаларын, оқытудың әдістемелік тәсілін 
және  басқа  да  ерекшеліктерін  нақтылау  (соның  ішінде  білімді  игеру 
заңдылықтарына,  дидактикалық  қағидаларға  сәйкес  тақырыпты  ашу 
логикасын  дәлелдеу,  әрбір  сабақтың  тақырыптарын  белгілеу,  негізгі 
тапсырмаларды  тұжырымдау,  олардың  жиынтығы  оқытылатын 
тақырыптың жалпы тапсырмалар кешенін орындауды қамтамасыз етуі 
тиіс).  
Курстың  тақырыптық  және  іскерлік  тарауы  мына  мәліметтер 
көрсетілген тапсырмалардан тұрады:  

 
тапсырманың  осы  тараудағы  және  жыл  басындағы  нөмірі, 
мысалы:  2/23  сабақ,  яғни  осы  тақырып  бойынша  екінші  сабақ,  жыл 
басынан бастап жиырма үшінші сабақ; 

 
сабақ  тақырыбы  (білім  беру  стандарттарында,  бағдарламалар 
мен  оқулықтарда  белгіленген  тақырыптар  мен  сұрақтарға  сәйкес 
құрастырылады); 

 
сабақ түрі (формасы) (дәріс, семинар, экскурсия, зертханалық 
жұмыс және т.б.); 

 
сабақ  мақсаты  (оқушылардың  жетілдіруін  жоспарлауға 
жататын  басты  мақсат  жазылады;  сабақты  жоспарлау  кезінде 
мақсаттар 
бөлшектеліп 
нақтылануы 
мүмкін). 
Әр 
бөлімнің 
дидактикалық және тәрбиелік мақсатын белгілеу;  

 
дидактикалық  құралдар  (таратылатын  материал,  плакаттар, 
компьютерілк бағдарламалар және т.б.); 

 
нақты  сабақтағы  бақылау  және  кері  байланыс,  олардың 
формалары;  

 
үй  жұмыстары  (шығармашылық,  оқулықтағы  параграф 
нөмірі,  тапсырмалар  кітапшасындағы  тапсырма  нөмірі,  жеке 
бағдарламалар бойынша және т.б.).  

 
72 
Мұғалім басқа әдістерді де қоса қолдана алады. Мысалы, оқыту 
әдістері, негізгі мәселелер, оқушылардың әрекет формалары және т.б.  
5. Жылдық тақырыптық жоспардың соңғы құрастырылуы, қажет 
болғанда  бөлімдер  жүйесін  және  оларға  алдын  ала бөлінген  уақытты 
түзету.  
2.2- кесте. Тақырыптық жоспарлау (М.И. Махмутов бойынша)  
Сабақтардың нөмірлері 
1-сағат  2-сағат  3-сағат 
I. Тақырыптардың атауы 
1.  Сабақ  мақсаты  (жалпы  дидактикалық)  немесе 
сабақтар жүйелері.  
2.  Сабақ түрі (сабақтар).  
3.  Оқытудың жалпы әдістері.  
4.  Жабдықтар және негізгі ақпарат көздері.  
5.  Сабақтар  жүйелері  бойынша  бақылау  жұмыс-
тарының формалары.  
 
 
 
II. Өзектілігі 
1.  Тірек  білім  (ұғымдар  мен  деректер)  және  іс-
әрекеттер тәсілдері.  
2.  Өздік жұмыстардың формалары  
 
 
 
III. 
Жаңа  ұғымдар  мен  іс  әрекет  тәсілдерін 
қалыптастыру 
1.  Жаңа түсініктер мен әрекеттер тәсілдері.  
2.  Негізгі  және  екінші  деңгейдегі  мәселелер,  өздік 
жұмыстарының формалары.  
 
 
 
IV.  Қолдану  (ептіліктер  мен  дағдыларды  қалып-
тастыру)  
1.  Өздік жұмыстарының формалары.  
2.  Пәнаралық байланыстар.  
 
 
 
V. Үй жұмысы  
1.  Қайталау (оқу материалының көлемі).  
2.  Өздік жұмыстарының формалары. 
 
 
 
2.3- кесте

Тақырыптық жоспарлау (Ю.Б.Зотов бойынша).  
Жоспардың 
жалпы 
сұрақтары 
Оқу  жылының  басынан  бастап  оқытылатын  тақырыптар 
бойынша сабақтардың нөмірлері  
Сабақ тақырыбы  
Сабақ мақсаты 
Сабақ түрі 
Сабақта оқыту әдістері  
Тірек білімді өзектілендіру мақсатымен сабақтағы қайталау  
Білімді бақылаудың және кері байланыстың формалары  
Жоспарланған білімнің, ептіліктің және дағдылардың артуы  

 
73 
Оқыту 
үрдісіндегі 
сабақ мазмұны 
Сабақтағы  тәрбиелік  жұмыс.  Кәсіптік  бағыттау  және 
материалдың өмірмен байланысы  
Сабақтың дидактикалық құралдары  
Оқушылардың сабақтағы өздік жұмысы  
Сабақта өткенді бекіту  
Үй жұмысы: 
а) материалды сабақта қайталау  
б) тапсырманың шығармашылық бөлімі  
2.4-кесте. Күнтізбелік-тақырыптық- жобалау үлгісі 
Информатика  пәні  бойынша  200_/200_  а.ж.  І  (ІІ)  жарты-
жылдығына күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау  
Сыныптар: _______  
Мұғалім:  _________  
Сағат саны: 
Барлығы __ сағ.; аптасына __ сағ.  . 
Жоспарлы бақылау сабақтары __, сынақтар __, тестілер __7 
Жоспар ________________________ негізінде құрастырылды.  
                     
(құжат көрсетілуі тиіс) 
Оқулық ___________________________________ 
                       (атауы, авторы, баспасы, баспадан шыққан жылы) 
Қосымша әдебиеттер_________________________________ 
                                                    (атауы, авторы, баспасы, баспадан шыққан жылы) 
Түсіндірме  қағаз  (таңдаудың,өзгерістердің,  қосымшалардың 
және т.б. дәлелдемелері)   
Тақырыптық  жоспарды  компьютерде  немесе  үлкен  парақтарда 
кесте  түрінде  рәсімдеген  ыңғайлы.  Курстың  әрбір  бөліміне  жеке 
парақты  бөлуге  болады.  Әрбір  кестенің  бағанасына  әр  сабақтың 
мәліметтері  жазылады.  Мұндай  жағдайда  сабақтың  әр  бөлігі  тігінен 
қаралады.  
2.5-кесте.  Информатика  пәнінің  200_/200_  оқу  жылының  __ 
жартыжылдық 
оқыту-тәрбиелік 
жұмыстың 
күнтізбелік-
тақырыптық жоспары 
  Мазмұны 
Бөлім 
бойынша 
жалпы 
сағат саны 
Тақырып  
бойынша 
сағат саны   
Ескертпелер 
 
 
 
 
 
 

 
74 
р/с
№ 
Сабақ 
тақырып-
тары  
Сабақ 
түрі 
Сағат 
саны 
Қайталауға 
арналған 
материал 
Көрнекі 
құралдар 
Сабақты 
бақылау 
түрі 
Үй 
жұмысы 
Сынып-
тан  тыс 
сабақ-р 

 
 
 
 
 
 
 
 
М.И.  Махмутов  мұғалімдерді  біліктілігі  жоғары  мамандармен 
құрастырылған  тақырыптық  жоспармен  қамтамасыз  ету  керектігін 
айтады.  Ол  бағдарламаны  оңтайлы  меңгеруді,  оқушылардың 
интеллектуалдық  дамуын  және  жан-жақты  тәрбие  алуын  қамтамасыз 
ететін  тақырыптық  жоспардың  бірыңғай  дидактикалық  сызбасын 
ұсынды.  Бұл  сызба  үлгі  ретінде  қолданылады,  мұғалімдер  оны  оқу-
тәрбиелік  үрдіс  кезінде  нақты  шарттарға  сәйкес  қана  өзгерте  алады 
(2.2-кесте).  Күнтізбелік-тақырыптық  жоспар  алуан  түрлі  тәсілмен 
әзірлене алады. Мұндай жоспар құрылымдарының мысалдары 2.2-2.5- 
кестелерде көрсетілген.  
2.5.2. Сабақты жоспарлау 
Мұғалімнің  сабаққа  дайындығының  соңғы  кезеңі  –  сабақты 
жоспарлау,  нәтижесі  сабақ  жоспары  (немесе  конспект)  болып 
табылады.  
Мұғалімдік  қызметін  жаңа  бастаған  ұстаз  толық  конспекті 
немесе жан-жақты ашылған сабақ жоспарын құрастырғаны дұрыс, ал 
тәжірибелі мұғалім қысқаша жоспар құрастыруына болады. Дегенмен, 
жоспар  жұмыс  құжаты  ретінде  кез  келген  мұғалімге  қажет:  ол 
ойдағыны  рет-ретімен,  толықтай  іске  асырып,  уақытты  ұтымды 
пайдалануына  септігін  тигізеді,  мұндай  жоспар  бұдан  кейінгі 
жұмыстардың тірегі бола алады [13]. 
Сабақ  жоспары  —  оқушылардың  сабақ  материалымен  жұмыс 
істеуін ұйымдастырудың әдістемелік нұсқасы. Мұнда сабақ тақырыбы 
мен  мақсаты  (білім  алушылық,  дамытушылық,  тәрбиелік),  уақытты 
кезеңмен  үйлестіру  (орындалған  тапсырманы  тексеру,  жаңасын 
түсінідіру,  жаттығулар  және  т.б.),  сабақтың  қысқаша  мазмұны 
баяндалады.  Соңғы  бөлімде  тексерілетін  немесе  жаңа  материалдың 
негізгі  элементтері,  соған  сәйкес  әдістемелік  тәсілдер,  оқу  әдістері  – 
әңгімелесу  (онда  сұрақтар  әзірленеді),  жаттығулар  (есептер  алдын 
ала  шығарылуы  керек),  баяндау  әдістері,  көрсету,  иллюстрациялау
өздік  жұмыстарының  мазмұны  мен  формалары,  үй  тапсырмасы 
жазылады.  
Жоспарланған  сабақтың  іс  жүзіндегі  сабақпен  үйлеспеуіне 
байланысты  сабақ  жоспарларының  қосалқы  нұсқасының  болғаны 
пайдалы.  Тапсырмаларды  өзгелерден  бұрын  орындаған  оқушыларға 
немесе  көзделген  уақыттан  бұрын  орындалған  жағдайларға  қосымша 

 
75 
материалдың  дайын  болуы  абзал.  Информатика  сабағында  кейде 
компьютермен  жұмыс  жасауға  мүмкіндік  болмай  қалуы  ықтимал  
(бірқатар  компьютерлердің  істен  шығуы,  жергілікті  желі  немесе 
модемнің  жұмыс  істемеуі,  электр  қуатының  өшіп  қалуы  және  т.б.), 
осындай  жағдайлар  үшін  басқа  жұмыс  формаларын,  соның  ішінде 
машинасыз нұсқалы тапсырмалар алдын ала дайын болғаны жөн.  
Мұғалім күтілетін нәтижелерді болжауы керек: ұғымдар мен іс-
әрекеттерді  меңгеру,  түсініктерді  қалыптастыру,  тәжірибе  алу  және 
т.б.  Нәтижеге  жетуді  қамтамасыз  ететін  құралдар  мен  оқушылардың 
материалды нақты игеру деңгейін анықтайтын критерийлер, тұлғаның 
жалпы  даму  деңгейі,  тәрбиеленушілердің  азаматтық  және  адами 
қасиеттерінің қалыптасуы жоспарда орын алуға тиіс. 
Дегенмен,  жоспар  догмаға  айналмауы  керек,  мұғалім  мен 
оқушының  ара-қатынасы  қатаң  сызбалармен  шектеліп,  барлығын 
«жоспар бойынша» орындауға ұмтылмауы тиіс. «Мұғалімнің шабыты, 
оның  үйдегі  дайындығынан  оқушылардың  әсер  алуы  сабаққа  жан 
бітіреді.  Сабақ  жанданып,  кейде  басқа  бағытқа  ауысады.  Осы  іспетті 
ойдағыдай  шыққан  сабақтардан  кейін  ойдағы  ұтымды  сәттер 
ұмытылып кетпегенше қолға қалам алып, конспектілей бастайсың
1
».  
Сабақ 
жоспарын 
(конспектісін) 
әзірлеу 
үшін 
мына 
ұсынымдарды ескерген жөн [12]. 
1. Сабаққа бастапқы дайындық:  
-
 
тақырыбын нақты анықтап, оны тұжырымдау;  
-
 
оқу курсында тақырыптың орнын анықтау;  
-
 
бағдарламаларды,  әдістемелік  құралдарды,  мектеп  оқулығын 
танып білу; 
-
 
сабаққа  тірек  болатын  жетекші  ұғымдарды,  бұдан  кейін 
пайдаланылатын  оқу  материалының  бөлімін,  пәнаралық  байланыс-
тырда анықтау;  
-
 
әр оқушы түсініп, есінде сақтауы тиіс тірек материалды бөліп 
алу.  
2.  Өзі  үшін  және  оқушылар  үшін  сабақтың  мақсатты 
ұстанымын  анықтап,  оны  нақты  тұжырымдау:  сабақтың 
оқытушылық, дамытушылық және тәрбиелік  қызметтерін бөліп алу.  
3. Оқу материалын жоспарлау, ол үшін:  
-
 
тақырып  бойынша  әдебиеттер  таңдап  алу  (оқулық, 
энциклопедиялық  басылым,  ғылыми-көпшілік  әдебиет,  периодика, 
Интернет ресурсы және т.б.), қолда бар материалдың ішінен қойылған 
міндеттерді шешетінін жинақтап алу; 
-
 
жаңа  материалды  танып  білу;  жаңғырту;  білімді  жаңа 
                                                 
1
 Окунев А.А. Сабаққа дайындық// Мектепте математиканы оқыту. – 1991.-№1.-С.12 

 
76 
бейтаныс  жағдайда  пайдалану;  білімге  шығармашылық  көзқарас 
таныту сияқты  оқыту тапсырмаларын жинап алу; 
-
 
тапсырмаларды  «қарапайымнан күрделіге ауысу» қағидасына 
сәйкес  реттеу  керек,  тапсырмалардың  үш  түрін  әзірлеген  жөн: 
оқушының материалмен жұмыс жасауына ықпал ететін тапсырмалар; 
оқушының 
материалды 
ойдан 
өткізуіне 
септігін 
тигізетін 
тапсырмалар;  оқушының  материалды  бекітуіне  ықпал  ететін 
тапсырмалар.  
4.  Сабақты  қызықты  өткізу  амалдарын  ойластыру  – 
оқушылардың  таңдануын,  тамсануын,  сүйсінуін  тудыратын  амал-
тәсілдер.  Ол  қызықты  дерек,  күтпеген  зерттеу  жұмысы,  тамаша 
тәжірибе, белгілі мағлұматты ерекше ашу амалы болуы мүмкін.  
5.  Іріктелген  оқу  материалын  топтастыру.  Іріктелген 
материалмен  жұмыстың  жүйесін,  оқушылардың  қызмет  түрін 
ауыстыруды  ойластыру.  Оқушылардың  селқос  қабылдауын  емес, 
жоғары белсенділігін танытатын сабақ формаларын ойлап табу.   
6.  Оқушылардың  сабақтағы  өздік  жұмыстарының  формалары 
мен  көлемін  жоспарлау.  Оқушылардың  әрекетін  бақылау:  мазмұнын 
және 
бақылау 
формаларын, 
олардың 
нәтижелері 
қалайша 
қолданылатындығын  бақылау.  Қалыптасу  деңгейлерін  ескеріп,  тиісті 
оқыту  формалары  мен  әдістері  арқылы  тексерілетін  оқушылардың 
тізімін  даярлау  қажет.  Білімді,  ептіліктер  мен  дағдыларды  бағалау 
нормалары оқушыларға белгілі болуы тиіс. 
7.  Әртүрлі  оқушыға жеке қарым-қатынас амалын ойластыру
білім  алуда  кеткен  олқылықтарын  толтыру,  қателіктерді  алдын  алу 
және т.б.  
8.  Сабақ  жабдықтарын  даярлау.  Оқуға  қажетті  көрнекі 
құралдарды,  аспаптарды  және  т.б.  тізімін  жасау  керек.  Барлық  жаңа 
материал  тірек  конспекті  ретінде  тақтада  қалу  үшін  сынып 
тақтасының  түрін,  сондай-ақ  оқушылардың  тақтада  және  дәптерде 
орындайтын жұмыстарын ойластыру.  
9.  Үй  жұмысының  мазмұнын,  көлемін  және  формаларын 
анықтау.  Оларды  оқушыларға  үйрету  тәсілі  мен  орындау  жөніндегі 
ұсыныстар.   
Үй  жұмысының  мақсаттары  әртүрлі    болуы  мүмкін:  бұдан 
бұрын өткен  материалды қайталау;  проблемалы жағдай туғызу; жаңа 
материалмен  танысу  (жаңа  материал  үй  жұмысын  жалпылау  кезінде 
пайда  болады,  жаңа  материалды  оқыту  үй  жұмысына  тұрақты  түрде 
назар аударту арқылы өтеді); жалпылап қайталау; сабақта оқытылған 
материалды бекіту.   

 
77 
Үй 
жұмысы 
ауызша 
және 
жазбаша; 
репродуктивті, 
конструктивті және шығармашылық; міндетті және қалауы бойынша; 
жалпы,  жіктелген  және  жеке;  орындау  мерзімі  бекітілген  немесе 
бекітілмеген; құрамалы бола алады.  
10. 
Сабақты  қорытындылаудың  формасын  ойластыру. 
Қолданыстағы  тәжірибеде  үй  жұмысы  сабақтың  соңында  беріледі. 
Бірақ мұндай жағдай ұдайы ұтымды бола бермейді. Сабақтың аяғында 
–  оқушыларды  жалпылаушы  нәтижелермен  және  идеялармен 
таныстыру,  «аяқталмаған  әрекет»  тәсілін  қолданып;  тарихи 
мәліметтерді пайдаланып ойын жаттығуларын орындау; информатика 
бойынша 
жұмбақтарды, 
сөзжұмбақтарды, 
анаграммаларды, 
ребустарды  шешу;  күтпеген  қорытындымен,  әзілмен  және  т.б. 
қорытынды шығарумен аяқтауға болады.  
11.  Үш  негізгі  –  формалды,  мазмұндық  және  аналитикалық 
бөлімнен  тұратын  конспектіні  құрастыру.  Г.И.  Саранцев
1
 атап 
өткендей,  сабақ  конспектісін  жазудың  әртүрлі    формалары  болуы 
мүмкін:  ерікті  мұғалім  мен  оқушының  әрекетін,  сабақтың  мазмұнын 
ашатын  сұрақтар  мен  олардың  жауаптарын  бөліп  қарау  арқылы 
құрастыру.  Алайда,  ұстаздық  қызметін  жаңа  бастаған  мұғалімге, 
оқытушы  мен  оқушының  әрекетін  бөліп  құрастырылған,  неғұрлым 
толық  конспекті  ұтымды.  Мұндай  жұмыс  сабақта  мұғалімнің 
жасайтын әрекеттерінде қателіктерден құтқарады.  
I.  Формалды бөлім: 
Күні  _______   
Сабақ № ____/    
Тақырыбы:  _________________  
Мақсаттары: 
білім берушілік   ________________________________  
дамытушылық  _________________________________  
тәрбиелік  ______________________________________  
Сабақ түрі:  ___________________  
Жабдықтар  (көрнекі  құралдар,  бағдарламалық  қамсыздандыру, 
мультимедиа, Интернет ресурстары және т.б.).  
Оқыту амалдары, формалары мен әдістерінің тізбегі көрсетілген 
сабақтың жеке кезеңдерінің реті; әр кезеңге бөлінген ықтимал уақыт.  
II.  Мазмұндық бөлім: 
1.
 
Жоспарланған 
білім, 
ептілік 
пен 
дағды. 
Барлық 
тапсырмалардың  мәтіндері,  жаңа  оқу  материалы,  тапсырмаларды 
                                                 
1
 Саранцев  Геннадий  Иванович  –  педагогика  ғылымының  докторы,  профессор,  Ресейлік 
Авторлар  Қоғамының  (РАО)  корреспондент-мүшесі.  90-жылдары  ірі  ғылыми  бағыт  – 
математиканы оқыту әдіснамасын (методологиясын) қалыптастырған. 

 
78 
орындау, үй жұмысын орындауға ұсыныстар.  
2.
 
Әр  кезеңде  мұғалім  мен  оқушының  атқаратын  әрекеті 
көрсетілген кесте (2.6–2.8 кестелер).  
Бастаушы мұғалім сабақ барысын толықтай орындауы керек:  
а)
 
үй жұмысын тексеру;  
б)
 
кім қай сұраққа жауап берді;  
в)
 
сыныппен жаппай жұмыс;  
г)
 
оқушылардың  тірек  білімдері  мен  ептіліктеріне  талдау 
жасайтын қайталама материал;  
д)
 
жаңа 
материалды 
жариялау: 
кіріспе; 
мұғаліммен 
ұсынылатын,  оқушылармен  орындалатын  материал;  мұғалімнің 
сұрақтары  мен  олардың  ықтимал  жауаптары;  оқу  құралдарының 
уақыты мен формалары; қорытынды;  
е)
 
сабақта  өтілген  материалды  бекіту,  оқушылардың  жаңа 
материалды  және  бұдан  бұрын  өткен  материалмен  байланысын 
игергендігін анықтау; 
ж)
 
өздік жұмыс, оның мазмұны, оны өткізу нұсқаулығы, тексеру 
әдістері; 
з)
 
білімді бақылау мен кері байланыстың формалары; 
и)
 
үй жұмысы, оған түсініктеме; 
к)
 
сабақ  қорытындысын  шығару  (сабақта  не  жаңалық  білді, 
сыныптың және жеке оқушының жұмысына сипаттама беру).  
Конспектіде  тақтаға  жазылатын  барлық  мағлұматтардың 
мазмұны,  тақтада  орналасу  реті  мен  дәптерге  көшірілетін  тұсы; 
жобалау  немесе  оқу  телевизиялық  экранның  және  оқытушы 
компьютерлер экрандарының формалары енгізілуі тиіс.  
III. Аналитикалық бөлім – сабақты өздігінен талдау
1
.  
2.6-кесте. Сабақты конспектілеу жоспары (1-нұсқа) 
 
 
Әрекет 
Сабақтың кезеңі 
Мұғалімнің 
Оқушылардың 
2.7-кесте. Сабақты конспектілеу жоспары (2-нұсқа) 
 
 
Сабақтың 
кезеңі 
Мұғалімнің әрекеті 
Оқушының әрекеті 
Тақта/Экран/ 
Компьютер 
8
30
 -8
35 
8 -8 
 
 
 
8
35
-… 
 
 
 
2.8-кесте.  Сабақты  конспектілеу  жоспары  (Г.И.  Саранцев 
бойынша 2-нұсқа)   
                                                 
1
 6.4-бөлімді қараңыз 
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет