Тақырыбы: Қабыну



бет1/5
Дата29.03.2023
өлшемі53,5 Kb.
#77183
  1   2   3   4   5

Дәріс № 6
Тақырыбы: Қабыну. 
Қабыну (лат.— inflammatio, грек.— phlogosis) көптеген аурулардың даму негізінде жатады.
Қабыну деп- даму сатыларында пайда болған, жергілікті бүлінуге жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналардың, қан жүйесінің, дәнекер тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластауға, бүлінген тінді қалпына келтіруге бағытталған сатылы өзгерістерімен көрінетін біртектес дерттік үрдісті түсінеді.
Қабыну өзіне тән ішкі заңдылықпен дамиды және алдыңғы сатысы кейінгілерінің пайда болуына әкеледі. Қабынудың дамуында жергілікті механизмдер нервтік-эндокриндік реттеу жүйелерінің әсерлерінен басымырақ байқалады. Бірақ қабыну басқа біртектес дерттік үрдістермен (дене қызуымен, аллергиямен, стреспен, иммундық серпілістермен) тығыз байланысты болғандықтан организмнің, жергілікті ғана емес, жалпы серпілістерін көрсетеді.
Қабыну үрдісі кез келген жағдайларда үш құбылыстан (компоненттен): әлтерациядан, микроциркуляцияның бұзылыстары мен экссудациядан және пролиферациядан тұрады. Қабынудың бұл құбылыстары жиі бір мезгілде пайда болады. Бірақ, қабынудың алғашқы құбылысы болып әрқашан бірінші әлтерация есептеледі, ал пролиферация қабынудың соңғы сатысына тән.
Қабынудың сыртқы белгілері өте ертеден белгілі. Оларды Цельс пен Гален бұдан 2000 жылдай бұрын жазып қалдырған. Оларға домбығу (tumor), қызару (rubor), қызу (color), ауыру (dolor) және қызметінің бұзылуы (function laesa) жатады.
Этиологиясы. Қабыну туындатқан себебіне қарай инфекциялық және бейинфекциялық болып бөлінеді. Қабыну туындататын барлық ықпалдар экзогендік (сыртқы) және эндогендік (ішкі) болып екі топқа бөлінеді. Сыртқы ықпалдарға микроорганизмдер (бактериялар, вирустар); жануарлар организмдері (қарапайымдар, құрттар, жәндіктер); химиялық заттар (қышқылдар, сілтілер); механикалық (бөгде денелер, жарақат, қысым) және температуралық әсерлер (суық, ыстық); сәуле қуаттары (радийбелсенді, ультракүлгін және рентген сәулелері) жатады. Қабынуды туындататын организмнің ішкі ықпалдарына: тромбоз, қан құйылу, тас құрылу, микроциркуляцияның, зат алмасуының бұзылыстары ж.б. жатады. Әлеуметтік орта құбылыстарының әсерлерінен дамитын жандүниелік күйзелістер, эмоциялық зорлануларда қабынудың себебі болуы ықтимал. Олар қан айналым бұзылыстарына, зат алмасудың өзгерістеріне (май қышқылдарының асқын тотығуына) әкеліп, жергілікті ағзаның (асқазанның, жүректің ж. б.) кейбір, кейде тіпті әдеттегі, қоздырғыштарға төзімділігі әлсіретуі мүмкін. 
Патогенезі.Қабынудың патогенезін мына тізбек бойынша қарауға болады:
1. Әлтерация: бірінші және екінші.
2. Экссудация (микроциркуляция бұзылыстары, лейкоцидтердің эмиграциясы).
а) қан тамырларының реакциялары (ишемия, артериялы және веналық гиперемия, стаз).
ә) экссудацияның өзі
б) лейкоциттердің тамыр жиегіне кемерленіп тұруы (маргинациясы) мен эмиграциясы.
в) қан тамырлары сыртындағы үрдістер (хемотаксис, фагоцитоз).
3. Пролиферация.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет