Тақырыбы: 5 топ бойынша топографиялық белгілерді зерттеу


Әріптерді жазуда, олардың мөлшері, көлбеулігі, бас әрпінің ерекшеленуі немесе ерекшеленбеуі жазылған объекті бойынша кейбір ақпарат алуға мүмкіншілік жасайды



бет2/5
Дата05.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#90121
1   2   3   4   5

Әріптерді жазуда, олардың мөлшері, көлбеулігі, бас әрпінің ерекшеленуі немесе ерекшеленбеуі жазылған объекті бойынша кейбір ақпарат алуға мүмкіншілік жасайды.

  • Әріптерді жазуда, олардың мөлшері, көлбеулігі, бас әрпінің ерекшеленуі немесе ерекшеленбеуі жазылған объекті бойынша кейбір ақпарат алуға мүмкіншілік жасайды.
  • Мысалы, калалар немесе кала типтес поселкелер аталуларында бас әрпі ерекшеленбей жазылады (әріптердің бәрінің көлемі бірдей болады), мұнда калалар баспа әріппен жазылса, поселкелер оңға карай көлбеуленген курсивпен жазылады.
  • Графикалық шартты белгілер
  • а) масштабты(контурлық);
  • ә) масштабтан тыс;
  • б) сызықтық деп үшке бөлінеді.

Контурлық шартты белгілер картаның масштабымен кішірейетін объектілердің контурларын көрсету үшін қолданылады.

  • Контурлық шартты белгілер картаның масштабымен кішірейетін объектілердің контурларын көрсету үшін қолданылады.
  • Орманның, батпактың, бақшаның, елді коныстың, т.с.с. объектілердің жер бетіндегі пішін кескіні сақталып және элементтерімен контуры көкжиек тұстарына сәйкес бағытталған калпында картадан орын алады.
  • Объектілердің контуры картада сызықтармен белгіленеді де, ортасы осы объектіге тиісті шартты белгілермен толықтырылады. Белгілердің орналасу тәртібімен мөлшерлері өте дәл берілген оған өзгешелік енгізуге болмайды.

Масштабтан тыс шартты белгілермен картаның масштабымен кішірейтуге келмейтін көлемі ұсақ объектілерді бейнелеу үшін колданылады.

  • Масштабтан тыс шартты белгілермен картаның масштабымен кішірейтуге келмейтін көлемі ұсақ объектілерді бейнелеу үшін колданылады.
  • Масштабтан тыс шартты белгілер объектінің мөлшерін көрсетпейді оның тек қана орналаскан орнын белгілейді.
  • Бұл жағдайда объектінің орнына шартты белгілердің түрлі нүктелері сәйкес келеді.
  • Геодезиялық пункттерді, су диірменнің, мұнай мұнарасының, бұлактың, құдыктың, т.б.с.с. орнын олардың шартты белгілерінің ортасы көрсетеді.
  • Жеке өскен ағаштардың, километр бағананын, жол көрсеткіштің, семофордың, жел диірменнің т.б. орнын шартты белгілерінің табанының ортасы белгілейді, бір немесе бірнеше сызыкпен сызылатын сызықтық объектілердің (каналдың, жолдың т.б.) нақтылы орны сызықтың осьмен белгіленеді.
  • Масштабтан тыс шартты белгілердің бұл ерекшеліктері карта бойынша жеке объектілердің арасындағы кашықтықты өлшегенде ескерілуі кажет. Шартты белгілерді контурлық және масштабтан тыс деп бөлу кажет. Өйткені көптеген обьектілер бір масштабтағы карталарда контурлық шартты белгілермен белгіленсе, екінші масштабтағы картада масштабтан тыс шартты белгілермен белгіленеді. Мәселен, елді қоныстар ірі масштабтағы карталарда контурлық белгілермен түсіріліп, көшелер, жеке кварталдар, тіпті жеке үйлерде көрсетілсе, ал ұсақ масштабтағы карталарда олар масштабтан тыс шартты белгімен, пунсонмен белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет