Тақырыбы : Адам өмірі – басты құндылық Мақсаты



Дата29.10.2022
өлшемі0,53 Mb.
#46137

Тақырыбы : Адам өмірі – басты құндылық
Мақсаты: Оқушыларға адамзатқа ортақ өнегелі құндылықтарға бағыттайтын рухани-адамгершілік құндылықтарынан білім беру.
Адамның игі істері: адалдық, әдептілік, қайырымдылық, мейірімділік, ізгілік,инабаттылыққа, әділдік,жақсылық жасауға, достыққа, сыйластыққа, еңбекқорлыққа және де жаман қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.
Ата- бабамыздың өсиет сөздері арқылы адамгершілікке баулып, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға дағдыландыру.
Түрі: конференция сабақ
Әдісі: сын-тұрғысынан ойлау стратегиясы
Көрнекілігі: слайд арқылы нақыл сөздер, кестелер
Барысы: I. Ұйымдастыру
II. ...Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.
Әл-Фараби
Қазіргі адамдардың барлығының да көздері ашық, ғылыми- техникалық дамудың шарықтап тұрған кезеңі компьютер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз.
Бірақ бір нәрсе жетіспейді. Ол рух қажеттілігі, рухани азық. Рухани азықты тауып, дәмін татып мейірін қандырған адам ғана бұл дүниенің қызылы-жасылы, ыстық –суығы, тәтті-ащысы, жақсы мен жаманы, баянды бақыттарына жүрек байламай,алаңсыз толық қанағат кейпіне келіп, өмірден орнын табады. Сонда ғана өзінің адам деген атына сай көзі ашық, көкірегі ояу кемел дәрежесіне жетеді. Рух азығын осы рухани әлемнен алады.
Шәкәрімнің мынадай сөзі бар: адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл,таза жүрек.
Шынында да, құнды қасиеттерге ие рухани адамды қалыптастыру-оның туған кезінен басталса керек.
Адам ғалам ғажайып жеке дана,
Жан құмары- іздегенге мәңгі сана.
Өзіңді-өзің танысаң істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана, -деп Әл-Машани атамыз айтпақшы, ендігі кезекті өзімізді танудан бастаймыз.
Рухани бай адам дегеніміз ол қандай адам, оның қандай қасиеттері болады? Өмірде мен қандай болуым керек?
Адамның адамшылығы –ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
« Нағыз адам» В. А. Сухомлинский шығармасы бойынша көрініс көрсету

Оқушылардың адамгершілік туралы дайындаған мақалаларын тыңдау.
« Адам болу міндет» « Адам боп келдім өмірге...»
« Адам боп өту міндетім» « Адаммын десең...»

Адамгершілік туралы, адам өмірі туралы мақал- мәтелдерге кезек берейік.
« Мақал – сөздің мәйегі»
« Ой өрнекте суретпен»
Өз өміріңізді « Менің болашағым» тақырыбында сурет арқылы шығармашылықпен бейнелеп көрсетіңіз.

Өлең жолдарына кезек берейік
«Поэзия минуты»

«Жүректен-жүрекке» бір-бірлеріне тілек айту

Тек қана жақсылықты ойлап, адам баласына жақсылық жасап, ізет көрсетіп, инабатты, әдепті және адал болып, имандылық қасиеттерді жоғары бағалаған адам ғана айналасындағыларға ізгілік нұрын шашады-дей келе, « Рухани-адамгершілік құндылығын» биік ұстайық!



Құмсай орта мектебі


Тақырыбы: Адам өмірі – басты құндылық
Сыныбы: 8 қазақ

Класс жетекшісі: Есмағанбетова Б.Қ

2015 жыл, сәуір

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет