Тақырыбы: Қалнияз жырау Шопықұлының дастандары Орындаған: кял 20-3 тобының студенті Баймуратова Перизат



Дата02.12.2022
өлшемі19,55 Kb.
#54384


СОӨЖ 3
Эссе
Тақырыбы: Қалнияз жырау Шопықұлының дастандары
Орындаған: КЯЛ 20-3 тобының студенті Баймуратова Перизат

Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлға­ла­ры­ның бірі – ақын, жырау Қалнияз Шо­пықұлы. Қалнияз Шопықұлы Маңғыстаудың сөз жүйріктері – Абыл, Ақтан, Нұрым сын­­ды көрнекті ақындардың замандасы. Жастайынан өмірдің қиындығын, ел ­мен елдің арасындағы ерегескен егес, түйіні шешілмеген даудың басы-қасында жиі болған ақынның биік рухты өршіл жырлары өзінің бөлек бітімімен ерекше. Отанды сүю, елді құрметтеу, елі үшін ер­­лік жасаған батырлар есімін биікке кө­теру – ақын шығармаларының басты та­қ­ырыбы. ХIХ ғасырда жорық жыршысы атан­ған жауынгер ақын Қалнияз Шопықұлы өзінің тапқыр әрі мазмұнды өлеңдері­мен, ауыздан-ауызға көшкен ерлік тол­ғау­ларымен, батырлар жырларын айтып, таратумен ел арасына кең танылған. Заманына қарай ағымы болатыны сияқ­­ты, ақын мұраларының маңыз­ды­лы­ғы – атамекенге шапқан жауға елдің еңсесін еңкейтпей, босағасын қисатпай, шаңырағын шайқалтпай, туырлығын кескілеспейтін күн туар ма деген арманды жырлар. Түптеп келгенде, «ұлы құл болмасын, қызы күң болмасын, туған елдің қасиетті туы табан астында қал­масын» деген азаттық таңын аңсаудан туған жалынды шығармалар. Тарихта жорық жыршысы атанған Қалнияз ақынның көлемді шығар­ма­ла­ры­ның қатарында «Ер Қармыс», «Балуа­нияз» дастандары аталады. Аты айтып тұр­ғандай, екеуі де ерліктің жайын тол­ға­ған рухы биік шығарма. Зерттеушілер­дің арасында «Бұл кімнің шығармасы еді?» деп, сан қилы пікір туғызған «Балуанияз» тарихи дастаны Маңғыстау өнерінің хас жанашыры, көрнекті ға­лым, марқұм Қабиболла Сыдиықұлының мұқият ізденістерінің нәтижесінде Қал­нияз­дікі деп тұжырым жасалғанынан көп­шілік хабардар. Шығармаларынан ылғи зар мен мұң­ның, өкініш пен күйініштің ызғары есе­тін жыраудың өмірі де өксігі мол заманмен сабақтас. «Тұншыққан дәуірдің толғаушысы» болған Қалнияздың ата-бабасының өмір сүрген жері, халық батырлары Исатай мен Махамбеттің соғыс жорықтарының ізі қалған, ірі тарихи мекен атанған Атырау өңірі. Ұлы ба­тыр­лардың дәуір белесінде қалған екпінді жырлары адуынды жырауға да жұғысты болып, тарих сабақтастығының бір сә­тін танытқандай. Мойынға құрық сал­ғызбай, бұйдалы өмірге бойұсынбаған шы­ғармаларының дәуір толқынымен мі­нездес болуы да сондықтан. Ақын жырлары жамап, жасқап, өң­сіз­дің бетіне жылтырауық жапсырып, көл­кештейтіндей құнарсыз дүние емес. Ақын жырлары асқар таудың биігінен сарқырап аққан бұлақ тәрізді табиғаты шынайы, әрі мінезді, әрі сұлу, әрі тегеу­рінді сөздермен өрілген тамаша дү­ние­лер. Асқақтықты, өрлікті, биіктікті жыр­лау үшін де дәл сондай бір мінезділік керек. Бұл – менің тұжырымым. Қайы­рып тағы айтарым, өз дәуірінің өзегіне құрт болып түскен жаугершілікті жаны қаламай, езілген елдің еңсесін көтеруге талпынған, адал күресті ардың биіктігі деп бағамдаған Қалнияз жырлары – ар­лы, намысты, жігерлі жырлар. Ақын кө­кірегінен күңіреніп шыққан, көзінен жас болып төгілген, айқайынан ақ дауыл соққан бұл дүниелердің табиғаты қанқұйлы заманның зұлмат-саясатынан туған. Өзі өмір сүрген заманның зары мен мұ­ңын төкпелетіп жырлаған ақын өлең­дерінің бірқатары төгілтіп айтатын тер­меге келіңкірейді. Ата-бабаларымыз ар­мандап өткен азаттықты аңсау, тәуел­сіз­дікті көксеу, еркіндікті сағыну тәріз­дес жырлар да ақынның мұрасында қам­тылған. Халық өнеріне 60 жылға жуық тал­мас­тан қызмет жасап кеткен талант ие­сінің таңдап алған тақырыбы – елге, ата­мекенге, Отанға арнаған махаббат, сүйіс­пеншілік, құрметтен туған.Ал ақынның «Жерінен Ауған, Күләб хат жолдадым» деген өлеңінің мәні – туған елмен қоштасуы тәрізді. Туған елге, өскен жерге деген сағыныш, жо­рық­та бірге жүріп, күн кешкен үзеңгі­лес­терін еске алу, сыйласқан ағайынға шерткен мұң, Маңғыстауды қайтіп көре алмаймын-ау деген көңілдің шерін қоз­ғайтын адами арман, тілектер соның ай­ғағы .
Қалнияз Шопықұлы – арда туған ар­лы ақын, жампоз жырдың иесі, жігерлі жауынгер, жауырыны жерге тимеген палуан, ғажап дауысты әнші, кермиық мінез күйші. Керек жерінде мықтымын деп мақтанғанды алып та жығатын, күш­тімін деп көкірек кергенді шалып та жы­ғатын, кесек мінезді, мәрт көңіл, нар тұлға. Шығармаларын оқи отырып, ойға сәуле түсірген, көңілге шуақ ұялатқан, сұңғыла пікір, терең ой туғызған ақиық жырларынан осындай тұжырым жа­садым.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет