Т.Қ. Зайсанбаев, Б. Н. Канленова



жүктеу 0.58 Mb.
Pdf просмотр
Дата12.03.2017
өлшемі0.58 Mb.

УДК 61:001.76(038) 

 

Т.Қ. ЗАЙСАНБАЕВ, Б.Н.КАНЛЕНОВА  

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 

 

ӨЗГЕ ТІЛДІК СӨЗДЕРДІ ҚАЗАҚША ЖАЗУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ 

 

Мақалада  қазақ  тіліндегі  медициналық  терминдерді  қалыптастыру  туралы  сөз  болады.  Қазақ  тілінің  дыбыстық  ерекшелігі 



ескерілмеген қазіргі қазақ орфографиясының қазақша термин жасауда туғызатын қиындықтары жан-жақты талданады. Қазақ тіліне 

тән емес дыбыстардан, дыбыстық тіркесімдерден арылу арқылы, сондай-ақ орографиялық ережелерімізді қазақ тілінің заңдылығына 

лайықтау арқылы бұл қиындықтарды жоюға болатыны атап көрсетілген.  

Түйінді  сөздер:  Өзге  тілдік  терминдерді  қазақша  жазудың  тиімді  тәсілі;  үндестік  заңы;  дыбыстар  тіркесімі;  фонетикалық 

заңдылықтар; кірме сөздердің жазылуы 

 

Ғылымның кез келген саласының дамуында терминдердің атқаратын маңызы зор екені белгілі. Ал термин мәселесі әлі дұрыс шешімін таба 



қоймаған,  бірізділікке  толық  түсіп  болмаған  ғылым  саласы  медицина  десек  артық  айтқанымыз  емес.  Мұның  кӛптеген  себептері  бар. 

Солардың  ішінде  ең  бастысы  –  олардың  дыбыстық құрылымы.  Кез  келген  тілдің  іргетасы  –  оның  дыбыстық құрылымы.  Тілдің  дыбыстық 

құрылымы дұрыс сараланбаса, бағамдалмаса, ол терминнің қалыптасуына да, ғылымның дамуына да орасан зор зиянын тигізеді. Іргетасы 

дұрыс  қаланбаған  үйдің  қабырғасы  да,  шатыры  да  түзу  болып  шықпайтыны  аян.  Ал  енді  қазақ  тіліндегі  терминдердің  қалыптасуына  не 

кедергі болып тұр деген мәселені қозғамас бұрын алдымен қазақ (түркі) жазуының тарихына аз-кем шолу жасай кетейік.  

XVIII  ғасырдың  екінші  жартысында  алғаш  рет  ғалымдардың  назарына  іліккен  Орхон-енисей  жазуларының  кілті  кӛпке  дейін  табылмады. 

Ғалымдардардың  біреулері  бұл  ескі  кельт  жазуы  деп  есептесе,  енді  біреулері  ескі  гот  жазуы  деп  санаған,  тіпті  бұлар  фин  жазуы  деп 

есептегендер  де  болды.  «Ескерткіштерді  талдап,  олардың  кілтін  табу  Дания  елінің  ғалымы  В.Томсеннің  үлесіне  тиді.  Ол  кісі  ең  алдымен 

ескерткіштердегі  кездесетін  таңбалардың  екінші  бір  таңбалармен  тіркес,  қатар  келетін  және  келмейтін  ерекшеліктерін  ескерді.  В.Томсен 

бұдан  соң  түркі  жазу  жүйесінде  дауысты  дыбыстардың  қолданылуына  байланысты  олардың  жуан  және  жіңішке  айтылатын  екі  түрлі 

ерекшелігі болатындығын байқады. Ӛйткені, түркі тілдеріндегі үндестік заңы ерекшеліктерін жете білудің ӛте қажет екендігіне кӛзі жетті» 

[1,  21].  Ғалым  түркі  тілдеріне  тән  дыбыстардың  бір-бірімен  үндесу  заңын  дұрыс  пайымдау  арқасында  ескерткішті  оқи  алған.  Түркі 

тілдеріндегі сӛздер не біркелкі жуан немесе біркелкі жіңішке айтылуымен қатар, дауыссыз дыбыстары да бір-бірімен үндесе жалғанады. 

Дауыссыздардың  бір-бірімен  үндесе  жалғануы  әсіресе  қазақ  тілінде  қатаң  әрі  жүйелі  сақталған.  Яғни  сӛз  аяғы  қатаң  дауыссызға  бітсе 

қосымша  міндетті  түрде  қатаң  дауыссыздан  басталады,  ал  сӛз  соңы  дауысты,  үнді  немесе  ұяң  дауыссызға  аяқталса,  қосымша  міндетте 

түрде  ұяң  немесе  үнді  дауыссыздан  басталады.  Мұндай  қатаң  заңдылық  түркі  тектес  халықтардың  кӛпшілігінде  онша  сақталмайды. 

Мысалы, ӛзбек немесе ұйғыр, татар тілдерінде қатаң дауыссызға біткен сӛздерге қосымша үнді дауыссыздан жалғана береді (мысалы: ат-

лар,  ит-ләр  т.б).  Мұның  себебін  қазақ  тілі  білімінің  атасы  А.Байтұрсынұлының  мына  сӛзімен  түсіндіруге  болады:  «Қазақта  жазу-сызу 

болмаған соң, жалғыз-ақ табиғаттың закӛніне ерген. Ӛзгелер табиғатты зорлап, емлеге таңып, тілін аздырған» *2, 248+.  

YIII ғасырдан мұсылман дінімен бірге қазақ даласына араб жазуы тарай бастады. Тегі араб қожа, молдалар дін тарату мақсатында мешіт, 

медреселер  салып,  бала  оқытқан.  Ондай  оқу  орындарының  кӛпшілігі  түркі  тектес  халықтардың  ішінде  отырықшы,  жартылай  отырықшы 

ӛзбек,  татар,  ноғай,  башқұрт  сияқты  халықтарда  болған.  Ал  қазақ  арасына  мұсылман  діні  негізінен  ауызша  тараған.  Әрине,  ауылдарда 

молдалар  мектеп  ашып,  бала  оқытып,  олардың  сауатын  ашқанымен,  халық  жаппай  сауатты  болған  жоқ  және  жазу-сызудың  қазаққа  аса 

қажеттілігі  де  бола  қоймаған.  Сондықтан,  ауызекі  сӛйлеу  тілі  нәтижесінде  енген  ғылымға,  әдебиетке,  мәдениетке  қатысты  араб  сӛздері 

қазақ  тілінің  дыбыстық  заңдылығына  бағынып  ӛзгеріске  түскен.  Нәтижесінде  олар  әркімнің  естуінше,  жобалап  айтуынша  бірнеше  нұсқа 

құрап  айтылған.  Айтыла-айтыла  келе  кірме  сӛздердің  кӛпшілігі  сараланып,  әрқайсысы  дербес  мағына  ие  болатын  дәрежеге  де  жеткен. 

Мәселен, арабтың бір ғана «хукуматун» *3, 136+ сӛзінен «ӛкімет», «үкімет» деген екі сӛзі жасалып, бірі «мемлекет, мемлекеттік құрылыс», 

бірі «елдегі мемлекеттік билікті атқарушы орган» деген мағында қолданылып жүр. Басқа тілден сӛз алмайтын халық болмайды. Бірақ олар 

сол  жат  сӛздерді  айту  үшін  тілін  бұрап  қиналмайды.  Ӛздерінің  айтуларына  ыңғайлап,  ӛздерінің  тілдерінің  заңдылығымен  айтады.  Жат 

сӛздерді  айту  үшін  арнайы  дыбыс-әріптерді  ойлап  таппайды.  Бұл  –  дүниежүзіндегі  барлық  тілдерде  қолданылатын,  тілдің  сӛздік  қорын 

дамыту тәсілдерінің бірі. 

Жазу-сызуы  кенже  қалуы  нәтижесінде  таза  сақталып  қалған  қазақ  тілінің  осы  қасиетін  оны  ғылым  тіліне  айналдыруа  барысында 

жоғалпауды  кӛздеген  адамдардың  бірі  –  А.Байтұрсынұлы  болды. Қоғамның,  ғылымының  дамуы  үшін  жазудың  маңызы  зор екенін  жете 

түсінген ұлы ғалым 1912 жылы араб жазуының негізінде қазақ әліпбиін жасады. Араб графикасына қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін 

әріптер қосумен қатар А.Байтұрсынұлы қазақша жазу емлесін қалыптастырушы да болды. Ол 1913 жылы «Шора» журналында «Қазақша 

сӛз  жазушыларға»  деген  мақаласында  дұрыс  емле  туралы  ойын  былай  баяндайды:  «Дұрыс  емле  менен  қате  емлені  айыруға  менің 

ойымша былай қарау шығар дейім: тіл табиғатына қарай емлені ыңғайлау ма? Жоқ, емле түріне қарай тілді ыңғайлау ма? Мен ойлаймын, 

емле – жазу үшін шығарған нәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау 

керек.  Тілдің  табиғатына  қарамай,  зорлап  емлеге  таңып  байласақ,  қытай  қатындарының  айағы  болып  шығады»  [2,  247].  Ӛкінішке  қарай 

Кеңес Үкіметі ұлттық тілдің тазалығын, ерекшелігін сақтаушыларды «ескішіл кертарпалар, ұлшылдар» деп қаралап, жазықсыз жазалады. 

Ақыры А.Байтұрсынұлының әліпбиін жою мақсатында әуелі латын, кейін кирилл әліпбиіне кӛшті және кирилл әліпбиіне кӛше салысымен, 

«әр түрлі жазуды, ала-құлалықты жою» дегенді сылтау етіп, «орыс тілінен, орыс тілі арқылы енген сӛздерді орыс тіліндегідей етіп жазамыз, 

айтамыз»  деген  ереже  де  шығарып  қойды.  Бұл  аздай  арғы  түбі,  латын,  грек,  ағылшын,  француз  сӛзі  болып  шығатын,  бірақ  орыс  тілінің 

дыбыстық  заңдылығымен  дыбысталып  тұрған  сӛздерді  «халықаралық  терминдер»  деп  атап,  «халықаралық  терминдерді  аударуға 

болмайды»  деген  қағида  тағы  ойлап  тапқан.  Тілдің  дыбыстық  жүйесі  заңдылықтары  оны басқа  тілдер әсерінен  қорғайтын  «иммунитеті» 

екенін,  иммунитетінен  айрылған  тіл  сыртқы  әсерге  оңай  ұшырайтынын,  орыстандыруды  мақсат  еткен  жымысқы  саясаткерлер  жақсы 

білген.  Санамызды  улап,  тіліміздің  дыбыстық  заңдылығын  бұзған  қазіргі  жазуымыздың  кемшілігін  ашып  кӛрсету  үшін  нақты  мысалдар 

келтірейік.  Мысалы,  ӛзіміз  күнделікті  жиі  қолданатын  «тест»  сӛзін  алайық.  Орыс  тіліндегі  «тестирование»  сӛзін  қазақ  тілінде  біреулер 

«тестілеу» деп, енді біреулері «тесттеу» деп жазып жүр. Қазақ тілінде сӛз басында немесе сӛз аяғында екі қатаң дыбыс қатар айтылмайды, 

ал мұндай дыбыс тіркесіміне аяқталған сӛзге зат есімнен етістік тудыратын -те (-та, -ла, -ле, -да, -де) жұрнағын жалғау мүмкін емес. Қазақ 

тіліндегі  «дос»,  «рас»  сӛздерінің  парсы  тілінен  енген  «дост»,  «раст»  екенін  кӛп  адам  біле  бермеуі  де  мүмкін.  Тіліміздің  дыбыстау 

заңдылығына бағынбайтын бір дыбыс түсіп қалып еді, бұл сӛздер қазақтың ӛзінің тӛл сӛзіндей болып шыға келді. Сол сияқты «тест» сӛзін 

де  қазақ  тілінің  заңдылығына  бағындырып  «тес»  деп  ала  салсақ,  мұндай  мәселе  туындамас  еді,  «тес-теу».  «тес-тің  нәтижелері»,  «тес-ке 

жауапты оқытушы» деп қолдана берер едік. Тілімізге күштеп ендірілген в, ф, ц, ч, и, я, ю сияқты дыбыс-әріптермен бірге қазақ тіліне жат бр, 

нх,  ст,  нк,  кл,  кр,  пм,  кс,  пт,  пк  сияқты  толып  жатқан  дыбыс  тіркесімдері  пайда  болды.  Осындай  дыбыс  тіркесінен  басталған  немесе 

аяқталған сӛздерді айтқанда қазақ тілінде (жалпы түркі тілдерінде) не алдына, не артынан немесе ортасына дауысты дыбыстар қосылып 

айтылады.  Мысалы  осындай  дыбыстық  құбылыстардың  бірі  эпентеза  туралы  профессор  К.Аханов  былай  деп  жазады:  «Екі  дыбыстың 

аралығана қосалқы дыбыстың келіп кірігуі эпентеза құбылысы деп аталады. Мысалы, метр, литр деген сӛздер қазақша метір, литір түрінде 

айтылады. Трактор, трамвай деген сӛздердің тырактор (тырактыр), тырамвай (тырамбай) деп айтылуы да осыған мысал бола алады. Орыс 


тіліндегі  кровать  деген  сӛздің  ӛзбекше  (карават)  және  қазақша  айтылуында  (кереует)  дауыссыздардың  тіркесінің  (кр)  арасына  дауысты 

дыбыс  қосылады»  *4,  364-365].  Сондай-ақ  ғылым  бұл  еңбегінде  протеза  (екі  дауыссыздан  басталған  сӛздің  алдына  дауысты  дыбыстың 

қосылып айталуы (мысалы, стакан – ыстақан, шкаф - ышқап)), эпитеза (екі дауыссызға біткен сӛздердің соңына дауысты дыбыстың қосылып 

айтылуы (мысалы, киоск – киоскі, танк - танкі)) сияқты құбылыстарды да сӛз етеді *4, 365+. Ал енді осындай дыбыс тіркесіменен тұратын 

медициналық терминдердің қазақша қалай дыбысталатынына назар аударайық. Қазақ тілді адам стоматология, стоматит, бронх, тромбоз 

сияқты  сӛздерді  ыстаматолгоия,  ыстоматит,  быронхы,  тырамбоз  деп  дыбыстайды.  Бұдан  қанша  жерден  ережеге  күштеп  таңғанмен,  тіл 

заңдылығының  оған бағынбайтынын  және біздің  жазу  емлемізде  (орфоргафиямызда)  кірме  сӛздердің  қазақ  тілінің  заңдылығы  бойынша 

дыбысталуы ескерілмегенін кӛреміз.  

Қазақ  тілінде  дауысты  дыбыстар  жуан  және  жіңішке  болып  жіктеледі  де,  дауыссыз  дыбыстар  толықтай  дауысты  дыбыстың  ықпалында 

болады. Мысалы, бас деген сӛзде жуан а дыбысының екі жағындағы дауыссыз б және с дыбыстары жуан езулік болып айтылса, бәс деген 

сӛзде жіңішке езулік болып айтылады, ал бос деген сӛзде жуан еріндік болып айтылса, бӛс деген сӛзде жіңішке еріндік болып айтылады. 

Яғни  қазақ  тілінде  жуан  дауыстыдан  кейін  жіңішке  дауыссыз  дыбысы  айтылуы  мүмкін  емес.  Ал  орыс  тілінде  дауыссыз  дыбыстың  жуан 

немесе  жіңішке  болып  айтылуы  сӛз  мағынасын  ӛзгерте  алады,  сондықтан  орыс  тілінде  сӛз  мағынасын  ӛзгертетін  мұндай  дыбыстарды 

фонема  деп  атайды.  Қазақ  тіліне  келетін  болсақ,  сӛз  мағынасы  олардың  жуан  немесе  жіңішке  болып  айтылуына  қарай  ажыратылады. 

Қазақ тілінің осындай ерекшелігін ескерген профессор Ә.Жүнісбек: «Қазақ тілінде (түркі тілдерінде) үнді-еуропа тілдеріне тән фонема жоқ. 

Ендеше сол тілдерге тән аллофон да жоқ. Себебі үнді-еуропа тілдері екпінді (акцентті) тілдер, ал қазақ (түркі) тілі үндесім (сингармониялық) 

тіл.  Түркі  (қазақ)  тілдерінің  үнді-еуропа  тілдерінің  ізімен  талданып  жүргендігі  бұған  дейінгі  тілтанымдағы  европа-ӛзімшіл 

(европацентристік) ұстанымның басымдылығынан болып отыр» [5, 45-46],– дей келеді де, үндесім (сингармониялық) тілдер үшін сингема 

және аллосингема терминін қолданған жӛн деп есептейді *5, 47+. Яғни қазақ тілінде тұтас буын жуан немесе жіңішке болатындықтан, жуан 

дауыстыдан  кейін  жіңішке  дауыссыз  келуі  мүмкін  емес.  «Қазақ  тілінің  анықтағышында»:  «Жіңішкелік  белгісіне  аяқталған  кӛп  буынды 

сӛздерге қазақ тілі қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады, яғни сӛздің соңғы буыны жуан болса қосымша жуан, соңғы буында 

жіңішке дауысты дыбыс болса, қосымша жіңішке жалғанады: ла-герь+ге, ла-гер+і, банде-роль+ға, фести-валь+ға»,- деген ереже берілген *5, 

32]. Бірақ мұндай сӛздерге тәуелдік жалғауы жіңішке болып жалғанады және ондай жағдайда жіңішкелік белгісі жазылмайды деп ескертпе 

берілген *5, 32+. «Мынандай дыбыстан кейін мынандай қосымша жалғанады, бірақ мынандай дыбыстан кейін қосымша былай жалғанады» 

деген  сияқты  толып  жатқан  ескертпелер біздің  жазу  ережеміздің  кемшілігі  кӛп  екенін  анық  байқатып тұр.  Оның  басты  себебі,  жоғарыда 

айтқанымыздай,  қазақ  тіліне  тән  емес  дыбыс  тіркесімдерінің  кӛп  болуында.  Мысалы,    «Орысша-қазақша  медициналық  сӛздіктің»  22-

бетінде «латеральный», «вертикальный» сӛздеріне қазақша  қосымша «латеральді», «вертикальді» болып жіңішке жалғанса, тура осындай 

дыбысқа аяқталған «горизонтальный» сӛзіне қосымша «горизонтальды» болып жуан жалғанған *6, 22+. Осы сӛздіктің 30-бетінде (дисталды 

кәрі  жілік-шынтақ  буыны)  және  45-бетінде  (қолдың  тері  астындағы  медиалды  венасы)  қосымша  жалғанғанда  жіңішкелік  белгісі  мүлде 

алынып тасталған [6, 22]. Жоғарыдағы ережеге сүйенсек, бұл сӛздерге қосымша жуан жалғануы тиіс. Мұндай мысалдарды кӛптеп келтіруге 

болады.   

Әліпбиде тілге тән емес дыбыстар болмаса, тілге тән емес дыбыс тіркесімдері де болмайды, яғни ондай сӛздерге қосымша жалғауда да 

ешқандай қиындық тумайды.  Терминдер ғылым-білімі дамыған елдерде пайда болып, басқа елдерге таралады, ал олар ӛз кезегінде бұл 

терминдерді  ӛз  тілдеріне  бейімдеп  алады.  Қазақ  зиялылары  бұл  мәселені  сонау  1924  жылы  Орынборда  ӛткен  «Қазақ  білімпаздарының 

тұңғыш сійезінде-ақ» кӛтерген. Съезде термин сӛздерді «пән сӛздері» деп атап баяндама жасаған Елдес Омарұлы: «Пән сӛзді ӛз тілімізден 

таба  алмаған  күнде,  иаурыпа  қолданған  латынша  пән  сӛздерді  алуға  болады.  Бірақ  ондай  жат  сӛздерді  алғанда,-  оны  тіліміздің  заңына 

келтіріп ӛзгертіп алу керек. Ӛйткені, жат сӛздің асыл түбін бұзбай алсақ: Ондай сӛзге қазақтың тіл келмейтұн болады; Жана қазақ тілінің 

заңына келмеген сӛзді, оған қазақша жұрнақ, жалғаулар жалғап ӛзгертуге де болмайды. Ондай сӛз қазақ тіліне қазақтың ӛз сӛзіндей болып 

сіңісе де алмайды,– бір түрлі ерсі сӛз болып қалады. Жат сӛз қазақ тіліне сіңіп түбкілікті қазақ сӛзі болып шығуы үшін, мағанасы түсінікті 

болмаса да, айтуға жеңіл, құлаққа ерсі болмауы керек. Бұл шартқа келмеген сӛз қазақ сӛзі бола алмайды, тек кітеб сӛзі болып қана қалады. 

Олай болып кетсе кітеб тілі ел тілінен басқаланып шығады, кітебтің елге пайдасы болмайды»,– деп бӛтен тілден сӛз қабылдаудың ең дұрыс 

жолын кӛрсеткен [7, 97]. Әрине, Е.Омарұлы ӛзінің пікірін А.Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» атты оқулығына сүйене отырып жасаған. Қазақ 

жазуы,  термин  мәселесі  туралы  ойларын  А.Байтұрсынұлы  1926  жылы  Бакуде  ӛткен  «Бірінші  түркологиялық  съезде»  жасаған 

баяндамасында  одан  әрі  дамыта  түсті.  Ол  термин  жасаудың  кӛптеген  әдіс-тәсілдеріне  тоқтала  келе,  ғылым-білімі  дамыған  еуропа 

тілдерінен  термин  алу  мәселесіне  баса  назар  аударды.  Еуропа  тілдерінен  алынған  терминдер қазақ  тілінің  заңдылығына  бағынуы  керек 

дей отырып, ол ӛзінің ұстанымдарын былай ашып кӛрсетті: «Все неказахские слова, не согласующиеся с природой казахского языка, точно 

должны  подвергаться  изменениям  соответсвенно  казахскому  говору.  Это  значит,  во-первых,  что  во  всех  неказахских  словах,  с  чуждыми 

казакскому  языку  звуками,  последние  заменяются  соответственно  нужными  звуками,  во-вторых,  суффиксы  в  неказакских  словах 

заменяются  казакскими,  в-третьих,  двойные  звуки  принимаются  в  ординарном  виде,  в-четвертых,  чуждые  казакскому  языку  окончания 

должны измениться в пределах требуемого языком удобства произношения» [2, 282-283]. 

Қорыта айтқанда, басқа тілдік сӛздерді қазақ тілінің заңдылығына бағындырып алу – термин жасаудың ең ӛнімді тәсілдерінің бірі. Бірақ 

бұған  орыс  тілінің  жазылу  заңдылығына  негізделген,  қазақ  тіліне  жат  дыбыс-әріптермен  сықа  толтырылған  біздің  әліпбиіміз  және  қазақ 

сӛзінің  табиғатына  сай  емес  емлелеріміз  кедергі  жасап  отыр. Тіліміздің  табиғатына  сай  келмейтін  дыбыстардан  әліпби  ауыстыру  арқылы 

құтылуға  болады  және  әліпби  ауыстырумен  ғана  шектеліп  қоймай  жазу  ережелерімізді  де  түзеген  жӛн.  Сонда  термин  жасау  мәселесі 

ӛзінен ӛзі шешілетініне дау жоқ. Бұл тілдің ӛзіндік амал-тәсілдерін (әр түрлі жұрнақтар арқылы, сӛздерді біріктіру, қосарлау) пайдаланбау 

деген  сӛз  емес,  тілдің  ішкі  мүмкіндігінің  шамасы  жетпегенде  қолданылатын  тәсіл,  әрі  осындай  жолмен  ғана  қазақ  тілін  болашаққа  таза 

күйде аманат етіп қалдаруға болады.   

 

 



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1

 



Айдаров Ғ. Орхон ескерткіштерінің тексі. – Алматы: Ғылым, 1990. – 220 б. 

2

 



Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. – ІV т. – Алматы: «Алаш», 2006. – 320 б. 

3

 



Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша түсіндірме сӛздік. І т. – Алматы: «Мектеп», 1984. – 355 б. 

4

 



Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы: Мектеп, 1965. – 592 б. 

5

 



Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000. – 532 б. 

6

 



Момынов Т., Рақышев А. Орысша-Қазақша медициналық сӛздік. – Алматы: ЖШС «Кітап баспасы», 2003. – 352 б.  

7

 



Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі. – Алматы, 2005. – 144 б. 

 

 



 

 

 



 

ЭФФЕКТИВНЫЙ СПОСОБ ПЕРЕДАЧИ ИНОЯЗЫЧНЫХ СЛОВ НА КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ 

 

Резюме:  Данная статья посвящена проблемам медицинской терминологии, так  как звуковые особенности казахского языка не учтены в 

современной казахской орфографии, что затрудняет образование терминов. А также указаны пути устранения этих трудностей, адаптируя 

терминов фонетическим законам казахского языка.  

Ключевые  слова:  эффективный  способ  передачи  иноязычных  терминов  на  казахском  языке;  закон  сингармонизма;  сочетания  звуков; 

фонетические закономерности; правописание заимственных слов. 

 

 

 



 

 

 



AN EFFECTIVE METHOD OF TRANSFORMATION OF FOREIGN WORDS IN KAZAKH LANGUAGE 

 

Resume: This   article deals with the problems of  creating  medical  terminology in  Kazakh  language.  Phonetic  peculiarities  of  Kazakh  language  

aren’t shown   in the update  Kazakh  orphography  that  makes  difficulties  for creating  terms. 

Keywords:  An  effective  method  of  transformation  of  foreign  terms  in  Kazakh  language;    the  law  of  sinhermony;  combination  of  sounds;  the 

phonetic rules; orphography of borrings.  



 

 

Каталог: press -> wp-content -> uploads -> 2013
uploads -> С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ҧлттық медицина
uploads -> Интеграциялау интеграция фармацевтической науки, образования и практики на современном этапе
uploads -> Подписной индекс 74026 Редакция мекен жайы
uploads -> К. Н. Джуланова, М. Т. Айхожаева, Ж. К. МҰСА
2013 -> ӘӨж- 616-053. 2 (075. 9) Қ. ҚҰнанбай, А. К. ҚАирбеков, Г. А. ШӘкір
uploads -> Сот медицина пәнін оқытудың тиімді әдістерін қарастыру
uploads -> И: 37. 014. 1: 378. 147 А. С. Ибраева, Б. М. Кайбалдиева, М. А. Шаихова
uploads -> Н. М. Алмабаева, Б. М. Адибаев, Г. Е. Байдуллаева, А. О. Бопанова
uploads -> С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ҧлттық медицина


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет