Табиғат заңы, тіршілік заңы, адам болмысы, азамат соғысы, отан соғысы, қамба егеуқұйрығы, теңіз мысығы, теңіз тауығы, күн тәулігі, күн сағаты, кек құны, айып құны т б



Дата07.01.2022
өлшемі14,42 Kb.
#19459

Табиғат заңы, тіршілік заңы, адам болмысы, азамат соғысы, отан соғысы, қамба егеуқұйрығы, теңіз мысығы, теңіз тауығы, күн тәулігі, күн сағаты, кек құны, айып құны т.б. Бұндай тіркестердің бірінші сыңары жалғаусыз тұрып, екінші сыңарды анықтап, олар өзара қабыс, әрі тәуелдене байланысады. Мұнда зат пен заттың меншіктілік т.б. қатынасын білдірмейлі, тек заттың сапасы ретінде, тәуелдік қатынаста жұмсалады. Олар, яғни тіркес сыңарлары берік байланыста тұрып, тұтасымен белгілі бір ұғымның атауы ретінде қолданылады. Мысалы, Оның «жақын шығыс» (семит тұқымдас елдер) аталатын өкілдерін, Үнді мұхитының қоршауындағы елдерін Англия мен Франция бөліп ап болған да, ендігі көздерін Орта және орталық Азияға тігеді (С.Мұқанов). Бірақ амал не, Отан соғысына әкесі кетті де, сұрапылмен өткен төрт жыл бойына Тайман қанша әбігерлегенімен, Чапаев болуға жасын толтыра алмай-ақ қойды (З.
Қабдолов). Бұғы мүгі-тундрада, торф өсетін батпақты жерлерде кездесетін сүр тұсты майда бұта (КТТС). Шымтезек мүгі – жапырақты шымтезек мүгінің бір туысы (К.Құрманов). Онда хан сайлау, соғыс ашу тәрізді күрделі істер ғана қаралуға тиісті. Сондықтан бұл кеңесті кейде үш жүзге бөлінерде бас қосқан жерінің атымен «Қаратұз кеңесі» деп те атаған. Оның басын алу үшін Тағанақ кесенесі жиналмаса да, Тұрымтай кеңесі жиналуы керек (І.Есенберлин).

1.3 Сын есім + зат есім



Сын есім + зат есім типті шектеулі тіркестердің құрамындағы сөздер анықтауыштық қатынасты білдіреді. Құрамындағы анықтауышы сыңар негізгі ұғымға иеұйытқы сөздің, яғни анықталушы сыңардың өзіне тән ерекше белгісін немесе тұрақты қасиетін даралап көрсетеді. Атрибутивтік қатынастағы шектеулі тіркестерді құрастыруда сапалық сын есімдер жиі қолданылады. Мысалы, ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз, қар қыпшақ, жаңа заман, ежелгі заман, ақыр заман, бұрыс бөлшек, бүтін бөлшек, дұрыс бөлшек, қара топырақ, сары топырақ, ақ сопы, қара сопы, Ақ Орда, Көк орда, ақ сүйек, қара сүйек, аш ішек, қызыл тамыр, көк тамыр, көк ет, қызыл бұрыш, қара бұрыш, сұйық дене, қаттыдене, жай зат, құрғақ зат, ұлы бесін, кіші бесін, сасық күзен, күшейтпелі шырай, қара өлең, ақ өлең, қара жаңбыр, ақ жаңбыр, сары өрік, қара өрік, ашық сот, жабық сот, қызыл кітап, кіші сәске, үлкен сәске т.б. Мысалы, Абылай хан өмірінің соңғы кездерінде Қазақ хандығының ұлы ханы, ұлы жүзде тұратын дәстүрі бойынша ордасын орта жүзден ұлы жүзге көшірді (М.Қани). Дәл осы сәтте Ақ Орданың есігі ашылып, үйге кіші жүзге аты шыққан әйгілі сұлу, Әбілқайырдың кіші тоқалы Нұрбике кірді (І. Есенберлин). Не керек, әлгә ақыр заманда кебінің оранып көрден шығып отырады деседі ғой молдалар, сондайдың кебі көрінеді адам баласына түскен пұшаймандық (М.Әуезов). Тек іші сәске кезінде бағланның тұтас шикі құйрығын, мейіз, науат қосып ұзақ пісірлегн қоймалжың сары қымыздың тоқ зеренің сіміріп атқа қонған (Е.Тұрсынов). Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрі салыстырмалы шырай деп аталады (С.Исаев).Асырмалы шырай заттың сындық қасиетін я тіпті асыра көтереді, я тым асыра төмендетеді (А.Ысқақов). егер орысша абрикос сөзінің қазақша баламасы өрік немесе сары өрік дейтін болсақ, онда қара өрікті (сливаны) оның түсі қара түрі деп білуге, солай деп анықтама беруге мүлде болмайды (Б.Қалиев). Май айының ішінде жаңа шығып келе жатқан көкке боз жаңбыр қажет-ақ. Аралас ұйқастың бір ғана Абай туғызып, қалыптастырған түрінің өзі оңынан асады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет