«Тағамдар таласы»



Дата10.11.2022
өлшемі15,23 Kb.
#49162
Байланысты:
ЕртегіТағамдар таласы Прназарова Г


«Тағамдар таласы»
(ертегі)
Ерте, ерте, ертеде емес, қазіргі заманда тағамдар да сөйлеседі екен. Бір күні дастарханға әкелінген тағамдар «мені адамдар жақсы көріп жейді», «мен дәмдімін!» деп өзара дауласыпты.
Алма тәрелкеден домалап түсіп:

  • Мен тәтті жеміспін. Мені үлкен де, кіші де сүйіп жейді. Менде А, В дәрумендері және темір бар. Бұлар адам ағзасына өте керек, - дейді.

Сол кезде үстел ортасында шіреніп тұрған Кола секіріп келіп:

  • Жо-жоқ, Алма! Саған қарағанда адамдар мені жақсы көреді-ау. Себебі, адамдар мені ішіп, шөлін қандырады, әрі мен тәтті-імін! – депті.

Бұлардың дауын тыңдап тұрған қымыз келді де, жуан дауысымен:

  • Сен кімсің мен тұрғанда! Мен, қымыз, ерте заманнан қазақ халқының құрметті сусыны болғанмын. Мені бұрынғы кезде жолға шыққан жолаушы торсықта сақтаған. Торсықта сақталған қымыз бұзылмай, ұзаққа жеткен. Шипалы болғандықтан, адамдар өкпе, асқазан ауруларына емдік ретінде пайдаланған, - деп айтыпты.

Осы кезде үстел ортасына келіп , буы бұрқырай жайғасқан ет тамақ:

  • Сен екеуіңді мен болмасам кім ішеді?! Бұрындары адамдар ет жеп, қарындарын тойдырып, қымыз ішетін еді, ал қазір Кока-кола деген сусын шығып, соны ішетін болыпты, - деп күрсініп қойды.

Қып-қызыл боп піскен жұп-жұмсақ Нан да тұрған еді үстел үстінде. Ол үндемей қалуды жөн санамады. Тамағын кенеп, дауысын созып:

  • Мені халық «Ас атасы – нан» деп бекер айтпаған шығар. Үйге келген қонаққа алдымен «дәм ауыз ти» деп нан ұсынған. Ең қадірлі тағам – менмін, -деп Нан да өз сөзін айтады.

Бір кезде бір шеттен өзгеше дауыс естілді.

  • Мен Пицца деген тағам боламын. Мені ,әсіресе, балалар өте жақсы көріп жейді. Сөз жоқ, мен заманауи тағаммын! Бұлай таласқаннан ешнәрсе шықпас. Менде бір ұсыныс бар!

  • Қандай ұсыныс? Тезірек айт! – деп бәрі қарай қалады.

Пицца:

  • Айтсам, қазір дастархан басына адамдар жиналғанда қай тағамды бірінші алып жейді. Сол тағам жеңіске жетіп, қадірлі тағам сол болады, - депті. Барлық тағамдар келіседі.

Дастархан басына қонақтар жиналып, үй иесі алдымен нанды бөліп, қонақтардың алдына қояды. Қазақ халқының дәстүрімен алдымен қария кісі наннан ауыз тиіп, дастархан ортасында тұрған етке қол созады. Осыны күткен көпшілік әженің дәмін келтіре асқан жал-жаясы мен қазы-қартасына бас қояды. Содан соң сіңімді болсын деп көбігін бұрқыратып, сапырып-сапырып құйып берген жеңгенің қымызынан сусындарын қандырды. Сонымен, соңында кока-кола мен пиццаға да кезек келді. Пицца өз ұсынысына өкініп қалды. Ал кока-кола болса, қымызбен бәсекелесуге болмайтынын түсініпті.

Прназарова Гүлайым 7-сынып оқушысы


№28 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебі
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет