Т. В. Шевякова Редакциялық алқа мҥшелері



жүктеу 1.8 Mb.
Pdf просмотр
бет13/21
Дата15.03.2017
өлшемі1.8 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

каса  жанры.  Каса  ӛлеңінің  алғашқы  үлгісін  жасаушы  Чон  Гыгин  («Кӛктемді  жырлаймын»)  деп 
танылған. Ал әрі қарай дамуына ерекше үлес қосқан кӛзі тірісінде туған халқының ықыласы мен 
мейіріміне  ие  болып  үлгерген  кӛрнекті  ақын  Чон  Чхоль.  Ч.Чхольдың  артында  қалдырған 
мұралары  қомақты:  ханмунмен  жазылған  7  том  шығармалар,  80-нен  астам  сиджо,  4  каса  т.б. 
Ч.Чхоль «Квандондық әуендер», «Сон-сондық әуендер» атты екі пейзаждық касасында табиғаттың 
әсемдігін,  кереметтігін,  ұлылығын,  ӛзінің  жан-дүниесі  табиғатпен  біте  қайнасқан,  үндестікте 
екендігін  шабыттана  жырлайды.  Ақын  ӛлеңдерін-де  адам  баласы  табиғатқа  үн  қатып,  оңашада 
онымен тілдесе  отырып,  ӛз  қуанышын, жан тынышты-ғын табады.  Чхоль  касасындағы образдың 
сан  алуандығы,  теңеулердің  кӛптігі  экспрессивтілікпен,  ырғақпен  үйлесім  тауып  жатады.  Чхоль 
касасында суреттелгендей пейзаж үлгісін бүкіл корей поэзия-сынан табу қиын [5].  
Чхольдың дәстүрін жалғастырушы белгілі ақын Пак Инно (1561-1642) болды. Ақынның «Нога 
аймағы  туралы  әуен»,  «Тұйық  кӛше  туралы  сӛз»  атты  касалары  ӛмірінің  тақуалық  кезеңіне 
арналған.  Пак  Инно  1592-1598  жылдары  Имджин  азаттық  соғысы  кезінде  жапон  армиясы  мен 
флотын талқан-дауға белсене қатысты. Ақынның соғыс уақытында, соғыстан кейін жазған «Әлем 
туралы  ӛлең»,  «Кемедегі  ойлар»  т.б.  касалары  ӛз  дәуірінің  патриоттық  кӛңіл-күйін  бейнелейді. 
Инно касалары корей халқының ұлттық батыры, қолбасшы Ли Сунсин ӛлеңдерімен үндес келеді. 
ХVІ-ХVІІ ғасырларда каса жанрының тақырыптық ауқымы кеңейіп, ол тек табиғат тақырыбын 
суреттеумен 
шектелмей, 
махаббат 
тақырыбын 
жырлауға 
ойысты. 
Ол 
кисэндер 
шығармашылығында  да  кеңінен  таралып,  дамып  жатты.  Кисэндер  арасында  білімді,  талантты 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 
82 
 
ақын қыздар (Хван Джини т.б.) кӛптеп кездесетін. 
Кае жанры. Коре дәуірі әдебиетіне тән сипат – хянганың әлсіреп, қытай иероглифінің кеңінен 
қолданылуы,  «Коре  каеның»,  яғни  кае  ӛлеңдерінің  пайда  болуы.  Хянганың  жалғасы  ретінде 
әдебиет  сахнасына  Х-ХІV  ғасырларда  корей  поэзиясында  пайда  болған  жаңа  пішін  –  Коре  кае 
(чанга, сол дәуірде үстемдік еткен Коре әулетіне сәйкес «Коре ӛлеңдері» деп аталды) шықты. Кае 
ӛлеңдері де иду тәсілімен жазылды. Ол негізінен әдет-ғұрыптық, сүйіспеншілік мазмұнда келеді. 
Кае  ӛлеңдері  патша  сарайында  мойындалып,  кеңінен  таралды.  Коре  ӛлеңдерінің  пішіні  ұзын 
болып  келеді  (чанга  сӛзі  ұзын  ӛлең  деген  мағынаны  білдіреді).  Қысқа  шумақтар  (2  немесе  4 
жолдан  тұратын)  нақты  бір  тақырып  бойынша  циклдарға  бірікті  де,  қайталанып  отыратын 
қайырмалармен  (рефрен)  аяқталып  отырды.  Шумақ  саны  тұрақты  болған  жоқ.  Бұл  кезеңдегі 
поэзияның  әсері  каса  жанрларында  байқал-ды.  Кае  ӛлеңдері  ұрпақтан-ұрпаққа  ауызша  тарап 
Чосон кезеңіне дейін жетті. Чосонның ерте кезеңін-де ұлттық алфавит – хангыльдың пайда болуы 
корей  әдебиетінің  тарихындағы  шешуші  кезеңдердің  бірі  болды.  Корей  алфавитінің  кӛмегімен 
«Енбечхонга»  («Аспанға  ұшып  бара  жатқан  айдаһарға  арналған  ода»)  секілді  туындыға  акчан 
(музыкалық партитура) жазылды.  
Силла дәуірінде хянга қандай маңызды роль атқарса, Коре дәуірінде ханмун поэзиясы сондай 
роль атқарды. Онымен қоғамның оқыған бӛлігінің патриоттық талпыныстары байланыстырылды, 
солар  ғана  елді  шет  мемлекеттерге  жақсы  таныта,  кӛрсете  алатын.  Туған  тілдегі  поэзия  екінші 
орынға ысы-рылды. Міне, сондықтан да «Коре кае» («Коре ӛлеңдері») деп аталатын корей тілінде 
жазылған  поэ-тикалық  туындылар  хянга  секілді  аз  сақталды.  Силла  дәуірінде  хянга  ӛлеңдерін 
жинау  ісі  қолға  алын-са,  Коре  дәуірінде  ана  тіліндегі  поэзияның  антологиясы  жасалған  жоқ, 
жинауға ниет те болған жоқ.  
Хянгамен салыстырғанда,  каеның пішіні әртүрлі болып келеді.  Бірнеше ғана  жолдан тұратын 
қыс-қа  каелар,  он  шумақтан  асатын  кӛлемді  каелар  да  бар.  Олар  хянгадан  тақырыптық  жағынан 
ерекшеле-неді.  Кае  хянгадан  ақсүйектерге,  зиялыларға  арналған  туындыларымен  ерекшеленеді. 
Мәселен, «Чон Гваджонның ӛлеңі», «Чонсокка» т.б. каеларда ақын ӛз билеушісіне құлай берілуді, 
адалдықты жыр-лайды. Кае ӛлеңдерінің арасында буддалық туындылар жоқ [5]. Олардың кейбірі 
сүйгенінен  айрылы-суға  арналса,  кейбірі  әлеуметтік  сынға  арналады.  Жалпы  кае  ӛлеңдерінде 
хянга  дәстүрі  жиі  кездесіп  отырады.  Мұнда  да  «кішінің»  (бағынушы)  «үлкенге»  (билеуші)  деген 
адалдығы, «космос» пен «үлкеннің» келбеті арасында байланыс бар деген ой айтылады. 
Кенгичхега  жанры.  Корей  поэзиясындағы  тағы  бір  ӛзіндік  жанр  –  халлим  пельгокчхега  – 
«акаде-миялық  әндер  стиліндегі  ӛлеңдер».  Оларды  басқаша  кенгичхега  («астана  тӛңірегінде 
айтылатын әндерге  ұқсайтын туындылар») деп те  атайды. Бұл жанр ХІІ ғасырдың І жартысында 
моңғол шапқын-шылығынан кейін Коре астанасы кӛшірілген Канхва аралында пайда болған. ХІV 
ғасырда  бұл  жанр  тарих  сахнасынан  кетті.  Кенгичхеганың  14  туындысы  сақталған.  Оның 
авторлары  негізінен  табиғат  сұлулығы  мен  сарайдың  салтанатты  ӛмірін  жырлайтын  сарайлық 
оқымыстылар болды. Кенгичхега ортағасырлық эстеттердің талғампаз, формалистік поэзиясы деп 
те саналды. Соған қарамастан дәл осы жанр корей ӛлеңдерін бір тәртіпке келтіруде маңызды роль 
атқарған.  Кенгичхега  жанры  ханмун  поэзиясымен  байланысты  болса  да  (қытайлық  сӛз 
қолданыстары  кӛп  қолданылды),  халық  әндерінен,  әсіресе  хянгадан  кӛп  нәрсені  бойына  сіңірді. 
Кенгичхега үш бӛлімнен тұрды. Кенгичхега туындыла-ры ӛлеңнің қысқа түрінен ұзақ түріне қарай 
ауысуының сайысы іспетті болды. 
ХVІІІ ғасырдың соңында тӛменгі тап арасында чапка («күрделі ӛлең») атты халық ӛлеңдерінің 
түрі  пайда  болды,  ол  пішіні  жағынан  касаға  ұқсас  келді.  Ол  кәсіби  бишілер  –  кисэндердің 
орындай-тын халықтық әндерінен жасалған попурри сияқты болып келеді. Чапка белгілі бір ӛлең 
ӛлшеміне бағынған жоқ. Осы уақытта тальгори  («жыл мезгілдерінің әні») ӛлеңдері кең таралды. 
Ол да каса ӛлеңдеріне ұқсас болды және ай күнтізбесі бойынша 12 айға бӛлініп отырады. Тальгори 
ауылшаруа-шылық  жұмыстары  басталатын  немесе  аяқталатын  кезге  сәйкес  келетін  халықтық 
мерекелерде айтылды.  
ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғ.  басында  яғни  ағартушылық  кезеңде  чханга  ӛлеңдері  пайда 
болды.  Мазмұны  жағынан  ӛзекті  мәселелерді  кӛтерген  бұл  қысқа  ӛлеңдер  ӛзінің  ритмикалық-
мелодиялық  қатарын  (құрамын)  жаңа  поэзия  мен  корей  тілінің  заңдылықтарына  сәйкес 
толықтырып,  жаңартып  отырды.  Кӛпқұрамды  стопалардың  кезектесіп  келуінен  тұратын  чханга 
метрикасы (ӛлшемі) верлибр бағытына қарай дамыды [5]. Ескінің «жаңа поэзияға» (кӛк) қарай бет 
алуы ХХ ғ. 10-20 жылдары жаңа замандық еркін ӛлең чаюсидің пайда болуына кеп соқты. 
Ханмун поэзиясы мен корей тіліндегі поэзия тақырыптық,  идеялық,  мазмұндық жағынан бір-
бірі-нен  алшақтап,  бӛлініп  кеткен  жоқ,  керісінше,  бір-бірімен  байланыста  болып,  бірін-бірі 
толықтыра  отырып  корей  поэзиясын  дамытты.  Корей  әдебиеті  жӛнінде  жазылған  зерттеу 
еңбектерге  сүйене  оты-рып,  корей  тіліндегі  поэзияның  дамыған  кезі  –  VІІ-ХVІІ  ғасырлар  деп 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 
83 
 
кӛрсетуге болады. Корей тілін-дегі ӛлеңдердің қай-қайсында болса да айтылатын мәселе – отанды 
қорғау,  ӛз  билеушісіне  сатқындық  жасамау,  адамзатты  қоршаған  табиғатқа  зиян  келтірмеу,  оны 
қаз-қалпында сақтау. Табиғат пен адам арасындағы гармонияның сақталуы үшін корей ақындары 
кӛп  күш  жұмсады.  Сиджо,  каса  жанрла-рында  пейзаждық  лириканың  әдемі,  ерекше  үлгілерінің 
тууы  осыған  дәлел.  Сондықтан  да  корей  поэ-зиясы  жанрларының  тәлім-тәрбиелік  мәні  ерекше 
болады. 
 
1.
 
Троцевич А.Ф. История корейской традиционной литературы (до ХХ в.). Учебное пособие. 
Издатель-ство Санкт-Петербургского университета. 2004. 
2.
 
Концевич  Л.Р.  Корееведение.  Корейская  поэтика.  Статьи.  Интернет  кӛзі:  kore-
saram.ru_Articles/Article info.aspx. 
3.
 
Никитина М.И. Корейская поэзия ХVІ-ХІХ вв. в жанре сиджо. – СПб., 1994. – С. 306. 
4.
 
Николаева  А.С.  Корейская  классическая  поэзия  сиджо  как  обьект  перевода.  Сибирский 
федеральный уни-верситет. 2001. 
5.
 
Корейская поэзия. Википедия. Интернет кӛзі: ru.wikipedia.org_wiki//philology.ru. 
 
Резюме 
В этой статье говорится о жанрах корейской поэзии. 
 
Summary 
In this article devoted of genre Korean poetic. 
 
ТӚЛ ӘДЕБИЕТІМІЗДЕГІ ЭЛЕГИЯ ЖАНРЫН ЗЕРТТЕУ ІСІНІҢ 
БАСТЫ МІНДЕТТЕРІ ЖАЙЫНДА 
 
Н.Рахымжанов – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің магистранты 
 
Сӛз  ӛнерінінің  тек  пен  түрлері,  олардың  пайда  болуы,  туып-қалыптасуы  туралы  ой-пікірлер, 
ғылы-ми тұжырымдар ежелгі грек ғұламаларының (Платон, Аристотель т.б.) еңбектерінен бастау 
алып, қазірге дейін әдебиеттануда зерттеліп, зерделеніп келе жатқаны мәлім. 
Сӛз ӛнерінің тек деп аталатын бір саласын ӛмір шындығын адам кӛңіл күйімен, сезім-сырымен 
астастыра жеткізетін лирика десек, сол лириканың ішінде мұң мен сыр аралас назды жеткізетін, 
жанның жабырқау, торығу, қамығу сәттерін бейнелейтін жанр элегия екендігі белгілі. 
Ғылыми еңбектерде лирикалық шығармалар ақынның айналасындағы құбылыстарға қатысын, 
әсерленуін аңғартатын тәсіл-жолдарына қарай элегия, ода (мадақ ӛлең), сонет, баллада, ән ӛлеңі, 
гимн, романс, сонет, идиллия, канцонетта, пастораль, эклога, эпиталама, эпитафия (жоқтау), эпи-
грамма (сатиалық лирика)  сияқты бірқатар жанрларға жіктеледі. Солардың ішінде элегия жанры 
зерттеу-оқулықтардың кӛпшілігінде лириканың танымал түрлері мен жанрлық формалардың бірі 
ретінде қарастырылады. 
ХХ  ғ.  екінші  жартысынан  бастап  орыс  және  қазақ  әдебиеттануында  бірқатар 
әдебиеттанушылар-дың  әдебиеттің  тектері  мен  түрлері  жайында  жазған  еңбектері,  поэзиядағы 
элегия  жанрына  берген  теориялық  анықтамалары  және  кӛркемдік-жанрлық  қалыптасу,  даму 
тарихына қатысты айтылған азды-кӛпті ойлары айтылғанымен, қазақ әдебиеттану ғылымында тӛл 
әдебиетіміздегі  элегия  жанры-ның  туу,  қалыптасу  тарихы  күні  бүгінге  дейін  арнайы 
қарастырылмаған.  
Сондықтан  бүгінде  элегия  жанры  туралы  қалыптасқан  теориялық  тұжырымдарды  негізге  ала 
оты-рып  тӛл  әдебиеттегі  аталған  жанрдың  қалыптасу,  тарихи  даму  жолын  байыптау,  қазақ  ауыз 
әдебиеті  мен  жазба  поэзиясындағы  алатын  орнын  айқындап,  кӛркемдік-жанрлық  табиғатын  тану 
қажеттігі туып отыр. 
«Элегия»  атауының  термин  ретіндегі  этимологиялық  түп-тӛркініне  назар  аударсақ,  бұл 
жайында  қазақ  әдебиеттанушыларының  құрастыруымен  шыққан  «Әдебиеттану.  Терминдер 
сӛздігінде»  грек  тілінде  «аянышты  жыр»,  «мұңды  ӛлең»    мағынасындағы  «elegeia»  сӛзінен 
туындаған  делінген  [1;  374].  Ал  Л.И.  Тимофеев,  С.В.  Тураев  құрастырған  «Словарь 
литературоведческих  терминов»  сӛзді-гінде  әртүрлі  мағыналық  тұжырымның  бар  екендігі 
айтылады:  бірінші  болжам  бойынша,  фригиялық  «elegn»  сӛзінен  («тростник»,  «тростниковая 
флейта»)  болуы  мүмкін  делінсе,  екіншісі  бойынша,  гекза-метр  мен  пентаметрден  құралатын  екі 
жолды тақпақ деген ұғымды білдіретін «elegeion» деген  грек сӛзінен немесе осындай екі жолды 
тақпақтармен  жазылған  шығарма  деген  «elegeia»  сӛзінен  деген  ой  айтылады  [2;  466].  Сондай-ақ 
Х.Н.  Садыковтың  «Введение  в  литературоведение»  атты  оқу  құралында  жанр  атауының  шығуы 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 
84 
 
грек  тілінде  «арыз»  (мұң,  шағым)  тәрізді  мағынада  қолданылатын  «elecos»  сӛзімен 
байланыстырылған [3; 103]. 
Жоғарыда  келтірілген  дерек  кӛздерінде  «элегия»  атауы  турасындағы  этимологиялық  болжау-
анық-таулар  мағыналары  ӛзара  жуықтас  әртүрлі  сӛздермен  байланыстырылса  да  (грек  сӛздері 
«elegeia» – аянышты жыр, «elegeion» – екі жолды тақпақ, «elecos» – мұң, шағым, наз, фригиялық 
«elegn»),  «эле-гия»  терминінің  қазақ  тіліндегі  мазмұндық  түсіндірмесі  ақынның  мұң-назы,  нала-
күйініші, жабыр-қау-жабығуы деген ұғымдарға саятындығын анық байқаймыз. 
Лирикалық ӛлең түрі элегияның жанр ретінде қалыптасу, тарихи даму жолы орыс және қазақ 
әде-биеттанушыларының  еңбектерінде  кӛне  грек  әдебиетінен  бастау  алғандығы  айтылады.  Бұл 
жанрдың негізгі кӛркемдік-мазмұндық сипатына да ӛзара үндес анықтамалар берілген. 
Мәселен, Х.Н. Садыковтың «Введение в литературоведение» атты еңбегінде: «Бұл лирикалық 
жанрдың  ӛзіндік  ертеден  пайда  болу  және  даму  тарихы  бар.  Элегия  антикалық  кезеңнің  ӛзінде 
белгілі болған (Овидий, Проперций, Тибулл). Кейіннен ол бүкіл Еуропаға, соның ішінде Ресейге 
де таралған. 
Одаға  қарама-қарсы  сипатты  элегия  –  мұңды,  «биязы»  жанр.  Ол  негізінен  ақынның  ішкі 
ӛміріне, оның ой-толғаулары мен ӛмірлік естеліктеріне айналған» делінген [3; 104]. 
Сондай-ақ  Л.И.  Тимофеев,  С.В.  Тураев  құрастырған  терминдер  сӛздігінде  де  элегияның  ерте 
замандардағы жанрлық сипаты жайында маңызды дерек келтірілген: «Б.з.д. VII ғ. ежелгі Грецияда 
айқындалған.  Алғашқыда  элегия  тақырыптық  жағынан  сан  алуан  болған:  аса  маңызда 
қоғамдықтан  тақырыптардан  бастап:  патриотизм,  азаматтық  және  әскери  ерлік  идеалдары 
(Э.Калпин,  Тиртей  –  б.з.д.  7  ғ.,  Солон  –  б.з.д.  7  ғ.  аяғы  –  6  ғ.  басы)  –  кішігірім  субъективті 
тақырыптарға  дейін:  махаббат  қуанышы  мен  қасіреті  (Э.Мимнерм  –  б.з.д.  7  ғ.  екінші  жартысы). 
Аталған екі тақырыптық бағыт та Феогнид поэзиясында кӛрініс табады (б.з.д. 6 ғ. екінші жартысы 
– 5 ғ. басы).  
Кейінірек  александриялық  және  римдік  кезеңдегі  антикалық  әдебиетте  элегия  тақырыбының 
аясы  тарыла  түскен.  Жеке  бастың  мұң-қайғысы  басты  мотивке  айналады:  жалғыздық,  баянсыз 
болған махаббат сағынышы, торығу, қасірет, жабырқау (Э.Каллимах – б.з.д. 4 ғ. аяғы – 3 ғ. басы, 
Проперций, Тибулл, Овиди – б.з.д. 1 ғ. аяғы – б.з. 1 ғ. басы, және т.б.). 
Элегия  Еуропалық  жаңа  әдебиетте  ӛзінің  белгіленген  формалық  нақтылығынан  айырылады, 
алай-да мазмұндық тұрғыдан айқындала түседі, терең философиялық ойларға, мұңды толғауларға, 
торығу-ға ұласады» [2; 466]. 
Г.Л. Абрамовичтің «Введение в литературоведение» атты еңбегінде элегия туралы жоғарыдағы 
теориялық  анықтама  қуаттала  түсіп,  орыс  поэзиясындағы  кӛрініс  сипаты  қысқаша  сӛз  болады: 
«Эле-гия деп әдетте ӛкінішке толы оқиғалардан болатын жабырқау сезімімен жазылған лирикалық 
ӛлеңді айтады. 
Элегия  сентименталистер  мен  сентиментальді  романтиктердің  лирикалық  поэзиясының  кең 
тараған түрі болған. Батыста Грей и Юнг, біздің Ресейде Карамзин және Жуковский элегияны түрлі 
деңгейде  адам  тіршілігінің  баянсыздығы  жайындағы  меланхоликалық  ойларға  толы  етіп  асқақтата 
түскен. 
Орыс  классикалық  поэзиясында  элегияның  қызметі  басқа  да  сипат  алды.  Ол  әлеуметтік  зор 
маз-мұнға  ие  болып,  қоғамдық  жағымсыз  құбылыстарға  қатысты  мұң-қайғымен  айтылған 
наразылыққа айналады. Лермонтов пен Некрасовтің элегиясы осындай еді» [8; 241]. 
Қазақ  әдебиеттануында  элегия  жанры  туралы  алғаш  түсініктеме  берген  еңбек 
А.Байтұрсынұлы-ның «Әдебиет танытқышы» болды. Лирика ұғымына толғау сӛзін балама еткен 
ғалым  бұл  жанрға  да  қазақ  сӛзін  «налыс»  деп  атау  еткен.  Сӛз  ӛнері  туралы  қазақ  ғылымында 
элегия  жанрының  алғашқы  теориялық  сипаттамасы  да  осы  еңбекте  берілді:  «Қайғы-қасіретсіз, 
уайымсыз, мұңсыз ... шаттықпен тыныш ӛмір сүретін адамдар тіпті болмайды. Ӛмір жолы мұратқа 
тура жүргізбейді. Тура жүргізбесе, кӛңілге реніш, шер пайда болады. Сондай ӛмір жүзіндегі түрлі 
опасыздық ақынды да ренжітеді, мұңайтады, ықыласын қайтарады. Ренжу, мұңайю, ықылас қайту 
ақынды  кӛңілсіз  күйге  түсіреді,  шерлендіреді.  Шерлі  күйден  шыққан  сӛз  мұңды  болып  шығады. 
Сондай мұңды, шерлі толғаулар налыс деп аталады (курсив біздікі – Р.Н.)» [6; 170]. 
Қазақ тілінде жарық кӛрген «Әдебиеттану. Терминдер сӛздігінде» элегияға берілген анықтама 
тӛмендегідей  болды:  «Кӛбіне  тұңғиық  ойға  шому,  қамығу,  жабығу  сарындары  басым  болып 
келеді.  Алғашқы  нұсқалары  егіз  тармақты  ӛлең  күйінде  ежелгі  грек,  рим  поэзиясында 
қалыптасқан.  Ол  кезде  тақырыбы,  мазмұны  алуан  түрлі  болып  ақынның  әр  қилы  ӛмір,  тіршілік 
туралы толғаныстары қам-тылған. ... Оған (мұңды лирикалық ӛлеңге – Р.Н.) тіршілікке, тағдырға, 
табиғатқа мегзей қарайтын лирикалық толғаныс, нәзік сыршылдық тән» [1; 374]. 
Профессор  Серік  Мақпырұлының  «Адамтану  ӛнері»  атты  еңбегінде  де  элегияның  жанр 
ретіндегі  кӛркемдік-мазмұндық  ерекшелігі  алғашқы  айтылған  еңбектердегі  ойлармен  үндес 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 
85 
 
сипатталады. Автор әдеби жанрдың табиғатын ашуда мейлінше бейнелі ойға жүгініп, оқушысына 
теориялық түсі-нікті тӛмендегідей баяндайды: «Бірде ол (адам – Р.Н.) кӛңілінің ақ кептерін алысқа 
ұшырып,  шатта-нып,  әлденені армандап, қиялға  берілсе, енді бірде кӛңіл кӛгін бұлт торлап, ӛзін 
жапан  түзде  жалғыз  қалғандай  сезініп,  жабырқауы,  әлде  бір  ӛкініш  ӛзегін  ӛртеуі  немесе  мына 
қызыл-жасыл дүниенің  жал-ғандығын, ӛтпелілігін, сезініп,  торығуы  да мүмкін. ... Міне, осындай 
адам кӛңілінің жабырқау, мұң-лы-сырлы күйін танытатын шағын-кӛлемді лирикалық ӛлең элегия 
деп аталады» [5; 138]. 
Аталмыш  еңбекте  және  жоғарыда  келтірілген  зерттеулердің  барлығында  да  бұл  жанрдың  түп-
тӛркіні  ежелгі  грек  әдебиетінен  бастау  алғандығы,  кейіннен  барлық  Еуропа,  әлем  әдебиетіне 
таралғандығы мәлім болады. Орыс поэзиясында кейіннен сентиментализм мен романтизм кең қанат 
жайғанда элегия басты жанрдың бірі болғандығы Г.Абрамовичтің еңбегінде де, сӛз болып отырған 
«Адамтану  ӛнерінде»  де  айтылады.  Бұл  кезеңге  қатысты  Н.М.  Карамзин,  В.А.  Жуковский,  К.И. 
Батюшковтардың  шығарма-шылығы  сӛз  болса,  реалистік  орыс  поэзиясының  белді  ӛкілдері  А.С. 
Пушкин,  М.Ю.  Лермонтов,              Н.А.  Некрасовтың  элегиялық  туындылары  ауқымды  әлеуметтік 
мазмұн  алып,  қоғамның  келеңсіз  құбылыстарынан  туындаған  жабығу  мен  торығуға  толы 
болғандығы  элегияның  тақырыптық  шеңбері  кеңейгендігін,  жаңаша  мазмұндық  сипатта  түлей 
түскендігін кӛрсетеді. 
Осы  орайда  қазақтың  сӛз  ӛнеріндегі  элегиялық  жыр-ӛлеңдердің  пайда  болуы,  әдебиеттегі 
алғашқы  мазмұндық  кӛрінісі  қай  кезеңнен  бастау  алады  деген  сұрақтың  туындауы  заңдылық. 
Оның  жауабын  қазақтың  тӛл  әдебиетіндегі  лириканы,  ондағы  элегиялық  сарын-сипатты  әдеби 
фольклордан  іздеуден  бастаған  жағдайда  ғана  табуға  болар.  Элегиялық  лирикаға  тән  мұң,  наз, 
торығу,  қайғы-қасірет  шегу  сезімдері  де  қазақ  халық  ауыз  әдебиетінің  ӛзекті  жанрларына  арқау, 
негіз  болғандығы  белгілі.  Осы  тұста  ұлы  жазушы,  академик-фольклорист  М.О.  Әуезовтің 
«Әдебиет  тарихы»  атты  еңбегінде  қазақ-тың  ауыз  әдебиетінің  бір  саласы  деп  «Сыршылдық  салт 
ӛлеңдерін»  даралауына  назар  аудара  отырып,  қазақ  сӛз  ӛнеріндегі  элегиялық  лириканың  тамыр 
тартқан түп-тӛркіні сонау ертеден екендігіне кӛз жеткізу қиын емес [11; 22].  
Жоғарыда  айтылғандай,  тӛл  әдебиеттегі  элегия  жанрының  қалыптасу,  тарихи  даму  жолын 
байыптау, халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттегі алатын орнын айқындау қажеттілігіне орай 
аталған жанрды зерттеу ісінде мынадай басты міндеттерді орындау кӛзделуі тиіс: 

 
Қазақ  халық  ауыз  әдебиетіндегі  лирикалық  шығармалардағы  элегиялық  сарындарды, 
ерекше-ліктерін қарастыру; 

 
Жыраулар  поэзиясындағы  элегиялық  толғауларды  айқындау,  кӛркемдік  ерекшеліктерін 
ашу; 

 
Қазақ  жазба  поэзиясындағы  (Махамбет,  Абай,  С.Торайғыров,  М.Жұмабаев,  Б.Күлеев  т.б.) 
эле-гиялық туындылар ерекшеліктерін байыптау. М.О. Әуезов аталған еңбегінде сыршылдық салт 
ӛлең-дерін  «Елдің  салтына  байланысты  туатын  шер  ӛлеңдер»,  «Қыз  ҧзату  ҥстінде  туатын 
салт  ӛлең-дер»,  «Дін  салты  мен  ҧғымынан  туатын  салт  ӛлеңдер»  деп  жіктеп,  ел  салтына 
байланысты  туатын  шер  ӛлеңдерге  жоқтау,  естірту,  қоштасу,  кӛңіл  айту  сияқты  ауыз  әдебиет 
түрлерін  жатқызуы  эле-гиялық  лириканың  қазақ  ӛлең-жырларында  ертеден  бар  болғандығын 
растай  түседі.  Сыршылдық  салт  ӛлеңдерінің  бір  бұтағы  ретінде  кӛрсетілген  қыз  ұзату  үстінде 
туатын  салт  ӛлеңдердің  де  дені  уайым,  мұң  шегу,  жабырқау  сезім  жырланатын  сыңсу,  қоштасу, 
жар-жардан тұратын болғанда, бұлардан да элегиялық лирика таңбасын анық кӛруге болады. Тіпті 
фольклортанушының осы аталған ӛлең-жыр-ларды бір арнаға топтаған «шер ӛлең» деген термин 
сӛзі «элегия» атауына балама сипатты болып тұрғандығын аңғару қиын емес. 
Сонымен қатар, А.Байтұрсынұлы да ауыз әдебиет үлгілерін түр-түрге жіктеу барысында әдеби 
фольклорда  элегиялық  мазмұн-сарынды  жырлардың  болғандығын  аңғартады.  «Әдебиет 
танытқышта» бұған қатысты былай дейді: «Толғау (яки мұңды ӛлең) деп кӛп кӛңілдің неше түрлі 
күйін шешетін ӛлеңдер айтылады. Мәселен, ғашықтық, сағыныш қайғы, күйініш, кейістік, кіжініс, 
ӛкпе,  наз  сияқты  кӛңіл  күйлерін  білдіретін  ӛлеңдер»  (Ахаңның  «толғау»  сӛзін  жазба  әдебиет 
тектеріне  де,  ауыз  әдебие-тінің  түрлеріне  де  қатысты  атау  ретінде  қолдануының  сәтті-сәтсіздігін 
сӛз ету ӛз алдына бӛлек жұмыстың міндеті болуға тиіс екендігін айта кеткеніміз жӛн) [6; 120]. Бұл 
да  тӛл  әдебиетіміздегі  эле-гиялық  жырлардың  пайда  болуы,  алғашқы  мазмұндық  кӛрініс  табуы 
халықтық ауыз әдебиетінен бас-тау алады деген ұйғарымды қуаттай түсетіні сӛзсіз. 
Тек  осы  тұста  эпитафия  (жоқтау)  жанрының  лирикадағы  жеке  түр  ретінде  бӛлек  аталатыны 
ескері-ліп,  осы  жолдар  авторының  тұжырымында  элегиямен  бір  мәнде,  бір  контексте  қаралғаны 
жӛн  болмас  деген  ой  туындауы  әбден  мүмкін.  Алайда  элегияның  жалпы  жанрлық-мазмұндық 
сипатын сӛз ӛнері-нің фольклорлық даму генеологиясымен астастыра, қатар қарау барысында бұл 
мәселеге  басқаша  кӛзқарастың  қажеттігі  туды.  Жоқтау  жанрының  идеялық  ӛзегі  айтушының 
сезімінсіз,  тек  дүниеден  озған  адам  жайында  (немесе  басқа  да  ӛмір  құбылыстарына  қатысты) 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 
86 
 
жалаң  ақпар  берумен  шектел-мейтінін  назарға  алып,  ӛзгені  жоқтай  отырып  мұң-қайғы,  қамығу, 
қасірет  шегу  сезімдерін  жеткізетін  жырдан  элегиялық  меннің  айқын  кӛрінуін  уәж  етсек,  неге 
―шерлі  күй  кешетін  автор  жыр-толғауының  басты  мазмұны  –  элегиялық  сыр-сарын  (шер  ӛлең)‖ 
демеске.  Сондықтан  қазіргі  терминологияда  «эпитафия»  аталып  жүрген  жоқтау  жырларын 
элегияның  ішкі  кӛркемдік-жанрлық  бір  қыры  ретінде  қарастыру  дұрыс  деген  қорытынды 
жасалады. 
Олай болса, әдебиет атты кӛркем сӛз ӛнеріне тән басты сипат қоршаған орта құбылыстары мен 
ондағы  адам  жанын  сырлы  сӛзбен  бейнелеу,  сезімін  суреттеу  екенін  ескерсек,  элегия  деген  бір 
атпен  топталатын  «адам  кӛңілінің  жабырқау,  мұңлы-сырлы  күйін  танытатын  шағын-кӛлемді 
лирикалық ӛлеңдер» қай халықтың болмасын әдебиетінде сол әдебиетпен қатар туып, қатар ӛмір 
сүретін дәстүр деген батыл қорытынды жасауға болады. 
 
 
1.
 
Әдебиеттану. Терминдер сӛздігі. – Алматы: «Ана тілі», 1998. 
2.
 
Словарь  литературоведческих  терминов.  –  М.:  «Просвещение»,  1974.  (редакторы-
составители: Тимофеев Л.И., Тураев С.В.). 
3.
 
Садыков Х.Н. Введение в литературоведение. Оқу құралы. – Алматы: 2004. 
4.
 
Қабдолов З. Сӛз ӛнері. – Алматы: «Санат», 2002. 
5.
 
Мақпырұлы С. Адамтану ӛнері. – Алматы: «Арыс», 2009. 
6.
 
Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: «Атамұра», 2003. 
7.
 
Белинский  В.Г.  Таңдамалы  шығармалары.  –  Алматы:  «Қазақтың  біріккен  мемлекеттік 
баспасы, 1948. 
8.
 
Абрамович Г.Л. Введение в литературоведение. – М.: «Просвещение», 1975. 
9.
 
Головенченко Ф.М. Введение в литературоведение. – М.: «Высшая школа», 1964. 
10.
 
Поспелов  Г.Н.  Лирика  среди  литературных  родов.  –  М.:  Издательство  Московского 
университета, 1976. 
11.
 
Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. – Алматы: «Ана тілі», 1991. 
 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет