Тақырыбы: Алкиндер



Дата23.09.2023
өлшемі8,18 Kb.
#110000
Байланысты:
Тақырыбы Алкиндер-engime.org


Тақырыбы: Алкиндер

Тақырыбы: Алкиндер
9-сынып
9.4.3.13 -этин мысалында алкиндердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу;
Оқу мақсаты

  • этин мысалында алкиндердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйренеді, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдейді;


Бағалау критерийлері
Алкиндер – құрамында бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы
Cn H2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер.

  • Алкиндердің бірінші мүшесі –ацетилен C2H2 (Н ─ C ≡ C ─ H )
    Ацетилен молекуласындағы атомдардың кеңістік құрылымы


Алкиндер
Жүйелік номенклатура бойынша ацетилен көмірсутектерін атау үшін сәйкес
алкандардағы – ан, жұрнағының орнына – ин жұрнағымен ауыстырады.
Мыс: этан-этин, пропан-пропин және т.б.

Алкиндердің гомологтық қатары

Алкиндердің атауы


Формуласы


1

2

Этин (ацетилен)


С2Н2

Пропин (аллилен)

С3Н4

Бутин (крокотилен)

С4Н6

Пентин

С5Н8

Гексин

С6Н10

Гептин

С7Н12

Октин

С8Н14

Нонин

С9Н16

Децин

С10Н18

Алкиндерде көміртек тізбегін нөмірлеуді үш байланыс жақын тұрған шетінен бастайды.
Алкиндердің номенклатурасы мен изомерленуі

Үш байланыстың орналасуына сәйкес


СН ≡ С – СН2 - СН3 (бутин-1)


СН3- С ≡ С - СН3 (бутин-2)

Көміртек тізбегінің қаңқасы бойынша изомерлену


СН3 ─ СН2 – СН2 – С ≡СН (пентин-1)


СН3 – СН – С ≡СН
ﺍ (3-метилбутин-1)
СН3


Алкиндердың изомерленуі және номенклатурасы
Алкиннің формуласын жазамыз:
CH ≡ C ‒ CH ‒ CH2 ‒ CH3
׀
CH3
1.Үш байланыс кіретін көміртектің ұзын тізбегін тауып, үш байланыс жақын
жақтан көміртек атомдарын нөмірлейміз:
1 2 3 4 5
CH ≡ C ‒ CH ‒ CH2 ‒ CH3
׀
CH3
2. Аталуы: 3- метил пентин-1
1. Өнеркіәсіпте ацетилен табиғи газды жоғары температурада ыдырату әдісімен өндіріледі.

1500C0
2CH4 C2H2 + 2H2↑


2. Техникада ацетиленді кальций карбидін сумен әрекеттестіріп алады:
CаС2 + 2H2O⟶Ca(OH)2 + C2H2

Алкиндердің алынуы

  • Қосылу реакциялары. (Гидрлену):
    CH ≡ CH + Н2 → CH2 = CH2
    CH2 = CH2 + Н2 → CH3 — CH3
    2) Галогендеу реакциясы:
    CH ≡ CH + Вг2 → СНВг = СНВr (1 саты) 1,2 дибромэтен
    СHBr = CHBr + Вг2 → СHВг2 – СHВг2
    (2 саты) 1,1,2,2 тетрабромэтан
    Бұл реакцияда бром суының түссізденуі қанықпаған көмірсутектерге сапалық реакция болады.
    3)Гидрогалагендеу реакциясы:
    CH ≡ CH + НCl → CH2 = СНCl
    CH2 = СНCl + НCl → CH2Cl ─ СН2Cl
    хлорэтен (винилхлорид) 1,2- дихлорэтан


Химиялық қасиеттері
4. Гидратация: CH ≡ CH + Н2O → CH3COH
Бұл М.Г. Кучеров реакциясы деп аталады.
5. Полимерлену реакциясы: 3CH ≡ CH → С6Н6
бензол
6. Тотығу реакциясы: CH ≡ CH + 4[O]⟶ COOH─COOH
қымыздық қышқылы
7. Жануы: 2CH ≡ CH + 5О2 = 4СО2 + 2Н2О + Q
Химиялық қасиеттері
Қолданылуы
металдарды кесу және дәнекерлеу поливинилхлорид ПВА желімі
синтездік талшық полимерлер алу көксағыз

  • Көмірсутектерді үш топқа : алкандар, алкендер және алкиндер деп жіктеңдер.
    C2H6, C6H12, C3H8, C4H6, C4H10, C4H8, C5H10, C5H12, C5H8, C3H6, C6H14, C3H4.


Бекіту тапсырмасы
Дұрыс жауабы:

Алкандар


Алкендер


Алкиндер


C2H6.
C3H8, C4H10, C5H12, C6H14


C6H12, C4H8, C5H10, C3H6,


C4H6, C5H8, C3H4.




Оқу тапсырмасы

  • Формуласы берілген көмірсутек үшін
    CH ≡ C ‒ CH2 ‒ CH2 ‒ CH2 ‒ CH3
    екі гомолог және екі изомердің формулаларын құрастырыңдар. Заттарды жүйелік номенклатура бойынша атаңдар.


Қорытынды

  • этин мысалында алкиндердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрендім, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдей аламын;


Қосымша ресурстар
М.Қ.Оспанова Қ.С. Аухадиева Белоусова Т.Г.
Химия оқулығы 9 сынып 2-бөлім
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/
http://engime.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет