Тақырыбы : «Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында» Бағыты: Қазақстан тарихы Жетекшісі



бет1/14
Дата15.04.2023
өлшемі161,87 Kb.
#82719
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ »КеАҚ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ҒЫЛЫМИ ЖОБА


Тақырыбы : «Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында»
Бағыты: Қазақстан тарихы


Жетекшісі: Әбілбашар Назым


Орындаған: Әбдіманап Айбота
Әділбай Динара
Ермек Альбина
Жақсыберген Қарақат
Қабетхан Баян
Оңғарбек Бақерке


Аннотация:

Ғылыми жобада 1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енгендігі және бұл соғысқа қатысқан Қазақстандық батыр ұл-қыздардың ерен еңбектері жайлы баяндалады. 1933 жылы Еуропада орналасқан Германияда ұлтшыл-фашистік тәртіп орнады. Жетекшісі Адольф Гитлер болды. 1939 жылы фашистік Германия әлемге иелік ету мақсатында соғыс бастады. 1939 жылы 1 қыркүйекте Польша жеріне басып кірді. 1941 жылы Германия Еуропаның көптеген елдерін басып алды. Енді тек оған қарсы шығатын КСРО ғана қалды. Фашистік Германия КСРО-ны 3-4 айдың ішінде басып алу жоспарын жасады. Ол жоспар Барбаросса деп аталды. 1941 жылы 22 маусымда неміс әскерлері КСРО шекарасына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Қазақстан халқы да Отан қорғау ісіне алғашқы күндерден бастап өз үлестерін қосты. Ұлы Отан соғысы жылдары 1 млн 200 мың қазақстандық армия қатарына алынды. Қазақстан халқының бестен бірі майданға аттанды.


Ең алдымен Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру жүргізілді. Көптеген өнеркәсіптер соғысқа қажетті заттар шығаратын кәсіпорын етіліп қайта құрылды. Сонымен қатар, майдан өңірі болып саналатын Ресей, Украина, Белоруссиядан көптеген кәсіпорындар Қазақстанға көшірілді. Ондай кәсіпорындардың саны 220-ға жетті. 1941-1945жж. ауыл еңбеккерлері майданға 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және баска да азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі базаға айналды.Сөйтіп, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару-жарақпен, оқ-дәрімен, азық-түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды.Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1196164 (1196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.
Соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет